Ф ♦Рауан* Алматы 1997 Редакторы Үлықман Әбілдаұлы Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шах а нов



Pdf көрінісі
бет13/24
Дата21.02.2017
өлшемі22,66 Mb.
#4638
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24

қаеды
Ұлы  Солон  патша  бақи  кешкен  соң,  Қара  теңіз  жаға- 
лауына,  байырғы  скиф  даласына  оралған  Анахарсис 
ақыры  қысастық  пен  қызғаныштың  құрбаны  болып,  өз 
туысының  қолынан  өлген.
Әңгімені  осы  арнада  жалғастыра  түсейік.  "Бізден 
кейін  топан  су  қаптаса  да,  мейлі"  деген  арсыз  мвтелдің 
авторы  француз  королі  XIV  Людовик  72  жь;л  бойы 
шексіз  билік  құрған.  Король  қарамағындағы  халқын 
қалай  болса,  солай  ұстауға,  тіпті  кез  келген  уақытта 
атып,  асып  өлтіруге де  құқым  бар деп  есептеген.
"Мемлекет  деген —  мен".  XIV Людовиктің  осы  астам 
сөзі  қазірге  дейін  сүйкімсіз  мағынасында  қолданыс 
тауып  келе жатыр.
Корольдің  айналасына  жағымпаздар  жиналып,  өмір 
бойы  бір-біріне  орын  бермей,  таласумен  өткен.  Шыбын- 
даған  жылқыдай  бас  шұлғып  тұрған дворяндар  таң  атпай 
жатып,  корольдің  киім  кию  салтанатына  қатысу  үшін 
жүгіреді  екен.  Бірі  іш  киімін,  екіншісі  шалбарын  әперіп, 
бәйек  қаққан  сорлылар  король  бүгін  көйлектің  ағын 
емес,  көгін  киюі  керек  деп,  өзара  ұзақ  керілдесетін  бол- 
ран.  Сөйтіп,  XIV  Людовиктің  киім  кию  салтанаты  күн 
сайын  екі сағатқа созылып  отырған.
Осындай  қызметімен  жаққан  үстем  тап  өкілдеріне 
король  атақ  пен  сыйлықты  уыстап  шашып,  тіпті  әр  түрлі 
қызмет  сатысын  ойлап  тауып,  ай  аралатып  дәрежесін 
өсірген.
Сарай  қызметшілерінің  міндеті  де  адам  таңғалар- 
лықтай.  Олар  топ-топ  боп,  түнімен  кірпік  қақпай,  ко- 
рольдің  іш  киімін,  кимешашын,  дәрет  сындыратын  ыды- 
сын  күзетіп  шығатын  болған.
XIV Людовиктің  бір  жасар  қызының  80  күтушісі  бол­
са,  қара  басына  қызмет  еткендердің  санына  жету  тіптен 
мүмкін  емес.  Оның  өмір  бойы  құрған  сауық-сайраны, 
аңшылығы  мен  сарай  қызметкерлерін  ұстауға  кеткен 
қыруар  қаржы  кедейлер  төлеп  отырған  салықтан  түскен. 
Салықты  уақтылы  төлей  алмағандарды  отбасымен  қоса 
далаға  қуып  шығып,  үй-мүлкін  тартып  алып  отырған. 
Француз  халқы  қара  табан  қайыршылықтың  зарын 
шегіп,  иіні  бүтінделмей  жүргенде,  еріккен  король  сән- 
салтанатты  Версаль  сарайын  соқтырып,  қабырғасы  мен 
еденін  түтастай  мәрмәрлатады.  Сарайдың  іші  мен  сырты- 
на  1400  хауыз  орнаттырған.  Король  тек  қана  осы  Сарай 
құрылысына  47  жыл уақытын  жұмсаған.

Осындай  сөнқой  даңғойлығымен  қоса,  король  тым 
қорқақтығымен  замандастарының  всіңдв  калган.  Ж і- 
нындағы  лауазымды  тұлғалар  мен  қызметшілері  өзіме 
қастандық  ұйымдастырып  жүрер  деп  сақтанып,  сарайы- 
на  35  адамнан  тұратын  жасырын  сиқыршылар  (колдун) 
тобын  үстаған.  Бұл  өте  күлкілі  де  қораш  істің  ұйтқысы
— өзінің  нақ  сүйері  Атоно  де  Монтеспаон  еді.  Оның  бұл 
масқарашылығы  полиция  тарабынан  әшкереленіп  қалып, 
ақыры  король  "қамқоршыларын"  қуып  таратуға  мәжбүр
болады.
XIV  Людовиктің  надандығы  мен  қатыгездігі  сондай, 
мысалы,  бір  аспазы  корольге  шаяннан  дастарқан  мәзірін 
әзірЛеп  бергенмен,  үстіне  тұздық  құюды  үмытып  кетіпті. 
Корольдің  мұндай  ұмытшақтықты  кешпейтінін  білген 
әлгі  сорлы,  ж аза  қолданбай  тұрғанда,  жантәсілім  етейін 
деп,  дереу өз-өзіне  қол салып,  өмірмен қош  айтысқан.
Ауыр  тұрмыс,  шексіз  езгіден  шыдамы  шегіне  жеткен 
француз  халқы  король  өлген  соң,  көтеріліске  шығып, 
соңындағы  барлық тұқым-тұяғын  аяусыз  қырып  салған.
Шаханов.
  Мәселен,  түрік  султаны  Абдул  Азиздің  са- 
райында  5  мыңның  үстінде  күтушісі  күні-түні  кірпік 
ілмей,  аяқтарының ұшымен  басып жүріп,  қызмет  көрсет- 
кен.  Сол  күтушілердің  бірінің  бар  міндеті  анда-санда 
сұлтанның тырнағын  алып  берумен ғана шектелген.
Тарихқа  байыппен  көз  жіберген  адам  небір  жаны 
жайсаң  көсемдер  мен  халқын  кдн  кдқсаткдн  қатыгез  дө 
қарау,  яки  бітім-болмысы  тентек  баланың  ойынындай 
әумесер  билік иелерінің сан  алуан түріне  кезігері хақ.
Вавилонның  осыдан  екі  жарым  мың  жыл  бұрын  өмір 
сүрген  патшасы  II  Навуходоносордың  іс-әрекеті  де 
кейбіреулерге  сабақ  болғандай.  Ол  Мидия  патшасының 
қызы  Семирамида  сұлуға  үйленген.  Бір-бірін  кереметтей 
сүйсе  де,  Семирамида  сұлу  Вавилонның  шаңды,  шулы 
көшесін  жақтырмай,  өзі  туып-өскен  таулы,  салқын, 
сәулетті өлкені аңсап,  іш  құса болады  емес  пе.
Әйелінің  көңілін  қайтып  табарын  білмеген  бейшара 
патша  мыңдаған  құл  мен  соғыс  тұтқындарын  жан  төзгі- 
сіз  жұмысқа  жегіп,  Мидиядағыдай  алып  бақ  орнаттыра- 
ды,  түрлі  жеміс  ағаштарынан  аспалы  бау  өсіртеді. 
Шапқыншы  жіберіп,  жер  түбінен  сайрауық  құстарды 
әкелдіреді.  Бүлақтың  арнасын  бұрып,  қолдан  ағын  су
жасатады.
Ал  бұл  кезде  ертеңді-кеш  қара  жүмыстан  титықтаған 
құлдар  мен  түтқындар  шыбындай  қырылып  жатты.  Сұлу 
әйелінің  көңілінен  шығамын  деп  жүргенде,  өзі  де  әбден

болдырып,  қартаяды.  Елі  болса  жаппай  қайыршылыққа 
түседі.
Марокко  султаны  Мулей  Исмаилдың  тірлігі  де  осы  II 
Навуходоносормен  бөстескендей.  Ол  елдің  бар  байлығын 
жиып,  өзіне  арнап тұтас  бір  қаладан тұратын  резиденция 
салдырған. 
Оның 
қабырғасының 
ұзындығы 
40 
шақырымға  созылыпты.  Елу сарайы  жөне  12  мың  жылқы 
сыятын  атқорасы да бар екен.
Айтматов

Билеушінің 
еліне 
жасаған 
жария
жақсылығы  да,  кесапаты  да  тарих  бетінде  қалып  отырған 
гой.
Мөселен,  Иван  Грозный  осылар  мені  сыртымнан  са-
тып  кетуі  мүмкін  деген  желеумен  бүкіл  Новгород
қаласын  талқандап,  халқын  қанжоса  ғып  қырып  салған
жоқ па?  Бұл — ел өмірінде аса сирек  кездесетін  қайғылы 
оқиға.
Демек,  билік  иелері  өз  мүддесін  ел  мүддесінен  жоға- 
ры  қойса  бітті,  өз  дөуірінде  де,  болашақ  ұрпақ  алдында 
да  ұтылысқа түсіп отырған.
Шаханов
.  "Ақсақ  қүлан  —  Жошы  хан"  хикаясы  да 
осы сарындас.
Әйелі  Бөрте  керейттерге  тұтқынға  түскенде, 
іште  келген  Жошыны  жатсынған  қаһарлы  Шыңғыс 
хан  ылғи  да  оны  сыртқа  тебумен  жүреді.  Төрт 
ұлының  ішінде  алғыры  болған  соң,  өз  қолымен  өл- 
тіруге  дәті  бармайды.  Ақыры  Жошының  аңға 
шыққан  сәпн  пайдаланып,  соңынан  дереу  жендет- 
терін  жұмсайды.  Ақсақ  құланды  қуып,  шығандап 
кеткен  Жошы  ізіне  түскен  қаныпезерлердің 
қолынан қапияда қаза табады.
Одан өрмен  аңыз  былайша өрбиді:
Ұлының  өлгенін  білген  Шыңғыс  хан  ел 
көзінен  өз  ұятын  жасыру  ушін,  қара  жамылып: 
"Кімде-кім  Жошының  қаза  тапқанын 'естіртсе,  кө- 
Сейіне  балқыған  қорғасын  құямын”,  —  деп,  жер 
бауьфлап,  күңіреніп  жатып  алады.  Жаманатты 
естіртуге  бел  шешіп,  жүрек  жұтқан  ешкім  шыға
қоймайды.
Сол кезде  өрімдей  жас  бір  күйші  жігіт домбыра- 
сын  сайлап,  аһ  ұрып,  істеген  ағаттығына  іштей  өкі- 
ніп  отырған  хан  алдына  шарт жүгіне  қалып,  "Ақсақ 
құлан — Жошы хан" күйін тартқан екен деқді.
Зарлы  күй  бебеулеп  тұрып  алады.  Дәті  тастан 
берік  Шыңғыс  хан  төсегінде  әрі-бері  дөңбекшіп,

сай-сүйегін  кемірген  мына  күидің  мүңына  шыдай
алмай,  басын  жұлып  алып:
—  Жошының  өлімін  естірткен  мына  кәззаптың
көмейіне қорғасын құйыңдар! — депті әмірлі үнмен.
—  Дат,  тақсыр,  —  дейді  сонда  күйші  жігіт. 
Балаңыздың  жаманатын  естірткен  —  мен  емес, 
мына  қу  тақтай  домбыра.  Қорғасынды  құйсаңыз,
осы-ған  құйыңыз.
Сөзден  жеңілгён  Шыңғыс  хан  амалы  таусы-
лып,  ақыры  ұлттық аспапты  жазалапты деседі.
Сол Шыңғыс  хаңның төрт  перзенті  ішінде  өзі  билеген 
ұлысқа  жайлы  болған  Жошы  ханның  кесенесі  К,азақ- 
стандағы  Ұлытау өңірінде  тұр.  Ал  Шыңғыс  хан  мен  оның 
өзге  үш  үлы — Төле,  Үгедей,  Шағатайлардың  ж ер  бетінде
моласы да қалған жоқ...
Айтматов.
  “Қатал  билеушіден  —  қатыгез  іс  қалады,
қайырымдыдан  —  қасиетті із  қалады"  деген  осы.
Шаханов.
  Соңғы  бес  ғасырдың  белесіне  көз  тіксеңіз, 
Қазақстан  мен  Орта  Азия  халқы  астындағы  тұлпарының 
тебінгісін  терге  шірітіп,  жаугершілік  пен  шапқыншы- 
лықтан  көз  ашпапты.  Жалпы,  түркі  тілдес  елдердің 
ұлт  болып  ұйысуына  хандық  дәуірдің  кереметтей 
ықпалы  болғанын  білеміз.  К,азақ  тарихында  үш  жүздің 
басын  қосқан  Абылайдың  алар  орны  тіптен  бөлек. 
Қара  құрым  Қытай  мен  Ж оңғарияның  және  Ресей  им- 
периясының қыспағында қалған,  жалпақ жон  даласы  мен 
шолақ  найзасы,  қайқыбас  қылышынан  басқа  дәнеңесі 
ж оқ  өлдің  XVIII  ғасырда  тағдыры,  ақиқатын  айтсак,, 
таразы  басында  тұрған.  Көрінгенді  айбарымен  үркітіп, 
лебімен  ішке  тартқан  екі  алып  империяны  былай 
қойғанда,  қазақ  үшін  жоңғарлардың  өзі  аз  дүрбелең
әкелді ме?
Арқадан  жау  көрінсе,  Сыр  бойына  жөңкіп,  Алатаудан 
дұшпан  тап  берсе,  Ж айықты  жағалаған  халықты  ұлы 
қырғыннан  Абылай  ханның  сұңғыла  саясаткерлігі  ғана
құтқарып  қалған.
Қытаймен  дипломатиялық  қатынас  орнатып,  өз  үлын
аманатқа  берген  Абылай  Ресейге  де  елші  жөнелтіп,  тату
көршілікті  ұсынды.  Екі  арыстанның  да  аузын  алып,  жо-
нынан  сипағанмен,  олар  бас  шұлғып  отырып,  әр  түрлі
айла-шарғымен  қалмақтарды  қазақтарға  айдап  салып,
өзгенің қолымен  от көсей  бастаған.
"Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұламаны"  артқа  тас-
тап,  Ресейге  ойысып,  *елін  қызғыш  құстай  шыр-пыры

шығып  қорғап,  мемлекет  дәрежесіне  көтерген  Абылай  өз 
заманының ұлы  қолбасшысы,  үздік дипломаты еді.
Айтматов.
  Соңғы  жылдары  "Саясат  —  лас  нәрсе" 
деген  анықтама  пайда  болды.  Әрине,  саясатты  азамат- 
тығы  пәс,  пиғылы  бұзық,  ниеті  қарау  адамдар  жасаса, 
елдің  құты  қашып,  билік  иесінің  құны  көк  тиынға  айна- 
лады.  Ондай  саясатшылардың  өресіздігін  әлгі  анықтама 
айқындаса  керек.
Көреген  билеушілер  қай  ғасырда  да,  қай  елдің  тари- 
хында да  баршылық.
Мәселен,  708—814  жылдар  аралығында  Фрг.нцияны 
Карл  есімді  король  билеген.  Карлдың  әкесі  Пипин  бола- 
шақ  корольдің  сауат  ашуын  қаламапты.  Бір  қызығы, 
өмір  бойы  қағаз  бетіне  "А"  әрпінен  өзгені  сала  алмаған 
Карл  өз  бетінше  еңбектеніп,  латынша,  грекше  еркін  оқи 
білген.
Ол  билік  құрған  жылдары  Франция  мемлекеті  жан- 
жақты  нығайып,  өнер-білімі  ерекше  дамыған.  Өйткені 
корольдің  өзі  өте  ақылды,  елдегі  барша  ғалымдармен, 
ақындармен,  сәулетшілермен  кереметтей  достықта  бол- 
ған  зиялы  жан  екен.  Сол  алған  білімін  елінің  рухани  өр- 
кендеуіне,  жаңа  ғылым  көкжиегінің  ашылуына  жүмсаған. 
Абылай  хан  да  ақылман  Бұқар  жырауды,  халық  арасы- 
нан  шыққан  шешендер  мен  батырларды  өмір  бойы  жа- 
нына  үстап,  мемлекет  басқару  ісінде  солардың  ақыл- 
кеңесіне  құлақ қойып отырған  ғой.
Франция  королі  болса  бірнеше  шет  тілін  білген.  Жо- 
лығуға  ағылып  келіп  жатқан  шетел  елшілерімен  өз 
тілінде  емін-еркін  сұхбат  құрған.  Әрі  есте  сақтау қабілеті 
де  аса  таңға^арлық  екен.  Мемлекеттік  маңызы  бар  ша- 
руаны  кімге  аманаттағанын,  оның  қалай  орындалғанын 
қадағалап  отырған.  Өз  қолымен  жасақтаған  үздік  армия- 
ның  мыңдаған  солдаттарының  есімін  жатқа  білген.  Оның 
кезінде  кезкелген  адамның өтініші  аяқсыз  қалып  көрмеп- 
ті.  Корольдің  парасатына  достары  түгіл,  дұшпандары  да 
таңырқап,  бас  июмен өткен.
Сондықтан  да  араға  қаншама  ғасыр  түссе  де,  Карл 
есімі  Франция  билеушілерінің  алдыңғы  қатарында  зор 
құрметпен аталады.
Шаханов.
  Иә,  әлем  тарихында  жақсы  мысалдар  аз 
емес.  Римнің  атақты  императоры  Весиасианның  ұлы  Тит 
таққа  отырған  бар-жоғы  екі-ақ  жыл  ішінде  өзінің 
қарапайымдылығы, 
еңбекқорлығы 
мен 
ізгілігінің 
арқасында  күллі  римдіктердің  махаббатына  бөленіп, 
"адамзаттың асылы" деген  ат алған.

Бірде  Тит  нөкерлерінің  қоршауында  Рим  көшесінде 
келе  жатса,  анталап  тұрған  халық  арасынан  жұлым- 
жұлымы  шыққан  қайыршы  бала  императорға  амандас- 
пақшы  болып,  қол  созады.  Бұрын-соңды  мұндай  со- 
рақылықты  көрмеген  жұртшылықтың  жүрегі  тоқтап 
қала  жаздаған.  Титтың  нөкерлерінің  бірі  әлгіге  дереу
қылышын  ала ұмтылады.
— Тоқтат!  — деген  сонда  император  даусын  қатайтып.
— Баланың не жазығы  бар ?
_  Сізге  қол  бергені  —  шектен  шыққан  ұятсыздық
емес  пе,  тақсыр?
— Елімнің  жас  ұланы  үлкен  көрегендік  танытып  тұр.
Оның қолын  қыспасам,  менікі әдепсіздік.
Қайыршы  баламен  ықыласты  амандасып,  арқасынан
еркелете  қаққан Тит:
—  Мен  —  император,  бұл  —  қайыршы  болса,  ол  —
құдайдың  ісі.  Ал  жылтыраған  киім  адамшылықтың, 
шоқпыт,  шәркей  ақылсыздықтың  белгісі  бола  бермейді,
— деп,  ж ез  мундирі  жарқырап  тұрған  нөкеріне  әжуалай
көз  тастапты.
Сол  сәтте  "Жасасын  Тит!"  деген  айғай  күллі  Рим  ас-
панын жаңғырықтырған.
Императорға да  қол  беруге  болады  екен-ау деп  таңыр-
қаған  халық,  Титтің алақанын  аялап  қысып  қалу үшін,  ке- 
зекке тұрған.
Әрбір  минутын  есептеп,  ел  үшін  ж арғақ  құлағы  жас- 
ты ққа  тимей  жүрген  император  бір  күнін  байқаусызда
текке  өткізіп  алып:
—  Достар,  мен  бүгін  босқа  өмір  сүріппін!  —  деп  шо- 
шып  кетіпті.
Ал,  керісінше,  Сиам  королі  мен  королевасы  өздерін 
Сарайдағы  санаулы  ғана  лауазым  иелерінен  басқа  тірі 
жан  қол  беріп  амандасуға,  тіпті  киімнің  сыртынан  болса 
да 
жүғысуға 
болмайтыны 
жайлы 
қатаң 
тәртіп 
қалыптастырған.  Ақыры  осы  бөлектенудің  зардабын  да
тартпай  қоймады.
Ж аздың  жайма-шуақ  бір  күні  корольдің  зайыбы
Сунанда  көлде  қайықпен  серуен  құрып  жүрген.  Кенет
жел  көтеріледі  де,  қайык,  аударылып  түседі.  Тереңге
бір  батып,  бір шығып,  су жұтып,  жан даусымен айғайлаған
королеваны 
жағада  тұрған 
жүздеген 
қызметшісінің
бірде-біреуі  құтқаруға  тәуекел  ете  алмайды.  Өйткені
жоғары  мәртебеліге  қолыңды  тигізсең  болды,  жазаға  тар-
тыласың.
Не  істемек керек?

Улап-шулаған  қызметшілер  Сарайға  жүгіріп,  лауазы- 
мы  жоғары  біреуді  ертіп  келгенше,  королева  тұншығып,
о дүниеге  аттанып  кетіпті.
Айтматов.
 
Люксембург  герцогі  сайланарда  қойылар 
басты  талап:  ол  билік  басында,  жеке  өмірде  өділдігімен, 
айрықша  тазалығымен  ел  құрметіне  бөленген  жан  болуы 
шарт  Жалпы,  "Үлы  герцог"  —  “Грандюк"  —  бұл  елде 
сол  мемлекетгің  шаң  жүқпаған,  қылау  түспеген  беделі 
сынды  бейне.  Билік  басына  кім  келмесін,  бөрібір,  осы 
қатал талаптың  үдесінен  шығуы  шарт.
Әр  бағыттағы  партиялар  мен  оппозициялык  күштер 
менің  КСРО-ның  елшісі  болуыма  тура  келген  Люксем- 
бургте  де  аз  емес.  Ал  герцог  — олардың  бәріне  бірдей  ең 
жоғары  бедел.  Сондықтан  да  бірін  сүйіп,  екіншісін 
тұқыртып 
ұстау 
оған 
жат. 
Қым-қиғаш 
пікір 
қақтығысына  толы  күнделікті  газеттер  де  ол  кісі  жайлы 
бір  ауыз  ұнамсыз  сөз  айтқанын  оқымайсың.  Бұл  —  елде 
демократияның  жоқтығынан  емес,  керісінше,  оған  деген 
сүйіспеншіліктің  айғағы.
Шаханов.
 
Тарихи  даму  мен  демократиялық  биліктің 
өзіндік  жолын  таңдап  алған  басшы  ғана  мұндай  құрметке 
бөленсе  керек.
Айтматов.
  Әділі  —  осы.  Люксембург  герцогі  үшін 
өмірдің 
басты 
үраны 
— 
адалдық 
пен 
әділдік. 
Қарапайымдылығы  да  есте  қаларлықтай  екен.  Люксем­
бург  жерін  су  алып  кетіп,  тұрғындар  әбігерге  түсіп 
жатты.  Абыр-сабыр  болған  жұртпен  бірге  герцог  пен 
жүбайы  аяқтарына  резеңке  етік  киіп  алып,  кварталдарды 
аралап, 
ауруханаларға 
барып, 
гуманитарлық 
көмек 
ұйымдастырды, 
бір 
сөзбен 
айтқанда, 
қалыптасқан 
жағдайда 
мүмкін 
болатынньщ 
бәрін 
жасады. 
Бұл  —  қарауымдағы  Люксембургтің  әр  адамының  тағды- 
рына  жауапкермін  деген  жәдігер  көңілдің  шынайы 
көрінісі  еді.
Шаханов.
 
Кошедегі 
қайыршымен 
аман-саулық 
сүрасатын  қарапайымдылық,  елге  арналмаған  бір  күні 
үшін  қайғыратын  жауапкершілік  немесе  резеңке  етік 
киіп,  су  кешіп,  квартал  аралайтын  ізгілік  басқа  ел  бас- 
шыларына да жұғысты  болғай.
Айтпақшы,  Сіз  Люксембургтің  ең  жоғары  орденімен 
марапатталдыңыз  емес  пе?
Айтматов.
 
Иә. 
"Сіңірген  еңбегі  үшін  берілетін Үлкен 
крест"  (“Большой  крест  за  заслуги")  орденін  маған  Гран- 
дюктің  өзі  тапсырды.  Бұл  —  мен  үшін  үмытылмас  оқиға. 
Оқымыстылық,  мәдениет,  дүниені  философиялық  козбен

көре  білушілік  мұндай  елдерде  ел  басшыларына  сөзсіз
қаж ет қасиеттер  болып  саналады.
Шаханов.
  Мемлекет  тізгінін  ұстаған  ақылмандардың
кемеңгерлігі — ел бақыты.
Конфуций  —  біздің  дәуірімізге  дейінгі  551—479  жыл-
дары  өмір  сүрген  к,ытай  халқының  атақты  философы, 
ойшылы.  Оның  өсиеті  мен  ұлы  қағидаларынан  көне 
қьггайдың  көптеген  билеушісі  тәлім  алған.  Тіпті  ең  бір 
қаһарлы  императордың  өзі:  "Ел  басқару  ісшде  қателесе 
қалсақ,  ұлы  ұстазымыз  кешірмейді-ау",  —  деп,  Конфу- 
цийден  құрметтей  тұра,  қорыққан.  Конфуцийдщ  билік, 
мемлекет  басқару ісі туралы,  тіпті  он  сегіз  мың  ғаламның 
әрқайсысына  арнап  айтқан  ұлағатты  сөздері  бұл  күнде
әлемнің барша тіліне аударылған.
"Эр  адам  өз  ісін  адалдықпен  атқара  білсін.  Билеуші — 
елді  билесін,  жұмысшы — еңбек  етсін,  әке — әке,  бала — 
бала  орнында  болсын.  Тұрмыстың  осы  қарапайым 
қағидасы  бұзылса,  мемлекет  іштен  іриді.  Өмірдің  сиқы 
қашады,  сыйластық  жойылады.  Ел  ішін  алауыздық  пен 
өтірік,  өсек  жайлайды.  Үлкен  өрт  кішкене  ш ақпақ  тастан
ш ы ққан 
ұшқыннан басталады..."
Конфуцийдің  қағидаларын  Қытай  мемлекетінің  көсем-
дері әлі күнге  басшылыққа алып  отырады  екен.
Айтматов.
  Ж.алпы,  ел  билеу  бақытына  алуан  салалы 
қызметтің, 
саяси  қақтығыстардың  қайнауына  түсіп  ысы- 
лып,  сыналған,  ақылы  мен  парасаты,  кемеңгерлігі  мен 
кеңдігі  келіскен,  өзге  тұстастарынан  оқ  бойы  озы қ  тұлға
ғана  ие  болуы тиіс  қой.
Иә,  тақ  иесіне  айналып,  басына  төж  кигенге  дейінгі
тар  жол,  тайғақ  кешудің  қиямет-қайымы  екеумізден  гөрі,
билік  иелеріне  етене  таныс  шығар.  Осындай  ұлы  сынға
төтеп  берген  соң  да,  халқымыз  "Ханда  қы ры қ  адамның
ақылы бар” деп,  өспеттеп жатады.
Батыс  Еуропа  мен  көршілес  Ресей  империясының  та-
рихында  жиі  кезіккенімен,  түркі  тілдес  елдер  өмірінде
әйелден  шыққан  хан  мен  бек,  билеушілер  ж оққа  төн.
Қырғыздың  ақылы  мен  парасаты  келіскен  Құрманжан
датқасы  — арпа ішінде  бір  бидай  сияқты  жалғыздың өзі.
Құрманжан  күйеуі  Алымбек  датқамен  отыз  бес  жыл
отасып,  Абдылдабек,  Батырбек,  Мамытбек,  Асанбек,
Қамшыбек есімді бес  ұл,  екі қыз  сүйген.
Қоқандық  Құдияр  ханның  аярлығынан  қапияда  көз
жұмған  күйеуінің  орнына  елу екі  жастағы  К,ұрманжанды
алай  халқы  өзі  қалап,  датқа  ғып  сайлайды.  Қүрманжан
датқа  билік  басына  келген  кез  қырғыз  халқының  Ресей

империясы  отарлаушылары  мен  Қоқан  хандығының 
қыспағына  қатар  түсіп,  кіріптар  боп  тұрған  шағы  еді. 
Осы  екі  темір  қақпаннан  жуас  халқын  құтқарып  қалу 
үшін  арпалысқан  датқаның  ер  көңілділігі  мен  ке- 
меңгерлігін, 
сабырлы  да  саясаткерлігін  тіпті  қырғыздарға 
қарсы  зеңбірек  сүйретіп,  тау  бөктерлеп  соғысып  жүрген 
орыс  офицерлерінің  өзі  тамсана  жазысты.  Түркістан 
өңірін  жан-жақты  зерттеген  әскери-географ  Г.Н.Таубе 
1889  жылы  Қазан  қаласынан  "Алай  ханшасы"  (“Алайская 
царица")  деген  монографии да бастыртып  шығарған.
Құрманжанның  шебер  дипломатиясы 
арқасында 
Қоқан  хандығы,  Қашқария  мен  Бұхара  қырғызға  деген 
өшпенділігін тоқтатып,  ортақ мәмлеге  бас  иген.  Бір-біріне 
ежелден  қырғиқабақ  көрсетіп  келген  Бүхара  әмірі  Сайд 
Мұзаффар  болса  1864  жылы  оған өз  тарапынан  да датқа, 
тіпті  кей  құжатта айтылғандай,  генерал атағын  берген.
Тек  датқа  мен  империя  отаршыларының  арасындағы 
мәміле  ғана  бірде  тату,  бірде  қату  күйінде  қалады. 
Құрманжанның  қара  басын  хан  тұтып, 
сыйлаған 
Түркістан  генерал-губернаторы  фон  Гауфманмен  арадағы 
келісім  орыс  әскерімен  өмір  бойы  жауласып  өткен 
датқаның  ұлдары  Абдылдабек  пен  Қамшыбектерге  кел- 
генде,  аяқ  астынан  шиеленісіп  сала  берген.  Бос  мойын 
саясаттың  желі  бірде  оңынан,  бірде  солынан  ессе  де, 
қарамағындағы  халқын  жауға  да,  дауға  да  бермеген 
Құрманжанның 
мына 
бір 
ақылмандығы 
еріксіз 
таңдандырмай  қоймайды.  Патша  әскері  Мамытбек  пен 
немерелері  Мырзапаяз,  Арыстанбекті  Сібірге  каторгіге 
айдап,  кенже  ұлы  Қамшыбекті  Опгга  дарға  асады.  Датқа 
баласының  дар  тұзағына  ілінгенін  өз  көзімен  көріп 
тұрған.  Сол  сұмдық  көрініске  куә  болғандар:  "Егер 
Құрманжан;  бұрыннан  жауынгер  ел  емес  пе  едік,  бүл 
қорлыққа  төзгенше,  жаудың  қолында  өлейік  те.  Аттан, 
халқым!  —  десе  бітті,  барша  алайлық  қырғыздар  атқа 
қонары  көдік.  Сөйтіп,  баласын  да  аман  сақтап  қалу 
мүмкіндігі  туар  еді.  Бірақ  датқа  жеке  басының  қайғысы 
үшін  соңындағы  қалың  елді  құрбандыққа  қоса  шалғысы
келмеді" деседі.
Шаханов.
  Орыс  тарихында  Құрманжан  датқа  сынды 
қарамағындағы  халқын  көлеңкесімен  қорғаған,  ақыры 
өзі  берген  бостандығының  өзі  құрбандығына  айналған 
трагедиялы,  өрі  бұратана  халықтарға  тізесін  батырған, 
қайшылығы  көп тұлға  II Александр ағзам  болатын.
1855  жылы  Ресей  тағына  отырған  II  Александр  мешеу 
жатқан  алып  империяның  өміріне  ұлы  өзгерістер  алып

келді.  Алдымен  25 жылдық өскери  міндеттің  мерзімін  ше- 
геріп,  6  жылға  түсірді.  Әскерден  босаған  солдаттардың 
басын  қосып,  темір  жол  құрылысына  жұмылдырды.  За- 
уыт 
пен 
фабриктер 
көптеп 
бой 
көтерді.
Жұмыссыздардың  саны  азайып,  халықтың  әл-ауқаты 
артты.  Халық  училищелерінің  саны  20  мыңға,  әйел- 
қыздардың  оқу  орны  300-ге  жеткен.  Империяның  бар- 
лық  провинцияларын  қосып  есептегенде,  700-дің  үстінде 
газет пен  журнал үзбей ж ары қ көріп түрған.
Ол  билік  құрған  жылдары  Ресейде  50  миллион  бас 
бостандығынан  айырылған  кедей-кепшік  болған.  Поме- 
щиктердің  аяусыз  қанауына  түскен  олар  дембіл-дембіл
бас  көтереді. 
/
II  Александрдың  1861  жылы  19  ақпан  күні  крепост- 
нойлық  правоны  жою  туралы  жарлыққа  қол  қойып 
тұрып:  "Кедейлер  қашан  өзін  құлдықтан  азат  етеді  деп 
күтіп  жүрмей-ақ,  бас  бостандығын  өз  қолымызбен  бер- 
геніміз  абзал",  —  деген  сөзі  орыс  тарихында  өшпестей
боп  жазылып  қалды.
Осы  азаматтық  ерлігі  үшін  II  Александрды  Ресейдің 
күллі  жарлы-жақыбайы  "құтқарушы  әкеміз”  деп  ар-
дақтады. 
• 
=
Кейде  жасаған  жақсылығыңның  жаңғырығы  өзіңе
жамандық  боп  оралады  еМес  пе ?  1881  жылы * 1  наурыз
күні  "Халық  еркі"  ("Народная  воля")  партиясының  тер-
рористері  император  мінген  каретаға  бомба  лақтырып,
ауыр  жарақаттады.
Бұл  тегін  құлдан  айырылып  қалған  қанаушы  таптың 
оған  деген  бұрқ  ете  түскен  апгу-ызасының  көрінісі  бола- 
тын.  Сөйтіп,  қайыршылыққа  түскен  халқына  ж үрек  жы- 
луын  сыйлаған  II  Александр  ақыры  өз  қолымен  берген 
бостандығының алғашқы  құрбандығына айналды.
Айтматов.
 
Бірде 
жерлестеріммен 
кең 
отырып 
әңгімелескенім  бар.  Дастарқан үстінде  сөзден  сөз  шығып, 
арғы-бергі  дәуірде  өткен  патшалар  мен  ақылмандар  есімі 
аталып  жатты.  Ақыры  әңгіменің  бұрау  басы  Сталинге 
келіп  тірелді.  Сонда  көгентүп  қариялардың  бірі  сақалын 
саусағымен тараштап отырып,  әпсана айтқан.
Сталин  айналасындағы  жақын  жүрген  доста- 
рын  жинап  алып:  "Қарап  тұрсам,  сендер  елді 
басқарудың 
жөн-жосығына 
бастарың 
қатып
жүрген  сыңайларың  бар.  Ел  ұстаған  патша  — 
құдай  емес,  қүдайдан  былай  да  емес.  Қарапайым 
халық  алдыңда  құлдық  ұрып  тұруы  үшін  не  істеу

керек? 
Білмейді 
екенсіңдер, 
қазір 
сендерге 
үйретейін,  дереу  тауық  алып  келіңдер",  —  деп 
бұйырады.  Алып  келсе,  көсем  тауықтың  жүнін 
өлгілердің  көзінше  зар  қақтырып  жұла  бастайды. 
Бар жүнінен  айырылып,  қызыл шақа терісі  қалған 
тауықты  қоя  беріп:  "Қайда  барарын  қарап 
тұрыңдар",  —  дейді.  Тауық  мына  азаптан  қашып 
қүтылайын  деп,  күнге  шықса,  денесі  күйеді,  кө- 
леңкеге тығылса,  тоңады.  Амалы  құрыған  бейшара 
бүгежеңдеп  Сталиннің  екі  аяғының  ортасына  жа- 
сырынып, 
бас 
сауғалайды. 
Сонда 
көсем 
қалтасынан  алып,  жем  шашып,  өзі  әрі-бері  адым- 
дап  жүреді.  Тауығы  құрғыр  көсемнің  соңынан  екі 
елі  қалмай,  емпең  қағып,  еріпті  де  отырыпты. 
Ауыздары  аңқиып  қалған  достарына  Сталин  айт- 
ты  дейді:  “Көрдіңдер  ме,  халық  деген  осы  тауық 
сынды.  Ж үнін  жұлып  ал  да,  қоя  бер.  Сонда 
басқару оңайға түседі",  — деп.
Дастарқан  басындағы  ақсақалдар  ойдан  шығарылған 
бұл  өпсанаға  имандай  сеніп,  "атаңның  көрі,  неткен 
тапқьфлық"  десіп  тамсанысты.  "Өмірде  осыған  ұқсас 
тірліктер  аз  ба?  Қарашы,  Сталиннің  ақылдылығын.  Бас- 
басына  би  болғысы  келген  достарын  бір  ғана  мысалмен 
мыпггай етпеді ме?" деп,  бас  шайқасып жатты.
— 
Аңыз  болса да,  мұның  бәрі  —  ақиқат.  Басымыздан 
кештік,  —  деп,  екінші  қария  әңгіменің  отын  көседі.
—  Кешегі  өткен  өкелерімізді  азын-аулақ  малың  бар  деп, 
құлақ  атандырмады  ма?  Тұп-тура  жүні  жұлынған  та- 
уықтың  кебін  киді.  Әйтпесе  қанатымызды  қырқып, 
жүнімізді  талдап  жұлудың  не  қажеті  бар  еді?  Кеңес 
үкіметі  өзі  жер  бөліп  берді.  Бидай  егіңдер,  тойыныңдар, 
артығын 
қазынаға 
өткізіңдер 
десті. 
К,ырманға 
қызылымыз  толып,  алдымызға  мал  бітіп,  төріміз  кеңіп 
келе  жатқанда,  "ойбай,  құлақсың"  деп,  тағы  да  бір 
қырына  аунап,  бұлт  ете  түсті.  Кімнің  байлығын  басып, 
қонысын  тартып  алып  ек?  Тапсақ,  қара  жерге  маңдай 
терді  сеуіп  жүріп  тапқан  өз  нөпақамыз.  Тамақ  асырай- 
мыз 
деп 
жүріп, 
өзімізге 
өзіміз 
дұшпандық 
қылғанымызды  сонда  бір-ақ  білдік.  Обал  болар  демеді, 
абақтыға  салды,  Сібірге  айдады,  атылып  кеткен  жұрт 
қанша  ма?  Шаруасына  кім  орнықты,  бекем  болса,  сол 
алдымен  істі  атанды.  Ырысы  асқанды,  шөбі  көтерілгенді 
көре  алмайтын  қызыл  көз  қызғаншақтардың  күні  туды. 
Ел тағдьфы  солардың қолында еді.

Аттылар  атынан,  тондылар  тонынан  аиырылып,  жа- 
тарға  үйі,  жыртарға  жері  жоқ,  жайдақ  қалды.  Арада  екі 
жыл өтпей жатып,  өкелерімізді  "құлақ"  деп,  ұстап  берген 
қызыл  көз  қызғаншақтардың  өз  басы  даулы  болыи,  сот 
пен  отқа  қатар  түсті.  Аш  өзек  халық  басы  ауған  ж аққа 
қаңғырып,  босып  кетті.  Көбісі  жүні  жұлынған  тауықтың 
күніне 
зар 
болды. 
Ыстық 
пен 
суықтан 
қашып 
қорғалайтын  көлеңке де  ж оқ еді...
"Қызған 
гәпті 
қымыз 
шығарады" 
деген 
бар. 
Қариялардың  сөз  таласы  қазандай  қайнап,  қапелімде 
тізгін  тартар  емес.  К,аншама  қайғылы  оқиғалар  айтылды, 
небір 
зұлымдықтың 
беті 
ашылды. 
Ж ер-жерде 
"Құдайсыздар  комитеті"  ұйымдастырылып,  дін  түгелдей 
тәрк  етілді.  Тіпті  сол  дастарқанның  басында  кімді  кім 
түрмеге  отырғызып,  өліміне  себепші  болғанын,  кімдердің 
киізі  мен  кілемі,  самауырыны  кімдердің  қолында  кет- 
кеніне  дейін  жария  етілді.  Әлдеқашан  көз  жұмса  да, 
біреулер  арамзалығы  үшін  көрінде  жатып  қарғыс  естіді. 
Керісінше,  бақилық  боп  кетсе  де,  кейбір  басшылардың 
атына:
— 
М арқасқаның  өзі  еді!  Қалың  елді  өгіздей  өрге 
сүйреген  —= сол.  Маңдайымызға  сыймай  кетті  емес  пе?
— деген  марапат айтылды.
Жалпы,  елге  жасаған  шапағатың  да,  қиянатың  да  өз- 
іңмен  көрге  бірге  кетпейді  деген  ой  басыма  оныншы, 
бәлкім,  осындай  оқиғалардың  жетегінде  жиырмасыншы, 
тіпті елуінші рет қайта оралған  шығар.
Иә, 
кеңес 
дәуірінде 
біздің 
халқымыз 
пікір 
қайшылығына толы  қиын  кезеңді  бастан  кешті.  Адам  өмі- 
рінен  діннің  шегерілуі  қоғамды  елеулі  ұтылысқа  алып 
келеді  екен.  Бұған  керісінше  бір  мысал:
Мен  Люксембургте  болған  кезімде  маған  сол  кездегі 
Германияның  Президенті  Вайцзеккердің  канцеляриясы- 
нан: 
"Вайнгард 
Католик 
академиясы 
мәдениет 
қайраткерлерінің  үлкен  жиыны  болады.  Соған  Прези- 
дентіміз  Сізді  қадірлі  мейман  ретінде  шақырады.  Вай- 
цзеккер  мырза  көптен  бері  өзіңізбен  танысуға  ынтық" 
деп,  маған  екі-үш  рет  телефон  шалды.  Шақыруды  риза- 
шылықпен  қабыл  алып,  жолға  шықтым.  Ж иын,  әлгінде 
айтқанымдай,  Вайнбургтің  Католик  академиясында  өтті. 
Президенттің  өзі  лекция  оқып,  елдің  рухани  байлығын, 
мәдениет  пен  діннің  сабақтастығын  жан-жақты  баяндап 
берді.  Вайцзеккер  әлемдік  әдебиет,  мәдениетпен  жақсы 
таныс,  рухани  байлығы  мол,  білімдар  адам  екен.  Жалпы, 
өркениетті  Батыс  Еуропа  елдері  не  заманнан  бері  бір

арбаға  жегілген  қос  ат  сынды  мәдениет  пен  дінді  екі  жа- 
рып,  бір-бірінен  бөлек  қарамайды.  Бұлар  бір-бірімен 
шектес. 
Мен 
өзімнің 
түсінік-пайымдауымша, 
дін 
мәдениет 
үшін 
адам 
рухын 
жетілдіру 
жолдарын 
іздестіруде  оның  алдына  жарық  түсіріп  отыратын  ажы- 
рамас  прожектор деген  болар  едім.
Сол  күні  маған  ұлттық  рухтың  осы  екі  бөлігі  ажыра- 
мас  бірлікте  болу керек екен-ау деген  ой  келді.
Шаханов.
  Іргелі  елдің  мәдениетті  басшысы деген  осы. 
Осыған  қарама-қайшы  басымнан  кешкен  бір  оқиғаға 
тоқталайын.
Ол  кезде  жыл  сайын  өтіп  түратын  ұлы  Пушкиннің 
дәстүрлі  поэзия  күндері  алдымен  Псков  облысы  жерінде 
басталатын.  Атақты  Полянада  20—25  мың  адам  бас 
қосып,  жыр  тыңдап,  поэзия  тойы  дүбірлей  жөнелетін. 
Жалғасы  Мәскеуде  өтіп,  Одақтар  үйінің  Колонналы  за- 
лында  жыр  оқумен  аяқталатын.  Дүние  жүзінен  атақты 
ақындар  қатысып,  алма-кезек  сөз  алып,  оны  Орталық 
теледидар  күллі  Кеңес  Одағына таратып жатар  еді.
Бір  жылы  осы  поэзия  күндеріне  Орта  Азия  республи- 
калары  атынан  мен  қатыстым.  Өз  кезегім  келгенде, 
мінбеге  көтеріліп,  "Сөз  құдіреті"  деген  өлеңімді  оқыдым. 
Шабыттанып,  өлеңнің:
— 
Надо  остерегаться тех людей,
У которых нет  чувства  слова.
Они  опасны,  когда  становятся  руководителями,
Еще  опасней,  если  долго продержатся,
  —
деген  тусына  келгенде,  қолымды  төралқада  отырған 
Псков  облысының  сол  кездегі  бірінші  хатшысына  қарай 
сілтеп-сілтеп  жіберіппін.  Өлеңімді  жүртшылық  ұзақ  қол 
шапалақтаумен  қарсы  алды.  Елдің  ілтипатына  қайта- 
қайта  басымды  иіп,  төралқаның  екінші  қатарындағы  өз 
орныма  барып  отырдым.  Шамалы  уақыт  өткен  соң,  бір 
жігіт жаныма жетіп  келіп:
—  Сыртқа  шығып  кетіңізші,  —  дегені.  Өңінде  ызғар 
бар, тістене сөйлейді.
—  Сіз  қолыңызбен  не  себепті  бірінші  хатшыны 
нұсқадыңыз?  — десін әлгі сыртқа  шығысымен.
Не  бүлдіргенімді  сонда  бір-ақ  түсіндім.  Сәйкестікті 
қараңыз:  Псков  облысының  басшысы  осы  қызметінде 
ұзақ  жылдар  тапжылмай  отырып  қалған  екен.  Менің  өл- 
еңімді  оның  езі  де,  айналасындағылар  да  теріс  мағынада 
қабылдапты.

— 
Сізге  бұдан  былайғы  кездесулерде  сөз  берілмесія 
деп  шештік.  Ал  букіл  Одакда  берілетін  теледидар  хаба- 
рынан  сіздің әлгі өлеңіңіз  түгел алынып тасталады, — деді
басшының шабарманы.
Не  күлеріңді,  не  жыларынды  білмеген  сол сөтте  мына
бір әпсана есіме  оралып  еді:
Баяғы  бір  заманда  біздің  елімізді  басып  ал- 
маққа  ниет  еткен  бір  азулы  хан  әскерін  шекараға 
бөгеп,  "бізге  қарсы  тұрар  қандай  күші  бар  екен, 
барлап 
қайтыңдар" 
деп, 
екі-үш 
жансызын 
тыңшылыққа  жіберіпті.  Олар  қайтып  оралған  соң, 
хан  қасына  уәзірлерін,  әскербасын  шақырып, 
жансыздардың әңгімесін  тыңдапты.
—  Ел  кезіп  жүріп,  бір  үлкен  тойға  тап  болдық,
—  дейді  олар.  —  Тойға  сол  елдің  әмірпгісі  де 
қатысты.  Думаны  қызып  жатқан  ақбоз  үйге 
қолына  домбыра  ұстаған  15— 16-лар  шамасындағы 
бозбала  кіріп  келгенде,  төрде  отырған  әмірші  ығы- 
сып,  қасынан  орын  берді.  Оның  мына  қылығына 
таңғалып,  себебін сұрап едік:
— Бұл —  біздің ақынымыз,  — деді  масаттанып.
Әңгіменің  осы  тұсына  жеткенде,  әскербасы
лепіріп:
—  Ендеше,  мұндай  әңгүдік  әміршісі  бар  елді 
қалпақпен  ұрып  алмаймыз  ба?  ¥лы  хан  ием, 
әскерді  қозғауға  рұқсат  етіңіз,  — дейді.  Сонда  хан 
әскербасына ызғар  шаша қарап:
—  Ж оқ.  Әскерді  кері  бұрыңдар.  Өз  ұлтының 
ақындарын,  рухани  байлығын  мұншама  ардақ 
тұтып  сыйлаған,  жүйелі  мәдениетке  арқа  сүйеген 
елді жеңу жеңіс  боп есептелмейді! — деген  екен.
Айтматов.
  Иә,  адамзаттың  сорына  қарай,  рухани 
байлыққа  сүйенген  және  осы  ұлы  қаруды  көз  бояушы- 
лық  ретінде  емес,  шын  мәнінде  өзіне  ұстаз  тұтқан  бас- 
шылар  қай дәуірде де  саусақпен  санарлықтай  аз  болған.
Сталиннің  қанқұйлы  ж еке  басына  табынушылықтан 
зорға  құтылып,  партияның  XX  съезінен  кейін  біз  ер- 
кіндік лебін сезінгендей эсер  алдық.
Бірақ  жер-көкке  сыйғызбай,  орынсыз  мадақтай  ала 
жөнелетін  ерсі қылығымызды тастай  алмай-ақ қойдық.
Шаханов.
  Брежнев  осы  жеке  басқа  табынушы- 
лықтың  арқасында  ақыл-парасаты,  жұмыс  қабілеті төмен- 
деген  адамның да  қаптаған  қолпаштаулар  мен  жағымпаз-

дардың  көтермелеулерімен  данышпан  атануға  болатынын 
барынша  жақсы  дәлелдеп  кетті.  Сол  тұстағы  партия 
съездері  мен  Орталық  Комитет  пленумдары,  түрлі  жиын- 
дар  мен  мәжілістер  Бас  хатшыны  мадақтауға  толы  бола­
тын.  Ал  Брежнев  болса  қаншама  су  құйсаң  да,  бойына 
сол  сәтінде  сіңіріп  алатын,  бірақ  оған  мейірі  бір  қанып 
көрмеген  Қызылқұмның борпылдақ топырағындай  шөлір- 
кеп,  әлі  де  айта  түссе  екен  дегендей,  мінбеге  құлағын 
төсей,  елжіреп  отырар  еді.  Сөйтіп,  тарих  сахнасында 
ауқымы  жағынан  бұрын-соңды  кезікпеген  күлкілі  спек­
такль ойналып жатты.
Көрнекті  қазақ  ғалымы,  академик  Манаш  Қозыбаев 
өзінің  "Брежнев  және  Қазақстан"  атты  мақаласында  мы- 
надай  қызықты  фактіні  келтіреді.
Украин  КСР-іне  "Халықтар достығы"  ордені  тапсыры- 
лу 
құрметіне 
Киевте 
болған 
салтанатты 
жиында 
жұртшылық  Бас  хатшының  сөзіне  35  рет  қол  соққан 
екен.  Осыдан  іле-шала  Қазақстанда  тың  игерудің  20 
жылдығына  орай  (1974  жыл,  15  наурыз)  Брежневтің 
қатысуымен  үлкен  мереке  өтетін  болады.  Қазақстан  бұл 
салтанатқа  ерекше  дайындық  жасайды.  Қазақстан  Ком- 
партиясы  Орталық  Комитетінің  идеология  жөніндегі 
хатшысы  С.  Имашев  арнайы  мәжіліс  өткізіп,  Брежневке 
көрсетілер  құрметті  қайткен  күнде  де  украиндықтардан 
асырып  түсіруді  қатаң  тапсырады.  Арнайы  нұсқау  алған 
облыс  пен  қала,  аудан  басшылары  дереу  іске  кірісіп, 
нәтижесінде  Брежневтің  сөзіне  73  рет  "ду  қол  шапа- 
лақтауды"  ұйымдастырған.  Сөйтіп,  басшыға  жағымпаз- 
дану  жоспары  украиндық  ағайындармен  салыстырғанда, 
екі  есе  артығымен  орындалады.  Бейшара  Брежнев  өзінің 
"данышпандық"  сөзін  бұрын-сонды  құлақ  естіп,  көз  көр- 
меген  қүрметпен  қабылдаған  халыққа  қайта-қайта  толқи 
қарап,  кемсеңдей  берген  деседі  көргендер.  Мұны  Гиннес 
кітабына  жағымпаздықтан  жасалған  рекорд  ретінде  ен- 
гізуге өбден болатын  еді.
Айтматов.
  Осы  жылдары  ғой,  КСРО  Жоғарғы 
Кеңесінің  Төралқа  мүшесі  Расул  Ғамзатовтың  Мәскеуден 
үйіне:  "Сижу в  президиуме,  но  счастья  нет" деп  жеделхат 
жолдайтыны.
Шаханов.
  Әзілмен  айтылған  бір  ауыз  сөздің  өзінде 
қаншама  астар жатыр.
Брежнев  өзінің  қуаты  кеміп,  шау тартып  қалған  шал- 
дығын  жасырғысы  келді  ме,  сол  кезгі  Саяси  Бюро 
мүшелері  мен  мүшелікке  кандидаттары  өңшең  қаусаған 
қарттардан  тұратын.  1979  жылы  олардың  орта  жасы  70

жас  болатын.  Кейбіреулерінің  мінбеге  көтерілуі  мен  түсуі 
мұң  еді.  Осы  саяси  "модаға"  еліктеген  одақтас  республи- 
калар  басшыларының  дені  Орталықтың  шалдарының
аяғын  алып  жүрген  көрілер  болды.
Сол  тұста  қауіпке  айналып  бара  жатқан  осы  қаусаған
шалдар  проблемасы  жайында  аңызбен  тұспалдап  12—3 — ?
атты шағын  ғана поэма жазғанмын.
Айтматов.
  Егер ж атқа білсең,  түгел оқышы.
Шаха н о в.
Қырқасынан  қыран  үищан,  сен  ер жеткен  аймакдіы 
Ертеде  бір хан  билепті қайсар  әрі к,айратты. 
Қартайса  да,  шапқан  аттың қүлағында  ойнапты,
Қия  тартқан  мақсатьша  иек  артпай  қоймапты.
Өз  елінің  абыройын,
Қорғанысын,  ацыл-ойын 
Қайтсем  биік көтерем  деп  ойлапты.
Бір  болса  да,  бірегейлі,
Хандығына түбегейлі
Жаңа  өзгеріс  енгізуге  белін  мыкдіап  байлапты.
Бірак,  сорлы  жетіп  алмай тоқтамының парқына, 
Мынадай  бір  заң  иіығарып,  таратыпты  халқьша: 
"Кемел ақыл қарттық  шакдіа  ғана  деп,
Жастың  ісі  (негізінен)  шала  деп 
Есептелсін.
Шалальщтан  ел несібі  шашылар,
Сондьщтан  да  барльщ  билер,  к,азылар,
Барльщ  әскербасылар 
Ісін  мінсіз  апщарған
Сайлансын  тек ақ  сақалды  қарттардан!"
Жастьщ  шақтың мерейін  аттап  өтіп,
Таптап  өтіп,  төскё  өрлей,
Оның  үлы мүмкіндігін  ескермей,
Тек қарттьщтан  бастап  ел  әңгімесін,
Аезде  үмытты  жас к,ауым  тәрбиесін.
Сенімсіздік жүрт қолын  байлап  алды.
Алаулаған  жастық  от қайда  қалды?
Жиырма  беске келсе де,
Өз көжесін
Жылап  ішер жасьщтар пайда  болды.
Өзек болар  ел еді мың  дастанға,
Енді  бүгін  мүңына  мүң к,оск,ан  ба?
Ж а у дабылы  естілсе,  бой  көрсетті 
Қора  айналып  қаиіатын  жүнбастар  да.
Балғын  гүлдің  шаттығын  өмірсіз  ғып,

Қайдан 
ш ы к д іы  
бүл мимырт  көңілсіздік?
Танымастай  өзгертіп жіберді елді 
Жастық  шаққа  жасалған  сенімсіздік.
Ханды  тағы  сайтан  түртіп,  ойға  келді мынадай: 
"Хандығымның төрт  тағандап түруы  үшін  қүламай, 
Қимыл керек.  Кенде  емеспіз күиипен  де.
Тағдыр  біздің  даңқымызды  әлде келте пішкен  бе?
Жо-жоқ,  тоба!
Соғыс ашып  көрейін
Көрші жаіщан  өзімізден  үш-төрт  есе кіші елге, 
Сөйтіп,  иіыркду көтерейін  пәсең тартқан  көңілді". 
Соғыс  аиіып  көріп  еді,  тас-талқан  боп  жеңілді. 
Мүнан  асқан  корльщ  болмас,  расында,
Енді,  міне,  төрт  уәзірі қасында,
Қос жанары жылай-жылай  суалып,
Селеу шаиіы  ызғар  соққан  боз жусандай  қуарып, 
Жолдас  болған тәтті  арманы  балғын  бала  кезінен 
Бір-ақ күнде  бал-бүл  үшып  көзінен,
Өз кінәсын  өзі акдіап  ала  алмай,
Теке
 сақал 
уәзірлерін  атарға  оқ таба  алмай, 
Түтқында  отыр хан  сорлы,
Сел-таск^зінда  қалт-қүлт  етіп,  әрең түрған  аралдай. 
"Күндер қайда  салиқалы,  сымбатты,
Соққы 
болды-ау,  соққы  болды-ау бүл қатты".
Осы  сәпипе жеңген  елдің  ак, сақалды  әкімі 
Ханға  қарап  тіл қатты:
-Д а р а   шауып кетіп  едің сен  мүлде,
Қалай,  иіалым,  ақылыңа  келдің  бе?
Жүмбак, айтам.
Егер тапсаң,  азатсың,
Таба  алмасаң,  өлдім  де!
Таба  алмасаң,  қанатыңнан  сынғаның,
Тырысып  көр,  ақылыңда  күш  болса?
Мынау ғана менің  саған жүмбағым:
НЕ  ҚАЛАДЫ   О Н   ЕКІДЕН  ҮШТІ АЛСА?
Үміш,  ойсыз  отырған  шал қуарып,
Білегінен  алынғандай  бүғалъщ:
— 
Онда тоғыз қалады ғой,  -  деп  күлді,
Бәйбішесі үл таіщандай қуанып.
— 
Тапқырлык, пен  ақыл-ой 
Сынға  түскен  үрыста
Жолың  сенің тағы  тартты  бүрысқа.
— 
Таба  алмадың,
  -  
деді әмірші мысқылмен,
  -  
Мойыныңды  даярлай  бер қылыіиқа.
Бір жас жігіт  алға  иіьщты:

— 
Сіздіңше,  ең  ауыр жаза  өлу ме?
Ауыр жаза  —тірі қалып,  өзінің 
Тауысып  бар төзімін,
Қателігін  өз  көзімен  көруде.
Ж әне  оны  түзетуге
Қолда  билік жоқтығына  көнуде.
Үлы  әміршім,  ойланыңыз  әлі де,
Ерте,  кеш  пе,  өлім  жүрттың  бәріне 
Ашары  хақ  есігін...
Өтінемін,  етіңіз  бір  кешірім.
Ханымыздың қасық қанын  қисаңыз,
Мен  айтар  ем  бүл жүмбакдіың  шешімін?!
— 
Ал айта  ғой,  - д е д і әмірші,  — талабыңды  шектемен,
Балаусаға  тас  атқанды  жек көрем.
Бердім,  үлым,  тілегіңді,
төлеуін
Қайтара  алсаң  кеудеңдегі  отпенен?!
— 
Иә,  иә,  балаусаға  тас  атқан  жан  оңбайды,  -  
Деді жігіт,  -  жүмбағыңыз  күрделі-ақ,
Әйтсе  де  оны  жүмбақ  деуге  болмайды.
Заңдыльщ  -о л .  Заңды  білмеу -  зор қайғы.
Егер,  егер  он  екіден  үшті  алсақ,
Ештеңе  де қалмайды.
Айлар  -жылдың  үланы.
Біздің  әрбір жылымыз 
Он  екі  айдан  түрады.
Он  екі  айда  үш  ай  көктем  бар  екені  белгілі.
Көктем  деген
  -  
табиғаттың  таңғажайып  ерлігі.
Ол  ерліктің  даңқын  ешкім  қаға  алмайды  шеткері,
Ал  жастық  шақ  -  адамзаттың көктемі.
Міне,  осы  көктем  нәрлі  болмаса,
Әр  тіршілік  өз  қорегін  қажетшше  алмаса, 
Айырылмай  ма  бар мағына-көріктен?
Онда  шырын  үмітіңнен  қараңды
  уз.
Көктемеде  гүлдемесе  алмалар мен  өріктер,
Қалған  анау тоғыз  айда
Қандай  жеміс күте  аламыз  одан  біз?
Қанша  налып,  жегеніңмен  пүшайман,
Бүғаң  қарсы  табу қиын  күш,  айла.
Қараңызшы,  тоғыз  айдың  тағдыры 
Байлаулы  түр  үш  айға.
Оған  тіпті жүрмек емес  басқа  заң.
Мүны  және жүмбак,  санау
  -  
зор қайғы.
Сондықтан  да  он  екіден  ешк,ашан 
Үшті  алуға  болмайды.

Алған  адам  мына  біздің  ханымыздай  сорлайды!
"Кім  өзі  бүл,  ойы
  -қылыш, 
сөзі  -мір?"
Хан түгесіп  алардай  бар төзімін
Қарап  еді,  қарап  еді,  о ғажап,
Атқосшысын  тани  кетті өзінің.
Еске түсіп  қайдағы  мен жайдағы,
Хан  күрсіне  бас  бармағын  шайнады.
"Бітті,  бітті,  мен  өлікпін,  өлікпін...
Қол  бастайтын  жігіттерді қорада  үстап  келіппін.
Сорлаттын-ау,  қанаттыға  болыппьш-ау тар мекен,
Әттең-әттең,  қорлаппын-ау жігіттерді нарға  тең..."
Р.5.  Тым  кеш  келген  игілікті ойлардың
Қайғысынан  артык,  азап  бар ма  екен?!
Айтматов.
  Есімде.  Жылымық  кезеңнің  ащы  шын- 
дығын  әдемі  аңызбен  бүркемелеп  айтқан  бұл  поэмаңды 
орыс  тіліне  Евгений  Евтушенко  аударған  ж оқ  па  еді?  Ал 
мен  алғысөз  жазып,  "Смена"  журналына  үсынғанмын. 
Олар  аңыздың  түп-төркінінде  қандай  салмақ  жатқанын
сезсе керек,  басуға жасқанды.
Шаханов.
  Араға  екі-үш  жыл  түскен  соң,  Ташкентте, 
Азия 
—  Африка  жазушыларының  конференциясында 
кездескен  (сол  тұстағы  ең  көп  таралатын  басылымның 
бірі)  "Огонек"  журналының  бас  редакторы  Анатолий
Сафронов:
— 
Бір  шығармаңды  маған  бер,  журналыма  жария- 
лайын,  —  деп  қолқалаған  соң,  бағы  жанбай  жүрген  сол 
"12-3 = ?"-ті  қолына ұстата салғанмын.
Кейіннен  поэманы  баса  алмайтынына  кешірім  сұрап, 
бүзаудың тіліндей  көлемде хат жазып жіберіпті.
Алматыда  бұрқ  ете  түскен  1986  жылғы  Желтоқсан 
оқиғасынан  соң  іле-шала  Евгений  Евтушенконың  өтініші 
бойынша  мені  КОКП  Орталық  Комитеті  мәдениет  бөлімі- 
нің меңгерушісі  Юрий  Воронов  қабылдады.  Сонда екеуара 
әңгіме  үстінде  "12—3  =  ?"  -ті  КОКП  Саяси  Бюросының 
мүшесі,  КОКП  Орталық  Комитетінің  хатшысы  Сусловтың 
тапсырмасымен  оқығанын,  тіпті  сол  тұста  бұл  поэманың 
Орталық  Комитеттің жауапты  жас  қызметкерлері  арасын- 
да  өжептеуір  әжуа  тудырғанын  және  өзінің  менің 
есімімнің  қара  тізімге  ілініп  кетпеуіне  белгілі  деңгейде 
мұрындық  болғанын  айтып  күлді.  Поэманың  жариялан- 
бағанына не себеп  болғанын сонда ғана түсіндім...
Ал  Горбачев  тоталитарлық  жүйенің  ең  бір  шиыршық 
атқан  тұсында  билік  басындағы  қаусаған  шалдардың

арасына  жастық  жігерімен  кіріп,  қаита  құру  мен  демо- 
кратияны  өмірімізге  енгізді.  Ж етпіс  жылдан  астам  уақыт 
шектеулі  бір  ұғым,  бір  түсінікпен  жүріп  келген  елге  сөз, 
ой  бостандығы  мен  даму  еркіндігін  беру,  шын  мәнінде,
айтулы да  батыл іс  еді... 
1
Михаил 
Сергеевичпен 
Сіз 
өте 
жақсы 
қарым- 
қатынаста  болдыңыз.  Ол  осы  өз  басы  үшін  қауіпті 
қадамға  біле  тұра,  тәуекел  етті  ме,  әлде  қоғамның  өзгер-
ісі  мен дамуы  еріксіз  мәжбүр  қылды  ма? 

Айтматов.
  Дұрыс  айтасың,  сол  тұста  Горбачев,  қай 
қырынан 
алып 
қарасақ 
та, 
жаңалығы 
мен 
ішкі 
қайшылығы  тең  түскен  саяси  қайраткер  болды.  Өзіне 
дейінгі  көсемдер  жүріп  өткен  соқпақпен  кете  берсе,  елді 
басқара берер  ме  еді,  кім  білсін.  Ж оқ,  ол оны  қаламады.
Елімізде  демократиялық  қозғалыстың  қарқын  алып 
тұрған  түсы.  Кремльдегі  бір  жиын  алдында  Горбачевпен
кездесіп  қалдым.
—  Ж үріңіз,  асықпай  әңгімелесейік,  —  деп,  ол  каби-
нетіне  бастап  келді.
—  Орта  Азия  мен  Қазақстанның  қазіргі  жағдайы
Сізге  етене  таныс.  Саяси,  мәдени  ахуалы,  экономикасы 
жөнінде  нендей  ойыңыз  бар? — деп,  сауал тастады.
Өз  білген-түйгенімді  алға  жайдым...  Оңаша  отырып,
көп  сөйлестік.
— Мен  Сізге  билік  жайында  бір  аңыз  айтып  берейін.
Мені  дұрыс  түсінерсіз  деп  ойлаймын,  — дедім.  Ол  үнсіз 
бас  изеді.
— 
Бір  елді  заманында  аты  әйгілі  император 
билеген  екен.  Оған  алыстан  ат  арытып  келген  бір 
жолаушы  мынадай  әңгіме  айтады:  "Тақсыр,  сіз 
билік  басына  келерде, 
қарамағыңыздағы 
ел- 
ж ұртқа  толық  еркіндік  беруге  уәде  еттіңіз.  Бірақ 
еркіндік  берген  соң,  сіз  халықтан  жақсылық  көрем 
деп  ойламаңыз.  Жағаңызға  жармасады,  билігіңізге 
қауіп  төндіреді.  Ақыры  өзіңізді  тақтан  жығып  ты- 
нады.  Сондықтан  әлі  де  кеш  емес.  Ойланыңыз.  Ал- 
дыңызда  екі  жол  айрығы  тұр.  Иә,  елге  бостандық 
беріңіз  немесе  билігіңізді  уысыңыздан  шығармай,
ұстап қалыңыз.
Қалыптасқан  тәртіп  бойынша,  ұлы  ағзамның 
ісіне  араласып,  шаруасына  күмән  келтіру  — 
күпірлік.  Ондай  адамның  басы  алынуы  да  мүмкін. 
Мұны  білетін  императордың  жасауылдары  иесі 
ым  қақса  бітті,  әлгі  бейшараның  басын  шауып 
тастауға әзір тұрады.

— 
Бұл  адамға  менің  атымнан  сыйлық 
беріңдер.  Өз  жолымен  кетсін,  —  депті  ұзақ  ойла- 
нып  қалған  император.
Менің  айтқан  аңызымды  Горбачев  үнсіз  тыңдады.  Не 
үшін  әңгіме  қозғап  отырғанымды  түсініп,  тіпті  өңі 
қуарып кетті.
—  Шыңғыс  Төреқұлович,  мен  енді  өз  бағытымнан 
таймаймын.  Кері  қайтарар  күш  жоқ.  Ел-жұртқа  бостан- 
дық  алып  беремін  деп,  уәде  еткен  екенмін,  аяғына  дейін 
шыдаймын.  Осы  жолда  биліктен  айырыламын  ба,  әлде 
басым  кете  ме,  бөріне де тәуекел еттім, — деді.
— Ендеше,  осы  таңдаған  жолыңыз  құт  болсын!  — деп 
жылы қопггастым.
Аузыма құдай  салған екен.
1991  жылы  Мәскеуде  бұрқ ете  түскен  саяси дүрбелең 
Ельциннің  басқаруымен  басылып  тасталған  кезде,  Па- 
рижде  шығатын  "Париматч"  деген  газеттен  маған  теле­
фон  шалып:  "Сіз  Горбачевпен  жақын,  пікірлес  адамсыз. 
Қазір  ол  тарих  сахнасынан  кетіп  бара  жатыр.  Осы 
жайында  не  айтар  едіңіз?”  —  деген.  Мен  сонда  Горба- 
чевқа  айтқан  әлгі  аңызымды  қайталап  бергенмін.  Іле- 
шала газетте жарияланды.
1989  жылы  Горбачевпен  бірге,  делегация  құрамында 
Қытайға  барған  сапарымнан  үлкен  әсермен  оралдым. 
Сапардың  негізгі  мақсаты  —  көршілес  жатқан  екі  алып 
мемлекеттің арасындағы  ұзақ жылдарға  созылған  салқын 
қабақ  қарым-қатынасты  реттеу.  Мүмкіндігінше  эконо- 
микалық,  сауда-саттық  байланысын  өрістету  жайы  еді. 
Кеңес  Одағында  Горбачев  бастаған  қайта  құру  мен  де- 
мократияның  дәуірлеп 
түрған 
шағы. 
Дүние 
жүзі 
елеңдесіп,  көз  тігіп  отырған  кез.  Адалын  айтсақ,  біздің 
елдегі  өзгеріс  пен  ояну  өлемдегі  мемлекеттердің  қай- 
қайсысына  болмасын  сол  тұста  өсерін  тигізбей  қойған 
жоқ.  Күні  бүгінге  дейін  Еуропа  елдері  "Горбачев”, 
"перестройка" десең,  ілтипатын  аяп  қалмайды.
Бұл  біздің  ел  үпгін  жаңа  тарих,  жаңа  заманның  баста- 
лысы  еді.  Мұның  аяғы  қайда  барып  тіреледі деген 
көңілде 
түйткіл  де  ж оқ  емес-ті.  Демократия,  алдымен,  там-тұмдап 
жұрттың  санасында  қозғалысқа  түсті.  Кейін  ұшқыннан 
жалын  лаулады.  Ол  —  өз 
алдына 
бөлек  әңгіме.  Біздің 
Қытайға  сапарымыз  Пекиндегі  жастар  мен  студенттердің 
толқуына 
тұспа-тұс 
келді. 
Тянь-Аньмынь 
алаңына 
мыңдаған  кісі  жиналып,  үкіметіне  өз  талап-тілектерін 
қойып,  күндіз-түні  толқу  бір  басылмай,  жалындап  тұрған

сәт  екен.  Қытайға  Горбачевтың  келгенін  есгіген  ше-
рушілер үсті-үстіне көбейіп, тш п өршіп сала берді.
ачев  біздің  арамызға  келіп,  сөз  сөйлеп  берсін.
Қалың  елді  демократияның  жай-күйімен  қанықтырсын.
Тағатсыз  күтудеміз,  —  деп,  осы  жолға  бас  тіккендер
ашық  талап  қойды.  Олардың  өтінішін  радио,  теледидар
елге  күндіз-түні  жағы  сөмбестен  хабарлап  жатты.
Қытайдағы  шетелдің  елшіліктері  енді  не  болып  кетер
екен,  Горбачев  ереуілшілердің  шақырғанына  бара  ма,
ж оқ  па?  —  деп,  елеңдесіп  отырды.  Осындай  тығырыққа
тірелген  шақта  Горбачев  қатты  қиналды.  Не  істеу керек?
Бір  толқыған  сәтте:  —  Орталарына  барсам,  қайта
құрудың  мән-жайын  айтып,  жастардың  қозғалысын  жан-
дандырып  жіберсем,  —  деп  те  ой  түйді.  Жанындағы
кеңесшілері: 
'  1  '  !  * '•
—  Сіз 
Қытай 
үкіметінің 
шақыруымен 
келген
қонақсыз.  Негізгі  мақсатыңыз  —  үкімет  басшыларымен 
ауызбірлікте  болып,  түрлі  келісім-шарт  түзу.  Ш атақ
шығарып  жатқандарға  барсаңыз,  осы  игі  істің  бәрі
бүлінеді.  Өзге  блдің  ішкі  саясатына  араласуға  қандаи 
хақыңыз  бар?  — десіп,  сабырға шақырады.
Десе  де,  өзі  бастаушысына  айналған  идеяның  өрісте- 
уіне  өзі  дөм  бере  алмай,  бұғып  қалғандай  көрініп,  жаны 
қысылған  Горбачев әрқайсымызбен жеке-жеке  кеңесті. 
Ақыры  Тянь-Аньмынь  алаңындағы  жастарға  Горба-
чевтың  қолдау көрсеткен ашық хаты  жолданды.
Бір  қы зы қ  жері,  біздің  делегацияны  қабылдап, 
қонақасы  берген  үкімет  үйінің  терезелерінен  Тянь- 
Аньмыньде  жиналған  көтерілісшілердің қара  құрым  тобы 
көрініп  тұрды.  Қатар-қатар  ғып  шатыр  тігіп  алып,  тап- 
жылжыр  түрлері  жоқ.  Бір  мақсат  жолында  біріккен 
қытай  жастары  үсті-үстіне  ағылып  келіп  жатты.  Арала- 
рынан  машинамен  өту  мүмкін  емес,  жолдың  бәрі  жан-
жақтан  қоршалып тасталған.
Кереғарлықты  қараңыз,  іпгге  Горбачев  отыр,  ал 
қабырға сыртында  соның  идеясымен  қанаттанған  жастар 
дүрбелең  салып  жатыр.  Бірақ  бір-бірімен  беттесіп,  бір 
ауыз  сөз  айтуға  мүмкіндіктері  жоқ.  К,ол-аяғыңды  еріксіз
байлаған  саясаттың шырмауы деген  осы.
Біздің  делегация  елге  жүріп  кеткен  соң,  екі-үш 
күннен  кейін  Қытайда  қан  төгіс  басталды.  Ж үздеген 
жастың  қақтығыс  кезінде  құрбан  болып  кеткенін  өлем
жұртшылығы  жақсы  біледі.
Шаханов.
  Менің  ойымша,  Горбачев  билікке  демокра- 
тиялы қ  мінезбен  келді.  Дұрыс  делік.  Екінші  жағынан,

тоталитарлық 
ж үие 
қалыптастырған  диктаторлықтан  да 
ажырағысы 
ж оқ. 
Яғни  екі  қошқардың  басын  бір  қазанға 
салып  қайнатқысы  кеп, 
көп 
өрекеттенді.  Қай  елдің  тари- 
хына  көз  жүгіртсеңіз  де,  бұлай  істеу  мүмкін  емес  еді.  Иә, 
демократ  болып  қал  да, 
ди
ктаторлықты  өлтір.  Немесе, 
керісінше  істе.  Горбачевтың  түбіне  жеткен  осы  екеуінің 
бірін өлімге  қимаған  солқылдақтығы деп  білемін.
Айтматов.
  Рас,  сенің  маған  қарағанда  Горбачевке 
деген 
көзқарасың  қаталдау. 
Ол  кезде  Желтоқсан 
оқиғасы  бір  жақты  бағаланып,  "қазақ  үлтшылдығы"  де­
ген  айыптың  мызғымай тұрған  шағы.  Сенің съезде  сөйле- 
ген  сөзің  Кремльдің  қабырғасында  тұп-тура  бомба  жа- 
рылғандай  эсер  етті  емес  пе?  Сені  сол  кезде  бір  пөлеге 
ұрынып  қала ма деп,  қауіптеніп  жүргенім де  рас.
Шаханов.
  Иө,  Горбачевтың  басынан  да  билік  дөурені 
өтті.  Желтоқсан  оқиғасы  әлем  тарихынан  өзінің  ха- 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет