4. Құрылыс, жөндеу немесе жинау жұмыстарын орындау кезінде іске
қосылған қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягі бар, жеке меншік
күзет ұйымдарының
жедел ден қою ұтқыр топтарының, жолдағы көліктік
бақылау органдарының көшпелі
бақылау-өткізу пункттерінің, инкассация
қызметтерінің
мамандандырылған
көлік
құралдарының,
ұйымдасқан
велосипедшілер топтарымен бірге жүретін, өсімдіктер және жануарлар дүниесін
қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға жол
бермеу жөніндегі қызметті
атқаратын көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі қауіпсіздігі
қамтамасыз етілген жағдайда жол белгілері (2.2, 2.4 – 2.6, 3.11 – 3.14, 3.17.2, 3.20
белгілерінен басқа) мен таңбаларының, сондай-ақ Қағидалардың 9-бөлімі 4 – 8-
тармақтарының және 16-бөлімі 1-тармағының талаптарын орындамауы мүмкін.
Басқа көлік құралдарының жүргізушілері олардың жұмысына кедергі жасамауға
тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: