Ф ♦Рауан* Алматы 1997 Редакторы Үлықман Әбілдаұлы Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шах а нов



Pdf көрінісі
бет11/24
Дата21.02.2017
өлшемі22,66 Mb.
#4638
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

ш а Р 6 ы
с ы
п  
бірінщ-бірі  шгін  жарып,  қолын  шауып,  басын
Ке° Ал^жү^мындаған  көрермеи  ертеқ«-кеш   тамашаға  ба-
тып,  жеңімпаздарды  қ ұ гш қ тав, 
« ^ ЭТ^ “ 6ІТ
ганап 
даңғаза  шуға  бөленш,  шаттанумен  болған.  ьеиоіт
елді  осыншама  қанға  бөктіріп,  содан  ләззат  алудан  өтке 
с° ра ^ л ы қ ^  
Жаппай  құмарлыққа  айналып  кеткен
а т ы ш
у л ы  
^ы рғы н н ан   алғаш  құтқарған  христиан  * н і
б о ^   Император  Ұлы  Константин  осы  дшге  бас
иісімен,  елде  қоңырау  қаққан  ш ір к е у л е р к ө б ^ ^ х а л ы қ
ізгілікке,  мейірімділікке  бет  бұрды.  Өиткені  адамдардыч
бір-біріне  деген  зорлық-зомбылығы  христиан  ДШШЩ 
қағидаларына  жат  тағылық  болып  саналып.  қатаң  жаза-
ЛаН
40
^ Н жылы  Римде  өткен  гладиаторлардың  соңғы 
шайқасында  Кіші  Азиядан  келген  Телемах  есімдд  монах 
аяүсыз  соғысып  жатқандарға  арашаға  ұмтылады.  Бірақ 
өзар^өштесіп,  бір-біріне  еліспей  беріспеуге  антгасқан ею 
ж ак бейкүнә  монахты  қылышпен турап тастаған.
БұГсұм ды қ  көрініске  куе  болып  отырған  император 
Гонорийдің  жаны  түршіккені  соншалық,  осыдан  бастап 
елде  гладиаторлық ойын өткізуге  қатаң тыиым  салған.
ДемТк  римдіктер  өлі  күнге  дейін  көбіне-коп  импера- 
торға емес,  жаны  жәннатта болғыр Телемахқа и.арь^дар-
А й т м а т о в .  Міне,  бұдан  шығар  қорытынды:  біреудің 
шеккен  азабынан  ләззат  алатындардың  боиында  да  са-
дизм ұшқыны  бар. 
в
Бұл  қатерлі  нышанды  жоғары  сана,  дін  арқылы  ауыз-
дықтау да күн тәртібінен түспеуге тиіс.
Ал  Испаниядағы  Корида,  яғни  танауынан  бу  атып,
көзінен  от  шашқан  бүзақы  өгіз  бен  адамның  арасындағы 
өмір,  өлім  тайталасы  әлі  күнге  дейін  миллиондаған  көрер- 
мендерге  ләззат  сыйлап  келеді.  Шайқас  өтіп  жатқан  кез­
де  Мадрид  көшелерінде,  тіпті  бүкіл  Испанияда  қозғалыс 
азаяды.  Бұл  ұлттық  ойынды  көзбен  көрш,  қызықтаута 
қолы  жетпегендер  теледидар  экранын  кірпік  қақпаи
КҮЗеціаханов.
  Кейінгі  кезде  нарколог  ғалымдар  адамдар- 
дың  басым  көпшілігінің  бойында  ішкілікке  беиімдшк  бар 
деген  қорытындыға  келді.  Ендеше,  елдің  бәрі  неге

шетінен  маскүнем  болып  кетпейді?  деген  сұрақ  туады. 
Ол  -   кісінің  физиологиялық  ерекшелігіне,  өзін-өзі  ұстай 
білуіне,  қоршаған  ортасының  салт-санасына  да  тікелей 
байланысты.  Жолдас-жорасының  ықпалынан  шыға  ал­
май,  ішкіш  боп  кеткен  азаматтарды  немесе  маскүнем 
күйеуімен  "жынды  суды"  қосыла  сіміріп,  қүрдымға 
қүлаған  небір  үріп  ауызға  салғандай  келіншектердің  тра- 
гедиясын естіп,  көріп  келеміз.
Адам  өз  алдына,  әр  түрлі  өсімдіктердің  бойында  да 
белгілі  дәрежеде  "жынды  суға"  деген  құштарлық  бар- 
лығын  ғылым  дәлелдеп  отыр.  Арнайы  тәжірибе  орта- 
лығында 
өсірілген 
жиырма 
түп 
көшеттің 
онын 
қарапайым  сумен  суғарған  да,  қалған  он  гүлге  құятын 
судың  құрамына  спирт  араластырған.  Қызықты  қараңыз: 
алғашқысының  бойы,  көлемі  қалыпты  мөлшерде  өскен 
де,  екіншісі  биік  әрі  жапырақтары  жайқала  түскен. 
Кейіннен  жай  сумен  суғарғанда,  бастапқы  әсемдігінен 
ажырап,  солып,  қурай  бастаған.
Самогон  қайнатқан  бәзбіреулер  пайдаланған  бидай 
мен  картоп  қалдығын  бере  берген  соң,  маскүнем  боп
кеткен  шошқа  мен  қаз-үйрек  жайлы  мерзімді  баспасөзде 
талай  мәрте жазылды.
Демек,  жер  бетіндегі  тіршілік  иесінің  қай-қайсысының 
бойында да  құмарпаздық түйсік  бұғып  жатыр деген  сөз.
Бүрынғы  КСРО-ның  егемендік  алған  республикала- 
рында 
соңғы 
жылдары 
жасөспірімдер 
арасындағы 
қылмыс  8 - 1 0 ,   тіпті  кейбір  түрінің  14  есеге  дейін  күрт 
өсіп  кетуінің себебі  бәрімізді  ойландыруға тиіс...
Меніңше,  жоғарыда  айтылған  әңгімелерден  мынадай 
қорытынды  жасауға  болатын  сияқты.  Жалпы,  адам  бала- 
сының  бойында  өзгеге  үстемдік  жүргізу  құштарлығы, 
садизм  ұшқыны  (элементі)  бар.  Бәлкім,  ол  біреуде  өте 
елеусіз,  аз,  екіншісінде  орташа,  кейбіреуде  аса  қауіпті 
мөлшерде  көп  ұшырасуы  мүмкін.
Осы  кінәратты  сезім,  аурудың  кез  келген  түрі  сынды, 
қозып  кетсе,  аздың  өзі  асқынып,  орташасы  бас  бермей, 
қауіпті  күшке  айналуы  әбден  мүмкін.  Адамгершілік  пен 
қайырымдылық  бастауларын  және  дінді  қарсы  қою 
арқылы  адам  бойындағы  бұл  індеттің  жолын  кесуге  бо- 
лар.  Ж әне  бұған  жүйелі  түрде  мемлекеттік  деңгейде  на- 
зар  аударылып тұруы тиіс.
Айтматов
|  Садизм  індетін  зерттеуші  генетика 
ғылымы  бұрынғы  Кеңес  өкіметі  дәуірінде  қуғынға 
ұшырады.  Адамның  тегін  жақсарту  жолында  жан-
5-235

қиярлықпен  еңбек  еткен  үлкен-үлкен  ғалымдарымыз 
түрмеге  жабылып,  том-том  ғылыми  еңбектері  жойылып, 
ажуа-мазаққа  айналды.  Ж ақсылықты  бұқтырсаң,  жа- 
нынан  міндетті  түрде  жауыздық  өсіп  шығады.  Осы 
қарапайым  қағидаға  ұзақ  уақыт  құлақ  аспай  келгеніміз 
қандай  өкінішті!  Қайткен  күнде  де  қанішерден  -  
қанішер,  жауыздан  -   жауыз  тудырмау,  мәңгүрттік  пен 
зомбилыққа 
деген 
құштарлықты 
асқындырмай, 
бұғаулау  талабы  -   генетика  ғылымымен  қоса,  күллі 
адамзаттың  алдында тұрған  зор  міндет  емес  пе?

Билік  пен 
[рухани  байлык,
немесе
осы  екі 
қарудын
патшалар.
ханлар.
КОРОЛЬАӨр
және
----------------------------------------------------------------------
презиАенттер 
тағАырынлағы
көрінісі

Мемлекет  басшысы  болу  деген  —  эр  кез  ^
 иненщ 
ушында,  қылыштың  қырында 
отырумен  бірдей
  қиын 
шаруа.  Кейде  бір  шаңырақтың  астында  түтін  түтетт 
отырған  ағайындылардың  өзі  ортак,  тіл  таба  алмай, 
жаға  жыртысып  жатады.  Ал  күллі  мемлекеттің  тізгінін 
үстау,  қырьщ  рулы  елдің  басын  қосып,  ортақ  мәмлесін 
табу, 
бірлігін 
сақтау, 
іиікі, 
сыртқы 
саясатын, 
мәдениетін  орныкдіыру,  қуатын  арттыру  —  кез  келген 
басшының 
қолынан 
келе 
бермес 
маиіак,атты 
да
мәртебелі міндет.
Алмас қылыш  секілді хальщ  деген, 
Үстайтындар  аз  оны  парықпенен. 
Қайрай  білу —бір  өнер,
Жүмсай  білу -  бір  өнер,
Күрсай  білу — бір  өнер,
Сәл қолыңнан  иіығарсаң,
Өз  басыңа  тіленер...

Шаханов.
  Екі  жүз  елу  милионнан  астам  халықты  бір 
ұранның  астында  ортақ  саяси  көзқараспен  ұстаған 
Кеңес  Одағы  араға  жетпіс  жылдан  астам  уақыт  салып 
күйреп,  ыдырап,  жеке-жеке  отау  тіккен  он  бес  мемле- 
кетке  айналды.  (Бұл санның көбеюі де  ғажап  емес.)
Айтматов.
  Ендігі  мәселе егемендік  алған  Кіндік  Азия 
республикалары 
қоғамдық 
қатынастың 
жаңа 
құ- 
рылымында  қай  бағытта  дамып,  билік  пен  демократияны 
қай  шеңберде  ұстауы  керек дегенге  саяды.
Шаханов.
  Иә,  арманымызға  айналған  егемендікке 
де  қол  жеткіздік.  Бұрын  Кеңес  өкіметі  тұсында  бірінде 
жоқты  екіншісінен  алып,  мырзақолдық  танытып,  ортақ 
қазанда  қайнап  жатқан  одақтас  республикалар  жеке- 
жеке  мемлекет  атанған  соң,  экондмикалық  тоқыраудың 
кебін  киді.  Ортақ тетік  істен  шығып,  әркім  өзінің тапқан- 
таянғанымен  күн  көруге  көшті.  Мынадай  бір  қарапайым 
мысалға  жүгінейік.  Күнделікті  тұрмысқа  аса  қажетті 
машинаның  бір  тетігі  Өзбекстанда,  бір  тетігі  Украинада, 
бір  тетігі  Беларусияда,.бір  тетігі  Ресейде  шығып  келді.  Ал 
Қазақстанда  Менделеев  кестесінде  көрсетілген  қазба 
байлықтар  түгелге  жуық  бар.  Бірақ  оны  сұрыптайтын, 
өңдейтін,  яғни  өнім  етіп  үсынатын  зауыттар  басқа  рес- 
публикаларда.  Бұл  не?  Мұнда  зымиян  қулығына  найза 
бойламайтын:  "егер  осы  республикалар  жеке-дара  еге- 
мендік  иеленуге  талпынса,  өзінше  өмір  сүру  үміті 
үзілсін"  деген  қитұрқы  саясат  ө  . дегеннен-ақ  есепке 
алынған.  Енді,  міне,  бір-бірінсіз  өмір  сүре  алмайтын, 
адамның  сансыз  қан  тамырларындай,  шуда  жіптей  шаты- 
сып  жатқан  осы  байланыстардың  жолы  үзіліп  еді,  еге- 
мендік  алған  эр  мемлекет  өзінше  кіріптарлыққа  түсті. 
Қазір  осы  елдер  бірлесіп  өмір  сүрудің өр  қилы  жолдарын 
қарастыруда.
Айтматов.
  Экономикалық  қатынастың  өзгеруіне 
орай,  рухани  байлығымыз  жұтай  бастады.  Жасыратыны

жоқ,  Кеңес  өкіметі  тұсында  көркемөнердің  кез  келген 
түрі  партияның  үгіт-насихат  қүралына  айналып,  ерекше 
өркен  жайды.  Қырағы  цензурасы  бар  социалистік  реа- 
лизмнің  тар  шеңбері  сығып,  кдьіліъіндырды  дегенмен, 
мемлекеттік  баспалар  пәрменді  жүмыс  жасап,  мерзімді
баспасөз тоқтаусыз  шығып жатты.
Саяси  бас  қалқадан  айырылып  қалған  соң,  мемлекет
баспаларды,  газет-журналдарды  бұрынғыдай  бюджет 
есебінен  қаржыландыруын  тоқтатты.  Нарықтық  қаты- 
настың  қатал  заңы  —  осы.  Өз  қолың  өз  аузыңа  жетпесе, 
бизнес  акуласының  құрбандығына  айналасың.  Осыдан 
келіп  қітап  дүкендері  мен  жайма  базарларын  жілік  майы 
татымайтын  арзан  к,ол детектив  жинақтар,  кісі  өлтірудің, 
тонау  мен  зорлаудың  неше  атасын  әліппе  үйреткендей 
ғып  түсіндіретін  бейәдеп  кітаптардың  топаны  басып 
кетті.  Бұл неткен  бейбастақтық деп,  кімнің жағасына  қол 
апарасың?  Өйткені  елдеріміз  демократиялық  даму  жолы-
на түскен. 

ч.
Жарайды,  оған  да  көндік.  Бірақ  әлгіндей  талғамсыз
қашты-қудыны,  асты-өлтірдіні  әуезе  ғып  әңгімелейтін
кітаптардан  дәріс  алған  үрпаққа  мүның  өзі  өтпелі  ке-
зеңнің  көріністері десек те,  аса алаңдатарлық ахуал.
Ш аханов
.  Байқайсыз  ба,  үлтгық  тәрбие  құралдарын
түншықтырып  едік,  қоғамдық  психология  табан  астында
өзгеріп  шыға  келді.  Бұрындары,  мәселен,  бәлен  кіташы,
түген  кітапты  оқыдым  деп,  тең  қүрбысының  алдында
мақтанатын  жеткіншектің  аузынан  қазір  бес  сомның 
за-
тын  бұлдап,  он  сомға  өткіздім  дегенді  естісек,  таңданып
жатпаймыз.  Заманына  қарай  адамы,  оларды  да  кінәлаи  ал-
майсың.  Десе  де,  елдщ  елдігш  танытатын  рухани  бай-
лықтың  оныншы,  он  бесінші,  кей  жерлерде  тіпп  жиырма-
сыншы  орынға  ығысып  кеткені  көңілге  қаяу  салмай
тұрмайды.
Қалта  байлығын  рухани  байлықтан  жоғары  қойған 
елдің  ертеңі  күмәнды.  Байлыққа  белшесінен  батқан,  жа- 
сы  әлі  25-ке  де  толмаған  бір  бизнесмен  жігіт  Алматыдағы 
жиырма  бес  қатарлы  "Қазақстан  қонақүйінің  ең  үшар 
басына  зеңбірек  сүйретіп  шығарып,  түн  жарымында,  ел 
шырт  ұйқыда  жатқанда,  өзінің  туған  күні  құрметіне  ар-
нап  салют  бергізіпті деп  естідім.
Айтматов.
  Біз  демократияны  кез  келген  адамның
ойына  келгенін  жасататын,  әй  дер  ажасы,  қой  дер 
қожасы  ж оқ  рақатизм  деп  қабылдадық.  Ж оқ,  демокра­
тия  дегеніміз,  ең  алдымен,  қатаң  тәртіп.  Оның  өзіне  тән 
шектеуі  мен  шекарасы  болуы  керек.  К,арапайым  ғана

мысал.  Отбасы  —  мемлекеттің  моделі.  Оның  да  көсем 
басшысы,  сенімді  қосшысы,  орнықты  орындаушылары 
бар.  Демократия  еКен,  аузыма  не  келсе,  соны  көкуге 
еркім  бар  деп,  келін  атаның  сақалына  жармасып,  ұл  ше- 
шенің  бетінен  алып  жатса,  не  болмақ?  Ырыс  емес,  үй 
ішіне 
қып-қызыл 
төбелес 
алып 
келетін, 
рухани 
мәдениетке  тамыр  жібермеген  демократияның  кімге 
қажеті  бар?
"Бақ  пен  сордың  арасы  —  бір-ақ  қадам"  депті  импе- 
раторлық тақ  пен  тәжден  айырылып,  әулие  Елена  аралы- 
на  жер  аударылып  бара жатқан  Наполеон  Бонапарт өкін- 
іш-тен  бармағын  шайнап.  Сол  сияқты  —  аңдап  баспаса, 
абайлап  ұстамаса,  демократиядан  анархияның  аулы  алыс 
жер емес...
Шаханов.
  Осы  билік  пен  демократияның  арақа- 
тынасы қандай,  алшақтығы  неде деп ойлайсыз?
Айтматов.
  Бейнелеп  айтсақ,  билік  дегеніміз  —  ай- 
балтаның  басы  да,  демократия  —  сабы.  Ал  сабын 
ұстайтын  әлуетті  қолдың  иесі  қашан  да  халық  екенін  ес- 
тен  шығармаған абзал.  Сондықтан  бұл  екеуін  бөле-жара 
қараудың  қажеті  жоқ.  Өзім  куәсы  болған  бір  жайтты 
әңгімелеп берейін.
Бір  күні  кешкілік қызым  Шырын:
—  Әке,  автобуста  келе  жатып,  әмиянымды  түсіріп 
алыппын.  Ренжімеңізші,  — деді.  Аз-кем  ақшаның  жоғал- 
ғанына  емес,  құнтсыздығына,  әсіресе  оқушы  куәлігін 
қайта  жаздырып  алуға  тура  келетініне  бола  ескерту  жа- 
садым.  Арада  екі-үш  күн  өткен  соң,  Люксембург  поли- 
циясынан  біздің  елшілікке  телефон  соғылды.  Полиция- 
ның  менде  нендей  шаруасы  бар  деген  дүдәмәл  оймен  те­
лефон құлағын  көтерсем:
— Сіздің  қызыңыз  әмиянын  жоғалтқан  екен.  Тауып 
алған  адам  бізге өкеліп табыс  етті.  Келіп,  алып  кетіңіздер, 
—дегені.
Полиция  бөлімшесіне  Шырынның  өзін  жұмсадым. 
Тапқан  адам,  бәлкім,  пайда  көріп,  ақшасын  алып  қалған 
шығар  деген  оймен,  келгесін:  —  Заттарың  түгел  ме?  — 
деп  едім,  —  Ақшам  да,  құжаттарым  да  сол  қалпында 
екен, — деп жауап берді.
Таңғалдым өрі шексіз риза болдым.
Міне,  қоғам  алдындағы  өрбір  азаматтың  жауапкер- 
шілігі деген — осы.
Әмиянды  тапқан  адам  оны  полицияға  өкеліп  өуре 
болмай-ақ,  қалтасына  сала  салса,  ешкім  де  оны  ұры  деп 
жазғырмасы  анық.  Байыппен  қарасақ,  бұл  —  билік

қалыптастырған  мінез  бен  демократияның  шынаиылығы. 
Осы  екі  тірліктің  бірі  бұзылса,  екіншісі  қисаймай  тұр- 
майды.  Жоғалғаныңды  тауъш  беру  түрмақ,  қолың- 
дағыңды  жұлып  алатын  біздің  қоғамда,  демек,  билік  те,
демократия да әлі орнықпай жатыр.
Мысалы, 
қызым  ендігі  жерде: 
“Адамдар  маған
ықыласты  қатынас  жасап,  адалдығын  дәлелдеген  екен, 
ендеше  мен  де  жақсылыққа  жақсылықпен  жауап  беруім 
керек",  — деп өзін-өзі іштей тәрбиелеп  бағады.
Демократия  дегеніміз  —  Батыстың  арзан  қол  кей  өн- 
ерін,  біздің  ұлтымыздың  иманына  жат  бейәдеп  қылығын 
немесе  бәзбір  ислам  елдерінің  діни  фундаментализм^
көзсіз  қабылдай беру емес.
Шаханов.
  Ел  экономикалық,  рухани  жағынан  дағда- 
рысқа  түскенмен,  жаңа  қоғамдық  қатынастың  қатал 
қағидаларын  бірте-бірте  меңгеру  үстінде.  Осындай  аумалы- 
төкпелі кезеңде Кіңдік Азия республикалары  Батыстың даму 
жолына түсе  ме,  немесе  Шығыстағы  көрші  мемлекеттерден 
тәлім  ала  ма,  жоқ,  әлде  өзіндік ерекшелігін  сақтап  қала  ма?
— деген сұрақтар бой көрсетіп қалады.
Айтматов.
  Бүл  өзі  жаңадан  егемендік  алған  жас 
мемлекеттер  үшін  өте  көкейтесті  мәселеге  айналып  отыр. 
Бас-басымызға  жеке  шаңырақ  көтерген  соң,  иллюзияға 
тап  болдық  па,  аптығып,  әлі  күнге  бағыт-бағдарымызды 
анық  айқындай  алмай  жатқан  сыңайлымыз.  Демокра- 
тияның  жауапкершілігі  —  Президенттен  бастап  елдің  өр 
азаматының  иығына  түсер  ортақ  жүк.  Демократияға  қол 
жеткіздік  екен,  аспаннан  алтын  жауады  деген  үғымнан 
арылуымыз  қажет.  Біз  үшін  идеал  қоғамның  аулы  өлі 
алыс  жатыр.  Осыны  жан-төніңмен,  бүкіл  болмысыңмен 
түсіну  —  парыз.  Қолдағы  билік  пен  мүмкіндікті  жалаң  өз 
басыңа  пайдаланбай,  еліңе  жақсылық  жасауға  ұмтылсаң 
ғана,  демократияның  бағы  жанады.  Сондықтан  қазіргі 
кезеңнің  жауапкершілігі  тоталитарлық  жүйенің  темір 
тәртібінен де  күшті  болу керек деп  есептеймін.
Шаханов.
  Аузымен  орақ  орған  кейбір  бөспелерге 
қолайлы  кезең  туды.  Демократияны  бүркеніп,  мінбеге 
өрмелеп  шық та,  Президенттен  бастап  бөрін  іске  алғысыз 
етіп  сал...  Қойсаңшы дер  ешкім  жоқ.  Қайта  әлдекімдердің 
құшыры  қанып,  алақаны  қызғанша  қол  соғуы  мүмкін. 
Сонда  шынайы  демократия  дегеніміз  бір-біріңнен  мін 
іздеп,  көлеңкеңді  өлшеп,  сынаудан  көз  ашпау  ма? 
Елімізге  тосыннан  келген  еркіндік  пен  бостандық  бізді 
дамудың 
қай 
бағытына 
бастап 
барады? 
Шығар 
қорытынды,  берер  нөтижесі  қандай?

Қырғыз  елінде  парламент  сайлауы  кезінде  не  пәлелер 
болмады  десеңізші!  Ж ұрт  жік-жікке,  ру-руға,  жер-жерге 
бөлініп,  түбі  бір  атаның  нәсілі  екендігі  естерінен  шығып, 
өзара  одағайласып,  дауласып  кетгі  емес  пе?  Бір  депутат- 
тыққа  талапкер  өз  сайлаушыларына  аяқ  киім  үлестірген. 
Бірақ бәріне  бір-бір  сыңардан  ғана.  Әлгі өлермен:
— 
Маған  дауыс  беріңдер.  Қарсыластарымды  жеңіп 
шықсам,  екінші  сыңарын  аласыңдар,  —  деп,  қонторғай 
боп  жүрген  халықтың  осал  жерін  басады.  Қалған  талап- 
кер-бақталастары  қарап  қалсын  ба,  ақшаны  оңды-солды 
шашып,  арақты  судай  ағызған.  Орамал,  көйлек-көншекке 
де 
сараңдық 
жасамаған. 
Нәтижесінде 
аяқ 
киім 
үлестіргеннің  бағы  жанбады.  Міне,  сайлаудың  бір  ғажа- 
бы осы!
Десе  де,  осындайлардың  талайы  парламентке  өтіп 
кетті.  Бір  кезде  өзіміз  сәлем  беруге  ұялатын  рухани 
жағынан  таяз,  бір  жолғы  қызығы,  мансабы,  яғни  жеке 
мүддесі  үшін  әкесін  шешесімен  қосып  сатып  жіберуге 
әзір  түратын  алаяқтардың  талайы  қазір  байып  кетті. 
Жаппай 
жекешелендірудің  де 
қызығын, 
негізінен, 
көрген  де  сол  ептілер.  Қарапайым  жұрттың  тағдыры  со- 
ларға  қарап  қалды.  Осы  жайттарды  зерделесек,  бүл  — 
біздің демократиядан тапқан  алғашқы  үтылыстарымыз.
Бұрын  қазақта  екі  жүзден  астам  тыю  заңы  болған. 
Мәселен,  іпгіп  отырған  құдығыңа  түкірме,  нанның  үстіне 
зат  қойма,  нанды  теппе,  түзды  баспа,  үйге  жақындағанда, 
жүгірме,  жасы  үлкеннің  алдын  кеспе,  төрде  одан  жоғары 
отырма,  сөзін  бөлме,  ата-анаңның  бетінен  алма,  кемтар 
адамға  күлме,  кісіге  қару кеземе,  кісіге  сыртыңды  берме, 
малды  басқа  ұрма,  бос  бесікті  тербетпе,  үйде  отырып, 
ысқырма,  бас  киіміңді  аяқ  асты  тастама,  өлімге  көңіл 
айтқан  соң,  басқа  үйге  кірме,  құмырсқаның  илеуін, 
құстың  үясын  бұзба,  т.б.  Осы  тыю  заңдарының  өзі  жи- 
нақталып  келіп,  ұлттық  ерекшелігімізді,  мәдениетімізді, 
әдебиетімізді,  тіліміз  бен  ділімізді,  иманымызды  кездің 
қарашығындай  сақтады.  Яғни  ұлттық  идеологияның 
міндетін атқарды.
Өзім  көріп,  куөсы  болған  екі  жайт  өмір  бойы  есімде 
қалыпты.  Грузиндерде  ата-бабасынан  бермен  қарай  келе 
жатқан,  күні  бүгінге  дейін  маңызын  жоймаған  мынадай 
бір  жақсы  дәстүр  бар  екен.  Кімде-кім  қыз  ұзатса,  оның 
басты  жасауы  ғып  Шота  Руставелидің  "Жолбарыс  терісін 
жамылған  батыр"  дастанын  сыйға  тартатын  көрінеді. 
Осы  заманға  сай  небір  жиһаздың  ішінде  дастанның  алар 
орны  ерекше.  Өйткені  ол  —  туған  жер  қасиетін,  оның

азамат  ұлдарының  ерлігі  мен  намысын  жырлаитын  ұлы 
шығарма.  Сондықтан  да  эр  грузин  отбасының ең  қымбат 
мүлкі  боп  саналады.  Егерде  өзге  жасаудың  бөрі  бар  да, 
бір  ғана  "Жолбарыс  терісін  жамылған  батыр"  дастаны 
ж оқ болса,  онда ол толық қанды  жасау боп  есептелмейді. 
Бұл  —  ата-анаға  ауыр  сын.  Мөселен,  Канадада  кәрі  те- 
ректердің  конкурсы  өтіп,  ең  көп  жасағандарын  арнайы 
медальмен  марапаттайтын  дөстүр  бар.  Сол  медальдар 
нешеме  дөуірдің  көзін  көрген  теректерге  бекітіліп 
қойылады  екен.  Дөстүр  сабақтастығын  бағалау  мен  та- 
биғатқа  деген  жанашырлыққа  еріксіз  тәнті  боласың.  Ал
Эстония  мен  Латвияда  барлық  кәрі  ағапггар  жыл  сайын
есепке  алынады.
Қайбір  жылы  Эстонияның  Муху  аралын  аралап
жүріп,  ағаш  тұғырлардың  үстінде  төңкеріліп  жатқан
қураған,  арса-арса  боп  шіріген  қайықтарды  көріп,
таңғалдым.  Себебін  сүрағанымда:
—  Бұл  қайықтардың  әрқайсысына  кемі  жүз,  ж үз
елу,  екі  ж үз  жыл  болған.  Кезінде  ата-бабаларымызға
адал  қызмет  еткен.  Олар  осы  қайықтармен  ғашығына
жолықты,  бала-шағасын  өрбітті,  өз  ұлты  үшін  еңбек
етті.  Яғни  бабаларымыз  бұл  қайықтардан  тек  жақсылық
көрді.  Ал  жақсылық  ұмытылмауға  тиіс,  —  деп  жауап
берді.
Әр 
елдің 
үлкен 
адамгершілікке 
байланған 
ата
дәстүрінің болуы қандай  ғанибет!
Айтматов.
  Мұха,  сөзің  шын,  қаншама  ғасырлар
бойы  тілі,  діни  нанымы  басқа-басқа  болғанымен,  адамзат
қоғамы  таңдап,  іріктеп,  сұрыптап  қалыптастырған  ортак,
бағыт,  ортақ  көзқарас  ж оқ деп  айта  аламыз  ба?  Құдайға
шүкір,  бар!  Ал  еркіндіктің  жөні  осы  екен  деп,  кейбір
бейәдеп  мінездерді  бәзбір  топ  күллі  өркениетке  үлгі
ретінде ұсынса ше?
1993  жылы  маған  Берлинде  өтетін  халықаралық
кинофестивальға  жюри  мүшесі  болыңыз  деп,  қолқа  сал- 
ды.  Әлемнің  әр  түкпірінен:  Америка,  Испания,  Англия 
және  басқа  елдерден  келген  кино  мен  әдебиеттің 
білгірлері  бас  қосыпты.  Бұрынғы  Кеңес  Одағынан  мені 
шақырыпты. 
Ж юри 
мүшелерінің 
әңгімелері, 
көз- 
қарастары  әр  алуан,  қызық.  Бәлкім,  мен  де  оларға 
қызықты  кісі  болып  көрінген  шығармын  деген  оймен 
араласып,  іс  бастадық.  Міндетіміз  —  фестивальға  келген 
фильмдерге  талдау жасап,  баға  беру.  Жақсылығын 
не­
месе  жетіспейтін  тұсТарын  әділ  айту.  Мықты,  соны 
фильмдер  көрсетілді.  Кезек,  жаңылмасам,  американдық

режиссер  түсірген  фильмге  келді.  Тіпті  сарапқа  салмас 
бұрын  жюри  мүшелері  мақтасып,  осыдан  өткені  жоқ 
десіп,  бір-біріне  құлаққағыс  етіп  жүрді.  Тақырыбы 
Кубаға  байланысты.  Алғашқыда  қазіргі  Кубаның  азып- 
тозған,  қасіретті  тағдырын  көрсетеді  екен  деп  ойладым. 
Іштей  құпггарлығым  оянып,  көруге  асықтым.  Бақсам, 
фильмнің  негізгі  көтерген  проблемасы  — Америкада  го- 
мосексуалистерге  толық  бостандық  беруді  қуаттау,  соны 
насихаттау  болып  шықты.  Қысқаша  айтқанда,  сюжеті 
былай: 
Фидель 
Кастроға 
шын 
берілген 
партия 
қызметкері  —  жас  жігіт  өзінің  мекендесі  бір  адамға 
кезігеді  де,  іс  барысында  екеуі  жақын  танысады. 
Әлгі  адам  гомосексуалист  екен.  Кастроны  жақтаған  пар­
тия  қызметкері  гомосексуалистің  айтқан  ойлары  мен 
оғаш  қылығын  көріп,  одан  бойын  аулақ  салмайды,  қайта 
жан-тәнімен  беріліп,  өзі  соған  ашына  болып  кетеді. 
Саяси  көзқарасынан  алшақтап,  ат  құйрығын  кесіседі. 
Фильм  жюри  мүшелерінің  талқысына  түскенде,  менен 
басқа  он  екісі  ауыздарының  суы  құрып  мақтасты.  Ғажап 
деп тамсанысты.  Мен жалғыз  қалдым.
—  Сіздердің  пікірлеріңізге  қосыла  алмаймын.  Тіпті 
бұл  фильмді  зиянды  деп  есептеймін,  —  дедім  орнымнан 
көтеріліп.  —  Мұның  барлығы  тұрмыста  кезігеді.  Оған 
дауым  жоқ,  өмірде  не  болмайды?  Бірақ  бұл  —  ең  лас, 
былғаныш,  арсыздықты  экранға  алып  шығып,  гомосек- 
суалистен  қаһарман  жасап,  миллиондаған  көрерменнің 
талғамын  бұзып,  теріс  жолға  итермелеу ғой.
—  Адам  баласының  еркіне  ешкім  қол  сұғуға  тиіс 
емес.  Тіпті  Президент  болса  да.  Нағыз  демократия  де- 
геніміз  —
  осы.  Сіз  бұған  қалайша  қарсы  шығасыз?  — 
деп,  қалған  он екісі тұс-тұстан  маған жабыла  кетті.
— Мен  емес,  адамның  ары  мен  үятына,  кісілік  кел- 
бетіне  сіздер  нұқсан  келтіріп  жатырсыздар.  Гомосексуа- 
лизмді  адамзат  баласына  зорлап  таңып  тұрсыздар. 
Қайткен  күнде де еркіндіктің символы  —  гомосексуализм 
емес.  Бірақ  сіздердің  бұл  дөрекі  қылықтарыңызға  қарсы 
қолданар  іс,  тоқтам  айтар  күш  бар,  —  дедім.  Әйтеуір, 
қатты  шамдандым.
Сол оқиғадан  соң  ұзақ ойға шомдым.
"Мен  не  себепті  жалғыз  қалдым?  Әлде  модаға  ере 
алмай  жатырмын  ба?  Мода  дегеніміз  —  кейбір  кезеңнің, 
қызылды-жасылды  тіршіліктің  талабы  шығар,  бірақ  ол  — 
алыпқашпа  нәрсе.  Сол  мода  бізді  бүгін  гомосексуализмге 
сүйресе,  ертең  қайда  бастайды?...  Түптің  түбінде  адам 
мен  малдың  айырмасын  таба  алмай  қаламыз  ғой.  Ал

ұлттық тәрбие,  ішкі  мәдениет  бізді  ондай  тұрпаиылықтан 
сақтайды.  Пері тірліктен  періштедей  қорғайды.  Егер  адам 
баласына  шексіз  еркіндік  берсек,  ой,  қиялы  қорғасындай 
балқып  тұрған  қазіргі  жасөспірім  ғасырдан  ғасырға 
үзілмей  келе  жатқан  ұлттық әдеп,  иба,  салт,  дәстүрге  бір 
түкіріп,  Маркиз  де  Сад  насихаттаған  хайуандықтардың
жетегінде  кете  бермей  ме?"
Менің  табан  тіреп,  қасарып  тұрып  алуым  себеп  бол­
ды  ма,  фильм  бас  сыйлықты  емес,  жүлделі  орынның
бірін  ғана иеленді.
Бір  қызығы,  кейіннен  сол  фильмді  Нью-Йоркте  өткен 
кинофестивальға  алып  барған  екен,  бас  жүлдені  —  Ос­
кар  сыйлығын  жеңіп  алыпты.
Мұны  мен  осы  заманғы  кең  өріс  алып  кеткен 
ұғымдардың  орнын  ауыстырушылық,  адамгершілік  жақтан 
келсек,  парықсыздық  пен  бағаларды  шатыстырушылықтың 
кәдуілгі мысалы деп білемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет