Т. В. Шевякова д филол н., профессор кафедры журналистики Казнпу им. Абая хуш столетие нередко называют веком фразеологии, что вполне правомерно, поскольку именно в этот период возникли или окончательно оформили


Резюме  В статье рассматривается перевод в процессе взаимодействия языков  и культур, приведя примеры  в моделях.  Summary



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата17.02.2017
өлшемі2,21 Mb.
#4321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Резюме 
В статье рассматривается перевод в процессе взаимодействия языков  и культур, приведя примеры 
в моделях. 
Summary 
In the article the interconnection of translation and culture is considered giving examples of modules. 
 
 
М.ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫНДАҒЫ КҤРДЕЛІ СИНТАКСИСТІК 
ТҦТАСТЫҚТАР 
 
А.Т.Шошанбасова - 
ғылым магистрі, Алматы облысы Қарасай ауданы Ушинский атындағы орта мектеп 
 
Кҥрделі синтаксистік тҧтастықтың синтаксистік тҧлға бірлігі ретінде зерттелу тарихының тамыры 
тереңде жатыр. 
Синтаксистің 
зерттейтін 
объектісі-тілдік 
қҧралдардың,тілдік 
бҿлшектердің 
ҿзара 
байланыстылығы,сҿйлеу бҿлшектерінің грамматикалық қҧрылысы. Синтаксистің ең кіші зерттеу тҧлғасы 
сҿз  жҽне  оның  формасы  болса,одан  басқа  негізгі  тҧлғарына  сҿз  тіркесі,сҿйлем,кҥрделі  синтаксистік 
тҧтастық жатады. Осыған байланысты синтаксис ғылымын бірнеше бҿлімдерге бҿлуге болады: 
                         1. Сҿз жҽне оның формасының синтаксисі; 
                         2. Сҿз тіркесі синтаксисі; 
                         3. Сҿйлем синтаксисі; 
                         4. Мҽтін синтаксисі. 
Мҽтін  синтаксисі  тілдік  жҥйедегі  жоғарғы  саты.  Біздің  қарастырғалы  отырған  мҽселеміз-  мҽтін 
синтаксисінің қҧрылымына енетін кҥрделі синтаксистік тҧрастық. 
Адам  сҿйлегенде  жеке  бір  сҿйлемді  айтып  қана  қоймайды,оның  ҿзі  кҿбіне  сҿйлем  тізбегі, 
сҿйлемдер  толқыны  тҥрінде  келеді.  Ондай  тізбектер  қҧрамындағы  сҿйлемдердің  мағыналық  жағынан 
ҿзара  жақындастықтарына,  іліктестіктеріне  қарай  топ-топ  болып  келеді.  Бҧндай  семантикалық 
тҧтастықта,бірлікте  тҧратын  дербес  сҿйлемдер  жиынтығы  кҥрделі  синтаксистік  тҧтастық  (КСТ)  деп 
аталады. 
КСТ-ты      анықтауға    алғашқылардың    бірі  болып    белгілі    орыс    ғалымдары    М.В.  Ломоносов,  
Ф.И.Буслаев, А.А.Потебня, А.М.Пешковский қатысқан. 
Ал,  тҥркітануда  бҧл  жҿнінде  ең  алғаш  татар  ғалымы  М.З.Закиев  ҿз  пікірін  жазған.  Ғалым  «КСТ 
абзацтың  бір  бҿлігі,  тҧтас  абзац,  тҧтас  бҿлім,кейде  тҧтас  бір  туынды  бола  алады.  Ол  -  сҿйлеу  тіліндегі 
жеке  дара  сҿйлемдердің  бірігуінен  туады»  деп  анықтама  береді  /1/.  Ал  тҥркітанушы  К.М.  Абдуллаевтің 
айтуынша:  «КСТ-жалпы  грамматикалық  жҽне  мағыналық  белгілері  бар  диалектикалық  бірліктерден 
тҧратын екі немесе одан да кҿп сҿйлемдердің біріккен тобы» /2/. 
Ал,    КСТ-тың  қазақ  тіл  білімінде  зерттелуіне  келетін  болсақ,  бҧл  мҽселеге  алғаш  кҿңіл  бҿлген 
ғалым  Т.Қордабаев  /3/.  Ол  ҿзінің  1964  жылы  жарық  кҿрген  «Тарихи  синтаксис  мҽселелері»  атты 
монографиялық  зерттеу  еңбегінің  «Поэзиялық  шығарманың  синтаксистік  қҧрылымы»  деген  бҿлімінде 
тоқталады.  Профессор  Р.Сыздықова  «Абай  ҿлеңдерінің    синтаксистік  қҧрылысы»  атты  еңбегінде 
поэзиядағы  кҥрделі  синтаксистік  тҧтастықты  анықтап  берген.  КСТ-ҿлеңде  сҿйлемдердің  бір-бірімен 
органикалық  тҥрде  ҽлдеқайда  тығыз  байланыстылығына  орай,  поэзия  тіліне,оның  ішінде  строфикалық 
ҿлеңдерге кҿбірек тҽн категория болып табылады. Мысалы, кҿбінесе ҽрбір шумақ бір-бір КСТ болады /4/. 
Мҽтін  синтаксисін,  оның  ішінде  КСТ  мҽселесін  толық  зерттеп  оған  анықтама  берген  ғалым 
Б.Шалабаев болды. Ол 1975 жылы «Қазақ филологиясы» атты жинақта жарық кҿрген мақаласында КСТ-
қа анықтама бере отырып, оның мағыналық жҽне қҧрылымдық белгілеріне тоқталады: 
        1. Ол мағыналық бірлікке ие,ой аяқталып келеді. 
        2. Біртҧтас интонациялық ырғақтық бірлікке ие. 
        3. Оның қҧрылымы тҧтастығы жағынан бірыңғай бірлік қҧрып тҧрады /5/. 
Ғалымдар  М.Серғалиев  пен  Б.Мҥсірепова  «Кҥрделі  синтаксистік  тҧтастық»  атты  оқу  қҧралында 
«жеке сҿйлемдерге қарағанда ойдың дамуын толық бере алатын, мағыналық жҽне синтаксистік жағынан 
ҿзара тығыз байланыста болатын сҿйлемдер тобы» деп анақтама береді /6/. 
Кҥрделі  синтаксистік  тҧтастықтың  қҧрылымдық  жҽне  мағыналық  негізгі  белгілеріне  тоқталатын 
болсақ,  КСТ-тың  қҧрамына  жай  сҿйлем  де,  қҧрмалас  сҿйлем  де  кіре  алады.  Ол  жай  сҿйлемдер  тобынан 
да,қҧрмалас сҿйлемдер тобынан да, екеуінің бірігуінен де қҧрала береді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж. 
 
23 
КСТ-тың қҧрамында елеулі стилистикалық мҽн барын да ескеру керек. Белгілі бір мағына беретін 
синтаксистік тҧтастықты кҿп компонентті бір ғана қҧрмалас сҿйлеммен беруге болады. 
Алайда, ондайда қҧрмалас сҿйлемнің компоненттері шашыраңқы келіп, бас-аяғын тҧтас қабылдау 
қиынға соғады. Ондай жағдайда ҽр жай сҿйлемнің арасына тиісті пауза,интонация байқалады да, осындай 
қҧрылымға  тҽн  композициялық  ҽуенді  заңдылық  сақталады.  КСТ  қанша  бҿліктен,  сҿйлемнен  тҧрса  да, 
қҧрылымдық жағынан ҿз ішінен ҥш қҧрамдас бҿлікке бҿлінеді. 
1.Бастапқы бҿлік 
2.Аралық бҿлік. 
3.Тҥйін (қорытынды). 
Аталған  бҿліктердің  ҿзіне  тҽн  синтаксистік,  стилистикалық  міндеттері  бар.  Бастама  бҿлікте 
ҽрдайым жалпы мҽселе қозғалады. Ол екі-ҥш сҿйлем болуы керек. Бҧл бҿлік бҥкіл кст-тың негізгі діңгегі 
есебінде қызмет атқарады. 
Аралық бҿлікте сол бастапқыда сҿз болған мҽселені, оқиғаны нақтылау, дҽлелдеу, тҥсіндіру, тіпті 
кей жағдайда ол оқиғаны басқа бір оқиғамен салыстыру арқылы ҧқсастығын кҿрсету, қарсы қою сияқты 
пікірлер  ҧсынылады.  Ал  тҥйінде  кҿп  ретте  аралық  бҿлікте  айтылған  мҽселе  қорытындыланады.  Ол  ҿте 
шағын, нақты тҧжырымды, дҽлелді болуы керек.  
КСТ-тың  бҧлай  қҧрылысы  жағынан  саралануы  тҧрақтылық  емес.  Бҧл  ҥшеуінің  кейде  біреуі 
болмауы  мҥмкін.  Ол  шартты  нҽрсе  емес.  Ондай  ерекшелік  сҿйлеу  мазмҧнына,  жазушының  немесе 
сҿйлеушінің  стиліне  байланысты  болады.  Мысалы,  М.Ҽуезовтың  «Абай  жолы»  романындағы  КСТ-дың 
қҧрылымдық  жағынан бҿлінуінде байқалған бір ерекшелік бар: ол-бір бҿліктің екі кҥрделі синтаксистік 
тҧтастыққа  ортақ  болып  келуі.  Анығырақ  айтқанда,  бір  кҥрделі  синтаксистік  тҧтастықтың  қорытынды 
бҿлігінің  екінші КСТ-тың бастама бҿлігі болып келуі.  
«Ҥлкендер  тобына  бір  жақтан,  ҽкеден  тҿмен  отырып,  телміре  қараған  Абай  болса,  дҽл  осы 
тҽрізденіп, барынша бой салып, қарап отырған ана шеттегі жас жігіт Жиренше. 
Бҧл Кҿтібақ ішінде Байсалдың жақын туысқаны Шоқаның баласы. Байсал ҽрдайым қасына ертіп 
жҥреді.    Ҽрі  жігітті,  ҽрі  сҿз  ҧғып,  адам  болар  деген  жасы.  Ол  ҽңгіме  атаулыны  кҿп  біледі.  Қызық    қып 
айтады.  Ҿзі  кҥлдіргі.  Абайды    еркелетіп  те  қоятын  кезі  бар-ды.  Қазіргі  осы  жиында  Абайдың  оңаша 
кездесуді іздейтін жалғыз ыңғайлы кҿрер адамы осы. 
Бірақ оның шыны ма, я ҽдейі ҥлкендерге кҿз қыла ма, ҽйтеуір, қазір Қҧнанбай сҿзінен басқа бар 
дҥниені ҧмытқан. Сонымен бірге Абайды да былай қоя тҧрған сияқты. 
Жиренше  қабағын  бір  шытып,қозғалақтап  қалды.  Абай  енді  байқады,ҽкесі  сҿзін  аяқтап  келеді 
екен.» 
Осы  КСТ-та  алғашқы  абзац-бастама  бҿлік.  Онда  Жиренше  отырысы  арқылы  аралық  бҿліктегі 
Жиренше  бейнесінің  бастамасын  береді.  Ал  келесі  екі  абзац  -аралық  бҿлік.  Онда  Жиреншеге  толық 
сипаттама  береді.  Соңғы  абзацта  Жиреншенің  қозғалғаны  арқылы  Абай  назарын  Қҧнанбайға  аударып, 
КСТ-ты аяқтап тҧр. Енді қарап кҿрейік: 
«Жиренше  қабағын  бір  шытып,қозғалақтап  қалды.  Абай  енді  байқады,  ҽкесі  сҿзін  аяқтап  келеді 
екен. 
-  Қодар  сҧмның  қылығы  сырт  елдің  алдында  менің  бетіме  салық  болса,осы  елге,ҿз  келеңе 
келгенде,осы отырған бҽрімізге салық. Мына отырған бҽрімізге салық!-деп аз тоқтап, Сҥйіндікке қадалып 
отырған жалғыз кҿзін енді тҿрдегі Байсалға аударды. Одан ҿзінің оң жағында отырған Бҿжейге қадалды. 
Бірақ Бҿжей мен Байсал мызғыған жоқ. Ҿзге отырғанның барлығы сҿздің салмағы мен тҥйінін ҿз 
арқаларынан сезгендей боп қозғалақтап,ырғалып қалысты. 
-Ендеше,  ҿлімнен  ҧят  кҥшті.  Ел  кҿрмеген  сҧмдыққа,  ел  кҿрмеген  жаза  керек!  -  деп  Қҧнанбай 
байлауын айтты. Қайта босар тҥрі жоқ. Тас тҥйін боп бекініп, тҥйініп алған кҿрінеді. 
Отырғандар  осы  кҥйінде  тынып  қалды.  Қҧнанбайдың  бҧлай  беттен  алғанда  қайта  оралар 
қайырымы жоқ, оны бҽрі біледі» («Абай жолы»,16-бет). 
Бҧл  КСТ-та  алғашқы  абзацта  ҽке  сҿзінің  аяқталуын  сҿз  етіп,  Қҧнанбайдың  шешімін  аралық 
бҿлікте  береді.  Егер  осы  КСТ-та  алғашқы  абзацты  алып  тастасақ,  бҧл  тізбек  тҥсініксіз  болар  еді. 
Жоғарыда  айтылған  бір  бҿліктің  екі  КСТ-қа  ортақ  болу  ерекшелігін  осылай  дҽлелдеуге  болады.  Бҧндай 
екерекшелік «Абай жолы» романында  кҿптеп кездеседі. 
КСТ  қҧраушы  сҿйлемдер  дедік.  Жеке  сҿйлем  мен  КСТ  арасында  ҧқсастықтар  бар,  бірақ 
айырмашылықтар  ҥлкен.  Қҧрмалас  сҿйлемнің  компоненттерімен  салыстырғанда,  КСТ-тың  қҧрамына 
кіретін  сҿйлемдер  арасындағы  байланыс  ҽлсіздеу  болады.  Бҧл  дербес  сҿйлемдер  мағыналық  жағынан 
байланыса  отырып  бір-бірімен  еркін  бірігеді  жҽне  КСТ  беріп  отырған  тақырыптың  мазмҧны  толық 
аяқталғанға  дейін,  ашылғанға  дейін  екінші  сҿйлем  бірінші  сҿйлемде,  ҥшінші  екінші  сҿйлемде  т.т. 
айтылған ойды жалғастырып, толықтырып отырады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж. 
 
24 
КСТ-ты  кейбір  ғалымдар  абзац  деп  те  атаған.  Бірақ  бҧл  екі  бірлік  арасында  біршама 
айырмашылықтар  барын  кҿреміз.  Абзацтың  КСТ-тан  айырмашылығы:  абзац  -  мағыналық,  қҧрылымдық 
бірлік  емес,  стилистикалық-композициалық  бірлік.  Бірнеше  сҿйлемнен  қҧрылған  абзацтар  шекарасы 
жағынан КСТ-пен сҽйкес келеді. Мҧндай абзацтар стилистикалық дербес абзацтар деп аталады. Абзацтар 
бір сҿйлемнен де,бірнеше КСТ-тан да тҧруы мҥмкін. Абзац пен КСТ-тың шекаралық жағынан сҽйкес келуі 
ғылыми стиль мен ресіми қҧжаттар мен іс-қағаздары стиліне тҽн.  
Ал кҿркем шығарма стилі мен баспасҿз стилінде абзац пен КСТ-тың шекаралық жағынан сҽйкес 
келуі  міндетті  емес.  Аталған  екі  стилде  кейде  КСТ  пен  абзацтың  сҽйкес  келуі  де,  абзацтың  қҧрамында 
бірнеше КСТ-тың болуы немесе бір КСТ –тың ішінде бірнеше абзацтың боуы да кездеседі. 
«Ҽлі  кҥн  шыққан  жоқ,  елең-  алаң  еді.  Жиырма  ауыл  жҥктерін  артып  жатқанда  жым-жырт,ҥнсіз 
қимылдаса,енді тҥйелерін тҧрғызып,жҿнеліп бергенде жамыраған қозыдай неше алуан ҥнге басты. Біресе 
жҥк  артқан  тҥйе  бақырады.  Енесінен  адасқан  бота  боздайды.  Ҽр  ауылдың  ҿш  иттері  бір  -біріне 
арсылдасады.  Айқай  салып  шапқылаған  аттылар,  жҥкші  жігіттер  кҿрінеді.  Бала  жылайды,  шешелер 
ҧрысады. Қиқулап айқай салып, мал қайырған малшылар, жас- кҽрілер ҥндері ҽлсін- ҽлсін келеді». / «Абай 
жолы» 48- бет. / 
Міне,  бҧл  тҧтастықтың  шекаралық  деңгейі  абзацпен  сҽйкес.  Негізгі  беріп  тҧрған  мазмҧны  ауыл 
кҿші. 
«Қызылшоқыдан Шыңғысқа қарай тартатын кҿш соқпақтың сол жағында, жағада жалғыз тҿбе бар 
еді.  Қҧнанбай  ҿз  қосына  Майбасар,  Қамысбайды  ертіп  жҽне  ҿзінің  Кҥнкеден  туған  ҥлкен  баласы 
Қҧдайбердіні  алын  осы  тҿбенің  басына  басқа  аттылардан  бҧрын  кеп  шықты.  Астында  шҧбалаң  қҧйрық 
торы  аты бар.  Дом боп жарап  алған  есік  пен  тҿрдей  ҧзын  торы ат  кҿлденең тҧр. Қос қҧлағын қамыстай 
шаншылатып,арттағы нҿпірге«бассаңдаршы!» дегендей қарайды. Қҧнанбай да кҿш -кҿштің алдында кес-
кестеп, бірдеңе айтатындай боп тҧр». 
Бҧл  кҥрделі  тҧтастықта  екі  мҽселе  қозғалып  тҧр.  Бірі  кҿш  бағытталған  тҿбе,  ол  тҿбеге 
Қҧнанбайдың  шығуы  болса,  бірі  Қҧнанбай  мінген  торы  аттың  бейнесі.  Бҧл  екеуі  де  бір  ғана  абзацтың 
қҧрамында тҧр. 
Қай  тілде  болмасын  барлық  мҽтінге  лингвистикалық  талдау  жасағанда    оның  функциональдық 
типтеріне  қарай  талдаймыз.  Ал  КСТ-қа  талдау  жасасақ,  біз  алдымен  функциональдық  типтің  ҥш  тҥріне 
тоқталамыз: 
                                   1. Суреттеу типті КСТ 
                                   2. Ҽңгімелеу типті КСТ 
                                   3. Ойталқы типті КСТ. 
Енді  осы  аталған  тҥрлерге  жалпы  тоқталайық.  Суреттеу  тҥріндегі  КСТ  қҧбылыстың,  оқиғаның 
кезеңін, мезгілін, заттың тҥр-сипатын суреттеуде қолданылады.Суреттеу типтегі КСТ-та берілетін заттың 
тҥріне,  қҧрылысына  қарай  сипаттауда  бҧл  типті  ҿз  ішінен  бірнеше  тҥрге  бҿлеміз.  Мысалы:  портретті, 
пейзажды  т.б.  Бҧл  тҥрлерді  беруге  қатысатын  сҿйлемдер,  яғни,  суреттелетін  заттар  лексикалық 
толықтырулармен беріледі. Мысалы: пейзажды суреттеу ҥлгісінде кҿбіне орман, ҿзен,тау т.б. деген сҿздер 
қолданылады немесе кеңістіктегі сҿздер(алды,арты,оң жақ,сол жақ т.б.) кҿп қолданылады. 
Портреттік КСТ-та адамның мінезін суреттейтін сҿздер кҿп кездеседі. Мысалы: бойы, жасы, тҥрі. 
Заттарды  тҧрақты  белгілермен  суреттеу  тҽсілі  айтылу  амалын  анықтайды.  Бҧл  айтылыу  ҽдісі-
баяндауыш.  Баяндауыш  кейде  атауыштық,  кейде  етістіктің  аяқталмаған  тҥрін,    кейде  нҿлдік  форманы, 
кейде тҧрлаулы мҥшелердің аяқталған тҥрін кҿрсетіп тҧрады. Бҧл белгілер заттың аты болуы да мҥмкін. 
Бҧл ретте олар бір қҧрамды номинативтік немесе жақсыз сҿйлемдер ретінде танылады. Кейде белгілі бір 
мекенді,  орынды  суреттеудің  ҽр  жағдайын  бір  ғана    КСТ-та  берсе,  ал  кейде  суреттеу  бірнеше  КСТ-тан 
тҧрады.  Ал  кҿркем  шығармада  суреттеу  тҥріндегі  КСТ  ішінен  пейзажды  да,  сипаттап  бейнелеуді  де, 
ҽрекет  етуші  обьектіні  де  кездестіруге  болады.  Кҿптеген  КСТ-қа  суреттелуші  заттың  немесе  объектінің 
атын қолдану тҽн. Қҧрамындағы сҿйлемдер кҿбіне қатарлас тҥрде дамиды,яғни,синтаксистік параллелизм 
қолданылады. 
Енді пейзажды КСТ-қа мысал келтірейік: 
«Жарқыраған  май  кҥні  бір  тҥрлі  боп  нҧрланып,тамылжып  тҧр.  Аспанда  ҧсақ  қана  ақ  мамық 
бҧлттар  қалқиды.    Айналадағы  жазық  пен  тҿмпешіктің  бҽрі  де  алқара  кҿк.  Аласа,  тақыр,  бірақ  тығыз 
бҿтегемен жайнаған. Қызғалдақ, жауқазын, сарғалдақ, бҽйшешек дегендер қызыл, сары, кҿкшіл тҥстермен 
қҧлпырып жайнайды. Гулеп ҧшқан кҿбелектей кҿп бояулы, неше алуан...»( «Абай жолы»23-бет) 
Бҧл  КСТ-та  бір  ғана  абзацтан  тҧрып  табиғат  суретін  беріп  тҧр.  Баяндауыштары  осы  шақта 
тҧлғаланып, қҧрамындағы сҿйлемдер қатарлас дамыған. 
Ҽңгімелеу  тҥріндегі  КСТ  суреттелген  жағдайдың  жалғасы  іспетті.  Бҧл  КСТ-тар  динамикалық 
тҥрде,  яғни,  бірінші  орында  іс-ҽрекеттің  рет-ретімен  іске  асуы  тҥрінде  дамиды.  Ҽр  сҿйлемде  сюжетті 
дамуына  ҽсер  ететін  жаңа  іс-ҽрекеттер  хабарланады.  Ҽңгімелеу  тҥріндегі  КСТ-та  етістіктің  аяқталмаған 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж. 
 
25 
тҥрі  сирек  кездеседі,  ал  етістіктің  аяқталған  тҥрі  іс-ҽрекеттің  аяқталғанын  кҿрсетеді.  Кҿркем  шығарма 
мҽтіндерінде  ҽңгімелеудің  де,  суреттеудің  де  элементтері  органикалық  байланыста  кездеседі.  Ҽңгімелеу 
тҥріндегі  КСТ-тың  ішінде  суреттеу  сипаттағы  жеке  фразалар  болуы  да  кездеседі.  Мысалы:  белгілі  бір 
мекенді,  ортаны  суреттей  келіп,  сол  жерде  болып  жатқан  оқиғаны  баяндау  кҿркем  шығармада  ҿте  жиі 
кездеседі.  Ҽңгімелеу  тҥріндегі  КСТ-қа  тҽн  басты  белгісі  бір  уақытта,  мекенде  суреттелген  оқиғаның 
дамуына жол береді. Оның негізгі формальді белгілеріне тҿмендегі белгілер жатады:     
а) нҽтижелі мағына беретін баяндауыштың аяқталған немесе аяқталмаған етістіктерден жасалуы, 
ҽ) ҽр тҥрлі сҿйлемдегі етістік баяндауыштың, қимылдың қатаң жҥйелілігі. 
Ойталқы тҥріндегі КСТ-қа жазушының не кейіпкердің белгілі бір тақырыпқа толық жетілген тҥрде 
жауап беруі жатады.Ойталқы тҥріндегі КСТ-тың  ҽрқайсысының ҿзіндік ҥш қҧрылымы бар:   
                                             1. Тезис (тақырып) 
                                             2. Дҽлел (дҽлелдеме) 
                                             3. Қорытынды (соңы) 
Ойталқы  тҥріндегі  КСТ-та  дҽлелденетін  бҿліктің  тезисі  болатын  бірінші  сҿйлем  жҽне  модаль 
сҿздер  мен  жалғаулықтар  арқылы  байланыста  дамитын  тҧрақты,  дҽлелді  соңы,  қорытындысы  болады. 
Ондай  КСТ-тың  баяндауышы  айтылып  отырған  заттың,  нҽрсенің  нақты,  тҧрақты  сипаты  болатын 
етістіктен жасалады. 
Қорыта  келгенде,  кҥрделі  синтаксистік  тҧтастық  дегеніміз  -  бірнеше  сҿйлемдер  тізбегінен 
жасалып,  мағыналық  жҽне  қҧрылымдық  жағынан  тҧрақталған,  белгілі  бір  кҥрделі  ойды  білдіретін 
сҿйлемнен ірі синтаксистік бірлікті айтамыз. 
Қҧрылымы  жағынан  бірнеше  дербес  сҿйлемдерден  қҧралады.  Ол  сҿйлемдердің  байланысуының 
ҿзіндік тҽсілдері- жалғаулықтар, есімдіктер, ҥстеу, модаль сҿздер, сҿздердің орын тҽртібі, синоним сҿздер, 
сҿздердің қайталанып келуі, етістік-баяндауыштың шақтық-жақтық формаларының біркелкілігі бар. 
Семантикалық  бірлікте  болады,компоненттері  белгілі  бір  ой,мағына  тҿңірегіне  топтасады.  КСТ 
қҧрамына енген  сҿйлемдерде  баяндалатын пікірге, мҽселеге ҧйытқы болатын,  рталық кіндік,  темірқазық 
болып  тҧратын  сҿз  немесе  сҿз  тіркесі болады.  Ол кҿбінесе тҧтастықтың бастама бҿлігінде  айтылады  да, 
кейінгі компоненттер соны саралап, талдап ашу, онда айтылған ойды дҽлдеп, дамыту қызметін атқарады. 
