ыстанса, қалқоз, Ауропа, (Ебропа, Жауропа), пебірал, жануар
(ғынуар),
Орманып,
пырағырам,
кәмөнес,
аутыр,
сатсыйалшыл, кәмійтет, Ленінгірат т.б. мыңдаған кірме
сөздер мүмкіндігінше орыс тілінде жазылуына жақындатылып
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
151
жазылатын болды: совет, вагон, техника, совхоз, завод,
стансиа, колхоз, Европа, феврал, иануар, Орманов, коммунист,
автор, сотсиалист, револутсиа, комитет, протсент,
зоотехник, фабрика, программа т.б.
Осы қаулы бойынша алфавитке, емлеге біраз өзгерістер
енгізілді. Мәселен, қысқа у-ды таңбалайтын "v" өз мағынасын
өзгертіп, қазіргі "в" әрпін таңбалайтын болады. Қосар-дара "ұу,
үу, у, ый, ій, й" әріптері кездесетін сөздерде осы он әріптің
орнына тек 2 әріп "и, і" алынды да оқу-жазуды недәуір
жеңілдетті. Мысалы: Бійғалій - Биғали, інстійтұут -
институт, теорійа - теория, қыйқұу - қиқу, көрүу - көру боп
жазылатын болды.
Дегенмен термин сөздерді дұрыс жазу үшін алфавитте ц, ч, щ,
э, ю, я т.б. әріп таңбаларының жоқтығы, орыс тілінде термин
сөздер бір түрлі, қазақ тілінде бір басқа боп жазылуы балалардың
сауат ашуына, оларды дұрыс жазып, айтуына, орыс тілін
үйренуге үлкен кедергі болады, латын жазуын сақтап, осы
әріптерді оған қосу негізсіз, сондықтан қазақ халқы басқа да түркі
халықтарымен бірге орыс графикасын алғаны жөн деген
мемлекет тарапынан жасалған ұсыныстан соң мерзімді баспасөз
беттерінде жобалар жарияланды. 1940 жылдан бастап Қазақстан
орыс графикасына негізделген жаңа алфавитке көшті. Бұл
алфавитте 42 әріп таңбалары болды, олардың 33-і орыс
алфавитінен алынды, ал 9-ы - қазақ тілінің өзіне тән дыбыстарын
таңбалайтын әріптер. 1957 жылғы орфографиялық конференцияға
дейін бұл әріптер алфавиттің соңында, орыс таңбаларынан кейін,
беріліп келді.
1940 жылдары қазақ жазуы орыс графикасына негізделген
алфавитке көшкеннен кейін, орыс тілінен және шеттен кірген
басқа да халықаралық сөздер орыс тіліндегідей таңбаланып
жазылатын болды.
Сонымен, айналдырған жиырма шақты жылдың ішінде
алфавитті 3 рет өзгерту /араб, латын, орыс/ әдеби тіліміздің
дамуын тежегені сөзсіз.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
152
Кейінгі жылдары кейбір түркі тілді республикалары латын
графикасына көшті, біздің ғалымдарымыздың арасында араб,
көне түркі әліпбиіне, латын жазуына қайта көшу жайлы пікірлер
болды (Ә.Т.Қайдари, Ә.Жүнісбеков).
Достарыңызбен бөлісу: |