Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері



Pdf көрінісі
бет75/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

(заготовительный цех), бадиялап тиеу(загрузка бадейная), темір 
бетон (железный бетон), күміс амальгамасы (амальгама 
серебра) т.т.  Сондықтан бұларды да орысша терминдерге қосуға 
болады. Сонда шамамен 80 пайызы орысша терминдер де, қалған 
20 пайызы таза қазақша терминдер болып шығады.
Ғылым тілінің, ғылыми стильдің жағдайы осындай болса, 
ресми іс-қағаздары стилінің жағдайы бұдан да мүшкіл еді.
Қазақстандағы жоғарыда айтылған, 1950 жылдардан 
басталған демографиялық саясаттың әсері республикада іс 
қағаздарын 
жүргізуге 
де 
салқынын 
мықтап 
тигізді. 
Республиканың солтүстік, батыс, орталық облыстарына тың 
көтеру желеуімен келген орыс тілді тұрғындар үшін жеке-жеке
кеңшарлар ұйымдастырылып, ондағы мектептер мен мәдениет
ошақтары, кеңшар әкімшіліктеріндегі іс қағаздары орыс тілінде 
жүргізілді, олардың бағынышты аудандары мен облыстарындағы 
мекемелер түгелдей орысшаға көшті. 
Әрбір тілдің өзінің өмір сүретін әлеуметтік-демографиялық 
ортасы бар. Ол орта әлсіз болса, тілдің әрі қарай өмір сүруі 
неғайбіл. Кейбір жағдайларда екі тілдік орта қатар келсе, біреуі 
әлсірейді немесе жұтылып, мүлдем жоқ болып кетеді. Өткен 
тарихтан мұны дәлелдейтін көп мысал келтіре аламыз.
Мәселен, тың игеруге байланысты Қазақстанда орыс тілді 
аймақтар көбейіп, іс қағаздары орыс тілінде жүргізіле бастады. 
Балалар бақшасында, мектептерде тәрбие, оқу жұмысы орыс 
тілінде жүргізілді. 
Тың игеруге байланысты көптеген аймақтарда қазақтар
халықтың 9-10 пайызын құрайтын еді. Олардың шамамен 
жартысы өз тілін білмейді не шала біледі деп айтуға болады. 
Сондықтан ол жерлерде іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу
туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Тіпті негізінен жергілікті ұлт 
өкілдері тұратын аймақтарда 1960-80 жылдары ресми құжаттар
мен іс қағаздары біртіндеп орыс тіліне түгелдей көшіп болды. Іс 
қағаздары (анықтама, куәлік, хаттама, есеп-қисап т.т) қазақ 
тілінде жүргізілетін республика бойынша ондаған аудандар ғана 
қалды, олар да облысқа жазатын қатынас қағаздарын, тапсыратын 
есеп, мәліметтерін орысша тапсыруға тиісті болды. Жоғары 
орындардан (республика, облыс деңгейінен) шығатын қаулы-
қарарлар, жарлық-бұйрықтар, нұсқаулардың баршасы әуелі 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


192 
орысша даярланып, кейін қазақ тіліне аударылатын болды. 
Мұның өзі кейде аударманың сапасының нашарлығы салдарынан 
жеткілікті жерлерге түсінбейтіндей қасаңдап жететін еді
сондықтан көбіне көп орысша нұсқасы басшылыққа алынып 
жүрді. 
Сонымен, қазақ тілінде іс жүргізу жұмысы ХХ ғасырдың 
жиырмасыншы жылдары қолға алынса да, бұл шаруа
ашаршылық тәркілеу құғын-сүргін кезеңі, Ұлы Отан соғысы, тың 
игеру және де бастысы – орталықтан жүргізілетін орыстандыру 
саясатымен байланысты аяқсыз алды. Кейін, 1957 жылы 
республикада Министрлер Кеңесі қазақ тілінде іс жүргізу туралы 
шешім қабылдады. Алғашында бұл іс қызу қолға алынса да, 
солақай саясаттың ықпалы тиіп, бірте-бірте бәсеңси бастап, 
жетпісінші, сексенінші жылдары мүлде саябырсып қалды.
Тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына жиырма шақты 
жыл болып қалды. Қазақ тілі қоғамдық өміріміздің маңызы бар 
іске айналып отыр. Әлі күнге от басы, ошақ қасында, әулет 
арасында, әрі кетсе баспасөз, көркем әдебиет шеңберінде ғана 
қалған тіліміздің күрмеуі – ғылым, мәдениет, саяси-әлеуметтік, 
дипломатия саласында сөйлету, дамыту – қазіргі таңда 
алдымызда тұрған үлкен міндет. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Әдеби тілді байытудағы көркем әдебиет пен публицистикалық 
стильдердің орны 
2. Ғылыми стиль дамуындағы іркілістердің себебін түсіндіріңіз.
Реферат тақырыбы: 
1.ХХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ әдеби тілі 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


193 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет