Ағылшын тілі пәнінің басты міндеті - білімгерлердің тілдік қарым-қатынас
жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен
қатар жасӛспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы ӛз
орнын табуға ерекше ықпал етеді.
Ағылшын тілін оқыту кезінде кез келген бір әдістемені қолдану әртүрлі
шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың
алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бӛлінген уақыт, сағат саны жатады.
Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын оқыту мақсаты болып келеді.
Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси, шаруашылық және тағы да
басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер
етеді.
56
Ағылшын тілін оқыту әдістері мыналар: Логикалық ойлау; Грамматикалық-
аударма әдісі; Сатылау; Тізбектеу әдісі; Үнсіздік әдісі; Физикалық сезіну әдісі;
Рольдік ойындар; Мәдени қарым-қатынас; Жобалау әдісі; Проблемалық оқыту әдісі;
Анализдеу; Миға шабуыл; Пікір алматыру; Интерактивті әдістер; Коммуникативтік,
кӛру,есту, кинестикалық, Витагендік әдіс, Ойға шолу, Аудиолингвистикалық әдіс;
Келесі әдіс; Түсіндіру; Кӛрнекілік әдісі; Практикалық әдіс және ақпараттық-
коммукативтік технология әдісі. Бұл оқыту әдістерінің ішінде бұрыннан қолданып
келген әдістер және осы замандық жаңа әдістер қамтылған. Осы ағылшын тілін оқыту
әдістерін салыстыра сипаттау аса маңызды. Себебі, пайда болған әрбір жаңа әдістің
артықшылығы мен кемшілігі болады.
Оқытушының сабақ барысында қай әдісті таңдауы салыстырмалы сипаттауда
аса маңызды. Себебі, әдістердің түрлері сан алуан және де бұл әдістердің
ӛзгешеліктерін білмей отырып оны таңдау мен қолдану қиынға соғады. Енді ағылшын
тілін оқыту әдістеріне тоқталайық. Ағылшын тілін оқыту әдістерінің ең алғашқы
қолданылған әдісі - «Grammar-translational method» (грамматикалық-аударма әдісі)
болды. Бұл әдістің негізі XVIII ғасырдың аяғында қаланып, XX ғасырдың ортасында
іс жүзінде қолданыста болды. Ағылшын тілін меңгеру грамматика мен сӛздікті
меңгеру қажет болды.
Сол үшін осы әдіс түрі қолданылды. Бұл әдісте қандай да ьір грамматикалық
құрылым
меңгеріліп,
кейін
сол
тақырыптарға
орай
сӛйлем
мәтіндері
жинақталады.Одан кейін сол сӛйлемнің аудармасы қамтылады. Қандай да бір әдіс
түрі сияқты бұл әдістің де ӛзіне тән ерекшеліктері болды. Біріншіден, бұл әдіс
грамматиканы жетік меңгеруге жол береді. Екіншіден, логикалық ойлау деңгейі
жоғары азаматтарға ыңғайлы болды. Бұл тәсіл 50 жылдардың аяғына дейін үстемдік
етіп келді. Себебі, уақыт ӛзгере келе, қоғам да ӛзгереді. Сӛйтіп заман ағымына сай
сан алуан әдістер дүниеге келтірілді.
Атап айтатын болсам, 60 жылдары пайда болған «Silenb way» (үнсіздік әдісі)
әдісін атауымызға болады. Ағылшын тілін оқытуда бұл әдістің басты мақсаты – тіл
үйренушіге кедергі келтірмеу, әрі оған оқытушының кӛзқарасын араластырмау. Бұл
әдіс бойынша оқытушы ешнәрсе айтпайды, бірақ ол оқыту барысында күрделі түрлі
түсті таблицаларды қолданады. Бұл таблицалардағы белгілер мен түстер белгілі бір
дыбысты таңбалап одан жаңа сӛздер құралады. Мысалы ретінде «dog» сӛзін айту
үшін ең «d», кейін «о», сосын «g» дыбысының белгісі саналатын квадрат немесе түрлі
таяқшалар кӛрсетіледі. Содан сӛз құралады. Үнсіздік әдістің артықшылығы
оқытушының тілді меңгеру сапасы, оқушының тілді меңгеру сапасына ықпал
етпейді.
Келесі қарастыратын әдісіміз «Total-physical respone» (физикалық сезіну әдісі)
деп аталады. Бұл әдіс оқыту барысында іс-қимылдар арқылы жүргізіледі. Оқушы
алғашқыда білім алады, ағылшын сӛздерін үнемі тыңдайды. Ал кейін оқығанын не
тыңдағанын қимылмен сезінеді. Оқушы физикалық қимылдарды білдіретін сӛздер
арқылы барлық сӛздерді меңгеруге мүмкіндік алады. Мәселен «отыр» деген сӛзді
түсініп олар отырады. Одан кейін 70 жылдары пайда болған әдістің бірі -
«Коммуникативтік әдіс» (қарым-қатынас әдісі). Оның ең басты мақсаты -
әңгімелесушілердің сӛздері түсінікті болуы үшін адам баласын бір-бірімен тілдік
қарым-қатынас жасауға үйрету. Бұл әдіс түрі ағылшын тілін үйретуде ең жеңіл және
қолайлы әдістің түрі болып табылады. Себебі, коммуникативтік әдіс қазіргі таңда да
жұмыс барысында жиі қолданылады. Осы әдіс ағылшын тілін үйретудегі бірқатар
үлгілі тәсілдердің үйлесімді кӛрінісі.
57
Ағылшын
тілін
үйретудегі
келесісі
-
«Audio-Lingual
method»
(аудиолингвистикалық әдіс) әдісі. Аудиолингвистикалық әдіс 70 жылдардың аяғына
қарай қолданысқа енді. Бұл әдісте оқушы магнитофоннан немесе оқытушының айтқан
сӛздерін тыңдап, кейін бірнеше рет қайталайды. Оқушы осы іс-әрекетте сӛздердің,
сӛйлемдердің немесе тіркестің дұрыс айтылу жолдарымен және оны аз уақыт
кӛлемінде жаттап алу, оны қарым-қатынас әдісінде қолдану шарттары бейімделе
бастайды.
Ағылшын тілін үйретудің келесі әдісі - «Sugesto pedia» (ойға шому) деп аталады.
Бұл әдіс түрі 70 жылдары қолданысқа енді. Бұл әдіс түрі басқа әдіс – тәсілдерге
қарағанда күрделірек болып келді. Себебі осы әдісті қолдана отырып оқушы қиялға
беріледі. Бұл әдістің мән–мағынасы мынадай: оқушы ағылшын тілін үйрену кезеңінде
ӛзін мүлдем басқа адам болып сезінеді. Ол озіне жаңа есім таңдап, жаңа ӛмірбаян
ойлап табады. Сӛйтіп, оқушы ӛзін мүлдем бӛгде әлемде – ағылшын әлемінде
отырғандай күй кешеді. Бұл әрине оқушылар үшін қызықты және жұмбақ болып
келеді. Осы әдісте қолданылған барлық тәсілдер оқушылардың оқып-үйрену
процесінде оң әсерін тигізеді.
Ағылшын тілін меңгеруде сӛздік қордың бай болуы да аса маңызды болып
келеді. Ағылшын тілі сабағында сӛздік қорды дамыту жолдары мынадай әдіс-
тәсілдерден тұрады. Олар: сӛйлеу, әңгімелесу, сұрақ-жауап, аударма, түсінік, кітап
мәтіні мен жұмыс әдіс-тәсілдері. Оқушылардың сӛздік қоры баю үшін оқытушы сабақ
барысында кестелер, видеокассеталар, түрлі суреттер, кӛрнекі құралдарды қолдануы
керек. Енді ағылшын тілін сӛздік қорын дамытатын әдіс-тәсілдерге жеке-жеке
тоқталайық.
Кӛрнекілік әдісі – ағылшын тілін үйретуде ең жиі және ең нәтижелі әдіс-тәсілі
болып саналады. Себебі, бұл әдіс барлық сабақ түрінде қолданылады. Кӛрнекілік
әдісте әрине кӛрнекілік құралдар мен схемалар қолданылады. Олар бірнеше түстен
кем болмауы керек. Бұл оқушылардың сабақ барысында қызығушылығын және сӛздік
қорларын дамытуда ең тиімді жолы болып табылады.
Тҥсіндіру әдісі – оқытушы сабақ барысында, оқыту үрдісінің бастамасы ретінде
іске асырылатын әдіс. Бұл әдісте оқытушы жаңа сӛзді, жаңа тақырыпты немесе
сӛйлемдерді түсіндіру үшін қолданылады.
Сұрақ–жауап әдісі – балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл
әдісте оқушылар коммуникативтік әдісте болады. Бір-бірлеріне сұрақ қойып, кейін
сұрағына жауап алады. Кең кӛлемде қолданылатын әдіс түрі болып табылады.
Практикалық әдіс – оқушылар сабақ үйрену барысында түрлі ойын элементтері
бойынша тіл үйрену іс–әрекеті болып табылады. Оқушының сӛздік қорын молайтуда
ойындардың ролі зор, себебі, ойындар олардың сӛйлеу машығын қалыптастыру үшін
қажет.
Интерактивтік әдіс – сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бұл
әдістің мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау.
Оқушылар және тапсырмалармен жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де ойлауға
үйренеді. Бұл әдісте әр оқушы ӛз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ
нәтижеге қол жеткізуге талпынады. Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Бұл
әдісте оқушы сабақ барысында оқушыларға кеңесші, серіктес рӛлін атқарады.
Қазіргі таңда оқыту процесі жыл сайын толығып, жаңарып отыратындықтан тіл
үйренушіге қойылатын талап та, жуапкершілік те арта түседі. Оқушылардың
мүмкіндіктерін ашып, қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыруға арналған
жаңа әдіс-тәсілдер қалыптаса бастады.
58
Жаңаша оқыту әдістемесі дегеніміз – тілді жаңа озық технологиялармен оқыту
деген сӛз. Жаңаша оқыту әдістемесі бұл бұрынан келе жатқан оқыту әдістерін
ӛңдеумен, жӛндеумен, талдау арқылы жетілдірумен және жаңа жолдарды
іздестірумен шұғылданады. Оның ең басты мақсаты – білімгерлерді оқыту
процесімен үйрену, таңдау жасау және оларға бағыт- бағдар беру.
Жаңаша оқыту әдістемелерін оқытушы ӛз мүмкіндігінше бұрынан бар дағды,
әдістерді басшылыққа ала отырып, оны түрлендіріп, жандандырып тәжірбиеде
қолданады. Осы тұрғыда тіл үйретушінің қабілетін дамытуға, әрбір тілдік материалға,
қиындықтарға даяр болу мен оны жеңе білу, қарым-қатынас жасай білуіне ықпал
етеді.
Қазіргі таңда жаңаша оқыту әдістемені пайдалану кезінде жаңа техника
құралдары: әр түрлі кӛрнекі құралдар, компьютер, аудио-бейне құралдар,
кодоскоптар қолданылуда.
Компьютерлік технология - оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін,
әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процесті
ұйымдастырудың ең тиімді жолы.
Компьютерлік оқыту бағдарламалары белгілі бір грамматикалық құрылымның
жұмыстарын қамтиды. Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының
негізі алғы шарттарын ғалымдар тӛмендегідей саралайды:
1.Компьютер шексіз ақпарат әлеміне енуге және ақпаратты жүйелі түрде
талдап, сараптауға мүмкіндік береді.
2.Компьютер ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық
мәдениетінің үнемі ӛсуіне жағдай жасайды.
3.Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы
ретінде ерекшеленеді.
4.Басқа құралдардан компьютердің ерекшелігі - оның қатысымдық құрал
бола білуі. Бұл - мәліметтерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Ал тіл
үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңыздысы болып келеді.
