Пдд қазақстан Жол жүрісі қағидалары Жалпы ережелер


 Жолаушылардың міндеттері



Pdf көрінісі
бет7/35
Дата31.10.2022
өлшемі1,97 Mb.
#46414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
ПДД 2022 - Жаңа формат @baizhumaev

 
4. Жолаушылардың міндеттері 
1. Жолаушылар:
2) қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралымен жол жүрген 
кезде оларды тағуға (Қағидалардың 2-бөлімі 1-тармағының 2) тармақшасын 
ескеріп), ал мотоциклмен жол жүрген кезде — түймеленген мотошлемде болуға;
3) тротуар немесе жол жиегі жағынан және көлік құралы толық тоқтағаннан 
кейін ғана отыруды және түсуді жүзеге асыруға міндетті.
Егер тротуар немесе жол жиегі жағынан отыру және түсу мүмкін болмаса, 
бұл қауіпсіз болатын және жол жүрісіне басқа да қатысушылар үшін кедергі 
келтірмейтін жағдайларда жолдың жүру бөлігі жағынан жүзеге асырылады.
2. Жолаушыларға:
1) көлік құралы жүріп келе жатқанда жүргізушіні оны басқарудан 
алаңдатуға;
2) борт платформасы бар жүк автомобилімен жол жүрген кезде түрегеліп 
тұруға, бортқа немесе борттардан биік тұратын жүктің үстіне отыруға;
3) көлік құралы жүріп келе жатқанда оның есіктерін ашуға, сондай-ақ 
терезесінен және люгінен басын шығаруға тыйым салынады.
 
 
5. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары 
Ескертпе. Бағдаршам және реттеуші сигналдарының кескіндемелері 1-
суретте келтірілген.
 Бағдаршамның сигналдары 
1. Жол жүрісін реттеу үшін көлденең және тігінен орналасқан бағдаршамдар 
қолданылады.
Бағдаршамдарда жасыл, сары, қызыл және ай түстес ақшыл жарық 
сигналдары қолданылады.
Сигналдары тігінен орналасқан бағдаршамдарда қызыл түс жоғарыда 
орналасады, ал жасыл — төменде; сигналдар көлденеңінен орналасқанда қызыл 
- сол жақта, жасыл - оң жақта орналасады.


Бағдаршам сигналдары мақсатына байланысты дөңгелек, бағыттаушы 
(бағыттаушылар) түрінде, жаяу жүргінші немесе велосипед кескінінде, "Х" және 
"+" тәрізді болуы мүмкін.
Дөңгелек сигналды бағдаршамдардың бір немесе екі, дөңгелек жасыл 
сигналдың деңгейінде орналасқан жасыл бағыттаушы (бағыттаушылар) 
түріндегі сигналдары бар қосымша секциялары болуы мүмкін.
2. Бағдаршамның дөңгелек сигналдарының мынадай мәні бар:
1) жасыл сигнал жүруге рұқсат етеді;
2) жасыл жыпылықтаған сигнал жүруге рұқсат етеді және оның қолданылу 
уақыты өтіп барады және тыйым салатын сигнал іске қосылатындығын 
хабарлайды (жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жасыл сигналдың жануына 
дейін уақыт туралы секундпен хабар беретін сандық табло қолданылады);
3) сары сигнал осы бөлімнің 14-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда 
жүруге тыйым салады және сигналдардың ауысқалы тұрғанын ескертеді;
4) сары жыпылықтаған сигнал бағдаршаммен реттелмейтін көше 
қиылысының немесе жаяу жүргінші өтпесінің бар екенін хабарлайды, қауіптен 
сақтандырады;
5) қызыл, оның ішінде жыпылықтайтын сигнал, жүруге тыйым салады. 
Қызыл және сары сигналдардың қосыла жануы жүруге тыйым салады және 
жасыл сигнал жанғалы тұрғаны хабар береді.
1-сурет. БАҒДАРШАМНЫҢ ЖӘНЕ РЕТТЕУШІНІҢ СИГНАЛДАРЫ. 
КӨЛІК БАҒДАРШАМДАРЫ




3. Қызыл, сары және жасыл түсті бағыттаушы түрінде орындалған 
бағдаршам сигналы тиісті түстердегі дөңгелек сигналмен бірдей мағыналас, 
бірақ олардың күші бағыттаушы көрсеткен бағытқа (бағыттарға) ғана 
қолданылады. Бұл ретте солға бұрылуға рұқсат беретін бағыттаушы, егер бұған 
тиісті жол белгісімен тыйым салынбаса, кері бұрылуға да рұқсат етеді.
Сілтеме. Қызыл және сары бағыттаушылардың орнына осы мағынада қара 
контурлы бағыттаушылар кескінделген дөңгелек қызыл және сары сигналдар 
пайдаланылуы мүмкін.
Қосымша секциясы бар жасыл бағыттаушы да осындай мәнге ие болады. 
Қосылмай тұрған қосымша секцияның сигналы осы секциямен реттелетін 
бағыттағы жүріске тыйым салынғанын білдіреді.
4. Егер бағдаршамның негізгі жасыл сигналына қара контурлы бағыттаушы 
(бағыттаушылар) салынған болса, онда ол жүргізушіге бағдаршамның қосымша 
секциясын және қосымша секцияның сигналына қарағанда өзге де рұқсат етілген 
жүру бағыттарын хабарлайды.
5. Егер бағдаршам сигналы жаяу жүргіншінің (велосипедтің) кескіні түрінде 
орындалса, онда күші тек жаяу жүргіншіге, (велосипедшілерге) ғана 


қолданылады. Бұл ретте жасыл сигнал жаяу жүргіншінің (велосипедшінің) 
жүруіне рұқсат береді, ал қызыл тыйым салады.
Велосипедшілердің жүруін реттеу үшін сондай-ақ кішірейтілген өлшемдегі 
дөңгелек сигналы бар, 300x200 мм өлшемді, қара түсті велосипед кескінделген 
тік бұрышты ақ түсті тақтайшамен толықтырылған бағдаршам пайдаланылады.
6. Зағип жаяу жүргіншілерді жолдың жүру бөлігін кесіп өту мүмкіндігі 
туралы хабардар ету үшін бағдаршамдардың жарық сигналдары дыбыстық 
сигналмен толықтырылуы мүмкін.
7. Көлік құралдарының жолдың жүру бөлігінің қозғалыс бағыты қарама-
қарсы бағытқа өзгеруі мүмкін жол жолақтары бойынша жүруін реттеу үшін X 
үлгісіндегі қызыл сигнал және төмен бағытталған бағыттаушы түріндегі жасыл 
сигналы бар реверстік бағдаршам қолданылады. Бұл сигналдар тиісінше олар 
үстінде орналастырылған жолақ бойынша жүруге тыйым салады немесе рұқсат 
береді.
Реверстік бағдаршамның негізгі сигналдары бағыттаушы түріндегі, төмен 
қарай оңға немесе солға қиғаштай еңкейтілген, іске қосылған сигналдың 
ауысатындығын және бағыттаушы нұсқаған жолаққа қатар ауыстыру қажеттігін 
хабарлайтын сары сигналмен толықтырылуы мүмкін.
Реверстік бағдаршамның екі жағынан 1.9 таңбалауымен белгіленген 
жолақтың үстіне орналастырылған сигналдары іске қосылғанда осы жол 
жолағына шығуға тыйым салынады.
8. Трамвайлардың, сондай-ақ олар үшін бөлінген жолақпен жүретін 
қоғамдық көліктің жүрісін реттеу үшін "Т" әрпі түрінде орналасқан төрт ай 
түстес ақ дөңгелек сигналдары бар бағдаршамдар қолданылады. Бір мезгілде 
төменгі сигналмен бір немесе бірнеше жоғарғы сигнал іске қосылған кезде ғана 
олардың сол жақтағысы - солға, ортадағысы - тіке, оң жақтағысы - оңға жүруге 
рұқсат етеді.
9. Теміржол өтпесінде орналасқан дөңгелек, жыпылықтап тұратын ай 
түстес ақ сигнал көлік құралдарының өтпе арқылы жүруіне рұқсат береді. Ай 
түстес ақ және қызыл жыпылықтайтын сигнал сөніп тұрған кезде көз жетер 
шегінде өтпеге жақындап қалған пойыз (локомотив, дрезина) болмаған кезде 
жүруге рұқсат етіледі.
9-1. Қызыл "+" тәрізді сигнал қарсы бағыттағы көлік құралдары үшін 
бағдаршамның тыйым салатын қызыл сигналының жанғаны туралы 
хабарландырады. 
Сөніп тұрған қызыл "+" тәрізді сигнал қарсы бағыттағы көлік құралдары 
үшін бағдаршамның рұқсат беретін жасыл сигналының жанғаны туралы 
хабарландырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет