№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет44/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

Қ.Т. Әтемова
Х.А.Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университетінің п.ғ.д., профессоры, Түркістан қ.
Мақалада «Кемел адам» тұлғасын қалыптастырудағы халық тәрбиесінің мақсаты, кемел 
адам ның этникалық сипаты және кемел адамды қалыптастыру жолдары Шығыс орта ғасыр 
ойшылдарының көзқарастарына негізделіп қарастырылған.
Тірек сөздер: кемел, адам тұлғасы, кемел адам, «кемел адам» тұлғасын қалыптастыру, кемел 
адамның этникалық сипаты, орта ғасыр ойшылдары.
В статье рассматриваются формирование идеальной личности как цель народного воспитания, 
этнический характер идеального человека и определены методы воспитания идеального чело-
века на основе взглядов средневековых мыслителей Востока.
Ключевые слова: идеальный, человеческая личность, идеальный человек, формирование 
идеального человека, средневековые мыслители.
The article deals with the formation of the ideal personality as the goal of public education, the ethnic 
character of the ideal man and identified methods of parenting perfect person on the basis of the views 
of the medieval thinkers of the East.
Keywords: perfect, the human person, the perfect man, the formation of the ideal man, medieval 
thinkers.
Қазақ халқы жас ұрпағына өзінің халықтық 
педагогикасы арқылы халықтық тәрбие беріп, 
оны «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат етуді 
мақсат еткен. Мұндағы халықтың «Сегіз 
қарлы» де гені: еңбексүйгіш, бауырмал, батыр, 
өнерлі, өнегелі, шыншыл, әділ, адал болу
ал «Бір сырлы» дегені – сол адамдық асыл 
қасиеттер бір адамның бойында болуын 
армандағаны. Мі не халықтық тәрбиедегі 
«кемел адам» бейнесі осы.
Қазақтың халықтық педагогикасын зерт -
тейтін жаңа ғылым саласы – қа зақ эт но педа-
гогикасы. Сол қазақ этно пе да го ги ка сын дағы 
«кемел адам» тұлғасын қа лыптастыру бүгінгі 
таңда өте көкейкесті проблема болып отыр.
«Кемел адам» тұлғасы ұғымындағы «ке-
мел» сөзі – жетілген, маңдай алды, иманды 
деген мағынаны білдірсе, «адам тұлғасы» – 
өзін қоршаған әлеммен қарым-қатынасқа түсу 
барысында адамның қалыптасу үрдісі деген 
мағынада түсінген жөн.
Адамды қалыптастыратын екі құндылық 
бар. Біреуі – ұлттық құндылық, екіншісі – жал-
пы адамзаттық құндылық.
Егер адам ұлттық құндылық арқылы қа-
лыптасса, ол – ұлттық тәрбие алады, ал адам 
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар 
арқылы тәрбиеленсе, ол – кемел тұлға болып 
қалыптасады.
Сондықтан Қазақстан Республикасының 
«Білім туралы» заңында: «Білім беру жү-
йе сінің міндеті – ұлттық және жалпы адам-
заттық құндылықтар негізінде жеке адамды 
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шың-
дауға бағытталған білім беру үшін қажетті 
жағдайлар жасау» [1] екендігі атап көрсетілген.
Сонымен, Кемел адам деп ұлттық және 
жалпы адамзаттық құндылыққтар кеңістігінде 
қалыптасқан жеке тұлғаны айтамыз.
Осы орайда Ұлы Абайдың 11-ші қара сө-
зінде адам, оны қалай тәрбиелеу керек, нағыз 
«кемел адам» туралы тамаша айтылған ой-


47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет