Тҥйін
Бҧл мақалада 18 ғасырда метафоралық есiм тҥрлерiнiң фразеологиялық бiрлiктерi зерттеледi.
Мҧнда метафора фразеологиялық мағына жағынан байланысу калыптасуының бiр тҽсiлi ретiнде
қарастырылады. Метафора ақындық жҽне жалпы тiлдiк фразеологияның негiзгi қайнар кҿзi ретiнде
танылады.
Summary
In this article the metaphorical nominal phraseological units functioning in 18 century are investigated.
The metaphor is considered as one of ways of formation of phraseologically connected value. It is established that
the metaphor represents itself as the basic source of poetic and nontechnical phraseology.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж.
8
АҚ" ЖӘНЕ "ҚАРА" АТАУЛАРЫНЫҢ СТИЛЬДІК ҚОЛДАНЫСЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ РӘМІЗДІК ТАБИҒАТЫ
У.Серикбаева -
Каспий қоғамдық университеті Тілдер пәндері кафедрасының
профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты
Жалпы тҥр-тҥс атаулары ретінде "ақ" және "қара" атаулары да стильдік қолданысында
оппозициялық ерекшеліктерге ие. Бҧл ерекшелік "ақ" және "қараның" қолданысындағы әр тҥрлі
ситуацияларға да байланысты. Ол кӛбінесе екі тҥрлі жағдайда айқын байқалады. Оның бірінде
қаламгердің (ақын, жазушы, ғалым т.б.) тҥр-тҥс әлеміне жататын атаулардың біреуіне, не екеуіне
деген ерекше "ілтипатына", яғни сол тҥсті не тҥстерді елден ерекше жақсы кӛруіне байланысты
болса, екіншісінде белгілі бір тҥсті сюжет талабына сай қҧбылтып, әр қырынан кӛрсету, айтылатын
ой-пікірдің, оқиғаның шарықтау шегін таныту ҥшін ҥйіп-тӛгіп, бір жерге жиыстыру тәсілінен де
байқалады.
Жазушы, қаламгердің тҥр-тҥстердің барлығына емес, белгілі біреуіне, не екеуіне (аққа,
қараға, қызылға, кӛкке, жасылға т.т.) ерекше ілтипатпен қарап, ӛзі де оны аңғара бермейтін
жағдайда, жиі қолдануы зерттеушілер тарапынан айтылып жҥрген қҧбылыс. Мәселен, орыс
тілінің мамандары М. Горькийдің "қызыл тҥсті", Н. Куприннің "сары тҥсті", К. Паустовскийдің
пейзаж бояуларына тән "кӛк", "кӛгілдір", "жасыл" тҥстерді елден ерекше кӛбірек
қолданатынын, М. Шолоховтың "Кӛтерілген тың" романында ақ, қара, сҧр тҥстерді кӛбірек
кӛрсететінін, ал қазақ ақын-жазушыларынан С. Сейфуллиннің — "қызыл" тҥсті, І.
Жансҥгіровтың — "кӛк", "жасыл", М. Әуезов, Ғ. Мҥсірепов, Ә. Нҧрпейісовтардың — "ақ" және
"қара" тҥстерді жиі қолданғандығы айтылып жҥр.
Сӛзіміз дәйекті болу ҥшін Ғ. Мҥсіреповтың "Ҧлпан" атты романы бойынша тек "қара"
атауының қолданыс аясы мен жиілігін қарастырып кӛргенімізде, 361-беттен 482-бетке дейінгі
аралықтағы мәтінде оның 75 рет қайталанып, 51 әр тҥрлі тіркестерде қолданылғандығын кӛрдік.
Оларды біз тӛмендегіше санамалап кӛрсетуді жӛн кӛрдік (жақша ішінде кітаптың беттері
кӛрсетілді): қара отты шҧбар (361), томағалы қара бҥркіт (362), жер қарасы (362), қара қҧр (363), қара
ӛрттей қаптап… (636), қара шешек (365,385), қара жорға (365,366,386), қалың қара шҧға жалбағай
(365), қара шҧбар бет (365,368,380,387,395,422,424,443); қара саба (369,371), қара нан (369), қара қазақ
(369,375), қара бақсы (378), қара сан (380), қараша ҥй (384), қара таңба (386), қара кӛз (386), қап-қара
бет-аузы (387), қара қасқыр (387), қара бура (388), мақпал қара мең (388,388,388,393,); қара шҧбар
саусақ (390), қара бие (391), қара елтірі бӛрік (392,410,457), қара жапалақ (395,395), қара балақ сайқал
(410); қара басы (412), қара кӛк кӛз (424), қара жол (425), қара барқыт (427), қара тҥркі (428), қара ат
(431), қара кӛк жегу (435), қара кӛк барқыт камзол (437), қара оба (440), қара жаңбыр (445,446), қара
сандық (447,454,457), қара кӛлеңке (447), қара гҥреш (449), қара қҧс (449), қара тырнақ (467), қараша
ауыл (475477,481), қара ала ара (478), қара топырақ (479), албасты қаралар (478), қара тақыр (479),
қара ат (471), қара халық (479), қара қыз (482).
Міне, кӛріп отырғанымыздай, жазушы Ғабит Мҥсірепов "қара" атауын қолдануда сан
жағынан ғана емес (75 рет), сапа жағынан да, яғни "қара" тҥсті неше тҥрлі нысандарға қатысты
тура да (қара ат, қара бие т.б), ауыспалы мағыналарында да (қара жаңбыр, қара тырнақ, қара гүреш
(орысша – "гроши") т.б. кеңінен қолдану жағынан да стильдік оппозиция жасап отырғанын кӛреміз.
Бҧл автордың стильдік қолданысқа байланысты ӛзіндік сӛз саптау ерекшелігін танытады, яғни
оппозициялық элемент ретінде "қара" атауының активтенген ҥрдісін аңғартып отыр.
Кӛркем шығарма мақсатына байланысты, белгілі бір тақырыпты, нысанды, негізгі бейнені
жан-жақты толық қамтып, қыр-сырын тҥгел айқындап, жетер жеріне жеткізе суреттеп, жҧрт
назарын аударып, ой-пікірдің логикалық салмағын айқындай тҥсу ҥшін қаламгер кейде тҥр-тҥс
атауларының біреуін, не екі-ҥшеуін контекстің бір жеріне шоғырлап, кейді бір шағын тақырыптың
аумағында қарастыруы да мҥмкін. Бҧл қазақ ауыз әдебиетінде, шешендік толғауларда, ақын-жырау
ӛлең шумақтарында кездесіп отыратын стильдік тәсілдердің бірі болса керек.
Қарастырылып отырған "ақ", "қара" тҥр-тҥс атауына байланысты қарасақ, бҧл тәрізді
стильдік қҧбылысқа да мысалдар бар екенін кӛреміз. Соның бірі Ф.Р. Ахметжанова мен
К.Т. Қайырбаевтар ӛз зертеулерінде [22,48] келтірілген бір мысалды қайталағымыз келеді. Белгілі
қазақ ақыны Мҧхтар Шахановтың халықтың ауыр тағдырын, қайғы-қасірет, зҧлымдықтың
зардабын "қара" тҥстің символдық мән-мағынасы арқылы суреттеген (26 жолдан тҧратын) бір
ӛлеңінде былай делінеді:
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж.
9
Қара, қара тҥндей қара, тастай қара, қап-қара,
Қара деген тіршілікке тҥскен қара ноқта ма?
Солай, бәлкім, сондықтан біз қаралықтан қашамыз,
Қаралардың қҧпиясын ақ арқылы ашамыз.
Қара деген – мҧңлы зат ол, қара деген шерменде
Қара жалау кӛтереді ел ҧлы адамдар ӛлгенде.
Жо-жоқ, тегі абзал болар берілмеген елеске,
Ана қыздың қара кӛзі мейірімді кӛз емес пе?
Жолығыса қалған кезде қарай қалса сәл тҧрып,
Жҥрегіңді қуанышқа жібереді-ай толтырып.
Қара екен деп қандай адам жамандыққа қияды,
Кҥнде досқа хат жазатын мына қара сияны?
Ойға шомам қара заттан қашуымыз бекер деп,
Інішегім мазалап жҥр қара костюм әпер деп.
Ақ кӛңілдің шаттығы ҥшін киер болса оны адам,
Кисін, кисін бақытына не ҥркеміз қарадан?
Ал, тҥсі аппақ бола тҧра берілсе адам жат ойға,
Онда оның ақтығының адамзатқа не пайда?
Ӛмір, ӛмір, дарқан ӛмір, мен туғанда анадан,
Қарт анамның қолыменен ҧсынғансың қара нан.
Содан кейін қҧйындай боп кҥндер заулап ӛтті де,
Балаға тән мінез бенен ауыз салдым тәттіге.
Шырын дәмі кермек татып, ӛсе келе о – дағы,
Қара жерден ӛніп шыққан қара нандай болмады.
Қара заттар… кӛзге қораш кӛрінгенмен баз бірі,
Тереңінде тҧнып қана жатады екен мазмҧны, –
деп жырлайды ақын.
Кӛріп отырғанымыздай 26 жолдан тҧратын бҧл ӛлеңде "қара" атауы 22 рет қайталанып тҧр.
Бҧл қолданыс белгілі бір стильдік мақсатты кӛздеп тҧр десек те, оның мағынасынан "қара" тҥске
байланысты ӛте кҥрделі философиялық ой айтылып тҧрғанын аңғарамыз. "Қара" тҥстің тура да
ауыспалы мән-мағынасын терең білетін ақын "қараның" бәрі шерменде, қасірет-қайғы, азалы
дҥние емес, оның да адам баласына жағымды әсер ететін, адамға қажетті, сҥйкімді де сҥйікті мәнде
қолданылатын сәттері де аз емес, "ақтың" да кейде "қарадан" жаман қасиеті болатындығын
аңғартып тҧр.
Біз бҧл мәтіннен "қара" атауының жоғарыда санамаланып кӛрсетілген біраз тура да
ауыспалы мағыналарын бейнелеп тҧрғандығын анық танып отырмыз.
Тағы бір мысал. Талантты ақын Мҧқағали Мақатаев ӛзінің "Райымбек, Райымбек!" атты
дастанында:
Қара таудың басынан кӛш келеді,
Қара жорға шайқалып бос келеді,
Қара тҥнді жамылып,қара қазақ,
Қара тҥнді басынан кешкен еді,
Қара қайғы кӛрсетпей ештеңені,
Қара жауы қанатын кескен еді.
Шҧлғау болып қыздардың тӛсектері
Талай қара шаңырақ ӛшкен еді, – деп, қазақ тарихында "Ақ табан шұбырынды, Алқа кӛл
сұлама" деп аталған (1723) қайғылы, қасіретті оқиғаны жырлап, сол дәуірдің барлық ауыртпалығы
мен азабын бейнелеу ҥшін "қара" тҥс арқылы сипаттап отыр. Соның нәтижесінде бҧл жолдар
психологиялық ауыр жҥк арқалап тҧрғандай сезіледі.
Кӛркем шығарманың стильдік ерекшелігі дегенде осы тәрізді бейнелеу тәсілін атауға
болатын сияқты.
Тҥр-тҥс атауларын кейде ақын-жазушылар стильдік ӛрнек ҥшін де қолданатыны
байқалады. Соның бір саласы — пародия жанры. Қазақтың белгілі халық композиторы, сазгер,
әнші Алтынбек Қоразбаевтың шығарған әндері мен ӛлеңдерінің кейіпкерлері ылғи қара кемпір,
қара шал, қара бала, қара қыз, қара тон, қара пима болып келетінін байқап қалған ("қараға да,
сарыға да, жатпайтын") сатирик ақын Толымбек Әлімбекҧлы ӛзінің "Сары бала" (тҥр-тҥсі ақ сары
Алтынбектің ӛзіне бағышталған) атты пародиясында:
Ӛзіңе қарыз сары, ақ, ала да,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж.
10
Қаралар сендей қамқор таба ала ма?
"Қара қыз", "Қара пима", Қара тон" мен
"Қара шал", "Қара кемпір", Қара бала".
Қазақта сендей сары тұқым да аз-ақ,
Әндерің ел мақтайды, шүкір, ғажап;
Алтынбек Қоразбаев арқасында
Негр боп кетпесе екен біздің қазақ!
("Дала", 2000, № 08(09), 12 б.).
Пародия қазақ арасында жиі айтылатын, ал композитор, сазгер Алтынбек
шығармаларында одан да жиі қолданылып жҥрген "қара" есімді кейіпкерлерді тілге тиек етіп,
ақын "бҥйте берсең қазақтың барлығын қара негрлерге (зәңгілерге) айналдырып жібересің деп,
орынды ескертпесін жеңіл қалжың-базына арқылы ӛте шебер жеткізіп тҧр.
Шынында да, тҥр-тҥс атаулары, соның ішінде, әсіресе, "ақ" және "қара" атаулары, ӛзінің
кӛп мағыналық (полисемантикалық) табиғатымен кӛзге тҥседі. Оларды біз жҧмысымыздың
бірінші тарауында мҥмкін болғанынша толық сипаттап ӛткен едік. Оларды біз негізгі лексикалық
(тҥр-тҥстік), номинативтік мағынасынан ӛрбіген ауыспалы, туынды және рәміздік (символдық)
мағыналар деп жіктеп кӛрсеттік. Мысалы: "Сүттен ақ, судан таза" дегендегі "сүттен ақ" деген
тіркестегі "ақ" атауын зат тҥсінің ақтығын айрықша атап, сҥтпен салыстыра кӛрсеткіміз келсе,
онда ол ӛзінің негізгі номинативтік мағынасын білдіргені. Ал, егер осы "сүттен ақ" тіркесін біз
адамға қатысты ауыспалы мағынасында қолдансақ, онда ол тіркес сол адамның "кінәдан таза,
айыбы жоқ, пәк" екендігін аңғартады.
Бҧдан шығатын қорытынды: кейде (барлық жағдайда емес, әрине) "ақ", "қара"
атауларынан туындаған тіркестер ӛз мағынасында да, ауыспалы мағынасында да қолданылатыны
байқалады. Мҧндай жағдайда қолданыстағы мағынаны анықтап тҧратын бірден-бір кӛрсеткіш,
әрине, контекст, мәтін, не тіркестің ӛзі болмақшы.
"Кедейдің аузы аққа тигенде мұрны қанапты" деген мақалдың тілдегі жалпы ауыспалы
мағынасы "Кедей адамның жолы ауыр, оң ісіне аяқ астынан бір кедергі табыла қалады" деген
ҧғымды аңғартса, оның "аузы аққа тию" бӛлшегі "аузы сүт тағамдарына тигенде" деген ауыспалы
мағынаны аңғартып тҧр.
Тҥр-тҥс атауларының, соның ішінде, әсіресе, "ақ" және "қара" тҥс атауларының кӛп
қолданылатын ауыспалы мағыналарына, мысалы, символдық (рәміздік) мағыналарды жатқызуға
болады. Біз жоғарыда кӛрсеткеніміздей, егер тҥр-тҥс атауларының негізгі (номинативтік)
мағынасы мен ауыспалы мағына арасында логикалық байланыс пен ҧқсастық, мотивтік сәйкестік
шешуші қызмет атқаратын болса, онда рәміздік (символдық) мағынаның пайда болуына қажетті
халықтың ӛмір-салты мен әдет-ғҧрпында, танымдық дәстҥрінде қалыптасқан шарттылық ҥлкен
рӛл ойнайды деген сӛз. Демек, рәміздік (символдық) мағынаның табиғатын аңғару ҥшін заттар мен
қҧбылыстар арасындағы абстракциялық байланысты тек тіл тҧрғысынан ғана емес,
этнолингвистикалық таным тҧрғысынан да зерттеу қажет екен.
Міне, сондықтан да "ақ" және "қара" тҥр-тҥс атауларының ауыспалы мағыналарын, соның
ішінде олардың сан алуан символдық (рәміздік) мағыналарын біз кӛбінесе ҧлттық салт-дәстҥрге,
наным-сенім,
әдет-ғҧрып,
ырым-кәделерге
байланысты
этнолингвистикалық
тҧрғыдан
қарастыруды қажет деп білеміз.
Осыған орай ескеретін бір жағдай, тҥр-тҥс атауларының, соның ішінде "ақ" және "қара"
атауларының да халық санасында қалыптасып қалған символдық (рәміздік) мәндері болады. Ол
мағыналар бҧл атаулардың ғасырлар бойы абстрактылы даму нәтижесінде қалыптасады. Мысалы,
ақ тҥсті заттардың барлығы десе де болады, қазақ қауымында кӛбіне-кӛп: "жақсылықтың",
"қуаныш-шаттықтың", "сән-салтанатттың", "бейбітшілік пен татулықтың", "жеңісті мойындау
мен бойҧсынудың", "бақыт-рахаттың", "мамыражай тіршіліктің", "байлық пен молшылықтың"
т.б. осы сияқты қҧбылыстар мен қҧндылықтарды, бойындағы жағымды оң қасиеттерді,
("положительные значения") сипаттауға бейім. Ал "қара" атауы болса, керісінше, болмыстағы
қҧбылыстар мен қҧндылықтардың бойындағы жаман қасиеттерді: "қатыгездік" пен
"қараулықты", "қайғы" мен "қасіретті", "ӛлім-жітім" мен "аза, қазаны", "бақытсыздық" пен
"пақырлықты", "қауіп-қатерді", "ҥрей мен қорқынышты" т.б. осы сияқты теріс мағынадағы
("отрицательные значения") ҧғым-тҥсініктерді сипаттауға бейім.
Бҧл рәміздік (символдық) мағыналар "ақ" және "қара" контрастивті атаулардың жеке
тҧрған қара басынан (реңк бояуынан) емес, белгілі контекст пен нақтылы тіркестік
қолданылуынан ғана айқын кӛрінеді. Қазақ қауымының санасында "ақ" атауы мен ақ тҥстің
символдық мағыналары мен "қара" атауы мен қара тҥстің символдық мағыналары, мәселен,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, №2 (36), 2011 ж.
11
жалаудың, тудың, матаның, киімнің, мал түгінің, заттар мен құбылыстардың нақтылы тҥр-тҥсіне
байланысты да және оларға қатыссыз да қалыптасатыны байқалады. Мысалы, "қара шаңырақ"
дегендегі "қара" сол шаңырақтың шын мәнісіндегі "қаралығын" кӛрсетіп тҧрған жоқ. "Қараның"
символдық мағынасы саналатын "кӛненің кӛзі", "қасиетті-қадірлі" деген ҧғымды аңғартып тҧр.
Рәміздік мағынасы халық жадында әбден қалыптасқан, касаң қағидаға айналған
болмыстағы кейбір заттар оның тҧрмыс-салтында ресми рәміздердің, нышандардың ӛзіне ауысып,
материалдық қҧндылыққа айналуы мҥмкін. Мәселен, ақ ту – жеңісті мойындап, қарсыласына
тәуелді болудың символына айналса, қара ту (кейде ол "тусыз", қара деп те атала береді) қаза, аза
тҧтудың символы болып саналады.
"Ақ" және "қара" тҥр-тҥс атауларының символдық мағыналары алуан тҥрлі тҧрақты
тіркестер (фраза, теңеу-салыстыру, жҧмбақ, мақал-мәтел, қанатты сӛздер т.б.) қҧрамында
қалыптасып, атадан балаға рухани мҧра болып ауысып келеді. Сондықтан да, бҧларды талдап-
таратып, мағына-мәнін ашу этнолингвистиканың міндеті.
Қазақ салтында "ақ" тҥр-тҥс атауының табиғатына қатысты қалыптасқан символдық
(рәміздік) мағыналардың біразы тӛрт тҥлік малдың тҥк-тҥсіне байланысты. Мҧнда да "ақ" мал
тҥсіне қатысты негізінен ӛзінің оң мағынасында ("положительное значения") қолданылады.
Сондықтан да басқа, қазақтар белгілі біреуге, не белгілі бір оқиғаға, қуанышқа арнап қҧрбандыққа
ақ тҥсті, боз тҥсті, не ақпен аралас тҥсті малды (ақ сары бас) ғана шалатын болған. Бҧл, әрине,
жоғарыда айтылған бҧл тҥстің дәстҥрлі қалыптасқан игілік пен жақсылықты білдіретін оң
мағынасына байланысты болса керек.
Мәселен, ертедегі бабаларымыз белгілі бір қуанышты оқиғаға атап, "боз қасқа ту биені",
"ақ нарды", "ақ сары бас қошқарды" қҧрбандыққа шалуында қаншама салт-дәстҥрге тән мән
жатқандығын тек этнолингвистикалық талдау арқылы ғана жан-жақты да терең тҥсіндіруге
болады.
Қазақ тілінде "қара" тҥс атауының символдық мән-мағынасында қолданылуы да кездеседі.
Ол кӛбінесе ҧлттық салт-дәстҥр, әдет-ғҧрып, ырым-кәделерде байланысты. Алайда, олар ӛмір
салтында әбден қалыптасқан, ҥйреншікті қҧбылыс ретінде қабылданатындығынан кӛзге тҥсе
бермейді. Мҧндай кӛптеген символдық қҧбылыстардың мағынасы кӛмескіленіп тҧрады да, біз
оларды арнайы зерттегенде ғана, белгілі бір контекстер арқылы ғана анықтай аламыз. Мысалы;
М. Әуезовтың "Абай жолы" романында "қара" атауына байланысты бір кӛріністі автор былайша
суреттепті.
"Байдалы ӛлік үстіне тіккен ақ үйдің оң жақ белдеуіне ӛз қолыменен әкеп қара тікті. Бұл
жұмыс ӛліктің артын күтудің үлкен бір серті еді". "Қара" дегені — ұзын найзаның басына тігілген
ту", – деп кӛрсетеді [6.197].
Бҧл — ӛлім қазаға байланысты аза тҧту дәстҥрінің бір-ақ кӛрінісі. Ол дәстҥрдің қазақ ӛмір-
тіршілігінде ондаған тҥрі кездеседі. Оларды біз сол М. Әуезов романының ӛзінен де таба аламыз.
Мәселен, ӛлген адамның "атын тұлдау" рәсімі бойынша ертедегі қазақтар аттың жал-қҧйрығын
кҥзеп, ел кӛшкенде оны ерттеп, тоқымын қайыра тартып, ҥстін қара жабумен жабулап, жетекке бос
алып жҥрген. "Тұлданған ат" марқҧмның жылдық асында міндетті тҥрде қҧрбандыққа
шалынатын болған. Бҧл салтты қазақтар "қараны жығу" деп атаған. Ал, бір жылдан бері марқҧм
ҥйінің белдеуінде тігулі тҧрған қара туды, ритуалдық мерзімі ӛткеннен кейін, табанға салып
сындыру әдеті болған. Мҧны "Қараны сындыру" деп атаған.
Ӛлім-жітімге байланысты "қара" тҥс атауына қатысты бҧдан басқа да қолданыстар аз емес.
Мысалы, "қара" атауынан туындаған "қараша" сӛзінің ауыспалы мағыналарының бірі — "ӛліктің
артын кҥтіп, аза тҧтушы адам". Бҧл мағынасында кездесетін "қараша" туралы Е. Жанпейісов
еңбегінде де айтылады. [28.52-60]. "Ӛлген адамға аза тҧтып, артын кҥтіп, оған қҧрмет кӛрсетуші
тілеулес адам" мағынасын білдіретін қараша тек қазақ тіліне ғана тән емес, сонымен қатар ол басқа
тҥркі тілдерінде де, мәселен, қырғыз тілінде, кездеседі. Мысалы: "Манас" жырында:
Менің кӛзім ӛткен соң, жҧртым,
Достарыңызбен бөлісу: |