5.Компьютер білімгерлерге ӛз әрекеттерінің нәтижесін айқын кӛрсете
алады.
6.Компьютердің кӛмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта
орындау мүмкіншілігі туындайды.
Психологиялық тұрғысынан қарағанда компьютермен оқытудың тиімділігі
тӛмендегідей:
1.Оқу-әдістемелік жұмыстың тиімділігін, практикалық сабақтың
қызығушылығын қамтиды.
2.Оқытушыға уақыт үнемдеуге және үйретудің кейбір тиімді сәттеріне
назар аударуға кӛмегін тигізеді.
3.Компьютердің арқасында оқушы бойында түйсіну пайда болады.
4.Әр түрлі жаттығуларды, ойын элементтерін және музыканы қолдануға
ӛте тиімді.
Қазіргі таңда ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен
ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың ӛзі компьютермен
жұмыс істеуде қызығушылық танытады. Себебі, кейбір жағдайларда компьютер
білмеген жерін кӛрсетіп, кӛмекке келеді. Жоғарыда тоқталып ӛтілгендей, білім беру
саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап,
сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап болып отыр. Бұл тұрғыда
қарағанда мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар
59
болсақ, кӛрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-
коммунгикативтік технологияның бір ӛзі атқара алады. Ал ақпараттық технология
дегеніміз - ақпараттарды жинау, сақтау және ӛңдеу үшін бір технологиялық тізбектес
біріктірілген әдістер мен ӛндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың
жиынтығы.
Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта
жан-жақты қолдану, мұғалімнің кӛптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, оны
іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдердің пайда болуына мүмкіндік туғызады.
Осындай жаңа жолдардың қатарына ақпараттық оқыту жӛніндегі компьютерлік
бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Қазіргі ақпараттық құралдар - бұл тек спутниктік және кабельдік телевидение,
бейне және дыбыстық жүйелер, электронды ойындар емес, сонымен бірге тілді
оқытудың жаңа жүйесі.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланатын әдістер мен Интернет секілді
қазіргі тәсілдер - жеке бағдарламалық бағытта кӛмегін тигізеді, оқушының қабілетіне
қарай оқытудың дифференциясын қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда адам баласы ӛмірінде компьютердің қолданылмаған жері жоқ.
Себебі, әр салада компьютерлік технология белсенді қолданылуда, ал интерактивті
бағытта оқытушы мен оқушыға кӛмекші құрал.
Компьютерлік техналогияларға әртүрлі ғылыммен практикада арнайы
ақпараттық әдістер, тақырып бойынша лексика-граматикалық жаттығулар жатады.
Бұл технология арқылы сӛздерді таңдау, іріктеу, мәселесімен айналасуға болады.
Оқушы түсінігін кеңейтіп, сӛздерді дұрыс қолдануға дағдыланады және тақырып
бойынша ӛз ойларын жеткізеді.
Компьютерлік технологияның ағылшын тілі сабағында ерекшелігі – сӛздерді есте
сақтап, тез меңгеруге және байланысты лексика-граматикалық материалды арнайы
компьютерде дайындау болып табылады.
Ағылшын тілі сабақ барысында компьютер оқытушыға оқушының ӛз бетінше
жұмысын ұйымдастыруға жәрдем береді. Ол үшін ғалымдардың ұсынысы бойынша
мынадай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдер қолдану дұрыс:
1.Сұрақ-жауап диалогы.
2.Таңдамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма.
3.Еркін құралған сӛйлемдерді стильдік түзету.
4.Толықтыруды керек ететін жаттығулар.
5.Сӛздікті меңгеруден ӛзін-ӛзі бағалауға арналған жаттығулар.
Компьютерлік бағдарламалар уақыт ӛте келе жетіліп, қарқынды даму үстінде. Сӛйтіп,
біз бүгінде әлемдік интернет жүйесі арқылы ақпарат алып қана қоймай, білім алудың
жаңа түрі аралықтан оқыту әдісі пайда болды. Бұл оқыту әдісінде мультимедиялық
технологияның кӛмегімен бейне, мәтін, графика арқылы оқу курсының материалдары
жасалады. Оқу материалы ретінде оқушыға дәстүрлі оқулықтар мен оқу құралдары
және интерактивті қасиеті шектеулі бейне және мультимедиялық материалдар
ұсынылады.
Ӛзге тілді компьютерлік технология арқылы оқытуды енгізу – тіл үйренушінің
тілді меңгеруін белгілі бір дәрежеге кӛтерді деген пікірде ғалымдар мен сарапшылар.
Осы технология арқылы оқытылатын тілдік материалдар кӛп мерзімге дейін адамның
есінде сақталады. Ағылшын тілін үйрету барысында ескертетін жайттар:
1.Ағылшын тілін оқытуды жүйелі түрде жүргізу.
2.Үйрету күнделікті ӛмірде жиі қолданылатын контекстерден басталады.
60
3.Тапсырманы оқушының қабілетіне қарай беру.
4.Оқу материалдарын шындыққа сай етіп алу.
5.Үйрену – қарапайымнан күрделіге қарай ұстанымы арқылы жүзеге асады.
Сарапшылар мен ғалымдардың пікіріне сүйенсек, ағылшын тілінің барлық
деңгейін білу үшін 3000 сӛз қажет делінген. Осы 3000 сӛздің 500-і етістік, 500-і сын
есім, 1500-і зат есім, қалған сӛз тобы 500 бірлікті құрайды екен. Және де олардың
айтуынша, күнделікті қарым-қатынас жасау үшін алдымен сӛздер, сӛз тіркестері
қажет. Сол сӛздердің ішіндегі дұрыс таңдалған 400 сӛз арқылы қалғаны 90 пайыз
сӛздің орны толтырылып тұрады. Егер кітап оқу қажет болса, оқушының сӛздік қоры
мол болуға тиіс. Бірақ оның кӛп бӛлігі пассив сӛздер болып келеді. Сол себептен 1500
жуық сӛз білетін оқушы мәтіннің мазмұнын жеткілікті деңгейде талқылай алады екен.
Кӛбінесе оқушыны ағылшын тілінде сауатты сӛйлеуге, жазуға, оқуға үйрету үшін әр
оқытушы ӛз бетінше ізденеді. Осыған байланысты ғалымдар мен сараптаушылардың
беретін кеңестері тӛмендегідей:
1.Үйренуші оқытушының қойған мақсатын білуі керек. Әрбір сабақта
жауапкершілікті сезіну керек.
2.Ағылшын тілі мен ана тілі немесе басқа тілдерді араластырып сӛйлемеу
керек. Керек болса, граматикалық деректерді түсіндіруде ана тілін қолдануға
болмайды.
3. Оқушы жауап беріп тұрғанда оның қатесін бірден жӛндеп, оның сӛзін
бӛлудың қажеті жоқ. Қатені жӛндеудің дұрыс тәсілі – жауаптарды бағалар кезінде
қате айтылған қолданыстарды талдау.
4.Сабақ табысты ӛтуі үшін оқушылар ұжымын дұрыс ұйымдастыра білу
керек.
5.Оқушылардың ӛзіне деген сенімділігін, оларға берілген тапсырманы
соңына дейін толық орындату.
6.Кӛрнекілік, техникалық құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
7.Сабақты асықпай жүргізіп, не істеу керектігін және қалай орындау
керектігін түсіндіруге жеткілікті уақыт бӛлу.
8.Оқушыны сӛйлеу, жазу, оқу әрекеттеріне арналған ӛзіндік жұмыстарға
кӛбірек тарту.
9.Белсенді талдау кезінде қалыптасқан шуды тоқтатпау.
10.Оқушының есте сақтау қабілетін жетілдіретін теориялық білімді
ӛмірмен ұштастыруға мүмкіндіктер туғызу.
11.Әрқашан оқушыларға қолдау кӛрсету.
Заман ӛзгерген сайын әдіс-тәсілдер кӛбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Әр түрлі
жаңа технологиялар тәжірибеде қолданылуда. Жаңа технологияны, әдістерді тиімді
қолдану білім сапасын кӛтереді. Тіл үйретудегі ең басты мақсат - оқушының сӛйлеу
тілін жетілдіру. Оқушылардың сӛздік қорын дамытуға бағытталған әдістердің жалпы
міндеті - сӛздің мағынасын дұрыс түсініп ӛз сӛзінде дұрыс қолдану.
Қазіргі ӛмір талабы – оқу және тәрбие процесін түбегейлі ӛзгерту. Еліміздің
тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер, білім беру
саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың
ғылыми және әдістемелік деңгейін кӛтеру міндеттерін жүзеге асыруды талап етуде.
Сондықтан да ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің
алғышарты - оның қоғамдық ӛмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып
табылады. Дүниежүзін мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуі
үшін халықаралық сипат алған ағылшын тілінің ролі зор.
61
Ағылшын тілін үйрету баланың ӛз бетінше білім алуына, интермәдениет
коммуникациясын бойына сіңіруіне септігін тигізеді.
Қоғамға тәлімді және жоғары мәдениетті адам қажет. Қоғам ӛзгере келе заман да
ӛзгереді. Қазіргі заманда ғылым жан-жақты дамыған ӛркениетті елдердің қатарына
қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген
сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр.
Үш тілді білу - қазіргі заман талабы. Ӛркениет кӛшінен қалмай, соған сәйкес
қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек.
Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін
білеміз. Сол себептен біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде
бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек.
Бүгінгі күні ағылшын тілін оқып-үйрену аса маңызды қажеттілік болып
табылады. Себебі, ол шын мәнінде, әлемдік тілге айналып кетті. Ағылшын тілін
меңгермей, жаһандық бәсекеге қабілеттік туралы айту мүмкін емес. Сондықтан қазір
қытайлықтардың ӛзі де ағылшын тілін бар ынтасымен оқып үйренуде.
Ағылшын тілі - БҰҰ-ның негізгі алты тілінің бірі болып саналады. 200 жыл
бұрын француз тілі, латын тілі 300 жыл бұрын, 1000 жыл бұрын араб тілі дүниежүзін
билесе, қазіргі кезде ағылшын тілі дүниежүзілік маңызы бар тілге айналып отыр.
Неліктен? Ӛйткені, біріншіден, ғылымның дамуына байланысты.
Қазіргі ағылшын тілді елдердің экономикасының дүниежүзіне ықпалы артуда.
Екіншіден, ағылшын тілі - әдебиет пен саясаттың, ӛнердің, сауда-саттық пен әр түрлі
ресми қарым-қатынас тілі. Бірақ та ағылшын тілі мамандарының алдында
проблемалар да бар. Олар: біріншіден, ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды
енгізуге байланысты материалдық-техникалық базаның талапқа сай келмеуі.
Екіншіден, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда базалық ортаның аз
қамтылуы. Осы проблемаларды шешудің бірден-бір жолы - оқу бағдарламасын
ӛзгерту, әдістерді жетілдіру. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды,
дамытылуы тиіс. Ендеше оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық
белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор болып
келеді.
Осы әдістер мен әдістемелердің қолдануына байланысты оқушылардың ағылшын
тіліне деген қызығушылығының артқанын кӛреміз.
_____________
1.А.Иманбаева. Оқу-тәрбиеүрдісінақпараттандырубілгірлігі.Қазақстанмектебі, №2,
2000.
2.Білімзаңы. Алматы, 2007ж.
3.К.Ӛстеміров, А.Айтбаева. Қазіргібілімберутехнологиялары. Алматы,2006ж.
4.Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикова. Актуальные проблемы модернизации пелагогический
системы на основе технологического подхода. Алматы, 2000ж.
5.Happy English.
6.Современное образование. №2-3б2008.
Аннотация. В статье рассматриваются методы обучения английскому языку и
его влияние на развитие уровня знания учеников в целом
Annotation. Different methods of teaching English are considered in this article.Also
the influence of English on the development of students’ knowledge in general is analysed
62
Б.А. Мҧртазаева
ҦЛБИКЕ МЕН ІЗТІЛЕУ АЙТЫСТАРЫНДАҒЫ ОЙ ТАРТЫСЫ
ӘОЖ 82.02 (5Қаз)
М 1079
ХІХ ғасырдың ірі ақындарының бірінен саналатын Ұлбике Жанкелдіқызы талай-
талай сӛз саңлақтарымен сӛз таластырып, ұстасып, күш сынасқан. Ӛзімен айтысқан
ақындармен бетпе-бет кездескенде, ол салалы да салдарлы айтыс үлгісін кӛрсеткен.
Бүгінгі таңда Ұлбике Жанкелдіқызының мұралары бізге сонысымен қымбат. Уәж
тапқыштық, айтқыштық, бейнелілік, шапшаңдықтың ақындар үшін барынша бағалы,
таптырмас қасиет екендігін ескерер болсақ, соның тамаша үлгісін кейінгі ұрпаққа
кӛрсете білгендігі де ақын қыздың бізге қалдырған асыл сыйы деп білуіміз керек.
Ұлбике ӛзімен замандас Күдеріқожа, Мәделіқожа, Таспақожа, Серәліқожа,
қарақалпақ Жанкел, Ізтілеу, Ӛске секілді сӛз зергерлерімен қақтығыста олардың
барлығын жеңіп шыққан қарымды ӛнер иесі болып табылады.
Ұлбике мен Ізтілеудің айтысында екі ақынның сӛз сайысы бірден шиыршық
атқан тайталастан басталады. Кӛпшілік ортасына бір-екі ақын бар дегенді естіп,
солармен айтысқа түсуге келгенін білдірген Ізтілеуге Ұлбике бірден мынадай
ӛлеңмен тиіседі:
Ӛлеңді қоя бердім ал дегенде,
Несіне тоқталайын жыр дегенге.
Қосылып ӛзім теңді айтысушы ем,
Кӛңілім толмай отыр шал дегенге (1, 648).
Ұлбике Ізтілеуді ӛзіне тең кӛрмей, оның жасының үлкендігін, егделігін бетке
басып, шал деп тұқыртады. Айтыс үшін айтыскер ақындардың жастарының
айырмашылығы үлкен ілік қызметін атқармайды. Алайда қарт ақынның жас ақынды
жассынуы, баласынуы, пісіп-жетілмегендей кӛріп, қомсынуы ұшыраса береді.
Айтысушы ақындардың бірі қыз екіншісі жігіт орнында айтысқанда, жасқа
байланысты, жас алшақтығына, бірінің жас екіншісінің қарт екендігіне байланысты
айтылған сӛздер, тең кӛрмей қараған кӛзқарастар үлкен шамырқану сезімдерін
туғызған.
Тамағын қырнап, білегін түрініп, иығын қомдап ӛлеңді ағылтып отырған ақынға
қарсы жақтан ӛлең бастаған жас сұлудың менсінбеген, ӛзіне тең кӛрмеген ыңғайын
тану оңайға түспейді. Оның үстіне ақынның ӛзі қартайғанмен, кӛңілі жас болса,
мұндай ыңғайдан қатты тартыс, шын шарпысу басталады. Ізтілеу де осындай күй
кешеді. Ӛзін шал кӛріп отырған сұлудың сӛзіне қатты шамырқанып, қарсыласына
қатты шүйіледі. Оның бұлайша қатты шамырқануында ешқандай әбестік жоқ. Ізтілеу
ғана емес, сол тұстағы онымен тұстас қолы ұзын жандардың қай-қайсысы да ӛздерін
қандай сұлу қызға да лайықты еркек ретінде білген. Алпысқа келгенде он бес - он
алтыдағы қызды малға жығып алу бар жерде ер адамдардың қарттық пен жастық
туралы, еркектің қарттығы, қыздың жастығы туралы ұғымдары, түсініктері
салыстырмалы ғана мәнге ие еді. Ізтілеу де осындай ұғымдағы ерлердің бірі
екендігіне сӛз жоқ. Сондықтан да ол:
Сӛзіңе шал деп айтқан сенгенім доқ,
Әйелге сенен кейін барғаным жоқ.
Шашым ақ, сақалым ақ болғанменен,
63
Аққуды қаздан кейін шалғаным жоқ (1,48), - деп самғайды. Ізтілеу
қарсыласының сӛзіне тікелей жауап қайтара отырып, оның ойын да, сӛзін де теріске
шығарады, мойындамайды. Оның әр сӛзінде үлкен мазмұн жатыр. Мазмұнда қыз
намысына тиетіндей ӛктемдік бар. «Әйелге сенен кейін барғаным жоқ» секілді ӛлең
жолындағы ауыр салмақты Ұлбике де, айналада жиналып отырған қалың жұрт та
байқамайды емес. Қыздың ілгеріде айтқан қомсыну сӛзіне бӛрікті қазақ, жасы
қаншада болса да, тек осылай жауап қайтарып, осылай тиісуі керек еді.
Бұл жерде Ізтілеудің сӛзі Ұлбикеге оқтай қадалып, орынды айтылғанын жоққа
шығармау қажет. Қыздың әлгіндей сӛзіне мынадай жауап қайтарғанда, жиналған
жұрт бір ду етіп, қарт ақынды қолдап, қалпаштап қоюы ғажап емес. Ізтілеу мұнымен
тоқтамай, шашы мен сақалының ақтығын да жасырмайды. Оны айта отырып та ол
қайратының шашы мен сақалының ақтығына тәуелді еместігін, күнде қаз алып
жүрген бабындағы сұңқардай шарықтайды. Ақынның сӛзі бейнелі, суретті, астарлы.
Бір шумақ ӛлеңнің алғашқы және кейінгі жартысында айтылған ойларда Ізтілеу ӛзін
биіктен биікке кӛтереді. «Әйелге сенен кейін барғаным жоқ» деген шалқыма сӛзіндегі
ойды ӛлеңнің екінші жартысында дамытып, астарлы түрде жаңа биіктен айтып, ӛзінің
қайраты тасыған қалпын мадақтайды.
«Аққуды қаздан кейін шалғаным жоқ» деген жол – түгелдей астарлы, бейнелі,
суретті ұғымдар жүйесін түзетін тапқыр да ұшқыр, әрі кӛркем ойлаудың нәтижесі.
Бұл жерде ақын айтып отырған аққу да, қаз да, шалу да – бәрі ауыспалы мағынада
қолданылған. Мұның ӛзі Ізтілеудің қарт та болса шарт мінезді ірі ақын екендігін,
оспақты ойға ұста, суретті сӛйлеуге шебер жан екендігін кӛрсетеді. Екіншіден,
алдында мектебі, ақындық ортасы жоқ ақын мұндай кӛркемдік ойлау деңгейінде,
мұндай кестелі шығармашылық келісім деңгейінде сӛйлей алмақ емес.
Ізтілеудің мұндай ақындық болмысы, тапқырлығы мен ұтқырлығы, суретті сӛзге
ұсталығы Ұлбикені де терең ізденістерге бастайды. Ізтілеудің ілгерідегі десте-десте
кестелі сӛзі қыздың ойы мен сезіміне, ақындық танымы мен талғамына әсер етпеді,
оны тиісті дәрежеде іштей бағалай алмады деу орынсыз. Қарсыласының осындай
келісті кӛркем сӛзінің мәнін ұққан қыз енді оған бұрынғыдан бері сыпайы тіл қатады:
Ізеке, алпыс бестен асамысың,
Тоқталмай осы жаста тасамысың.
Келгенде алпыс беске кӛзің жұмып,
Жастарды жолыңдағы басамысың? (1,48)
Ұлбикенің сӛзі де астарлы мағынаға бай. «тоқталмай тасу», «кӛз жұму»,
«жастарды басу» - бұрма мағынада қолданылып тұрған сӛз тіркестері. Олардың
ішінде еркін тіркестер де, тұрақты тіркестер де бар. Ақын қыз пайғамбар жасынан
асқан қарсыласын сол жасына лайық бағалай, тани отырып, оны әлі де болса әдептен
аспауға, үлкеннің жолынан таймауға, жастардың жолын кеспеуге, қанағат тауып,
тоқтауға шақырады. Ізтілеу қыздың бұл ӛтінішіне, сыпайы тілегіне құлақ қоймай,
бұрынғы ойын одан әрі жалғастыра береді:
Ізекең талай тайлақ мінген шығар,
Аққуды талай кӛлден ілген шығар.
Аққуды талай кӛлден ілгендігін
Біразы бозбаланың кӛрген шығар (1, 48).
Ақынның сӛз саралауында мін жоқ десе болғандай. Образ да, сурет те, мінез де,
динамикалық шымырлық та – бәрі де бар. Оның «мінген тайлағы» да, «ілген аққуы»
да, олардың әрбір сыңары да астарлы, тұспалы. Метафоралық күрделі құрылымдар
ақынның ойын да, ойлауын да барынша анық танытып тұр. Осы кӛркемдік бейнелеу
64
құралдарының жүйесінде «талай» сӛзінің бірнеше рет қайталанып келуі ақынның
айтып отырған негізгі ойын ӛткірлеп, оның кӛркемдік күш-қуатын, қарсыласы мен
тыңдаушыларына ықпалы мен әсерін арттыра түседі.
Мұның ар жағында талайды мініп, талайды ілген Ізтілеуге айтысқа түсіп отырған
Ұлбикені ілу түкке тұрмайды дегендей ірі түсінік жасырынып тұр. Айтайын деген
басты ойын бұлайша тұспалдап, суретке бӛлеп, жасырғандай етіп жеткізу де
Ізтілеудің ақындығының айрықша кӛркемдік жетістіктері қатарына жатады. Ақын
ойын осылайша жоғары кӛркемдік деңгейде түйе отырып, оның мәнісін ашатын
жайлардың бозбалаларға белгілі екендігін де арнайы ескертіп ӛтеді. Сӛйтіп, ол ӛзінің
жасына қарамастан, арыны басылмаған алғыр қалпында екендігіне куә тарта
сӛйлейді.
Ізтілеудің әдепкі бетінен қайтпай, тағы да жігітшілігінің мықтылығына қуа тарта
сӛйлегені Ұлбикеден басқаша сӛйлеуді, бұрынғыдай әдептен аспай айтысу
ӛлшемдеріне ӛзгеріс енгізіп, ащы да болса шындықты айтуды талап етеді. Ақын қыз
Ізтілеудің жігітшілік сӛзіне қарсы мынадай ӛлең қайтарады:
Ақылың, тұрсам ойлап, кӛшкен екен,
Басыңнан талай дәурен кешкен екен.
Келгенде алпыс беске бозбала ертіп,
Сарапқа сенің басың түскен екен (1, 48).
Ұлбике Ізтілеуге оның ӛз ісі туралы ӛзінің айтқан сӛздерінің негізінде баға
беруге кӛшеді. Оның «ақылының кӛшуі», «дәуренінің кӛшуі», «басының сарапқа
түсуі» - бәрі де ӛз сӛзінің мазмұнынан шығып жатыр. Ӛзінің күйеуіне куә тарта
сӛйлеуі Ізтілеуге қайта айналып келіп, ауыр соққы болып тиеді. Ізтілеудің басының
сарапқа түсуі туралы ойын осылайша нық тұжырымдаған қыз оның «тасыған»
жігітшілік қуатының жалғандығын да оп-оңай әшкерелеп береді.
Осыдан кейін-ақ Ізтілеудің ӛзі де, жиналған тыңдаушы, тамашалаушы жұрт та
Ұлбикеге іш тартып, оның сӛзінде жүйе барын, тегеурін барын, шындық барын
сезгендей, мойындағандай хал кешсе керек. Алайда Ізтілеу бұған тоқтамайды. Әдепке
келгенде, әдептен аспаған жағдайда, Ізтілеу осы жерде-ақ тоқтам табуға тиісті еді. Бір
жағынан ақындық намыс, екінші жағынан еркектік намыс қысып, ақылын ашуына
алдырғандай халге түскен ақын бір айналған жерін шыр айналып, тағы да
қайратының тасып тұрғаны жайлы ӛлеңдетеді:
Әңгүдік, халің білмей, айқайлайсың,
Ағаңды жеңемін деп шайқаймысың.
Келгенде алпыс беске қайратымды
Үйіңе бір қондырып байқаймысың? (1,48)
Ізтілеу, осылайша, әдептен озып, ӛлермендікке салынады. Табиғаттың заңын,
жаратылыстың жӛнін мойындамау тентектіктен де емес, еркектен де емес, ақылды,
сабырды тоқтатпағандықтан екені, шындықты мойындаудан қашқақтау екендігі
жалпыға белгілі. Осы шындықты танымау, танығысы келмеу, табиғаттың құдіретімен
болатын ӛзгерістерді, ӛзінің шын күйін мойындағысы келмеу әркімді де орға жыққан.
Ізтілеу де осындай жағдайға тап болады. Ұлбике оны халыққа кеңінен белгілі жыр
үлгісіндегі шындық ӛнегесімен тоқтатқысы келеді:
Қараңыз Ізекеңнің аруларын,
Жастықта есіне алған қаруларын.
Қарт Қожақ Ақжүніске не деп айтқан,
Қайдағы алпыс екі тамырларын (1, 48).
65
Ұлбике Ізтілеуді әдепке тоқтату мақсатында халық ауыз әдебиетінің асыл
үлгілерінің бірі «Ер Тарғын» эпосындағы Қарт Қожақ пен Ақжүніс қыз арасындағы
жастық пен қартыққа қатысты болған тіл қатысулардың жайына назар аударады.
Ақжүністің ӛзінің жастығы, Қарт Қожақтың қарттығы туралы сӛзі жаулық ниеттегі
қарт батырдың да жүрегін жібітіп, ақылын қозғағаны Ұлбикеге де, Ізтілеуге де,
олардың айтысын тыңдап отырған қалың кӛпшіліктің де кӛкейінде тұрғаны сӛзсіз.
Жас сұлу мен қарт кісінің арасындағы осындай алшақтықты, ол алшақтықтан
туындайтын жай мен күйді қыздың артынан жаулық ниетпен қуып келген Қарт Қожақ
батырдың ӛзі түсінгенде, түсініп қана қоймай кісілік іс істегенде, Ізтілеу ақынның
жасы алпыс бестен асқанда, ӛзімен айтысып отырған жас сұлуға осынша шүйіліп,
елде жоқ қыңырлық пен қисық қылық кӛрсетуі, еркектігінің күштілігін қайта – қайта
қайталап айта беруі оның ақындық әдебіне де, кісілік келбетіне де үлкен шіркеуге,
арсыздыққа ұласатын лақпа сӛзге айналады. Тілі кестелі, ойы орамды ақынның
әдептен озып, анайылыққа ұрынуы, ақындық мәдениеттен алыс кетуі, ақырында оны
жеңіліске ұшыратты.
Айтыстың екінші жартысында Ізтілеу ой желісін басқа арнаға бұрады. Оған
себеп болатын жай – ол туралы Ұлбикенің ӛлеңмен ӛріп айтқан кейбір шындық
құбылыстар. Ізтілеудің ӛмір тарихы жайында нақты мәліметтер айтқан қызға да
былай деп қарсы сауал қояды:
Сен мені келмей жатып білдің қайдан?
Сен бе едің мені тапқан ұлы шешем?
Ақынның ӛлеңіндегі осы келтірілген жолдардың кӛркемдік дәрежесі оның бұған
дейінгі сӛздерінің деңгейінен әлдеқайда тӛмен екенін аңғару қиын емес. Тақырыптың
ауысуы Ізтілеудің сӛзінің кӛркемдік қуатының кемуіне алып келген секілді кӛрінеді.
Бұл арада оның кӛңіл-күйіндегі ӛзгерістердің атқаратын қызметі де болу керек.
Алғашқы тақырып желісінен жеңіске жете алмаған ақын кӛңілінде ала кұйын
сезім барын жоққа шығару қиын. Намыс пен ашу болғанда шын талант шамырқанып,
шырқау биікке самғайтыны болады. Мына жерде Ізтілеу де осындай намыс пен ашу
буғандай күйге түскенінде сӛз жоқ. Алайда бұл намыс пен бұл ашу қайралған,
қайралған соң жетілген, сӛйтіп қайта ӛрлеген жанның намысы мен ашуына еш
ұқсамайды. Бұл жерде қолы созған биігіне жетпеген, шықсам ба деген биігіне шыға
алмаған, алсам ба деген асуын ала алмаған жанның жасыған жігері, басылған желігі
қозғаған намыс пен ашу ғана бар. Мұндай ашу мен намыс ақынды құлдыратпаса,
аспандатпайды. Ӛлең жолдарының айтыстан гӛрі ұрысқа ұқсаңқырап тұруы осының
айғағындай.
Ізтілеудің алғашқы тақырыпты шиырлағанын қойып, басқа тақырыпқа кӛшкені,
кӛшкенде тағы да сыпайылық сақтамай, қарабайырлыққа ұрынуы, ӛзі туралы
қарсыласының тіліне тиек болардай сұрақ тастауы оның ойының тоқырай
бастағанынан белгі береді. Осыны аңғара қойған ақын қыз мынаны айтады:
Бойынана Айдарлының ордым құрақ,
Қадыр-хал жас та болсам түстім жырақ.
Құлы деп Құлқараның қойын баққан
Естиді әркімдерден біздің құлақ (1, 49).
Ізтілеу қыздың мына сӛзіне орай ӛз жағдайының бұдан гӛрі жақсы екенін, малға
кедей болса да, жанға бай екенін, болмаса аса байлықтың оған қажетсіздігін, дүниенің
барлық байлығы кӛкірегі толып тұрған ӛлеңінде екенін айтса, осы бағытта және басқа
жайларды қару етіп кӛлденең тартса, оның тар жолдан тайғақ кешпей ӛтіп кетуі ғажап
66
емес еді. Ӛкінішке орай, ақын қыздың бұл сӛзіне қарсы нақты қару табудың орнына,
қыздың басына тиіседі:
Балтаның сабын ашсам, таты қалған,
Олжаны байламай ма атып алған?
Мақтанба нағызбын деп сен де маған,
Тарыға екі пұттай сатып алған (1, 49).
Қыздың ілгерідегі сӛзіне жауап қайтарудан жалтарып, қыз басындағы ӛзі
кемістік деп білетін мына жайды айтуы Ізтілеудің айтыс жүйесінен ұтылғанын тағы
айғақтайды. Оның мына сӛзін «ұтылған ойынға тоймас» дегендей бір күй десе
болғандай. Ұлбике болса, Ізтілеудің бұл сӛзіне де қолма-қол жауап қайтарып, асып
түседі:
Ізеке, кӛрініп тұр сӛз құйрығы,
Құлдарды алып қашқан ат жүйрігі.
Тарыға екі пұттай келе қойсақ,
Мал алып, ерге тимек – хақ бұйрығы (1, 49).
Мұндағы «сӛз құйрығы» сӛзінің мәнісі айтыстың аяқталуға жақандап, кімнің
жеңіп, кімнің жеңілері айқындалып, кӛрініп қалды деген ойға келіп тіреледі. Әрине,
қыз ӛзін жеңілдім дегелі отырған жоқ, сӛзі де, ӛзі де мығым, ширақ. ӛзіне ӛзі сенімді
күйде ӛлең тӛгіп отырғаннан кейін, Ізтілеу оған қарсы дау айта алмай, үнсіз дымы
құриды. Оның үстіне ӛлеңнің екінші тармағындағы ойдың салмағы да оңай емес. Бұл
тармақ арқылы да Ұлбике Ізтілеудің ер тұлғасын бұрынғыдан да тӛмен тұқыртып
жіберген. Аттың басына ие бола алмайтын, оны тоқтатуға шамасы келмейтін еркектің
қадірі ел ішінде де, қыздар арасында да тӛмен. Ат алып қашқан кісіде күш те, қуат та
жоқ болғаны. Құлдың мойны жуан болғанмен, күші аз екендігін халық бұрыннан
айтқан. Ұлбикенің сӛзінде осындай да астар жатқаны рас.
Еркексініп отырған алпыс бестегі Ізтілеу бұдан әрі белін мақтауын қояды.
Қоймасқа оның лажы да қалмаған еді. Оймен де, сӛзбен де, жӛн-жосық, жүйемен де
оның алды-арты бірдей тұйықталады, Ұлбике оның ойының қанатын қырқып, сӛзінің
әрін қашырады. Екінші жағынан, Ізтілеудің «Тарыға екі пұттай сатып алған» деп,
кемсітіп айтқан, кемшілік ретінде айтқан ойының салмағын да ақын қыз қаңбақ құрлы
кӛрмей қағып тастайды. Ол кемшілік те емес, кемістік те емес, халық таныған «хақ
бұйрығы» секілді іс болып шығады. Ұлбикенің ойы бұл жерде де дәлелді, жүйелі,
негізді, оған қарсы болу халық танымына қарсы болуға, «хақ бұйрығына» қарсы
болуға алып келген болар еді. Қыз ӛлеңінде суреттілік, жүйелілік, тереңдік – бәрі бар.
Сонымен бірге ақынның ойлау және сӛйлеу мәдениетінің жоғарылығы,
кінаратсыз тазалығы кӛзге түседі. Ұлбикенің Ізтілеумен айтысына тән кӛркемдік,
ақындық даралық, осылайша, бірнеше деңгейде кӛзге түседі. Оның бастылары –
сӛздің ӛткірлігі мен суреттілігі, ойдың ұшқырлығы мен тереңдігі, ойлаудың биік
мәдениеті мен жүйелілігі, пікірдің дәлелдігі мен дәйектілігі. Сонымен қатар ақын
қыздың қарсыласының қару ретінде пайдаланған әрбір пікірін, әрбір ойын қапысыз
танып, терең ұғып, сӛйтіп оған қарсы ӛз жауабын кідірмей, мүдірмей ӛрнектеп
айтуынан да оның ұғымтал, түсінігі терең, білімі мол ақындық тұлғасы дараланып
кӛрінеді. Ізтілеу бұған кері сипаттағы табиғатымен танылады. Қыздың кӛптеген
сынына, қойған талабына ол түсінбей, мән бере алмай, лайықты жауап қайтара алмай,
сӛзінің бетін басқа арнаға бұрып кетеді. Бұл оның ақындық тұлғасына тән кемшілік
еді.
Ақын қыз ӛнерпаз қауым ӛкілдерімен қоян-қолтық араласа жүріп, олармен
айтыстарында сан қилы тақырыпты қозғайды. Бұл айтыстарда айтылар ой құрғақ
67
ӛсиет, насихат түрінде емес, Ұлбикенің шеберлігі – ӛмір-тіршілік сферасына нақты да
затты сипат беріп, ӛмір тұтастықтарын кӛзге кӛрсетіп, қолға ұстатқандай бейнелі әрі
бедерлі айта білуінде, қарсыласын да жел айдаған қаңбақтай сол ой шеңберіне иіріп
алып келу тәсілінде.
___________________
1.Айтыстар. – т.1. – Алматы, 1986 ж.
2.Ахметов З. Ӛлең сӛздің теориясы. - Алматы, 11973 ж.
3.Дәдебаев Ж. Атыңнан айналайын Әулие ата. - Алматы, 1988 ж.
4.Жолдасбеков М. Жүз жыл жырлаған жүрек. - Алматы, 1992 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |