№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет46/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тәрбиешіге тапсырған.
Дегенмен, әл-Фараби: «Осының бәрінің 
бір адамның бойында болуы қиын нәрсе, 
жаратылысынан осындай қасиет дарыған 
адамдар өте сирек кездеседі. Сондықтан егер, 
қайрымды қаладан (мемлекеттен) немесе 
отбасынан осындай адам табыла қалса және 
өзі өсіп-жетілген кезде жоғарыда аталған 
шарттардың алтауы немесе бесеуі оның бо-
йына біткен болса, онда қиялдау қабылеті 
жағынан теңдесі болмағандықтан ол осы мем-
лекеттің айтулы басшысы болмақ» [3], - деп, 
осындай қасиетпен тәрбиеленген адамның 
өзінің аса қабілетті, әрі дарынды кемел тұлға 
болатынын сипаттайды.
2.Ақын, ғұлама Ж.Баласағұнидің жеке тұл-
ға ны кемел адам етіп қалыптастыру туралы 
көзқарасы – әл-Фараби идеяларынан туындаған 
болса керек. Өйткені ол жеке тұлға тәрбиесін 
мемлекетті басқаруға лайықты аза маттық 
қасиеттермен байланысты қарастырған.
Жүсіп адамдықты сипаттайтын төрт 
қасиетті жеке-жеке бөліп, олардың қоғамдық-
әлеуметтік және адамилық мәніне тоқталған.
1)Қанағат – ол оны адам баласын тіршіліктің 
бар қызығын қанағат тұтқан өмірдің сопылық 
жолы деп санаған.
2)Әділдік – ол оны әлемдегі тіршіліктің көзі 
– күнге теңеп: «Жарқыраған Күнді көр де, көр 
мені; Күн сөнсе, тіршіліктің өлгені; Әділдік-
құт. Құт құрығы – кішілік; әділдіктің заты – 
тұнған кісілік» [4] депті.
3)Ақыл – ол адамның ой таразының ең 
жоғарғы өлшемі, адам парасаттылығының 
шыңы, нағыз кемел адамға тән қасиет екенін 
ғұлама: «Кісілердің кісілігі – ақылда; Білім 
болса, адам дана, батыр да! Малға айналма, 
ұста білім, ақылды», - деп ақыл адамның 
жолбасшысы, жетекшісі секілді қызмет ете 
отырып, ізгілікті пір тұтқан адамның ең зор 
байлығы, ең асылы болып саналады деген 
екен ақын [4].
4)Бақыт – Баласағұнидің пікірінше, бақыт 
адамның жеке басы үшін аса қажетті игіліктер 
осы бақыт ұғымына келіп саяды, ол бақытқа 
жетудің басты шарты-қоғамды жетілдіру еке-
нін баса айтқан. Оның ойынша, қоғамды же тіл-
діру «Ғылым, дін, әділ заң, ізгі басшы, «иман-
ды адамдар» арқылы жүзеге асады» [4], яғни 
шын бақытты адамдар ғылымы дамыған, әділ 
заң үстем еткен, иманды адамдар жай лаған
көреген ел басшысы билеген елде болмақ.
3.Жеке тұлғаны кемел адам етіп қалып-
тастыру мәселесі – бүкіл өмір жолын сопылық 
ілімге арнаған ғұлама Қожа Ахмет Иасауи 
өзінің «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) 
еңбегінде қарастырғаны анықталды [5].
Қожа Ахмет дін арқылы Алланы сүю, та-
за, адал жолмен дұрыс өмір сүруді халыққа 
насихаттай отырып: Кемел адам қандай болу 
керек? Оны қалыптастыру үшін ол қандай 
сынақ тардан өту керек? деген сұрауларға 
жауап берген.
Қ.А.Иасауидің көзқарасы бойынша кез кел-
ген адам кемел адамдық дәрежесіне жету үшін 
– ол Хақпен дидарласып, әлемдік ақыл оймен 
бірігуі керек. Ол үшін төмендегідей төрт 
сатыдан өтетін Өмір жолын ұсынады:
Біріншісі – жұрттың бәріне ортақ шариғат 
жолы. Бұл жаратушының өз сөзі бойынша 
«Құранда» айтылатын парыздарды орындап, 
өтірік айтпай, ұрлық жасамай, ешкімге зәбір 
көрсетпей, дұрыс жүруді қолдау.
Екіншісі – тариқат жолы. Бұл саты – кез 
келген адам үшін міндетті емес, бірақ, тариқат 
жолына түспей ақиқатқа жету мүмкін емес. Ол 
үшін адам тынымсыз ізденіп, мақсатына жету 
жолында азап шекпей, мехнат тартпай, өзіңді-
өзің қинамай, өмір қызығынан бас тартпай 
кемелдік дәрежеге жете алмайсын. Осы 
жолды таңдаған жанға пір, ұстаз қажет дейді. 
Осы тариқат жолында адам өзін ұстамдыққа 
және одан әрі жетілдіруге шақырады, сол 
шынайы қасиеттері арқылы сүйіспеншілік пен 
махаббат идеясын насихаттайды. Тарихаттың 
нұсқайтын жолы – «Өзін білгені – Хақты біл-
гені, Құдайдан қорқып-ынсапқа келген» [5] 
деп тұжырым жасаған ақын Ахмет.
Үшішісі – хақиқат (ақиқат) жолы. Бұл жол 
азап арқылы жатпай тұрмай ізденген жанкешті 
еңбегінің нәтижесінде адамның дүние сырын 
тани бастауы. Ақиқат жолында құдайға 
құлшылық етудің екі көрінісі пайымдалады:
Құдайға сену және құдайдан арман-мақ-


49


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет