153
жасаған еңбектерін толық көрсетіп,
былайша санамалап
көрсетеді: "... тұңғыш қазақ лингвисі өзінің алдына жүйелі
программа қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақша сауат аштыруды
мақсат еткен, бұл үшін "Оқу құралды" жазған; одан соң қазақ
тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру
мақсатын қойған, бұл үшін "Тіл - құралды" жазған; үшінші - тілді
дұрыс жұмсай білу тәртібін көрсетуді көздеген, бұл үшін "Тіл
жұмсарды" жазған, төртінші - сауат аштыру, тілді оқыту
методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін "Баяншыны"
жазған". Р.Сыздықова "Ахмет Байтұрсынов" деген кітапша мен
"Тіл тағылымы" деген Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен
оқу-ағарту еңбектері жинақталып басылған кітаптарға жазған
алғысөзінде ғалымның қазақ тілі грамматикасына қатысты
категорияларға қазақша термин ұсынғандығын, осы күнгі
қолданылып жүрген
"зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай,
үстеу, шылау, бастауыш" деген т.б. сан алуан лингвистикалық
терминдердің көбі А.Байтұрсыновтікі
екендігін тұңғыш атап
көрсетеді.
А.Байтұрсыновтың қазақ терминологиясын қалыптастыру-
дағы рөлін ахметтануға ерекше ат салысып жүрген ғалым-
терминолог Ө.Айтбаев өзінің мақалалары мен "Қазақ сөзі" деген
еңбегінде жан-жақты көрсетеді: "А.Байтұрсынов жасаған тіл
білімі терминологиялық лексикасы мен әдебиеттану ғылымының
терминдері күні бүгінге дейін рухани мұхтаждығымызды өтеп
отыр. Бүгінгі үздіксіз өрістеп отырған терминологиялық процесте
бұл әлі күнге теңдесі жоқ үлгі болып есептеледі". "Біздің ендігі
мақсатымыз - дейді ғалым - А.Байтұрсыновтың көрсетіп кеткен
үлгісін жаңа заман талабын ескере отырып, саналы түрде тиімді
пайдалану".
Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімінің қазақ тілінде өрбуіне,
зерттелуіне, оның қазірде қолданылып жүрген
ғылыми
терминдерінің қалыптасып дамуына үлкен үлес қосты. Оның
термин алуда ұстанған принципінің дұрыстығына ол жасаған
терминдердің әлі күнге дейін тілімізде қолданыс тауып
жүргендігі дәлел. Ғалымның термин жасаудағы ұстанған негізгі
принципі ең алдымен қазақ тілінің өз мүмкіншіліктерін
пайдалану,
ал
"Айқап"
журналындағы
мақалаларында
грамматика, фонетика, морфология т.б. халықаралық сөздерді
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
154
де қолданған. Бұдан оның
орыс тілі арқылы кіретін
интернационалдық терминдерден бас тартпайтын принципін де
байқаймыз.
А.Байтұрсыновтың "Тіл құралы" - қазақ тілінде жазылған
тұңғыш грамматика, өйткені XІX ғасырдың екінші жартысында
басылып шыққан Н.И.Ильминскийдің "Материалы к изучению
киргизского
наречия",
П.М.Мелиоранскийдің
"Краткая
грамматика казак-киргизского языка", В.В.Катаринскийдің
"Грамматика киргизского языка. Фонетика,
этимология и
синтаксис" т.б. еңбектері орыс тілінде жазылған еді, сондықтан
оларда қазақша лингвистикалық терминдер жасалған жоқ
болатын.
А.Байтұрсынов лингвистикалық терминдерді жасауда негізгі
екі принципті ұстанған еді: бірі - ана тілдің бар мүмкіндігін
барынша сарқа пайдалану, екіншісі - өзге тілдерден, әсіресе орыс
тілінен әдеби тілдің дамуына керекті, жаңа ұғымды белгілеу үшін
қажетті атау сөздерді алудан қашпау. Ол "Айқап" журналы мен
"Қазақ" газеті беттерінде жарияланған мақалаларында, "Оқу
құралы", "Тіл - құралы", "Тіл жұмсар", "Баяншы" деген
еңбектерінде тілімізде бұрыннан
бар сөздерді белгілі ғылыми
ұғымды білдіретін атау ретінде қолданады. Мәселен,
әріп, емле,
Достарыңызбен бөлісу: