Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


-ші сурет. Цитокиндердің ісікке қарсы иммунитетте қатысуы



Pdf көрінісі
бет152/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

24-ші сурет. Цитокиндердің ісікке қарсы иммунитетте қатысуы 
Ісік 
жасушасы 


169 
Фрагментиндер (грэнзимдер) – бұл да апоптозға әкелетiн, 
ферментативті белсенді белок.
Егер перфорин аса жоғары мөлшерде болса, iсік-жасуша мембранасында 
көп өзек пайда болып, жасушалардың лизосомды ферменттер белсенуiмен 
және қабыну серпіліспен бірге жүретiн осмостық лизис көбірек жүредi. 
Мұндай жасушаның өлуін некроз деп атайды.
Егер перфорин мөлшерi төмен болса, онда аз өзектер арқылы жасушаға 
фрагментиндер түсiп, ісік жасушаның өліміне - апоптозға әкеледi. Апоптоз 
үрдiсi TNF- ісік жасушалардың Fas-рецепторларымен байланысқанда 
күшейедi. 
Т-киллерлер де иммунды жауап кезінде ИЛ-2 бөледі және 
мембранасында ИЛ-2-ге арналған рецепторлар шығарады (белок СD95). 
Ол рецепторлар арқылы ИЛ-2 Т-киллердiң аутокринді бөлiнуiн 
белсендiредi.
Сонымен қатар, Т-киллерлер IFN- түзедi, олар бір жағынан Т-
киллерлердің 
қосымша 
дамуын 
қоздырады; 
NK-жасушаларды, 
макрофагтарды белсендіреді, ал екінші жағынан – ісік жасуша бетінде І- 
класс МНС-белоктардың өндiруiн жоғарылатады, сөйтіп Т-киллерлердiң 
iсiктi ерітуiн жеңілдендiреді. 
Тх
1
түзетін IFN- және ИЛ-2 NK-жасушаларының бөлiнуiн және 
дамуын қоздырады. NK-жасушалар (табиғи өлтiргiштер) – ол үлкен 
ядролы лимфоциттер (адамның қанында), олардың деңгейі жалпы 
лимфоциттердiң 5-10% құрайды. Бұл жасушалардың цитотоксикалық 
әсері, ісік себептерiне байланыссыз, кең тараған ісік жасушаларының 
антигендерiне қарсы бағытталған. Интерферондар (, , ) NК-
жасушалардың, бір жағынан, бар өндiрiстi қоздырып, ал екінші жағынан, 
олардың жаңаруына әсер етiп, белсенділiгін жоғарлатады. Дәл осылай 
жасушаларға ИЛ-1 және ИЛ-2 әсер ете алады.
NK-жасушалардың метастаздануын (бөгелме iсiк беруiн) жоюы мүмкiн. 
NK-жасушалары жетіспеушілігі бар аурулар арасында (мысалы, Чедиак-Хигаси 
және Х-хромосомасымен біріккен лимфопролиферативтік синдром кезiнде) 
қатерлі ісіктің жиілігі кең тарағандығы көрсетiлген. 
Ең бірінші кездесу кезінде-ақ арнайы емес цитотоксикалық жауап 
атқарушы NK-жасушалар, ісікке қарсы қорғаудың бірінші “тосқауылы” болып 
табылады. Олар ең алғашқы даму кезінен бастап, ісік жасушаларын жоя 
бастайды, ал иммунды немесе антигенерекшелi Т-киллерлер ісік антигендерiн 
бірінші танудан кейін
7 –10 күн өткен соң, антигентәуелді даму нәтижесінде 
пайда болады.
NK-жасушасы, Тх
1
және Т-киллерлер өндiрiлген INF- өзiнен-өзi 
ісік-жасушалардың өсуін басады, сонымен қатар, өте күштi iштен 
иммунды қоздырғыш ретiнде макрофагтарды белсендіреді, ал олар INF-, 
TNF-, ИЛ-1, тағы басқа цитокиндер түзуін күшейтіп, ісікке қарсы әсер 
етедi. 
INF- вирусқа қарсы белсендiлiгi (негiзi, онковирустарға қарсы 
бағытталған) өте жоғары және ісік жасушаларына тікелей цитотоксикалық 
әсер көрсетеді. Сонымен қатар, IFN- IFN--ға қарағанда, NK-
жасушаларын күштірек белсендіреді. 


170 
TNF- ісік тінінде геморрагиялық некроз (өлiеттену) дамуын 
шақырады. Ол иммунды қоздырғыш әсер көрсетеді: оның ықпалынан 
макрофагтар ИЛ-1 өндiруiн күшейтедi, Т-киллер белсенденуіне әсер етеді 
және IFN- тудырады, Тх1 белсенденiп, ИЛ-2-нi шығарады және NK- 
жасушалар, нейтрофилдер күшейедi де лизоцимнің белсенді түрлерін 
түзеді. TNF--ны кахектин деп те атайды. Макрофагтар ИЛ-1 тәрізді, ол 
пирогенді әсер көрсетеді және ағзада метаболизм үрдiстерiн күшейтедi. 
Соңғы 
жылдары, 
әдебиетте 
онкологиялық 
аурулардың 
асқыну 
механизмiнде TNF- қызмет атқаратындығы туралы айтылып жүр. 
Iсік антигендерін тану кезінде макрофагтар ИЛ-1 бөлу арқылы, Тх
1
-
дi белсенiп ғана қоймайды, сонымен қатар ИЛ-2-ден басқа лимфокиндер 
де түзілуі жоғарлайды, нәтижесiнде ісік жасушалары тікелей жойылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет