130
ИЛ-1-дiң төменгi концентрациялары остеобласттардың пролиферациясын
шақыра алады және қысқа мерзiмге коллагеннiң синтезiн қоздырады.
ИЛ-1 пирогендiк фактор ретінде қызбаның дамуын негiздейдi.
Миелопоэзге әсер етiп, ИЛ-1 нейтрофилдiк лейкоцитозды шақырады.
Сонымен қатар, ол гепатоциттерде қабынудың жедел фазасының
белоктарының синтезiн күшейтедi.
ИЛ-1 әсерлерiнiң көпшiлiгiн ИЛ-6 мен IНФ-α –
лармен әсерлесіп
жүзеге асырады.
ИЛ-1 иммундық, жүйке және нейроэндокриндiк
жүйелердiң арасында белгiлердің алмасуына қатысады. Ол орталық жүйке
жүйесiнде глия жасушаларымен және тамырлық эндотелиймен өндiрiледi,
сонымен қатар, қан ағысынан мидың III және IY қарыншаларына өтедi.
ИЛ-1ге арналған рецепторлар ми жасушаларында, әсiресе, қатпарларда,
хориоидтық
тамырлы өрiмдерде, гипокампта, гипофизде табылған. ИЛ-1
пропиомеланокортин тегiнiң экспрессиясын күшейту арқылы гипоталамус
пен гипофиздiң бiрқатар гормондарының өнiмiне әсер етедi, тимустың
гормоны тимулинның өнiмiн қоздырады,
пролактиннiң өнiмiн басады,
ұйқыны, мiнез-құлықтық реакцияларды реттеуге қатысады.
ИЛ-1 бiрнеше ингибиторлары белгiлi. Олардын бiреуi температурасы
жоғары адамдардың зәрiнен табылған (ИЛ-1-дiң фебрилдiк ингибиторы,
молекулярлық салмағы - 30 000 Д). Бұл ингибитор ИЛ-1-ге арналған
рецептормен әсерлесiп цитокиннiң әсерлерiнiң басым санын жоққа
шығарады. Екiншi ингибитор моноцитарлық лейкозбен ауыратын
адамдардың зәрiнен бөлiнiп шығарылған (молек. салмағы 26 000). ИЛ-1-
дiң үшiншi зәрлiк антогонисті – уромодулин (молек. салмағы 85 000) –
жүктi әйелдердiң зәрiнен табылды.
ИЛ-1 рецепторлық антагонистiне (раИЛ-1) жоғары назар бөлiнуде.
РаИЛ-1 - ИЛ-1α и ИЛ-1β кiретiн тұқымдастықтың өкiлi. Оның
молекулалық салмағы 17 000 және ол ИЛ-1ге
арналған рецепторлармен
тұқымдас болып келедi. Бiрақ, раИЛ-1 ИЛ-1-дiң әсерлерiнiң көпшiлiгiн,
керсiнше, жоққа шығарады. Қазiргi танда раИЛ-1 келешегi зор қабынуға
қарсы фактор ретiнде қарастырылуда.
Сонымен, екi түрлi молекулалық формасы бар ИЛ-1, көбiнесе
макрофагтармен өндiрiлетiн, кең спектрлiк әсерi бар цитокин болып
келедi. Ол иммунитеттiң бастапқы серпiлiстерiн негiздейдi, қабынудың
дамуында маңызы зор (септикалық шок, ревматоидтық артрит,
атеросклероз сияқты жедел және созылмалы
қабынулық аурулардың
патогенезiне қатысады)
, гемопоэздi реттеуге қатысады, иммундық және
нерв жүйесiнiң араларындағы медиатор болып келедi.
Достарыңызбен бөлісу: