84
ма?», «Эвриканың іс-әрекетіне назар аудар. Магнитке не болды?» сұрағына
жауап береді. Осы тақырып аясында өз қорытындысын жасайды.
Коммуникативтік ӘОӘ-ге бағытталып өз ойын білдіру тапсырмалар
жүйесі қарастырылған.
1)Өз ойын білдіру
Бірінші тапсырма бойынша, оқушылар сабақ барысында глобуспен
танысады. Білімдерін бекіту мақсатында глобустан көк түспен боялған
жерлерді табады. Сол жерлерге көгілдір түсті жапсырма түймелерді бекітеді.
Глобустан қоңыр, сары түспен боялған жерлерді табады. Сол жерлерге қоңыр
немесе сары түсті жапсырма түймелерді бекітеді. Адамдар өмір сүре алатын
жерлерді көрсетеді. Неге олай ойлайтындарын түсіндіреді.
Өз ойын білдіру әрекетін жүзеге асыруға бағытталған келесідей тапсырма
оқулықта ұсынылған. Оқушылар «Жасанды дыбыс көздері не үшін қажет? Сен
олардың қайсысын жиі қолданасың?» сұрақтарына жауап береді.
Тұлғалық ӘОӘ бағытталып ұсынылған тапсырмалар жүйесінде түрлі
заттармен
тәжірибе жасау арқылы және
берілген сұрақтардың көмегімен
алған білімін
өздігінен анықтауына мүмкіндік жасалған
.
1) Өзін-өзі анықтау
Магниттің қасиеттерімен танысқан оқушыға оқыту үдерісінде оның білімін
бекіту мақсатында тапсырмалар ұсынылады. Магнитпен және әртүрлі
материалдардан жасалған заттармен тәжірибе жасайды. Тәжірибе кезінде
байқағандарымен бөліседі. Қандай заттардың магнитке тартылатындығын
атайды. Заттардың осындай қасиетінің атауын ойлап табады.
Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған «Жаратылыстану»
оқулығын талдау барысында метапәндік нәтижелерді қалыптастырушы
әмбебап оқу әрекеттерін жүзеге асыратын тапсырмалар толыққанды
қамтылмағандығын анықтадық. Оқулықта тапсырмалардың көбі бақылау,
болжам жасау секілді
реттеушілік ӘОӘ-ні ұйымдастыруға арналған. Алайда
Достарыңызбен бөлісу: