ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЛАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІН АЛҒАНЫ КҮНІ
БҮГІНГІДЕЙ КӨЗ АЛДЫМЫЗДА. ОЛ ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ. ТАЛАЙ ТА-
ЛАС-ТАРТЫС БОЛДЫ. ӨЙТКЕНІ ТІЛДІҢ ТАҒДЫРЫ - ҚАЗАҚТЫҢ ТАҒДЫРЫ ЕДІ.
ТЕГЕУРІНДІ ҚАРСЫЛЫҚТАРҒА ДА ҰШЫРАСТЫҚ. ӘЙТЕУІР, ТҮБІ ҚАЙЫР. ҚАЗАҚ
ТІЛІ МЕМЛЕКЕТТІК МӘРТЕБЕ АЛДЫ. ЕНДІ АЛДЫМЫЗДА СОЛ ЖЕТІСТІКТІ БАЯН-
ДЫ ЕТУ, ІСКЕ АСЫРУ МІНДЕТІ ТҰРДЫ. БҰҒАН ҚОСА ЕЛДІҢ КӨҢІЛ КҮЙІ ДЕ, РУХЫ
ДА ТҮЛЕП, ҮЛКЕН ҚОЗҒАЛЫСТЫ ҚАЖЕТ ЕТТІ. СОЛ ЖЫЛЫ АКАДЕМИК ӘБДУӘЛИ
ҚАЙДАРОВТЫҢ БАСТАМАСЫМЕН «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ ҚҰРЫЛҒАН ЕДІ.
СОДАН БЕРІ ТІЛ МАЙДАНЫНДА ТОЛАССЫЗ КҮРЕС ЖҮРГІЗІП КЕЛЕ ЖАТҚАН
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНА ДА 25 ЖЫЛДАН АСТЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ»
ҚОҒАМЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА
2009 ЖЫЛДЫҢ 22 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ӨТТІ. АЛ 25 ЖЫЛДЫҒЫМЫЗДЫ ӨТКІЗУГЕ АЛ-
ДАН ШЫҚҚАН ДАҒДАРЫС МҮМКІНДІК БЕРМЕДІ. ӘЙТСЕ ДЕ, ҚОҒАМ ЖҰМЫСЫН
ТОҚТАТҚАН ЖОҚ, КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА.
мемлекеттік мәртебе беру екені жөнінде пікірталас
өрбіді. Тілші қауым арасында да бұл мәселе қызу
әңгімеге айналды.
1988 жылдың қазан айының бір күнінде Тіл білімі
институтының сол кездегі директоры, академик
Ә.Қайдаровтың жұмыс кабинетінде басқосу болды.
Күн тәртібінде бір-ақ мәселе. Ол қазақ тілінің бүгінгі
халі және оны сақтап қалу мен дамытудың жолдары.
Бұл жөнінде академик қысқаша түсініктеме берді
де қазақ тілін қазіргі мүшкілдіктен шығару үшін
оны бүкіл халық болып қамқорлыққа алу қажет, ол
үшін елдің басын ұйыстыратын бұқаралық ұйым
керек. Яғни Қоғам құрсақ деген ой тастады. Бұған
әріптестеріміздің көбі тосырқай, үрке қарады. Ал жа-
стар жағы бірден қолдау көрсетті. Міне, осы сәттен
бастап Қоғам құру қамына кірісіп кеттік.
Бұл майданға қазақ зиялыларының көбі араласты.
Тіпті ауыл-ауылдағы қарапайым еңбек адамдарына
дейін үн қосты. Ал біз оқу орындарына, түрлі меке-
мелерге барып, қазақ тілін мемлекеттік тіл етудің
маңызын түсіндірумен болдық. Газет, журналдарға
күн құрғатпай ұлттық сананы биіктетер материалдар
жариялауды ұйымдастырдық. Сондай-ақ ел құлағына
ерте жететін радио хабарларын тұрақты түрде
жүргізіп отырдық. Ол хабарларға жер-жерден қолдау
хаттар келіп жатты. Онда Қазақстанда бір ғана тілдің,
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
№ 3 ( 2 0 1 6 )
№ 3 ( 2 0 1 6 )
22
23
яғни қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуға хақысы бар
екені жан-жақты дәлелденіп жатты. Және осы келелі
іске бас-көз болатын бұқаралық ұйымды тез арада
құру қажеттігі сөз болды.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы, еліміздің
тәуелсіздігін жариялауы оп-оңай шешіле салған жоқ.
Жоғарыда айтқанымдай, тәуелсіз елдің тәуелсіз тілі
болу қажеттігі туралы күрес егемендіктен әлдеқайда
бұрын басталған еді. Ә дегеннен мемлекеттік тілді
мәртебелендіру мәселесін қозғаған «Қазақ тілі»
қоғамы да дүниеге осылай келген. Сөйтіп, 1989
жылдың 20-21 қазанында тұңғыш құрылтайда
Республикалық «Қазақ тілі» қоғамы құрылды.
Қоғам құрылмастан бұрын Қазақстанда қай тілді
мемлекеттік тіл етеміз деген мәселе төңірегінде көп
талас-тартыстар түйіні Г.Колбин алдында болған
арнайы комиссияның басқосуында шешілген еді.
26 адамнан құрылған бұл комиссия бұған дейінгі
пікірлерді сарапқа сала келе, академик Ә. Қайдардың
қайсарлығының арқасында «Қазақ ССР-інде мем-
лекеттік тіл тек қазақ тілі болу керек» деген түйінге
тоқтады. Қазақ ССР-інің сол кездегі Жоғарғы
Кеңесіне сайланған халық қалаулылары өздерінің ел
мен тіл алдындағы перзенттік парыздарын адал орын-
дап, 1989 жылы 22 қыргүйекте Тіл туралы тұңғыш
заңымызды қабылдады. Онда қазақ тілі – мемлекеттік
тіл болып таңбаланды. Бұл халқымыздың егемендік
пен тәуелсіздік жолындағы күресінің алғашқы
жеңістерінің бірі болатын.
Қоғам бірден-ақ қанатын кең жайып, Қазақстанның
барлық өңірінде өзінің жергілікті ұйымдарын құра
бастады. Қалалық, облыстық, аудандық, ауылдық
ұйымдармен бірге ірі мекемелерде біріккен коми-
теттер ұйымдастырды. Ел арасында тіліміздің өрісін
кеңейту жолдарын тынымсыз насихаттады. Осындай
нақты іс-әрекеттер нәтижесінде Қоғам ел алдында бе-
дел алып, халықтық қозғалысқа айналды. Әсіресе, Тіл
заңы мен Мемлекеттік бағдарламаның іске қосылуына
Қоғам қосқан үлес өлшеусіз.
Елдің санасын оятуда, ұлттық рухты көтеруде
баспасөздің ерекше маңызға ие екендігі белгілі.
Осыған байланысты біздің де әуелгі қолға алғанымыз
баспасөз болды. 1990 жылғы наурыздың 22-інде
республикалық «Қазақ тілі» қоғамының үні ретінде
өмірге келген «Ана тілі» атты үнқағазымыз содан
бергі аралықта республикамыздағы таралу мөлшері
көп беделді басылымдардың қатарына шықты. Тіл
тағдырын ту етіп отырған бұл басылымды кешегі
Ахмет Байтұрсынов шығарған «Қазақ» газетінің ру-
хани жалғасы деп айтуға әбден болады. Бұдан бөлек
«Қазақ тілі» қоғамының жер-жердегі ұйымдары
мен бөлімшелері шығарған мерзімдік ақпарат
құралдарының саны 30-дан асып кетеді. Бұлардың
бәрі де қоғамдық пікір қалыптастыруда, ұлттық жады-
мызды жаңғыртуда елеулі қызметтер атқарып келді.
Жалпы қазақ тілінің 1989 жылы мемлекеттік тіл
мәртебесін алуы, «Қазақ тілі» қоғамының құрылуы
қоғамдық пікірге айрықша ықпал беріп, ұлт тық
сананың дүр сілкінуі ел тәуелсіздігіне алып келді де-
сек, артық айтқандық болмайды деп білеміз.
Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайын өткізу
идеясын көтергендердің бірі – «Қазақ тілі» қоғамы
болатын. Өзге қоғамдық ұйымдармен бірге мұны
ұйымдастырудың басы-қасында «Қазақ тілі» қоғамы
болды.
Сол кезеңдерден бері толассыз жүргізіліп келе
жатқан тіл майданы әлі тоқтаған жоқ. Тілге байланыс-
ты қабылданған әрбір құжаттың астарында осын-
дай күрестер ізі жатыр. Өйкені тәуелсіздіктің басты
шарттарының бірі – тіл тәуелсіздігі деп білеміз.
Сондай-ақ Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын
мемлекеттік деңгейдегі аса ауқымды істі қолға алған
іргелі, көп тармақты қоғамдық ұйым деуге де бо-
латыны анық. Өйткені Қоғамның жарғысын алғаш
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы бекітті.
Бастапқы жылдары, атап айтқанда 1993 жылға дейін
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып келді.
Қоғамға Тіл туралы заң мен мемлекеттік бағдарламаны
іске асыру міндеті артылды. Алайда Қоғам арнайы
ресми мемлекеттік мекеме болмағандықтан, бұл
міндетті ойдағыдай атқаруы мүмкін емес еді. Бұл іс
кейіннен Қоғамның ұсынысы бойынша құрылған
Тіл комитетіне жүктелді. Мұның өзі Тіл туралы ар-
найы заң қабылдағанымен, тіл саясатын тиянақты,
жүйелі жүргізуге тәуелсіздіктің алғашқы жылдары
мемлекетіміздің өзі дайын болмағандығын немесе
мүмкіндігінің шектеулі екендігін көрсетеді. Соның
салдарынан еліміздің тіл саясаты белгілі бір уақытқа
дейін ғылыми түрде негізделместен, сол тұста қоғамда
орын алған ахуалға орай стихиялы түрде жүргізілді.
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
№ 3 ( 2 0 1 6 )
№ 3 ( 2 0 1 6 )
24
25
Тіл комитеті ашылғаннан кейін барлық облыста тіл
басқармалары құрылды. Бұл шаралар мемлекеттік
тіл саясатының пәрменді жүргізілуіне айтарлықтай
серпін беріп отырғанын ашып айтуға тиіспіз.
Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту үшін еліміз
не атқарып келе жатыр дегенге келсек, мемлекеттік
тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілінің мәселесі
Елбасының назарынан ешқашан тыс қалып көрген
жоқ. Мысалы, ана тілімізді ардақтау мақсатында
25 жылдың ішінде Елбасы бірнеше жарлық, өкімге
қол қойса, Үкімет мемлекеттік тілді өркендету
тұрғысында 20-дан аса қаулы қабылдапты. Арнайы
Заң, мемлекеттік бағдарлама бар. Тіл комитеті,
облыстық тіл басқармалары қызмет етті. Тәуелсіздік
алған жылдар ішінде елімізде 883 қазақ мектебі ашы-
лыпты. Аралас мектептерді санамағанда еліміздегі
барлығы 7 721 мектептің ішіндегі 3 788 мектеп таза
қазақ тілінде білім береді екен. Бұдан бөлек елімізде
қазақ тілінің оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында
16 аймақтық, 15 қалалық, аудандық тіл орталықтары
ашылған. Елбасы бұндай оқу орталықтарының санын
150-ге жеткізуді тапсырды. 2005 жылы мемлекеттік
тілді дамытуға бөлінген қаржы мен бүгінгі қаржыны
салыстырып қарасақ, арасы жер мен көктей. 2005
жылы 133 миллион теңге қаржы бөлінсе, 2008 жылы
мемлекеттік тілді дамытуға 5 миллиард теңгеге жуық
қаржы бөлінген екен. Міне, осының өзінен-ақ көп
жағдайды аңғаруға болады.
Мұның бәрін айтып отырғаным, қалай болғанда
да ілгерілеушіліктердің бар екендігін көрсету. Деген-
мен, қазақта «жыламаған балаға емшек бермейді»
деген сөз бар. Қол жеткен нәтижелеріміз тілім, елім
деген асыл азаматтардың намысқа шауып, жан-жақ-
тан тіл мәселесін тұрақты көтеруінің, табандылық
танытуының, мәселені Елбасының түсіністікпен
қабыл дауының арқасы. Қазір айтуға оңай. Aрбір қазақ
мектебін ашу, қазақ тілін мемлекеттік тіл ету қан-
шалықты күшке түскені жұртшылықтың жадынан
шыға қоймаған болар.
Бұл бағыттағы істерді тоқтатуға болмайды.
Жалпы еліміз тіл мәселесіне қатысты асығыс,
үстірт шешімдер қабылдамай, алысқа, болашаққа
бағытталған салмақты саясат ұстанып келеді. Елба-
сының ұлт, ел тағдырына қатысты қабылдаған кейбір
соны шешімдерін жұртшылық бастапқыда байыбы-
на бара алмай, тосырқап қабылдағанымен, жылдар
өткеннен кейін оның дұрыстығына көздері жетуде.
Мұның бәрі де уақыт өте келе өз жемісін беріп жатыр.
Есіңізде болса, тәуелсіздіктің алғашқы жылда-
рында елдің қазақ тіліне деген талпынысы қандай
еді. Тіпті өзге ұлт өкілдерінің өзі балаларын жаппай
қазақ мектептеріне бере бастап еді ғой. Сол кездегі
үкіметтің әйгілі қаулысы, Конституциямызға орыс
тіліне қатысты енгізілген бап жұртшылықтың көңілін
су сепкендей басқан жоқ па?! Бұл жағдай көп адамның
қазақ тілінен теріс айналуына алып келді. Біз соның
зардабын әлі тартып жатырмыз.
Сондықтан мәселені Конституцияның 7-бабын
қайта қарау қажет деп төтесінен қоятын кез жетті.
Мемлекеттің өзі мемлекеттік тілге қатысты заң та-
лабын орындамағаннан кейін, қарапайым халықтан
не сұрайсыз?! Заңды ең алдымен заң шығаратын
орынның өзі орындауы керек.
Біздіңше, қазақ тілінің өркен жаяр өрісі – қазақ
мектептерін көбейтудің ең дұрыс шешімі осы болмақ.
Егер, жағдайды осы қалпында қалдыра беретін
болсақ, істеп жатқан ісіміздің ешқандай нәтижесі
болмайды. Бұл мәселе алдымыздан үнемі қайталанып
шығады да отырады. Сондықтан елімізде мемлекеттік
тіл – қазақ тілінің адымын аштырмайтын қолдан
қалыптастырылған тұйық шеңберден шығудың осын-
дай жолын таңдап, тиісті шараларды жедел қолға
алуға тиіспіз.
Ал орыс тілінде оқып жатқан қазақ балаларына
келетін болсақ, балаларын орыс мектептеріне апарып
жүрген халықты кінәлаудың реті жоқ. Ел ұлттың бас
көтерер адамдарына, мемлекеттік билікке қарайды.
Ойын да, бойын да соларға қарап түзейді. Биліктің
тілі орысша болса, ұлт зиялылары немерелерін
орыстілді мектептерге беріп жатса, қарапайым халық
оларға еліктемей қалай тұрсын. Елге айтар сөзі бір
басқа да, ісі бір басқа болып отырған зиялылардың
өзі сенбеген нәрсеге халықты қалай сендірмек бо-
лып отырғандарына таңым бар. Сондықтан елдің бас
көтерер адамдары өз дерттерінен өздері арылғандары
жөн. Елбасының лингвистикалық комиссияның алды-
на келіп, емтихан тапсыруы – мемлекеттік тілге деген,
Қазақ еліне деген құрметі.
Ел басқарамын деген адамның сол елдің мем-
лекеттік тілін білмеуі қаншалықты қисынды?
Мұн дайды тек отаршыл елдер өз бодандары-
на ғана қолданатыны белгілі емес пе? Сондықтан
президенттіктен үміткерлердің мемлекеттік тілден
емтихан тапсыруы табиғи жағдай, солай болуы тиіс
дүние деп қараймын. Ал Елбасының қазақ тілін
қаншалықты меңгергені – көпшіліктің көз алдында.
Оған алып-қосар жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттің
тілінде қызмет жасауын қай қисынға жатқызарымды
білмей отырмын. Бұл әлемнің ешбір елінде кез-
деспейтін жайт. Біздің сорымыз. Соған жол беріп,
көніп отырған халықтың әлсіздігі. Елге тұтқа болар
деген көзі ашық зиялылардың жалтақтығы.
Сөз жоқ, қазақ тілі Қазақ елінде барынша басым-
дыққа ие болады. Бұған сенімім кәміл. Ал тілде қа-
лып тасу, болу-толу деген болмайды. Өйткені тіл
– жан ды құбылыс. Халықпен бірге жасап, бірге да-
мып, бірге түлеп отырады. Сондықтан тілге қатысты
атқарылар шаруа, бітірер іс ешқашан тәмамдалмайды
деп білемін.
***
Ғабиден Мұстафин – қазақ әдебие-
тіндегі өзі ғана өсіп қоймай, әдебиетті де
өсіре білген санаулы суреткердің бірі.
***
Тек өз шығармасына қатаң талап,
үлкен жауапкершілікпен қарай алатын
жазушы ғана күллі әдебиеттің жағдайына
жаны ашып, болашағына қамқорлық
жасай алады.
***
Адамды шын бақытты ететін – өзге-
лерге деген адал қызмет пен абзал мейірім.
***
Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.
***
Адам нәсілін жер бетіне баянды етіп
тұрған бірден-бір күш – мейірім мен рахым.
***
Орынсыз ашқарақтық, орынсыз бақ-
құмарлық шынайы азаматтық бақыт үшін
қандай қиянат болса, орынсыз жігер-
сіздік пен рухани қауқарсыздық, орынсыз
көнтері көнбестік те – дәл осындай
қиянат.
***
Әккілік жүрген жерде шын пәтуаның,
әулекілік жүрген жерде шын парасаттың
көсегесі көгере қоюы неғайбіл.
***
Қуанышы бар дүниенің өкініші бар.
Тіл туралы ойлану – бәрі туралы ойлау
***
Алдағы жыл арттағыдан көп болмайды,
бірақ алдағы парыз арттағыдан ауыр.
***
Азаттыққа жету қандай қиын болса,
азаттыққа үйрену де сондай қиын.
***
Құдайдай адамды дүниеге әкелу – тек
Құдайдың ғана қолынан келетін іс.
***
Жақсылыққа деген ықылас азайған жерде
«жақсы болсам» деген ыждағат та азаяды.
***
Еділдің суын шелектеп шашып, Жайық-
тың суын ожаулап төгіп, түгел сарқып шығу
қандай мүмкін болмаса, «Құрманғазының
асқар таудай абыройын қысыр қаңқумен
аласартамын» деу – сондай мүмкін емес
шаруа.
***
Құрманғазының күйісіз таңымыз атып,
күніміз батқан емес.
***
Алақаны бар тіршіліктің шапалағы да бар.
***
Көзі барда өзі, көзі жоқта өнері қауымның
басына сүйесін, қолтығына демесін
Әбіш Кекілбайдың қанатты сөздерін
жинап дайындаған Закария Сисенғали
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
№ 3 ( 2 0 1 6 )
№ 3 ( 2 0 1 6 )
26
27
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жаңа адамы
жасампаздық үлгілері мен үр дістері өрісінде өсіп-
жетілуі үшін та рихи-тағылымдық мұраларымыз бен
одан бастау алған бүгінгі рухани-мәдени, көркемдік-
тәлімдік, зайырлы-зиятты мұраттарымызды орнық-
тыру – кешеден қазірге жалғасып, ертеңге ұласатын
мәңгі міндет, мәнді тақырып. Ширек ғасырда ширақ
ширығып, шымыр толысып, әлемдік қауымдастықтың
әлпетіне шырай қосқан тәуелсіз Отанымыздың
тізгінін ұстайтын ұрпақтың «бесігін түзетіп»
(М.Әуезов), есігін күзетіп, ұшпаққа шығаратын ұлы
ұлағат қағидатынан, бос тан болған алғашқы алма-
ғайып кезең дерден бастап, Ұлт Жоспарын ұшанға
ұзат қан уақытқа дейін айныған емеспіз. Елбасы-
мыз Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары-
нан туындаған еліміздің әлеуметтік-экономикалық,
қоғамдық-саяси, өркениеттік түлеу бағыттары, «Та-
рих толқынындағы» (Н.Назарбаев) кепиетті құн ды-
лықтарымызды түгендеу арқылы Мәңгілік Елдің
отын маздату идея сы, сондай-ақ адамзатты жаппай
қырып-жойып қана қоймай, ұзақ мерзімдік зардап-
тары генетикалық-мутанттық қасіретке ұшырататын
атомдық-ядролық милитаризмге қарсы үндеген
«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – зерделеп, зерттеп
қарасақ, ұлттың қамын ойлаған, болашаққа бойлаған
Тезистік Тұғырнамалар.
Мұны «байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және
тарихи жады арқылы бай ланысқан, Ұлы Дала елінің
даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған
Қазақстан аза маттары» («Мәңгілік Ел» патриоттық
актісі) және ұрпақтары жүзеге асырады, кәдеге жа-
ратады. Ендеше, жаңа Қазақ станның жаңа адамы
қалай өніп, қалай өсіп келеді? Өркениетті отыз елмен
қанаттаса ша ңырақ көтеретін ордамыздың керегесінің
көгі мен уығының қаламы мықты ма?
Рух семсе – болашаққа бастайтын үмітің мен
сенімің сөнеді. «Мың өліп, мың тірілген қазақ»
мұны ешқашан ұмытпаған. Тарих сабақтары сана-
сын сәулелендірген еліміздің Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің тәуекел жылда-
рынан бастап Қазақстан халқының тұтастығы мен
тұрақтылығын, берекелі бірлігін қамтамасыз ететін
шаралар шоғырын бірінші кезекке қойып, Үкі-
метке толайым тапсырмалар беріп, тарихи-рухани
және мәдени тұғырымызды нығайтуға үлкен еңбек
сіңірді. Осы бағытта мемлекеттік бағдарламалар
қабылданып, қаржыландырылды, жүзеге асырыл-
ды. Нәтижесінде ширек ғасырдың беделінде әлемдік
қауымдастық Қазақcтанды тү бегейлі танып-біліп қана
қоймай, әлеуетті әріптес санады, санасты. Мәдениет
және спорт министрлігінің деректерін дәйектесек,
саладағы атқарылып жатқан жұмыстарды жинақтасақ,
ақиқаттың ауылынан табылатынымыз рас.
Бүгінде еліміз бойынша мемлекеттік мәдениет
және өнер мекемелерінің жиыны республикалық
9 театр, 7 концерттік ұйым, 3 кітапхана, 6 музей, 9
тарихи-мәдени музей-қорық, 1 кинокомпания ны қоса
есептегенде, 7,6 мың нысанды құрайды. Сондай-ақ
облыстық мәдениет ұйымдарында 4,1 мың кітапхана,
3 мыңға жуық клуб үлгісіндегі мекеме, 228 му-
зей, 52 театр, 22 кино көрсететін зал, 34 концерттік
ұйым, 64 мәдени-демалыс саябағы және 3 цирк бар.
Сықырлаған цифрлар – статистикалық көрсеткіш
емес, көпұлтты мемлекетіміздің мәдени-рухани
өміріне қалтқысыз қызмет еткен, бейбітшілік пен
ұлттық келісімді насихаттаған, әлемдік мәдениеттің
озық өнегелерін танымдық тіршілігімізге кі ріктірген,
жаңа Қазақстанның жаңа адамы ның бүтін болмысына
тәрбиелік қуат берген тұтас генератор.
Соның нәтижесінде өткен жылы елімізде және ше-
телдерде тарихи-мәдени мұраны дәріптеуге, бүгінгі
рухани тұрпатымыздың келісімін көрсетуге арналған
383 іс-шара өткізілді. Оған Қазақстан халқының жыл-
намасында жүрекпен жазылған Қазақ хандығының
550, Ұлы Жеңістің 70, Қазақстан Республикасы Кон-
ституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының
20 жылдық мерейтойларының бү кілхалықтық
деңгейде аталып өтілгенін қосыңыз. Республикалық
музейлер мен қорық-музейлер 383, оның ішінде 20
халықаралық көрме ұйымдастырды. Олардың 165-
і бейнелеу, зергерлік және қолданбалы өнер туын-
дыларына арналса, 218 көрмеге қорық-музейлер
қорларындағы жәдігерлер қойылып, көрермендердің
көзайымына айналды. Ежелгі түркі жұртының
мұрагері – қазақтың шежіресін танып-білуге септігін
тигізетін құндылықтар көрмесімен қатар, министрлік
ұйымдастырған «Тәуелсіздік тарихы» кітап көрмесі
мен «Оқырман қауым – Ұлы Дала елінің болашағы»
Халықаралық оқу конгресінің жаңа адамның зердесін
заманауи рухпен зерлегені кәміл. Заманауи демекші,
ғаламдық технологиялардың үлгісімен 23000
құжаттың электрондық көшірмесі сандық формат қа
ауыстырылып, Қазақтың ұлттық электрондық кітап-
ханасына кірушілердің саны 65 мыңға жетті, сондай-
ақ аталған жүйені әлемнің 105 елінен 25000 оқырман
виртуалды түрде пайдаланып отыр.
Туған әдебиетіміз бен өнерімізге өл шеусіз олжа
салған, есімдері ер үстінен түспейтін қайраткерлерімізді
ұлықтау – маңызды міндет қана емес, бүгінгі
ұрпақтың арман-мұратын тұлғаға теңестіру ниетінен
және олардың бойындағы шығармашылық талантын
ашып, қанатқақты қарымына қолдау көрсету тілегінен
туындаған шаралар тізбегі болса керек-ті. Әйгілі жа-
зушы Ілияс Есенберлиннің, саусағында көзі бар күйші
Тәттімбет Қазанғапұлының, батыр, ғалым Мәлік
Ғабдуллиннің, театр өнерінің шоғыр жұлдыздарын
шал ғайына орап өсіріп шығарған ұстаз-режиссер
Асқар Тоқпановтың мерейтойлары – сөзіміздің
куәдүрі. Оның сыртында Шанхай ынтымақтастық
ұйымы, Түрксой, Тәуелсіз Мемлекеттер Дос тас-
тығы және Еуразия экономикалық қауымдастығы
елдерінде тұрақты өтіп тұратын мәдени іс-шараларға
қатысқан отандық шығармашылық ұжымдар мен
жеке орындаушылардың есімдері әйгіленіп, өзіндік
қолтаңбалары қалыптасты. АҚШ-тың Нью-Йорк
қаласында Қазақстанның мәдени апталығының өтуін
және Мем лекет басшысының шетелдік делегациялар-
мен ресми кездесулері ауқымында Қазақстанның өнер
шеберлерінің, сондай-ақ музыка және хореография
ұжымдарының қатысуымен 20-ға жуық концерттік іс-
шара ұйымдастырылуын «ұлт өнерінің халықаралық
деңгейде трансформациялануы» деп түсінуіміз керек,
сол арқылы әлем Қазақстан халқының рухани қуатын
бұрынғыдан да айқын тани түсті.
Қазақ хандығының шежіресін шерткен, Тәуел-
сіздігіміздің жасампаздығын жырлаған, халық тар
достығының дәстүрін дәріптеген жанрлық шығар-
малар мен авторларға моральдық және материалдық
қолдау көрсетіліп, рухани айналымға енгізіліп
келеді. Мысалы, Ә.Алпысбаевтың «Орбұлақ таңы»,
С.Әбдінұровтың «Керей-Жәнібек», Ж.Тұрсынбаевтың
«Абылайдың ұлы ісі», Т.Рақымовтың «Әз-Жәнібек,
Керей хан-кемеңгерлер», Ш.Қорғанбекованың «Ға-
сыр лар куәсі» туындылары «Ең үздік музыкалық
шығарма номинациясы», А.Жайымның «Мерекелік
күй», Б.Дәлденбайдың «Көк ойнақ», В.Стригоцкийдің
«Экспресс на ЭКСПО-2017» төлтумалары «Халық
аспаптары және эстрада-симфониялық оркестріне
жазылған ең үздік салтанатты шығарма» номинаци-
ясы, көрнекті жазушы Т.Нұрмағамбетовтің «Мұстафа
Шоқай», белгілі қаламгер Ж.Әлмаштың «Шамда
сөнген шырақ» драмалық дүниелері «Тарихқа тағзым»
номинациясы бойынша жүзден жүйрік шығып,
еліміздің театрлары мен филармонияларының,
кон церттік бірлестіктерінің репертуарларына қо-
сыл са, М.Мұқанов пен А.Жамханның «Алатау»
(гобелен), Х.Құрбановтың «Жібек жолындағы
жұлдыздар» (жону), Ж.Үмбетовтің «Күлтегін» (тері),
М.Әмірхановтың «Сәулеттік кәдесый жиынтығы»
(күміс, қола, кохалонг), А.Бапановтың «Тәңірге са-
пар» (гобелен), З.Штифманның «Қазақ халқының та-
рихы мен тұрмысы» (коллекция) қолданбалы сәндік
өнер туындылары рухани игілігімізге айналды.
Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер
конкурсының жеңімпаздары Ә.Әбдінұровтың «Оқ-
жет пестің қиясында», С.Қа лымовтың «Біз – Ұлы Дала
МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
№ 3 ( 2 0 1 6 )
№ 3 ( 2 0 1 6 )
28
29
елі», Р.Халықбектің «Көкбөрінің тегі едік», «Қазақ
Елі», Д.Құрамысовтың «Жетісуым – киелі мекенім»,
Ж.Кеңесовтің «Жас ұландар – қыраным» әндері
тақырыптың тамырында түбі түгел ұлттың қанын
ойнатқан, тәуелсіз еліміздің болашағына бойлатқан
бояулы саздар панорамасын құрады.
Театр және кино өнері де толысып-тұлғаланып
келеді. Бір жылдың айналасында республикалық
театрларда 40-қа жуық қойылым сахналанып, бір
спектакль жаңа редакцияда ұсынылды. Астанада
көрнекті жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты Дулат Исабековтің халықтар достығын
паш еткен «Бақыт құсы», Қызылордада талант-
ты қаламгер Рақымжан Отарбаевтың саяси қуғын-
сүргін құрбандарының тағдырын тергеген «Нарком
Жүргенов» спектакльдерінің премьералары сәтті өтті,
Шымкент қаласында Қазақстан ұлттық-этникалық
театр ларының республикалық фестивалі болды.
Сондай-ақ республикалық және аймақтық прокатқа
«Құнанбай», «Жол», «Теңіздің толуын күту», «А-ға
оралу», «Елес аулау» және т.б. көркем фильмдері шық-
ты. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ак ционерлік
қоғамы мемлекетіміздің шетелдердегі дипломатиялық
өкілдіктерімен бірлесе отырып, Ресейде, Финлян-
дияда, Румынияда, Беларусь пен Түрікменстанда
«Қазақ киносының күндерін» өткізді. 5 көркем және
1 анимациялық фильм ха лықаралық 8 фестивальге
қатысты. Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің «Жаң-
ғақ тал» фильмі Оңтүстік Кореяның Бусан қаласында
«А» санатындағы ХХ халықаралық кинофестиваль-
да алғаш көрсетіліп, «Жаңа ағым» секциясында бас
жүлдені иеленді, одан кейін Варшавадағы халық ара-
лық кинофестивальға ұсынылды.
Осы мерзімде 8 толықметражды және 7 қысқа-
метражды, 27 деректі, 2 ани мациялық фильм тү-
сіріл ді. Қол жеткен табыстарды баянды ету, өнімдер
сапасын арттырып, жұмысты жүйелі жоспарлау үшін
Қазақстан Республикасының Мә дениет және спорт
министрлігі кино ісінің әлемдік тәлімді тәжірибелерін
ескере отырып, «Қазақфильм» АҚ-тың қызметін жаң-
ғырту бойынша тұжырымдаманың жобасы әзірленуде.
Тарихи-мәдени мұраларымызды қас терлеу, сақтап,
қалпына келтіру шаралары да министрлік тарапы-
нан қағажу қалған емес. Осы уақытқа дейін 100-ге
жуық тарих және мәдениет ескерткішіне реставра-
циялау және консервациялау жұмыстары жүргізілді.
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пай-
далану туралы» Қазақстан Республикасының 1992
жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес өңірлердегі тарих
және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймағының
шегараларын белгілеу ұсыныстары жер гілікті әкім-
діктер тарапынан қолдау тауып жатыр. Мысалы,
Шиелі ауданының аумағындағы Қаратау жотасын-
да 472,3 гектар жерді алып жатқан «Сауысқандық
шатқалындағы жартастағы бейнелер кешенінің»
(б.з.д. ХVIII-ІІІ ғасырлар) кө лемі 85,7 гектар қорғау
аймағының және көлемі 122,8 гектар қорғалатын таби-
ғи ланд шафтының шегаралары Қызылорда облыс тық
мәслихатының шешімімен бекітілді.
Тәуелсіз еліміздің мәдениеті мен өне рін дамыту-
да көркемдік кеңестердің атқаратын міндеттері зор.
Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған
көркемдік кеңестер театр, музыка, цирк, хореография
өнерінің, киноөндірістің, әдебиет және кітап шығару
ісінің, археология, көркемсурет, дизайн, сәулет,
кітапхана мен музей саласының іскерлік бағыттары
мен зәру мәселелерін талқылап, құзыретті мекеме-
лерге ұсыныстар енгізді. Кеңестердің құрамында
мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғамдық бір-
лестіктердің, шығармашылық одақтардың өкілдері бар.
Музыка өнері жөніндегі көркемдік кеңесте Жам-
был атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының
дәстүрлі ұлттық өнерді дамытудағы рөлі, қазіргі
таңдағы айтыс сайысының өзекті мәселелері,
«Қазақстан» және «Хабар» телеарналарының әуен-
дік және ойын-сауықтық бағдарламалары жай-
лы сөз қозғалды. Мемлекет және қоғам қайраткері
М.Жолдасбеков, дәстүрлі әнші Қ.Байбосынов, Пар-
ламент Мәжілісінің депутаты Б.Тілеухан, жырау
А.Алматов, ақындар Ж.Ерман, Ә.Беркенова, А.Әлтаев
«Шоу-айтысқа» айтыс ақын дарын немесе бұрын-
соңды айтысқа қатысқан, суырыпсалмалық қабілеті
бар өнер иелерін қатыстыру, «бөтен сөзбен сөз ара-
сын бүлдіретін» (Абай) сайқымазақ, арзан күлкіге
жол бермеу, «қолдан ақын жасау» синдромына тый-
ым салу мәселесін көтеріп, дәстүрлі ұлттық өнерді
насихаттау мақсатында музыкалық, ойын-са уықтық
бағдарламалардың көркемдік және эстетикалық са-
пасын арттыруға және ұлттық өнерді дәріптейтін
тұрақты бағ дарламаларды ұйымдастыруға байланыс-
ты ойларын ортаға салды.
Міне, уақыт кеңістігінде мешін жылы өрмегінің
жүзі ауып барады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев-
тың «100 нақты қадам» Тұжырымдамасы мен «Мәң-
гілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыруға жұмыл-
ған Қазақстан жұрты дағдарысқа қарсы шараларды
еңсеріп, «Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын
нығайтуға, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге»
(«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі) ниет байласып,
құлшына қарекет жасау да. Кейбіреулер теологиялық
тұрғыдан жіктеп, астральдық ұшқары ұғымға таңғысы
келетін «Мәңгілік Ел» идеясы «Жер мәңгілік тұрса,
Адамзат ұрпағы мәңгілік өмір сүрсе, қазақ халқы да
мәңгіліктің көшіне ілеседі» деген ұғымды білдірсе
керек-ті. Ендеше, тарихи мұраларымыз бен ру хани-
мәдени құндылықтарымыздың бірлігі, мемлекеттік
тіліміздің өміршеңдігі мен ортақтығы таңдаған жолы-
мыздан айнымауға, өзімізді жалпақ жаһанға паш етуге
мүмкіндік береді.
Мұхтар ӘБДІКӘРІМОВ,
Мәдениет және спорт министрлігінің
бас сарапшысы
Алаш қозғалысы ХХ ғасыр дың басында
қазақ халқының Орыс империясының
құрамында бүтіндей басыбайлы түрде өмір
сүрген шақтарында өріс алған еді. Әлихан
Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып
Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Мағжан
Жұмабайұлы тұсындағы қазақ философиясы
мен саяси-әлеуметтік ойы біршама еркін дікте
дамыды деп айта аламыз. Өйткені олар дербес
ұлттық мем лекеттілік жайлы мәселелерді
үкіметтің қатаң бақылауы астында жүріп жүзеге
асыруға талпынды. Әлихан Бөкейханның
шығармашылығы – ХІХ және ХХ ғасырлар
тоғысындағы әлемдік деңгейде өтіп жатқан
тарихи үдерістерге саяси-философиялық
тұрғыдағы талдаулар десек, артық айтпаған
болар едік. Осы еңбектері арқылы ол
дүниетанымдық, философиялық, мәдени-
рухани негіздерді де қозғаған болатын. Қазақ
зиялылары ұлттық тәуелсіздік, автономия,
еркіндік туралы көзқарастарын демократиялық
дүниетанымдарымен байланыста өрбітті.
Замана тынысын зерделей келе, Алаш
қайраткерлері ендігі жерде ұлттық дамуды
жетілдірудің жолдарын Империя құрамында
іздестірді.
Ресей мемлекетінде болған іргелі оқиғалар
сол мемлекетке тәуелді елдердің өміріне де
өзінің әсерін тигізбей қалмады. Қалыптасып
отырған жағдайларға байланысты Әлихан
Бөкейханның саяси дискурсындағы қазақ
мемлекеттілігі жайлы идеялары нақ осы
жағдайлармен байланысты туындады.
Санкт-Петербордың Императорлық орман
шаруашылығы институты мен Санкт-Петербор
университетінің заң факультетін бір мезгілде
бітіріп шыққан жас маман сол кездің өзінде
Ресей мемлекетінің астанасы жұртына марксизм
теориясының білгірі ретінде танымал болған
еді. Оның қазақ қоғамдық қатынастарындағы
қайшылықтарға жасалған талдаулары, ғылыми
сараптамалары – қазақстандық ғылым дамуына
қосылған зор үлес. Энциклопедист-ғалымның
ана тілімізде жарияланған еңбектерінің дені
қазақ халқының тарихы, экономикасы, шаруа-
шылық жүргізу тәсілдері, ру-тайпа лары ның
шежіресі, тұрмыс-салты, қазақ жерлерінің отар-
лану тарихы жайындағы ғылыми зерттеулер мен
публицистикалық мақалалар болып табылады.
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ
ЖАЙЛЫ ИДЕЯЛАРЫ
АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – 150 ЖЫЛ
№ 3 ( 2 0 1 6 )
№ 3 ( 2 0 1 6 )
30
31
Қазақ қоғамының осындай мүшкіл халге
душар болған жағдайында ұлт зиялыларының
басты мақсат-мүддесі – қайткен күнде де
халықтың тұтастығын сақтап қалып, ілгері
жұрттардың қатарына қосу еді. Бұл жерде ең
бастысы – философиялық дүниетанымдар мен
көзқарастардың ортақ мәселесі қазақ қоғамын
жетілдіру мен ұлт тәуелсіздігі болды. Жалпыұлттық
мақсатқа жету үшін ұлтты ұйыстырудың
тетіктерін ұлтжандылықты, ауызбірлікті,
ынтымақтастықты орнықтыруды алдыңғы
орынға шығарды. Алаш көшбасшысы осы қағиданы
өз іс-әрекеттерінің, мақсаттарының, жан-дүниесінің
үнемі бағыттаушы күші ретінде ұстанды да.
ХХ ғасырдың басында батыстандырылу
жайылған әлемде қазақтардың дәстүрлі құн ды-
лықтары ығыстырылып, халық рухани күйзелуде
еді. Әлемге деген өзіндік өзгеше бір қатынас, өмірді,
әлемді өзгеше түйсіну, онымен өз геше бір үйлесу
ендігі жерде келмеске кетеді. Қазақтар өздері үшін
адамдықпен барабар деп түсінетін, өз болмысын
қалауынша өздері анықтайтын күйден мүлдем
айырыл ды. Көш пелілердің дәстүрлі тұрмыс-тынысы
тарылған әлемде өркениеттер қақтығысына жол
ашылған болатын.
Алаштың Әлиханы ең алдымен ұлтты рухани
жетіл дірудің жолдарын іздестірді. Мәселені
философиялық тұр ғыдан талдап-тарқата келе:
«Адам баласы өзге хайуаннан айырылғанда
ақылды болып, қолы шебер болып айырылады.
Байлық түбі – ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі
қосылмай, адам баласы қазынаға жарымайды»,
– деп жазды [1, 39-б.]. Еуропа мемлекеттерінің
ұлылығын арттырып отырған – халықтың ақылы
мен ұсталығы. Сахара жұртының мал бағып
жүрген жеріне орыс мұжығы келе салып, қазына
суырып алып, байып отыр. Негізгі тіршілік көзі
малшаруашылығының төңірегінде болған қазақтың
өрісі тарылған мына заманда, қандай амалдар
арқылы жаңғырту керектігін: «Өз жеріне өзі
қызмет қылмай, іске жаратпай, «жер закон арқылы
менікі» деген башқұрт пен қазақ атадан қалған
көп қазынаны басқан жаман бала сапарында емес
пе? Бұл тіршілік – үлкен талас, бір бәйге, жүйрік
алады, шабан қалады. Жүйріктік ақыл, ұсталық,
жаһитшілікте», – деп атап көрсетті [1, 40-б.].
Алдымен, қоныстас жаңа көршілерден шеберлікті,
кәсібилікті, өнімді еңбек етуді үйренуге шақырды.
Мейлі мал бақ, мейлі егін сал, бірақ сол істе шебер
бол, мал тұқымын асылдандыр, жеріңді өңде, салған
егініңді бапта. Қандай іспен шұғылдансаң да, кәсіби
шеберлік, іскерлік, білімділік қажет екендігін әрбір
мақаласында жан-жақты талдап, ғылыми тұрғыдан
тұжырымдар жасап отырады.
Осы кезге дейін мал бағып, малының артынан
еріп көшкен қазақ сияқты халық «байлық,
қазына мал кіндігінде» деп біледі. Мың қойды
бір-екі қойшы бағатын жұрттың сиқы – «тамақ,
ұйқы, жалқаулық», – дейді. Еріншек езге жол,
бәйге, сыбаға жоқ. «Адамды еріншектікке,
жалқаулыққа, тоғышарлыққа душар етіп отырған
нәрсе халықтың қараңғылығынан, ғылым-
білімнен кенжелеуінен» деп білді. Дегенмен
тоқыраудың негізгі көзі шаруашылықтың бір ғана
түрімен айналысуда болып отырған жоқ. «Бұл
жерде адамның ақыл-ойы, шеберлігі қажет» деп
түйіндейді. Қазақ болмысын жаңа арнаға бұруды
көздеп, әлеуметтік өзгерістерден артта қалмау
үшін, алдымен, «адам бойындағы бойкүйездіктен
арылу қажет» деп білді. «Дүниеде қазақтан басқа
да елдер де мал бағады. Мысалға, Швейцария
мен Аустралия сияқты Еуропа елдерінде де
қой бағып, мал шаруасымен айналысып отыр.
Олардың жері аздығына байланысты мал басын
азайтып, сүйегін асылдандырып, өздері қала
болып отыр [2, 144-б.]. Алаш көшбасшысы
қазақтардың осы малшаруашылығын, көшіп-
қонуын бірден отырықшылыққа ауыстыруға
болмайтынын да негіздейді. Ақыл да, ұсталық
та оқумен, істеумен жүре ұлғаяды. Осы орайда
«мемлекеттің күштілігі мен әлсіздігін адамдар
мен олардың дарындылықтары анықтайды» деген
Вольтердің пікірімен қазақ ойшылының ойлары
тоғысатындығын байқаймыз. «Қазақ қоғамын
сапалық деңгейге көтеру – адамдар санасын
жетілдіру арқылы, ұлттық намысты ояту арқылы
болады» деп түсінді. Әлихан Бөкейхан өзінің
сараптамалық талдауларында адам жасампаздығы
мен шығармашылық әлеуеті елдің экономикалық
жағынан ғана дамуына әсер етпейді, адамдардың
интеллектуалды, рухани өсуінің алғышарттары деп
түсінгенін байқаймыз. Қазақтардың ұлттық салт-
дәстүрлерін, мәдениетін сақтай отырып, Батыс
өркениетінің үлгісі бойынша эволюциялық жолмен
қоғамды түбегейлі өзгерткенін қалады.
Алаш көшбасшысы бұл ойларын қазақтың ұлан-
ғайыр даласын мекендеген халқының арасында
баспасөз арқылы публицистикалық мақалалар,
ашықхат түрінде таратты. Қазақтың көзі ашық
оқыған азаматтарын осы мәселе төңірегінде
талқылауға қатысуға шақырды. Мақсаты – халық-
тың ұлттық сана-сезімін ояту. Жалғыз ақпарат
көзі болған газет жұмысын жандандыруға елдің
түкпір-түкпіріндегі ахуалдар жөнінде материал
жинау дан бастап үйретті. «Сахара жұрты арасында
неше обласной мекеме, неше мировой судья, неше
крестьянский, уездный начальник мекемелері
бар, осының әрқайсысында тым болмаса бір қазақ
переводчик бар, окружной сот переводчиктері
ғұмыр бойы қазақты аралайды. Газетаға ғұмыр
айнасына әсіресе керегі – сот отчеты. Сотта ғұмыр
ісі бояусыз көрінеді. Толстойдың сот отчетын
зерттеп алып, роман жазатыны – осы», – деп жазды
[1, 172-173-б.].
Жұртқа пайдалы істерді, түйткілді мәселелерді
баспасөз арқылы ақылдасу көшпелі өркениетке
енген жаңашылдық болатын. Сахара халқы үшін
газеттің рөлі жайлы былай деп жазады: «Еуропа
газеталарының тарихына көз салсақ, көрінеді: жұрт
надан газета оқушы жоқ болса, бұған Шекспир,
Толстой да түк амал қыла алмайды.... Еуропада
газета – ғұмыр айнасы. Ғұмырда не болса, газетада
көрініп тұрады. Газетаны оқып, жұрт өзін өзі
көреді, өзін өзі біледі». Еуропа жұртынан газет
шығаруды алдық, бірақ қазақ өмірінде болып
жатқан жаңалықтарды жазуға сараң жұртын саясат
ісіне араласуға шақырды. Жан айқайын тіптен өлең
жолдарымен жолдайды:
Сипалап айналама қол сермедім,
Жастардан еріншекті мен көрмедім!
«Қазаққа» бар білгенін жазып тұрса,
«Еріншек – біздің жастар», – мен дер ме едім?
Осылар хабаршы – тілші болса, мен мұны
жазамын ба? Газетаның қашса құтылмайтын бір ісі
– саясат жолы. Мұнымыз – үкімет пен жұрт арасы.
Жұрт үкіметпен қасыныспай, арбаспай ғұмыр
сүрмес [2, 172-173-б.].
Жалпы ағартушылық идеясын тарату арқы-
лы марғау қазақты саяси сауаттандыруға, бел-
сенділіктерін арттыруға, оятуға, өз тізгінін өзі
ұстайтындай халге жетуге үндейді. Кең-байтақ
дала жұрты арасына таралған осы газеталар оларды
саясат ісінен хабардар етті.
«Енді осы жазылған сөз бен ойдың жүзеге
асырылуы әуелі ақыл-ой болып басталады» – дейді.
Ақылды сөз қылу сондай қиын. Орыс жұртының
асқан ақыны Пушкин бір хатын отыз қайтара
түзетіп басушы еді. Ал сөз сөйленді, сөз жазылды,
бұл іс бола қоя ма? Адам баласы сөзін жазып,
тасқа басып сақтағаннан бері түзулік, әділдік,
жақсылық жол айтқан кітаптар жазылған, қані бұл
кітаптардағы сөз іс бола қойғаны!? [2, 118-119-б.].
Сөзден іске көшуді жөн көрген Алаш көшбасшысы
мәселенің философиялық түйінін шешуге
талпынады.
Адамдар өздерінің іс-әрекеті арқылы қоғамның
алға жылжуына тікелей қатынасады. Адам өзін өзі
жетілдіре отырып, қоғамды да жетілдіреді. Қазақ
қоғамының сұңғыла зерттеушісі дәстүрлі қоғамдағы
қоғамдық қатынастардың өзіндік ерек шеліктерінің
ұтымды тұстарын елдің болашақ дамуында пай-
далану қажеттілігін атап көр сетті. Оның қырағы көзі
мен ақыл-пайымы дүниежүзіндегі барлық дамыған
елдің қоғамдық жүйелерін шолып шыққандығын
оның сол жылдардағы ғылыми-публицистикалық
мақалаларынан байқаймыз. Олардың бай
тәжірибелерін әбден сарыла сараптаған білімпаз
өз елінің болашақ дамуына жарайтындарын ала да
білді. Сондықтан Әлиханның: «Әділ би Құдайдан
басқа адамнан қорықпаса болды. Әділ билік
рәсімге сүйенсе, орнына келеді. Англия биін жұрт
сыйлайды, атақты билер оқу оқитын медресені
бітірген, жасы толған, ғұмырында қылған ісінде
кірі жоқ кісіні би сайлауын ешкім бекітпейді
һәм бұл би ешкімнен мақтау, шен алмайды, сот
тергемей, орнынан түспейді. Қызметіне алатын
хақысы министрлер алатын хақыдан кем емес. Би
алдында патшаның соқа басынан басқа бар адам
құрдас. Англияда би болмақ – зор дәреже, жұрт
көзіне зор құрмет. Міне, Англия билігіне қарасақ,
бұлардың әділдігі – жазып шығарған закон емес,
жұрт рәсімі арқылы болған. Қазақ орысқа қараған
соң бәйге аттай, жақсы жорғадай туысынан болатын
шешен озған би жоғалды. Кім орысқа жағымтал
болса, сол жұртты бір қамшымен айдайтын болды.
Бұрынғы жүйрік шешен билерден келе жатқан
әз, әділ билік жорасы жаман қарапайым тұғыр би
парасына аяқасты болды. Пара беріп ақты қара,
қараны ақ қылатын күн туды» [1, 167-168-б.], –
деген байыптауларынан халықтың ғасырлар бойы
қордаланған, әдет-ғұрыпқа негізделген басқару
тетіктерін іске қосуды қалайтыны айқындалған.
Англия мемлекетінің сот жүйесіндегі үздік, озық
үлгілерді қазақ жұртының билер билік құрған
кезеңдерімен салыстыра зерттеген Әлихан дәстүрлі
билер институтының сақталуын дұрыс деп тапты.
Билік құру қазақ қоғамында жазалаушы ғана
орган болған жоқ, ол тәрбиелеушілік қызметін
де қоса атқарды. Қазақ билер институты
атқарған ұлы істер адамды рухани жетілдіруге
бағытталғандығымен де құнды. Билер билік
құрған кезеңдерде қазақ ортасында «пара беру»
деген ұғым болмаған. Қазақты орыс судьясына
қаратуды да, шариғатқа қаратуды да жақтап қол
қоймаймыз дегенде, қазақта өзінің әдет-құқығы мен
билер институтының үлгісі қалыптасқандығына
сүйенген еді. Қазақ елінің далалық демократиялық
ұстындарын жетілдірудегі билер институтының
рөлін Әлихан жоғары бағалады. Өйткені олардың
басты ұстанымы әділеттілік болатын. Ресейдің
қоластына қараған соң «биді, билікті жоғалтып,
қазақты орыс судьясына қаратамыз» десек, олар
жергілікті халықтың тілін білмегендіктен, даугер
мен жауапкердің сөзін өз құлағымен естімесе, тәлаш
ортасынан не жақсы билік шығады? Тілмаш арқылы
болған соң бұл дауда не қасиет қалады? Көшпелі
жұрттың елдік, мемлекеттік тұтастығын қамтамасыз
еткен ел билеу тетіктерін қолдану аясын бұзбай,
қазақ биін орыс судьясына аударамын дегеннің
еш қисыны жоқ. Ұлттың рухани бастауларының
негізгі тіректерінің бірі дін екені белгілі. Ал
молдалар болса: «Билікті шариғатқа қарату
керек», – дейді. Алайда Әлихан бұған да қарсы
болды. Қырдағы діни ахуалды әбден зерделеген
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – 150 ЖЫЛ
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – 150 ЖЫЛ
№ 3 ( 2 0 1 6 )
№ 3 ( 2 0 1 6 )
32
33
ойшыл шариғат заңдарын қазақтар өміріне жаппай
енгізудің қисынға келмейтінін дәлелдеп көрсеткен
болатын. Өйткені қазақ «мұсылманмын» дегені
болмаса, шариғатты ұстанып отырғаны белгілі.
Жұрт рәсімге құл. Алайда қоғамдағы ірі өзгерістер
мен жаңашылдық халық жадынан өзінің тарихын,
дәстүрлерін жоққа шығара отырып жүзеге асырылды.
Түркі мәдениетінің тарихына теріс көзқарас
қалыптастырды. Оның архаикалық түбірлерін
«ескіліктің қалдығы» деп тұқыртып, ұмыттыруға,
қолданыс аясын тарылтуға күштеп көндірді.
Алаш көшбасшысы өзіндік төлтума рухани
мәдениеттің озық үлгілерін сақтап қалуды басты
назарда ұстаған болатын. Ұлт тарихын зерттеуді
дұрыс жолға қою керектігі Әлихан Бөкейханның
да назарынан тыс қалмады. Өзге жұрттардың
қатарында қазақ халқының асылы тексеріліп,
тарихы жазылмағанын, осы мәселені бүгіннен
бастау қажеттігін дер кезінде жазған болатын.
Алаш көшбасшысы тарих бұрынғы өткен заманның
жайынан сөйлейтін, халықты түзу жолға сілтейтін
бағдар екенін ескертеді: «...Біздің бұрынғы
бабаларымыздың кім екендігі, олардың дүниеде
не істеп, не бітіргендігі, қандай құты барлығы, ол
құтты не орынға жұмсағандығы.... не себептен бағы
тайғандығы және соған ұқсас істердің барлығын
тарих сөйлеп түсіндіріп тұрады» [3, 375-376-б.].
Бабаларымыздың құты олардың салауатты өмір
салттарында болған. Сахара жұрты орыспен
көрші болмай тұрғанда «арақ-шарап» дегенді
білмеген. Оның дәмін татқан соң сол көршілерінен
асып түсті. Халқының осынша бейшара күйге
түскеніне, бағының таюына не себеп деген сұрақтар
мазалайды. Ойшылды толғандырған мәселенің
философиялық астарлары еді. Халқының өткенін,
өмір сүріп отырған кезеңін, болашағын болжай
отырып, ұлтты ұйыстыратын, ынтымақтастыратын
белгілеріне тоқтала келе, құтының неден қашқанын
іздестіреді. Құт-береке – бірлігі бар елге қонады.
Сондықтан да халықты түзу жолға сілтеуші
тарих болса, оған «дүниеде түзушіліктің кітабы,
тіршіліктің жолбасшысы» деген анықтама жасайды.
Болашақты болжауға тарих анық құрал болады.
«Өткеннен сабақ алу мен ұрпақтар арасындағы
сабақтастықтың жалғасуы үзілмес желі болуы
керек» деп ой түйіндейді. Өз тарихын біліп, содан
тағылым алу әсіресе қоғамның дұрыс жолмен
дамуына зор әсерін тигізеді. Ел ішіндегі жүрген
шала молда, надан қожалардың халықты түзу
жолдан адастырып отырғандығын дәлелді әрі батыл
түрде ашып жазды. «Құдай не жазса соны көреміз
деу – соқырлықтың белгісі. Тағдырда жазғаны болар
деу ақымақтықтың белгісі», – дейді. Адамдардың өз
тағдырын өзгерту жолында осындай дәрменсіздік
танытуына қарсы болды. Алаштың Әлиханы осы
мәселені өз уақытында қозғап, «Қазақ» газетінің
екінші нөмірінен бастап қазақтың нақты шежіресін
жазуға кірісу керектігін жазған болатын. Өзіне
дейінгі арабша, түрікше, орысша дереккөздердегі
қазаққа қатысты жазылғандарды батыл сынға алып,
барынша дәйекті де нақты ғылыми тұрғыдағы
дереккөздерді қалыптастыруды қолға ала бастады.
Орысша оқыған қазақ жастарын әуелі осы кезге
дейінгі тарих жазушылардың қателігінен болған
«қырғыз» деген жаңылыс атты қойып, «қазақ» деп
жазуды бұйырған да Әлихан болатын. «Орыстың
атты ғаскері «казак» атанғандықтан, біздің қазақ
өзінің атынан айырылып, «қырғыз» атанып
жүрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып
жасамақ», – дейді [1, 19-б.]. Осылайша, ғылыми
айналымға «қырғыз-қайсақ» деп жүрген тіркесті
жойып, «қазақ» деп түзету енгізген еді.
Еліміздің ғасырлар қойнауынан сыр шертетін
тарихи жәдігерлері жоңғар шапқыншылығынан
қирап, өртелгенімен қоймай, одан кейінгі Ресейге
қараған кезден бастап орталыққа жөнелтілгені
белгілі. Әлихан «Ресей патшалығының
қоластындағы мұсылмен халықтарының рухани
мекемелерінде ресми қағаздар татарша жазылсын»
деген мұсылман сиезі қараған закон жобасына
қарсы пікірін білдірген болатын. Бұл жерде түрік
затты халықта қазақтай бір жерде тізе қосып, қалың
отырған іргелі ел жоқ екендігін және қазақтардың
татар тіліне шорқақтығын айғақ етеді. «Патшалы
Ресей құрамында болған кездерде рухани мекеме
қағазы әр облыста өз тілімен жазылғаны дұрыс
болады» деген пікірін таласқа салып, ақыры «татар-
түрік тілінде жазылсын» деген заңға дауыс береді.
«Ғұмыр жүзінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар»
деп болашақтан үміт етеді: «Абай, Ахмет, Мир
Якуп, Шаһкерім, Тарғыннан бұл көрініп тұр ғой.
Қазақтың тілін осылардай ақыны бар, бір жерде тізе
қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ
болады?» [2, 191-б.].
Кеңестік билік тұсында алашордашыл қазақ
зиялыларына сенімсіздікпен қарап, оларды кеңестік
қызметке қолданғанмен, үнемі бақылауда ұстады.
Алайда Ә.Бөкейхан болсын, А.Байтұрсынұлы
болсын өздерінің шығармашылық қызметін тоқ-
татпады. 1927-1932 жылдар аралығында Мәскеуде
КСРО халықтарының орталық баспасында әдеби
қызметкер болып жүріп көптеген кітап, аудармалар,
мақалалар жазып, ұлтының рухани қазынасын
толықтырды. «Қазақ эпостары туралы» еңбегі сол
жылдары Оксфорд пен Сорбоннада жарияланды.
«
Қарақыпшақ Қобыланды», «Қазақ жыры
«Қобыландыдағы» әйел бейнесі» атты ғылыми-
әдеби мақалалары мен сын, рецензиялар жазды.
Әлемдік ой деңгейіне көтерілген ойшыл
ұлттық мемлекетті жетілдірудің әрбір тетігін
мұқият зерттеп-зерделейді. Оған оның сұңғыла
зерттеушілігі мен парасаттылығына қоса
білімділігі қызмет етті. Әлихан Бөкейхан 1894-1926
жылдар аралығында төрт түрлі ғылыми-зерттеу
экспедициясының жұмысына қатысты: «Тобыл»
экспедициясы; Ф.А.Щербинаның жетекшілігімен
жасалған экспедициялар; С.П.Швецов басқарған
статистика-экономикалық экспедиция; сондай-
ақ 1926 жылы КСРО Ғылым академиясының
антропологиялық экспедициясына қатысады.
Төңкеріске дейін төрт газетті ұйымдастырып,
шығарып отырған. Оның үшеуі орысша, «Омич»,
«Иртыш», «Голос степей» газеттерінде өзі редактор
болып, қазақ тілінде тұңғыш рет жалпыұлттық
«Қазақ» газетін ұйымдастырды. Ал төңкерістен
кейін «Темірқазық» журналын шығарды.
1896 жылғы Орыс үкіметінің Ф.А. Щербина
бастаған экспедициясына мүше болып қатысқан
Әлихан көшпелі шаруашылықтың жер пайдалану
әдіс-тәсілдерінің заңдылықтарын тереңірек зерттеп-
үйренді. Экспедицияның мақсаты – қазақтарды
қауымдық қоғамға бөліп, оларды шаруашылық
жүйе бойынша жіктеу, сол жеке шаруашылықтарға
қажет төрт түлік малдың көлемін есептеп
шығару, әр түліктің керекті жайылым мөлшерін
жер нормасын анықтау, сондай-ақ этникалық
жағынан, жағрапиялық ерекшелігі мен тарихи
даму тұрғысынан зерттеуді көздеген еді. 1896-
1903 жылдар аралығында бұл экспедиция осы
облыстардың он екі уезінен жинаған материалдар
бойынша 13 томнан тұратын ғылыми-зерттеу
еңбегін басып шығарды. Осындай іргелі ғылыми-
зерттеу экспедицияларға қатыса жүріп, қазақ
даласына байланысты Орыс үкіметінің нені
көздейтініне, олардың мақсат-мүддесі қандай
екендігіне қанығады. Осы жылдар Әлиханның
терең философиялық әлеуметтік-саяси ой желісін
басқа арнаға түсірген еді. Елін құлдықтан,
қараңғылықтан, надандықтан құтқарудың жолына
түсті. Еркіндік идеясынсыз ел тізгінін қолға алу
мүмкін емес-тін. Ол өзінің артынан ерген қазақ
зиялыларының арасында саяси күрескерлік
үрдіс қалыптастырды. Өз үзеңгілестерін рухани-
адамгершіліктік және дүниетанымдық ұстанымдары
тұрғысынан алға қойған мұрат-мақсаттары
төңірегінде топтастыра алды да. Еуропаша білім
алған қазақ жастары ұлттың әлеуетті құрылымын
біршама арттырды, олардың тағы бір артықшылығы
– танып білуге деген құштарлығы болатын. Сол
кезеңдерде жеке адамдардың шығармашылық,
жасампаздық әлеуеті артып, ұлттың жаңа сапалық
деңгейін көтерді, олар ұлттық идея төңірегінде
топтасты. «Алты алаштың арысы» атанған Әлихан
ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресте оларды
баулып, жетекшілік жасап, артынан ерте білді.
Алаш идеясының қайта жаңғыруы
халқымыздың рухын көтеруде, жастарымыздың
бойында патриотизмді ояту тетіктерінің бірі
болып табылады. Бұл – оның өміршеңдігінің
айғағы. Заманауи қазақстандық қоғамның өзекті
мәселелерін жаңаша түсінуді даярлауда Елбасымыз
жалпыұлттық құндылықтардың орнығуына күш
салушы ұлттық зиялылардың ерекше рөлін атап
көрсеткен болатын. ХХ ғасырдың басындағы
қазақ зиялыларының ұлттық идеялары, олардың
арман-мұраттары бүгінгі таңда жүзеге асырылып
жатыр. Алаш қайраткерлерінің армандаған Ұлттық
Автономиясы Қазақ елінде орнады. Енді азат,
тәуелсіз қазақ ұлты өз еркіндігін алған тұста оның
алдағы тағдыры өз қолында. «Қазақстан жолы-
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Жолдауында Елбасымыз анық көрсетіп бергендей:
«Ендігі міндет – осы идеялардың өзектілігін
жоғалтпау. Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің
Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік
Ел – жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың
ұлттық идеясы, бабаларымыздың арманы [4].
Достарыңызбен бөлісу: |