67
Бастауыш сыныпта оқушылардың абстарктілі/ дерексіз ойлауын дамыту
қажет екені белгілі.
Абстрактілі ойлау – бұл ұсақ бөлшектерден
дерексіздендіруге және жағдайға біртұтас қарауға мүмкіндік беретін ойлаудың
бір типі. Абстрактілі ойлаудың бір мысалы ретінде «Томирис» фильмінің
айқын үзінділерінің бірін еске түсіруге болады. Онда Томирис патшайым
сарбаздарына ұрыс тактикасын түсіндіреді және қолда бар құралдардың
көмегімен Кир патшаның сарбаздарын жеңудің нақты тактикасын көрсетеді.
Егер қолбасшы шайқасты ойластырып, содан кейін қарсыласын осы жоспар
бойынша жеңсе, онда бұл
абстрактілі деңгейде табылған шешімнің физикалық
жоспарға табысты ауысуы болып саналады.
«Белгі» метапәні аясында балаларды белгілер мен символдарды сызбалау,
түсіну, құру және қолдану бойынша оқыту мақсаты жүзеге асады. Сонымен
қатар сызбалау технологиясы оқушыларға суретте тіркелген мағынаны
сызбалардың көмегімен мазмұнын ойша қалыптастыруға мүмкіндік береді
[166].
Осылайша «Белгі» метапәнімен жұмыс істеудегі нәтижелер айқын болады.
Ол нәтижелерді төмендегі 6-суретте ұсынып отырмыз.
Сурет 6 - «Белгі» метапәнімен жұмыс істеуде қол жеткізетін нәтижелер
Осы тұста француз философы Мишель де Монтеньнің келесі сөздерін
келтіруге болады:
«Жақсы толтырылған мидан, жақсы құрылған ми құнды
болады».
Сызба сызу үшін әзірленген материал болуы қажет. Ал ол материал
сызылған сызбада көрініс табады. Яғни ол материалдың біздің санамызда қалай
орныққандығын көрсетеді [169].
Достарыңызбен бөлісу: