Байланысты: bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk
демек-дур (Айқап, 1913, №17). Ләкин, әлі күнгіше бүкіл қазақ
болып мәслихатқа келген іс жоқ (Айқап, 1913, №1). Алдыңызға үшбу журналымды саламын, кішкене екен деп қоңыраймаңыздар (Айқап, 1911, № 1, 1-б). Мұндағы қазақ байларының қолынанбір мұғалима ұстау келеді, пұлы да һәм жетеді (Айқап, 1914 № 1). «Қазақ» газетінде бұл шылаулардың орнына қазақ тілінің
өзіндік яки, я, бірақ шылаулары қолданылған.
ХХ ғасырдың басындағы публицистика тілінде қимыл есімі
ретінде (көбіне қазіргі қазақ тіліндегі -у тұлғалы тұйық етістіктің
мәнінде) мына төмендегі формалар қолданылды:
1. Барыс жалғаулы -ар, -ер, -р, -с жұрнақты есімше мен
керек сөзінің тіркесі қолданылды:
Күллі жұрт болып сұрауға керек."Ойбай, ана жылда ду- маға пәленше-түгеншелер барған, олар да түк бітірген жоқ" - деген үмітсіздікті тастап, халқымыздың қатарға қосылуын ой- ларға керек (Айқап, 1913, № 20). Отырықшылыққа айналғанда көп болып айналу керек, бір болыс елден кем болмасқа керек (Айқап, 1914, № 1). Ондай үйдің бағасы әлденеше миллион бо- ларға керек (Қазақ, 1913,№ 1). ... салыстырып, өлшеп, жерді бе- ру-бермес пікірді соған тіреп айтарға керек (Қазақ, 1913, № 30). 2. Барыс жалғаулы есімшелі тіркес:
Біздің хүкімет жоғарыда айтылған жерлердегі шәhәрлерге Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
122
консул қойарға ықтиарлы екен (Айқап, 1911, №1). Осы сенің айтқан сөзіңнің бәріне де түсіндім, үлгі берелік, сүт ақталық, халыққа қызмет қылалық дегенің бек тиімді, бірақ соны істерге мойным жар бермейді (Айқап, 1911,№20). 3. Үшін шылаулы келер шақтық есімшелі тіркес:
Қытай хүкіметіне айтқанын тыңдатар үшін біздің хүкімет те ғаскер жинауға қол қойды (Айқап, 1913, № 17). Соның үшін қолынан келетін өнерпаз мырзаларға ескертемін, біздің нотаға салдырып ала алсақ жақсы болар еді, ұмытпас