Сонымен  ҧйытқы  сҿзге  ҽр  тҥрлі  тҽсілдер  арқылы  арқандалады  да,бірлік  қҧрамындағы  компоненттер 
қҧрылымдық  жақтан  да,  мағыналық  жақтан  да  біртҧтас  болып  тҧрады.  КСТ    біртҧтас  интонациялық 
ырғаққа ие. 
КСТ-тың ҿзіне тҽн ҥш функционалдық типтері (ҽңгімелеу, ойталқы, суреттеу) бар. 
КСТ  таза  тілдік  қана  категория  емес,  синтаксистік  жҽне  стилистикалық  аспектілері  бір-бірімен 
ҧштасып жатыр. Яғни стилистика ғылымының да тҧлға бірлігі болып табылады. 
Қазіргі  қазақ  тілінің  ең  бір  тҥбегейлі  мҽселесі  болып  табылатын  кҥрделі  синтаксистік  тҧтастық 
болашақта толық зерттеліп бір ізге тҥсетінін зерттеушілер пікірі дҽлелдейді. Мҽтін синтаксисі синтаксис 
ғылымының  басқа  да  бҿліктеріндей, бірліктеріндей зерттеліп,толық  анықтама беріліп,  жоғарғы  деңгейге 
жететініне кҥмҽн келтірмейміз. 
 
1.  Закиев М.З. Синтаксический строй татарского языка. – Казань, 1963. С.464. 
2.    Абдуллаев  К.М.  Сложное  синтаксическое  целое  как  объект  семантико  синтаксического 
анализа /Советская тюркология. – М., 1978. – С.10-19. 
3.  Қордабаев Т.  Тарихи синтаксис мәселелері.- Алматы, 1964.  - 191-бет. 
4.  Серғалиев М., Мүсірепова Б.  Күрделі синтаксистік тұтастық. - Алмалы.,1989. 3-5- бет. 
5.  Сыздықова Р.  Абай ӛлеңдерінің синтаксистік құрылысы. – Алматы, 1970. - 37-37-бет. 
6.  Шалабаев Б.Ш. Қазақ тіліндегі синтаксистік тұтастық  /Қазақ филологиясы. 2-ші кітап. –
Алматы, 1975. -110-111-бет. 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  сложные  синтаксические  конструкции,  которые  являются  важной 
проблемой  казахского  языка.  Автор,  опираясь  на  исследования  ученых,  выделяет  различные  типы 
синтаксических конструкций. 
 
Summary 
The  article  deals  with  complex  syntax,  which  is  an  important  issue  of    Kazakh  language.  The  author, 
drawing on the research work of scientists, highlights the various types of syntactic constructions. 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж. 
 
26 
ТҤРКІ ТІЛІНДЕГІ ЗООНИМДІК ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҦРЫЛЫМЫ 
 
А.Қ.Рахимжанова - 
Абай атындағы ҚазҰПУ  магистранты   
 
«Жануар  атауының  астарлы  мағынасы  негізінде  жасалған  адамға  қатысты  қолданылатын  
зоонимдік  фразеологизмдердің  ҿзіндік  ерекшелігі  бар.  Мҧндай  фразеологиялық  қолданыстар  адамның 
сыртқы  бейнесін  (аю,  сиыр),  мінезін  (  тҥлкі,  қораз)  т.б.  тҥрлі  қасиеттерін  білдіреді.  Ҽр  ҧлттың  салт- 
дҽстҥріне байланысты жасалатын мҧндай зоонимдік фразеологизмдер ҽр тілде ҽр тҥрлі сипатқа ие болады. 
Жануар атауы адамға қатысты қолданылғанда жануар мен адам арасындағы ҧқсастық ҽр халықтың ҧлттық 
–мҽдени кҿзқарасына байланысты ҽр тҥрлі сипат алады- дейді С.К.Сансызбаева ҿз еңбегінде [1,216]. 
Ҽр  халықтың  салт-  дҽстҥріне,  ҽдет  –ғҧрпына,  санасы  мен  мҽдениетіне,  материалдық  жағдайына 
байланысты  ҧлттық  дҥниетанымы  қалыптасады.  Қазақ,  ҿзбек    тілдеріндегі  жануар  атаулары    бірыңғай 
тҥркі  тілдері  болса  да,  тҥрлі  ҧлттық  сипатқа  ие.  Мҧның  бҽрі  ҧлттық  дҥниетанымға  байланысты  пайда 
болған қҧбылыс. Бҧл жҿнінде К.Т. Нҧғманова « Ҧлт менталдығы ҽр халықтың мінез-қҧлқына байланысты 
қалыптасады. Ҧлттық мінез деп белгілі бір тарихи  – экономикалық мҽдениет пен оның табиғи жағдайда 
дамуы  негізінде  пайда  болған  ҽлеуметтік-этникалық  қауымға  тҽн  психологиялық  ерекшеліктер 
жиынтығын »- деп анықтама береді [2, 45-46] . 
Ҿзбек тіліндегі жануар атаулары сан жағынан, мағыналық жағынан, қолднылу аясы жағынан сҽл 
де болса қазақ тіліндегі мал атауларымен шамалас келеді. Тілдегі жануар атауларының қай-қайсысының 
болмасын  тілдік  қолданыста  тура  мағынасы    мен  ауыспалы  мағынасы  болады.  Ауыспалы  мағынаға 
кҿбінесе  образдылық  тҽн.  Сондықтан  мҧндай  сҿздердің  жағымсыз,  жағымды  реңкі  болады.  Осындай 
образға толы сҿздердің бірі – сиыр сҿзі. Қазақ тілінің тҥсіндірме сҿздігіндегі анықтамаға сҥйене отырып 
сиыр  сҿзінің  жалпылаушы  семасы  ретінде  «үй  жануарлары»,  «сүт  қоректі»,  «ірі  қара  мал»,  «сүтті» 
семаларын  қарастыруға болады. Адам образын жасауда  сиырдың біріншіден – ірілігі, екіншіден –қыңыр 
мінезділігі есепке алынады. Аталған жануардың дҽл осы қасиеттеріне байланысты пайда болған тіркестер: 
«Сиыр  сипағанды  білмейді»,  «Сиыр  қҧйымшақтану»  -  жиі  қолданылатын  тіркестердің  бірі.  Ал  ҿзбек 
тілінде «сигир» сҿзі  ауыспалы мағынада  ҽйел адамдарын суреттеу, мінездеуге  орай қолданылатын теңеу 
ретінде жҧмсалады. Мысалы: « Қисир сигирсан» -дейді. 
Қой  –  ҿте    момын  жуас  мал.  Сонымен  қатар  бірбеткей  қиқар  мінезі  мен  ақымақтығы  бар.  Дҽл 
осындай  белгілер  адам  баласының  бойынан  да  табылады.  Мысалы:  «  момын»,  «  ақымақ»,  семалары 
адамға  беріледі.  Қой  аузынан  шӛп  алмас  (ҿте  момын,  жуас),  қой  үстіне  бозторғай    жұмыртқалайды  
(бейбіт  заман  орнады,  тыныштық  болды),  «қойдан  жуас»  (момындықты    білдіреді),    қой  кӛзді  (ҽдемі, 
ҥлкендеу  қоңыр  кҿзді  бейнелеу  ҥшін  қолданылатын  тіркестер.  Ҿзбек  тілінде  қой  атауына  байланысты 
«қуй  оғзидан  чуп  олмаган»,    «қуй  куз»,  «қуй  мижоз»  тіркестері  кездеседі.  Мҧның  мағынасы  қазақ 
тіліндегі тҧрақты сҿз тіркестерімен сҽйкес келеді, «қой аузынан шҿп алмас», «қой кҿз», «қойдай момын» 
деген  мағыналарға  ие  болған.  Мағыналық  жағынан    сҽйкес  келгенімен,  бҧл  тіркестер  ҿзбек  тілінде 
жағымсыз эмоционалдық мағына береді. 
Ат – жалпылауыш семасы «үй жануары», «сүт қоректі», даралаушы семалары – «үлкен», « тақ 
тұяқты». Ат қҧлағында  ойнайды -  ҿте икемді, жеңіл, пысық дегенді білдіреді. Ат сҿзіне байланысты 
сҿздер  ҿзбек тілінде жағымды реңк мҽнге ие болған. Мҧнда «сұлулық», «ірілік», «танымалдылық» секілді 
қосымша  мағыналары  бар.  Отнинг  калласидай  -    қазақ  тіліндегі  «ат  басындай  алтын»  тіркесімен 
мағыналас келеді. Бҧл- «ірілікті» бейнелейтін бейтарап мағынадағы  тіркестердің бірі.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет