Ф ♦Рауан* Алматы 1997 Редакторы Үлықман Әбілдаұлы Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шах а нов



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата21.02.2017
өлшемі22,66 Mb.
#4638
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

-  Шапағатқа  суарылған  сүйегі,
Дос  сезімде қасиет  бар киелі.
Киеліге қол көтерген  жолығады  бөгетке,
Сауап  бопты  ойсыз,  арсыз  төбетке,  -
депті  үлы  адам  бойын  дүлей  ыза  буып,  қасарып,
Досын  аңсап,  жанарына  жас  алып...
II
Тіршіліктің  иірімі неге мүнша көп  еді,
Арың  өлсе,  тәнің қатар  өледі?!
Бір қасиет  бар  әлемде  қаққан жүмбақ  қанатын, 
Артьщ кетсең,  қатал қолмен тәубаңды  еске салатын 
Әрбір  оғаш  қылығыңды  үмытпаған,  кешпеген,
Ол  -т абиғат   заңдылығы  ғьілым  әлі  шешпеген.
Сәл көңіліме желік  енсе,  қасиетті  со
а
  заңға 
Қайшы  келіп  қалам  ба  деп  сескенем.
I I
Айтматов.  Иә,  адамның  әр  іс-қимылы  түгілі,  тіпті 
жақсы,  жаман  ниеті,  ойының  да  жаңғырығы  болмай 
қоймайды.  Өмірдің  осы  құпиясы  адамдардың  негізгі 
түйсігінен  әлдеқайда  тереңде  жатқанын  түсіндіруге
бағытталған  ойлы  шығарма  екен.
Шаханов.  Шіке,  заманымыздың  ұлы  сазгері  Дмитрий 
Шостакович  қайтыс  болғанда,  "Музыкальная  жизнь 
журналына  "Суреткер  бейнесін  еске  алып"  атты  ес- 
телігіңіз  жарияланды.  Осы  шағын  ғана  естеліктің  өзінен 
бір-біріңізді  соншама  терең  түсініп,  достасып  өткеніңіз
айқын  сезіледі. 
.  ' 

~
Айтматов.  Оның  бір  симфониясы  жаймен  ғана:
"Дми-т-рий  Шос-та-ков-ич"  дегі  басталатын.  Сол  әуенді
анда-санда  ести  қалсам,  үлы  сазгермен  жүздескен,  сыр-
ласқан  шақтар  еске түседі...
Алғаш  рет  Шостаковичпен  Мәскеуде  Лениндік  және 
КСРО  Мемлекеттік  сыйлықтары  жөніндегі  комитет  ғима-
ратында  кездестім.
Кең  дәліздің  бойымен  Твардовский  екеуі  жаймен  ба-
сып,  әңгімелесіп  келеді  екен.  Александр  Трифонович  мені 
көре  сала:
-  
Дмитрий  Дмитриевич,  танысып  қойыңыз,  біз  айтып 
келе  жатқан  -   Айтматов  деген  жігіт  осы,  -   деді.  Шоста­
кович  бетіме  жалт  қарап,  аса  бір  мейірімділікпен  жы-

миып,  үсынған  қолымды  аялаи  қысты.  Содан  бастап  ко­
митет  мөжілістеріне  жүп  жазбай  қатысып  жүрдік.  Шос­
такович  ылғи  да  сөз  алғанда,  саясаттың  сойылын  соққаы 
шығармаларды  шетке  қағыңқырап,  көркемдік  қуаты  ба- 
сым 
туындыларды 
қорғаштап 
сөйлейтін. 
Пікіріміз 
үйлесіп,  көзқарасымыз  табысып  жатты.
Бір  жолы  әңгімеміз  Шекспирге  ойысты.
-   Арамызда  Гамлеттер  мен  король  Лирлер  барда, 
Шекспир  мәңгілік,  -   деп,  Шостакович  сөз  төркінін 
бүгінгі  күннің  адамгершілік  проблемаларына  карай 
бұра  берді.
Кенет сазгерге:
-   Жаңа  Шекспирдің  дүниеге  келетініне  Сіз  сенімдісіз 
бе?— деп  сауал тастадым.
-   Шекспир  болмағанмен,  сол  деңгейлес  баска  бір  да- 
нышпанның өмірге  келуі  анық.
-  Менің бүған  күмөным  бар.
-  Ендеше,  мен  сенемін,  -  деп,  сазгер  өз  пікірін  табан- 
ды  қорғады.  -   Жаңа  Шекспирдің  өмірге  келуіне  қазіргі 
заманда  мүмкіндік  өте  көп.  Өйткені  адамзат  баласы  еш 
ғасырда  тап  осындай  жан-жақты  рухта  дамып  көрген 
емес.  Ерте  ме,  кеш  пе,  ұлы  дарын  пайда  болады  да, 
алемді  өнер  құдіретіне  қайтадан  бас  игізеді.
Мен  бұл сөздерге  еріксіз  мойынсүндым.
-  Шыңғыс,  -  деді  ол  маған  сол  жолы,  -  өзіңе деген  екі 
өтінішім  бар.  Біріншісі  — кейіпкерлеріңнің  дүниеге  деген 
философиялық  көзқарасын  шамаң  келгенше  тереңдете 
түс,  екіншісі  -   санаулы  ғұмырыңның  әр  минутын  есепке 
ал.  Қоғамдық  жұмысқа  көп  уақытыңды  ысырап  етіп 
жүрсің.  Бүл  мағынада  алғанда,  менің  өзім  де  сорлап 
жүргенімді  білесің ғой...
Классиктің 
ағалық 
ақылын 
тірліктің 
алуан 
толқындарымен  жағаласып  жүріп,  орындай  алдым  ба, 
жоқ  па,  өмірдің өзі  көрсете  жатар...
Шаханов.  Дүниені  әуенмен  әлдилеп  өткен  Дмитрий 
Дмитриевичпен  алғаш  қалай  танысқанын  Евгений  Евту­
шенко  былай әңгімелейді:
"1963  жылы  көктемде  біздің  үйге  телефон  шалған 
музыкант’ әйеліме:  -   Мазалағаныма  кеішріңіз,  біз  сізбен 
таныс  емес  шығармыз,  мен  Шостакович  едім...  Евгений 
Александрович  үйде  ме  екен?  -   депті  баяу  сейлейтін
дағдысымен.
-  Үйде.  Жұмыс  үстінде,  қазір  шақырайын.
-   О 
не  дегеніңіз ?!  Шығармашы  адамның  ойын  бөлме- 
йік.  Мен  ол  кісіге  ыңғайлы  кез  келген  уақытта  қоңырау

шала  аламын,  1   деп  бэйек  боп  жатқанда,  телефон 
құлағын  қолыма  алдым,  сондағы  аитулы  тұлғаның  менің 
бір  өлеңіме  музыка  жазғысы  келетіні,  соған  рұқсат 
сұрағаны  және  толқи  шыққан  даусы  ғұмыр  бақи
құлағымда  қалды.
Осы  кішкентай  ғана  көрініс  ұлы  музыканттың  асқақ
адамгершілігі  мен  кішіктігінің  куәсындай  еді.
Қазірде  екі  өлеңнің  басын  құраса,  есігіңе  маза  бер- 
мей,  жұмыс  істеп  отырсың  ба,  демалып  жатырсың  ба, 
қаперіне  алмай,  өрекпіп,  "пікіріңізді  айтыңыз  ,  сәт  сапар 
тілеңізші"  деп,  тасыраңдайтын  кейбір  бейбастық  жастар- 
ды  көргенде,  ұяла  жымиып  тұратын  Шостаковичтің
кіршіксіз  бейнесі  көз  алдыма  келеді  .
Айтматов.  Бірдө  Шостакович  мөні  Горький  көшәсін-
дегі  пәтеріне  қонаққа  шақырған.  Отырысқа  көрнекті 
сазгер  Қара  Қараев  та  қатысты.  Кең  залдың  төрінде  төрт 
музыкант  үй  иесінің  он  төртінші  квартетін  орындап  жат- 
ты.  Әншейінде  жүзінен  нұры  төгіліп  тұратын  Дмитрий 
Дмитриевич  бұл  жолы  қатуланып,  тас-түйін  боп  бекіп 
алған  екен.  Жанында  отырған  маған  ләм  деп  тіс  жарған 
жоқ.  Әлсін-әлсін  кейістікпен  бас  шайқайды.  Қараев  бол- 
са  екі  көзі  шоқтай  жанып,  ойналып  жатқан  музыкаға 
соншама  тебіреніп,  толқып  отыр.  Музыканың  мазмұнын 
сүрап  ем,  ашып  айту  қиын,  тек  сезіну  қажет  деп,  тіл
қатты.
Шығарма  бітісімен,  К,ара  К,араев:  “¥лы  туынды!  Нет- 
кен  ғажап  та  сарқылмас  сезім!"  -  деп  Дмитрий  Дмитрие- 
вичті 
шын 
көңілден 
құттықтады. 
Әсерленгені, 
таңданғаны  сондай,  жанып  кетудің  аз-ақ  алдында тұр.
Сазгер  бұл  құттықтауға  жай  инабат  үшін  бас  изей 
салды.  Сол  суық  қалпы:  “Орындау  әлі  өз  биігіне  жеткен 
жоқ.  Көп  жерін  үстірт,  тек  қана  желдіртіп  өттіңдер",  -  
деп,  музыканттарға  қатты-қатты  ескерту жасай  бастады.
Қараев  қарадай  қысылып,  сазгердің  кейбір  ашулы 
шыққан  сәздерін  жұмсартып,  музыканттардың  көңілін
демеп  жатты.
Ақыры  квартетті тыңдауға  қайтадан  отырдық. 
"Қарапайым  өмірде  инабатты  да  ұялшақ  Шостакович 
шығармашылыққа  келгенде  өзіне  де,  өзгеге  де  қандай 
қатал",  -  деп,  іштей  таңданумен  болдым.
Ұлы  адам  қасындағылардан  да  ұлылық  қасиет  көргісі
кеп  ұмтылады  екен-ау...
Сол  жылы  көктемге  салым  сазгердің  жұбайы  Ирина 
Антоновна  үйге  телефон  шалып,  Дмитрий  Дмитриевичтің 
сырқаты  асқынып  кеткенін,  қырғыз  тауларында  өсетін

"Ыстықкөл  тамыры"  деген  дәрілік  шөпті  тауып  беруге 
көмектесуімді  өтінді.  Таластағы  достарым  мен  туыстары- 
ма  дереу  тау  кезіп,  шипа  тамыр  іздевдер  деп,  хабар  сал- 
дым.  Олар  араға  бір  жұма  өтпей-ақ,  дәрі  тамырды 
қолыма тигізді.  Мен  оны  сол күні  Мәскеуге  жөнелттім.
Араға  біраз  уақыт  салып,  біз  Шостаковичтің  сая- 
жайында  өте  көңілді  түрде  бас  қостық.  Сазгердің  екі 
қабатты  саяжайында  құрылымы  өте  қызық  шағын  лифт 
бар  болатын.  Менің  кіші  ұлым  Асқарды  сазгер  өз 
қолымен  жетелеп  апарып,  лифтінің  тетіктерімен  таныс- 
тырып,  жоғары-төмен  көтеріліп  ойнады.  Айналамызда 
балалардың  көңілді  күлкісі,  үлкендердің  жарасты  әзіл- 
қалжыңы,  несін  айтасың,  бір  тамаша  кеш  еді  және 
мұның  үлы  суреткермен  бірге  өткізген  ең  соңғы  сырласу, 
тіпті  қоштасу кеші  екенін  кім  аңдапты?
Өмірде  де,  шығармашылықта  да  теңіздің  қос  тамшы- 
сындай  ұйқастық  тапқан  Дмитрий  Шостаковичтің  маған 
жолдаған  екі  хатын  ең  қымбатты  естелік  ретінде 
мұрағатымда  сақтап  жүрмін.  Оның  бірін  сазгер  "Қош 
бол, 
Гүлсары" 
повесімді  оқыған  соң, 
жазған  еді. 
Екіншісінде  ауырып,  Қорған  облысындағы  Илизаровтың 
ауруханасында  емделіп  жатып, 
"Ақ  кеме" 
повесім 
жайында  аса  ризашылықты  пікір  айтқан.  Бұл  -   клас­
сикой соңғы  сәлемі  еді...
Ой  арқалап,  өзіммен-өзім  оңаша  қалған  кейбір 
сәттерімде  Шостакович  шығармаларының  бірін  құлағым 
шалып  қалса  бітті,  жүрегім  жылып  сала  береді
Өмірғе  деген  шексіз  іңкәрлік  пен  жанының  мөлдір  та- 
залығы  -   Шостакович  әлемін  құрайтын  басты  элемент- 
тер  еді.  Бұл  -   рухани  қазынасы  шексіз  бай  әрі  аса 
мейірімді,  жатқа  да,  жақынға  да  жақсылық  жасауға  өзір 
тұратын,  кішіпейіл  де  кісілігі  мол  таза  орыс  адамының 
бірегей  бітімі  болатын.  Ой,  дүние-ай,  десеңші!..
Шаханов.  Шығармашыльіқ  өнердің  ең  ұлы  бақыты  -  
ұлт  пен  ұлыс  таңдамайтындығы  ғой,  шіркін!
Айтматов.  “Тұтас  халықтардың  достығы  жеке  адам- 
дардың  байланысынан  құралады"  деген  сенің  аузыңнан 
түспес  мәтелің  бар.  Әсіресе,  әдебиеттегі  кешегі  жарық 
жұлдыздардың  өзара  ынтымағы  қандай  еді,  шіркін!  Бір- 
бірін  іздеп  барып,  сағынып  жолыққандарын  көргенде, 
көзің  тоятын.  "Қардошым"  деп  жүретін,  қапсағай  бойлы, 
қара  торы  Ғафур  Ғұлам  аға,  көп  үндемей,  көңіліңді  оқып 
отыратын  Айбек,  жүзінен  күлкі  арылмай,  кездескен 
сайын,  құшағын  жаятын  Берді  Кербабаев,  көкірегі 
тұнған  шежіре  Сәбит Мұқанов...

Әрине,  қайшылығы  көп  дәуірде  өмір  сүргендіктен, 
әрқайсысының  өзіне  сай  жетістігі,  кемшілігі,  тіпті  пен- 
дешілігі  де  болған  шығар...  Бірақ  өз  үлтының  рухани 
байлығын  жасасқан  осы  түлғаларды  ұмьггу,  не  сызып 
тастауға  тырысу  тарихқа  жасалған  қиянат  болар  еді. 
Бұлардың  арасындағы  достық  кейінгі  ұрпақтардың
бірлігіне  ұласты. 
I
Қайбір  жылы  Мәскеуде  Жазушылар  одағының  үйінде 
Ғафур  Ғұламмен  жолығып  қалдым.
-   Шыңғыс  інім,  зілзала  қаншама  пәлеге  душар  етгі,  -  
деп,  кемсеңдеп  жылады.  Апаттан  кейін  Ташкент  айтар- 
лықтай  қирап,  бүкіл  ел  аза  тұтып  жатқан  тұс  еді.  Иә, 
үлкен  адамның  қайғысы  қай  заманда  да  үлкен  болған 
емес  пе?
Шаханов.  Олардың  достығы  -   аңыз,  әр  кездесуі  — 
мереке  секілді.  Өзбектің  көрнекті  қаламгері  Насыр  Фа- 
зыловтың  Сәбит  Мұқанов  жайлы  "Мейірім"  деген  ес- 
телігі  бар.  Сол  естелікте  мынадай  бір  қызық  хикая  ба- 
яндалады. 

'  •• 

Ташкенттен  мейман  бола  келген  Айбек  досын  Сәбең 
машинасына  отырғызып  алып,  етегі  бау-бақшаға  оранған 
Алатаудың  әсем  табиғатын  аралатып  жүрмей  ме?  Жолай 
шөккен  пілдей  боп  жатқан  жұп-жұмыр  қызыл  гранит 
тастың  жанына  кеп,  аялдайды.
Айбек  ағамыз  табиғаттың  өзі  жонған  әдемі  тасты  ай- 
налып  көріп,  "Зор  екен.  Қандай  керемет!"  деп,  бас 
шайқай  беріпті.
-   Ұнады  ма,  Айбек?  -   дейді  жанына  маң-маң  басып 
келген  Сәбең,  досына  сынай  қарап.
-  Ұнһғанда  қандай!
-   Ендеше  осыны  саған  сыйладым.  Тек  менің  ғана  емес, 
күллі қазақ халқыньщ өзіңе мінгізген тұғыры деп біл!
Атақты  М едеу  шатқалында  жатқан  сол  тасты  Айбек 
алдым  деп  кетеді,  Сәбең  басы  бүтін  бердім  деп  қалады. 
Досын  ұзатып  салған  Сәбит  аға  жанына  Егор  Самойло- 
вич  есімді  бәлізшіні  қызыл  гранитке  алып  келіп:
"Бүл  жүмыр  тасты  бауырым  Муса  Айбекке 
сыйға  тарттым.
Сәбит  Мүқанүлы.  3. VI. 1962 ж.", —
деп,  өшпестей  етіп,  ойып  жаздырады.
Құшағына  сырды  да,  қырды  да  түгел  толтырып,  ке- 
мерінен  асып-тасып  жүретін  қайран  Сәбең  сол  күні 
үлкен  бір  іс  тындырғандай,  үйіне  әндетіп  қайтыпты.

-  
Небір  жомартты  көріп  едім,  бірақ  таудың  тасын 
сыйлаған  Сәбиттің  қасында  ешқайсысы  жіп  есе  алмады,-  
деп, 
Айбек  ағамыз 
досының  мінезін 
қашан 
көзі 
жұмылғанша,  жиі-жиі  еске  алумен  жүріпті.
Айтматов.  Әзіл-қалжың  мен  тілектестіктің  астасып 
жатқаны  ғанибет  қой.
Шаханов.  Шіке,  біз  әдебиет  пен  өнердегі  айтулы 
тұлғалар  жайлы  біраз  әңгіме  өрбіттік.  Енді  таза  қара  күш 
иелері  хақында  ой  қозғасақ.
Айтматов.  Қырғыз  бен  қазақта  жауырыны  жерге 
тимеген  небір  палуандар өткен  ғой.
Шаханов.  Барша  құрлықты  аралап,  шаршы  алаңды 
шаң  қылып  күресіп,  48  медальді  жеңіп  алған  Қажымұқан 
Мұңайтпасов  жайлы  естіген  шығарсыз?
Айтматов.  Естімегенде...  Даңқты  Поддубныйдың 
шәкірті, 
әлемнің 
дүркін-дүркін 
чемпионы 
атанған 
Қажекең емес  пе?
Шаханов.  Әріге  бармай-ақ  қояйық,  соңғы  бір  жарым 
ғасыр  ішінде  қазақ  әйелі  қанша  миллион  ұл  тапты  екен? 
Бірақ 
солардың 
бірде-бірі 
күш 
жағынан 
осы 
Қажымұқаннан  аса  алмапты.  Жасыратыны  жоқ,  өзім 
Қажымұқан  туған  даланың  перзенті  болғандықтан  ба, 
жастайынан  ол  туралы  ертегіге  бергісіз  хикаяларды  көп 
естігендіктен  бе,  әйтеуір,  қазіргі  палуандардың  белдес- 
кеніне  айызым  онша  қанбай-ақ  қойды.  Тіпті  салмағы  аз, 
титімдей  палуандардың  айқасы  кейде  көзіме  өзбек 
ағайындардың бөдене  сайыстырғанындай  ғана эсер  етеді.
Ал  жарықтық  Қажекеңнің  жөні  қашан  да  бөлек. 
Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Темірлан  селосындағы 
палуанның  мұражай-үйінде  арбада  отырған  20  адамды 
тісімен  тартЫп  бара  жатқан  суреті  бар.  Ол  -  ол  ма,  трак- 
торды  құйрығынан  көтеріп  тоқтатып,  машинаны  кеу- 
десінен  өткізген  қайыспас  қара  нардың  адам  айтса,  нан- 
ғысыз  ерен-ғайып  істері  жетерлік.
Айтматов.  Баспасөзден  егер  Қажымүқан  күрессе, 
Поддубныйды  да  жығар  еді,  тек  үстазы  алдында  әдеп 
сақтап,  белдеспеген дегенді  оқып  ем.
Шаханов.  Қажекеңнің  төлқұжатында  туған  жері 
Ақмола  облысы  деп  көрсетілгені  болмаса,  негізгі  кіндік 
қаны  тамған  топырақ  -  Отырар  ауданынЫң  Ақтөбе  аулы. 
Бұған  қатысты  деректі  ауыл  ақсақалдарынан  жазып  ал- 
ған, 
Оңтүстік 
өлкесіне 
белгілі 
тарихшы, 
сазгер 
Мүхамеджан  Рүстемов  былайша әңгімелеп  отырар  еді:
"Қажымұқан  дүниеге  келгеннен  кейін,  өкесі  ағайын- 
дарымен  араздасып  қалып,  суыт  ірге  көтеріп,  ауылдан

көшеді. 
Мұңайтпастың 
қайтпайтын 
қайсар 
мінезін 
білетін  қариялар  атқа  қонып,  соңынан  қуса,  көш  Со- 
заққа  барып  қалған  екен.  Бұлар  айғай  салып:
— Кері  қайт,  жарқыным,  бөлініп-жарылмайық.
— Бір  өкпеңді  бізге  қи,  — дескен  екен.  Сонда  ашынған 
Мұңайтпас  кішкене  К,ажымұқанды  борбайынан  ұстап,
көтеріп  тұрып:
—  Қалыңдар!  Енді  жақындасаңдар,  осы  баланы  сен-
дерге  шоқпар  етіп  жұмсаймын,  -  депті.
Мұңайтпастың  бет  алған  жағынан  қайтпасын  сезген 
ағайындары:  — Жарайды,  қайда  жүрсең  де,  аман  болғай- 
сың,  —  деп,  шарасыздан  ат  басын  кері  бұрыпты. 
Мұңайтпас  көшін  алысқа  тартып,  сонау  Ақмола  жеріне 
тоқтап,  түбегейлі  қоныстанып  қалған.  Негізгі  құжаттарда 
Қажекеңді Ақмола жерінде  туды дейтіні  сондықтан".
Міне,  осы  Қажекең  өте  қызық  тағдырдың  адамы 
болған.  Жомарт  мінезімен  қатар,  соншама  нәзік  жан 
екен.  Әдебиет  пен  өнерді  ерекше  -қадірлеп  өткен.  Зама- 
нында  Мұхтар  Әуезов,  Сәбит  Мұқанов,  Иса  Байзақов 
сынды  айтулы  қаламгерлермен  үзеңгілес  жүрген,  өзі  де 
ауызекі  әңгімеге,  өлеңге  жүйрік,  шежіре  адам  еді  деседі 
ел.  Менің  "Қажымұқанды  еске  алу"  деген  өлеңім  бар. 
Өлең  кезінде  орысша  жазылғандықтан,  сол  тілдегі 
нұсқасынан  үзінді  оқиын.
Хаджи-Мукан  —
Непревзойденный  силач  казахской  степи,
Весом  160 килограммов,
Съедавший  за  один  присест  целого  барана,
Был в то же время нежная  душа.
До  слез любил поэзию,  песню,
Иногда  и  сам  сочинял  стихи.
После победоносного возвращения
С мирового  чемпионата
Земляки  в  его  честь устроили  празднество,
Где  расточали  ему похвалы:
-В ы   не только  самый  сильный  среди  казахов,
Но  и  самый  сильный  в  мире.
— Постойте,  -  ответил  им Хаджи-Мукан.  -  Постойте! 
В спорте есть нечто магическое,
Но порой возбуждающее  слепой  азарт,
И потому в  нем  строгая  мера  нуМна.
Телесная  сила  только тогда  прочна  и  красива,
Когда  подкрепляется  силой  духа.
Вот  кто  сильнее меня  -  посмотрите!  —

И он,  похлопывая по плечу,
Вывел в круг
Застенчивого кудрявого паренька,
Ничем  не примечательного на  вид.
Наступило долгое недоуменное молчание...
То  был молодой  Мухтар Ауэзов.
Слова  Хаджи-Мукана  оказались пророческими.
Спустя тридцать  шесть лет 
Один  знаменитый японский  силач,
Прочитав книгу того юноши,
Взволнованно запишет в  своем  дневнике:
"Какая  сила!
Читая  его,
Я чувствовал свое  бессилие".
Айтматов.  Өзің  Қажымұқанды  көріп  пе  ең? 
Шаханов. 
Палуан 
Отан 
соғысы 
жылдарында 
қартайғанына  қарамай,  ауыл-ауылды  аралап,  өнер  көрсе- 
тіп,  ақша  жиып,  өз  атынан  ұшақ  жасатып,  майданға 
сыйға  тартыпты.  Кезінде  оның  бұл  азаматтығына  рақмет 
айтып,  Сталин  арнайы жеделхат жолдаған.
Менің  төрт-бес  жасымда  Қажекең  біздің  колхоздың 
орталығына  келіп,  ел жиып,  ойын  көрсетіпті.  Ертеңді-кеш 
жұмыстан  бел жазбай  жүрген  еңбеккерлер  алыптың  айт- 
саң,  сенбес  алуан  түрлі  өнерін  тамашалап,  бір  жасап 
қалса  керек.  Онда  біз  қазіргі  Теле  би  ауданының 
Қасқасу  аулында  тұратынбыз.  Әкеммен  рулас  болған 
соң,  іш  тарта  ма,  әлде  рухани  жақындықтары  бар  ма, 
қайдам,  ойын  біткен  соң,  соңына  ауылдың  бар  баласын 
шұбыртқан  Қажекең  біздің  үйге  кеп  түседі.  Шақырып 
келтіре  алмайтын  қадірлі  мейманға  арнап  әкем  сүтін  шай 
қатық етіп  отырған  жалғыз  ешкісін  сойып,  ауыл-аймақты 
шақырып,  шағын  той  жасапты.
Төрімізді түгел толтыра,  үлкен  қара торы  адам  жамбас- 
тап  жатып,  шайды  ұзақ  сораптапты.  Екі  самайдан  ты- 
нымсыз  құйылған  терін дембіл-дембіл сүртіп  отырған  бет 
орамалының  өзі  кіші-гірім  дастарқандай  екен.  Анам 
марқұм  айтып  отырушы  еді,  мен  шөккен  нар  құсап 
жатқан  палуанның  денесін  қызық  көріп,  үстіне  шығып 
алып,  желкесінен  қарнына,  одан  тізесіне  секіріп,  жартас- 
та  ойнаған  лақ  секілді  тыным  таппаппын.  Оны  жон 
арқасына  шыбын  жортқан  құрлы  көрмей,  Қажекең 
кеңк-кеңк  күліп  қойып,  шайын  сораптай  беріпті.
Естеліктерге  құлақ  ассақ,  Қажымұқан  -   алып  күштің 
ғана  емес,  биік  адамгершіліктің де  иесі.

Шіке, 
Қожамқұл 
сынды 
қырғыздың 
алыбымен 
Қажекең кездескен деген әңгіме  бар...
Айтматов.  Ол  рас.  Жастайынан  жоқ-жітіктеу  өскен 
Қожамқұл  ер  жете  келе,  күрес  өнерінің  нағыз  майталма- 
нына  айналады.  Бойының  биіктігі  сондай,  қатарласқанда, 
түйелі  адамның  иығынан  хеліп  түратын  деседі  көзін  көр- 
гендер.  Қоңқақ  мұрынды,  ат  жақты,  қара  сұр  келбетіне 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет