Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Трансплантат иесiне қарсы cерпiлiс



Pdf көрінісі
бет190/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

 
Трансплантат иесiне қарсы cерпiлiс 
Реципиентке аллогендi сүйек кемегiн салған кезде, айрықша жағдай 
болуы мұмкiн; сәулеленген реципиенттiң организмы трансплантатты iстен 
шығара алмайды, өйткенi бұл жағдайда донордың иммунхабарлы Т-
жасушалары реципиенттiң аллоантигендерiмен байланысып, трансплантат 
иесiне қарсы серпiлiстi (ТИҚС) шақырады. Оны “ТИҚС” ауыруы деп 
атайды. Реципиенттiң жасушалары, донордан трансплантациялаған Т-
лимфоциттерiне қарсы тұрақтамау серпілісін шақырмауы, донор мен 
реципиенттiң 
генетикалық 
ерекшелiктерiне 
және 
сәулеленген 


207 
реципиенттiң жасушалары иммунологиялық хабарсыз болғандығына, яғни
иммунды супрессия жағдайға байланысты болады. Бұл кезде донордың 
сүйек кемегiндегi иммунхабарлы Т-жасушалары реципиенттiң иммунды 
супрессияланған тiндерiн шабуылдайды. ТИҚС, негiзi, реципиенттiң DR-
антигендерiне қарсы жүредi және оны трансплантаттың жетiлген Т
БАС
-
эффекторлары, Т-өлтiргiштер мен макрофагтар жүргiзедi.
Осы айтылған бойынша, ТИҚС алдын алудың шарттары: 
 донор мен реципиенттi HLA-антигендерi бойынша толық iрiктеу 
(күштi 
трансплантациялық 
антигендермен 
бiрге, 
DR-антигендерi 
бойынша)
 трансплантаттан жетiлген Т-лимфоциттердi алыстату 
 иммунсупрессиялы препараттарды қолдану
 
Клиникада мүшелер мен тiндердi трансплантациялау 
Трансплантация қазіргі кезде әр түрлі дерттердің терминалды 
сатысындағы емнің нағыз альтернативті әдісі болып табылады. Мүшелік 
трансплантация – осы жүзжылдықта медицинаның бір ғажайыбы болып 
отыр. Трансплантация аурудың бүйректік, бауырлық, жүректік және 
өкпелік жетіспеушіліктердің ауыр формаларында өмірді ұзартатын ең 
маңызды әдістің сипатына ие. 
Әр-түрлi жасушалар трансплантациясының клиникалық нәтижесi 
соңғы 10-15 жылда адам ағзасы мен тiндерi - жаңа иммунды супрессивтi 
препараттарды қабылдаудың арқасында жоғарылады. Циклоспорин А, 
сонымен 
қатар, 
HLA-антигендер 
іріктеуі 
жақсаруымен 
және 
иммунологиялық мониторинг әдiсiн iске асырылуымен байланысты. 
Қазiргi уақытта бүйрек пен мүйiздi қабықты қондыру сәттi iске асуда. 
Ал жүрек, өкпе, бауырдың трансплантациясы сирек орындалады, алайда 
көп уәделi сәттiлiкпен. Керiсiнше, сүйек миы мен ұйқы безiнiң 
трансплантациясының нәтижесi төмен және басқа барлық емдi қолданып 
болған сирек жағдайда жасалады.
Еуропалық 
трансплантациялық 
тiркеудiң 
мәлiметi 
бойынша, 
трансплантация көлемi Еуропа елдерiнде соңғы 10 жылда жыл сайын 10%-
ға өсiп отыр. Осы емдеу әдiсiн қолданатын негiзгi ауруларға лейкоз, 
лимфома, басқа қатерлi iсiктер жатады. Олар барлық трансплантацияның
96% құрайды. Донор ретiнде 62% – қандас туысқандар, 7% – басқа 
туысқандары, 1% - егiздер және 30% туысқан емес ерiктiлер мен өлi 
мүшелер 
болады. 
Бағаналы 
жасуша 
көзiне 
аллотрансплантация 
жағдайында 55% сүйек миы, 45% – перифериялық бағаналы жасушалар 
жатады. Соңғы жылдары кiндiк қанынан алынған бағаналы жасушаларды 
қондыру басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет