Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет90/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

түрдегі жауапты қалыптастырады. 
2. Иммунитеттiң 
Т-жүйесi 
табиғатта 
кездесетiн 
көпшiлiк 
антигендердi тануға және жасушалық, гуморалды иммунды 
жауаптың қалыптасуында басты қызмет атқарады.
3. Т-жүйесі иммунды жауапты реттеуде маңызды рөл атқарады. Бұл 
үрдіске, ең алдымен, әртүрлі түрдегі иммунологиялық серпілістерді 
ынталандыратын және тежейтiн Т-хелперлер мен Т-супрессорлар 
өздерi өндіретін лимфокиндерiнің көмегiмен қатысады. 
4. Т-жүйесi иммунологиялық төзiмдiлiктiң қалыптасуына және оның 
сақталып тұруына қатысадыИммунологиялық төзiмдiлiк дегенiмiз 
организмнiң меншiктi антигендерiне қарсы арнайы иммунологиялық 
ареактивтілік. 
5. Жетiлген 
эффекторлы 
Т-лимфоциттер 
иммунологиялық 
зерде 
қызметiн атқарады, яғни организм антигенмен қайталап әрекеттескен 
жағдайда иммунды жауаптың жылдым қалыптасуы.
 
Т-лимфоциттердiң дифференцировкасы 


92 
Т-лимфоциттердiң дифференцировка үрдісінде екi негiзгi кезең бар: 
антигентәуелсiз және антигентәуелдi дифференцировка. 
Т-лимфоциттердiң антигентәуелсiз дифференцировкасы тимуста 
өтедi, оған iзашар Т-лимфоциттердiң (іТ) тимусқа өтуi, тимоциттердiң 
пролиферациясы, 
антигентанушы 
рецепторлардың 
түзiлуi, 
Т-
лимфоциттердiң клондарының оң және терiс сұрыпталуы (МНС 
антигендерi бойынша рестрикцияланған клондардың сақталуы және 
организмнiң өзiнiң антигендерiмен әсерлесуге қабiлетi бар клондардың 
жойылуы), бiр-бiрiнен қызметi және беткей CD-маркерлерi бойынша 
ажыратылатын 
Т-лимфоциттердiң 
әртүрлi 
субпопуляцияларының 
қалыптасуы жатады.
Антигентәуелдi дифференцировка үрдісі кезінде тимустан шыққан 
жетiлмеген лимфоциттер сәйкес келетін антигендер клондарымен 
кездеседі және оларды антигентаныстырушы жасушалармен бiрiге 
анықтау салдарынан бiрқатар керектi стимулдарды алады. Нәтижесiнде Т-
лимфоциттер көбейедi және жетiлген эффекторлы Т-лимфоциттерге 
дифференцияланады. (хелперлер, киллерлер немесе супрессорлар). Олар 
сол антигенмен қайта кездескен жағдайда оны өз бетiмен анықтайды және 
иммунологиялық жауапты қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет