140
сайын тап күресі күшейе түседі» деген тезисі «теориялық
бағдар» ретінде басшылыққа алынып, жергілікті жерлерден тап
жауларын тауып, оларды әшкерелеу науқаны қолға алынды.
Орталықтан басталған бұл науқанның Қазақстандағы жаңғырығы
тым күшті болды. Ең алдымен, алғашқы соққыға «ұлтшылдар»,
яғни бұрынғы «Алаш» партиясының мүшелері мен оны
қолдаушылар тап болды. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
М.Тынышбаев, Жанша және Хәлел Досмұхамедовтар, Ә.Ермеков,
Ж.Аймауытов т.б. қуғындауға алдымен ұшырады.
Одан сәл кейін 1937-38 жылдары «халық жаулары» деген
ешбір дәлелсіз сорақы айыптаумен республикада кеңес өкіметін
өз қолдарымен орнатқан жоғарғы партия, кеңес қызметкерлері,
ғылым мен әдебиет, өнердің көрнекті қайраткерлері жазықсыз
жазаға тартылды. Бұл науқанның қасіретіне 110 мың зиялы
ұшырап, оның 27 мыңнан астамы атылып кеткен. Бұл орны
толмас қасіреттің Қазақстан экономикасы мен мәдениетіне,
ғылым-біліміне, әдебиетіне, халықтың санасына тигізген зиянды
әсерін ешнәрсемен өлшеуге болмас еді.
Қазақтың зиялы қауымының бас көтерген өкілдері айдалып,
атылып кеткеннен кейін әдебиетіміз бен ғылымымыз,
мәдениетіміз бен білім салалары біраз тоқырап қалды. Әдеби
тіліміздің де тынысы тарылып, қоғамдық қызметі шектеле
бастады. Қазақ мектептерінде орыс тілін міндетті түрде оқытуға
баса көңіл бөлінді. Ал орыс мектептерінде, керісінше, қазақ
тілін міндетті оқытудан босату туралы жарлық шығарылды.
Тіл туралы тұңғыш декрет жиырмасыншы жылдардың
басында қабылданып, онда қазақ тілі орыс тілімен қатар
мемлекеттік тіл болып жарияланса да, отызыншы жылдардың
екінші жартысында қазақ тілі тағдыры дағдарысқа душар болды.
Қазақ тілі ресми тіл болу, ғылым тілі болуы осыған байланысты
оқу-оқыту тілі болу қызметінен біртіндеп айрыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: