2) теміржол өтпесі алдында - Қағидалардың 15-бөлімі 4-тармағына сәйкес;
3) басқа жерлерде - жүруі рұқсат етілген
көлік құралы мен жаяу
жүргіншілерге кедергі туғызбай тоқтайды.
14. Реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде, егер
бағдаршам сигнализациясының жұмыс режимі жасыл сигналдың тікелей сөнер
алдындағы жыпылықтауын қамтамасыз
етпейтін жағдайларда, шұғыл тежеуге
жүгінбей тоқтата алмайтын жүргізушілерге осы бөлімнің 13-тармағында
белгіленген жерлерде әрі қарай жүруге рұқсат етіледі.
Реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде жолдың жүру
бөлігінде келе жатқан жаяу жүргіншілер оны босатады, ал оған мүмкіндік
болмаған кезде қарсы көлік легін бөлуші сызықта тоқтайды.
15. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер,
тіпті олар бағдаршам сигналына,
жол белгілері немесе таңбаларының талаптарына қайшы келсе де, реттеушінің
сигнал талаптары мен бұйрығын орындайды.
16. Теміржол өтпелерінде жыпылықтаған қызыл сигналмен бір мезгілде жол
жүрісіне қатысушыларды
қосымша ақпараттандыратын, өтпе арқылы жүруге
тыйым салатын дыбыстық сигнал берілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: