Т-лимфоциттердiң антигентәуелсiз дифференцировкасы Сүйек кемiгiнде түзiлген Т-лимфоциттер қан ағысымен тимустың
қыртысты аймағына келiп орналасады.
Бұл үрдісте тимустың эпителиалды жасушалары түзетiн хемокиндер
маңызды қызмет атқарады (хемокиндер iТ-лимфоциттердi тимусқа тартады). iТ-
лимфоциттер тимусқа өту үшiн гематотимикалық тосқауылдан өтуi тиiс. Бұл
тосқауылдан өту iТ-лимфоциттердiң мембранды молекулалары (протеогикан
CD44, гиалурон қышқылының қалдықтары, интегрин және басқа) мен
жасушааралық
матрикс
молекулаларының
(фибронектин,
тосқауыл
жасушаларының мембраналық молекулалары) өзара әсерлесуiне негiзделген.
Тимустың субкапсулярлы аймағында iТ-лимфоциттерден жетiлмеген Т-лимфоциттер түзiледi,олар иммунды хабарлы болып
тимустан шығу үшiн дифференцировканың бiрнеше сатысынан өтедi.
Тимустың қыртысты қабатында лимфоциттердiң көбею үрдісі өте
интенсивтi жүредi. Адамда орта есеппен тәулiгiне шамамен 5х10
8
тимоциттер түзiледi, ал тимустан осы уақыт арасында шамамен тек 8х10
6
жасушалар ғана шығады. Яғни, жаңа түзiлген жасушалардың шамамен 3%
тимустан шығады. Бұл құбылыстың биологиялық мәнi жақында ғана
белгілі болды. Ол меншiктi гистосәйкестiк антигендерiмен әрекеттесуге
қабiлетi бар Т-лимфоциттер клондардың сұрыпталуына негiзделген.
iТ-лимфоциттерден жартылай жетiлген Т-лимфоциттердiң тимус
ішіндегі
түзiлуi
үрдісі
фенотиптiк
Т-жасушалық
маркерлер
экспрессиясының өзгеруiмен сипатталады. Олардың негiзгiнде беткейCD- антигендер (дифференциялаушы антигендер) жатады.
93
Әртүрлi CD-антигендер дифференцировканың белгiлi кезеңiне, сондай-ақ функционалды әртүрлi Т-лимфоциттердiң субпопуляцияларына тән. CD-антигендер
–
күрделi
нәруыздардың,
гликопротеидтердiң
молекулалары,
олар
лимфоциттердiң
плазмалық
мембранасында
орналасқан.Т-хелперлер үшiн фенотиптiк маркер CD4 антиген болса,