Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


turuv - тұрұу, kelyv - келүу, beryv - берүу



Pdf көрінісі
бет58/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

turuv - тұрұу, kelyv - келүу, beryv - берүу
Жарты дауысты "j" мен "b", "і" әріптері қосақталып толық 
дауысты қазіргі "и"-дің орнына қолданылды. Мысалы: qьjmьja - 
қыймыйа, sьjьr - сыйыр, sьjрьr - сыйпыр, әksіja - әксійа, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


148 
ekvіjvalent - екуійуалент, teknіjke - текнійке, nәtіjсеlі - 
нәтійжелі т.б. 
Жаңа әліпбиге көшу дегеніміз тек әріптерді ауыстыру емес, 
жаңа алфавитке сәйкестендіріп жаңа емле ережелерін жасау 
мәселесін қажет етті. 
Орталық Атқару Комитетінің президиумы мен Халық Ағарту 
Комитетінің шешімі бойынша емлені реформалау үшін ғылыми 
конференция 1929 жылы Қызылорда қаласында шақырылды. 
Онда жаңа алфавитке сай жаңа емле қабылданды: 1. Қазақ 
емлесінің негізі дыбыс жүйесінше болу керек; дыбыстың өзгеруі 
осы күнгі халық тілінде айтылған, естілген күйінде жазылуы 
керек. 
2. Шеттен кірген сөздердің емлесі дыбыс жүйесімен жазылуы 
керек, аяғы қазақтың сөз жүйесіне көшу керек. Шеттен кірген 
сөздерді қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен сөз жүйесі негіздеріне 
бағындырып жазам деп орынсыз шет сөздердің түбірін бұзуға 
болмайды. 
3. Шеттен кірген сөздерді дұрыс жазу ережесі жасалғанда, ол 
сөздерді қалың бұқара жеңіл ұғып алатын болсын, шапшаң хат 
танып, жазу үйренуге, халықтың жалпы сауаты ашылуына 
қиындық келтіретін болмасын, бұл үшін кірген сөздердің 
орфографиясы қазақ тілінің заңына қайшы келмеуі шарт. 
4. Жалпы европалық сөздерді алғанда, олардың тек түбірлері 
ғана алынады, осы қаулыда көрсетілген дыбыс жүйесіне 
бағындырылады, сөз жүйесі ретінен түбірге жалғанатын жалғау 
жұрнақтары қазақ тілінің заңына бағындырылады. 
Осы емле негіздеріне сүйеніп, 1929 жылы 29 маусымда қазақ 
тілінің жаңа емлесі бекітілді. 
Жаңа емледе 30 ереже болды, оның 12-і қазақтың төл сөздерін, 
қалған 18-і шет тілдерден кірген сөздерді жазу жөнінде. 
Бұл емле ережелерінде көптеген қайшылықтар бар екенін 
көруге болады. Мәселен, шетелден кірген сөздерді өзгертпей 
жазу керек делінген, бірақ оларды бұлай жазуға жаңа қазақ 
/латындаған/ алфавитінде әріп таңбалары жетіспеді, сондықтан ол 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


149 
сөздерді дұрыс жазу мүмкін емес еді. Екінші жағынан сөздер 
фонетикалық принцип бойынша, қалай естілсе солай жазылады 
делінді. Сондықтан да әркім өз естуінше жазды. 
Осы жылдардағы баспасөз беттерінде, оқулықтарда, тіпті бір 
кітаптың өзінде бір сөз әр түрлі жазылып жүрді. Мәселен, 
"пролетариат" 
сөзі 
бірде 
"пурлытарыйат", 
бірде 
"пурелетарийат", бірде "пыролетарыйат" деп, "география" сөзі 
- жағырапиа, жағрапыйа, жағрапиа болып, "минута" - бірде 
менот, бірде мөнет, кейде мінет деп жазылады. Ал 
терминология комиссиясы оны "мүйнет" деп алған. Ай аттары да 
әр түрлі боп жазылды: январь - ғенуар, ғынуар, иануар, жануар, 
жанбар, пебірал, ағыс, ағұс делініп, ал "большевик" - болшебек, 
балшебек, балшабек, телеграмма - телігірам, тілігірам, 
телегірам т.б. болып жазылды. 
1926-30 жылдары түрліше айтылып, жазылып жүрген 
варианттар туралы проф. Қ.Жұбанов: "Кейбір сөздер, мәселен, 
тұрмыста ең көп айтылып, көп жазылатын сөздердің бірі - 
"коммунист" деген сөз 16 түрлі боп жазылады, о санға о сөздің 
ішіндегі әріптерінің саны да жетпейді. Оны біреулер "кәмөнес" 
деп жазады, біреулер "кәмүнес" дейді, тағы біреулер "кәмүніс" 
деп жазады. Әркім өзінше жаза береді. ... Міне, емле осы 
сықылды күйде болған соң ешбір сөзді дұрыс жазуға болмайды" - 
деп қынжылады. 
Көптеген қазақ сөздері де түрліше айтылып, жазылып жүрді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет