ды. Мысалы, Демокрит пен Платонның дүниеге көзқарастарының
қарама-қарсы болғандығы олардың миларының қүрылымының қара-
ма-қарсы болғандығынан дей алар ма едік? Ол тым жадағай пікір.
Егер олай болса адам ойлауында өзінен тыс дүниені бейнелемейді,
тек мидың организмнің өзінің ішкі қалпын ғана білдірген болады.
Жануарларда негізінен солай. Жануарлар организмінен тыс дүниенің
мазмүнын меңгеріп, олардың ішкі озіндік мәніне бойламайды. Со
нымен бірге әр адамның ойлау ерекшелігі оның мыйының ерек-
шелігіне ғана тәуелді болса, - ал мидың қүрылысын адам өзгерте
алмайды - онда бір адамның өмір жолында кейде болып жататын
күрт өзгерістердің дүниеге бір қатынастан екінші, бүрынғыға қарама-
карсы катынастарға ауысуын қалай түсіндіруге болар еді? Ондай кез
де ол адамның бүтін жан-дүниесі қайта түзеледі ғой. Ол тіпті басқа
максаттарға, басқа мүраттарға бет бүрмай ма? Ойлау бүрын да айтқан-
дай организмнің ішкі күйін білдіретін процесс қана болса, адам сыртқы
дүниені де, өзін де өзгерте алмас еді.
Достарыңызбен бөлісу: