Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет24/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

§ 4. Сана және бейсаналық
Адамның жан-дүниесінің, яғни ғылымда қабылданған термин 
бойынша психикасының (грекше PSYche-жан), соншалықты күрделі 
екендігі шын мәнінде соңгы екі ғасырда гана айқындала бастады. 
Оған дейін ғылымның, әсіресе философияның тарихында ойшыл- 
дардың көпшілігіне жан әлемі тек санадан түратындай көрінетін. Өткен 
гасырларда ойлаудың барлық жақтары тек саналы процестер ретінде 
талданып келді. Эрине саналы түрде өтпейтін психикалык кызмет-
70


тер, процестер барын сезген, біршама андаған ойшылдар да болды. 
Солардың ішінде мысалы Г.Лейбниц. Шексіз коп монадалардьщ бар- 
лығы тұйык субстанциялар. Олардың әрқайсысында белгілі дәрежеде 
психика бар. Бірак олардағы психика, жан көбіне бейсаналық түрде. 
Адамға жақындаған сайын олардың психикасының саналылық деңгейі 
де арта береді. Қүдіреттің жаратқан жандарының ішінде ең саналы- 
сы, әрине, адам. Бірақ адам жанында да көптеген оқиғалар саналы 
дәрежеде өтпейді. Тек күдай ғана бүкіл өзі жаратқан әлемді жарқыраған 
күндей айқын санамен қабылдайды. Бүл Лейбниц қағидасының 
қысқаша ғана түжырымы.
Лейбництен кейін де философияда, психологияда бейсаналық 
психикалық процестер барлығын айтқандар болды (Вунд т.б.). Бірақ 
бейсаналық психикалық қызметтің адам жанында айрықша зор орын 
алатынын толық дәлелдеген австрия психологы 3.Фрейд (1856-1939) 
Фрейдтің адам психикасы жайлы теориясын бүл жерде толық баян- 
дай алмаймыз. Оның кейбір негізгі идеяларын әр мәселеге байланы­
сты айтып отырамыз.
Сананы бейсаналықтан ажырататын негізгі белгі - саналы про- 
цестерді адам оз ойларында барлық уақытта біледі, ал бейсаналықты, 
яғни саналы түрде іске аспаған психикалық қызметті өз ойлауында 
байкдмайды, тіпті білмейді, олардың не жөнінде, қалай және қашан 
болғаны жөнінде өзіне ешбір есеп бере алмайды. Бірақ бүл білу, не 
білмеу назарға бірден ілігетін сыртқы белгі. Оны біз күнделікті тәжіри- 
бемізден жақсы білеміз. Ойлауымыздағы саналы түрде болатын нәр- 
селерді біз одан тыс түрған адамдай бақылап, тіпті тәптіштеп талдай 
аламыз.
Бірақ осы сыртқьі айқын белгі бізге сананың жөне бейсана- 
лықтың қандай процесс екендігін түсіндіре алмайды, неліктен біз бір 
жағдайда психикамызда болған оқиғаны анык біле аламыз, ал екінші 
жағдайда білмейміз. Саналы процестерден есімізде қалатын эсер - ол 
психиканың бір жарық сәуле түсіп түрған бөлігі сияқты да, ал қалған 
жағы бір тас түнектей. Осы жарық пен қараңғы туралы бейне бейса- 
нылыққа арналған зерттеулердің бәрінде кездеседі. Ол бейне сана 
мен бейсаналық туралы тек белгілі бір корнекі елес туғызады, бірақ, 
әрине, оны түсіндіре алмайды.
Ең алдымен сана туралы мөселені анықтауға өрекет жасап 
корейік. Философия бүкіл тарихында ойлауды тек саналы қызмет 
деп карағандықтан, ол туралы көптеген концепциялар туды. Олар- 
дың көпшілігі күнделікті тәжірибеде туған сана, саналылық хақын- 
дағы пікірлерге ғана сүйенеді. Соңғы ғасырларда ғана сананың ре- 
флексиялық табиғаты жонінде айтыла бастаған. Рефлексия бүрын 
айтқанымыздай сыртқы дүниеге катынастың субъектіге қайта ора-
71


луы, яғни сыртқы дүние арқылы субъектінің өзінің өзіне қатынасы. 
Сана да осындай қатынас. Сонда адам сыртқы нәрселер жайында 
ғана ойланбайды, солармен бірге және соларға байланысты ол өзіне 
де, өзінің сол қатынасын да көреді, сезінеді, біледі. Оның да деңгейі, 
дәрежесі әртүрлі. Осыған дейін біз еркіндік, жаттану процесіндегі 
адамдардың бір нәрсені қалауы, екінші нәрседен аулақтануы көбіне 
саналы түрде емес, бейсаналық дәрежеде өтеді деп келдік. Енді соның 
табиғатын анықтауға кезек келді.
Ойлаудағы рефлексияның ең жоғарғы дәрежесі - адам өз ойла- 
уын ойлауының тікелей пәніне, предметіне айналдырғанда пайда 
болады. Ойлаудың қалай өтетіндігі, оны ң заңды лы қтары мен 
алғышарттары, оның күрылымы, негізгі формалары, мазмүны т. б. 
жақтары зерттеудің, танымның тікелей міндетіне, айналысатын негізгі 
қызметі болғанда рефлексия өзінің таза, дараланған күйіне ауысады. 
Яғни ойлауды әртүрлі жактарынан зерттейтін ғылымдар және фило­
софия осы рефлексияның әртүрлі бағыттары. Яғни сананың ең жоғары 
деңгейінде адам өзіне осы жөнінде толық есеп беруге үмтылып, өзін 
өзі тануға кіріседі. Рефлексияның таза түрі - ойлаудың өзі туралы 
ойлануы.
Сананың табиғаты адамның дүниеге жалпы қатынасынан туын- 
дайды, тіпті сол қатынастың негізгі жағы, себебі бүрын анықгағаны- 
мыздай адам өзінен тыс дүниенің, соның қатарында басқа адамдар- 
дың да табиғатын, мазмүнын игере, бойына сіңіре отырып, озін өзі 
жасайды. Яғни ол тек сыртқы дүниеге қатынаспен ғана шектелмейді. 
Оның негізгі бағыты - өзін өзі жасау, немесе жарату. Ал бүл процесс 
идеалдық формада, ойлау процесінде болады. Адамның өзіне өзінің 
қатынасы, яғни өзін өзі жасау, өзгертуі немесе өзгертпеуі оның өзін 
көруі, сезінуі, білуі, тануы негізінде өтеді. Сана тек өзі өзіне катынас 
жасай алатын және сол арқылы дүниеде бола алатын макүлүқта бо­
луы мүмкін нәрсе. Адамның адам болуы оның субъект болуына бай­
ланысты, яғни, өзіне өзі ие, өзінің негізгі пиғыл-мақсаттарын, өмірлік 
мәнін өзі анықтайтын дәрежедегі адам. Тек осындай адам ғана субъ- 
ектілік деңгейде. Ал оларды әркім өз санасында анықгайды, соның 
таразысына салып отырады, өз іс-әрекеттерінің мәнін ғана емес, олар- 
дың нәтижелері жөнінде де өзіне және басқаларға есеп бере алады. 
Жалпы адамзат жоне жеке адам осы субъект дәрежесіне көтерілген 
сайын оның психикасында сананың орны арта беруге тиіс. Осы 
жағынан алсақ, сана адам психикасында тарихи пайда болган, оның 
дүние және өзі жөнінде рефлексиясы негізгі функцияға айнала бер- 
ген. Эрине, ол эр халыктарда, эр адамда әртүрлі. Олай болса өз ісін 
өзі негүрлым кең көлемде, неғүрлым үзак мерзімде коре алатын және 
игере алатын адам оз жанын да неғүрлым кең ауқьімда жарық дүни-
72


едей көре алуға тиіс. Яғни сананың эр адам психикасындағы ауқымы 
оның қаншалықты субъект екенін көрсетеді.
Ал бейсаналық психикалық процестердің бар екендігі бүрын- 
нан көптеген фактілер арқылы белгілі. Ғылым тарихында көптеген 
қиын проблемалардың шешімі оны зерттеп жүрген ғалымдардың ой- 
ына көбінесе ол мэселе жөнінде тіпті ойланбай жүрген кездерінде 
кездейсоқ әрі кенеттен аян болғандай пайда болған. Дәлірек айткан- 
да, ғалымдар ол туралы, әрине, ойланып жүрген, бірақ ойлану сана- 
ның шеңберінде емес, бейсаналық сипатта өтіп жүрген болуы тиіс. 
Оны түсіну үшін кейбір карапайым мысалдар келтіруге болады. Көшеде 
күнделікті үйреншікті жолмен жүмысқа келе жатып, қарсы келе 
жаткандармен соқтығысып калмау, ой-шүқырлардан, кедергілерден 
айналып оту т. б. қимылдарды өткергенде адам екінің бірінде олар 
туралы тікелей ойланып жатпайды. Ол тіпті басқа бір нәрселерді ой- 
ластырып келе жатуы мүмкін, солай бола береді де. Оның тікелей 
ойланып келе жатқан нәрсесі саналы түрде қабылданады, оны ол 
есінде жақсы сақгайды. Ал тікелей ойынан кейінгі қатарда өткен коше- 
дегі жүргені, олардан қалай өткені - оның есінде оте көмескі ізін 
қалдырады, ал кейде есінде қалмайды. Осы екінші қатарда өтетін 
оның әсерлері, шешімдері т. б. бәрі де психикалық процестер, бірақ 
ол сананың тікелей айналыскан нәрсесінен тыс, сондықтан жарты- 
лай саналы, күңгірт саналы, ал кейде тіпті бейсаналық процесс. Бей- 
саналық процестер физиологиялық емес, психикалык процестер. Оны 
3. Фрейд, мысалы, мынандай тәжірибе жасап корсеткен. Ол емде- 
лушініц рүксаты бойынша онымен гипноз сеансын откізіп, қолын- 
дағы шатырды кей ін ір ек ашуга бүйырган. Г и п н озды қ күйден 
айыққанан кейін, емделуші ешбір жаңбыр жоқ, күн жарқырап түрса 
да шатырды ашып жібереді. Оны не үшін аштың деген сүраққа, ол 
білмеймін, бірак ашуға бір үмтылыс пайда болды дейді. Яғни бейса- 
налық күйде кабыл алған бүйрықты, ол саналы күйінде орындаған. 
Шатырды ашу физиологиялық автоматтық қимылға алдын ала ай- 
налдырылған жок, бірақ психикалық импульске (үмтылысқа) айнал- 
дырылған. Ол сана катыспайтын психикалык импульс. Ондай жағдайда 
неліктен белгілі кимылдарды жасайтынын адамның өзі де білмейді. 
Ягни психикалык үмтылыс саналы максатка айналган жоқ, ол бейса- 
налык дәрежеде қалды. Адамның іс-әрекеттеріне кіретін механизмдер, 
операциялар т. б. белгілі бір жагдайларда тікелей саналы процестерге 
айналып, басқа жагдайларда қайтадан бейсаналықгың аясына кетіп 
жатады. Оның себебі адамның назарының накты мүқтаждыктарга 
сәйкес үнемі бір объектілерден екінші объектілерге ауысып, көшіп 
отыратынына байланысты. Адам назары осы сәтте не нәрсеге токтал- 
ды, сол нәрсе саналы түрде қабылданады. Адам психикасы коптеген
73


операциялардың жәй жиынтығы емес, түтас, бүтін процесс. Әрқашан 
ол қандай мақсатты орындауға күш салып жатса, басқа процестердің 
бәрі де, соның ішінде саналуан бейсаналық операциялар мен әрекет- 
тер де соған бағынады, барлығы соны орындауға, жұмсалуға тиіс. 
Бүл, әрине, психикалық қызметтің калыпты нормасының шеңберінде 
болса.
Белгілі бір бүрын білмейтін операцияны адам үйрену кезінде 
сол процестің бәрі бастан аяқ саналы түрде өтеді. Ал оны толык 
меңгеріп, үйреншікті қимылға айналған кезде, ол саналы түрде 
басқарылмайтын, тек бейсаналык психикалык автоматизмге үласа- 
ды. Мысалы, адамға хайуанаттардан өзгеше екі аяқпен жүруді де үйре- 
нуі керек. Оны әлдеқашан үйренген ересек адамдар үшін ол автомат- 
тык нәрсе, бірак физиологиялык автоматизм емес, психикалык авто­
матизм. Осындай коптеген автоматизмдер кейін адамның айрықша 
ойланатын нәрселері болудан қалады. Бірақ, кейде белгілі бір себеп- 
терден адам сол автоматизмді жоғалтып алған болса (мысалы, ауыр 
наукастың салдарынан), оны қайтадан саналы түрде меңгеруге тура 
келуі мүмкін.
Толық меңгерілген, сол арқылы белгілі психикалык импульстен 
озінен озі іске асатын автоматизмдер көбінесе коп қайталанатын, 
кобіне өзгермейтін, жасампаздық кызметке тек соны қамтамасыз ететін 
қосымша, бірак кажетті механизмдер. Оларсыз іс-әрекетте, ойлау да 
бола алмайды. Бірак ол адамға тән жаратымлаздық кызмет емес. Әрбір 
жаңа, тосын нәрселерді игеру, жасау, озгеру толық автоматтык про­
цесс бола алмайды. Олар тек саналы процестер.
3.Фрейд саналы психикалык процесс деп адамдык “меннің” 
сыртқы объектілерді кабылдауын гана түсінді. Оның рефлексиялық 
табиғаты жөнінде ол ешнәрсе айтпайды. “М ен” психиканың саналы 
жагын да, бейсаналық жағын да камтиды. Сол кездегі жаратылыста- 
ну ғылымдарының түрғысында ол бейсанальщты негізінде адамның 
табиғи жаратылысымен, солардың кажеттіліктерімен байланыстыр- 
ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет