Ф ♦Рауан* Алматы 1997 Редакторы Үлықман Әбілдаұлы Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Шах а нов



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата21.02.2017
өлшемі22,66 Mb.
#4638
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

лығармыз...

М ен  жылап  тұрып, 
айтқаны н  бұлж ьгш аи 
орындауға  серт  бердім.  Төреқұдды  алып  кетті.  Екі 
күннен  кейін 
"Айтматовтың  соңында 
кандаи 
бұйымдары  қалды?"  деп,  сұп-сұр,  ж ы лм ақай  м и­
лиционер  кірді.  Бір  ж ам анатты ң  болғанын  сезген- 
дей,  Төреқұлдың  ж ағдайын  сүрап  ем,  ол  с ү қ   сау- 
сағымен  төбені  нүсқап: 
К,азір  ж аны   пейіш те 
ұш ып  ж үрген  шығар",  —  деп  жымиды.  Тізем
қалты раған  күйі  милиционерге  күпвйкесі  мен  бас 
киімін  ғана  алып  бердім.  Д орбасын,  тарағы н  пер-
зентіне  аманаттармын  деп,  тығып  қоидым.
Көп  ұзамай,  мен  де  "халық  ж ауы ны ң  сыбай-
лас  інісі  деген  ж аламен  он  ж ы лға  кесіліп,  С верд­
ловск  түрмесінен  бір-ақ  шықтым.  К,ұдай  куә,  он 
ж ы л  бойы  "Шыңғыс,  Илгиз"  деген  ж азуы   бар 
Төреқұлды ң 
аманат 
дорбасын, 
тарағы н 
күпәйкемнің  ішкі  қалтасы нан  тастағаны м  ж оқ. 
Үлкен  ұлы на  өз  қолыммен  тапсы рарм ы н  деген 
сенімде  жүрдім.  Кейде  Ш ыңғыстың  ж иы рм аға 
толған  жігіт  шағын,  Т өреқұлға  ү қсауға  тиісті  қас- 
қабағы н  ойш а көз  алдыма  келтіретінмін.
Бірақ,  "Адамның  басы  —  алланың  добы ”  деген- 
дей,  менің  тағдырым  мүлде  басқаш а  шешілді.  Он 
жылдан  соң  да  елге  қайтуға  р ү қ сат  берілмеді. 
Сібірдің  бір  түкпіріндегі  елді  мекенге  ж ер  аударды 
Енді  бұрынғыдай  түрм е  емес,  сол  айм ақта  ж ұмыс 
істеуіме,  еркін  жүріп-  түруыма  мүмкіндік  жасалды. 
Бір  татар  қы зы на  үйленіп,  кішігірім  ш аңы рақ  кө- 
тердім.  Осы  тұста,  елге  қайту  үміті  кесілгендіктен 
бе,  әлде  сәл-пәл  тойынғандықтан  ба,  өзіммен  бірге 
істейтін  жолдас  жігітімнің  үйінен  ішкен  самогон- 
ның  буы  ма,  қай  сайтан  түрткенін  қайдам,  ескі 
күпәйкемді  ішкі  қалтасындағы  Төреқүлдың  аманат
-   дорбасымен  бірге  өзенге  лақтырьга  жіберішгін. 
Бұл  мінезімді  құдай да,  әкеңнің әруағы  да  қош   кер­
месе  керек.  Н ақ  сол  күні  ат  қорада  мініс  көлігіне 
таға  қағып  ж атқанда,  әлгі  хайуан  артқы   аяғымен 
кеудеме  теуіп  кеп  қалғанда,  дем  ала  алмай,  есімнен 
тана  құладым.  Екі  қабырғам  сынып,  өкпемнің  бір 
бөлігі  езіліп  кеткен  екен.  М үгедек  болдым  да 
қалдым.  Содан  бастап әр түрлі  ауруханаларда  аилап 
емес,  жылдап  жатуға  тура  келді.  Енді  осы  аурудан
көз  жұмғалы тұрмын.
А қы ры  
елге 
қайтуы м а 
р ұ қ с а т 
берілді.
(Х рущ евқа 
мың 
да 
бір 
рақмет.) 
Д ереу

жұмысыммен  есеп  айырысып,  әйелімді  қасыма
алып,  сарытап  сағынышыма  айналған  Таласыма 
кеп,  ағайын-туғанды  аралап,  шерімді  тарқаттым. 
Одан-бұдан 
Төреқұлдың 
бала-шағасын 
сұрас- 
тырып  көріп  ем,  ф рунзеге  көшіп  кеткен  деген  ха­
бар  алдым.  Сонымен  бұл  оқиға  санамның  терең 
түкпірінде  көмулі  қалып  қойды.  Онын  үстіне 
иауқасым  жиі-жиі  асқынып,  дем  алуым  қиындап,
өз  басыммен  өзім  өлек  боп  кеттім.  Қанш ама  жыл 
осылай  ағып  өте  шықты.
Күндердің  күнінде  көңілімнің  аспанынан  най- 
зағай  ойнарын  білдім  бе?  Тағы  да  ескі  дертім 
қозып,  ауруханада  жатқанмын.  Ж анымдағы  жігіт 
қалыңдығы  екі  елі  кітаптан  ертеңді-кеш  көз  ал- 
маиды.  Бірде  ол  ем  алуға  кеткенде,  кітапқа 
үңілсем, 
Шыңғыс  Айтматовтың  "Саманшының
жолы"  ("М атеринское  поле")  атты  ж инағы  екен. 
О қи  бастадым.
"Әке,  мен  саған  ескерткіш  тұрғы за  алмаймын. 
Саған  қай  ж ерден  топы рақ  бұйырғанын  да 
білмеймін.  Осы  еңбегімді,  Төреқұл  Айтматов 
саған  арнаймын.  Апа,  сен  бізді  өсіріп,  адам
қылдың.  Сенің  ұ за қ   өмір  сүруіңді  тілеп,  апам 
Нағима  Айтматова,  саған  арнаймын"  деген  жолдар 
маржандай тізіліп тұр.
Ш ыңғыстың  кітап  бетіндегі  әкесін  еске  сала- 
тын  байсалды  суретін  көргенде,  Ф рунзенің  тар 
қапас  түрмесінде  тары ққан  Төреқұлдың  бейнесі, 
оның  ең  соңғы  өтініші,  қос  перзентінің  аты  жа- 
зылған  кіршең  дорба,  Сібір  ормандары  —  алма- 
көзвк  көз  алдыма өлөстөп  көтті.
-  
Алда, 
айналып 
кетейін-ай, 
мынау 
Төреқұлдың  түяғы  екен  ғой!  — деп,  кітапты  бауы- 
рыма  басып,  жыладым.
өзімді  сол  сәтте  соншама 
ж ек  кәріп  кеттім.  Қиын  ш ақта  қол  ұшын  беріп,
зор  сенім  артқан  адамның  ақіреттік  өтінішін
орындай  алмағаным  жанымды  аяздағы  темірдей
қарыды.  Болған  жайдың  бәрін  Ш ыңғысқа  хатпен
баяндап,  дорбаны  өзенге  атып  ж іберген  әлсіздігіме
кешірім  сұрағым  келді.  Бірнеше  рет  оқталсам  да 
ерік  күшім жетпеді...
„  Ж ақы н да  дәрігердің  қарындасыма  оңашалап 
аитып  ж атқан  әңгімесін  құлағым  шалып 
қ а л д ы . 
Ендг  көп  болса  бір  айға  ғана  тартады"  деді.  Соны

естігелі  бері, 
менде 
ұй қы  
ж оқ. 
О   и
«
 
Төреқұлды ң  қары зы н  қалаи  арқалап  кетем ?.  Анда
жолыға  қалсақ,  "Төңірберді,  азам аггы ғы ң  қаида, 
мүмкіндігің  бода  тура,  ты м  ^ У Р ^ а е п р
қалаи
айтамын.  Сосын  қары ндасы м а  өтініш  жасадым: 
"Бұл  дүниеден  ри за  боп  аттансы н  десең,  мені 
Төреқұлдың  бір  тұяғы м ен  ж олы қты р.  Аяғына 
жығылып,  кешірім  сұрайы н",  —  дедім.  Қ ұдаи  көз 
жасымды  көрген  екен.  Қ алқам,  бүкіл  Т өреқұл 
әулетінің  атынан  сен  кеш ірім  ет  маған,  деп,  ж ас
баладай  кемсеңдеп  жылады.
-   Аға,  ж асымаңызш ы ,  Сіздің  не  кінәңы з  о а р .
Бұған  тамырын  әділетсіздікке  ж алғаған  сол  к е з п
қатал дәуір  кінәлы,  -  деп,  қари ян ы   ж ү б ат қ ан   бол-
дым. 
Б ірақ  өзім 
де 
қатты  
толқы ғанды қтан, 
әкемнің  ең   соңғы  тыныс-тіршілігіне  куә  болған, 
екі  иінінен  дем  алып,  өмір  мен  өлім  арасы нда  әзер  
түрған  бейш ара  қари ян ы   құш ақтап,  өкси  бердім...
А йт м ат ов.  Иә,  әкеміздің  Тәңірберді  Алапаев  арқы лы  
1938  жылғы  жолдаған  ең   соңғы  а қ т ы қ   сәлемі  бізге  1975 
жылы  ғана  келіп  жетті.  Бұл  кезде  анам ы зды ң  о  дүниелік
болғанына төрт ж ы л толған-ды...
Ш аханов.  1938  ж ы лды ң  ызғарлы  күзінде,  қ а з ір п
Бішкек  қаласы ны ң  таулы  беткейіндегі  Ч оң  Ташта,  ІІХК 
демалыс  үйінің  іргесінде,  әлдекімдер  бірнеш е  маш ина 
ялямлм 
ж асы ры н 
әкеліп 
атып, 
арнайы  
әзірленген 
ш ұңқы рға  ж ымын  бхлдірмей,  көміп  тастайды.  М үны   сол 
демалыс  үйіне  қарауы л  боп  істейтін  А бы қан  К,ыдыралиев 
дей тік  ақсақ ал   ешкімге  сездірмей,  сы рттан  бақы лап 
тұрады.  Өзі  ұ з а қ   жылдар  әлгі  ж ерге  барып,  қ ү р ан   оқып, 
дұға  қылып  жүреді.  К,арияның  Б ү б ү р а деген  1928  жылғы, 
яғни  Сізбен  түйдей  ж асты   қы зы   бар  екен.  С ол  Б үбүраға 
әкесі:  “Есіңде  болсын,  мына  ж ерде  көп  адам ны ң  сүйегі 
ж атыр.  Заман  оңалса,  ж ұ р т қ а   айтарсы ң.  Ә зір  тісіңнен 
шығарма",  — деп,  қатты   ескертеді.  Қ ы рғы зстан  демокра- 
тиялы қ  жолмен  егемендік  туын  көтерген  тұста  Б ү б ү р а 
апай  әкесінен  естіген  әңгімесін  айтып,  қауіпсіздік  коми- 
тетіне  хат  жолдайды.  Комитеттің  бөлім  бастығы  болып 
істейтін  Болат  Абдірахманов  деген  ж ас  ж ігіт  өз  саласын- 
дағы  мундир  абы ройы н  ж оғары   қойған  кейбіреулердің 
қарсы лы ғы на 
қарамай, 
аталған 
ж ерді 
қазуды
ұйымдастырғанда,  137  адамның  сүйегі  шығады.  Ә лп
яплгмнлн  Сі^лін 
Т
өоөкүл
  А йтматовты

атуға  бұиырған  үш  парақ  үкім  қағазы   табылады. 
М ұрағат 
қүж аттары н 
ақтара 
келгенде, 
бүл 
арада 
әкеңізбен  бірге  қырғыз  елінің  Ж үсіп  Абдірахманов, 
Қасым  Тыныстанов,  Еркінбек  Есенаманов,  Иманәлі  Ай- 
дарбеков,  Баялы  Исакеев,  Асанбай  Ж амансариев,  Ос- 
м анқұл  Әлиев,  Сыдық  Чоңбашев  секілді  т.б.  ірі-ірі 
қайраткерлерінің сүйегі  ж атқаны   анықталады.
Қасіретті  мекенге  "Ата  бейіт"  деген  ат  беріліп,  жа-
зы қсы з  “халық  жауы"  атанған  марқұмдардың  сүйегін
арулап,  қайта  ж ерлеу  рәсімінде  республика  Президенті
Асқар  Ақаев,  сонау  Люксембургтен  арнайы  ұшып  келіп,
өзіңіз 
сөз 
сөйлепсіз. 
К,атысқандардың 
айтуынша,
толқымаған,  көзіне  ж ас  алмаған  адам  қалмады  дейді.  1995
жылдан  бастап  25  қараш а  Президентгің  арнайы  жар-
лығымен  “Қуғын-сүргінге  ұшырағандарды  еске  алу  күн і”
боп  жарияланды.  Ж иы нға  екеуміз  бірге  бардық.  Ж и-
налған  ж үртта  есеп  ж оқ.  Қолына  аза  гүлін  ұстаған  екі
қарындасыңыз  —  Люция  мен  Роза  қарсы   жолықты.
Көздері  бұлаудай  боп  ісіп  кеткен.  Бір  топ  жастар,  шама-
сы  студентгер  болар,  нағыз  жігіттік  дәурен  -   35  жастың
белесінде  мәңгі  қалып  қойған,  көмірдей  қара  шапггы,
айналасындағы  қалы ң  қауымға  ж анары нан  жалын  себе,
ойлана  қарап  түрған  Төреқұл  Айтматовтың,  оның  бурыл
шашты,  тіршіліктің  талай  ұйтқыған  бораны  мен  дауылы-
нан  аман  өтіп,  өлемдік  атақ-абыройдың  қ ұ зар   шыңына
ш ы ққан  бел  перзенті  Сізден  екі  есе  ж ас  көрінетін  үлкен 
суретін  мақтаныш пен  ұстап түрды.
А йт м ат ов.  53  жылдан  соң  137  адамның  сүйегі  ара- 
сынан  әкемді  атуға  бұйырған  үкім  қағаздың  шығуы  көңіл 
өзенімді  астан-кестен  етіп  толқытты.  Адам  сүйегі  түгіл, 
темірдің  өзін  құм   ғып  үгіткен  ж арты   ғасырдан  астам 
уақы т  бойы  әкемнің  төс  қалтасындағы  үш  парақ 
қағаздың  шірімей  қалуы  не  деген  керемет,  М үхтаржан! 
Қүдай  бар  екен.  Әділет,  кеш  болса  да,  салтанат  құрды. 
Бірақ  сол  жылдары  біз  бастан  өткерген  үйқы сы з 
түндерді, 
біз 
көрген 
кемсітушілікті 
жөне 
сол 
әділетсіздікке  қарсы   тұрар  күш   таба  алмай,  өзіқді-өзің 
іштен  мүжіп,  пұшайман  болу  қасіретін  төңірім  адам 
түгіл,  малдың да  пеш енесіне  жазбасын!
Ш аханов.  Шіке,  егер  қарсы   болмасаңыз,  тағы  да  ой
бағытын  қары ндасы ңы з  Розаны ң  әңгімесі  желісінде 
өрбітсек:
"Анамыз 
қаш ан 
көзі 
жұмылғанша, 
Ш ыңғыстың  қолында  тұрды.  Тек  перзенттерінің
2—235

үлкені  болғандықтан  ғана  емес,  онымен  өзгеш е 
рухани  бірлестік  тапқанды ғы нан  да  шығар.  Ол 
Ш ыңғыстың 
әр 
туындысын, 
тіпті 
мақала, 
сұхбаты на  дейін  талдап  оқиды.  Сол  кезгі  кеңес, 
әлем әдебиетінен де  мол хабардар  еді.
Ш ыңғыстың  әдебиет  саласындағы  Лениндік 
сы йлы қ  алуы  тек  қы рғы з  халқы  үш ін  ғана  емес, 
Кеңес  Одағындағы  ұлт  республикалары  үшін, 
әсіресе,  О рта  Азия  мен  Қ азақ стан   халы қтары  
үш ін  зор  мақтаныш   болды.  Ө йткені  бұл  сы йлы қ 
сол түста  Кеңес  Одағында  ж аппай  танылғандықты 
білдіретін,  әрі  оны  алған  адам  көзі  тірі  классик- 
тердің  қатары нан  бір-ақ  шығатын.  Бұл  аса  беделді 
сы йлы қ  бұған  дейін  әдебиет  саласында  күллі  О рта 
Азия  мен  Қ азақстанда  ж алғы з  М ұхтар  Ә уезовке 
ғана  берілген-ді.
Ш ыңғыс 
сы йлы қ 
алған 
күн 
Айтматовтар 
ж анұясы ны ң  абы ройы н  бірден  аспанға  ш ығарған 
күн  болды.  Республикалық  газеттер  Ш ы ңғы сқа 
бір-бірден,  екіден  бет  арнаған.  Тұс-тұстан  жедел- 
хаттар  жауып  кетті.  Бұры н  біздің  дүниеде  бар- 
жоғымыздан  бейхабар  әр  түрлі  деңгейдегі  партия, 
үкімет  басш ылары  телефонмен,  не  арнайы   келіп, 
құтты қтап  жатты.  Көшелерде,  дүкендерде,  әр 
қилы  мәдениет  ош ақтары нда  ж үртты ң   бір-біріне 
дабырласып,  м ақтан  тұты сқаны   ж алғы з  Ш ыңғыс 
қана.  Н ақ  сол  кезеңде,  қас  қылғандай,  апам  ауру- 
ханаға  түсіп  қалған.  Ош  базары на  соғып,  апама 
арнап 
ж ем іс-ж идек 
алуға 
автобусқа 
міндім. 
Қ олы на  ұстаған  үлкен  түйінш егі  бар,  елулер  ша- 
масындағы  зор  денелі,  қ и я қ   мұртты   қы рғы з 
қасындағы  жігітке:  "Міне,  қы рғы з  халқы   да  өзінің 
ұлы  перзент  туа  алатынын  Ш ыңғыс  арқы лы   тағы 
бір  дәлелдеді",  — деді  шаттанып.  Кеудемді  ш ектен 
тыс  мақтаныш   сезімі  кернеп,  көзіме  ж ас  толқыды. 
Кеше  ғана  кез  келгенге  түрткі  болған  "халы қ 
ж ауының"  перзенттері  емес  пе  едік?  О,  құдай, 
біздің де  бағымыз  ж анаты н  күн туады  екен-ау!
Әкеміздің  Ш ыңғыспен,  И лгизбен  түскен   суреті
ылғи да  апамның  қол сөмкесінде  ж үретін.  Енді  сол
суретті  ауруханада,  ж асты ғы ны ң  қасы н а  қойы п 
алыпты.
М өскеуден  келе  ж атқ ан   Ш ыңғысты  қарсы  
алуға  үкімет  басшылары,  ағайын-туған,  ж ора- 
ж олдастар  кетті.  Сол  топ қа  күйеуім  Есенбекті
І

®зім  апамның  қасында  кдлдым.  Шыңғыс 
үйіне  соқпай,  бірден  ауруханаға  келді.  Апам  ор- 
нынан  әзер  тұрып  (аяғы  күп  боп  ісіп  кеткен  еді), 
Ш ыңғыстың  мойнынан  құш ақтаған  күйі  ұ за қ   өк- 
сіп  жылады.  Бірақ  бүл  тау  баурайындағы  ш ақпақ 
тасты  әрең  ж арып  ш ы ққан 
бұлақ  көзіндей 
қуаныш   ж асы   еді.  Ш ирек  ғасырдан  асқан  азапты 
күндері 
мен 
ұйқы сы з 
түндерінің 
қарымы 
қайтқандай,  кеудесін  кере  дем  алды.  Сөйтіп,  апам 
Ш ыңғыстың  зор  абырой  биігіне  көтерілген  күнін 
де  Төреқұл рухының жеңісі  ретінде  қабылдады".
А йт м ат ов.  Ие,  анамыз  ол  күнге  ерекш е  мән  беріп 
еді... 
ғ
Ш аханов.  Толқып  кеттіңіз  ғой  деймін.  Ж арайды  
әңпмемізді  басқа  арнаға  аударалық.  Ш екер  аулына  бар- 
гаи 
сапарымызда 
ж аныңызға 
Омарбай 
Нарбеков, 
Дәулетбек  Ш адыбеков  сынды  інілеріңізді  ж әне  өзіңізбен 
бірге  оқыған  екі  азаматты  алып,  Ресей  теледидарының 
Қырғыз  Республикасындағы  тілшісі  Владимир  Ф едоровқа 
сұхбат  бермекке  Күркіреу  өзенінің  аңғарына  жетіп,  ат 
Т13ПН1Н  іріккеніңіз  жадыңызда  шығар.  Таудан  құлап
буырқанып  ағып  ж атқан  өзен,  көк  майсаға  көмкерілген 
самалы 
шипа 
ж ер 
екен. 
Табиғатты 
тамашалап 
тұрғанымызда,  Сіз  менің  қасыма  келіп:
— 
Анау  М анас  шыңына  бір  шөкім  бұлттың  ілінгенін 
көрдің  бе?  Енді  қара  да  тұр,  он-он  бес  минуттың  ішінде
аинала  астан-кестен  болады,  — дедіңіз.
Алғашқысында,  Ш ікең  ж ай  әзілдеп  тұрған  шығар, 
кіш кене  бұлттан  ондай  шалкез  мінез  шықпас,  қазір-ақ 
ж ел  қуалап  кетпей  ме,  деп  ойладым.
Сүт  пісірім  сәттің  ішінде  ж ел  түрып,  ж аңбы р  төгіп- 
төпп  өтп.  Қапелімде  шәт-шәлекейіміз  шықты.
Өз  туған  жеріңізді,  оның  толқымалы,  шалқымалы
мінезін  бүге-шігесіне  дейін  ж етік  білетініңізді  сәл-пәл 
аңғартқандай  болдыңыз.
Шіке,  сіздің  қ азақ   жерінде  өткен  студенттік  өміріңізге 
баиланысты  бір  қы зы қ әңпменің желісі еске түсіп тұр 
Бішкекте  өткен  (1995  жылы)  үш  бауырлас  республика
Премьер-М инистрлерінің 
(Әкежан 
Қажыгелдин 

Қазақстан,  Әбдіқашым  Мұталов  —  Өзбекстан,  Апас 
Ж ұмағүлов  —  Қырғызстан)  мөжілісі  аяқталған  кез. 
Үкімет  басшылары  жөне  өр  саланың  сарапшылары  энер­
гетика,  газ  өндірісі,  денсаулық  сақтау  мөселелері  бойын- 
ша  оірлесіп  қы змет етуге  уағдаласты.

Мәжіліс  соңында  меймандарды  Қ азақстан   елшілігіне 
шайға  шақырдым.  Үшеуі  де  ризаш ы лы қпен  қабы л  алды. 
Елшілік  үйіне  қайты п  келе  жатып,  маш инадан  Сізге  т е ­
лефон  шалып:
-   Үш  ағайынның  басы  күнде  қосы ла  бермейді.  Ел
тізгінін  ұстаған  інілеріңізбен  жүздесіп,  дәм  ауыз  тисеңіз,
— дедім. 
I
Д астарқан  басыцдағы  көңілді  әңгіме  бірден  қы зы п
ж үре  берді.  Өзіңіз  сөз  алып,  бүгінгі  н ар ы қ   қаты насы , 
түркі  халы қтары ны ң  бауырластығы,  мәдениет  пен  өнер- 
дің  ахуалы  хақы нда  әңгіме  толғадыңыз.
Сондай  ш ырайлы  бір  сәтте  Сіз  көк  есектің  хикаясы н 
бастадыңыз.  Д астарқан  басындағылар  түгелдей  ұйып 
қалған.  Дәл  осы  кезде  Алматыдан  республика  сы ртқы  
істер  министрі  Қ асы м ж ом арт  Т оқаев  телеф он  соғып 
қалды  да,  әңгіменің  орта  тұсы н  ж іберіп  алдым.  Дас- 
тарқан  басындағылар  қы ран-топан  күліп  жатты.  Сол 
әңгімені  қайта  бір  ж аңғы ртсаңы з.
А йт м ат ов. 
Айтайын. 
Ж ам бы л 
қаласы ны ң 
мал 
дәрігерлік  техникумына  түскен  кезім.  Күнделікті  лекция- 
мен 
тәж ірибелік 
сабақтар 
да 
қатар 
жүреді. 
"Коневодство",  "Овцеводство"  деген  тараумен  бірге,  өзге 
төрт  түлік  мал  құры п  қалғандай,  "Ослеводствоға"  ойыс- 
тық.  Алғашқыда  есек  деген  не  тәйірі,  осыны  да  мал  деп, 
мән  беріп,  саб ақ қ а  кіргізгенін  айтсаңшы,  десіп,  әжуә, 
күлкі  еткенбіз.  Кейін  біз  ойлағандай  болмай  ш ықты.  Екі 
құлағы  салбырап,  ақы рғанны ң  бәрін  есек  дегенмен, 
оның  да  атам  заманнан  бері  келе  ж атқан   тегі,  түрі,  түсі, 
яғни  өзара  өзгешелігі  бар  екеніне  назар  аудардық. 
О қытуш ымыздың  ұлты  орыс,  соғыс  жылдары  Л енинград 
қоршауьгада  болып,  Қ азақстан ға  көшіп  келген,  өте 
білімді,  қатал әрі  қар т  адам  еді.  Тәж ірибелік  саб ақ   өткізу- 
ге  техникумның  қосалқы   ш аруаш ылығында  есек  ж оқ. 
Сондықтан 
проф ессор 
студенттерді 
Ж ам бы лды ң 
"Атшабар" 
мал 
базары на 
алып 
баратын. 
Қ аланы ң 
төңірегіндегі  ауылдардан,  қы рғы зды ң  Таласынан  мал  ай- 
дап  әкеліп  сататындар  сенбі,  ж ексенбі  күндері  сапыры- 
лысып,  ығы-жығы  боп  ж ататын.  Сатуш ы  мен  алушыны 
жарастырып,  араларында  ж ы лмаң  қ а қ қ а н   делдалдар 
жүреді.
Бірде  базарды ң  қ а қ   ортасында  ш ыбындап  тұрған  көк 
есектің ж аны на  кеп  тоқтады қ.
-   Студент  Айтматов,  бұл  —  есектің  қ ай   түрі?  Кәне, 
баянда,  — деп,  көзәйнегі  ж арқы лдаған  проф ессор  бір  топ 
студенттердің  ішінен  маған  бұрылсын.

Бұл  м ақұлы қ  алғаш  Африка  мен  Азия  қүрлығында 
пайда»  болған. 
Қ азір 
Сирияда, 
Кашмирде, 
Тибетте,
Түрікменстанда, 
Өзбекстанда, 
Қ азақстан 
мен
Қырғызстанда 
және 
Монголияда 
көптеп 
кездеседі.
Бұларды,  негізінен,  қолға  үйретіп,  жұмыс  көлігі  ретінде
пайдаланады.  Мына  өздеріңіз  көріп  тұрғандай,  есектер
өзге  малдардан  құлағының  ұзындығымен  ерекшеленеді,
тілерсегіне  түскен  жіңішке  қүйры ғы   да  бар.  Қодығын  он
екі  ай  көтереді,  —  дей  бергенім  сол  еді,  өлгі  бар  болғыр,
көк  есектің  иесін  тани  кеттім.  Ауылдағы  Досалы  жездем
мен  Қ арақы з  апамның  көршісі.  Есекке  қарай  емініп
тұрған  мені  көріп,  таңдана  қарайды.  Үяттан  мұндай
өртенбеспін.  Тіпті  даусым  шықпай,  құмығып  қалды.  Оны 
байқайтын  профессор  ма?
— Студент  Айтматов,  неге  бөгелдің?  Сабақты  жалғас- 
тыр.  Көк  есектің  өзге  есектерге  қарағанда  тағы  қандай 
ерекшелігі 
бар? 
-   деп, 
қы спаққа 
алып 
барады. 
С асқаннан  болар,  маңдайымнан тер  б ұ рқ ете  қалды.
0 л п   ақсақал  Ш екерге  барысымен:
—  Ойбай,  Төреқұлдың  баласы  ^Камбылда  есектің 
оқуын  оқып  ж үр  екен.  Өз  көзіммен  көрдім.  Мұғалімімен 
бірге  базарда  байлаулы  тұрған  менің  есегімнің  алдына 
келіп,  оның  ш ы ққан  тегінен  бастап  тұқым-тұяғын,  жеті 
атасын  түгелдей  санап  шықты.  Баланың  сөзіне  мен 
тұрмақ,  көк  есегім  де  риза  болса  керек,  —  деп,  бүкіл 
ауылға ж ы р  етіп таратсын.
Қырқыншы  жылдардың  аяқ  шенінде  ауылда  сот,  про­
курор,  милиционер  мамандықтарының беделі тым  зор еді.
М илициядан  байың  болсын,
Индийский  иіайың  болсьш,  -
деген  сы қ ақ  өлең де  сол кездің туындысы.
Мені  ел  құрметтейтін,  тіпті  сырттай  сес  көретін 
оқудың  біріне  ш н ген   шығар,  өсе  келе,  бір  түтқаны  
үстар,  сөйтіп,  алла  жазса,  ел  қатары на  қосылып  кетер,  — 
деп,  шетте  оқып  жүргенімді  ауылдастарыма  мақтаныш 
тұтып, 
келген 
сайын 
азын-аулақ 
тиын-тебенін, 
қолындағы  қүрт-майын  аямайтын  апам  мен  ж ездем  мұны
естігенде,  сасқаны нан  не  күлерін,  не  жыларын  білмей, 
дал болады.
Артынша  ауылға  демалысқа  келгенімде,  Қ арақы з 
апам:
-  
Осы  ж ұрт  сені  есектің  оқуын  оқып  ж ү р   дейді  ғой. 
Бұл  не  әңгіме,  қарағым-ау.  Басқа  оқу  құры п  қалды  ма?

Алда-жалда  есекті  оқы ғы ң  келіп  бара  ж атса,  осы  ауылда 
есектен  көп  нәрсе  ж о қ   емес  пе?  —  дегені  * көңілі
б ұ З Ы Л Ы П ...
М енің  азам ат  болғанымды  армандап  ж ү р ген   қай р ан  
а қ  
көңіл 
апам 
мен 
ж ездем нің 
алдында 
қайтіп 
ақталарымды  білмей,  қысылғаным  күні  бүгінге  дейін
есімнен  кетпейді. 
§
Бұл 
да 
"ауыл 
академиясыиың" 
аңғалды қ 
пен 
аңқаулы қ  атты  бөлімін толы қты раты н  ж айттарды ң  бірі.
Ш аханов.  Бірде  Сейталы  Бөкманбетов  деген  до- 
сыңызды  біздің  үйге  ертіп  келгеніңіз  бар.  Ж азд ы ң   ж ай- 
саң,  ш уақты  күндері  еді.  Бапты  қы мы зды   сіміре  отырып, 
өткен-кеткен  оқиғаларды ң  басын  шалып,  ұ з а қ   сыр
ақтарғансы з д ар .
А й т м а т о в.  Иә,  соғыс  ж ы лдары нда  қо л ы н а  қ а р у
ұстауға  ж арай ты н   азам атты ң  бәрі  майдан  өтінде  ж ү р д і
ғой.  Кемпір-шал,  ж есір  әйел,  бала-ш ағадан  б а с қ а   тірегі
ж о қ   ауылға  13— 14  ж астағы   біздер  үлкен   күш   едік.
Басқарм а,  колхозды ң  қы р у ар   ш аруасы   қ и р а п   ж а т қ а н
соң,  ж ас  балаларды  м ектептен  суы ры п  алады  да,  к ез
келген  ж ұ м ы сқ а  ж егеді.  М енің  сөмке  сүйретіп,  Ш екер,
А рш агүл  ауы лды қ  кең естерін е  хатш ы   боп,  С ейталы ны ң
мектеп  директорлы ғы на  "ж оғары лайты ны "  да  сол  түс. 
Азды-көпті  сауаты   бар,  есептің  қарап ай ы м   ам алдары н 
ә р е ң  
білетіндер  де  мұғалім  атанып,  с а б а қ   беретін.
Ш аханов.  Келесі  бір  ж үздескенім ізде,  С ейталы   аға 
маған  Сіз  туралы  ұ з а қ  әңгіменің тиегін  ағытты.
"М ектепте  өзге  түлғаластары мы здан  бірш ама 
ж ақ сы   оқы ған  Ш ыңғыс  екеуміз  өзімізш е  ж ауапты  
қы зм етте  ж ү р сек   те,  ж аз  айлары нда  егін  оруға, 
қы рм ан  бастыруға,  ар ы қ   қазы п,  өгіз  арба  айдауға 
бел  ш еш е  кірісіп  кетер  едік.  Әсіресе,  бір  класта 
оқы ған  Тоқтасын,  Байы збек,  Алымбек  —  бесеу- 
міздің  ж ұбы м ы з  ж азы лмайты н.  Таң  бозары п  атып, 
торғай  шырылдасымен,  төсектен  тұры п,  біріміз 
қолы мызға  кетпен,  екінш іміз  орақ,  үш інш іміз 
айы р  алып,  қаш ан  күн  батып,  қ ас  қарайғанға 
дейін 
бел  ж азуды  
білмей 
ж үрдік. 
Қ анш ама 
қи н ал сақ  та,  аналарымыздың:  "Көкелерің  аман 
келсе,  көрген  қиы нды қтары ң  лезд е-ақ  ұмытылар" 
деген  сөзі  көңілге дем еу еді.
Бір 
күні 
топ 
баланы ң 
іш інен 
колхоз 
басқарм асы   Ш ыңғыс  екеумізді  М ай м ақ  стансасы - 
на  жұмсады.  Арбаға  толты ра  тиелген  қап -қап

бидаиды 
алып, 
қамш ының 
арқасы нда 
ғана 
ж үретін  ж алқау  өгізді  қақпайлап,  күн  сайын 
М айм аққа  ж ол  тартамыз.  Ш ақырайған  күнге 
маңдайымызды  төсеп,  асты қ  дайындау  пунктіне 
(заготзерноға)  жеткенш е,  түс  ауады.  Қабылдау 
пунктхнің 
басшысы 
Науменко 
деген 
кісілігі 
мол  орыс  азаматы  арба  үстінде  қылқиып  келе 
ж атқан  бізді  көрісімен,  күлімсіреп  қарсы   алатын.
ағып  тұрған  Шыңғыс  онымен 
емін-ж арқы н  сөйлеседі.  Соның  арқасында  ісіміз
де 
оңғарылып  ж ү р е 
береді. 
Шыңғыс 
маған 
қарағанда 
қараж он, 
қ а й р а п ы . 
Дәу 
қанарды 
иығына  салып  алып,  траппен  қиналмай  жоғары 
көтерілгенде,  еріксіз  сүйсшуші  ем.  ЛСүрттың  көбі 
қанарды  сүйрелеп,  үйіліп  ж атқан  бидайдың  үстіне
қойылған  тақтаймен  зорға  өрмелеп,  әлекке  түсіп 
жататын.
Ш аруамызды  тап-тұйнақтай  ғып  тындырып,
ауылға  бетгейміз.  Қайтар  жолда  ж алқау өгіздер  де
желдіріп
жолда  үйден  ала  пхыққан
жолда
бір  ж апы рақ  нанды  талшық  етіп  алған  соң 
көңіліміз 
тіптен 
көтеріліп, 
қосылып 
ән 
де 
шырқаймыз.  Шыңғыстың  қолынан  қай  кезде  де 
орыс  классиктерінің  кітабы  түспейді.  Кейде  маған 
оқыған 
шығармаларының  мазмұнын, 
қызықты 
оқиғасын  майын  тамыза  әңгімелеп  береді.  Әкесіне 
анасына,  ұстаздарына,  қыздарға  арнаған  жырлары
да  аз  емес-ті.  Бірде  менің  де  оған  көңілім  ауған  бір 
қызға  жыр жаздырып  алғаным  бар.
1944  жылы  болар,  қеңсесіне  келсем,  Шыңғыс 
жалғыз  отыр  екен.  М ені  көріп,  қуанып  кетті.
-  
Сейталы,  аудан  орталығы  К ировқа  барып, 
заемның  ақш асын  өткізу  кереК  болып  тұр.  Алыс 
жер,  өрі  ақш амен  ж ү р у   қауіпті.  Бірге  барып,  осы 
істі  тындырып  келсек  қайтеді.  Өгіз  арба  дайын 
ТҰР-  — дегені  салған  жерден.
М ектептің  жұмысы  бастан  асып  ж атса  да,  до-
сымның  көңілін  қимай,  бірден  келісім  бердім.  Ер-
теңіне  түс  өлетінде  іздеп  ш ы ққан  мекемемізді
сұрай-сұрай  тауып,  өгіздерімізді  суарып,  үйден
ала  ш ы ққан  ж үгері  нанымызды  ж еп  отырғанда,
орта  бойлы,  кең  жауырынды,  қара  мұртты  жігіт 
жанымызға  келіп:

-   Ей,  балалар,  не  ш аруамен  ж үрсіңдер?  -   деп 
ж өн  сұрады.
Ж ай-ж ағдайы мы зды   айтып түсіндірдік.
-   Кімнің  баласысың,  қарағым?  -   деп,  енді  әлгі
адам  Ш ыңғысқа  бұрылды.
-  Т өреқұл Айтматовтың,  — деуі  м ұң  екен,  қ ар а
мүртты  жігіт: 
і
-   Алда, 
айналайын-ай, 
алтынның  сынығы
екенсің  ғой,  —  деп,  көзіне  ж ас  алып,  Ш ыңғысты
бауыры на басып,  бетінен  сүйді.
-   Қ ож ам құл  деген  ағаң  боламын.  А удандық 
ж и н ақ   кассасы ны ң  бастығымын.  А замат  ретінде 
қ аз  түры п  кетуіме  қол  ұш ы н  берген  Т өреқұл  аға 
еді.  Ж асаған   ж ақсы лы ғы н  тіріде  қ ай тар а  алмас- 
пын... 

'  л.Л
Өзі  бала-ш ағасымен  ж и н а қ   кассасы ны ң  бір 
бөлмесінде тұрады   екен.  А рбаны ң үстінде  ш оқиы п 
отырған  екеумізді  дереу  үйіне  алып  барып,  төріне 
жайғастырды.  Ж ы лы -ж ұм сағы н  аузы м ы зға  тосты. 
Заемны ң 
ақш асы н 
санап 
алып, 
қолы м ы зға 
түбіртегін  ұстатты .  Ертеңіне  ауылға  атгандырып
түрып:
-   Үстіңе  киім  алып  ки,  әзірге  қолымда  бары  
осы, 
айналайын, 
—  деп, 
бір 
бума  ақш аны  
Ш ыңғыстың қалтасы на  салды.
Сол  жылы  күзге  салым  Ш ыңғыс  екеуміз  Ж ам - 
был  қаласы на  ж ол  тартгы қ.  Қалтадағы  Қ о ж ам құл  
аға 
берген 
ақш аны ң 
қы зуы  
ш ыдатар 
емес. 
"Атшабар"  деген  базарды  қойм ай  кезіп  ж үріп,  екі 
гимнастерка,  шалбар,  ж ұлды зы   ж ар қ ы р аған   қос 
берік,  қайы с  белбеу  сатып  алдық.  Елдің  көзінен 
таса  ж ерге  шыға  бере,  қолм а-қол  киім  ауыстырып, 
екеуміз  де  кіш кене  қы зы л  әскер  боп  шыға 
келдік..."
Сіздің  ж асты қ  өміріңізге  байланысты  тағы  бір  әңгіме 
естідім.  Ауыл  шаруашылығы  институтында  С ізден  екі 
курс  төмен  оқы ған  М ұса  Қасымов  деген  кісімен  ойда- 
ж оқта  жолығып  қалдық.  Өзі  өте  өңгімешіл  адам  екен. 
Сіздің  Қ ы рғы з  мал  ш аруашылығы  ғы лы ми-зерттеу  ин- 
ститутының  ф ерм асы нда  аға  мал  дәрігері  болып  ж үрген 
жігіт  кезіңізден  біраз  сыр  ашты.
А й т м а т о в.  Иә,  1956  жылы  қ азан   айы нда  Горький 
атындағы 
институттың 
әдеби 
курсы на 
кеткенімде, 
қызметімді  сол М ұсаға өткізгенмін...

Ш аханов.  Бір  қызығы,  М ү с в и ң   Сіздің  к,ызметтегі 
үстеліңіздің  суырмасьшан  орыс  тілінде  жазылған  екі  ғы- 
лыми  еңбегіңізді  тауып  алыпты.  Бірі  машинкаға  басыл- 
ған,  екіншісі  қолж азба  күйіндегі  бұл  ғылыми  мақалаңыз 
"Достаточно  ли  трехкратного  доения ?"  жене  " Кукуруза  в 
рационе  животных"  деп  аталады  екен.
Ж ас  жігіт  шағыңызда  қалам  тербеген  осы  екі  туын*
дыны  М ұсекең  қырык,  жылдан  бері  өз  отбасының  ең
қымбат  реликвиясы  ретінде  құрметтеп,  сақтап  жүріпті.
‘Шікемнің,  белкім,  Оір  қаж етіне  жарар,  болмағанда  зер
салып,  қарап  шығар"  —  деп,  жақында  көшірмесін  маған 
табыс  етіп  кетті.
Мұса  ағаның  Сіз  туралы  айтқан әңгімесі  мынау:
Шікем,  фермаға  зоотехник  болып  келсімен, 
үлкен  өзгерістер  жасады.  Бұрын  ж ұрттың  ойына 
келмеген  тың  ұсыныстарды  қарш а  боратып,  үнемі 
соған  өзі  жетекшілік  етіп  жүретін.  Елуінші  жыл- 
дардың  орта  шенінде  қырғыз  жерінде  асыл 
түқымды  сиырлар  ж о қ қ а   тен  еді.  Артынша  Л е­
нинград 
облысынан 
асыл 
тұқымды 
бұқалар 
әкелінді.  Нәтижесінде  малдың  тұқымы  жақсарып, 
сүтінің  майлылығы  артты.  Шікем  жылқыларды 
асылдандыруға  да  көп  күш   жұмсады  Әсіресе 
ж үйрік  атқа  мінгенде,  мүлде  өзгеріп,  аруақтанып 
шыға  келетін.  Ж ы лқы   өмірін,  оның  психология- 
сын  жетік  меңгергендігін  "Қош  бол,  Гүлсары"  по- 
весін  жазғанда  аны қ байқатпады  ма?
Ж алпы,  Шікем  әдебиетке  бет  бұрмағанда,  мал
шаруашылығы  саласының  әйгілі  академик-ралымы
атанары сөзсіз  еді.
А йт м ат ов.  Сырттай  тілектес  әрі  ж ақы н  адам  болған 
соң,  айта  береді  ғой.  Кім  білген?  Тағдыр  деген  қызық... 
Ж ә,  енді әңгіме  тізгінін  өзіңе  бұралық.
Драматург Қалтай М ұхамеджанов  үшеуміз Ташкентке 
кетіп  бара  жатып,  сенің  туған  өлкең  —  Оңтүстік 
Қ азақстан  облысына  ат  шалдырып  өтпедік  пе?  Ж олай 
исі 
мұсылман 
өлкесінің 
екінші 
М еккесі 
атанған 
Түркістан  топырағында  ж атқан  Қ ож а  Ахмет  Йасауи 
әкесінің  зиратына  соғып,  тәу  еттік.  Ж о л   бойы  бізді 
Серік  Сейтжанов,  Әлімжан  Қ ұртаев  ж әне  Қуаныш 
Айтаханов  деген  інілерің  тосып  алып,  Отырар  қаһар- 
мандығы  жайында  көп  сыр  ақтарды.  М ен  бұрын  да  өз 
аузыңнан  Отырар,  Арыстанбаб,  Түркістан  хақында  талай

әңгімеге  қанғанмын.  Екі  сөзінің  бірін  О ты рарға  арнал 
оның  ж ау ж ү р ек  батырларын  санамалап,  қ ар а  сөзбен 
ж ы рлап  отыраты ныңа  қы зы ға  қарап,  туған^  ж еріне 
мықтап  байланған  перзенттің  бірісщ -ау  деп  оилаитын-
Кезінде  О ты рар  туралы  дастаны ң  маған  өзгеш е  эсер
қалдырып  еді.
Ш аханов. 
Шіке, 
менің 
туған 
ж ерім м ен
арақаты насы мда  бір  трагедия  бар.  Ә кем  ж ар ы қ ты қ
қадимш е  хат  таныған,  арабш а  ж азы лған  қисса,  дастан-
дарды  көп  оқыған,  ескілікті  әңгімеге  ж үй рік  адам  еді.
Ептеп  молдалығы да  болған.  Кезінде.
...Үйьмдас жалшымен,
Молданы,  байларды 
Қойдай  қ у  қамшымен,  —
деп  ақы н  ж ы рлаған  саясатты ң  кесірінен  туған  топырағы- 
нан  үдере  көшіп,  Төле  би  ауданының  Қ асқ асу   аулына 
тұрм ы сқа  ш ы ққан   Ізет  атты  қы зы н  сағалайды.  Көшіп 
келгенде,  мен  әлі  қы рқы м нан  ш ы қпаған  қы зы л  ш ақа
екенмін.
Әкем  тоғыз  ж асымда  дүние  салды.  Осы  ж а с қ а   ж ет- 
кенше, 
тізесіне 
отырғызып 
алып, 
О ты рарды 
ж ан- 
қиярлы қпен  қорғау  жолында  опат  болған  е р ж ү р е к   баба- 
лары  ж айлы   сан  мәрте  әңгімелегені  ж адымда  н а қ   бір 
тасқа  басылғандаи  ж азы лы п  к,алыпты.  Бәлкім,  пер- 
зентінің  көңіліндегі  туған  ж ерге  деген  олқы лы қты   осы-
мен  толтырайын  дегені  шығар...
Кейде  анамның:  -   Тым  ж ас  қой.  Түсіне  қ о яр   ма
екен?  — деген  күмәнды  қарсылығына:
-   Ж о қ ,  түсінуге  тиіс.  Түсінбесе,  өзіне  қиы н.  Тамы-
рын  тереңге  ж ібере  алмаған  дарак/гың  қаш анда  ғүмыры
келте,  — дер  еді.
Ж е р   қай ы сқан   қолмен  өлемді  жаулап  алуға  ұмтылған
Ш ыңғыс  ханны ң  өскері  О рта  А зияны ң  м үнарасы   көк
тіреген  небір  әсем  ш аһарлары н  бар-ж оғы   бес,  он,  он  бес
күннің ішінде  бағындырып  жатты.  Қ арсы   кёлгеннің  бәрін
ат  тұяғы мен  таптаған 
ж ой қы н  
күш тің 
қаһары н ан
қ ай м ы қ қан  
кейбір 
қала 
әмірлері 
қ ақ п асы н  
өз
қолдарымен  ашып  берісті.  Ал  О ты рар  алты  ай  бойы
ж ауға  алдыртпай, 
ж ан қи ярлы қп ен  
қасқай ы п  
қарсы
тұрады... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет