§4. Ғылым тілі мен стилінің дамуына кері әсер еткен
кейбір жағдаяттар
Соғыс жылдарындағы еліміздің батыс аудандарынан
Қазақстанға көптеген зауыт, фабрикаларды, әртүрлі кәсіпорындар
мен ғылыми зерттеу мекемелерін көшіру, соғыстан кейінгі
республикада жүргізілген бүкілодақтық құрылыстар салу,
ақырында тың, тыңайған жерлерді игеру науқаны кезінде орыс
тілді өзге ұлт өкілдерінің көптеп келуі Қазақстандағы
демографиялық ахуалды күрт өзгертіп жіберді. Мәселен, 1939
жылы бүкілодақтық санақта республика халқының 38 пайызын
құраған қазақ саны 1959 жылғы санақта 29,8 пайызға бір-ақ
кеміді, сөйтіп, ол өз Отанында азшылық болып қалды.
Осы өзгерістермен байланысты орысша оқытатын мектептер
саны жедел өсті. Соғыс кезінде Мәскеу, Ленинград сияқты ірі
ғылым орталықтарынан көшірілген ғылыми мекемелерде істейтін
атақты ғалымдар республикадан ғылым ошақтарын ашып, өз
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
188
ғылыми мектептерін қалыптастырып, ғылыми кадрлар даярлай
бастады. Ғылымға келген жас ғалымдар кейін Мәскеу,
Ленинград, Киев, Новосібір сияқты ғылыми орталықтардан
аспирантура бітіріп, өз жұмыстарын орыс тілінде жазып, сол
қалаларда қорғады. Сондықтан техника, жаратылыстану
ғылымдары салалары бойынша жазылған еңбектер түгелдей
орыс тілінде болды. Мұның өзі 1920-30 жылдары басталған
жоғарыдағы пәндерден ана тілінде оқулықтар жазу, ғылыми-
көпшілік әдебиеттер шығарудың тоқталуына әкеліп соқтырды.
Орта мектептің математика, физика, химия, биология пәндерінің
оқулықтары орыс тіліндегі оқулықтардың сапасыз аудармасы
ғана болды, тіпті тарих оқулықтарына дейін орыс мектебі
оқулықтарын қайталады, онда Қазақстан туралы, қазақ халқы
туралы мардымды ештеңе айтылмады. Ал жоғары мектеп
оқулықтарының көпшілігі тек орыс тілінде ғана болатын.
1946 жылы Республика Ғылым Академиясы ашылып,
ғылыми-зерттеу мекемелерінің саны көбейгенімен, тіл және
әдебиет, тарих сияқты бірер институт болмаса, басқаларында
ғылыми-зерттеу жұмыстары түгелдей орыс тілінде жүргізілді.
1960-70 жылдары ғылымға келген жастардың көпшілігі мектепті
орысша бітіргендер еді, олар аспирантура, докторантураларды
Мәскеу, Ленинград, Киев, Новосібір сияқты қалаларда бітіріп,
сондағы ғалымдардың жетекшілігімен диссертация қорғады,
ғылыми жұмыс жүргізді. Оның үстіне жоғары аттестациялық
комиссия тарапынан диссертациялардың орыс тілінде жазылуы
талап етілуі де ана тілінде ғылым тілінің дамуына кері әсерін
тигізді. Жаратылыстану, техника, медицина ғылымдары өз
алдына, қоғамдық ғылымдар, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті
мамандарынан да диссертацияның орыс тілінде жазылуы талап
етілді.
М. Әуезов әдеби тілді үнемі жетілдіріп отыруда әртүрлі жаңа
атаулар мен терминдердің дұрыс қалыптасуына көп көңіл бөлу
қажеттігін өзінің ғылыми жұмыстарында айтып отырған.
Қажеттігін кезінде былай көрсеткен: «Қазақ-совет әдебиет тілі
баю үшін бүгінгі сан-сала ғылымда еңбек етіп жүрген қазақ
ғалымдары өздерінің еңбектерін орыс тілімен қатар, қазақ тілінде
де түсінікті, көркем етіп жазып, бастыратын болуы шарт...
Жұртшылыққа қазақтан шыққан инженерлер, дәрігерлер,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
189
биологтар, математиктер өз еңбектерін өз халқы тілінде жазып
таратпауын немен ақтауға болады?»
Ал біздің бүгінгі әдебиет тіліміз байығанда, сол ғылым,
техниканың бар саласындағы ұғым, түсініктер, атаулар мол-
молынан кіретіндіктен байиды дейміз. Ендеше сол сөздерді, сол
ғылымдарға
байланысты
тіл,
орам
шеберліктері,
осы
ғылымдардың өз мамандарынан артық, қазақ тілінде айтып бере
алатын шеберлерді, қайраткерлерді бір жақтан қарызға сұрап
аламыз ба? ...Олай болса, қазақтан шыққан тарихшылар ...қазақ
халқына өз тілдерінде ...еңбектерін жазбауға бола ма? Қайта
олардың кейбір диссертациялық еңбектерін, ең алдымен, қазақ
тілінде жазуды шарт етіп қою да, анық орынды орайлы шараның
бірі болар еді (
Қазақ әдебиеті туралы // Әдебиет және искусство
журналы, 1954,№4).
Ұлт тілін, әдебиетін, тарихын зерттеуші ғалымдардың өзі
одақ көлемінде “танымал” болу үшін өз кітаптары мен
монографияларын орыс тілінде жазуды әдетке айналдырды.
Мәселен, 1971 жылы “Ғылым” баспасынан жарық көрген 101
кітаптың тек 5-і ғана қазақ тілінде жазылыпты. Бұл жағдай он
жыл өткенде (1981 ж) сол күйінде қалған екен. 1981 жылғы баспа
жоспарына 160 кітап енгізілген болса, соның тек 15-і ғана қазақ
тілінде екен, олар да, негізінен, тіл мен әдебиеттен.
Республикадағы ғылыми әдебиеттерді басып шығаратын
баспаның атауы да 1980 жылдардың аяғына дейін “Наука”
аталып
келеді.
Академияның,
оның
бөлімшелері
мен
институттарының әртүрлі дәрежедегі жиналыстары орыс тілінде
өтетін.
1960-70 жылдардағы сөздіктердегі ұлттық және шетелдік
сөздер үлесін салыстыра зерттеген жас ғалым С.Н. Жетпісов
химия-металлургия саласының 90 пайызы, математика
саласының 80 пайызы шетелдік сөздерден тұратынын жазды.
Бұл жайт жаратылыстану, техника салаларымен ғана шектеліп
қалмай, сол кезге дейін қолданылып келген төл сөздер жетіп-
артыларлық ондаған кәсіптік салалар мен қоғамдық ғылымдарға
да толық түрде қатысты болды.
Мұның бәрі айналып келгенде, қазақ әдеби тілінің ғылыми
стилінің дамуын бірнеше ондаған жылға тежегені мәлім.
Ұлт тілінде ғылыми стильді қалыптастырудың, дамытудың
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
190
басты жолы – ұлт тілі негізінде терминдер жасау, бір кездері
ойланбастан алынып кеткен орыс тілінен не орыс тілі арқылы
енген терминдердің қазақша баламаларын табу.
Бұл тұрғыда Ахмет Байтұрсынұлы бастаған қазақ
зиялыларының 1920-30 жылдардағы ұлт тілінде ғылым
терминдерін қалыптастырудағы сіңірген еңбектері ұшан-теңіз
екені белгілі. Алайда, өкінішке орай, 1940-шы жылдардан бастап
бұл үрдіс өз жалғасын таппады, керісінше, сол жылдардағы
қазақша баламасы табылған көптеген терминдердің орысша
варианттары қайтадан қалпына келтірілді.
Бұған себеп болған жағдай, біріншіден, ұлт тілдеріндегі
термин
қабылдау
проблемасын
орталықтағы
түрколог
мамандардың өз бақылауларына алып, ұлт тілінде термин
жасауға ұмтылушылықты “пуристік құбылыс” деп айыптауында
болса, екіншіден, республикадағы техника, жаратылыстану,
математика саласындағы мамандардың көпшілігі кезінде орыс
мектебін, орысша жоғары мектеп бітіргендер болғандықтан және
өз еңбектерін орыс тілінде жазғандықтан, қазақша термин
іздеуге мүдделі, аса ынталы болған жоқ. Ал қоғамдық өмірге
қатысты терминдерге келсек, мерзімді баспасөз беттеріне
орталықтан келіп түскен ресми материалдарды (қаулы-қарар,
үкімет, партия басшыларының сөздерін) табанда аударып басу
кезінде кездескен термин сөздердің қазақша баламаларын
іздестіріп, сараптап отыруға уақыттары да, мүмкіндіктері де
болмағандықтан, көп жағдайда сол орыс тіліндегі даяр күйінде
ала салуға мәжбүр болды.
Осы жағдайлар қазақ тіліндегі терминдердің арасалмағын
орыс тілі пайдасына түпкілікті өзгертіп жіберді. Академик
Ә.Қайдаровтың бұдан 10 жылдай бұрынғы шамамен есептеуі
бойынша, қазақ тіліне орыс тілінен не орыс тілі арқылы енген
интернационалдық терминдер 30 пайызын құрайды. Бұған,
мәселен, техника ғылымдары саласынан жасалған терминдік
сөздіктің дерегі толық дәлел бола алады.
1959 жылы жарық көрген “Металлургия өнеркәсібі
терминдерінің қазақша орысша-қазақша сөздігінің” алғашқы 50
бетін санағанымызда ондағы 1075 сөздің 233-і таза орыс тіліндегі
тұлғасында алынған да, 581-і орысша-қазақша аралас жасалған,
негізгі сөзі – орыс сөздері болып келеді. Мысалы, дайындау цехы
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
191
Достарыңызбен бөлісу: |