«Вітчизняна наука: сучасний стан, актуальні проблеми та перспективи розвитку»



Pdf көрінісі
бет40/75
Дата13.02.2017
өлшемі5 Mb.
#4069
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75

 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
 
1. 
Жарықбаев Қ. «Психология». Алматы, Бiлiм. 1993.
 
2. 
Ибраева Г.Б. «Сөзжұмбақтар сыры». Астана, 1999.
 
3. 
Қоянбаев Ж.Б. «Педагогика». Алматы, Рауан 1992.
 
4. 
«Өзіндік таным». №
 2, 2007 
№ 5
-6 2006 
ж.
 
 
 
Сауле Тағаева
 
(Тараз қаласы, Казахстан)
 
 
ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ –
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
 
 
Әрбір ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы мұрат  –
 
міндеттерінің ең бастысы 
өзінің  ісін,  өмірін  жалғастыратын  салауатты,  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.  Болашақ  қоғам  иелерін  жан
-
жақты  жетілген,  ақыл  –
 
парасаты  мол,  мәдени  –
 
ғылыми  өресі  озық  азамат  етіп  тәрбиелеу  аға 
буынның  қоғам  алдындағы  зор  борышы.  Ал  жастарды  жан
-
жақты
 
қабілетті  азамат  етіп  өсіруде 
халықтық салт
-
дәстүрлердің тәлім
-
тәрбиелік білім танымдық ролі орасан зор.
 
Қазақ халқы –
 
рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата
-
бабаларымыздың күмбірлеген күміс 
күйі,  сыбызғы  –
 
сырнайының  үні,  асқақтата  салған  әсем  әні,  ғашықтық  жырлары,  мақал
-
мәтел, 
шешендік сөз айтыс өлеңдері, сан ғасыр бойы өз ұрпағын «Сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі де өнерлі, 
адамгершілік  ар
-
ожданы  жоғары,  намысқой  азамат  етіп  тәрбиелеп  келгені  тарихи  шындық.  Олай 
болса, Тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына 
ізеттілік,  қайырымдылық,  кішіпейілділік,  әдептілік,  елін,  жерін,  Отанын  сүюшілік  секілді  ең  асыл 
қасиеттерді  қаны  мен  жанына  сіңіре  осы  ата
-
бабамыздың  салт
-
дәстүр  негізін  ұстансақ  өте  ұтымды 
болар  еді.«Өткенді  жақсы  білмейінше  келешекке  сапар  шегу  –
 
айсыз  қараңғыда  сүрлеу  соқпақ 
іздеумен  пара
-
пар»  деп  Л.Н.Толстой  айтқандай  ұрпақ  тәрбиесіндегі  ежелден  қалыптасқан 
халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып жастарды ізгілік 
пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Өкінішке орай, ұзақ жылдар ұлттық салт
-
дәстүр атаулыны аяқ 
асты  етіп,  ана  тілі  мен  ұлт  мәдениетіне  дұрыс  көңіл  бөлінбегендіктен,  біршама  жастарымызды  тілін, 
дінін, салт
-
дәстүрін ұмыта бастағаны шындық.  Бірақ біз ол үшін жастарды  кінәлай алмаймыз.  Бұның 
барлығы  ұлттық  тәлім  –
 
тәрбиенің  мектептерде  отбасында  пәрменді  жүргізілмеуінен  туындаған 
көріністер. Ұлт мақтанышы Абай: «Адам ата
-
анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып 
ескерсе,  дүниедегі жақсы, жаманды таниды
-
дағы,  сондайдан білгені,  көргені көп болған  адам білімді 
болады. Естілердің сөзін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естелік жеке өзі іске жарамайды. 
Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса,
 
сонда іске жарайды, 
соны  адам  десе  болады»  деген.  Ал,  ақын  Мағжан  жалпы  тәрбие  мәселесіне  қатысты  «Жетекші 
сөзде»,  «Жер  жүзіндегі  басқа  жан  иелерімен  салыстырғанда,  адам  баласы  өте  әлсіз,  зағып,  осал 
болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан шығысымен жүгіріп 
кетеді. Ал адам баласы қиындықпен туып, аса сараң өсетіндіктен, оның денесіне, жанына азық беріп, 
өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды» –
 
деп жазады.
 
Бала  өмірінің  алғашқы  күнінен  бастап  ата
-
ана  өздерінің  негізгі  борыштарын  атқаруға  кіріседі, 
яғни олар тәрбиеші бола бастайды. Болашақ ұрпақты күшті де рухты етіп тәрбиелеу жолында алуан 
түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізеді, жан
-
жақты  дамуға баулиды. Өмір жолында 
туындап жатқан жайттардың шешімдерін іздестіруге тура келеді.
 
Тәрбие  туралы  аз  айтылып  жүрген  жоқ,  бірақ  балалар  мен  жасөспірімдердің  қолымен 
жасалған қылмыс өршіп барады. Болашағымызды бағамдай алмай тұрмыз. Санамызға селкеу, ақылға 
ақау түсті. Сәулесінен әуресі көп. Қоғамдық сананы қалыптастыру үшін ұлттық идеология керек, жеке 
сананы  жетілдірмей,  ұлттық  сана  қалыптаспайды.  Кеселдің  ең  қауіптісі  –
 
сана  сырқаты,  ауыру  оңай, 
оңалу қиын.
 
Отбасы, мектеп ұжымы, қоғамдық ұйымдар бірлесе қимылдаса бала тәрбиесінде оң нәтижеге 
қол артарымыз анық.
 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
197 
 
 
 
Бала тәрбиесі тек мектеп мұғалімдерінің ісі емес. Абай атамыздың «Балаға көбінесе үш алуан 
адамнан мінез жұғады. Біріншісі –
 
ата
-
анадан, екіншісі –
 
ұстазынан, үшіншісі –
 
құрбысынан. Солардың 
ішінде, бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады» деген дана сөзі бар. Сондықтан да, 
ата
-
ананың балаға берер тәрбиесінің рөлі жоғары. Бала жаман әдетті де, жақсы әдетті де ең алдымен 
отбасынан алады.
 
Біздің болашағымыз –
 
бүгінгі жастар. Сондықтан да олар еліне, ұлтына адал, сауаттты болып 
өсуі  ләзім.
 
Қазақтың  салт
-
дәстүрін,  ата  жолын,  ана  жолын  ұғынбаған  ұрпақ  келешекке  балта 
шапқанмен  бірдей.  Ұлы  ойшыл  әл
-
Фараби:  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие  берілуі  керек, 
тәрбиесіз  берілген  білім  –
 
адамзаттың  қас  жауы,  ол  келешекте  оның  барлық  өміріне  апат  әкеледі» 
деген  екен.  Бүгінгінің  ата
-
аналары  бала  тәрбиесіне  көп  көңіл  бөле  бермейді.  Айтуларынша,  уақыт 
тапшы.  Тіпті,  жұмысбасты  отбасы  балаларын  үйге  жалғыз  тастап  кете  береді.  Өзімен
-
өзі  еркіндікте 
қалған  бала  телеарнадан  қандай  хабар  көріп,  қандай  фильмді  тамашалайтыны  тағы  белгісіз. 
Телеарна  –
 
тәрбие  құралы.  Алайда  қазір  телеарна  көрерменді  көбінесе  жат  тәрбиеге  баулитыны 
жасырын  емес.  Ал  ұлттық  тәрбиеге  жұтаң  баланың  келешегінен  не  күтуге  болады?  Осы  бір  ойлар 
үнемі мазалай береді мені. Шынында да, бала тәрбиесі бей
-
жай қарайтын дүние емес.Баланы жастан 
деуші  еді  ғой,  бірақ  баланы  жастан  емес,  бесіктен,  бесіктен  емес
-
ау,  ана  құрсағынан  бастап 
тәрбиелеуді  атам  қазақ  ерте  ескерген.  Әдетте,  адам  барлық  нәрсені  өмірге  келген  соң  үйренетін, 
барлығын  қоғамдық
 
өмірден  жинақтайтын  тәрізді  сезіледі.  Алайда  адамның  бес  жасқа  дейінгі  алған 
тәрбиесі  бүкіл  өмірден  алған  тәрбиесінің  90  пайызын  құрайды  екен.  Соның  ішінде  сәбидің  ана 
құрсағындағы тәрбиесі маңызды орын алады.Бір қызығы, бала ана құрсағында жүргенде, анасы нені 
көп үйренсе, нені білетін болса, кейін бала сол нәрсені тез игеріп алады екен. Өмір есігін жаңа ашып, 
жарық  дүниені  жаңа  көріп  отырған  сәбидің  өз  тілін  білгені  қалай?  Әрине  мұның  барлығы  оның 
қанынан, ана құрсағында жүргенде күнделікті алған тәрбиесінен. Өйткені оның әке
-
шешесі өз тілінде 
сөйлейді. Ортасы, қарым
-
қатынасы өз тілінде.
 
«Сүтпен  біткен  сүйекпен  кетеді»,  дейді  қазақ.  Ал  бүгінгі  біздің  ортамыздағы  қазақ  балалары 
қалай  болмақ?  Көбінің  күнделікті  еститін  сөзі  орысша  болса,  ұлттық  қаны  бар,  ұлттық  намысы  бар 
қазақ ұрпағын қалай өсіреміз? Ертеңгі ұрпағың туа салып орысша бейімделіп кетпесіне кім кепіл.
 
Қазіргі  медицина  құрсақтағы  балаға  сыртқы  дыбыстың  әр  алуан  әсері  барын  әлдеқашан 
дәлелдеп  қойған.  Құрсақта  жаңа  қалыптасып  келе  жатқан  шарананың
 
қандай  мінезді  пенде  болып 
туарына  сырттағы  әуез  айтарлықтай  ықпал  етеді  екен.  Атам  қазақ  аттың  жалында,  түйенің  қомында 
көшіп  жүріп  ән  айтқан,  күмбірлете  күй  тартқан.  Адуын  мінез  бәйбішелердің  өздері  келін
-
кепшікті 
алқақотан  жинап  ән  салдырған,  бой  жаздырған.  Мұның  ар  жағында  –
 
ұрпақ  қамы,  дәстүрлі  тәрбие 
мәйегі  жатқан  жоқ  па?!  Ән  шырқаған  көңілден  ауру  қашарын  әлмисақтан  білген,  шадыман  көңіл  жас 
анадан шаттық кернеген, мінезді ұрпақ туады деп сенген. Бала тәрбиесi –
 
игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы 
да,  жемiсi  де  мол  тәрбие  саласының  ең  өзектiсi.Халықта  «Ағаш  түзу  өсу  үшін  оған  көшет  кезінде 
көмектесуге  болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған. 
Сондықтан  баланың  бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  яғни  адамгершілік  құнды
 
қасиеттерді 
сіңіріп, өз
-
өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
 
Бүгінгі ұл –
 
ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой 
түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –
 
ата –ана 
және қоғам.
 
Мектеп  өмірі,  оқушы  тұлғасын  әлеуметтендіру  проблемасы  әріптестік  педагогиканы  талап 
етеді.  Және  мектеп  пен  ата
-
ана,  қоғам  бірлескен  кезде  ғана  тәрбие  үрдісі  өз  жемісін  нәтижелі  бере 
бастайды.
 
Ынтымақ  бар  жерде  тәрбие  де  бар.  Ынтымақ  бар  жерде  береке,  бірлік  те  бар.  Қоғамдық 
тәрбие  жанұядан  басталады.  Ал  сол  жастар  «рухани»  байлықпен  қылаптасады.  Қандай  бағытпен 
жүреді,  қандай  ізгі  істер  жасайды,  қандай  қоғам  келешекті  қалыптастырады?  Ол  жалғыз  мектеп 
проблемасы болмауы керек. Оған ата
-
аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет
 
Баланы  тәрбиелеу  үшін  ата  –
 
ана  өздері  белгілі  деңгейде  тәлімді,  үлгілі,  өнегелі  болуға 
тиіс.Әке –
 
шешесі бұзық болса олардан тәлім алған бала жөнді болмайды. Алдыңғы арба қалай жүрсе 
соңғысы да солай жүреді демекші солардың кебін киеді. Сондықтан бала тәрбиелеймін деген кісі ең 
алдымен  өзін  өзі  тәрбиелегені  жөн.  Ақылды  да  парасатты  болу  –
 
тәрбиеге  тығыз  байланысты. 
Ақылды адам өмірден алған сабағы арқылы білімді келеді.
 
Сіз  балаға  жөн  сілтемесеңіз  де  ол  сізге  қарап  өседі,әрі  істегеніңізді  қаз  қалпынша  жасайтын 
болады. Бала тәлім –
 
тәрбиені тыңдау,қимыл іс әрекетті көріп соған еліктеу арқылы алады деген сөз. 
Тәрбиесіз баланы тәрбиелеу оңай. Ал,жаман тәрбиелі пендені түзетіп қайта тәрбиелеу өте күрделі.
 
Баланы  жақсы  мен  жаманды,  бұрыс  пен  дұрысты  толығынан  айыра  білетін  етіп  тәрбиелеу 
үшін біршама игі жұмыстар атқарылуы сұралады.Ең алдымен бала тәрбиелеуші ата  –
 
ана өзіне мән 
беруі  жөн  сияқты.Өте  қатал  болсаңыз
 
балаңызды  ренжітіп  жүрегіне  қаяу  саласыз.Егер  өте  мейірбан 
болсаңыз балаңыз момын, ынжық болады. Егер балаңызды қараусыз жіберсеңіз қоғамға да өзіне де 
зиян болуы мүмкін. Яғни өз бетімен кеткен бала басқаға еліктеп жаман тәрбие алатыны бар.
 
Балаға  дұрыс  тәлім
-
тәрбие  беру  әрбір  ата  –
 
ананың  абзал  борышы.Бала  көбінесе  үйде  әке
-
шешесінің қасында тәрбиенің денін алуға тиіс.Баласы қылмыс қайшылық жасай қалса кейбір ата
-
ана 
мектебіне,мұғалімдерге, ортаға,достарына қарай кемістікті аударғысы келетіні бар.
 
Қандай  теле  хабар  тыңдап,қандай  кино  көруге  болады,нені  оқуға  болады  дегенді  ата  –
 
ана 
айтып түсіндіріп отырса.Әсіресе қажетті әңгіме,ақыл кеңестерді тұрақты тыңдатса. Біздегі бір келеңсіз 

198 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
жағдай  тәлім
-
тәрбиесі  аз,  көргенсіздер  осындай  хабарлардан  тыс  қалуы.  Басқаға  үлгі  өнеге 
боларлықтай қарияларды аз тыңдайтынымыз өкінішті.
 
Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы адамды ойлануға үйретуі. Бұлай дегенде әрбір жеке адам 
ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін іштей терең сезініп, санада сілкініс жасауы керек 
екенін,  содан  кейін  барып  жалпыадамзаттық  қоғамға  лайық  орнын  белгілеуі  қажеттігін  сіңіруі  болса 
керек.  Бұл  жерде  негізгі  әңгіме  арқауы  мемлекетшілдік,  ұлттық  сана,  ұлттық  ұстаным,  ұлттық  мүдде 
туралы  болып  отыр.  Өйткені,  біздің  төлтума  бітімімізді,  қайталанбас  ұлттық  болмысымызды,  ұлттық 
ойлау  машығымызды,  қала  берді  ұлттық  кейпімізді  сақтап  қалу  бәрінен  маңызды.  Ол  бізге  мынау 
аждаһадай  төніп  келе  жатқан  дүлей  дүниеде  біржола  жоғалып  кетпеуімізге  кепіл  болуға  тиіс.  Қалай 
десек те ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған жұрт ең алдымен ұлттық тарихи жадын, бірегей 
ұлттық ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ділін, дінін дәстүрлі мәдениетін аман алып 
қалу және оны одан әрі дамыту жолында күреске түсетіні анық. Олай болса, осы айтқанымыздың бәрі 
ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты жүзеге асатынын мойындауға мәжбүрміз. Ұлттық тәрбие туралы 
идея  бүгінгі  күн  талабы  мен  өмірлік  қажеттіліктен  туындап  отыр.  Қазақ  елінің  әлемдік  кеңістікте  өз 
жолын таңдауы әрбір қазақтың емін
-
еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен 
үндеседі.  Ел  болу,  мемлекет  құру  сонау  түркі  заманынан  желісі  үзілмей  келе  жатқан  ұлттық  арман
-
аңсар.  Ел  болу  –
 
болашаққа  ашылған  даңғыл  жол.  Сол  болашаққа  ашылған  даңғыл  жолды  ұлттық 
тәрбие  арқылы  жүруді  үйренсек,
 
ешкімнен  кем  болмайтынымыз  анық.  Бұдан  шығатын  қорытынды  –
 
ұлттық тәрбие идеясы ата
-
бабалар алдындағы –
 
қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы –
 
парыз 
деп  түсінуіміз  керек.  Яғни,  парыз  бен  қарыздың  түйісер  тұсы  осы  ұлттық  тәрбие  деп  білеміз. 
Сондықтан мұнда алдымен мемлекет жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемлекеттің мүддесі 
қатар тұруға тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде бүкіл адамзат баласы жасаған өркениеттермен 
қатар  дамуға  тиіс  мәдениеттің  (қазақ  мәдениетінің)  мүшесі  болып  саналамыз.  Ендеше,  адамзат 
баласының  осы  уақытқа  дейін  жасаған  озық  тәжірибелері  мен  жетістіктерін  қолдан  келгенше  түгел 
игеріп,  қажетімізге  пайдалануымыз  керек.  Сондай
-
ақ,  ағымдағы  уақыттың  талабы  мен  сұранысын 
қанағаттандырып  отыру  да  ұлттық  тәрбиедегі  негізгі  қағиданың  біріне  айналуға  тиіс.  Бұл  үшін  қазақ 
ұлтын  қай  тұрғыдан  да  жаңа  дәрежеге,  жаңа  интеллектуалды  сапаға  көтеріп  алу  тиімді.Бүгінгі  қазақ 
ұлты –
 
бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы емес. Бүгінгі қазақ ұлты –
 
бұрынғы “қызыл 
идеологияның” қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты –
 
өркениет орталығы саналатын 
қала  халқына  айналып,  сапалық  жағынан  көп  ілгеріледі,  бүтіндей  аграрлық  жағдайдан  гөрі, 
индустриялық
-
инновациялық  мемлекет  құруға  көшіп  отыр.  Сонымен  бірге  “Мәңгі  ел”  ұлттық 
идеясымен  қаруланған тәуелсіз халық. Қазіргі кезде әлем жұртшылығы ұлы реформатор, ұлт лидері 
деп  таныған  Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  тікелей  бастамасымен  Үкімет  осы 
бағытта үлкен мемлекеттік бағдарлама жасап, барлық деңгейдегі билік өкілдері елдің индустриялық
-
инновациялық  даму  жолына  түсуін  қатаң  бақылауына  алып,  жіті  қадағалап  отыр.  Түсінген  адамға 
мұның түпкі астарында да мемлекеттік идеядан туындаған ұлттық мүдде, ұлттық ұстын жатыр.
 
Екінші  негізі,  адам  мен  қоғамның  қарым
-
қатынасына  тәуелді.  өзақ  уақыт  бойы  педагогикалық 
мақсаттарды  талдау  мен  негіздеу  қоғам  мен  өкімет  қажеттілігіне  сай  келетін  мақсаттар  жоғары 
дәрежеде  болып  есептеледі.  Мұндай  жағдайда  баланың  қызығушылығы  екінші  орынға  шегеріліп 
отырды.
 
Бірақта,  гуманистік  педагогика  баланың
 
қызығушылығын  ояту  мәселесін  ең  басты  деп 
есептеді.  Бүгінгі  күнде  тәрбиеленушінің  өз  күшімен  жетістікке  жету  мүмкіндігіне  басшылық  жасау 
тәрбие берудің басымдық рөлін арттыруда.
 
Заңғар  жазушымыз  Мұхтар  Әуезовтің  “Ел  боламын  десең  бесігіңді  түзе”  дегені  бар.  Біз 
болашақ ұрпақтың елдік рухы мықты болсын десек, оларды рухани мәдениет уызына жарытып өсіруге 
тиіспіз. Мемлекетшілдік, елдік, бірлік, татулық ұғымдарын бала санасына жастайынан сіңіруіміз қажет. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде: “Біз өзіміздің балаларымызды, жастарымызды өзгелерді тыңдауға 
және  түсінуге,  басқа  ұлттардың  тілі  мен  ділін,  салт
-
дәстүрін  құрметтеуге  тәрбиелеуіміз  керек.  Онсыз 
қазіргідей  жаһандану  дәуірінде  ешқандай  жетістікке  жете  алмаймыз.  Қазақстандық  жастар  өз  елінің 
патриоты  болулары  керек.  Түрлі  экстремистік  сипаттағы  “көзбояушылықтарға”  қарсы  тұрар 
иммунитеттерін  күшейтулері  қажет”,  –
 
деп  еді.Ұлттың  болашағы  үшін  тәрбиенің  маңызы  зор  екені 
белгілі.
 
 
Әдебиеттер тізімі:
 
1. 
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, 
2012. 
2. 
Әлімбаев М. Халық –
 
ғажап тәлімгер. –
 
Алматы: Рауан, 
1994. 
3. 
Бөлеев Қ. Қазақ отбасындағы отбасылық тәрбие. 2008.
 
4. 
Қалиев С. Тамыры –
 
ұлттық, танымы –
 
ғылыми тәрбие 
// 
Қазақстан мектебі,
 2010. 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
199 
 
 
 
Айымжан Танибергенова
 
(Талдықорған қаласы, Казахстан)
 
 
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ МУЗЫКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС
-
ТӘСІЛДЕРІ
 
 
Ұлт  ойындарының  шығу  тарихы  жөнінде  Ы.Дүйсенбаев:  «Қазақта  кең  тараған  мереке 
тойлардың бірі –
 
«күзем алу». Ол «үлкен күзем» және «кіші күзем» болып өткізіледі де үлкен той, ойын 
сауық түрінде өтеді. Күзем алып жатқан ауылдың сыртынан тындап тұрсаң, ығы
-
жығы адамдар еңбек 
үстінде  біреуі  ән  салып,  біреулері  айтысып  жатқанын  естисің.  Жүнді  шаңырақтан  шығара  көтере 
сабаған  әйелдер  киізді  қарпығанда, яки  киізді шиге орап, жон асырып, бір ауыл мен екінші ауылдың 
арасында домалатып теуіп жүргенде де әзіл мен айтыс өлендерді, киіз басуды бейнелейтін өлендерді 
айтады.  «Қой  басты  –
 
қой  басты»  –
 
деп  үлкен  үйлердің  алдына  әкеліп  ырымын  алады.  Сол  еңбек 
процесінен  туған  кейбір  халық  ойындарын  бүгінде  театр  сахнасында  қолданып  та  жүр.  Ғабит 
Мүсіреповтың  «Қыз  Жібек»  пьесасындағы  жүн  сабау,  киіз  басуды  бейнелейтін  «Өрмек  биі»  осындай 
халық ойындарынан алынған»[1,30.б.].
 
Қазақ  халқы  ұлт  ойындарына  бай  халықтардың  бірі.  Бірақ  ол  ертеде  ауызекі  туып,  жалпақ 
жұртқа  ауызекі  таралып  отырған  да,  сондықтан  көпшілігі  бүгінгі  күнге  жетпей,  ұмыт  болып  кеткен. 
Қазақтың  ұлттық  ойындары  туралы  қағаз  бетіне  түскен  алғашқы  деректер  ХІІІ  ғасырдан  басталады. 
Оны  алғаш  жинап  Европа  жұртшылығына  таныстырған  Италия  саяхатшысы  Плано  Карпини  болды. 
ХІІІ  ғасырда  Европа  халқына  Моңғол  тарихын  таныстыру  мақсатымен  саяхатқа  шыққан  П.Карпини 
Жетісу  мен  Тарбағатайды  басып  өткен  кезінде  осы  өңірді  мекендеген  ру  –
 
тайпалардың  тұрмысы, 
әдет
-
ғұрыптары, ойын
-
сауықтары жайлы көптеген материалдар жинаған »[1,11.б.].
 
Ұлттық ойындар туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушылардың 
қай  –
 
қайсысы  болмасын,  оны  жоғары  бағалап,  көшпелі  халықтан  мұндай  өрелі  өнерді 
күтпегендіктерін  сөз  етеді.  Осындай  жылы  лебіз,  құнды  пікір  айтқан  неміс  ғалымы  А.Гумбольд  өзінің 
достарына жазған бір хатында: «Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі 
деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен си –
 
құрметі мен ойын сауықтары естен 
кететін  шаруа  емес...  Мен  өмірімде  осындай  қысқа  уақыт  ішінде  мұндай  үлкен  тарихтан  осынша 
материал  жинап  көрген  емес  едім,  бірақ  бұл  кең  дүниенің  ортасында  болғандықтан  да  солай  болуы 
керек» –
 
деген екен [2,30б.].
 
Қазақ  халқының  ұлт  ретінде  өмір  сүруіне  оның  тілімен  қатар  салт
-
дәстүрлерінің,әдет
-
ғұрыптарының  маңызы  айрықша.Қазақтың  мақал
-
мәтелдері  жас  ұрпақты  ибалы  болуға,  әдептілікке, 
мінезінжақсы  қасиеттер  арқылы  имандылық  пен  инабаттылыққа  тәрбиелесе,  ақын
-
жазушылардың 
көркем  шығармалаы  эстетикалық,  этикалық  қасиеттерге  тәрбиелейді.Баланың  құлағына  жас  кезінен 
бастап халықтың тәрбиелік асыл
-
маржандарын құйып отыру –тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы 
емес,  сонымен  қатар  үйдегі  ата
-
аналардың  негізгі  міндеттерінің  бірі  болуға  тиіс.  Абай  Құнанбаев  он 
тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді «Адам 
ата
-
анадан  туғанда  есті  болмайды,  естіп,  көріп,  ұстап,татып  ескерсе.  Дүниедегі  жақсы,  жаманды 
танидыдағы,сондайдан  білгені,  көргені  көп  болған  адам  білімді  болады.  Естілердің  айтқан  сөздерін 
ескеріп  жүрген  кісі  өзі  де  есті  болады».  Сондықтан  балаға  жас  кезінен  бастап  тәрбиелік  маңызы 
жоғары  халық  ойларының  кәусар  бұлақтарымен  сусын
-
дату  қажет.  Себебі,  «халықтың  даналық 
ойлары  халық  педагогикасының  шамшырағы  болған.  Халық  даналығы  –
 
мақал
-
мәтел,  ертегі,  өлең
-
жыр  түрінде,  ақын
-
жыраулардың,  шешендердің  сөздері  толғау,  өсиет  сөздері  арқылы  баяндалып 
отырады. Осы тұрғыдан халық педагогикасының кең өрісі, қайнар көзі ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні 
зор».  Сондықтан  қазақ  тілін  дидактикалық  ойындар  арқылы  меңгертуде  халық  педагогикасының 
тәрбиелік мәні басым элементтерін кеңінен қолдану қажет. Осы арқылы оқушылардың рухани дүниесі 
парасаттылық  пен  бауырмалдыққа,  адалдық  пен  кішіпейілдікке,  ибалылық  пен  үлкенді  сыйлауға 
тәрбиеленеді»[3,19.б.].
 
Музыка  сабақтарында  дидактикалық  ойындарды  көркем  әдебиеттермен  ұштастыру 
жұмыстары  да  оқушыларды  тәрбиелеуде  маңызы  зор.  Көркем  әдебиет
-
терді  оқу  арқылы 
оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды.
 
Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмытылады.
 
С.Рахметова музыка сабақтарында көркем шығармалардың оқушыларды
 
тәрбиелеудегі маңызын жан
-
жақты талдап көрсетеді:
 
1.Идеялық
-
саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
 
2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;
 
3.Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектері
-
мен таныстыру 
арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір
-
бірін сыйлаушылыққа, адалдық 
пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу;
 
4.Отанымыздың  мейлінше  бай,  көркем  де  сұлу  табиғаты  жайлы  материалдармен  танысу 
арқылы  табиғатта  кездесетін  өзгерістер  мен  құбылыстарды  байқай  біліп,  теңдесі  жоқ  сұлулық  пен 
көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;
 
5.Балалардың  алған  білімдері  мен  оқу  дағдыларын,  шеберліктерін  жетілдіру,  тілін  онан  әрі 
дамыта түсу;
 
6.  Халықтардың  бостандық,  бейбітшілік  үшін  жүргізген  қаһармандық  күрестерімен  таныстыра 
отырып, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;
 

200 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
7.Саналы тәртіпке, дұрыс мінез
-
құлық нормаларына үйрету; 8. Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа 
тәрбилеу.
 
Демек,  5
-
сыныпта  музыка  сабақтарында  дидактикалық  ойындарды  оқушыларды  жан
-
жақты 
тәрбиелеуге негіздеу қажет. Осыған орай музыка сабағында
 
дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынадай мақсаттары болуы керек:
 
1. 
Оқушырды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
 
а)  дидактикалық  ойындарды  ұлттық  тәлім
-
тәрбие  көздерімен  ұштастыруда  жұмбақтарды, 
мақал
-
мәтелдерді,  халықтың  даналық,  өсиет  сөздерінен  оқыту  барысында  ойындар  арқылы  кеңінен 
қолдану;
 
ә)  көркем  шығармаларды  дидактикалык  ойын  түрінде  беру  арқылы  оқушылардың  ұлттық 
мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
 
2.  Оқушыларды  дидактикалық  ойындар  арқылы  оқушыларға  әлемдік  ізгілік  пен  әдептілік 
негіздерімен тәрбиелеу. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін музыкаға оқыту барысында тиімді 
қолдану  қажет.  Қазақ  тілі  сабақтарында  діни  нақылдар  мен  өнегелік  өсиеттерді  үйрету  арқылы 
оқушыларды  адамгершілік  құндылықтарды  түсініп,  оны  келешек  өмірінде  дұрыс  қолдана  білуге 
дағдыландырылады.
 
Жоғарыда  аталған  мақсаттарды  орындау  үшін  музыка  сабағында  дидактиклық  ойындар 
арқылы оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын төрт жақты жүргізген дұрыс:
 
Бірінші  бағыт
-
дидактикалық  ойындар  арқылы  оқушылардың  интеллектуалдық  қабілеттерін, 
логикалық ойлауын тәрбиелеу;
 
Екінші бағыт –
 
оқушыларға ізгілік –
 
оқыту үрдісінде халық педагогикасының мол мұрағаттарын 
пайданалана отырып, оқушыларға ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру;
 
Үшінші  бағыт
-
түрлі  музыкалық  шығармаларды  пайдалана  отырып,  оқушыларға  эстетикалық 
тәрбие  беру  арқылы  олардың  жеке  тұлғалық  қабілеттерін,  жат  нәрседен  бойын  аулақ  салуға 
тәрбиелеу;
 
Төртінші бағыт
-
оқушылардың сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу 
мәдениетіне тәрбиелеу.
 
Жоғарыда аталған төрт бағыт өзара бірлікте жұмсалып, тұтас күйінде дидактикалық ойындар 
арқылы оқушыларды тәрбиелеу негіздерін құрайды. Мысалы, «Жаңылмаймын жаңылтпаштан» ойыны 
оқушыларды сөйлеуге, дұрыс оқуға тәрбиелейді. Бұл ойында кім тез әрі жаңылмай оқыса, сол жеңеді. 
Бұл  ойынды  5
-
сыныпта  хормен  ән  айту  барысында  дауысты  жаттықтыру  барысында  қолдануға 
болады.  Оқушыларға  жаңытпаштарды  айтқызып  болғаннан  кейін,  дауысты  және  дауыссыз 
дыбыстардың түрлерін тапқызу қажет.Мысалы:
 
«Жаңылтпаштарымен
 
жаңылысыңқырағандарың
 
жаңылысыңқырамағандарыңды
 
жаңылыстырмасаңдаршы».
 
Музыка  сабағында  оқушылардың  дауысын  жаттықтыру  барысында  мұндай  тақпақтар  кеңінен 
қолданылып, оқушылардың сөйлеу дикциясына тәрбиелейді»[3,14.б.].
 
«Мақалды дұрыс оқы» ойынын лексикадан өтілген материалдарды бекітуде қолданған абзал. 
Оқушылардың  жасырылған  нақыл  сөздің  мағынасы  сұрыпталып,  лексика  туралы  түсініктері 
нығайтылады.  Бұл  ойынның  ережесі  бойынша  оқушылар  қазақ  халқының  нақыл  сөздерін,  өлең 
шумақтарын  өз  бетінше  іздену  арқылы  табады.  Мұғалім  ойын  ойнамас  бұрын  оқушылырға  ойын 
ережесін таныстырып, осы мақалға тақырыптас тағы қандай мақал білетінін айтып беруді талап етеді. 
Мұғалім кіріспе бөлімінен кейін тақтаға өлең шумағы жазылған тор көзді іліп қояды.
 
Н
 
І
 
С
 
Н
 
Д
 
Н
 
І
 
С
 
Д
 
Б
 
І
 
І
 
Е
 
І
 
З
 
Н
 
Е
 
Ү
 
З
 
М
 
Ж
 
Б
 
А
 
І
 
Ж
 
Т
 
А
 
А
 
А
 
Ү
 
С
 
М
 
А
 
Й
 
С
 
З
 
Т
 
Т
 
Ы
 
А
 
Т
 
О
 
Ы
 
А
 
А
 
У
 
Л
 
З
 
А
 
З
 
Л
 
Т
 
Д
 
С
 
Т
 
А
 
Д
 
Ө
 
С
 

Ы
 
С
 
А
 
Т
 
Ы
 

А
 
И
 
Т
 
Р
 
Қ
 
Л
 
 
Жауабы: «Таза мінсіз асыл тас
 
Су түбінде жатады.
 
Таза мінсіз асыл сөз
 
Ой түбінде жатады».
 
Бұл  ойын  оқушылардың  сөздік  қорын  молайтып,  ізденімпаздық  қабілеттерін
 
жетілдіреді, 
оларды  логикалық  ойлауға  тәрбиелейді.Оқушылар  жасырылған
 
Асан  Қайғының  өлең  шумағының 
мағынасын,  оның  тәрбиелік  мәнін  жете  түсі
-
неді.  Сол  арқылы  қазақ  халқының  нақыл  сөздерін  оқуға 
дағдыланады  және  осындай  сөздерге  жеңіл  әуендерді  қосып,ән  шығарулары  әбден  мүмкін.  «Мақал
-
мәтелдер  айтудан  жарысайық»  ойыны  арқылы  оқушыларға  тәрбиелік  мәні  жоғары,  адамгершілік, 
ізгілік  қасиеттерді  үйрететін  мақал
-
мәтелдердің  мағынасын  өздеріне  тапқызып,  тәрбиелік  мәнін  өз 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
201 
 
 
 
пікірлерімен айтып беру қабілеттері тәрбиеленеді. Бұл ойында мұғалім әрбір топтың алдына келіп, бір 
сөз мағынасына қарай мақал
-
мәтелдерді көптеп табуға жарысады
 
Мұғалім екінші топтың алдына келіп, ұрлық туралы бірнеше мақалдар айтуға тиіс.
 
1. 
«Көп жортқан түлкі терісін алдырар».
 
2. 
«Ұрлық түбі –
 
қорлық».
 
3. 
«Жаман ұры жанындағысына қарамайды» т.б

Осындай  ойындар  арқылы  оқушылар  сөз  қадірін  түсінуге  дағдыланып,  жаман  қылықтардан 
бойларын  аулақ  салуға  үйренеді.  Мақал
-
мәтелдерді  табу,  оқушылардың  тілін  дамутымен  қатар 
олардың әсерлі ән орындауына, сөйлеу дағдыларын да қалыптастырады.
 
«Жалғасын  тап»  ойында  асырылған  мақал  –мәтелдердің  екінші  сыңарын  табу  арқылы 
оқушылар  үлкенді  сыйлауға,  мінез
-
құлықтарын  жас  кезден  бастап  қадалауға,  адамгершілік  іс
-
әркеттерді орындауға тәрбиеленеді. Тәлім
-
тәрбиелік маңызы жоғары мақал –
 
мәтелдедер алдын ала 
іріктеліп, кесте қағаздарға жазылады.
 
Осыған  байланысты  оқушылардың  әуен  шығаратын  қабілеттері  дамып,  сөйлеу  мәдениеті 
дұрыс қалыптасады.
 
Мұндай  ойындар  оқушының  ой  жалғастыру,  сөйлемді  дұрыс  құрау  дағдыларын  жетілдіріп, 
шығармашылық ойлау қабілеттерін тәрбиелейді.
 
Қорыта келе музыка сабағында көп қолданылатын шаралар мен анаграммалар дидактикалық 
ойындары оқушылардың байқампаздығын, іздемпаздығын тәрбиелейді.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет