205
циркуляциядан Т-лимфоциттердi фагоцитоздап, ары қарай шығарып
жiберетiн фагоцитарлық жасушаларының Fc-рецепторымен антидене-
жабылған Т-лимфоциттедiң байланысуы арқылы шақырылады. Қазіргі
кезде бүйрек аллотрансплантациясының жедел тұрақтамау серпілісін
емдеу және алдын алу үшін IOR T3 (
муромонаб) препараты қолдануда, ол
CD3 маркеріне қарсы тышқанның моноклонды антиденелері болып
келеді.
Трансплантат бiтiсуiн жоғарылату үшiн жоғары-аффинды ИЛ-2-
рецепторына арнайылықты моноклонды антиденелер табысты қолданған.
Жоғары-аффинды
ИЛ-2-рецепторын
тек
ғана
Т-жасушалар
экспрессиялаған-дықтан, анти-ИЛ-2 келесi трансплантациялағанда,
салынған тканьдiң аллоантигендерiне қарсыланған Т-жасушалардың
бөлiнуiн арнайы блоктайды. Қазір салынған мүшелердің жедел тұрақтамау
серпілісін тежеу үшін ағылшын препараты – симулект қолдануда, ол
химералық (тышқан/адам) CD25 (ИЛ-2-ге рецептор) қарсы моноклонды
антиденелерге жатады.
CD3 және жоғары-аффинды ИЛ-2-рецептор екеуiде, бар активтелген
Т-жасушаларында экспрессияланады. Қазiргi кезде басқа айрықша Т-
лимфоциттер субпопуляциялар бетiндегi мембраналық молекулаларына
арнайылықты моноклонды антиденелердiң әсерi де зерттелiп жатыр.
Мысалы, CD4-ке арналған моноклонды антиденелер пайдалану кезiнде,
салынған тiндер ұзақ уақытқа дейiн тұрақталады.
Аллотрансплантат тұрақтамау серпілісінде өте маңызды қызметтi
цитокиндер атқаратындықтан, салынған тiн ұзақ уақытқа дейiн
тұрақталудың басқаша стратегиясы – ол жануарларға TNF-, INF- және
ИЛ-2 сияқты цитокиндерге арнайылықты моноклонды антиденелердi
енгiзу. TNF--ға арналған моноклонды антиденелер тышқандарда сүйек
кемегi тұрақтау уақытының ұзаруын және “ТИҚР” көрiнiстерiнiң
азайюын көрсеттi. INF- және ИЛ-2 арналған моноклонды антиденелер
кейбiр жағдайларда егеуқұйрықтың трансплантациялаған жүрегiн
тұрақтау
уақытын
ұзаруын
көрсеткен.
Қазіргі
кезде
адамдарда
трансплантациялау кезде әлі антицитокинді антиденелер пайдаланбайды.
Достарыңызбен бөлісу: