ҰЛЫ КӨШКЕ
ҰЙЫТҚЫ
БОЛҒАН
ҒАЗИЗ ЖАН
Уақыт өзінің ең таңдаулы перзенттеріне ғана айрықша
міндеттер жүктейді. Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік жариялағаннан
кейін екі жұма өтпей жатып, «Алыстағы ағайынға ақ тілек»
жолдауы сол екен, – қысылтаң қиын сәттерде төрткүл дүниенің
төрт бұрышына тарыдай шашырап кеткен қандастарымыздың
Атажұртқа бет бұрған Ұлы көші басталды. Сол тарихи
кезеңде елден ерек міндеттер жүктеліп, оны үлкен іскерлік, аса
ыждаһаттылық, туысқанға деген шын сүйіспеншілік, шынайы
махаббатпен атқарған азаматтардың бірегейі –
Ғазиз ЕСМҰҚАНОВ!
– Өнегелі өмір сүріп, көптеген күрмеуі қиын
мәселелерді көпшілікке үлгі болардай қиюын
келтіріп шеше білген абзал азамат аласапыран
жылдарда бір-бірінен ажырап қалған ағайынды
табыстырып, олардың туып-өскен жері мен әлемдегі
жалғыз да ортақ Отаны – Тәуелсіз Қазақстанға
оралуының басы-қасында жүрді. Сөйтіп, оның
жетекшілігінде көптеген түйткілді мәселелер оң
шешімін тапты. ТМД елдеріне, Еуропаға үдере
көшкен кейбір ағайындар енді біздің ел бола
алмайтындығымызды бетімізге басып, қолына
түскенді алып, Қазақстаннан тезірек кетуге
асығып жатқанда Ғазиз Есмұқанұлы Қазақстан
Республикасы Еңбек министрінің орынбасары,
Көші-қон департаментінің төрағасы ретінде бұл
пікірдің жаңсақтығын дәлелдеуге өлшеусіз үлес
қосты. Өйткені Тәуелсіздік таңы атудан Елбасының
шақыртуын қабыл алған шетелдегі ағайынның
атамекенге қайтуы ол осы қызметке тағайындалған
1993 жылдан бастап қауырт сипат алды. Тәуелсіздік
жылдары елімізге 1 миллиондай қазақ көшіп
келіп, олардың табиғи өсімі қазір 1,5 миллионға
жетті десек, бұл істің ыстық-суығына Ғазекеңнен
артық күйіп, артық тоңған, тұрғындардың саны
жөнінен ойсыраған олқылығымыздың орнын
толтыруға одан артық үлес қосқан адам кемде-
кем. Сондықтан «ол өз ұлты мен елі алдындағы
азаматтық борышын барынша адал атқарды»,
– деп анық айта аламыз. Ел егемендігінің елең-
алаңындағы алғашқы жауапты кезеңде қазақ көшінің
тізгінұстары Ғазиз Есмұқанұлындай қажырлы
да қарымды азаматтың болғандығын Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығындағылар әлі күнге үлкен
ризашылық әрі қанағаттанушылық сезіммен еске
алады: «Сол жылдары Көші-қон департаменті мен
Қауымдастық арасындағы жемісті байланыс зор
нәтижелерге бастағандығына ел тарихы, болашақ
ұрпақ әлі-ақ лайықты баға беретіні анық, – дейді
Ғазиз Есмұқанұлы туралы лебіздерін тебірене
жеткізген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы
Мамашев.
Ғазиз Есмұқанұлы 1993 жылы мамыр айында
Қазақстан Республикасының Еңбек министрі
Бейсенов Саят Дүйсенбайұлы бастаған Үкімет
делегациясының
құрамында
Ұлан-Баторға
барып, Моңғол үкіметімен сонда тұратын
және «Қазақстанға, туған елге оралам» деген
қандастарымызды көшіру туралы мемлекетаралық
келісімшарттың жобасын дайындауға қатысты.
Осы іссапар оның келешек өміріне күрт өзгеріс
әкелді. Еңбек министрі Бейсенов мырзаның қалауы
бойынша, Үкімет қаулысымен 1993 жылы маусым
айында Ғазиз Есмұқанов Еңбек министрінің
орынбасары, Көші-қон департаментінің төрағасы
болып тағайындалды. Департамент 1992 жылы
құрылса да, төрағасы жоқ болатын. Енді ел үшін
өте маңызды осы жауапты да ауыр міндет Ғазиз
Есмұқанұлына жүктелді. Жаңа жұмысқа келген ол
сол 1993 жылдың өзінде қандастарымызды туған
елге көшіріп әкелуді ұйымдастыру мақсатында
жұмыс тобын басқарып, бірнеше рет Моңғолияға,
Иранға, Түркияға барды.
Кеңестер Одағының ыдырауына байланысты
ондаған тәуелсіз елдің пайда болуы, босқындар, жал-
пы миграция мәселелері сол жылдары халықаралық
деңгейде үлкен қиындықтар туғызған-ды. Осыған
бай ланысты 1994 жылы 30-31 мамырда ТМД ел-
дері мен көршілес мемлекеттердің босқындар, репа-
триант тар, қонысы ауыстырылған адамдар және
бас қа да көші-қон процестерінің проблемалары
жөнінде Женевада аймақтық конференция өтетін
болып белгіленді. Осы конференцияның құжаттарын
дайындап, Қазақстанның бұл проблемаларға
байланысты көзқарасын, іс-әрекетін басқа елдермен
үйлестіру үшін бірнеше кездесу өтті. Сол қаралатын
мәселелердің маманы ретінде біздің елдің жұмыс
тобын Ғазиз Есмұқанұлы басқарып барды. Сондай
ҒАЗИЗ ЕСМҰҚАНОВ – 80 ЖАС
ҒАЗИЗ ЕСМҰҚАНОВ – 80 ЖАС
№ 3 ( 2 0 1 6 )
№ 3 ( 2 0 1 6 )
58
59
кездесулер 1995-1996 жылдары екі реттен
Бішкекте, Женевада және Ашхабадта да өтті.
– Жалпы Ұлы көш басталған 1991 жылдан 1996
жылдың соңына дейін 146 мыңнан астам шетте
жүрген қандасымыз туған жерге келіп қоныстанды.
Мен Көші-қон департаментін басқарған үш жарым
жыл ішінде елге оралған қандастарымыздың ауыр
жағдайы туралы Президенттің атына, Үкіметке
бірнеше рет хат жазылды. Көші-қон департаментін
дербес мекеме жасау туралы, Көші-қон жөніндегі
жаңа заңның жобасы, жеке Қор құру туралы
Президент Жарлығының, Үкімет қаулысының
жобалары дайындалып ұсынылды. Бұлардың бар-
лығы да жеке лауазымды адамдардан қолдау тапса
да, кейбір жаны ашымастардың кесірінен шешімін
таппағандықтан, көшіп келген қандастарымыз
көп қиыншылықты бастарынан өткізді. Тұрақты
тіркеуге отыру, азаматтық алу турасында сол кезде
көтерілген көптеген мәселелер әлі күнге дейін
шешілмей келе жатқаны қынжылтады, – дейді
Ғазиз аға сол бір қиындығы мен қызығы мол
жылдарды ризашылықпен еске алып.
– Шынында да, Ғазиз Есмұқанұлының
тұсында Көші-қон департаменті атқарған істер
ауыз толтырып айтарлықтай. Өйткені бұл
ағамыз елге оралып жатқан қандастарына үлкен
жауапкершілік, зор жанашырлықпен адал қызмет
етті. Әр кез қолдан келген көмегін түсінушілікпен
жасап, аянбай еңбектенді. Меніңше, сол
бауырларының алдында ол кісінің ары таза. Қазір
де кездесе қалса, жүзі жарқын. Департаментті
басқарып тұрғанда Ғазекең көші-қон мәселелерінің
заңды негіздерін жасауға, халықтың, жергілікті
биліктің, жалпы жұртшылықтың, қоғамның көшіп
келген ағайындарға жанашырлық, азаматтық
көзқарастарын
қалыптастыруға
тырысып,
газеттерде, телеарналарда, радиода сұхбат беру
арқылы өзекті проблемаларды талқылағанының
талай рет куәсі болдық, – дейді Талғат Асылұлы.
Иә, мақаламыздың әлқиссасында айтқаны-
мыздай, Ұлы мәртебелі Уақыт Ұлы көшке ұйытқы
болатын азаматты іздегенде Ғазиз Есмұқанұлына
тоқтауы кездейсоқтық дей алмаймыз. Өйткені
1936 жылы 10 қыргүйекте Солтүстік Қазақстан
облысының Бостандық ауылында дүниеге келген
ол 1960 жылы Омбы ауылшаруашылық институтын
тәмамдап, алғашқы еңбек жолын тыңдағы
кеңшарда агроном болып бастады. Араға тоғыз
жыл салып, кеңшар партия комитетінің хатшысы
болып сайланды. Бұл – еңбек жолының аяғына
дейін жалғасқан партия-кеңес ұйымдарында істеген
қызметінің басы еді. Көп ұзамай облыстық партия
комитетінің ауылшаруашылық бөліміне нұсқаушы,
1972 жылы сәуір айында Соколов аудандық партия
комитетінің екінші хатшысы болып сайланады. Тағы
екі жылдан соң осы ауданның атқару комитетінің
төрағасы лауазымына келеді. Бұл қызметті
абыройлы атқарғаны сонша, 1977 жылы Қазақ
КСР Министрлер Кеңесінің төралқа отырысында
Соколов аудандық атқару комитетінің іс-тәжірибесі
туралы есебі тыңдалып, оң баға беріледі де ол бүкіл
республикаға таралады.
– Себебі аудан шаруашылықтары жылдық,
бесжылдық жоспарларды асыра орындап, Қызылжар
қаласының тұрғындарын ет, сүт, жұмыртқа, картоп
және әртүрлі көгөніспен қамтамасыз етуде үлкен
жетістіктерге жеткен болатын. Аудандық атқару
комитеті Петропавл қалалық басқару ұйымдарымен
тығыз іскерлік байланыс орнатты. Олармен біріге
отырып, аудан шаруашылықтарына қаланың ірі
зауыт-фабрикаларының, құрылысшылар мен сту-
дент терінің қамқорлығын орнату арқылы картоп,
әр түрлі көгөніс өнімдерін дер кезінде жинап алып,
қа ла тұрғындарына жеткізіп отырды, – дейді
Ғазиз аға.
Бұл еңбектер жемісін берді: Соколов ауданы
бір неше мәрте облыстың, республиканың, тіпті
одақтың ауыспалы Қызыл туын жеңіп алды.
Білікті маман, тәжірибелі ұйымдастырушы, елдік
мүдделерге адал азамат ретінде Ғазиз Есмұқанұлы
да республика басшылығының назарына ілікті.
Сөйтіп, ол 1983 жылы шілде айында ҚазКП
Орталық комитеті ауылшаруашылық бөлімі
меңгерушісінің орынбасары, 1985 жылы Жезқазған
облыстық партия комитетінің екінші хатшысы және
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ал 1988
жылы ҚазКП ОК Аграрлық бөлімінің меңгерушісі,
Орталық Комитеттің мүшесі болып сайланды.
Одан соң Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитеті
төрағасының,
Ауылшаруашылық
министрі нің
орынбасары қызметтерін атқарып, салаға ғы лы ми
жетістіктерді, озық тәжірибелерді енгізді Ғылыми-
зерттеу институттарына, ауылшаруашылық жоғары
оқу орындарына, техникумдар мен кәсіптік-
техникалық училищелерге басшылық етіп, маман
дайындау, олардың білімін жетілдіру және ұтымды
пайдалану да Ғазиз Есмұқанұлының құзырында
болды. Осы міндеттерге байланысты Қазақстанның
агроөнеркәсіп саласының делегацияларын, жұмыс
топтарын басқарып ҚХР, Франция, Германия,
Израиль, Англия мен Түркияға барды.
Ғазиз Есмұханұлы ұлтжанды азамат ретінде
«Қазақ тілі» қоғамы құрылып, нығаюына да қолдан
келген көмегін жасады. Осы қоғамның төралқа-
мүшесі болып сайланды.
– Қоғамның бірінші құрылтайын өткізуге,
тұрақ ты мекенжай алуға атсалыстым. Бірінші
рет киіз үй тігіп, мал сойып, қоғамның атынан
Наурыз мерекесі ұйымдастырылды. Сол жылдары
министрлікте арнайы бөлме ашып, қазақ тілін оқып-
үйрену қолға алынды. Тіл туралы қабылданған жаңа
Заңды іске асыруда академиктер Әбдіуәли Қайдар,
Өмірзақ Айтбаев, Рәбиға Сыздықова, Асылы
Осман, Тұрсынбек Кәкішев, Рахманқұл Бердібаев
сынды ел ағалары үлкен еңбек сіңірді. Сол зиялы
азаматтармен осы ұлы істе үзеңгілес болғанымды
қазір де үлкен қанағаттанушылықпен еске алып,
шүкіршілік етем, – дейді Ғазиз аға.
Қалай десек те, «Елге ел қосылса – құт» деп
түсініп, елдік, ұлттық мүдделерді әрқашан жоғары
қоятын, өмірлік тәжірибесі мен ұйымдастырушылық
қабілеті мол азаматтың Көші-қон департаментінің
төрағалығына келуі – заңдылық еді. 1993 жылдан
бастап шетелдердегі қандастарымызды көшіріп
әкелу бойынша Елбасы Жарлығымен жыл сайын
квота белгіленіп, оның мөлшері 15 мың отбасыға
дейін жеткенін білеміз. Қанша қиын болса да,
сол алғашқы жылдары қандастарымыздың
Атажұртқа көшіп-қоныстануы соңғы жылдармен
салыстырғанда анағұрлым нәтижелі жүрді. Өйткені,
жоғарыда айтылғандай, бірнеше елге Ғазиз
Есмұқанұлының өзі жұмыс тобын бастап барып,
келісімшарттар жасалып, сырттағы ағайындармен
арнайы кездесулер өткізіліп, қандастарымыздың
көші тікелей олар тұрып жатқан елдерде
ұйымдастырылды, арнайы ұшақ, пойыз, жүк
көліктері жіберіліп, ұйымдасқан түрде жүргізілді.
Үлкен өкінішке қарай, соңғы жылдары бұл іспен
тікелей айналысатын ұйым болмағандықтан, қазір
өз күшімен келіп жатқан ағайынның өзін дұрыстап
қабылдай алмай отырмыз. Бұл тұрғыда да Ғазиз
Есмұқанұлының тәжірибесі әр кез сұранысқа ие.
1995 жылы ақпан айында мен Қазақстан
Республикасының
Президенті
Нұрсұлтан
Назарбаев тың қабылдауына шақырған жеделхат
ал дым. Оның алдында Қарақалпақстанда тұратын
255 отба сының атынан Елбасыға хат жолданған
болатын. Жағдайдың қиындығына қарамастан,
ағайындардың көмегі, азын-аулақ қарызданып
дегендей Ташкент, Шымкент, Жамбыл арқылы
жеделдетіп Алматыға жеттім. Мені сол кездегі
Үкімет аппараты басты ғының орынбасары, қазіргі
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы
Көшербаев ағамыз қабыл дап, көші-қон жөнінде
өзінің жақсы кеңестерін берді. Соңынан Ғазиз
Есмұханұлының қабылдауында бол дым. Ол кісі
ағайынның жағдайы, өтініш-тілектері, көшіп келу
ниеттері жайында егжей-тегжейлі сұрап, ол кезде
әлі отыздың дәл ортасындағы мені жас тығыма
қарамай, барлық ынта-ықыласымен тыңдады.
Өзінің ағалық ақыл-кеңестерін айтты, көш қайтсе
көлікті болатындығы турасында бағыт-бағдар көр-
сет ті. Соңында қаржылық жағдайымды сұрап,
бухгал терияға тапсырма беріп, жол шығындарымның
бәрін департамент есебінен өтеп берді. «Аштықта
жеген құйқаның тоқтықта дәмі кетпейді» демекші,
жұмыссыздық, жалақының өте төмендігі себебінен
күнкөріс қиын жылдардағы Ғазиз ағаның сол
көмегін өмір бойы ұмытпаймын. Одан соң да
екі-үш рет келіп, ағаның нұсқауымен Қарағанды,
Ақмола, Торғай және басқа облыстарда болып,
көшіп келетін ағайындарға қоныс қарастырдым.
Еңбектеріміз еш кеткен жоқ. 25 жылда көшіп
келген қандастарымыздың 25 пайызға жуығын
Қарақалпақстан қазақтары құрайтындығы – мұның
айқын дәлелі. Мұнда менің де азды-көпті үлесім
барлығын мақтанышпен айта аламын.
Әрине, Ғазиз Есмұқанұлы жайында қанша
жақсы сөз айтсақ та, аз. Ол қай салада, қай қыз-
метте істесе де, аянбай еңбек етті. Оның еңбегі мен
тындырған істерін Үкімет те жоғары бағалап, әр
жылдары түрлі жауапты да лауазымды қызметтерге
тағайындады. Төрт мәрте «Құрмет белгісі» ордені,
жеті медаль, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
Құрмет грамотасымен марапатталып, «Солтүстік
Қазақстан облысының құрметті азаматы» атануы
да ол кісінің аса еңбекқор, қандай құрметке де
лайық ғазиз жан екенін аңғартады. Әлеуметтік
еңбек саласының үздігі, тыл ардагері. Зейнетке
шыққан соң да Ғазиз ақсақал бір күн қол қусырып
отырған емес. 2007 жылдан бері Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрлігі Ардагерлер
алқасының төрағасы қызметінде зейнеткерлер
арасында үлкен жұмыстар атқаруда. Бала кезден
бірге өсіп, сүйіп қосылған жары Гүлбараммен 60
жыл тату-тәтті ғұмыр кешіп, немере-шөберелердің
қызығына бөленіп отырған мәуелі бәйтеректей
бақытты ақсақал, қазыналы қария, үлкен әулеттің
отағасы. 80 жасты тойлағалы отырған абыз ақсақал
әлі де тың. Қәнеки, әр қазақтың шаңырағы
осындай шаттыққа бөленіп, ұрпақ бірлігінің, ұлт
бірлігінің ұйытқысы, ақыл мен парасаттың кеніндей
абыздарымыз арамызда мейлінше ұзақ жүрсе!
Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ,
мәдениет қайраткері
ҒАЗИЗ ЕСМҰҚАНОВ – 80 ЖАС
ҒАЗИЗ ЕСМҰҚАНОВ – 80 ЖАС
№ 3 ( 2 0 1 6 )
№ 3 ( 2 0 1 6 )
60
61
ырымның қазіргі заманғы жер-су атаула-
ры мейман қазақтың жүрегін жібіте ал-
майды. Бірақ 100 жылдай бұрын – Абдал,
Алшын, Аппақ, Арғын, Бадырақ, Барақ, Байоғлы,
Бестерек, Бойнақ, Бурчи, Жалайыр, Жанай,
Жарықшы, Шегір, Дулат, Керлеуіт, Керей, Меркіт,
Қаңлы, Қырық, Қоңырат, Сақтар, Табын сияқты
ауылдардың жанынан өтіп бара жатып, таңғалуы
әбден мүмкін еді. Мұның бәрі – Қырымда ежелгі
түрік тайпаларының қойған аттары екені айдан
анық. Ұсынылған тізім дегілерден қазіргі уақытта тек
екеуі ғана сақталған. Олар – Абдал және Бештерек.
Біріншісі – Симферепольдегі аттас кішкене ауылдағы
қалалық мазар, екіншісі шағын Бештерек өзені.
Солай бола тұрса да, қазір Белогорск ауданын-
дағы Балки ауылына тарихи «Арғын» атауын қай-
тару туралы қозғалыс қарқын ала бастады.
Владимир ПОЛЯКОВ, тарих ғылымдарының кандидаты
Қырым инженерлік-педагогикалық университеті.
Қырым, Украина Республикасы
Енді ежелгі ортағасырлардан ХХ ғасырдың басы-
на ауысайық. Сол кезде әйгілі Бестужев курсының
бітірушісі Раиль Туршу Қырымда ғана емес,
Орталық Азияда да бірінші дәрігер түрік әйел бол-
ды. Неге екенін айту қиын, оның алғашқы қызмет
орны Торғайда басталды. Мұнда ол жас Әліби
Жангелдинмен танысады. Бунин, Леонид Андреев,
Куприн сияқты әйгілі жазушылармен араласқан
Раиль Петербургтен жаңа келген болатын. Куп-
рин туралы: «Қашан да мас болып жүреді», – деп
жақтырмайтын көрінеді.
Әліби оны қайран қалдырды: оның жер ша-
рын аралап, саяхаттан жаңа келген кезі. Мәскеуден
шығып, Польша, Аустрия-Венгрия, Сербия, Болга-
рия, Түркия, Сирия, Палестина, Мысыр, Аббиси-
ния, Араб түбегі, Мессопотамия, Персия, Үндістан,
Цейлон, Үндіқытай, Тайвань, Жапониядан өтіп,
ақырында Владивосток арқылы Ресейге келген.
48 ай бойы үш құрлықты аралаған Жангелдин
Торғай даласына 1912 жылы оралады.
Түркияда фотоаппарат, бірнеше кинофильм
сатып алыпты. Шынын айту керек, мен бұл
адамның жігеріне қайран қалам. Ол сонда кино-
матографияның маңызын түсініп қоймай, бұл
байлықты әлемнің жартысында түйемен, атпен,
пілмен, кейде өзімен бірге алып жүрген.
Туған даласында Жангелдин жылжымалы кино
үлгісін жасайды. Ауылдарға барып, Түркияның
және өзге де Еуропа елдерінің өмірі туралы кино-
фильмдер көрсетеді. Оның киноларының көпшілігі
осындай болатын.
Жаңа іс жаңа көмекшілерді де қызықтырады.
Солардың бірі әрі ең сенімдісі – Амангелді Иманов
болады. Бұл кезде ол кәнігі аңшы, құралайды көзге
атқан мерген, білімге ұмтылған ерекше дарын иесі
болатын.
Жангелдиннің жүрегі қырымдық, ата-бабасынан
жалғасып келе жатқан Евпаторияның Құрметті аза-
маты Веньямин Туршудың қызы – Раильді қалайды.
Жас дәрігердің түрік ұлттық интеллигенциясының
өкілі болуы да айтарлықтай рөл атқарды. Оның
үстіне ол – қарайымдар сияқты аз санды халық
өкілі. Қазақ, қарайым тілдері біршама жақын, бірақ
ғашықтар бір-бірімен Пушкин мен Лермонтов тілінде
сөйлеседі.
1915 жылдың басында олардың үйлену тойы-
на Симферепольден Торғайға Раилдің туыстары
– ағасы Ананий мен 4 жасар ұлымен әпкесі Эстер
келеді.
Менің жеке мұрағатымда бірегей суреттер
сақталған. Суреттің ортасында қолына бала ұстаған
Жангелдин отыр, артында – оның аппақ қалыңдығы
Раиль, жанында – сымбатты Ананий Вениаминұлы
Туршу, бір жағында Анна (Эстер) Вениаминқызы
Полякова, ал бүлдіршін – мақала авторының әкесі
– Женя Поляков.
Суреттің арт жағында мәтін бар. Әжем күйеуінен
Торғайға 45 рубль жіберуін сұраған. Ол уақытта бұл
сома атам – Симфереполь телеграфының механигі
Матвей Поляковтың бір айлық жалақысымен бір-
дей екен.
Барлық қазақ зерттеушілері жазғандай, осы
кез де Жангелдин мен полиция арасында біраз
кикіл жің туындайды. Қамаудан құтылу үшін ол
Торғайдан қашуға мәжбүр болады. Симферепольге
жас әйелімен бірге қашады.
ХХ ғасырдың аяғында мен А.В.Туршумен Жан-
гелдин туралы әңгімелестім. Ол Раилдың күйеуін
жақсы білетін. Жангелдин туралы жақын туысын-
дай айтып берді. Оның саяхаттары туралы естідім,
бірақ көзімнің анық жеткені: Жангелдиннің негізгі
кәсібі – миссионерлік болған.
Қырымда Жангелдин Пулков обсерватория-
сының бөлімшесіне метеоролог болып жұмыс-
қа орналасады. Сол кезеңде ол Қырым рево-
люционерлерімен жақындасады. Симфере поль дік
губерниялық басқармада қызмет ететін Иванов-
пен бірге Петроградқа барады. Онда большевик-
тер партиясына қабылданған соң Қырымға қайта
оралады. Жангелдин партияның алғашқы қазақ
мүшесі атанады.
Ол кезде елде түрлі оқиғалар болып жатты.
Дүниежүзілік соғысқа белшесіне дейін батқан Ре-
сей жаңа соғыс құрбандарын қажет етті. Қазақ,
қырғыз, өзбектердің қолына қару беруге билік
тәуекел етпеді, сондықтан оларды тыл жұмысына
пайдаланбақ болды.
Әскер жасақтау туралы хабар Памир және
Тянь-Шань тауларында, Қазақстанның кең даласы
мен Түрікмен шөлдерінде, Өзбекстан алқабында
ешкімді бей-жай қалдырмай, бүкіл Орталық Азия-
ны аяғынан тік тұрғызды.
Симферепольге Амангелді Имановтан Жангел-
динге досын ауылға шақырған хат келеді.
1916 жылғы көтерілістер туралы еске алуды
кеңес тарихшылары ұнатпайды. Ол қалыптасқан
көзқарастар мен шеңберіне симайтын еді. Оған
әлдебір үкіметке, самодержавиеге қарсы сипатты
таңуға тырысты. Шынтуайтында, бұл – ұлт-азаттық
қозғалыс болды: бай да, кедей де бірікті.
Жангелдин басы бірікпеген шашыраңқы
әскердің үлкен бөлігіне басшылық етті. Торғай
даласында бас кезінде 20 мың адам болды. Қару-
жарақ жетіспеді. Өздері қылыш, найза соқты.
Бердеңкеге дәрі жасап, оқ құйды. Тең емес айқас
бір жылға созылды. Қоршаудан қашып, өздері
тосқауылдар құрды, күтпеген жерден тап берді.
Бұл әдіс-тәсілдерді кейін басмашы бандылар да
қолданды.
Күштің теңсіздігі соншалықты, өлім немесе азап
қозғалыстың барлық қатысушылары үшін дау сыз
нәрсе болды. Осы кезде ақпан революциясы ба-
сталды. Көтеріліс штабы Жангелдинді Петроградқа
жіберді. Ол Смольныйға келіп, Орталық Азиядағы
жағдайды баяндайды. Оған Мемлекеттік Дума
мен Петрокеңесте сөйлеуіне жағдай жасалады.
Ол сөй леген сөздерінде шеткері аймақтардың
тыныс-тіршілігі туралы ашып ай тып, жазалаушы
экспедиция ларды тоқтатуға шақы рады.
Жангелдин елге Петрокеңестің «Кеңес билігін
орнату» мандатымен оралады. Мұнда оны түр меге
жабады, бірақ жазадан қашып құтылады. Әңгі-
мелері қарауылдарды қайран қалдырғаны сон-
шалықты, олар ерекше тұтқынды босатып жібереді.
Жангелдин Петроградқа қайта оралып, Свер-
дловтың қолынан Симферепольдағы пар тия лық
жұмысқа жолдама алады. Қырым татарларының
ортасында Жангелдин митингілер тұңғиығына
енеді. Ол Бақшасарай, Феодосийск, Ялта, Евпа-
торийск уездеріне барады.
Большевиктердің қос астана мен Қырымда
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
№ 3 ( 2 0 1 6 )
№ 3 ( 2 0 1 6 )
62
63
толықтай билікті басып алғаны туралы хабар,
соңғысында позициясының әлсіздігінен хабар-
дар болған ол Мәскеуге қайтуға мәжбүр бол-
ды. В.И.Лениннің қабылдауында болады. Бұл
– алғашқы кездесу емес еді. Еуропада В.И.Ленин
сая хатшылармен кездескенде, Жангельдин оның
есінде қалған екен. Жангелдин бұл турасында тіс
жарып, ешкімге айта алмаған тәрізді.
«Торғай облысының комиссары» мандатымен
Жангелдин елге оралады. Бұл кезде азамат соғысы
өршіп тұрған еді. Ол Қызыл Армияның бірінші
қазақ бөлімшесін құрып, Дутов казактарымен, чех-
тармен, Колчак әскерімен соғысады.
Азамат соғысы біткен соң Қазақстан Кеңестерінің
бірінші съезі ұйымдастырылады. Ол кезде респуб-
лика «Қырғызия» деп аталатын. ОАК (ЦИК) пре-
зидумы төрағасының орынбасары болады. Ол 1925
жылдан 1953 жылы қайтыс болғанға дейін осы лауа-
зымда болады [2].
Жангелдин Қырымға қайта айналып соқпады.
1921 жылы сүзекпен ауырғандарды емдеген әйелі
ауруды өзіне жұқтырып алады. Онымен бірге оған
көмектескен әпкесі – менің әжем де ауырады. Атам
– Матвей Петрович, әпкем Райль да қайтыс болды.
Жангелдин әйелінің өлімінен қаншалықты хабар-
дар екенін білмеймін, бірақ оның мемуарында бұл
туралы сөз болмайды.
Астанада өткен Бүкіләлемдік зиялылар фору-
мы нан кейін, Л.Гумилев атындағы Еуразия уни-
вер ситетінің оқытушыларымен араласқан соң қа-
зақ тар туралы қайта жаза бастадым. Қырымдағы
партизандық қозғалыстың тарихымен айналыстым,
Қырым партизандарының ішінде 4 қазақ аталады
[3, 9-б.].
12,5 мың партизанның арасынан олардың
аты-жөндерін анықтау өте қиын. Қазақтарды
іздей бастағанда, кездейсоқ қазақстандықты тап-
тым. Бұл шиеленіскен өте қызықты тарих әлі
өзінің аяқталуын күтуде. 1942 жылдың жазында
бес партизан Симферополь маңындағы Мазанка
ауылының қасына келген. Оларды жергілікті по-
лицейлер қоршап алыпты. Екі партизанды ауыр
жарақатпен Симферопольға алып кетіп, екеуін
ауылдың жанына жерлейді. Сақталған жауынгерлік
медальон арқылы 1965 жылы Ярославль қаласының
тұрғыны А.Я. Румянцев анықталды. Соғыс алдында
95 Молдаван атқыштар дивизиясының 90 а.п. боры-
шын өтеген. Белгілісі – ол Одессаны қорғап, кейін
Қырымға ауысқан. Бақшасарай партизан отря-
дында бұл дивизиядан бірнеше жауынгер болған.
Тірі қалған партизан Владимир Бурында полкта-
сы Саша Железновтың Қазақстанның Жетіқара
қаласынан майданға алынғанын еске алады. Ол
әскери комиссариатқа сұрау салып, таңғаларлық
жауап алған. Хабарламада А.Н.Железновтың мек-
теп директоры болып жұмыс істейтіні, мекенжайы
жазылған. Қырымнан хат алған Александр Желез-
нов та қайран қалыпты. Өзі мен қайтыс болған төрт
жолдасының қашқындар қатарында көрсетілгеніне
таңырқапты. Ол өздерінің тобының соңғы ұрысы
мен өзінің кездейсоқ тірі қалғаны туралы тәптіштеп
жазады. Орманға барар жолда шөмеледе ұйықтап
жатқан жерінен ұсталған. Партизан емес, әскери
тұтқындар колоннасында жазасын өтеуші болғаны-
ның арқасында аман қалған. Еуропаның лагерьлерін
шарлап, 1945 жылы Қызыл Армия қатарына қайта
қосылады, кейін туған қаласына оралады.
Тарих әлі де өз жалғасын күтеді, біз Алек-
сандр Николаевич Железновтың туыстары немесе
ғалымдар үн қосады деп үміттенеміз.
Өзге қазақ партизандарының есімдері:
Жұмабеков Бекетас Бошеевич, 1915 жылы
туған, қазақ, Кировск отрядының командирі. 1941
жылдың 1 қарашасынан 1942 жылдың 25 қазанына
дейін партизан қатарында болған. «Үлкен жерге»
эвакуацияланған. Тірі қалуы мүмкін, 1985 жылы
«Отан соғысы» орденімен марапатталған.
Ибрагим Константин Наумович, 1914 жылы
туған, қазақ. Жұмысшы-шаруа қызыл армиясынан
алынған. ВКП(б) мүшелігіне үміткер. 1943 жылдың
11 қазанынан 1944 жылдың 20 сәуіріне дейін пар-
тизан қатарында болған. Коменданттық взвод
тобының командирі.
Ибрагимов Киса Наумович, қазақ. Мәскеуден
келген. 1943 жылдың 15 тамызынан 1944 жылдың 20
сәуіріне дейін партизан қатарында болған.
Кусайнов Киса. 1914 жылы туған, қазақ. Пав-
лодар облысы Куйбышев ауданындағы Елтай
кеңесінен. 1942 жылдан Солтүстік Кавказ майда-
ны армиясында. НКГБ наркоматының арнайы
тапсырмасымен келген. Солтүстіктегі қосылу
коменданттық взводының бөлімше командирі. 1943
жылдың қарашасынан 1944 жылдың 20 сәуіріне
дейін партизан қатарында болған.
Бұл бағыттағы ізденістерді әлі де жалғастыру
қажет. Тізімнің соңындағы үш фамилия бір адамға
қатысты сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |