Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет33/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
Байланысты:


«Білім» метапәні оқушыларды біліммен жұмыс істеу мәдениетін енгізу 
арқылы олардың теориялық ойлауын қалыптастыруға бағытталған жұмыстың 
бір формасы болып табылады.
«Білім» – бұл мектепте оқуды қажет ететін басты 
нәрсені түсіну, бұл – шығармашылық ойлау. 
Мәтінді
графикалық
құралдармен
алмастыру
мидың
өнімділігін
күрт
арттыратын
қабылдау
және
ойлау
тетіктерін
қосады.
Оқу
материалын
меңгерудің сапасы артады.
Адам
миының
интеллектуалды
тапсырмаларды шешу уақыты миға түсетін
хабарламаларды қабылдау, түсіну және
меңгеру жылдамдығына байланысты. Егер
оқушылардың
ақпаратты
қалай
ықшамдаудың қажеттілігі туралы, оны
сызбалар мен белгілер бойынша қалай
есептеу туралы түсініктері болса, онда оқу
тапсырмасын шешу уақыты қысқарады.


68 
Аталған метапәннің негізгі идеясы білімнің әртүрлі пәндік өрісінің 
негізінде болатын базалық ұғымдық айырмашылықтар мен артықшылықтарын 
саналы ұғыну, сонымен бірге жаңа түйінді пәндік ұғымдарды туындату, оларды 
жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда қайта ашу және қайта басқаша ойлау, аталған 
ұғымдарды дамыту арқылы оқушыларды шынайы жаңа білімді туындатуға 
үйретуден құралады. Білім деп біз белгілер формасында тіркелген ойлаудың 
белгілі үдерістері мен операцияларының әрекет түрінде берілуін айтамыз [167]. 
«Білім» метапәнінің аясында қабілеттердің өзіндік блогы қалыптасады. 
Олардың қатарына, мысалы, ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін, жүйелеуші 
қабілетті (яғни, білім жүйелерімен жұмыс істеу қабілеті) және т.б. жатқызуға 
болады. Бұдан басқа жаңа білімнің туындауын қамтамасыз ететін арнайы 
әдістер болады, аталған метапәннің аясында балалар оларды да меңгереді. 
Олардың бірі – бұл «Білімді білімсіздік» техникасы. Оны меңгере отырып, 
оқушылар өздері білетін білімнің білмейтін тұстарын ажыратып бөлуді 
үйренеді. Өз заманында философ Николай Кузанский бұл туралы былай атап 
көрсеткен: «Білмейтін білімнің бөлігін құрастыру, ізденістің келесі сатысы 
жүзеге асырылатын аймақты белгілеудің өзі жұмыстың жартысын орындау 
және шешу болып саналады. Ең алдымен, таным үдерісін басқаруды үйрену 
қажет». Аталған техниканы меңгеру түсіну, қиял, рефлексия сияқты әмбебап 
қабілеттерді дамытуды қамтиды [168]. 
Метапәндер кіріктірудің және әмбебаптықтың басқа типтерін қабылдай 
отырып, кіріктірілген форма ретінде танылады. Мысалы, түйінді ғылыми 
ұғымдармен жұмыс істеуге негізделген әмбебаптылық осындай формаға 
жатады. В.В.Давыдов атап көрсеткендей, оқушы үшін жаңа білімді туындату 
міндетті түрде оның ойлауының ұғымдық құрылымдарының дамуымен 
байланысты. 
Сондықтан 
«Білім» 
метапәнінің 
құрылымы 
жоғарыда 
айтылғандай, өзінің құрамына оқушыларды әртүрлі пәндік материалдағы 
білімнің ерекше формасы ретіндегі ұғымды оқытудың дербес сатысы ретінде 
қарастырады.Метапәндер парадигмалық мәтіндермен жұмыс істеу сияқты 
әмбебаптылықтың осындай типін қамтиды. Бұл арқылы оқушылар өздерінің 
позицияларын қалыптастыруды үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет