№1 дәріс Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың мақсаты, міндеті, мазмұны


Дәріс 5  Тақырыбы: Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата31.10.2022
өлшемі397,85 Kb.
#46360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
лекция каз

Дәріс 5 
Тақырыбы: Арнайы мектепте қол еңбекті және бейнелеуді оқытудың 
принциптері, әдістері, мазмұны 
Оқыту қағидалары дегеніміз мұғалім оқу процессін ұйымдастырған кезде ұстанатын 
оқыту теориясының негізгі тұжырымдамасы. Дидактикалық қағидалар өз ара тығыз 
байланысты- бір қағиданы жүзеге асыру үшін келесі қағидаға жүгіну қажет. 
Оқытудың ғылымилық қағидасы. Мектепте оқушыларға берілетін білім мен 
біліктілік қазіргі кездегі ғылым мен практиканың жетістіктеріне сай болу керек. Арнайы 
мектеп оқушылары қарапайым білім меңгереді, бірақ соның өзі озық болуы тиіс. Мысалы, 
өндіріс мекемесінде мүмкіндігі шектеулі балалар жұмыстың жеңіл түрін атқарсада, 
технологияның жаңа түрлерін кездестіреді. Егер де оқу процессі кезінде бұл қағида 
ұстанбаса, онда оқушыларда қоршаған орта туралы қате түсініктер қалыптасады. 
Оқытудың жүйелік қағидасы. Жүйелік қағидасы мұғалімнен оқу процессін рет-
ретімен, өз-ара логикалық байланыста өткізгенін талап етеді. Бұл қағида бұрын өтілген 
материал келесі өтілетін материалға негіз болуын қарастырады. Сонымен бірге арнайы 
мектеп оқушыларын жұмысты жүйелі түрде орындауды үйрету қажет,өйткені олар 
теориялық білімін практика жүзінде қолдана алмайды. Көмекші мектепте еңбек пәнінің 
оқу материалы
концентрлік түрде орналасқан, яғни кіші сыныптарда оқытылатын тақырыптар 
жоғары сыныптарда кеңейтіліп толықтырылады. 
Жеке ерекшеліктерді ескеру қағидасы. Әр баланың өзіндік психо-физиологиялық 
ерекшеліктері бар. Олар мінезіне, темпераментіне, денсаулығына байланысты оқуға да әр 
қалай болып келеді: біріншілері теорияны тез ұқса, екіншілері практикаға жақын. 
Сондықтан, еңбек сабағында әр оқушының мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеру қажет: 
үлгерімі төмен оқушыға оңай тапсырма беріп, ал үздік оқушыға-қиындау. 
 Оқытудың көрнекілік қағидасы. Арнайы мектеп оқушылары ақыл-ойының 
нақтылығынан теорияны тек көру, сезіну арқылы ғана ұғады. Сондықтан, оқыту 
барысында көрнекілік, дидактикалық материал пайдаланған жөн.Еңбек сабағында әр түрлі 
көрнекіліктер қолданылады: шынайы обьектілер(құрал-жабдық, станок, материал); 
үлгілер(макет, модель); бейнелер(сурет, чертеж,схема). 
Көрнекіліктерді көп, жиі қолдана беруге де болмайды, себебі оқушылардың көңілі 
тек соған ауып отырады, өздігінен ойлануға тырыспайды,жұмыс қабілеті төмендей 
бастайды. 
Оқытудың коррекциялық бағыты. Арнайы мектеп оқушыларының психикалық 
процесстерінің даму деңгейі әр қилы. Мысалы, ақыл-ойы кем баланың және сау баланың
абстракті ойлау қабілеттері жер мен көктей. Ал нақты ойлау қабілеттерінің 
айырмашылығы аз ғана. Сонымен бірге, рухани сұранысы жағынан едәуір айырмашылық 
бар, ал жауапкершілік пен еңбекке құлшынысы бірдей десек те болады. Бұдан мүмкіндігі 
шектеулі баланың жеткілікті деңгейде дамыған жақтары да барын көреміз. Осындай 
қабілеттерін ескере отырып түзету жұмысын екі бағытта жүргізуге болады: 1-оқыту 
кезінде баланың дамыған жағына сүйену; 2-баланың кемістіктерін түзету. 
Оқытудың белсенділік пен саналық қағидасы. Білімді оқушы саналы түрде меңгеру 
керек, ол үшін жоғары танымдық белсенділік қажет. 
Интеллектісі төмен балаларды еңбекке оқытудың мазмұны келесі талаптарға сәйкес 
болу керек: а) қол еңбекке даярлаудың әлеуметтік мәнін қамтамасыз ету, оқушыларда 
жағымды тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу; б) теориялық пен практикалық білімді, оған 
енетін біліктілік пен дағдыны және практикалық әркетті қамтамасыз ететін ойлау 
операцияларының жетілуін ескере отырып іріктеуді қарастыратын еңбекті оқытудың 
коррекциялық бағыттылығы; в) кең бағыттағы және тікелей мамандандыру бойынша 
дайындықтың негізін қалайтын бағдарлама талаптарының дифференциалді болуы, бұл 
балалардың психофизиологиялық дамуының шынайы деңгейіне сәйкесінше өздеріне 
лайықты жұмыс операцияларын меңгеруін білдіреді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет