Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет115/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

 
Тх1 
Тк 


125 
 
 
20-шы сурет. Цитокиндік тордың фрагменті 
Цитокиндер торының ерекшеліктеріне өте жоғары сенімділік 
жатады, себебі, негізгі әсерлері артық деңгейде қамтамасыз етіледі: 
иммундық жүйенің жасушаларының қоздырылуы бұл жүйенің қызмет 
етуінің шарты.
Интерлейкиндер 
1979 
жылы 
Швейцарияда 
өткен 
лимфокиндер 
бойынша 
эксперттердiң комитетiнiң Халықаралық симпозиумында сол уақытқа 
дейiн белгiлi болған лимфокиндер мен монокиндер туралы мәліметтер 
бiрiктiрiлiп интерлейкиндердiң (ИЛ) – лейкоцитарлық медиаторларының 
қағидасы негiзделдi. Сол кезде алғашқы зерттелеген екi интерлейкинге – 
ИЛ-1 және ИЛ- 2 деген кезектi сан берiлдi. Қазiргi таңда 30-дан астам 
интерлейкиндер зерттелген. Олардың бiрiншiлiк құрылымдары анықталып, 
барлығы рекомбинанттық түрде өндiрiлген. 
ИНТЕРЛЕЙКИН–1 (Адамның хромосомаларының 2-шi жұбы).
ИЛ-1 1972 ж. төменгi концентрациядағы митогендермен әсерлесiп 
тимоциттердiң көбеюiн қоздыруға қабiлеттi фактор ретiнде табылған. 
ИЛ-1дiң тектерiн клондауы бiртектi белсендiлiгi бар екi түрлi белок 
бар екенiн көрсеттi: ИЛ-1α және ИЛ-1β. Олардың молекулалық 
салмақтары 15 000 – 17 000 Д, сапалық көрсеткiштерi ұқсас және екеуi де 
иммундық жауап пен қабынудың эффекторлық фазасының негiзгi 
цитокиндерi болып келедi.
ИЛ-1дiң негiзгi өндiрушiлерi – моноциттер мен макрофагтар, 
сонымен қатар В-лимфоциттер, дендриттiк жасушалар, нейтрофилдер, 
Лангерганс жасушалары, глиалдық, эндотелиалдық және синовиалдық 
жасушалар, фибробласттар, терi мен тимус эпителиi, дақылда – Т-
лимфоциттердiң кейбiр клондары болып келеді. Моноциттер мен
макрофагтардын ИЛ-1-дi өндірулерінің шарты - бактериалдық және 
басқа өнiмдермен қоздырылу (3-ші кесте). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет