Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата16.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Аннотация
В 
статье 
рассмотрены 
семантические, 
познавательные, 
национальные, 
экспрессивные 
особенности 
употребления 
пословичных 

 
49 
коммуникативных фразеологизмов в контексте, закономерности  их семантических и 
грамматических связей со словами и предложениями в контекстуальном окружении. 
Annotation. In the article are reviewed peculiarities of the use of phraseological units, 
concerning  proverbs  and  non-proverbs  in  a  context,  laws  governing  their 
semantic,expressive,  national  and  grammatical  connections  with  words  and  sentences  in  a 
context. 
 
 
К.М. Қарымбаева 
 
ОҚУШЫНЫҢ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 
 ЖАҢА ТҦРПАТТЫ МҦҒАЛІМНІҢ ӘРЕКЕТІ 
 
ӘӚЖ 001.895 
Қ 24 
 
Бәсекелестік ӛмір сүрудің басты шарты болып отырған ӛзгермелі кезеңде жоғары 
білім  беру  жүйесіне  қойылатын  талаптар  да  күшейіп  отыр.  Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  дамытудың    2011  –  2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасында айтылғандай, жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі 
мамандар  даярлау  сапасын  арттыруға  ерекше  кӛңіл  бӛлінуде  [1].  Осы  ретте 
мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орындары алдында үлкен де салмақты міндеттер 
тұр.  Бұл  міндеттердің  шешімі  студеттерге  мемлекеттік  стандартқа,  оқу 
бағдарламаларына  сәйкес  ғылым  салаларынан  білім  берумен  ғана  шектелмейді. 
Жоғары  мектепті  бітірушілер  болашақ  кәсібін  терең  түсінетін,  меңгерген  білімін 
мазмұнды,  дәлелді  түрде,  әдеби  тілмен  шебер  жеткізе  алатындай,  тіл  байлығы  мол 
маман болып шығуы тиіс.  
Сондықтан  жоғары  оқу  орнында  оқытылатын  ғылым  салалары  арқылы 
студенттерді ӛз ойларын жүйелі, түсінікті етіп, шебер сӛйлеу үрдісіне дағдыландыру 
маңызды  мәселе  болып  табылады.  Мұның  тағы  бір  себебі  –  мұғалімнің  қоғамның 
интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын негізгі тұлға екенімен байланысты, Осы 
тұрғыдан  келгенде,  болашақ  мектеп  мұғалімі  терең  кәсіби  білімімен  бірге, 
шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, пікірін жүйелі түрде жеткізе алатын, сӛйлеу 
шеберлігі қалыптасқан маман болуы тиіс.  
Жоғары  оқу  орнында  ғылым  салаларын  оқыту  барысында  студенттің  кәсіби-
әдістемелік даярлығын қалыптастыру тіл дамыту мәселесін де басты назарда ұстауды 
қажет  етеді.  Сӛздердің  грамматикалық  сыр-сипатын,  сӛз  тұлғаларының  модельдерін 
дұрыс танып, талдай алатын, яғни меңгерген білімін іс жүзінде орынды пайдаланатын 
студент  тыңдаушыға  ӛз  ойын  айқын,  анық  етіп  жеткізе  алады.  Рас,  бұл  студенттің 
қазақ тілінің күрделі  құрылымын тіл дамыту жұмыстары негізінде меңгеруі арқылы 
жүзеге  асады.  Дегенмен,  қоғамның  интеллектуалдық  элитасын  қалыптастыру  - 
мұғалімнің  қызметі  болғандықтан  қарастырылып  отырған  мәселе  тек  қазақ  тілі  мен 
әдебиеті  мамандары  үшін  ғана  керек  деген  жаңсақ  пікір  тумауы  керек.  Сондықтан 
барлық  мамандықтың  оқыту  әдістемесін,  ғылым  салаларын  оқыту  арқылы  студент 
тілін  дамытуды  бүгінгі  қоғамдық-әлеуметтік  сұраныммен  сәйкестендірудің  басты 
шарты ретінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан зерделеу қажеттігі туындап отыр.  
Студент тілін дамыту тілдік қатысымдық іс-әрекет арқылы нәтижелі жүргізіледі, 
ӛйткені  «тілдік  қатынас  –  сӛйлеу  тілі  арқылы  түсінісу  дегенді  нақтылай  келіп,  жай 

 
50 
ғана қарым-қатынас дегеннен  гӛрі тамыры тереңге жеткен,  ӛмірде ӛзіндік орны бар, 
қоғамның  дамуы  үшін  ең  қажетті  қоғамдық-әлеуметтік  ақпараттардың  жиынтығы 
арқылы  адамдардың  бір-бірімен  пікір  алмасуы,  адамдар  қатынасының  түп  қазығы 
дегенді  білдіреді»  [2,  211-б.].  Тіл  дамытудағы  мақсат  –  қоғамда  қазақ  тілі  арқылы 
еркін  қарым-қатынас  жасауды  қамтамасыз  ету.  Сондықтан  тілді  қарым-қатынас 
құралы ретінде оқытуда, үйретуде  грамматика қарым-қатысты жүзеге асыратын тетік 
қызметін  атқарады.  Олай  болса,  студенттің  ғылым  саласынан  игерген  білімін  тілдік 
қатынаста  тиімді,  орынды  пайдалана  білуге  дағдыландыру  –  қазіргі  уақыт 
сұранысынан туындап отырған ӛзекті мәселе.  
Халық тілінің қайнар бұлағы – шешендік сӛздер, бейнелі сӛздер, мақал-мәтелдер 
арқылы  студенттердің  сӛздік  қорын  байыту  тіл  дамыту  жұмыстары  арқылы  іске 
асады.  Ғасырлар  бойы  жинақталған  тіліміздің  байлығы  студенттің  ана  тілін 
қастерлеп, тілдегі ұлттық рухты терең тануына мүмкіндік береді. Қазіргі қазақ тілінің 
морфология  саласынан  теориялық  білім  берумен  қатар  тіл  дамытуды  басты  назарда 
ұстап,  оны  оқытуды  тұтас  әдістемелік  жүйе  ретінде  зерделеу  –  қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесіндегі маңызды мәселелердің қатарына жатады.  
Қазіргі заман  жағдайында  жоғары  білім  беру жүйесі  университет қабырғасында 
алған  білім,  білік  пен  дағды-машықтың  негізінде  дербес,  әлеуметтік  және  кәсіби 
біліктілікке  қол  жеткізу  мақсатын  кӛздеп  отыр.  Бұл  мақсаттың  түпкі  шешімі 
студенттің игерген базалық білімін мазмұнды да дәлелді етіп, әсерлі сӛз орамдарымен 
жеткізе  білуіне  келіп  тіреледі.  Бұл  пікіріміздің  мектеп  мұғалімдерінің  оқушыға  қай 
пәнді меңгертетініне қарамай - ақ қатысы бар.  
Жоғары  мектепте  ӛндіріс  пен  нарықтың  жылдам  ӛзгеріп  жатқан  жағдайына 
бейімделген  жаңа  үлгідегі  мамандар  даярлауда  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдермен 
жүргізілуі  басты  меже  болуы  тиіс.  Сондықтан  оқытуды  ұйымдастыруда  студенттің 
сӛйлеу белсенділігін арттыратын, ӛз ойын ашық айтуға, пікір алысуға жетелейтін әдіс 
түрлерін  қолдану  тіл  дамыту  мәселесінің  дұрыс  шешілуіне  жағдай  жасайды.  Бұл 
студенттің  қазақ  тілінің  морфология  саласынан  меңгеретін  теориялық  білімі  мен 
сӛйлеу  шеберлігінің  тығыз  бірлікте  жүзеге  асуының  қажеттілігін  айқындай  түседі. 
Алайда,  ғылым  салалары  мен  тіл  дамыту  арасында  тұрақты  әрі  табиғи  байланыс 
болуға  тиіс.  Бұл  ӛскелең  жаңа  ӛмір  мұқтаждығы  деген  [3,  77-б.]  тұжырым    күні 
бүгінге  дейін  ӛз  дәрежесінде  шешімін  таппай  келеді.  Жоғары  оқу  орнында  оқитын 
студенттер  арасында  тілдік  нормаға  сәйкес  сӛйлей  алмайтындары  кездеседі.    Оның 
басты себептері – мектепте жалпы білім беретін ғылым саласын оқытуда тіл дамыту 
жұмыстарына  ӛз  мәнінде  кӛңіл  бӛлінбегендігінде,  бағдарлама,  оқулықтар  мен  оқу 
құралдарында да тіл дамыту мәселесі нақтыланбағандығында. 
Студенттер  мен  оқушылар  тілін  дамыту  мәселесі  арнайы  әдістемелік  жүйені 
керек етеді. Осы мақсатта қазіргі қазақ тілінің саласын оқыту арқылы тіл дамытатын 
жұмыс  түрлері  сараланып,  тәжірибеде  пайдаланылады.  Оқыту  арқылы  тіл  дамыту 
бағытындағы  жұмыс  түрлерін  қамтыған  кешенді  жұмыстар  жүйесі  қажеттігі 
байқалады. 
Сабақ  кезінде  терминдер  қолданылатындығы,  мәні,  мазмұны  ашылатындығы, 
түсіндірілетіндігі белгілі жайт. Бірақ оны қолдану дағдысын қалыптастыру жүзеге аса 
бермейді.  Оның  үстіне  ғылым  –  дамып  отыратын  құбылыс,  яғни  оқулықтарда  жоқ 
ғылыми  жетістіктермен  бірге  жаңа  терминдер  де  пайда  болып  жатады.  Сол 
терминдерді  институт,  мектеп  қабырғасында  меңгермесе,  кейін  оны  меңгеру  оңай 
болмайды.  Сондықтан  студент  немесе  оқушы  бұл  жұмысты  оқып  жүрген  кезде  іске 
асыруы тиіс. Сӛздік қорды терминдер арқылы байытудың түрлі жолы бар. Олар: 

 
51 
1.  Сабақ  тақырыбына  қатысты  жаңа  терминді  түсіндіру.  Жаңа  терминді  қалай 
түсінгенін тексеру, қайталату, оның нені білдіретінін, анықтамасын айтқызу.  
2. Студент дәптеріне жаңа терминді анықтамасымен жазғызу. 
3. Семинар сабағында студенттердің терминдерді дұрыс қолдануын қадағалау. 
4. Талдауда жаңа терминді қолдануға жаттықтыру.  
 Терминдерді  белсенді  сӛздік  қорға  айналдыру  үшін  бұл  жұмыстар  аздық  етеді. 
Сондықтан  басқа  да  жұмыс  түрлерін  пайдалану  керек.  Олар  –  ойбӛліс  (дебат), 
ойталқы (диспут), іскерлік ойындарда терминдерді қолдану дағдысын қалыптастыру, 
тіл дамыту жаттығуларында терминдерді пайдалану, ғылыми жоба, курстық, диплом 
жұмыстарында, ғылыми баяндамаларда терминдерді қолдану олардың белсенді сӛздік 
қорға айналуын қамтамасыз етеді.  
Мамандық  бойынша  терминдерді  студент  белсенді  сӛздік  қорға  айналдырып, 
яғни сӛйлегенде пайдаланатындай жұмыс түрі жүргізілуі керек. Олар тӛмендегідей: а) 
лингвистикалық  сӛздіктермен  жұмыс;  ә)  арнайы  жаттығулар;  б)  қосымша  ғылыми 
әдебиетпен  жұмыс;  в)  ғылыми  жұмыста  терминдерді  қолдануға  жаттықтыру;  г) 
ойталқы, ойбӛлістерде, сабақта терминдерді сұрақ ретінде пайдалану. Бұл жұмыстар 
терминдердің  елеусіз  қалмауын,  терминдерді  тілдік  қатысымда  қолдану  дағдысын 
қалыптастырады.  
Интерактив  технологиясы  бойынша  жаңа  мәліметтер  студент  немесе  оқушы 
санасына  әсер  етіп,  оның  белсенді  әрекетін  туғызады,  ол  мәлімет  енді  студенттен 
оқытушыға  бағытталады.  Осы  мәліметтер  ағымы  студент-оқушы  мен  оқытушы-
мұғалім  арасында  қайталанады.  Студенттердің  сӛздік  қорын  мақал-мәтел,  қанатты 
сӛздер  арқылы  дамытуда  пікірлесім  осы  технология  арқылы  жүргізіледі.  Ӛйткені 
жұмыстың  бұл  түрінде  интерактив  технологиясы  бойынша  жұмысқа  қатысушылар: 
оқытушы+оқу мәліметі+студент+оқу тобы.    
Студент  пен  оқытушы,  студент  пен  студент  арасындағы  қарым-қатынасты 
қамтамасыз  ететін  күрделі  әрекеттің  түрі  –  жазылым  да  студенттің  сӛздік  қорын 
байытуда жетекші рӛл атқарады. Ӛйткені, мысалы, студенттер ӛздері танысқан мақал-
мәтелдердің  мазмұнын  ауызша  әңгімелеп,  ӛзара  пікірлесіп  қойған  жоқ,  мақал-
мәтелдер  жайында  шағын  әңгіме  құрастырып  жазып  немесе  ӛздеріне  әсер  еткен 
оқиғаларды  мақал-мәтелдерді  кірістіріп  мәтін  ретінде  жаза  біледі.  Сӛйтіп,  мақал-
мәтелдер, нақыл сӛздерді қатыстырып жазғандары әсерлі де түсінікті болатындығына 
кӛздері жетеді.  
Бұдан жазылымның лингвистикалық мазмұнын құрайтын белгінің бірі – жазбаша 
сӛйлеудің  жүзеге  асқандығы  анықталады.  Студенттердің  сӛздік  қорын  мақал-мәтел, 
нақыл  сӛздер  арқылы  байытуда  жұмыс  бірте-бірте  күрделеніп,  студенттердің 
сұрақтарға  мақал-мәтел  арқылы  жауап  берулері  талап  етіледі.  Осылайша  мақалдар 
арқылы  жауап  беруге  машықтанған  соң,  студенттерге  белгілі  бір  тілдік  жағдайға 
қатысты тапсырмалар орындатылады. Мысалы: 
а) Асығыс жағдайда қолданылатын мақал-мәтелдерді жазыңыз.  
ә) Ерлік жасап, кӛпшілікті қиындықтан құтқардыңыз. Осы жағдайға байланысты 
қандай мақал-мәтелді қолдануға болады?  
б) Біліміңізбен жарыста жеңдіңіз. Соған сай қандай қанатты сӛз айтылады?  
в)  Қандай  істің  болса  да  белгілі  бір  нәтижеге  жетуінің  басты  кепілі  – 
ұйымшылдық, ынтымақ жайында қандай мақал-мәтел білесіз?  
Демек,  тіл  дамыту  жұмыстарының  әр  түрі  әдеби  тілде  шебер  сӛйлеу  дағдысын 
қалыптастырумен бірге студенттің сӛздік қорын байыту қызметін де атқарады. Мұнда 
оқушыны ғылыми жұмысқа баулу әрекетінің де маңызы үлкен. 

 
52 
Студентті  немесе  оқушыны  ғылыми  жұмысқа  баулу  үшін,  алдымен  ғылыми 
жұмыстың  түрлері  туралы  мағлұмат  беру  қажет.  Мысалы,  жоғары  оқу  орнында 
студентке тақырыпқа сәйкес қосымша әдебиет бойынша конспект жаздырту – кӛптен 
қолданылып келе жатқан жұмыс түрі. Конспектінің мынадай ерекшеліктері бар:  
1)  конспект  жоғары  оқу  жүйесінде  мамандығы  бойынша  үлкен  кӛлемді  кӛп 
материалды жақсы меңгеру үшін қажет;  
2)  конспект  аннотация,  тезис,  рефераттан  автордың  ӛз  пікірін  білдіруі  арқылы 
ерекшеленеді;  
3)  конспектіні  үзінді  ретінде  пайдалануға  тиімді,  онда  әр  пунктті  мәселесі 
бойынша тезис ретінде қолдануға болады;  
4) конспект семинар сабағына дайындалуға ӛте ыңғайлы;  
5)  шығармашылық  конспект  баяндамаға,  мақалаға,  ғылыми  жобаға,  курстық, 
дипломдық  жұмысқа  қолданылады.  Осы  ерекшеліктер  студенттерге  түсіндірілуі 
керек.  
Ғылыми  жұмыстың  әр  түрімен  студентті  таныстыру  қажет  екенін  тәжірибе 
дәлелдеді.  Бұлардың  кӛпшілігі  ӛздік  жұмыстар,  арнайы  семинарда  жеке-жеке 
таныстырылды.  Осымен  байланысты  тәжірибеде  ғылыми  жұмыстың  түрлері 
қамтылды.  
Оқыту  жүйесіне  ӛзгерістер  оның  барлық  мәселелерімен  байланысты  кіргізіледі. 
Мысалы,  оқытудың  мақсаты,  мазмұны,  әдістері,  технологиясы,  оқытуды 
ұйымдастыру,  басқару  жүйесіне,  педагогикалық  әрекеттің  стилі  мен  оқыту  әрекетін 
ұйымдастыруға,  бақылау  мен  бағалауға,  тәрбие  жұмысына  т.б.  мәселелерде  де 
жаңалықтар  ене  береді.  Инновация  жеке  пәндерді  оқыту  әдістемесіне  де  қатысты. 
Оқыту  әдістемесі  үнемі  дамып,  оқыту  технологиясы  түрленіп  отырады.  Тәжірибеде 
студент  тілін  дамытудағы  ең  ұтымды  әдістер  деп  тӛмендегілер  таңдалды.  Олар: 
қатысымдық  әдіс,  түсіндіру  әдісі,  қайталау  әдісі,  жаттықтыру  әдісі,  кӛрнекілік  әдісі, 
саяхат (экскурсия) әдісі.  
Тіл дамытуда қатысымдық әдіс ерекше қызмет атқарады, қатысымдық әдіссіз тіл 
дамыту  мүмкін  емес  деп  санаймыз.  Ӛйткені,  тіл  дамыту  әдістерінің,  тілді  дамытуға 
байланысты  жұмыстардың  бәріне  қатысымдық  әдіс  қатысады.  Қатысымдық  әдіс 
арқылы  студент  немесе  оқушы  тілдік  әрекеттің  барлық  түріне  жаттықтырылады. 
Мысалы,  сұрақ  қоя  білу,  сұраққа  жауап  беру,  кӛрген,  білген  жайларды  әңгімелеп 
айтып  беру,  суреттің  мазмұнын  әңгімелеу,  ӛз  қиялын,  арманын  айта  білу, 
экскурсияларда  кӛргенін  әңгімелеу,  оқылған  әдеби  шығарма  мазмұнын  баяндау, 
достарымен,  оқытушымен  әңгімелесу  секілді  сӛйлеу  әрекеттеріне  студент 
қатысымдық  әдіс  арқылы  үйретіледі.  Қатысымдық  әдістің  студент  немесе  оқушы 
тілін дамытуда мынадай пайдалы, тиімді жақтары бар: 
 1.  Қатысымдық әдіс екі-үш, одан да кӛп адамдардың тіл арқылы қатысуын талап 
етеді.  Қатысымдық  әдістің  осы  талабы,  белгісі  студенттердің  оқу  үрдісінде  тілдік 
қатысымға  дәл  келеді.  Соған  қарап,  қатысымдық  әдісті  табиғатында  студент  тілін 
дамытуға арналған деуге де болады.  
2.  Қатысымдық  әдістің  негізгі  нысаны,  негізгі  әрекеті  –  сӛйлесім.  Ал,  сӛйлесім, 
тыңдалым,  оқылым,  жазылымсыз  ешбір  оқыту  жүйесі    іске  аспайды.  Оқытушы  мен 
студент қарым-қатынас жасау үшін сӛйлеседі, сӛйлесімсіз адам ӛмірін елестету қиын. 
Сондықтан қатысымдық әдіс оқытуда, тіл дамытуда негізгі әдіс болып саналады.  
 3. Оқыту жүйесінде  оқытушы жаңа  білімді ауызша айтады,  түсіндіреді, студент 
оны  тыңдайды,  қабылдайды,  ұғады,  есіне  сақтайды.  Оқытушы  студенттің  ұққанын 

 
53 
сұрақ  арқылы  тексереді.  Мұның  бәрі  оқытушы  мен  студент  арасындағы  тілдік 
қатысым арқылы іске асады, яғни қатысымдық әдіске жатады.  
4.  Студент  тілін  дамытуда  оқытушы  мен  студенттің  міндеттері  түрліше,  бірақ 
мақсаттары бір болғандықтан, әрқайсысы ӛз міндетін дұрыс атқаруға да қатысымдық 
әдіс арқылы бейімделеді.  
5.  Қатысымдық  әдіс  тіл  дамытудың  түрлі  әдістерін  түйістіріп,  тіл  дамытудың 
сапасын арттырады. Қатысымдық әдістің ӛзі де бірнеше тәсілдерден тұратын күрделі 
құбылыс.  Ол  басқа  тәсілдердің  басын  қосып,  сапаны  арттырады,  басқа  әдістер 
қатысымдық әдіссіз іске аса алмайды.  
6. Қатысымдық әдіс тек оқыту үрдісінде ғана қолданылатын әдіс емес. Ол адам 
ӛмірінде үлкен қызмет атқарады.  
7.  Оқыту  технологиялары  ӛзгеріп,  жаңа  оқыту  технологиялары  қосылып  жатса, 
қатысымдық әдіс оның бәрімен қолданыла алатын қабілетімен жүзеге асырылады.     
Осы жұмыстарды іске асырудағы мақсат – «дүниеге жауапкершілікпен қарайтын, 
инновациялық,  шығармашылықпен  ойлауға  дағдыланған,  мәдениеті  жетілген, 
адамгершілігі  мол,  білікті  мамандардың  жаңа  ұрпағын  қалыптастыру»[4],  шебер 
сӛйлейтін,  шешен  мамандарды  дайындау,  қоғамның  интеллектуалдық  элитасын 
қалыптастыру. 
Қорыта  айтқанда,  жоғарыдағы  тұжырымдар  болашақта  мектептің  белді  тұлғасы 
болатын  бүгінгі  студенттің,  ертең  қоғамның  белсенді  мүшесі  болатын  оқушының 
ғылыми  білімді  сапалы  меңгеруі  мен  сӛйлеу  шеберлігінің  тығыз  бірлікте 
қалыптасуының әдістемелік негіздерін анықтаудың ӛзекті екенін дәлелдей түседі.  
__________________ 
1.ҚР  білім  беруді  дамытудың    2011  -  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы. 
2.Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. - Алматы: Сӛздік – Словарь, 2005. - 272 б.  
3.Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. –Алматы: Мектеп, 1989ж. 
4.Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2001-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы // Ана тілі. 15.02.2001. -№ 7. -1 б. 
 
 
 
Р.М. Ким, Б.А.Торекеев  
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ 
 
ӘОЖ 372.31:802 
   Т 60 
 
  «Ағылшын  тілі»  -  XXI  ғасырдың  тілі.  Бұл  тіл  қазақты  дүниеге 
танынатын,әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми  түрде 
орныққан  ағылшын  тілін  меңгеру  ұлттың  бәсекеге  қабілеттілігін  шыңдай  түседі. 
Ағылшын тілін біздің халқымыздың жаппай меңгеруі сол тілде жасалған, жасалатын 
шексіз байлықты аудару жӛніндегі машақаттан, артық шығыннан құтқарады. Демек, 
бабаларымыздың  ағылшын  тілін  білуі  уақыт  талабы  -  деп  Президентіміз 
Н.Ә.Назарбаев  ӛзінің  2008  жылы  29-мамырда  бір  топ  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
басшыларымен  кездесуінде  «тілдердің  үш  тұғырлығы»  мәселесіне  байланысты 
ағылшын тіліне деген ӛзінің ой пікірін жоғарыдағы сӛзімен дәлелдеп берген болатын. 

 
54 
Біздің  еліміз  жылдар  бойы  аңсаған  тәуелсіздікке  қол  жеткізісімен  шет  тілі  де 
мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. 
Тіл - қоғамдық құбылыстың бір формасы. Тіл - ең алдымен қоғам  мүшелерінің 
ӛзара    пікір  алмасуына,  қарым-қатынас  жасауына  қажетті  құрал.  Сондықтан  да,  ол 
негізінен ӛзінің  коммуникативтік қызметін атқарады. Бірақ тілдің қоғамдық жағынан 
үнемі  жаңарып,  толысып  отырады  да  халықпен,  оның  ӛмірімен  бірге  ӛзгеріске 
ұшырайды. Жалпы алғанда, тіл қарым-қатынас құралы болып табылғандықтан, ол  ең 
алдымен ойлау және санамен қоғамдық ӛмірде нақтылы бір қызметтер атқару арқылы 
тиянақты   мәнге ие  болады. Сол  себептен  тіл ойды жарыққа  шығарып, қажеттілікке  
жұмсау  арқылы  оймен  тікелей    байланысты.  «Тіл  -  тас  жарады,  тас  жармаса  –  бас 
жарады»,-деп  қазақ  халқы  бекер  айтпаған.  Себебі,  тіл  -  қауымның  әрбір  мүшесіне 
тікелей байланысты  объективті құбылыс, шындық. Әрбір қауым мүшесі оны қарым-
қатынас жасау, бір-біріне әсер ету құралы деп есептейді. 
Тіл - ӛмірдің сәулесі, қоғамдық құбылыстардың айнасы. Қоғамда болып жатқан 
ӛзгерістер,  жаңалықтардың  бәрі  бірінші  тілден  орын  алса,  содан  соң  халық 
мұнарасына айналады. Тіл - ұлттық ерекшеліктеріміздің, ұлттық мәдениетіміздің бір 
формасы.       
Сондықтан тілде әрбір халықтың, ұлттың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, 
мінез-құлқының  нысаналары  сақталады.  Тіл  жүйелілікті  сүйеді,  жүйесіз  тіл 
болмайды.  Жалпы  тілдің  екі  түрлі  ӛмір  сүру  формалары  болады:  сӛйлеу  тілі  мен 
жазба  тілі.  Олар  ӛте  тығыз  байланысты  болып  келеді..  Сӛйлеу  тілі  адамның  естуі 
арқылы  қабылданады.  Сӛйлеу  тілі  екі  немесе  одан  да  кӛп  адам  арасындағы  қарым-
қатынасты қамтамасыз етеді. Сӛйлеу тілі сабақ барысында монолог, диалог, келіссӛз 
жүргізу түрінде жүзеге  асады. Ал жазбаша тілде басты орын алатын сӛздік диктант, 
шығарма, мазмұндама түрінде жүзеге асады. Ал енді ағылшын тілінің шығу тарихына 
тоқтала кетейік. 
Ағылшын  тілі  –  үнді-европалық  тілдер  жанұясының  батыс  герман  тобына 
жататын  тіл  болып  саналады.  Герман  тобына  ағылшын  тілінен  басқа  неміс,  корвет, 
нидерланд, швед және тағы да басқа тілдер жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып 
есептеледі.  Ол  қазіргі  Ұлыбритания  аумағын  ежелден  басып  алған.  Англо-
Саксондардың  тілі,  бірақ  жауланған    келттердің    тілдері  әсер  тигізген.  Осыдан  300 
жыл  бұрын  ағылшын  тілінің  жалғыз  ғана  нұсқасы  болған  еді.  Ол  алғаш  Британияда 
қалыптасты.  Ал  одан  кейін ағылшын  тілі Австралия, Америка, Азия, Индия,   Жаңа 
Зеландия,  Африка  халықтарының  ортақ  тіліне  айналды.  Бірақ,  осы  аталған  елдерде 
ағылшын тілі әр түрлі деңгейде  дамыды, жетілді, толықты. Себебі, аталған елдердің  
қоғамдық ӛмір сүру талаптары әр түрлі болған еді. 
Ағылшын  тілі  -  дүниежүзілік  тіл.  Бірақ  та  ағылшындардан  да  бұрын  алғаш  рет 
отарлауды    бастаған  -  голландықтар  мен  испандықтар  .  Олардың  тілі  неге  әлемдік 
тілге айналмады деген  сұрақ туады. Себебі, голландықтар «біздің тіл сұлу, керемет, 
сендер грамматиканы білмейсіңдер, құр босқа тілді бұзасыңдар», - деп отар елдерін ӛз 
тілінде  қойған.  Ал  ағылшындар  болса  «қалай  сӛйлесеңдер  де  ӛздерің  біліңдер,  бізге 
түсінікті  болса  болды»,  -  деген.  Мұндағы  бір  артықшылық  ағылшын  тілі  септіктен 
тұрады. Сондықтан сӛйлеуі жеңілдеу, бірақ жазылуы  күрделі болып келеді. 
Әлемдегі ең кӛп таралған және де халық саны бойынша қытай тілінен кейінгі ең 
кӛп пайдаланатын тіл - ағылшын. Ағылшын тілі Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зеландия, 
Австралия  және  басқа  да  елдерде  ана  тілі  болып  есептеледі.  Тағы  да  ағылшын  тілі 
кӛптеген  мемлекеттердің  ресми  тілі  болып  саналады.  Жалпы  ағылшын  тілінің 

 
55 
Америкалық  ағылшын,  Австралиялық  ағылшын,  Канадалық  ағылшын,  Жаңа 
Зеландиялық ағылшын секілді түрлерінен басқа 30-дан астам диалектілік түрлері бар.  
Ағылшын  тілі  сабақтарының  басты  мақсаты  –  білімгерлерге  ӛз  елінде  басқа 
пәндерден  ӛзін  қоршаған  ортада,  қоғамнан  алған  білім  дағдыларына  қоса  басқа 
елдердің  тыныс-тіршілігінен  хабардар  болып,  мағлұматтар  алып,  жеке  бас 
тәжірибесін  жетілдіре  түсуге  кӛмектесу.  Оқушылар  мен  шәкірттер  ағылшын  тілін 
үйрену  арқылы  ӛз  білім  деңгейлерін  кӛтеріп,  ӛз  халқы  мен  басқа  халықтар 
арасындағы  ұқсастықтар  мен  ерекшеліктерді  ажыратуға  дағдыланады.  Оқушыларда 
ӛз  ой  пікірлері  қалыптасады,  кӛптеген  елдер  мен  елді  мекендердің  мәдениетін 
үйренеді. Оқыту әдісі дегеніміз не? Енді осыған тоқталайық.  
Оқыту әдісі дегеніміз - дидактиканың ең басты құрамдас бӛлігі бола тұра, білім 
беру мазмұнын, оқытудың  жалпы мақсаттарын және  міндеттерін анықтайтын оқыту  
процесінің  нәтижелі тәсілі. 
Жалпы  алғанда,  дүние  жүзінде  шет  тілдерін  оқыту  әдістемесінің  зерттеулеріне 
тоқталсақ, олардың  осы уақытқа дейінгі жетістіктері мынадай: 
-
 
Шетел  тілдерін оқу процесін сипаттайтын  әдістемелік білімнің  категориялары 
анықталып, әдістемелік түсініктердің жүйелік құрылымы пайда болған. 
-
 
Даму  заңдылықтары  жаңа  зерттеулерімен,  психологиямен,    лингвистикамен, 
психолингвистика  және  дидактикамен    байланысты  жаңадан  шет  тілін    оқытудың 
практикалық және теориялық әдістемелер негіздерін  түзу  жобасы ұсынылған. 
-
 
Әдістемелік  зерттеулердің  арқасында  оқу  жүйесінде  әр  түрлі  жас 
ерекшеліктеріне  қарай  шет  тілін  үйренуде    бір-бірімен    тығыз  байланысты  сӛйлесіп 
әрекеттерінің  негізгі  түрлерін  (айтылым,  сӛйлесім,  тыңдалым,  оқылым,  жазылым)  
сабақ барысында комплексті түрде пайдаланудың тиімді жолдары анықталған. 
-
 
Шет тілін оқуда үйренуші тіл және сол тіл елінің мәдениетін зерттеуде айтулы 
нәтижелерге қол жеткізілген. 
-
 
Шет тілін үйрену  үрдісінде коммуникативті бағыттағы негіз ұсынылған. 
-
 
Шет  тілін  оқыту  үрдісінде  аудио-видео  және    электронды  техникалық 
аппараттарды пайдаланудың тиімді жақтары кӛрсетілген. 
-
 
Оқытылып  жатқан  тілде  сӛйлеу  проблемалары  кӛтеріліп,  сабақ  барысында 
сӛйлеу  ортасын 
туғызу  арқылы  коммуникативтік  жаттығулар 
орындау, 
коммуникативтік компетенцияларды дамыту енгізілді. 
-
 
Тестілеу арқылы шет тілін үйренушінің нәтижелері қадағаланып, олардың оқу 
сатылары  анықталған. 
-
 
Шет  тілін  оқытуда  білімді  стандарттау,  реттеу  әдістемесі  ғылымның  басты 
проблемасы  ретінде қарастырылған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет