үшін (Айқап, 1913, № 17).
4. Үшін шылаулы -мақ, -мек формалы тіркес:
Әбілхайыр ханның hәм жұртының жай-жапсарын білмек үшін, ...., олардан ант алмақ үшін (Айқап, 1913, № 17).
5. -Мақ, -мек, -пақ, -пек формалы етістік пен керек сөзінің
тіркесі:
... бізге болысты, ауылнайды, мүфтиді, депутатты хүкімет өзі қалап қойсын демек керек пе йаки басқа жол керек пе? (Айқап, 1911,№ 1). Қазақ байғұс жері кеткен соң қалайша күн көріп, тамақ асырауға hәм былайғы елден қалыспай ретке кірмекке керек (Айқап, 1912, № 1). Не жерін айырып қала алмай, не басқа жақтан орын ала алмай Басқұдықтың 120 үйі жатыр, бұларға не қылмақ керек ? 6. Шартты рай формалы етістік пен керек сөзінің тіркесі:
...қазақ та бір миллят, ұлықтан оның да өзіне айырым бір әдебиеті боларға керек екені біраз аңлатсақ керек (Аймақ, 1912, №1). Ойлап келгенде мал да сол кесіптен шықса керек?! (Айқап, 1914, № 1). Оқып шыққан жастарымызды қазақ жолбасшы қылса керек еді (Қазақ, 1913, 10 февраль). Қазіргі тіліміздегі өте, аса, тымдемеуліктері келетін
орындарда журналда күшейткіш мәнді бек демеулігі алынған:
"Бұл істің, әсіресе, көңілді қанағаттандыратұғын жері - қазақтар осыған бек риза болып жатыр hәм хал-ауқаты артыла бастағанын көзіміз көріп тұр" - депті (Айқап, 1913, № 20) . Қазіргі әдеби тілдің нормасынан шығып қалған үшбу, hәм, мыш, дүр, ләкин, уа сияқты бір кездегі көне әдеби (шағатай)
тілге тән формалар "Айқап" журналында жиі қолданылып
отырады, ал "Қазақ" газетінде осылардың ішінен тек hәм жалғауын ғана кездестірдік:
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
123
Әбілхайыр хан, баласы Ералы hәм ру басылары үшбу Татишев алдында ант бергендер (Айқап, 1913, № 17). ...әуелгі екі хәрпі бүтін ғаламға бірдей қараңғы түнді жарық етуші "Ай" демек-дүр (Айқап, 1913, № 17). Ләкин, әлі күнгіше бүкіл қазақ болып мәслихатқа келген іс жоқ (Айқап,1913,№1). Алдыңызға үшбу журналымды саламын, кішкене екен деп қоңыраймаңыздар (Айқап, 1911, №1). Мұндағы қазақ байларының қолынан бір мұғалима ұстау келеді, пұлы да hәм жетеді (Айқап, 1914, № 1). Шенки ол манағы жазуында орысша аз болғанда 8-10 жыл оқымай, өзіңе керекті білім алып болмауын айтады. (Айқап, 1912, № 1). "Қазақ" газетінде бұл шылаулардың орнына қазақ тілінің
өзіндік яки, я, бірақ шылаулары қолданылған: