95
Мәнмәтіндік оқытудың мынадай өзіндік ерекшеліктері бар. Ол
ерекшеліктер зерттеу жұмысымыз үшін маңызды болып табылады:
– студент белсенді іс-әрекеттік ұстанымды басшылыққа алады;
– болашақ бастауыш сынып мұғалімі тұлғалық
белсенділігінің әлеуеті
енеді;
– студент оқу ақпараттарын өзінің іс-әрекеттерін реттеп отыру құралы
ретінде қолдану тәжірибесін жинақтайды;
– білімді игеру болашақ
кәсіби іс-әрекет контексінде, яғни педагогикалық
үдерісте жүзеге асып, кәсіби дайындаудың мотивациялық компонентін
қалыптастырып, білім беру үдерісінің тұлғалық
мәнге ие болуына септігін
тигізеді;
– кәсіби дайындау үдерісінің ортасында – студенттің тұлғасы тұрады, және
оның шығармашылық жеке тұлғасының қалыптасуына аса мән беріледі.
Бұл зерттеу жұмысымызда инклюзивті білім беру жағдайында болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларын
қолдануға даярлау үдерісі студенттердің іс-әрекетінің екі басты формасына
сүйенетіні сөз етіледі. Олар:
Біріншіден, кәсіби іс-әрекетке дейінгі (кәсібиге дейінгі) форма –
аудиториялық сабақтарда әртүрлі педагогикалық жағдаяттарды құрастыру және
оның шешілу жолдарын талдау.
Достарыңызбен бөлісу: