Пдд қазақстан Жол жүрісі қағидалары Жалпы ережелер


 Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде



Pdf көрінісі
бет11/35
Дата31.10.2022
өлшемі1,97 Mb.
#46414
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
ПДД 2022 - Жаңа формат @baizhumaev

 9. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде 
орналастыру 
1. Рельссіз көлік құралдарына арналған жүру жолақтарының саны 
таңбалармен немесе 5.8.1, 5.8.2, 5.8.7, 5.8.8 белгілерімен айқындалады, ал егер 
олар болмаса, жолдың жүру бөлігінің енін, көлік құралдарының көлемін және 
олардың арасындағы қажетті аралықты ескере отырып, жүргізушілердің өздері 
айқындайды. Бұл ретте, егер жол жүрісін ұйымдастыру өзгеше жүру тәртібін 
айқындамаса, сол жақта орналасқан жолдың жүру бөлігінің (не жолдың жүру 
бөлігінің шетін айқындау мүмкін болмағанда, жол полотносының) жарты ені 
қарсы жүруге арналған жағы болып табылады. Қарсы жүруге арналған жақтарды 
бөлетін шартты сызықты айқындау кезінде жолдың жүру бөлігінің (жол 
полотносының) бір жерінде енінің кеңеюі назарға алынбайды.
2. Төрт немесе одан да көп жолағы бар екіжақты жүру жолдарында жолдың 
қарсы жүруге арналған жағына шығуға тыйым салынады. Мұндай жолдарда 
солға бұрылуды немесе кері бұрылуды көше қиылыстарында және бұған 
Қағидалармен, белгілермен және (немесе) таңбамен тыйым салынбаған 
жерлерде орындауға болады.
3. Үш жолағы бар, екіжақты жүру жолдарында қарсы жүруге арналған шеткі 
сол жақтағы жолаққа шығуға тыйым салынады.
4. Елді мекеннен тыс, сондай-ақ елді мекендерде 5.1 және 5.3 белгілерімен 
белгіленген жолдарда немесе 80 км/сағ. жоғары жылдамдықпен жүруге рұқсат 
етілген жерлерде көлік құралының жүргізушілері мүмкіндігіне қарай оларды 
жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетіне жақын жүргізеді, бұл ретте оң жақ бос 
болған кезде сол жақпен жүрмейді.
Елді мекендерде Қағидалардың осы тармағының және осы бөлімінің 5-
тармағының, 16-бөлімі 1-тармағының және 24-бөлімі 2-тармағының талаптарын 


ескере отырып, кез келген жолақпен жүру жүзеге асырылады, алайда, сол жақ 
жолақтың бойымен рұқсат етілгеннен төмен жылдамдықпен келе жатқан көлік 
құралының жүргізушісі осы жолақтың бойымен неғұрлым жоғары 
жылдамдықпен артынан жақындап келе жатқан және Қағидалардың 19-бөлімі 
13-тармағына сәйкес ескерту сигналын берген көлік құралына оң жаққа қатар 
ауыстыру арқылы жолақты босатады.
Осы бағытта жүру үшін үш және одан көп жолағы бар кез келген жолда, 
басқа жолақтар бос болмаған кезде сол жақ шеткі жолаққа неғұрлым қарқынды 
жүріс кезінде, сондай-ақ басып озуға, солға бұрылуға немесе кері айналу үшін 
шығуға, ал рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т артық болатын жүк 
автомобильдеріне - тек қана солға немесе кері бұрылуға рұқсат етіледі. Бір 
жақты жүру жолының, аялдау немесе тұру үшін, сол жағына шығу тек қана 
Қағидалардың 12-бөлімі 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Көлік құралдарының көрші жолаққа қарағанда үлкен жылдамдықпен бір жол 
жолағында жүруі басып озуға жатпайды.
5. Жүру жылдамдығы 40 км/сағ. аспайтын немесе техникалық себептерге 
байланысты мұндай жылдамдық ала алмайтын көлік құралдары айналып өту, 
басып озу, солға, кері бұрылу немесе рұқсат етілген жағдайларда жолдың сол 
жағында аялдау (тұру) алдында қатар ауыстыру жағдайларынан басқа, осы көлік 
құралының оған керек бағытта жүруіне арналған шеткі оң жақ жолақпен жүреді.
6. Жолдың жүру бөлігімен бір деңгейде сол жақта орналасқан бір бағыттағы 
трамвай жолымен жүруге осы бағыттағы барлық жолақтар бос болмаған кезде, 
сондай-ақ Қағидалардың 8-бөлімі 6-тармағын ескере отырып айналып өту, озып 
шығу, солға бұрылу немесе кері айналу кезінде рұқсат етіледі. Бұл ретте 
трамвайға кедергі жасалмауы керек. Қарсы бағыттағы трамвай жолдарына 
шығуға, сондай-ақ жолда 5.8.1 немесе 5.8.2 белгілері орнатылса, трамвай 
жолымен жол қиылысы арқылы жүруге рұқсат етілмейді.
7. Егер жолдың жүру бөлігі таңбалау сызықтарымен жолақтарға бөлінсе
көлік құралдарының жүруі қатаң түрде белгіленген жол жолақтары бойынша 
жүзеге асырылуы тиіс. Үзік сызықты таңбаларға қатар ауыстырған кезде ғана 
шығуға рұқсат етіледі.
8. Реверстік жүріс жолына бұрылған кезде, жүргізуші көлік құралын жолдың 
жүру бөлігінің қиылысынан шыққан кезде көлік құралы оң жақ шеткі жолаққа 
шығатындай жағдайда жүргізеді. Жүргізуші осы бағыттағы жүріске басқа 
жолақтар бойымен жүруге рұқсат етілетіндігіне көз жеткізгеннен кейін ғана 
қатар ауыстыруға рұқсат етіледі.
9. Көлік құралдарының жол жиегімен, тротуарлармен және жаяу 
жүргіншілер жолымен (Қағидалардың 12-бөлімі 1-тармағында және 24-бөлімі 2-


тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда), ал елді мекендерде - бұдан 
басқа, жолдың жүру бөлігінен тыс жерлермен жүруіне рұқсат етілмейді. Жол 
пайдалану және коммуналдық қызмет машиналарының жүруіне, жол жиегіне, 
тротуарларға немесе жаяу жүргіншілер жолына тікелей жақын орналасқан 
объектілерге жүктерді апаратын көлік құралдарының қысқа жолмен баруына, 
басқа кіру жолы болмаған кезде рұқсат етіледі. Бұл ретте жол жүрісі қауіпсіздігі 
қамтамасыз етілуі тиіс.
10. Жүргізуші жүру жылдамдығына орай алда жүріп бара жатқан көлік 
құралымен соқтығысудан сақтануға мүмкіндік беретін қашықтықты, сондай-ақ 
қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті бүйірлік аралықты сақтайды.
11. Елді мекендерден тыс жерде екі жолағы бар екіжақты жүру жолдарында 
олар үшін жылдамдыққа шектеу белгіленген көлік құралдарының, сондай-ақ 
ұзындығы жеті метрден асатын көлік құралдарының (көлік құралдары 
құрамының) жүргізушілері өз көлігі мен алда кетіп бара жатқан көлік 
құралының арасында оларды басып озатын көлік құралы бұлар жүріп келе 
жатқан жол жолағына кедергісіз қатар ауыстыра алатындай аралықты ұстайды. 
Бұл талап, егер жүргізуші басып озуды орындауға әзірленіп келе жатса, сондай-
ақ үдемелі жүріс кезінде және ұйымдасқан көлік легінің кезінде қолданылмайды.
12. Екіжақты жүру жолдарында жүру бөлігінің ортасында орналасқан 
қауіпсіздік аралдарының жолдың бөлу жолағы, тумбалар және жол 
құрылыстарының элементтері (көпір тіректері, жол өткізгіштері және сол 
сияқтылар) болмаған кезде, егер белгілер мен таңба өзгеше нұсқамаса, 
жүргізуші оң жағынан айналып өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет