Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту


Жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастауыш білім беру



Pdf көрінісі
бет37/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
Байланысты:


2.2 Жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастауыш білім беру 
пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың мүмкіндіктері
Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясында 
әзірленген жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сыныптарында 
оқытылатын оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларының ерекшелігі – ХХІ 
ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында. Оқу бағдарламаларында
«...ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, 
табиғат және қоғам туралы оқушылардың бастапқы білім қорларын 
қалыптастыру 
(әлемнің 
біртұтас 
бейнесі)
рухани-адамгершілік 
құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: 
санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы 
байланыстар орнату» міндеттері көрсетілген [173].


76 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
31 қазандағы №604 бұйрығына сәйкес бекітілген «Бастауыш білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» «Бастауыш білім берудің 
мақсаты 

кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы 
тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін 
жасау болып табылады» деп, кең ауқымды дағдылар тізімі төмендегіше 
берілген (сурет 12). 
Сурет 12 

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты бойынша бастауыш сынып оқушысы игеруі тиіс кең ауқымды 
дағдылар тізімі 
Жоғарыда аталып өткен кең ауқымды дағдылар бастауыш білім беру 
пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту негізінде оқушының игеруі тиіс метапәндік 
нәтижелермен үндестікте қарастырылған деп топшыласақ та болады. Мысалы: 
білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу дағдысы 
оқушының білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік 
тәжірибесіне сүйену арқылы оқу-танымдық қызмет үдерісінде танымдық 
«жаңалық» ашу, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі 
өнімдер жасау арқылы оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен 
көзқарасы қалыптасады [2; 6]. 
Оқушы өзінің және өзгелердің ойына сыни көзбен қарап, естіген, білгенін 
талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, 
дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық 
жұмыс жасауы барысында сын тұрғысынан ойлау дағдысы дамиды [2; 7].
Танымдық іс-әрекетті белсендіруге, оқушылардың сапалы үлгерімін 
арттыруға, бастауыш мектептегі сабақтарда қолдануға арналған заманауи 
электрондық оқу материалдарының көмегімен оқыту мақсаттарына қол 
жеткізуге, бастауыш мектеп оқушыларының өзін-өзі білім алу және өзін-өзі 
бақылау дағдыларын дамытуға, оқытудың жайлылық деңгейін арттыруға, 
бастауыш сынып оқушыларының сабақта белсенділігі мен ынтасын арттыруға 
білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана 
білу;
сын тұрғысынан ойлау;
зерттеу жұмыстарын жүргізу;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;
коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік 
дағдыларды меңгеру;
топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары;


77 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу дағдысы ықпал 
етеді [174]. 
Сонымен қатар, оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізу, тілдік 
дағдыларды меңгеру, топпен және жеке жұмыс істеу дағдыларын дамыта 
отырып, жан-жақты дамыған оқушы тұлғасын қалыптастыра аламыз.
Оқу бағдарламаларындағы пәнаралық байланыстың тығыздылығы, 
тәжірибелік-бағыттылық, оқу пәндері мазмұнының өмірмен байланысы 
оқушыларда сапалы білім алудың алғы шарттары болып табылатын таным 
белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, 
функционалдық сауаттылығын дамытады.
Жоғарыда аталып өткен кең ауқымды дағдылар тізімінің метапәндік 
тұрғыда 
оқыту 
барысында 
оқушының 
игеретін 
метабіліктермен 
тоғысатындығын байқауға болады. 
Алайда, өткен бөлімдерде атап өткеніміздей, пәндерді метапәндік 
тұрғыда оқыту 

оқытудың табыстылығын қамтамасыз ету, оқушының 
қабылдауында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыру, танымның кез келген 
саласында құзыреттіліктерді қалыптастыру, білім, метабіліктерді және 
дағдыларды меңгерту болып табылады. Қалай меңгерту? Сұрақ осында жатқан 
тәрізді. Пәндерді метапәндік тұрғыда оқытуда білімді беріп қоймайды, алған 
білімін қолдану тәсілдерін үйретеді. Жоғарыда аталған метабіліктер – 
меңгерілген метатәсілдер, жалпы-оқу, пәнаралық (пәннен тыс) танымдық 
біліктер мен дағдылар. Оларға: 
- теориялық ойлау (жалпылау, жүйелеу, ұғымдарды анықтау, жіктеу, 
дәлелдеу және т. б.); 
- ақпаратты қайта өңдеу дағдылары (талдау, біріктіру, интерпретация, 
экстраполяция (құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші 
бөлігіне тарқату), бағалау, аргументация, ақпаратты жинақтау қабілеті); 
- сыни ойлау (фактілерді пікірлерден ажырата білу, мәлімдеменің 
фактілерге сәйкестігін анықтау, дереккөздің сенімділігі, ой тұжырымның 
екіұштылығын, айтылмаған позицияларды, бұрмалаушылықты, логикалық 
сәйкессіздіктерді көру және т. б.); 
- шығармашылық ойлау (жаңа функциияны ауыстыру, көру, стандартты 
жағдайдағы проблеманы көру, объектінің құрылымын көру, баламалы шешім, 
іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін жаңа тәсілдермен біріктіру); 
- реттеу біліктері (сұрақтар қою, болжамдарды құрастыру, мақсаттарды 
анықтау, тактиканы жоспарлау, таңдау, өзіндік іс-әрекетін бақылау, талдау, 
түзету); 
- ойлау сапалары (икемділік, антиконфоризм, диалектикалық, кең 
тасымалдау қабілеті және т.б.) жатады.
Метапәндік тұрғыда оқытудың да бір артықшылығы 

білік, дағдыны 
игеру бір пән аясында ғана емес, бірнеше пәндердің кіріктіріліп оқыту
барысында және әмбебап оқу әрекеттерін жүзеге асыруда жүзеге асады. 
Оқушылардың әмбебап оқу әрекеттері олардың жаңа білімді өздігінен 
меңгеруін қамтамасыз етеді. «Әмбебап оқу әрекеттері» білімді дербес игеруге 


78 
қабілетті, біліктер мен құзыреттіліктерді қалыптастыру үдерісін өзідігінен 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқи алу жетістігі білім алушылардың оқу 
қызметінің барлық компонеттерін игеруі деп айта аламыз. Олар: танымдық 
және оқу мотивтері, оқу мақсаты, оқу міндеттері, оқу әрекеті және операциялар 
(бағдарлау, материалды түрлендіру, бақылау және баға).
Әмбебап оқу әрекеттері (ӘОӘ) – бұл білім алушылардың мәдени 
бірдейлігін, әлеуметтік құзыреттілігін, толеранттылығын, жаңа білімді және 
біліктерді өз бетімен меңгеру қабілетін, аталған үдерісті ұйымдастыру 
қабілетін, сонымен бірге, субъектінің жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және 
белсенді меңгеру арқылы өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қабілетін 
қамтамасыз ететін әрекеттерінің жиынтығы [175].
ӘОӘ төмендегідей қызметтерді атқарады: 
1. «Тұлғаның өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін 
жағдайларды құру, оқу біліктері негізінде үздіксіз білім алуға даярлау, 
көпмәдени 
қоғамда 
азаматтық 
бірдейлікті 
және 
толеранттылықты 
қалыптастыру, жоғары әлеуметтік және кәсіби ұтқырлықты дамыту.
2. Оқу іс-әрекетін реттеу, оқу мақсаттарын және міндеттерін қабылдау 
және қою, оқу мақсаттарын және міндеттерін жүзеге асырудың қажетті 
тәсілдері мен құралдарын іздеу және тиімді қолдану, оқу іс-әрекеті үдерісін 
және оның нәтижелерін бақылау, бағалау және түзету. 
3.Әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыру, оқытудың табыстылығын 
қамтамасыз ету, танымның кез келген саласында құзыреттіліктерді 
қалыптастыру, білім, біліктерді және дағдыларды меңгерту». 
4.Білім алушының оқу қызметін өз бетінше жүзеге асыру, оқу мақсаттарын 
қою, оларға қол жеткізудің қажетті құралдары мен тәсілдерін іздеу, оны 
қолдану, оқу нәтижелерін бақылау және бағалау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету 
[176].
А.Г. Асмолов жалпы білім берудің түйінді мақсаттарына сәйкес келетін 
әмбебап оқу әрекеттері төрт негізгі блогке бөліп, оларды тұлғалық, танымдық, 
реттеуші, коммуникативті деген атаулармен береді [51,б 159]. А.Г. Асмолов 
белгілеген универсалды оқу әрекеттерін төмендегі 13-суреттен көруге болады: 
Сурет 13 

Әмбебап оқу әрекеттері (А.Г.Асмолов бойынша) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет