№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет45/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
пікірін келтірсек өте орынды болар еді. Ұлы 
ағартушының сол көрегендік сөзінің мазмұны 
мынадай: «Адамды махаббат арқылы тәр-
биелеу керек, Махаббат әуелі адамның адам-
дығы. Ғақыл ғылым деген нәрселермен бірге 
талап, ұғым, білім махаббаттан шығады. Қа-
шан бала ғылымды махаббатпен көксерлік 
бол са, сонда ғана оның аты адам болады. Өзі 
үшін өмір сүретін адам өз бетінше оттаған 
хайуанмен тең, ал көпшілік үшін тіршілік 
ететін адам «нағыз адам» [2] деген даналық 
ойды келтіруге болады.
Кемел адамның этникалық (ұлттық) сипаты 
қандай болу, оның тәлім-тәрбиелік мәні неде? 
деген сұрақтар туындайды.
Қай заманда болмасын заманына қарай 
жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру ту -
ра лы ойлар мен пікірлер көпшілікті тол-
ған дырып келген. Осы жерде тағы да ұлы 
Абайдың мына сөзіне құлақ түрелік: «Замана 
адамды билемек, адам заманға күйлемек, егер 
олай болмаса, замана адамды табанына салып, 
илемек» [2] дегенін еске алсақ та жеткілікті 
ғой деп ойлаймыз.
Бүгінгі таңда Ұлы Дала Елінде жеке тұл-
ғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз 
адам бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші 
ретінде қабылданып отыр.
Қазіргі қоғам алдындағы басты мақсат – 
елі мізді өркениеттілікке жеткізетін, ел эконо-
ми касын дамытатын, сондай-ақ Ұлы Дала 
Елін 30 дамыған елдер қатарына қосуға 
мүмкіндік жасайтын, бәсекеге қабілетті жас-
тарды тәрбиелеу. Ол үшін кемел адамды тәр-
биелеу бүгінгі күннің еншісіндегі ұлы міндет.
Мұндай қоғам талаптарына жауап бере 
алатын кемел адамды қалыптастыру идеясы 
орта ғасыр ғұламаларының көзқарастарынан 
туындаған болатын. Олардың басты өкілдері – 
әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қ.А.Иасауи.
1.Энциклопедист-ғалым әл-Фараби өзінің 
«Философияны үйрену үшін қажетті шарттар 
жайлы» трактатында «кемел адамға» мемлекет 
басшысын, тәрбиеші ұстаз-мұғалімді жатқы-
зып, олардың сипаттамаларын жасаған.
Фарабидің пікірінше, мемлекет басшысы 
және нағыз тәрбиеші ұстаз – екеуі де «Сегіз қыр-
лы, бір сырлы» – халыққа қай жағынан болса 
үл гі көрсететін, ақыл-парасаты басқалардан 
көш ілгері тұратын адамдар. Өйткені ұстаз 
шә кірттерді оқытып-тәрбиелесе, мемлекет 
бас шысы барлық жұртты ізгі қасиеттерге 
баулиды.
Ғұлама «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында 
он екі тума табиғи қасиет және алты дарыған 
қасиетті меңгерген дана адам болу керек» [3], 
- дей келіп, оның мынадай тұлғалық сипат та-
маларын береді. Тума табиғи қасиеттерге:
1.Мүшелері мүлде мінсіз;
2.Өнер-білімге құштар;
3.Жаратылысынан өзіне айтылғанның 
бәріне жетік түсінетін;
4.Өзі көрген, естіген, түсінген және аңғарған 
нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, 
алғыр да аңғарымпаз;
5.Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің 
бәрін анық бере алатын;
6.Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға 
қанағатшыл;
7.Жаны 
асқақ 
және 
ар-намысын 
ардақтайтын;
8.Жаратылысынан игі істерге ынтазар;
9.Әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, 
әділетсіздік пен озбырлық жек көретін;
10.Жақындарына да, жат адамдарға да әділ;
11.Пасықтық атаулыға мүлде рақымсыз;
12.Қорқыныш пен жасқану дегенді білмей-
тін батыл, ер жүрек болу керек. 
Алты дарыған қасиетке:
1.Ол – философ болу керек;
2.Өзінің алдындағы ұстаздардың жақсы 
істерінен өнеге алу керек;
3.Бұрынғылардың игі істерін жалғастыра 
оты рып, жаңа мәселелерді жоғары деңгейде 
шешу;
4.Жоғары тәжірибелік ақылға ие болу;
5.Шәкірттеріне жол көрсетуде жоғары 
деңгейде болу;
6.Өз ісінің білгірі, тәні сау болу.
Міне ұлы бабамыз әл-Фараби «Осы 
аталған қасиеттердің бәрін бала бойында 
қалыптастыра отырып «мінсіз адамды», 
«кемел адамды» тәрбиелеп шығаруымыз ке-
рек» [3] деп тұжырым жасаған, оны мұғалім-


48


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет