Оралбекова алия курбановна



Pdf көрінісі
бет17/40
Дата07.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#48231
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Байланысты:
Disser Oralbekova (1)

-біріншіден, инклюзивті білім беру және АКТ туралы теориялық негіздерін 
білуі, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау іскерліктерін игеруі, 
АКТ құралдарын, қалыпты және ерекше білім беруге қажеттіліктер бар 
балалармен жұмыс жасауда компьютерлік бағдарламаларды қолдана алу 
іскерліктерінің болуы; 
-екіншіден, педагогикалық іс-әрекетіндегі көпқырлылық пен көппәнділік
және осыған байланысты көптеген ақпарат түрлерімен жұмыс жасау 
барысындағы пәнаралық қасиеттерінің түрлі технологияларын қолдану 
іскерлігіне ие болуы. 
-үшіншіден, инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімінің АКТ –ны қолдану даярлығының көпфункционалдылығы 
(коммуникативтік, 
дидактикалық, 
өтімдеушілік) 
мен 
тұлғаға 
– 
бағдарланғандығы;
-төртіншіден, инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш 
сынып мұғалімінің АКТ-ды қолдану барысында ерекше білім беруге 
қажеттіліктері бар балаларға деген рухани-адамгершілік, толеранттылық, 
оптимистік, ынталандырушылық сипатына ие қарым-қатынас жасау, АКТ 
құралдарымен жұмыс жасау барысындағы ақпараттық сауаттылық, мәдениет, 
қауіпсіздік және этикалық-эстетикалық шарттарын сақтау іскерліктеріне ие 
болуы. 
2011 жылы ЮНЕСКО арнайы білім берудің Еуропалық Агенттігімен 
бірлесе отырып «мүмкіндігі шектеулі жандар үшін білім берудегі АКТ» туралы 
түрлі инновациялық тәжірибелерге шолу жасады. Бұл талдамалық шолу «Білім 
берудегі АКТ – озық тәжірибе» атты тақырыппен жарияланды.Онда әлемнің 
түкпір-түкпірінен және Еуропа, Азия, Латын Америка, ТМД мен Балтық 
елдерін қосып алғанда әр түрлі оқу мекемелерінде білім алатын мүмкіндігі 
шектеулі жандардың АКТ құралдарын пайдалану үлгілері көрсетілген. 
Сонымен қатар онда инклюзивті білім беру жүйесін оңтайландыру 
жолдарының бірі – ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдану 
арқылы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқыту барысында 
едәуір жоғары жетістіктерге жеткен тәжірибесін айқындады.Бұл мәселені 
зерттеу 
үшін, 
алдымен 
білім 
беруді 
ақпараттандыру 
ұғымын 
қарастырайық[161]. 
Білім 
беруді 
ақпараттандыру, 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды пайдалану жолдарын негіз етіп өз еңбектерінде қарастырған 
Б.С.Гершунский, компьютерді білім беру үдерісіне енгізудің негізгі 
бағыттарын: компьютерді зерттеу, оқу нысаны мен оқыту; педагогикалық 
басқару 
жүйесінің 
құрылымдық 
бөлігі 
мен 
ғылыми-педагогикалық 
зерттеулердің тиімділігін арттыру құралдары деп тұжырымдайды [162]. 
И.В.Роберттің пікірінше білім беруді ақпараттандыру дегеніміз - бұл 
мақсатқа бағдарланып ұйымдастырылған білім беру сферасын әдіснамалық, 
технологиялық жәнеғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік бағдарламалық-
технологиялық 
әзірлемелерді 
дайындау 
барысында 
ақпараттық-
коммуникациялық 
технологиялардың 
мүмкіндіктерін 
жүзеге 
асыруға 


75 
бағытталған тәжірибесін тиімді пайдалану үшін қамтамасыздандырылған 
үдеріс [157] деп есептеді. 
С.М.Кеңесбаев білім беруді ақпараттандыру – білім беру саласының 
теориясы мен практикасына ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-
жақты пайдалану оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық 
мақсаттарына жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкіндіктерін қолдану 
үрдісі» деп анықтама бере отырып, ол білім беруді ақпараттандыруда 
мұғалімнің жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, зерттеушілік 
іс-әрекетінің, мұғалімнің дайындық деңгейлерін жан-жақты қарастырады[42]. 
С.Т.Мұхамбетжанованың ойынша білім беруді ақпараттандырубұл білім 
беру жүйесінің барлық қызметтерінде ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны енгізу, оны пайдалану, білім берудегі ұлттық моделді дамыту, 
білім берудің сапасын арттыру және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-
педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында оның мүмкіндіктерін 
қолдану үдерісі деп түсіндірді [50]. 
Қазіргі білім беру стандартында бастауыш білім беру үдерісіндегі білім 
алушылардың ақпараттық сауаттылығына жетекші рөл беріліп жатқаны анық. 
Білім алушылардың оқу іс-әрекетінде ақпараттық сауаттылық маңызды. 
Осының негізінде бастауыш білім беруде білім алушылардың ақпараттық 
коммуникациялық құзіреттілігін қалыптастыру ең қажетті шарт болып 
табылады. 
Бұл еңбектерде педагогикалық іс-әрекетте ақпараттандырудың негізгі 
бағыттары, мұғалімдерді ақпаратпен қамтамасыз етудің оперативті жүйесі, 
ақпаратты қорды құрудың, сақтаудың және пайдаланудың, теориялық 
аспектілері сипатталған. 
Ғалым И.В.Роберттің пікірінше ақпараттық технология деп ақпаратты 
жинау, өңдеу, сақтау, таратудағы техникалық құралдар мен әдістердің 
жиынтығы, яғни әлеуметтік және техникалық басқару мүмкіндігін жетілдіру 
және адамдардың білімін кеңейтуде ақпаратты ұсыну деп көрсетеді [157]. 
Ш.У.Унгарбаеваның 
пікірінше 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар деп қазіргі оқыту технологиясын интерактивті бағдарламалық-
әдістемелік қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық 
байланыс құралдары мен әдістерінің жиынтығы деп өзінің анықтамасын береді
[163]. 
Э.Ф.Зеердің ойынша педагогикалық технологиялар дегеніміз бұл
педагогтың кәсіби іс-әрекетін және жоспарланған нәтиженің кепілділігін 
қамтамасыз ететін технологиялық процедуралардың жиынтығыдеп анықтайды. 
Э.Ф.Зеердің айтқанын жалғастыра келе, біз мұғалімнің кәсіби тұлғасы, 
оның даярлығымен байланысты мәселелер ерекше орын алатынын байқадық.
Мұғалімнің кәсіби беделінің негізгі бастауы оның білімділік, ғылымилық, 
әдістемелік даярлығы, сонымен қатар оның рухани-адамгершілік білімі болып 
табылатынын анықтадық. 
Инклюзивті білім беру жағдайында педагогика мен психология, медицина 
ғылымдары мен физиология бойынша мәселелерде білікті, зерттеушілік ақыл-


76 
ойы мен дарыны бар, жоғары мәдениетті, кез келген пәнді шеберлікпен игере 
алған, әрине, балаларды бір-бірінен ойы, денсаулығы мен мінез-құлқына қарай 
айырмашылығы бар болғанына қарамастан, жақсы көретін педагог айтарлық 
өте жоғары бағаланады.
Ғылыми әдебиеттерді талдай отырып, «даярлық», «даярлау», 
ұғымдарының белгілі бір нақты анықтамалары ашып көрсетілмеген. «Даярлау» 
ұғымы білім, білік, дағды, қызмет ретінде барлығын жан-жақты бірден қамти 
алады. 
П.П. Блонский білімді ғана емес, сонымен қатар өздігінен білім алу 
кұзіреттілігі қалыптасқан, ғылыми тану әдістерімен қаруланған мұғалім 
даярлауды талап еткен. Сонымен бірге болашақ мұғалім жақсы тәжірибемен 
қаруланған (өзін балалардың жұмыстарын ұйымдастырушы ретінде санайтын) 
жан-жақты болу қажеттілігін атап көрсеткен болатын [164]. 
Педагогтарды кәсіби даярлау мәселесін шешуге Қазақстандық ғалымдары 
өз үлестерін қосты.
Н.Д. Хмель болашақ мұғалімдердің даярлығын «мақсаттық, мазмұндық,
процессуалдық компоненттердің тұрақты бірлігі, себебі мамандықты меңгерген 
тұлға кәсіби мазмұндық, тұлғалық, процессуалдық аспектілермен байланысты 
болады» деп көрсетеді. Сонымен қатар ғалым педагогикалық үдерістің 
тұтастығы туралы білімнің негізінде мұғалімді кәсіби даярлауды қалыптастыру 
қажеттігін теориялық тұрғыдан айқындап берді. Сондай-ақ педагогикалық 
процесті басқару үшін мүғалімнің теориялық даярлығы маңызды екенін 
дәлелдеді. Оның пікірі бойынша, мұғалімге жалпыға бірдей қабылданған 
мәнде педагогикалық даярлық, сабақ беретін пәннің мазмұнын жақсы білу 
жеткіліксіз, оған қосымша мұғалімнің бойында педагогикалық үдерістің 
тұтастығын қамтамасыз ететін, алуан түрлі жағдайда іс-әрекет жасауға 
мүмкіндік беретін арнайы кәсіби қасиеттер болуы керек деді [43]. 
М.Сұлтанбек өзінің еңбегінде көптеген ғалымдардың зерттеулеріне талдау 
жасай келе, келесі алғышарттардың негізін анықтады: педагогикалық білім 
берудің мектеп өмірінен артта қалуын болдырмау үшін бастауыш мектеп 
мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке даярлау үдерісін алдын-ала нәтижелі 
практикаға бағыттау; бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке 
даярлауды іске асыратын кешенді бағдарламалар ұсыну; бастауыш мектеп 
мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке даярлаудың нормативті-құқықтық базасын 
заманауи талаптарға сәйкестендіру; бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-
әрекетке даярлауды қаржылық, материалдық, техникалық тұрғыдан қолдау
бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетке даярлауды ғылыми жолға 
қою арқылы еліміздің ғылыми-техникалық кешенін кіріктіру; бастауыш мектеп 
мұғалімдері кәсіби іс-әрекетке тұлғалық даяр болуы үшін студенттермен 
жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жаңа технологияларын заманауи 
әлеуметтік – экономикалық жағдайға сәйкестендіру[145] деп өзгермелі 
қоғамдағы жаңа формация мұғалімінің кейпін (рефлексивті, коммуникативті, 
әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық, ақпараттық жне т.б. құзіреттіліктерге 
ие) қалыптастыру үшін осындай алғышарттарды орындауды ұсынды.


77 
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлық мәселелерін 
зерттеген Қ.М.Нағымжанова өз еңбегінде бастауыш сынып мұғалімінің 
инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру үшін қажетті шарттарды айқындады. 
Оның ойынша мектептерде инновацияны енгізудің тиімділігі үшін мынадай 
жағдайлардың болуы шарт деп қарастырды: мектептерде жаңа ойлар мен 
шаралар жасай алатын білім беру мекемесінде шығармашылық қабілеті жоғары 
маманның болуы; білім беру мекемелерінің басшыларының инновацияны 
енгізудің құндылығын түсінуі; жұмысқа беделді әрі білікті мамандарды 
жұмылдыру; нақты жоспардың болуы және орындалуы[165]. 
С.Т.Мұхамбетжанованың көзқарасы бойынша болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін ауыл мектептерінде педагогикалық инновацияны пайдалануға 
даярлау дегеніміз – студенттердің аталған мәселеге тұрақты қызығушылығын, 
педагогикалық инновацияны пайдалану туралы теориялық білімдерін және 
оларды жүзеге асыру білігі мен дағдыларын қалыптастыратын педагогикалық 
ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, оқу-әдістемелік кешендерді, 
электрондық оқу құралдарын, әр алуан әдістер мен формаларды, 
технологияларды, интернет желісімен жұмыс жасау, интерактивті, 
мультимедиялық сабақтарды қамтамасыз ететін үдеріс деп түсіндірді[166]. 
К.М.Дурай Новакова педагогикалық қызметке даярлығын мынадай келесі 
компоненттер аясында қарастырады: 
 мотивациялық (кәсіби мәнді қажеттіліктер, педагогикалық іс-әрекет 
мотивациясы); 
 танымдық-бағалаушы (мамандықтың мазмұны жөніндегі және 
педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы жөніндегі кәсіби тапсырмаларды шешу 
жолдары туралы білімдер); 
 эмоционалды-еріктік (педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелеріне деген 
жауапкершілік 
сезімі; 
өзіндік 
бақылау 
мұмкіндіктердің 
орындалуы 
қалыптасатын әрекеттерді басқару қабілеті); 
 операциялық-әрекеттік (кәсіби тапсырмаларды орындау жолдары мен 
кәсіби білік, дағдыларды меңгеру); 
 мобилизациялық-бағыттылық (ақиқаттағы педагогикалық ситуацияларда 
өзінің жағдайын игеру жолы мен мүмкіндігі)[45]. 
Зерттеушінің пайымдауынша кәсіби даярлау мәселесі тұлғаның кәсіби 
қажеттіліктерінен туындайтын, педагогикалық іс-әрекетке итермелейтін 
мотивация, сонымен қатар мамандықтың мазмұны жөніндегі білімдер мен 
практикалық қабілеттері мен осы іс-әрекеттерді жасауға деген жауапкершілік 
сезімінің болуымен сипатталады деп санады. 
М.И.Дьяченко мен Л.А.Кандыбович сынды ғалымдар даярлықты әрекеттік 
тұрғысынан қарастыра отырып, оны маманның кәсіби іс-әрекетінің тиімді 
болудың шарты ретінде бөліп көрсетеді. Сонымен бірге кәсіби даярлықтың 
компоненттер мен психикалық құрылымдарының жиынтығы екендігін 
анықтайды: мотивациялық (міндеттерді орындауға жауапкершілік, борыш 
сезімі); бағыттылық (іс-әрекеттің ерекшеліктері мен шарттарын, оның жеке 
тұлғаға қоятын талаптарын білуі мен түсінуі); операциялық (іс-әрекет тәсілдері 


78 
мен жолдарын игеру, қажетті білім, білік және дағдылардың болуы); еріктілік 
(өзін-өзі бақылау, өзін-өзі жұмылдыра білу, өз әрекетін басқара алуы); 
бағалаушылық (өз даярлығына баға беруі)[167]. 
Ғалым С.Т.Жарбулова үздіксіз көп деңгейлі кәсіби педагогикалық білім 
беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді даярлаудың концептуалдық негізі деп 
маман даярлаудың көп аспектілі тұжырымдар жүйесінің дамушы және 
дамымалы білім жүйесінің инновациялық педагогикалық іс-әрекеттерінің 
нәтижелі табысқа бағдарланған өздігінен үздіксіз шығармашылықпен дамушы 
мұғалім моделін қарастырады [46]. 
М.З.Джанбубекованың өзінің пайымдауында болашақ бастауыш сынып 
мұғалімінің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлау мәселесін жаһандану 
жағдайында талдай келе, мамандыққа бейімделу, танымдық-кәсіби қызметте 
студенттің актуалдануы, студенттердің кәсіби іс-әрекетінің қалыптасуы
танымдық-қызметтік тәсілінің жүзеге асуы, студенттің педагогикалық зерттеу 
кезіндегі өзін-өзі шығармашылыққа баулу сияқты кезеңдермен айқындалады 
деп көрсетті. Ғалымның жан–жақты талдауынан, біз, болашақ мамандардың өз 
кәсібін әлеуметтік нормаларын түсінуінен, әлеуметтік үдеріс жасау арқылы 
өзінің кәсіби ортасын құрай алатын, содан соң қызмет жасауда өзін-өзі 
өзектендіретін, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын, шабыттана алатын 
педагогтың кейпін көруге болады[48]. 
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдаудан анықтағанымыздай 
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетке даярлығын 
ғылыми негіздеу, біріншіден болашақ мұғалімдерді даярлауды жетілдірудің 
педагогикалық негіздерін анықтап, ғылыми-теориялық анықтамасын қажет 
етуде. Екіншіден жоғары оқу орнында мұғалім даярлау мазмұны білім беру 
парадигмасының өзгеруіне байланысты «құзыр»,«құзіреттілік» ұғымдарымен 
толықтылырып, байланыстырылуда. 
«Құзыр» «құзіреттілік» ұғымдары 1960-1970 жылдары ғылыми аппаратқа 
енгізілуімен сипатталса, 1980-199 жылдары Дж. Равен «әлеуметтік құзыр» 
терминін енгізіп, бұл ұғымның адамның ынталанушылық қасиетімен 
байланыстырады. Ол құзіреттілікті когнитивтік, эмоционалдық және еріктік 
аспектілердің жеке тұлғаның іс-әрекеті және оның арнайы қабілеттілігі деп 
түсіндірді. Нақты іс-әрекет жасауда нақты пәндің аясында [168]. 
1993-1996 жылдардан бастап А.К.Маркова қазіргі заман педагогикасында 
мұғалімдердің даярлығын анықтау үшін кәсіби құзіреттілік деген ұғымды 
ендіреді, онда мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетіндегі теориялық және 
тәжірибелік бірлігін жүзеге асыруды және оның кәсібін сипаттайды [169]. 
А.К. Маркова кәсіби құзіреттіліктің түрлерін жан-жақты сипаттап, өзінің 
еңбектерінде құзіреттіліктің түрлерін былай зерделейді.
1.Арнайы, немесе әрекеттік кәсіби құзыреттілік әрекетті жоғарғы кәсіби
деңгейде меңгеруді сипаттайды. Ол тек арнайы білім ғана емес, сонымен бірге 
оны тәжірибеде қолдана алуды білдіреді.


79 
2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған 
кәсіби қарым-қатынас тәсілдері мен бірігіп кәсіби өзара әрекеттестікті қолдану 
жолдарын меңгеруді сипаттайды.
3. Тұлғалық кәсіби құзыреттілік өзін-өзі дамыту мен өз ойын білдіру 
әдістерін, кәсіби деформацияға қарсыласу құралдарын меңгеруді сипаттайды. 
Мұнда маманның өзі кәсіби әрекетін жоспарлау, өздігінен шешімдер қабылдау, 
мәселені көре алу қабілеті де кіреді.
4. Жеке кәсіби құзыреттілік өзін-өзі реттеу, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби 
қартаюға қарсы тұру, тұрақты кәсіби мотивациясының тәсілдерін меңгеруді 
сипаттайды [169]. 
Философияда (Д.Дьюи, К.Г.Юнг, П.Сорокин) кәсіби құзіреттілік деп 
қоршаған ортаға бейімделудің құралы ретінде қарастырады, өйткені кәсіп 
адамды өзінің кейпіне қарай жаратады, оның қызығушылықтарын, сенімдерін, 
талғамдарын, талпыныстарын, тілек-қалауларын анықтайды; бірдей кәсіби іс-
әрекетпен айналысатын тұлғалардың ұқсас жалпы қызығушылықтарын 
қалыптастырады деп өздерінің ойларын анықтаса, әлеуметтанушылар (Г. 
Спенсер, Э.Дюркгейм, М.Вебер) кәсіби құзіреттілікті кәсіби борыш, кәсіби 
парыз,адамның әлеуметтік мәртебесі оның өмір салты, кәсібі, білімінің бірлігі 
ретінде қалыптастырады деп түсіндіреді. Психологтар (Е.А. Климов, В.Д. 
Шадриков, К.К. Платонов) құзіреттілікті күнделікті өмірдің нақты 
жағдайларында пайда болған мәселелер мен проблемаларды тиімді шешуге 
көмек беретін арнайы қабілеттілік деп өз көзқарастарын нақтылайды, ал кәсіби 
құзіреттілікті белгілі бір кәсіптегі нақтыланған стандартты ұстану қабілеттілігі 
деп түсіндіреді. 
В.В.Краевский және А.В.Хуторскойдың еңбектерінде құзырлылықты 3 
түрлі қырлардан қарастырады: 1. Танымдылық, 2. Амалдық-технологиялық, 3. 
Тұлғалық. Яғни танымдылық аспектісі тұрғысынан мұғалімдер теориялық 
білімдерді игеру барысы болса, амалдық –технологиялық бұл мүғалімдердің 
практикалық тұрғыдан бағдарланған семинарлар, әдістемелік оқулар, іскерлік 
ойындар, және тренингтер т.б. ұйымдастыру формалары. Үшінші қыры 
бойынша тұлғалық аспектісі түрғысынан бұл мұғалімнің этикалық және 
әлеуметтік көзқарастары, оның тұлғалық ерекшеліктері[170, 179]. 
Мәскеу 
педагогикалық 
мемлекеттік 
университетінің 
профессоры 
Ю.А.Дмитриев өзінің еңбектерінде «студент-компьютер» және «студент-
компьютер-мұғалім»бұл жеке бағдарланған оқытуды жүзеге асыратын, 
заманауи тұлғалық білім беру парадигмасының ұстанымдарына бағдарланған, 
«адам-компьютер» екі жақты жүйесінің еркіндігі деп түсіндірді [40]. 
Америкалық Ғылым және білім беру мекемелерінің қауымдастықтары 
(АСRL) ақпараттық құзіреттілікті ақпараттарды анықтауда индивидуумға 
қажет қабілеттердің жиынтығы, яғни түрлі ақпараттарды тиімді қолдану мен 
бағалау, оларды таңдау қабілеттілігі деп анықтайды. 
Е.С.Полатөз зерттеулерінде компьютерді пайдалану арқылы білім беру 
жүйесін жетілдіру мәселесін бірнеше қырлардан қарастырып мынадай талдау 
жасайды:ақпараттық технологиялар бұл алдымен ақпараттың шексіз көптігі 


80 
мен оның аналитикалық тұрғыдан өңделуі арасындағы байланысты орнатады; 
ақпараттық технологиялар зерттеу іс-әрекетінің әмбебап құралы; ақпараттық 
технологияларды білім беру үдерісінде қолдану бүл білім алушылардың есте 
сақтау қабілетінің күшеюіне, академиялық білімдерінің жоғарылауына, ынта-
қызығушылықтарына әсер етіп, олардың өз жеке басының өзгеруіне, дамуына, 
креативті жұмыс жасауына, бірлестікте, ынтымақтастықта жұмыс жасауына 
көмек беретін құрал деп көрсетті [172]. 
Ғалым 
С.Т.Сиргебаева 
өзінің 
зерттеу 
жұмысында 
ақпараттық 
технологияларды оқыту үдерісінде қолдану туралы айтқан, оның зерттеу 
барысында анықталған ой тұжырымдарының бірі болып «Ақпараттық 
технология» дегеніміз компьютерлік технологияны қолдану арқылы қажетті 
мәліметтерді ала отырып студенттердің коммуникативті қабілеттері мен 
ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және ағылшын тіліндегі сөздік қоры 
мен ауызекі сөйлеуін дамытуға, грамматиканы сөйлесім арқылы меңгеруге 
бағытталған оқыту үдерісі деген анықтама береді [173]. 
Л.В.Нефедованың пікірінше қазіргі мектептің педагогикалық үдерісін 
компьютерлендірудеболашақ мұғалімнің дайындығын зерттей келе, оны 
мұғалім тұлғасының өзгерісін сипаттайтын, білім, білік дағдылардан 
жинақталған, іс-әрекет объектісін жетілдіруде компьютерлік техниканы 
кешенді түрде қолдана алатын, мұғалім кәсібінің дайындық нәтижесі мен 
аспектісі болып табылатын күрделі интегративті білім беру деп түсіндірді [57]. 
Қазақстандық зерттеуші С.Т.Мұхамбетжанованың ойынша ақпараттық-
коммуникациялық құзырлылылық – бұл жеке тұлғаның ақпараттық және 
телекоммуникациялық технологиялардың орасан зор мүмкіндіктерін қолдана 
отырып, мектеп пәндерін оқыту үдерісінде кәсіби міндеттерді сауатты түрде 
шешуге қабілеттілігі мен дайындығы [166]. 
Сонымен қатар педагогтың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы 
оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыруда және пәнді оқытудың сапасын 
арттыруда АКТ-ның мүмкіндіктерін қолдана білуін және пәннің сапалы 
тұлғалық-бағдарлы парадигмасын жүзеге асыруда өздерінің кәсіби іс-
әрекетінде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін
тиімді пайдалана білу деп анықтайды. 
С.З.Байхонованың ойынша мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі дегеніміз – 
ғылыми-теориялық, әдістемелік, психологиялық, педагогикалық дайындықты 
қоса санағанда, сонымен қатар кәсіби іскерліктер мен шығармашылық іс-әрекет 
іскерліктерін және жеке тұлғалық маңызға ие кәсіби сапалардың жиынтығынан 
құрылған интегративті сипаттама деп қарастырады [174]. 
Б.Т.Барсайдың зерттеуі бойынша бастауыш сынып мұғалімінің 
дидактикалық құзіреттілігі бастауышта оқытылатын барлық пәннің ғылыми 
негіздерін, мазмұнын, оларды оқытудың ортақ және кейбір пәндердің жеке 
ерекшелігіне 
байланысты 
әдістемелерін, 
оқытуда 
қолданылатын 
технологияларды толық меңгеруімен, сабақ үдерісінде дидактикалық 
талаптарды (оқытудың үстанымдары мен заңдылықтарын, оқыту формаларын, 


81 
құралдарын, нәтижені бағлай әдістерін т.б.) жүзеге асыруға қажетті білім, білік, 
дағдысының болуымен анықталатын кәсіби сапасы) [55]. 
Бастауыш сынып мұғалімдерінің АКТ құзіреттілігі – педагогте бар болуы 
тиіс деп күтілетін, бастауыш сыныптағы білім беруді АКТ қолдана отырып 
тиімді жобалауда, құруда, іске асыруда және мониторинг өткізуде, оның 
құрамында білім, білік, дағды, мотив, іс тәжірибесі кіріктірілген қасиет.
Н.А.Ершованың 
пікірінше, 
бастауыш 
сынып 
мұғалімінің 
АКТ 
құзыреттілігі дегеніміз – мұғалімнің мотивтелген тілегі, қалауы, оныңөз 
педагогикалы қызметінде жаңа ақпараттық технологияның көппәнді және 
копфункционалдықызметінде, 
ақпараттық 
және 
коммуникациялық 
мүмкіндіктерін тиімді қолдана білуі болып табылады[65]. 
Ал басқа ғалымдардың айтуынша, бастауыш сынып мұғалімінің 
инклюзивті білім беруде ақпараттық-коммуникациялық мәдениетті болуы - 
оның жалпы кәсіби-педагогикалық мәдениетінің бір құраушы бөлшегі. 
Мазмұны - мұғалімнің ақпараттық дүниетанымынан, тұлға ретінде 
қалыптасқан аксиосферасынан, ақпараттық-коммуникаицялық технологияны 
меңгер құзіретінен, кәсіби-педагогикалық құзыретінен құралады.
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзіреттілігі – 
әлеуметік сұранысқа сай заңды құбылыс, өйткені тұтынушылар жоғары 
деңгейде сапалы білім беру мектептерін таңдауға мүмкіндік алады, 
мұғалімдердің кәсіби біліктілігі – сол мектептің бәсекеге қабілеттілігінің
көрсеткіші, түлектердің білім сапасында, тәрбиесінде, жаңа ақпараттық 
технологияны меңгеруінде, олардың бойынан пәндік және түйінді 
құзіреттіліктердің көрініс табуында бір мектеп пен екінші мектеп арасында 
бәсекелестік болады. 
С.М.Кеңесбаевтің пікірінше жоғары оқу орны бітірушілер (педагог) 
келесілерді міндетті түрде білуі керек дейді: оқу процесінде компьютерлік 
техниканы 
қолдану 
мүмкіндіктерін, 
үйретуші 
және 
бақылаушы 
программаларды құру жолдары мен тәсілдерін, жоғары деңгейдегі 
бағдарламалау тілдерін [50]. Оның пайымдауынша болашақ мұғалімді 
дайындау барысында педагог маманы келесідей көзқарастар мен қағидаларды 
қалыптастырады деп білді. Олар: Оқу үдерісінде жаңа ақпараттық 
технологияны пайдаланудың мотивациялық-құндық қатысы, педагогикалық 
құрастырушы компонент, педагогтың жаңа ақпараттық технологияны 
пайдаланған жағдайындағы қызметін жоспарлай білуі, жаңа ақпараттық 
технологияны пайдалану жағдайындағы оқушылардың оқу –танымдық 
қызметін басқара білуімен сипатталатын ұйымдастырушылық компоненті; 
компьютер көмегімен оқыту кезінде оның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, 
оқушылардың жекеленген, топтық, ұжымдық қызметтерін ұйымдастыруды 
жандандыруы; жаңа ақпараттық технологияны пайдалану жағдайында
оқушылармен педагогикалық жұмысқа қатынасты орнататын қабілет – 
коммуникативті 
компонент; 
түрлі 
типтегі 
үйретуші 
бағдарламалар 
тапсырмаларын құрастырып оқушылар үшін түсініктілік дәрежесін талдау т.б. 
[42]. 


82 
Л.П.Әбішеваөзінің 
зерттеу 
еңбегінде 
студенттің 
оқу-іс-әрекетін 
дараландыру деп оқу процесі студенттердің мүмкіндігі, мүдделілігі және 
қажеттілігі түріндегі жеке ерекшеліктері мен білімділік деңгейі ескеріле 
отырып таңдалынатын жолы ретінде анықтады [51]. 
Э.Уайдуллақызының пікірінше ақпараттық құзіреттілік – әрбір адамның 
компьютермен тілдесе білуі және ақпараттық қоғамда ол туралы толыққанды 
түсінік болуы, ал мұғалімнің ақпараттық құзіреттілігі дегенімізі – 
педагогикалық қызметтің құралы ретінде есептеу техникасын қиындықсыз 
пайдалануға мүмкіндік беретін әдістер мен құралдарды пайдалануға мұмкіндік 
беретін білім мен дағдының деңгейі [63]. 
Ақпараттық-кәсіби құзіреттілік – бұл мұғалімдердің алдына қойған 
міндеттерді шешу мақсатында алынған ақпаратты сын көзбен бағалай, талдай, 
жүйелей және әрі тұжырымдай білуі, өз іс-әрекеттерінде, қандай да бір 
жағдайда алынған ақпараттарды саралай білу қабілеті, сондай ақ оқыту 
үдерісіні 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар 
мен 
әдістерді, 
құралдарды қолданып, ұйымдастыра алу білімі мен іс-әрекетін жобалау мен 
талдауда осы алған білім мен біліктілігін шығармашылық түрде қолдана алуы 
болып табылады [46]. 
А.Қ.Мошқаловөзінің ғылыми еңбегінде ақпараттық-коммникациялық 
технологияны пайдалану жөніндегі мақсаты: үйренушінің шығармашылық 
әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; 
сараптамалық зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдіниетін 
дамыту; оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның 
тиімділігі мен сапасын арттыру; қазіргі қоғамның ақпараттануымен 
байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру деп түсінеді 
[62]. 
Сонымен қатар оның ойынша студент білім алу барысында ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, берілген мәліметтерді 
толық меңгеруге, теориялық және эмпирикалық ойлауын шыңдауға, білім, 
білік, дағдысын дамытуға, қызығушылығын арттыруға мүмкіндік алады деп 
түсіндірді. 
К.Т.Мулдабекованың пікірінше болашақ мамандардың коммуникативтік 
құзіреттілігібұл теориялық білімін оқыту үдерісінде ақпарат беруде, 
қатысымдық тәжірибеде пайдалана білу белсенділігі, болашақта таңдаған 
мамандығына сәйкес кәсіби даярлығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін 
меңгеруде, қатысым жолдарын, ақпараттық технологияларды тиімді қолданып, 
өзінің даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету 
факторларын шеше алатын тұлғаның қасиеттер жиынтығы деген анықтама 
береді [61]. 
Г.Ж.Ниязова кәсіптік білім мамандығының студенттерінің ақпараттық 
технологиялар 
арқылы 
құзіреттілігін 
қалыптастыру 
үшін 
бірнеше 
дидактикалық шарттарды қарастырды. Олар: оқытуда пайдаланылатын 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың материалдарын сұрыптап 
таңдау; АКТ пайдаланып оқытылатын сабақ түрлерін дұрыс жүейлеу; 


83 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып оқыту барысында 
тиімді әдістерді қолдану; АКТ пайдаланып оқытуда қолданбалы бағдарламалар 
кешенін пайдалану; АКТ пайдалануға байланысты арнаулы дайындалған 
бағдарламаларды және әдістемелік нұсқауларды қолдану деп жан-жақты 
қарастырады [52]. 
Сеймур Пейперттіңойынша адамдар компьютерлік технологияларды 
пайдаланып, балаларға толыққанды білім беруді жүзеге асыруға болады деп 
сипаттады, ол «Санадағы өзгеріс» атты еңбегінде былай айтты: «Тілдерді 
меңгеру – бала үшін ең қызықты да еліктіргіш жаттығулардың бірі. Әрбір 
санасы толық бала сөйлеуге үйренеді. Неге ол компьютермен сөйлемеске? 
Балаларға компьютер қажет, өзінің интеллектуалдық тұрғыдан жоғарылату 
үшін, бір-бірімен қарым-қатынас жасау және қоғамның белсенді мүшесі болуы 
үшін». Ол бүкіл әлемге әйгілі Лого бағдарламалау тілін ұсынады. Бұл 
зерттеудің ең маңызды ерекшелігі психологиялық және физиологиялық 
жағынан әр түрлі деңгейде дамыған балаларды қамтыған, яғни мүмкіндігі 
шектеулі балалар үшін де арналған компьютерлік бағдарламалаудың тілі болып 
есептеледі. Пейперттің ойынша компьютерлік бағдарламалауды кіші мектеп 
жасындағы балалар тіпті мектепке дейінгі жасындағы балалар да меңгере алады 
деді. 
Инклюзивті білім беруді дамытудағы басты бағыт - дамудағы ауытқуларға 
ерте араласу - жеткіліксіз дамуда екенін көру. Болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерінің 
ақпараттық-коммникациялық 
технологияларды 
қолдана 
отырып, кіші мектеп жасындағы балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға 
да тең мүмкіндік жасай отырып, компьютерлік технологиялар арқылы білім 
беру мен оқыту үдерісін жүзеге асырудың мүмкіндіктерін қарастыруды жөн 
көрдік[175]. 
Бүлдіршін жастағы балаларды түзету-педагогикалық көмекпен қамтудың 
төмендігі дамуында ауытқуы бар балаларды оңалтудың тиімділігіне кері әсерін 
тигізіп отыр. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды сүйемелдеу бойынша 
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін (ППТК) ашу қажеттілігі 54 
бірлікті құрайды. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің ерте 
және мектеп жасына дейінгі балаларды түзету көмегімен қамтуы жеткіліксіз 
(10-нан 40 %-ға дейін). 
Әлемде ең соңғы зерттеулер көрсеткендей 186 миллионнан астам 
мүмкіндігі шектеулі балалар бастауыш мектепті аяқтамаған. Осыған 
байланысты білім беру тұрғысынан алып қарағанда әлемдегі ең қысымы 
жоғары топ бұл кіші мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балалар болып 
табылады. Мыңжылдық Декларациясында 2015 жылға қарай барлық мүмкіндігі 
шектеулі балаларды бастауыш білім берумен қамтамасыздандыру мақсаты 
қойылып тұр.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 
жылғы Стратегиялық жоспарында мынадай мәліметтер бар: «Мұғалімдердің 
төмен сапасының құрамы: барлық педагогтердің санынан алғанда жоғары 
біліктілікке ие педагогтар 16,3 %, бірінші біліктілік категориясына ие - 31 %. 


84 
Әрбір бесінші мұғалімнің жасы 50-де және одан жоғары. Барлық
педагогтардың беру тұрғысынан алып қарағанда әлемдегі ең қысымы жоғары 
топ бұл кіші мектеп жасындағы санынан есептегенде 12,8 % педагогикалық 
стажы 3 жылдан асады екен. Ал жас мамандармен жылдық толықтырулар 
барлық педагогтар санынан алғанда тек 3,3 % құрайды екен. Сонымен қатар 
12кестедемектептегі білім берудің сапалы қызметтерін ұсыну туралы 
мәліметтер жинақталған [176] (12-кесте). 
Кесте 12 - 1.2.1-міндет мектептегі білім берудің сапалы қызметтерін ұсыну 
Тікелей 
нәтижелер 
көрсеткіштері 
Ақпарат 
көзі 
Өлш
ем 
бірл
ігі 
Есептік кезеңде 
Жоспарлыкезеңде 
2012 
жыл 
(есеп) 
2013 
жыл 
(есеп) 
2014 
жыл 
2015 
жыл 
2016 
жыл 
2017 
жыл 
2018 
жыл 









10 
Инклюзивті 
білім беру үшін 
ұсынылған 
балалардың 
жалпы 
санынан 
инклюзивті 
білім 
беруменқамтылған
балалардыңүлесі 
Әкімшілі
к 
есеп 
деректері 

20,2 
23 
26 
30 
32 
35 
40 
Инклюзивтібілім 
беру 
үшінжағдайжасалғ
анмектептердіңүле
сі 
Әкімшілі
к 
есеп 
деректері 

19,7 
20 
22 
25 
27 
30 
35 
Даму 
мүмкіндіктері 
шектеулі 
балаларға 
мүмкіндік 
беру 
үшін 
«кедергісіз 
орта» жасалған 
мектептердің 
үлесі 
Әкімшілі
к 
есеп 
деректері 

23 
25 
27 
29 
31 
33 
35 
Психологиялық-
медициналық-
педагогикалық 
консультациялар 
(ПМПК) саны
Әкімшілі
к 
есеп 
деректері 
сан
ы 
56 
57 
62 
67 
72 
78 
82 
Инклюзивтік 
білім 
беруді 
жетілдіруге 
арналған 
ресурстық 
Әкімшілі
к 
есеп 
деректері 
сан
ы 






10 


85 
орталықтардың сан 
12 – кестенің жалғасы 









10 
Мектепкедейінгі
жәнежалпы орта 
білім 
беру 
ұйымдарының, 
жалпықосымшабі
лім 
беру 
ұйымдарыныңинк
люзивтікбілім 
беру 
саласындабілімін
жетілдіргенпедаг
огтерініңүлесі 
Әкімшіл
ік 
есеп 
деректер
і 



30 
50 
60 
80 
100 
Бұл кестеден, біз мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру 
ұйымдарының, жалпы қосымша білім беру ұйымдарының инклюзивті білім 
беру саласында білімін жетілдірген педагогтерінің үлесі2014 жылдан бастап 
20%-дан өсіп тұратынын көрдік.
Әрбір мемлекетте инклюзивті білім беру аясында білім беруді жетілдіру 
мақсатында педагогтардың кәсіби дайындығы мен дамуына үлкен назар 
аударатыны белгілі. Осында мамандырылған педагогты дайындау үшін 
педагогикалық білім беруді модернизациялау қажет. Сонымен бастауыш сынып 
мұғалімінің даярлығын арттыру үшін қандай білімдер мен құзіреттіліктер 
қажет?[177]. 
Осы мәселені жан-жақты қарастыру үшін, біз С.И.Сабельникованың 
жалпы білім беру орындарындағы педагогтардың инклюзивті білім беру 
жағдайында жұмыс жасау даярлығы туралы көзқарастарын талқыладық 
Оның пікірінше педагогтың тұлғалық және кәсіби тұрғыдан дайындау 
үшін төмендегі пихологиялық-педагогикалық білімдерді меңгеру керек екен:
–инклюзивті білім беру деген не екенін түсіну керек, оның дәстүрлі білім 
беру түрінен қандай айырмашылықтар бар екенін білу; 
–инклюзивті білім беру ортасында балалардың тұлғалық, жас 
ерекшеліктерінің дамуын, психологиялық заңдылықтарын білуі тиіс; 
–дамуында ауытқу бар және дамуында ауытқу жоқ балалардың бірлесе 
отырып оқыту үдерісін дидактикалық және психологиялық тұрғыдан жобалау 
әдістерін білу; 
–білім беру ортасының барлық субъектілерімен педагогикалықөзара іс-
әрекеттер жасау тәсілдерін жүзеге асыруды білу (басшылармен, мамандармен, 
мұғалімдермен, ата-аналармен, жеке және топтағы оқушылармен) [178]. 
Көптеген 
ғалымдардың 
еңбектерін 
талдай 
келе, 
бірқатар 
зерттеушілердің пікірлерін қолдап, олардың инклюзивті білім беру 
жағдайында 
болашақ 
мамандарды 
даярлау 
мәселесіне 
арналған
тұжырымдарын зерделедік (кесте-13). 


86 
Кесте 13 - Ғалымдардың еңбектеріндегі «инклюзивті білім беру 
жағдайындағы мұғалім даярлығы» ұғымының контент-талдауы. 
Авторлар 
Анықтамасы 
Дереккөздері 
И.Н.Хафизуллина 
Болашақ 
мұғалімнің 
инклюзивтік 
құзіреттілігі дегеніміз – бүл инклюзивті 
оқыту үдерісіндегі балалардың ерекше 
қажеттіліктерін ескере отырып, мүмкіндігі 
шектеулі балаларды жалпы білім беру 
ұйымдарына 
ендірілуін 
қамтамасыздандырып, оның дамуы мен 
өзін-өзі дамуына жағдай жасай отырып, 
кәсіби 
функцияларды 
жүзеге 
асыру 
қабілеттілігін шарттайтын интегративтік 
тұлғалық білім [20. с.8]. 
Формирование 
инклюзивной 
компетентности 
будущих учителей 
в 
процессе 
профессиональной 
подготовкит 
автореф. 
...канд.пед.наук. -
Астрахань, 2008. -
23 с. 
Ю.В.Шумиловская 
Инклюзивті 
білім 
беру 
жағдайында 
болашақ мұғалімнің білім алушылармен 
жұмыс жасау даярлығын мүмкіндігі 
шектеулі 
білім 
алушылардың 
ерекшеліктері 
туралы 
білімдердің 
жиынтығы мен осы білім алушылармен 
жұмыс жасау тәсілдері мен жолдарын 
игеру, сонымен қатар осы іс-әрекетке 
деген 
мотивациясын 
қалыпты 
етуін 
қамтамасыздандыру үшін қажетті жеке 
тұлғалық сапаларының қалыптасуы деп 
анықтады[23, б.9]. 
Подготовка будущего 
учителя к работе с 
учащимися в условиях 
инклюзивного 
образования 

автореферат... 
кандидата 
педагогических наук : 
13.00.08, Шуя, 2011, - 
175 с. : ил. 
Е.Г.Самарцева 
Педагогтың инклюзивті білім беруге 
кәсіби даярлығы – инклюзивті білім беруді 
нәтижелі жүзеге асырудың іргелі шарты, 
инклюзивті білім беруді іске асыруға 
бейімділігі мен қажеттілігі белсенді түрде 
болатын ұстанымдарымен сипатталатын, 
инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын 
арнайы білімдер, іскерліктер мен дағдылар 
ретінде 
көрінетін 
динамикалық, 
интегративті, кәсібитұлғалық білім [19, 
б.56]. 
Формирование 
профессиональной 
готовности 
будущих педагогов 
к 
инклюзивному 
образованию детей 
дошкольного 
возраста: автореф. 
… канд.пед.наук. - 
Шуя, 2011; - Орел, 
2012. - 195 с. 
С.А.Черкасова 
Инклюзивті 
білім 
беру 
жүйесіндегі 
болашақ 
педагог-психологтың 
психологиялық-педагогикалық даярлығы 
деп инклюзивті білім беру жүйесіндегі 
(мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларды 
бейімдеу жұмыс, мүмкіндігі шектеулі 
балалардың 
ата-аналарымен 
жұмыс, 
сынып жетекшісімен өзара әрекеттесу 
жұмысы) денсаулығында ерекшеліктері 
бар балаларды психологиялық- 
Формирование 
психолого-
педагогической 
готовности 
будущих педагогв-
психологов 
к 
работе в системе 
инклюзивного 
образования. 
Автореферат...дисс. 
13- кестенің жалғасы 


87 



педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру 
үшін 
тұлғаның 
кәсіби 
маңызды 
сапаларының 
жүйесі, 
әлеуметтік 
ұстанымы, мотивациясы, когнициясы [25, 
б.8] 
канд.пед.наук, 
Москва, 2012. – 24 
с. 
Е.Л.Норкина 
Педагог-дефектологты кәсіби іс-әрекеттегі 
компьютерлік технологияларды оқытуға 
қолдануға 
даярлау 
дегеніміз 
бұл 
компьютерлік 
техника 
телекоммуникациялық 
байланыстар, 
интербелсенді бағдарламалық өнімдер 
негізінде кәсіби міндеттерді шешудің 
ғылыми және тәжірибелік негіздерін 
меңгеру мен оларды қолдану даярлығын 
қалыптастыру [76, б.35]. 
Подготовка 
будущих 
педагогов-
дефектологов 
к 
использованию 
компьютерных 
технологий
обучения 
в 
профессиональной 
деятельности. 
Дисс... 
канд.пед.наук, 
Йошкар-Ала. 
– 
2012. – 194 с. 
З.А.Мовкебаева 
барлық балалардың және мүмкіндігі 
шектеулі балалардың жалпы және әртүрлі 
білім 
беру 
мұқтаждықтарының 
қолжетімділігі мен бейімделуін білдіреді. 
[27, б.6] 
Вопросы 
подготовки 
педагогических 
кадров 
в 
Республике 
Казахстан к работе 
в 
условиях 
инклюзивного 
образования 
// 
Педагогика 
и 
психология. - 2012. 
- № 2. - С. 6 
И.А.Оралканова 
Мұғалімдердің инклюзивті білім беру 
жағдайында жұмысқа даярлығы деп 
инклюзивті білім беру талаптарын есепке 
ала 
отырып 
оқу-тәрбие 
үдерісін 
ұйымдастыруда кәсіби әрекетті жоғары 
мотивациялық-құндылықтық 
деңгейде 
орындауға мүмкіндік беретін үйлесімді 
өзара әрекеттесуші, өзара толықтырушы 
психологиялық және кәсіби сапалардың 
кешені ретінде айқындайды [28, б.40] 
Формирование 
готовности 
учителей 
начальных классов 
к работе в условиях 
инклюзивного 
образования: дис. 
... докт.философии 
(PhD). – Алматы, 
2014. – 210 с. 
Н.А.Пронина 
Инклюзивті білім беру жағдайындағы 
білім алушылармен жұмыс жасауындағы 
болашақ 
мұғалімнің 
даярлығы 
деп 
денсаулығында мүмкіндігі шектеулі білім 
алушылардың 
ерекшеліктері 
туралы 
білімдер мен түсініктердің жиынтығы, 
инклюзивті білім беру жағдайында 
Подготовка 
будущих учителей 
к 
работе 
в 
инклюзивной среде
на 
примере 
дисциплин 
психологического
13- кестенің жалғасы 


88 



осындай оқушылармен жұмыс жасау 
тәсілдері мен амалдарын меңгерген, 
сонымен 
қатар 
осы 
іс-әрекетті 
қамтамасыздандыратын 
тұрақты 
мотивациясы мне белгілі бір тұлғалық 
сапаларын қалыптастырған [179, б.39]. 
цикла. 
Ежемесячный 
научный 
журнал 
«Молодой учёный»
. № 7 (66) . Май, 
2014 - С.290 
В.В.Хитрюк 
Педагогтың инклюзивтік даярлығы деп-
кәсіби педагогикалық іс-әрекет субъектінің
интегралды сапасы және оның кәсіби 
даярлығының 
құрамды 
бөлігі,
құзіреттіліктер кешенінің мазмұнында 
көрініс табатын және кәсіптік таңдау мен 
бағыттылығын анықтайтын инклюзивті 
білім 
беру 
жағдайындағы 
кәсіби 
педагогикалық 
іс-әрекетінің 
әдістері,
коммуникативтік және мінез-құлықтық 
стратегиялары [24, б.13]. 
Формирование 
инклюзивной 
готовности 
будущих педагогов 
в 
условиях 
высшего 
образования. 
Автореферат...д-
ра.пед.наук., 
Калининград, 2015. 
– 54 стр. 
О.С.Кузьмина 
Инклюзивті 
білім 
беру 
жағдайында 
педагогтардың жұмыс жасау даярлығы 
дегеніміз 
бұл 
гуманистік 
идеялары 
жетілдіру 
мен 
педагогикалық 
құндылықтарды 
қалыптастыруда
педагогтардың 
үздіксіз 
және 
тұлғаландырылыған кәсіби құзіреттіліктін 
даму 
үрдісі, 
осының 
нәтижесінде 
инклюзивті білім беру аясында кәсіби 
мәселелерді 
шешу 
қабілеттілігі 
қалыптасады деп тұжырым жасайды [22, 
б.9]. 
Подготовка педагогов 
к работе в условиях 
инклюзивного 
образования 

автореферат 
... 
кандидата 
педагогических наук : 
13.00.08, Омск, 2015, - 
319 с. 
 
Сонымен жоғарыдағы контент-талдау көрсеткендей, инклюзивті білім беру 
жағдайында болашақ мамандардың мәселесі жан-жақты қарастырылғанын 
көрдік. Оның ең негізгі анықтамаларына тоқталсақ Е.Г.Самарцеваның 
педагогтың инклюзивті білім беруге кәсіби даярлығы – инклюзивті білім беруді 
нәтижелі жүзеге асырудың іргелі шарты, инклюзивті білім беруді іске асыруға 
бейімділігі мен қажеттілігі белсенді түрде болатын ұстанымдарымен 
сипатталатын, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын арнайы білімдер, 
іскерліктер мен дағдылар ретінде көрінетін динамикалық, интегративті, кәсіби 
тұлғалық білім. 
Ю.В.Шумиловскаяның пікірінше инклюзивті білім беру жағдайында 
болашақ мұғалімнің білім алушылармен жұмыс жасау даярлығын мүмкіндігі 
шектеулі білім алушылардың ерекшеліктері туралы білімдердің жиынтығы мен 
осы білім алушылармен жұмыс жасау тәсілдері мен жолдарын игеру, сонымен 
қатаросы іс-әрекетке деген мотивациясын қалыпты етуін қамтамасыздандыру 
үшін қажетті жеке тұлғалық сапаларының қалыптасуы деген тұжырымдарын 
ерекше атап айтуға болады. 


89 
Ең алдымен зерттеушілер мен мамандардың көмегімен қазіргі заманға сай 
мемлекетіміздің кадрлық саясатының талаптарына жауап беретін инклюзивті 
білім ортасының педагогтарын дайындау мәселесі анықталып отыр. 
Инклюзивті білім беруді жүзеге асырып жатқан барлық қызметтер саласына 
қажет 
педагогикалық 
кадрларды 
дамыту 
мен 
дайындаудың жаңа 
механизмдердің тенденцияларын тәжірибеге ендіру. Инклюзивті білім беру –
бұл болашаққа бастайтын тамаша жол, онда барлығы білім алып, өзіне және 
қоғамға пайда келтіріп, білімнің арқасында өмірдің жаңа сапасына көтеріліп, 
қарапайым өмірде білімін қолданып, өзінің армандарын іске асырады, бүкіл 
әлемге, айнала қоршаған адамдарға, өзі сияқты жандарға қол ұшын беріп, өз 
үлесін қосады. 
С.Л.Мищенконың ойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кіші 
мектеп жасындағы оқушыларды оқытуда ақпараттық технологияларды 
қолданудың кәсіби даярлығы дегеніміз мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетін кіші 
мектеп жасындағы оқушылармен арнайы таңдалған дидактикалық тұрғыдан 
өңделген оқу бағдарламасының материалдарды компьютердің көмегімен іске 
асыру қабілеттілігі. 
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру тәжірибесін
алғашқылардың бірі болып ендірген және құқықтық-нормалардың негіздерін 
салған профессор Р.А.Сулейменова болды[26].Осы идеяны ары қарай 
дамытқан, және инклюзивті білім беру жағдайында педагогикалық кадрларды 
дайындау мәселесімен айналысқан зерттеушілердің бірі З.А.Мовкебаева 
болды[27]. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру 
мектебінің оқу үдерісіне кіріктірудің ұймдастырушылық-педагогикасының 
ғылыми-әдістемелік аспектілерін айқындаған ғалым А.А.Байтурсынова болды 
[81].ҚР БжҒМ 2006-2008 жж. бекіткен ғылыми жобалардың аясында 
А.К.Кусаинов бастаған бірқатар ұжым авторларымен (А.Х.Аргынов, 
П.Ш.Маханова, С.С.Оразахынова)бірлесе отырып «Инклюзивті білім беру 
аясында ересектерді кәсіби тұрғыдан оқытуды ұйымдастырудың ғылыми-
әдістемелік негіздерінің әзірлемесі» тақырыбында зерттеу жұмысы жүргізілді 
[180].2013 жылы «СОРОС Казахстан» жобасының аясында бірқатар авторлық 
ұжым бірлесе отырып [181]. 
З.А.Мовкебаева өз зерттеулерінде болашақ педагогтарда дамуы бұзылған 
әрбір баланың мүмкіндіктері мен арнайы ерекшеліктеріне сәйкес мектеп 
пәндерінің бағдарламалық мазмұны мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру 
стандарттарының 
талаптарын 
бейімдеу; 
жекеленген 
оқытуды 
ұйымдастыруда және бағалау критерийлерін таңдауда нақты әдістерді қолдану; 
дамуы қалыпты балалармен және басқалармен нәтижелі тұлғааралық қарым-
қатынасты орнату; даму мүмкіндігі шектеулі балаларды нәтижелі оқыту мен 
дамытуды қамтамасыз ететін дидактикалықматериалдарды жасау бойынша 
кәсіби біліктілікті қалыптастыру қажеттілігін алға тартады [27]. 
И.А.Оралканованың пікірінше, инклюзивті білім берудің құндылығын 
саналы түсінумен сипатталады. Бұл компоненттің көрсеткіштері: 1) инклюзивті 
білім беру идеясын құндылық ретінде қабылдау; 2) даму мүмкіндігі шектеулі 


90 
балалардың тең құқықтығын мойындау және балаларды құндылық ретінде 
қабылдау; 3) инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін өзін-өзі 
дамытуға және оқуға дайындығы. И.А.Оралканова өзінің бастауыш сынып 
мұғалімдерінің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығын 
қалыптастыруға 
арналған 
диссертациялық 
зерттеуінде 
мұғалімдердің 
инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығын қалыптастырудың 
келесі компоненттерін, критерий мен деңгейлерін бөліп көрсетіп, сипаттайды: 
адаптивті, репродуктивті, оптималды [28]. 
Отандық және шетелдік тәжірибелерге талдау жүргізе отырып, біз 
инклюзивті 
білім 
беру 
аясындағы 
педагогтардың 
құзіреттіліктерін 
айқындайтын кәсіби көрсеткіштердің тобын жасадық:
–инклюзивті білім беру аясындағы теориялық білімдердің нормативтік-
құқықтық негіздері;
–инклюзивті білім беру жағдайындағы тәрбиелеу мен оқыту үдерісін 
құрудың ерекшеліктерін білу; 
–инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың тәжірибеде қолдану негіздерін білу; 
–мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарымен бір-бірімен 
өзара әрекеттесу және барлық субъектілермен қарым-қатынастарын дұрыс 
құруды білу;
–дамуында ауытқуы бар балалар үшін және дамуында ауытқуы жоқ 
балалар үшін психология, дефектология, психологиялық заңдылықтардың 
теориялық және әдістемелік негіздерін білу;
–инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды 
тәрбиелеу, дамыту, оқыту мәселерінде кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру
–білім беру үдерісінде этикалық нормаларды сақтау, «кедергісіз» орта 
құру, рухани-адамгершілік қасиеттерін таныту[182]. 
Жоғарыдағы айтылған теориялық ой-түйіндемелерді зерделей келе, біз, 
зерттеу тақырыбымыз бойынша, инклюзивті білім беруде болашақ бастауыш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет