Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата19.02.2017
өлшемі6 Mb.
#4512
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

шөп түбінен өрген ұсақ қара 

құмықтың шолғыншылары да 

жетті-ау, әйтеуір. Азығын жол-

дан тапқан бұл аз ғана шоғыр 

алдыңғы екеуінен де олжалы 

көрінеді: барлығы да құр ауыз 

емес, соларды бастап шыққан 

қара жылтыр төре құмырсқаның 

аузында торсылдағын өзі сорып 

солдырған өрмекші қалқияды, 

өзгесінің шыбын арқалағаны, 

енді шыға бастаған шөбе көк 

шегіртке тістегені, тіпті шамасы 

келмеген анау асау қара домалақ 

басын сап-сары түк қаптаған 

сом кеуде жынды көбелекті ар-

тымен шегініп, жалғыз сүйреп 

келеді.

 Құмшегір – дойыр қызыл 



болсын, қанатты қарабайыр 

болсын, әйтеуір алдымен ірге 

көмген екі жіктің бойында 

жаны бары табыспен кел-

ген керімге тұра жүгірісті. 

Олардың аузындағыны бірге 

жұлқылады, қабысқан бүйірін 

шығарып, шөлін басты. Со-

нан соң үш бұтардан құралған 

өңкей бұратана шашылған 

шанжау серектер анау бір 

үшқат түбінен, бөрікше мойыл 

астынан, қабығы сыдырылған 

қайың маңынан, кәрі теректің 

өзекше ұлпа қуысынан – қойшы, 

әйтеуір, шабырасы шашылған 

әлгі тоқымша жазықтың жан-

жағынан өздерінің көңіл соққан 

керегін ылғи қуранды өсімдік 

қиқымын күндіз-түні толассыз 

тасумен болды, илеуді отаулап 

ұлғайта берді.

 Азғана күн өтті. Әуелгі 

ұсақ құмық төре құмырсқа 

қасына өзімен үйірлес өңшең 

құнаншаны ертіп, ерінбей-

жалықпай қайта ұзақ сапар жол 

басты. Өзінше талай бұралаң 

асудан (әйтеуір таныс сорап-

тан жазған жоқ) әрең асты. 

Онысы: өскен ұяда қалған 

өзге үйірлесін, арттағы ана 

құмырсқаны сандалып жүріп, 

әрең тапты. Дегенмен күн 

асқан соң олар да жатсынып 

қалған көрінеді. Әуелде аздап 

сес көрсетісті. Сонан соң түп 

қотарыла жол алды. Көш соңын 

тағы сол төре құмырсқаның өзі 

бастады. Қызық-ақ, олардың аса 

елеусіз ұсақ тамақ тұяғының 

тарпындысы жер үстін жұмсақ 

сүргілеп майдалағанының үстіне 

денеден байқаусыз бу шығарған 

тұщы иіс бауыры тиген шөп 

атаулыны сарғайтып қуратты, 

тамырынан қырқылды. Сонан 

соң анау илеу мен мынау сағағы 

қураған ақ шөп астындағы ін 

арасына кеңдігі басбармақтың 

үлкендігіндей жол түсірді. Жол 

болғанда тіпті даңғыл, тақыр 

бұралаң.

Айдан айға ұласқан аса бір 

машақат, ерінуді білмейтін 

есепсіз үртіс қимыл соңы 

ақырласып тынды. Алыстан 

қарасаң, төңкерген қазан по-

рымды дөп-дөңгелек илеу 

ұясы, өзіндік үлкен орда – 

сесті қорған аядай жазықта 

меңдей болып қарайып тұрды. 

Жақын барсаң, айқыш-ұйқыш 

соншалық еппен тасталған ұсақ 

сөңке арасындағы тарау-тарау 

қуыстан бірі кіріп, бірі шығып 

жақтан құбылмалы қимылды 

көресің. Ішінде ақтылы-көгі, 

торысы мен құндыз қарасы ара-

лас тебінде жатқан мың жылқы 

секілді жан иесі осылай рахат 

тапты, өсіп-өнді, молайды, 

желегі жалбыраған ұшпа қоңыр, 

қатқан жерден қан алмай тын-

байтын қарагер, түйе бұршақ 

секілді дөңкиген жылдым жирен 

өздерінің құт ұясына тұс-тұстап 

жем тасыды, тырбаңдап бой 

жазды, бүкіл айнала төңіректі 

үлкен әлемді тосқауылсыз еркін 

кезіп ырыздық іздеді, өздерінше 

ырғынға батты, табиғат 



ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ

№ 3 ( 2 0 1 6 )

№ 3 ( 2 0 1 6 )

98

99

тәңірінің сызығынан асқан жоқ. 



Бір мезеттік бақытын тапты, 

тып-тыныш бейбіт күннің, іргесі 

бүтін ұмытылмас ұлы өмірдің 

ләззатын көрді.

 Осылай жайымен жатқан 

күндердің бірінде аядай сол 

түкті жазықтың асқынған пәлесі 

сол әлемнің әулиесі бола қалған. 

Көзіне шалынған өзге жәндікті 

алдымен ысқырық дем шығарып 

шошытқан соң ісініп-кебініп 

арбайтын, көмейіне сыйғанды 

жұтып, ал  сыймағанды 

шағып алатын, сұққылайтын 

қырдың қызыл жыланы елеусіз 

қалыппен, менсінбес бір арыны-

мен сол илеуге келіп соқтықты. 

Сол-ақ екен, – ұзындығы кездей, 

үшбұрыш тұмарша басының 

шүйдеге көлденең біткен елеусіз 

айдарша мүйізгегі бар. Осынау 

асқан көңіл иесі ойламаған, 

ата тегінде де естіп көрмеген 

қорлауға жолықты.

 Әдетте түнгі салқында, 

аңыраған қатты желде илеу 

астындағы қалың қорыққа – 

қатпарлы қуыстарға сіңіп, нәрем 

алып, тыным табатын қалың 

бейнетқор бүгінгі шаңқиған 

ыстықта өзінің үйреншікті 

сірдемше саршобыр ұясының 

үстінде асыр салып жосып 

жүрген.


 Ысылдаған дауыс бөтен 

дүбір шығарып, кеудесімен сол 

құт ұяның іргесін шайқаған 

селебеге қалың дүлейлер тұс-

тұстап қаптай жөнелді. Тым 

шапшаң жәу-жәләм қимыл 

басталды. Жылдым жүрісті 

жылан аяқ астынан жұмсақ 

қатпар бауырына қадала түскен 

қара құмықты қайырылып келіп 

шағып шайнап үлгіргенше 

болған жоқ, құйрықтың ұшынан, 

арқа мен жонынан, қалың 

қабықты қабырғадан, тіпті ұсақ 

сақина порымды бауыр тұсынан 

қалың ине қадала түсті.

 Әдетте есірік көрінетін 

елеусіз жәндіктің жаны қандай 

аяусыз еді?! Қып-қысқа ойықша 

қара мүйізгегі бар ауыздан 

шыққан болымсыз сілекей не 

деген ащы, улы еді?!

 Қас қағымда сол өңірді өзі 

сұраған суыт жүріс иесінің өн 

бойын мыңдаған, он  мыңдаған 

сұмдық біздемшелер шұрықтап 

тесіп үлгірді. Тіпті арандай 

ашылған ауыздан, құйрық 

астындағы көлденең сызықтың 

өзінен қабырға сүйектің жық-

пылынан, жыпырлап-үңгілеп, 

өлсе де өкінбейтін қимыл иесі 

үңгірулеп кіріп жатты.

 Ғажабы сол: басы кесіліп 

бөлек қалса да, ұзаққа дейін өзге 

мүрдесі тулап жататын жансебіл 

денесі әуелде күтірлетіп жи-

ырылды, қамшы секілді шорт 

бүктетіліп тулады, сөйтті де 

әудем ғана жанталау көрсетіп бар-

ды да сылқ етті, тым тез өлді. 

 Міне, осылайша қара 

барқыт қапталдың хан төресі 

бола қалған, ол дағы талай 

мезгіл дәурен сүрген, бір-ақ 

оған да табиғат тәңірісі айнала 

төңірекке үкім жүргізуді өмір-

бақи жазбаған қырдың қызыл 

жыланы аз күн болса да, сол 

төңіректің апшысын қуырған 

әулиені санап тауысқысыз 

қалың қол азық қылды.

 Уа, анау арқалы таудың 

алақанат әулиесі, ойпаңның 

ойсыл қарасы, косылып жатқан 

көкшұбар тастың жирен қызыл, 

үш түтіннің сал жүрісті сарбаз-

дары, қайратыңнан айналдым! 

  ***

 Арада алшақ жыл өтті. 



Үзбей ұрық тастап, өсіп-өнген, 

оң мен солды, алыс-жуықты 

жорықпен, ұзақ жортақпен 

шолған, бір бөлектің бұратана 

бұла тұрғыны болған, кемеліне 

келген үлкен бір қара орданың 

иелері әуелі бөгде жан иесі таяу 

баруға бой тартып сескенетін 

жер-әлемнің патшасы секілді 

өңкей сайыпқыран атанған сол 

үлкен үйірге ғалам атаулының 

сирек кезігетін жауызы 

жолықты.

 Әншейінде ақырған 

өзені бар қоршау тау ішінен 

оңайлыққа шықпайтын, бадам 

арасында жүрсе де, байқап баса-

тын сұрғылт таудың сары аюы 

дәл бір салқын күздің кешінде 

аяқ астынан өзегі өртеніп ащы-

тұщыға зар болды. Әлдеқайда 

қаңғылестегісі келді де орман 

ішін тінтіп, ұзақ жүрді. Шы-

нын айтқанда, бұл өзі ұрғашы 

аю болатын. Күз болған соң 

еті көбдігіп үйіккен болар, тегі 

әлденеге жерік секілді болған 

соң салқын күздің кешінде 

аяңдап, қымыздың, яки шай 

иісіне ұқсайтын әлдененің 

буырқаны дәмі келді. Со-

лай тімтінді, аяғын жиілетіп 

қорбаңдаған беті әлгі алып 

илеудің алдына келіп тұрды. 

Қуанғаны соншалық, аздап 

аңырды да артынан алдыңғы 

епсіз сыңар аяғымен өңшең 

асылдың қиығынан құралған 

жұпар қоспаны тарпып-тарпып 

жіберді. Бұжырап жарылған, 

қоңыз иісі аңқыған алақанымен 

шошынып, өріп шыққан 

құмырсқаларды рахаттанып 

тұрып жалады. Түшіркенген 

соң сілекейі шұбырды. Дәмдене 

қалған ауыз қуысына өңкей ұсақ 

бөріткен секілді жер үстінде жоқ 

тамаша бір тарыдай ұсақ дәм 

түсті.

 Сары аю рахат тапты, 



тұмсығынан өрлеп шыққан 

әлдебір шошынды топтың 

алды жортуылдап барып қызыл 

шеміршекке ілінді, тіпті артаман 

өрлеп желбезекке барды. Сол 

сәтте байғұстың бойы байсал-

дап, түшкіріп қойды. Балақтан, 

бастан өрмелеген тағы бір 

шоғырлар анау қайызғақтанып, 

қарадай қышыған қалың 

терілерді, қалың күшті жуан 

қылшық жүн арасын тінтіп 

шаққылағанда сабалақ жүнді 

сары аю келісіп сүйсінді, 

сүйсініп тұрып, қара қоңыр шаң 

боратып, илеуді тағы тарпы-

ды. Өңкей шар дәрілерді ұзақ 

жылғы қан-тердің құймасын 

емін-еркін шашты. Соңында 

ұйлығысып, шұрқырасқан құны-

перені шыққан үш бірдей ұлы 

нәсілдің ұясы солай зауалға 

жолықты.

 Әр заманның тұсында бір 

сұрқылтай: мәңгілік дәурен 

жоқ. Ұзақ жылғы ұлы тірлік 

ұясы ұлы жон тарлан даланың, 

сондай ағынан асқандардың 

жазасын беретін бір мергені  

бір мезеттік сарығын басқан 

сандалманың сазайын берді. 

Сол күннің ертеңінде тапа-

тал түсте дәндеген жеріне тағы 

келген сары аюды жалғыз тал 

оқпен серең еткізді. Анасы 

туған апан аузындағы жын-

ойнақтан, табиғат әлемінің өзіне 

меншіктеген ну жыныстан ұзап 

шығып, ұзын сары жонның 

жотасын сыдырып, аң біткенді 

үркіткен, дүниенің шырқын 

бұзған, аузына түскенді бітеу 

сорып, борсытып, сасытып жеп 

жатқан кеуделінің керіскедей 

терісін сол мерген өзен бойына 

керіп тастады, өті мен табан 

майын үлпершегінің қабын сы-

лып алды.

 Уа, илеудің ұсақ перілері! 

 Аюдың аузына түссең де, 

алдына түскен жоқсың ғой, 

шашылған тарпынды ішінде 

ін түбінде, яки пәле тиген соң 

бас сауғалап аман қалғаның аз 

ба еді? Мың жылғы орданың 

бір күнде шаңырағы шарт 

сынса да, кезі келгенде бір 

жолғы қимылыңның өзі сон-

дай құт ұяңды, ұлы ордаңды, 

отырарыңды оңдамасына кім 

кепіл? 

Ей, үш атаның ұсқынды 



рухы, ұлыстың ұлы күні енді 

туды. Берекеңнің, қажырыңның 

ғана құлы болайын!

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ


Авторлардың стилі, орфография хақы сақталады,

мақалалар редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» 

баспасының компьютер орталығында теріліп, беттелді.

КОРРЕКТОРЫ

Орынай ЖҰБАЕВА

КӨРКЕМДЕУШІ-ТЕХНИКАЛЫҚ РЕДАКТОР

Гүлжан ҚҰРМАНОВА

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, 

Ш.Уәлиханов көшесі, 43А. Тел./факс: (327) 273 99 97, 273 90 25

E-mail: Tugan_til79@mail.ru

Альманахтың мұқабасында – суретші 

Зейнелхан Мұхамеджанұлының «Әуен» шығармасы

Теруге жіберілген күні 07.09.2016 ж. 

Басуға қол қойылған күні 19.09.2016 ж. Шартты баспа табағы 12,5.

Пішімі 60х90

1/8.


 

Тапсырыс №808. Таралымы 1000 дана. 



РЕДАКЦИЯ ЕСКЕРТПЕСІ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет