Жұмабаева жәзира аманжолқызы бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту



Pdf көрінісі
бет35/70
Дата03.11.2022
өлшемі6,28 Mb.
#47151
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
Байланысты:


Бірінші тәсіл – «Проблема» метапәнінде алынған нәтижелерді таратудан 
және беруден құралады, ал басқа метапәндер әрі қарай зерттеу және нақтылау 
үшін құралады. Шын мәнінде, бұл жағдайда сөз «Проблема» метапәнінің 
негізінде төрт түрлі метапәндердің бірлесіп ұйымдастырылуы туралы болады. 
Алайда содан кейін, егер біз «Белгі» метапәніне өтетін болсақ, онда біз осындай 
бірлесіп ұйымдастыруды соның негізінде жүзеге асыра аламыз. Мұнда 
метапәндердің барлығы ұсынылған конструкцияға бір рет және тұрақты түрде 
жинақталмаған, алайда олар біздің санамызда еркін «жүзеді» және онда 
өздерінің ерекше заңдары бойынша дамиды [171,б. 275-279]. 
Біз 
бір 
немесе 
басқа 
метапәнмен 
жұмыс 
істей 
бастағанда, 
орталықтандырылатын 
сияқтымыз 
(барлық 
метапәндердің 
арасында 
орталықтандыру процедурасын олардың бірінде жүзеге асырамыз, санада 
болатын аталған пәнді, басқа пәндермен қатар біздің жұмыстың орталығына 
орналастырамыз), бірлесіп ұйымдастыруды бастаймыз және оның айналасында 
басқа ұйымдастыруларды орната бастаймыз (яғни, ерекше түрдегі заттар 
ретінде алынған білім, белгі, проблема, тапсырма), бұл ретте аталған нақты 
уақыттағы қоятын мақсаттарға сүйенетін боламыз. Орталықтандыру 
процедурасы 

әрине, логикалық процедура. Санадағы өзгермелі заттардың 
қабілеттерді 
дамытумен 
жұмыс істеу

ойлау

коммуникация

түсіну

рефлексия
дүниетаным


72 
мұндай еркіндігі кішігірім тәртіп пен үлкен бейберекетсіздікті білдіреді. Себебі 
біз бұрыннан қалыптасқан, біреудің ұйымдастырған тәртібін анықтауға және 
шешуге дағдыланғанбыз. Біз ұсынылған тәртіптің ішінде әрекет етіп 
үйренгенбіз. Алайда бұл жағдайда орталықтандыру жағдайды саналы ұғынуға 
сәйкес әртүрлі пәндерді таңдау мен бірлесіп ұйымдастырудың негіздемелерін
ашуға қабілетті екенімізді білдіреді. Бұл жағдайда тәртіп берілмеген, алайда ол 
арнайы құрастырылуы керек. 
Сипатталған метапәндерді өзара үйлестіре отырып оқытуды ұйымдастыру 
келесі тәртіппен жүргізіледі. Бастапқыда жағдаяттағы проблеманы қою оның 
қатысушыларының әртүрлі көзқарастарын анықтау негізінде қамтамасыз 
етіледі және пәндік мазмұн тіркеледі. Содан кейін ситуацияның позициялық 
сызбалауы жүзеге асырылады. Әрі қарай осы позициялық ұйымдастырушылық-
әрекеттік сызбалау негізінде нысанның сызбасы құрылады, аталған сызба осы 
мәселені талқылау және талдау дәстүрлерімен, аталған проблемасы бойынша 
білім мен дәстүрлердің барлық жиынтығымен арақатынасы құрылады. 
Қозғалыстағы жасалған қадам негізінде мәдениет арқылы таратылатын 
білімдермен ситуацияда құрылған сызбамен арақатынасы арқылы жүзеге 
асырылады. Проблеманы қоюдың алынған нәтижелерін дәстүрлердің ішінде 
орналастырғаннан және оларды таратылатын біліммен арақатынасын 
белгілегеннен кейін шешілетін тапсырмаларға өту жүзеге асырылады. 
Өзара байланыстың екінші тәсілі – бұл «Проблема» метапәнінің ішінде 
ұйымдастырылудың қалай көрініс табатынын, сызбалаудың қалай жүзеге 
асырылатындығын, білімнің қалай ажыратылатынын және өзгеше міндеттердің 
қалай шешілетінін қарастыру. Алайда «Проблема» метапәнінің ішіндегі 
ұйымдастыруды талдауда, проблема контексіндегі проблемалық сызбалау 
немесе сызбалау туралы, проблемалық білім мен проблемалық міндеттері 
туралы айту қажет.
Сызбалардың көмегімен проблемалық жағдайдың позициялық кеңістігі 
құрылады немесе біз білмейтін және біз жете алмайтын нәрсе графикалық 
түрде тіркеледі. Білім негізінде аталған пәндік және практикалық саладағы 
белгісіз нәрсе тіркеледі, онда бірлесіп ұйымдастырылмаған білімнің әртүрлі 
типтерінің арасында алшақтық болады. Тапсырмалардың көмегімен 
проблемалық үдерісті бірізді түрде қалыптастыру жүзеге асырылады, ол 
тапсырмалардың бірізді тізбегі түрінде ұйымдастырылады. Сонымен, өзара 
байланыстың үшінші тәсілі басқа метапәндерде қалыптасатын қабілеттер мен 
антропологиялық жаңа құрылымдардың «Проблема» метапәнінде қолданыла 
бастауын және керісінше, «Проблема» метапәніндегі қалыптасатын 
қабілеттердің басқа метапәндерде қалай қолданыла бастайтынын анықтайды.
Адамзат тәжірибесінің аталған аймақтарының құрылымы бойынша, оларда 
қоғамдық өмір әлсіремейді және төмендемейді. Себебі білімдегі «олқылықтар» 
бос кеңістік, оның болмауы қажет сияқты. Алайда, керісінше, мұнда қоғамдық 
өзара әрекеттесудің күрт жеделдеуі жүзеге асады. Бұл адамзат тәжірибесі мен 
ой-пікірлерінің қалыптаспаған салаларында әрекеттің әртүрлі формалары мен 
тәсілдерінің түйісуімен байланысты болады. Бұл проблемалық аймақтар 


73 
адамзаттың болашағы туралы пікірталастарда әртүрлі қоғамдық-тарихи 
топтардың соқтығысу, ойыны және күрес аймақтары болып табылады. 
Сондықтан проблемалық оқу технологиясын меңгерген адам, біріншіден, 
әртүрлі пікірлер мен олардың реңктерін аңғаруы және түсіне білуге қабілетті 
болуы керек, әрекет және мақсатқа жету тәсілдерін ажырата білуі, әртүрлі 
пікірді ұстанушылардың ситуацияны көре білуі және осы әртүрлі әрекеттерді 
сызбалай білуі керек. Осылардың барлығы «Белгі» метапәнін оқытуда 
меңгертіледі деп күтіледі. Екіншіден, пікірлердің логикалық мазмұнын қалпына 
келтіріп үйрену керек және оларды пайымдау формасына алмастыра білуі 
керек, әрбір пікірдің астарындағы дәстүрлер білімді ажырата білу керек. Бұл 
«Білім» метапәніндегі мазмұнды меңгеруде негіз болады. Проблемалық 
жағдаяттағы жұмыс адамның жағдаяттың мағынасын біртұтас түсінуін 
қамтиды, содан кейін әрбір қадам сайын жағдайдан «айналып өтіп», бірізді 
түрде оның әрбір элементтерін қалыптастыруды жүзеге асырады. Бір бүтін 
нәрсенің элементтерін алдын-ала түсіну негізінде бірізді саналы ұғыну қабілеті 
«Тапсырма» метапәнінің мазмұнын меңгеру есебінен қамтамасыз етіледі.
Әртүрлі пікірлер мен әртүрлі сәйкес келмейтін позициялар анықталғаннан 
кейін, оларға алдын-ала логикалық талдау жүргізіледі және өзін-өзі анықтау 
үдерістерін бастайтын өзіндік күрделі жұмыс басталады. Яғни, адамның 
дүниетанымдық сенімділігі болмағанда, ол өзінің позициясын, өзінің 
көзқарасын қалыптастыруы және өзінің пікір білдіру құқығына ие болуы қажет. 
Адамды жағдайды біртұтас көруге және түсінуге үйрету, өзіндік позициясын 
қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету 

бұл «Проблема» метапәнінің 
негізгі міндеті. Өзіндік позициясының негізінде қалыптасқан тұлға суперадам 
позициясына көтерілуі және өзіне жауапкершілікті алуы қажет, яғни әртүрлі 
бөлінген және қарама-қарсы қойылған позициялар мен бөлінген білімді 
бірлесіп ұйымдастыратын миссияны орындауы керек. 
Бұл жағдайда қарама-қарсы және бөлінген позициялардың біртұтастығын 
түсінуді қалыптастыруға бағытталған белгілі тұлғалық дүниетанымдық 
позицияны алу қабілеті сөзсіз, барлық басқа метапәндерде жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет