жағдайда,
барлық болмыстың, жанды мен жансыздың
арасындағы биологиялық байланыс бұзылатын көрінеді.
Ж ер шарындағы таза ауаның азаюына байланысты
ауаны сұйылтып, қатырып, онымен бизнес жасайтын
саудагерлердің шыққандығы жайлы сөз қозғайтын ж а
зушы Александр Беляевтың "Ауа саудагері" атты фанта-
стикалық романы есіңізде болар. Шығармада қалталы
байлар өзі тыныстар өмірлік ауаны қат-қабат жинап ала-
ды да, ақшасыз кедейлер еңбектеп, эр бұтаның түбінен
бір жұтым ауа іздеп, алқымы ісіп, қорлықпен тірлік ке-
шетін еді ғой. Мұны кеше жазушы қиялынан туған қиял-
ғажайып ертегідей қабылдасақ, болашақта өкініші өзекті
өртер шындыққа айналып жүрмегей де.
Жұмыр жердің өзі де соңғы ғасырда ғылыми-
технологиялық дамудың ту-талақай көкпар тартысында
қалды емес пе? Өзімен бірге жүз мыңдаған құрбандық
әкеткен алапат жер сілкіністері мен су тасқындары орта
ғасырлармен салыстырғанда, кейінгі дәуірде бес-жеті есе
жиілепті. Табиғаттың мұндай тосын мінезі адамдардың
аяусыз қатыгездігі мен тойымсыз ашқарақтығына деген
қарсылығы іспеттес емес пе екен? Күндіз-түні есепсіз
алынған мұнай мен газ, көмір, өзге кен шахталары үңги-
үңги жердің ядросына жетпегенмен, үлкен бөлігін нәрін
сорып алған құр қауашаққа айналдыра бастады. Жалпы,
табиғатта басы артық еш нәрсе жоқ дейтін болсақ, онда
біз аса өрескел түрде тепе-тендік заңдылығын бұзған боп
шығамыз. Қарапайым ғана мысал, жер астындағы мұнай
теңізі немесе газ сорылып алынған соң, орны үңірейіп,
бос қалатыны шындық. (Кейінгі жылдары ғана бос
кеңістікті сумен толтыру технологиясы іске қосылды.)
Осының өзі алды жер сілкінісінен бастап барша тіршілік
иесін үш-төрт түрлі залалды кеселге жолықтырады екен.
Әрине, бұл ойдан табиғи қазба байлықтарын өндір-
меу керек деген үстірт пікір тумаса керек. Мәселе, кейін
опындырып жүрмейтіндей етіп, озық тәсілмен, қамқор
көңілмен игеруде ғой.
Айтматов.
Қайбір
жылы
Қазақстан
мен
Қырғызстаннан күздің қараша айында жылы өлкеге
ұшқан жүз мыңдаған аққу, қаз, үйрек бағытынан
жаңылып, аяз қақап тұрған Якутияға қонып, жаппай
қырғынға ұшыраған. Мамандардың пікіріне ден қойсақ,
мысалы, Ыстықкөлде жұмыртқада шайқалып дүниеге
келген балапан келер жылы көктемде, тіпті өмірінің
ақырына дейін, сол туған жеріне жаңылмай қайтып келіп
отыратын көрінеді. Қара суық түскенде Африкаға,
Үндістан мен Цейлонға, Араб елдеріне ұшатын жыл
құстары қайтар жолынан еш жаңылыспай, ауа ағысына
ілесіп, діттеген өлкесіне дөп қонады екен.
Ал ауа-райын жан-жақты айыратын, бағытынан
ауытқуды білмейтін табиғат еркелерінің теріс ұшып,
Якутияға баруына не себеп? Мұның бөрі ауада радиа-
цияның шектен тыс көбейіп кетіп, құстың сезгіштік
қабілетін төмендетіп, жолынан жаңылдырып жіберген-
дігінен шыққан қиямет деседі. Ұшқан құс, жүгірген
аңды діңкелеткен радиация екі аяқты пөндені айналып
өтер
дейсің бе?
Шаханов.
"Кассандра таңбасы" атты романыңызда
киттердің де негізгі бағытынан жаңылып, мүлде теріс
қылық көрсетіп, дембіл-дембіл өздерін жағаға лақтырып
жатқанын қайыра-қайыра суреттегенсіз. Тіршілік атау-
лының ішіндегі ең алып мақұлықтың мынау өмірден баз
кешіп, өлімге бас тігуінде жетінші түйсік құпиясы, ал
оның астарында адамзаттың бір-біріне қақпан құруына
қарсылық, ақырзаман қаупі жатқанын зерделі оқырман
ұғып, біліп отырады. Бәлкім, мұнда киттердің өмір сүрген
ортаның ластануына деген наразылығы да жатыр ма,
әлде әлемнің шектен тыс мазасыз қалыпқа көшуіне көрсет-
кен қыры да шығар, кім білғен...
Жалпы, жердегі биологиялық кіші байланыс бұзыла
келе, Адам - Күн - Ғарыш жүйесінің үлкен бірлігін істен
шығарады, заманақырға жету үшін, міндетті түрде атом
бомбасы жарылуы немесе топан су қаптауы қаж ет емес
деп жазғаныңыз есімде. Бейкүнә құстардың тағдыр ж о
лынан адасуы мен киттердің ұйымдасқан түрде өлімді
қалауы осы ақиқатқа жетелейтін сияқты.
Айтматов.
Табиғатта басы артық епггеңе ж оқ екен
ғой. Ж ер бетіндегі сананың ең биік шыңы — адам десек
(оның өзі шартты нәрсе), ең төменгі сатыдағы құрт-
құмырсқаға дейін табиғаттың тең құқылы мүшесі.
Тіршілік атаулының бәрі тұтасып келіп, үлкен биология-
лық жүйе құрайды. Осының кез келген буыны құрып
кетсе, ішкі байланыс үзіледі де, қоршаған ортаның тепе-
тенділік заңы бұзылады.
Мысалы, қайсыбір жерде балықты жеп құртады де
ген оймен шағалаларды жаппай қырған соң, теңізде эпи
демия басталған. Бақсақ, түрлі сырқатқа ұшырап, шабан
қозғалатын балықтар шағалалардың уысына жылдам
түсіп, жойылып тұрады екен. Демек, шағалалар санитар-
лык рөл атқарып келген.
Шаханов.
Қытайда өткен "мәдениет революциясы"
тұсында "төрт зиянды жәндік" — шыбын, маса, тышқан
мен торғайды түп-тұқиянымен құрту жөнінде қаулы
қабылданған.
Осы бір оқиға жайында Қытай Халық Республикасы-
ның Қырғыз Ре с публи кас ы ндағы Төтенше және өкілетті
елшісі Яо Пэйшень маған мынадай бір қызықты оқиғаны
әңгімелеп берген.
-
1958 жылдың ақпан айында, - дейді ол, - қытай
халқыяың байлығы мен денсаулығьша "ірі мөлшерде зиян
келтірш отырған" төрт жәндікгі жою жайлы мемлекеттік
дәрежеде қаулы жарияланды. Өркениетке жету жолында
жасалған ірі қадам деп баға алған осы қозғалысқа елдің
жасынан бастап жасамысына дейін үлкен мөн берді.
Бұл дүрбелең көктем шыға тіпті науқанға айналды.
Шанхай төңірегіндегі Люйхэ қалашығындағы мекгепте
оқитын мен де осы қызу қозғалыстың бел ортасында
жүрдім. Күн сайынғы сабақты қанша тьппқан ұстап. неше
шыбын мен масаны жойғандығымыз жайлы мұғаліміе есеп
беруден бастайтынбыз. Ішіміздегі кейбір мақтаншақ-
тауымыз өлтірген тьппқандарын жіпке тізіп, шыбын мен
масаны жіңішке істік темірге шаншып, сабаққа ала келетін.
Көзін құртқан зиянкестердің саны неғұрлым көп болса,
соғұрлым мемлекеттік маңызды тапсырманы үздік орын-
даған үлгілі оқупш боп марапатталатынбыз.
Келесі кезек торғайға тиді. Таңмен таласа тұрып,
қолымызға шелек, шылапшын, бамбук ағашын, дауыл-
пазды, даңғыраны, әйтеуір, даусы қатты шығатын
нәрсенің бәрін алып, мектеп ауласына жиналамыз. Содан
соң мүғалімдер бірімізді үй шатырына, екіншімізді ағаш
бұтағына, үшіншімізді алаңдарға, көше бұрышына, жол
бойына орналастырады. Қаланың өзге тұрғындарының да
алдын ала белгіленіп қойылған өз орны бар. Бір мезгілде
шыққан тарсыл, шелек пен шылапшын, даңғыра үні қала
ішін азан-қазан ғып жібереді. Оған түрғындардың
айқайлаған, шыңғырған, қарлыққан, қырылдаған, бар
пәрменімен бақырған, шіңкілдеген жуанды-жіңішкелі
айқайы қосылады.
Құлақ жарған шудан шошынған кішкене торғайлар
ауада әрлі-берлі сабылып, ұша-үша шаршап, шағын
қаланы тастап, далалықтарға бет алады. Біз болсақ оларды
дәрмені құрып, аяғымыздың астына өне-міне құлап түседі
деп күтеміз. Аяғы ұзын, дөмесі күпггілер торғайларды тал-
май қуалап, даланы басына көтеріп, қаңғып кететін...
Ал Пекин мен Шанхай сынды ірі қалалардың
тұрғындары
мен
мектеп
оқушылары
бізден
гөрі
бақьггтырақ: торғайларды топ-тобымен құлатып алып
жүрді. Мұны ерлікке балаған сол кезгі мерзімді баспасөз
кереметтей дөріптеп жазып жатты. Мемлекеттің солақай
саясатынан туған күлкілі өрі аңғал
аңшылығымыз
кейіннен опындыратынын қайдан білейік.
Елде түрлі зиянды майда шіркейлер қаптап кеткен.
Торғайлар, өдетте, әлгі зиянкестердің көзін жойып отырады
8-235
екен гои. ипті торғаиды құртқанмен, егшнің шығымды-
лығы да артпаған.
Міне, табиғаттың төлім болар тағы бір сабағы.
Айтматов.
Ж еке адам бойындағы эгоизм қанат жая
келе, мемлекеттік эгоизмді туғызады. Соның салдарынан
табиғаттың қаншама ғажайып нұсқаларын жоғалтып алдық.
Бірақ мың өкініш бір қажетті өтер ме?
Бөгде планетадан келгендермен (инопланетян) болған
сұхбатта олар:
—
Ж ер беті хрусталь Сарай сынды. Ал адамдар сол
ғажайып Сарайға қамап қойған сүзеген өгіздің рөлін
ойнап жүр, — депті-мыс. Егер рас болса, соншама ащы
ақиқат айтылған.
Бірақ біз экологиялық тәрбие әліппесін балабақша
мен
мектеп . қабырғасынан
бастауымыз
керек.
Бүлдіршіндер адам баласының табиғатқа деген тұрпайы
көзқарасынан зор қасірет туындайтынын сезіп өсуі тиіс.
Жер-жаһанға нұрын төккен Күн де сөнеді деседі.
Қартайғаны шығар. Бауырындағы жан-жануарлары тұрмақ,
жердің де өз жасы, ғұмыры бар. Ол шау тартпағанмен,
алуан түрлі дертке щалдықты. Құтқарар дәру — адамдар-
дың мейірімі! Сол ғана болашақ апаттан арашалап қалмақ.
Қазірде жоғарыда айтқан мемлекеттік эгоизм әсіре
үстемдік құрып тұр. "Өз жеріме өзім қожамьга, не
істесем де еркім: өзен, көлін суалтамын ба, даласын жыр-
тып, шөлге айналдырамын ба, әлде орман, тоғайын
құртамын ба, тіпті өртеп жіберемін бе — ешкім
қолымнан қақпайды" деген менмен саясат табиғаттьщ
тынысын тарылтып бітті. Бір өңірдің көлі өлсе, екінші
жердің ауа райына, үшінші өлкенің барша өсімдігіне
қоса-қабат эсер ететінін ұмытпаған абзал.
Сондықтан әлемдік деңгейде табиғатты қорғаудың
тұтас ғасырлық бағдарламасын жасауға жұмылу — адам-
зат қоғамы алдындағы басты міндеттердің бірі.
Әйтпесе, жоғарыда айтылған хрусталь Сарайымыз
қирап, бүкіл адамзат баласы өзінің өмір бойы істеген
кешірімсіз қиянатынан аһ ұрып, жан азабын арқалаған
Қожажапггың кейпін киюі ғажап емес.
шықңан
бассұйек
немесе
тарихына
Жаксы ма, жаман ба, әділетті ме, әділетсіз бе
-
эр
елдің меншікті тарихы бар. Сондыкдіан оның жақсысын
асырып, жаманын жасыру немесе түрлі косметшалык,
бояудан, жамаудан өткізуге тырысу
Өйткені эр үрпақ
түрлі
адамзат қоғамы
өз ата
алдындағы кешірімсіз күнә.
тарихын
өзге
елдердің
даму,
шарьщтау,
қүлдилау
кезеңдерімен
немесе
оған
себеп
болған
сан
қилы
оқиғалармен
салыстыра
отырып,
ертеңгі
бағытын
түзеуге мүмкіндік алады.
Саған айтар бір сыры бар мылқау қара тастың да,
Өткен күннің бар белгісі жатыр қүмның астында.
Қүм астынан ата-бабаң қүлақ етіп қиякдіы,
Сенің әрбір қимылыңды тыңдап жатқан сшщты.
Шаханов.
Тарихты білмеу - тамырсыздық. Дүниені
мекен еткен ұлы халық па, кіші халық па, бөрібір, жер
жаралып, су аққаннан бері жасалып келе жатқан төл
тарихы бар. Ол қағаз бетіне түсіп, қатталып қалды ма,
өлде уақыт атты құдіреттің табанында тапталып, құмға
сіңіп, жоғалды ма, міне, гөп осында жатыр. Батысты айт-
пағанның өзінде, көршілес жатқан Қытай мен күншығыс
елі атанған Жапонның сан мың жылдық шежіресін
оқығанда, жаныңды әлдебір өкініш билейді. Қызыға да,
қызғана да қарайсың.
Айтматов.
Сәтімен тарих жайлы сөз бастасақ та,
екеуміз де мұрағат қазып, дерек қуған, шежіре мен
жылнаманың шаңын жұтқан кәнігі тарихшылар емеспіз.
Екеуміздің бұл салада білгеніміз бен түйгеніміз, тіпті
біліміміз қарапайым оқырман сауатының шамасында
болуы да ықтимал. Бірақ, қайткен күнде де, әркім өрісі
адамзат баласының, олар өмір кешкен қоғамның даму,
өркендеу, шегіну құбылыстарын, берісі өз ұлтының ке-
шегісі мен бүгінгісін, ата тегін белгілі дәрежеде білуі һәм
қастер тұтуы шарт. Сондықтан өзге өркениетті елдердің
әлденеше
жырта
қарыс
жылнамасының
жанында
қалыңдығы бір-екі елідей ғана боп жетімсіреп тұратын
төл тарихымызға қаламгердің көзімен шолу жасаудың
артықтығы болмас.
Жасыратыны жоқ, түркі тектес халықтардың көп та
рихы кешегі Кеңес Одағының тұсында жазылды. Елдің
мүддесін көздеген небір көтерілістер мен олардың бас-
шыларының жанқиярлық ерлік істері, халқын сыртқы
жаудан жан сала қорғаған батырлар мен әділетті хан, 6и,
бектердің
әрекеттері
тоны
айналдырылып,
кейінгі
ұрпағына басбұзар, құбыжық бейнесінде көрсетіліп жат-
ты. Кешегі 50-жылдарға дейін төл тарихымыздың шын-
дығын жазуға талаптанған білгір ғалымдардың қаншасы
империялық бұғаудың құрбанына айналып, қуғын, зәбір-
жапаны бастан кешті. Халықты өз тарихынан зорлап
ажыратып, не ата, не әке тәрбиесін көрмеген баладай
етудің соңында қандай астарлы саясат жаткднын жақсы
білеміз.
Шаханов.
Сол кезеңде тарихи тақырыпта сөз қозғала
қалса, қазақтың көрнекті ақыны, марқұм Тайыр Ж аро-
ков: "Өзім де қумын, Қазан төңкерісінен әріге аттап бас-
паймын", - деп әзілдейді екен. Ілгері тарихымыздың
құпиясын ақтарамын, отын көсеймін деп, небір марқасқа
замандасының қолы күйгенін, жазықсыз азап шеккенін
өз көзімен көрген ақын сөзінде жан күйзелтер ащы сар
казм жатқан ж оқ па?
Шіке, кітаптың басқа бөлімдерінде өзіміз бастан кеш-
кен,
куәсы
болған,
түйсігімізбен
танып,
білген
оқиғаларды, яғни көңіл қатпарында жатқан сырымыз бен
шынымызды ортаға салып, ой бөлістік. Ал тарих дәрісі
үлкен дайындықты, ыждағаттылықты талап етеді. Бұл
аузымыздан шыққан лебізді қақшып алып жатқан маг
нитофон таспасы арқылы желдірте әңгімелеп өте шыға-
тын оңай тақырып емес. Әлемнің әр түкпірінде жария-
ланған тарихи кітаптарды, түрлі шежірелер мен жылна-
маларды, өз қойын дәптерлеріміздегі жазуларды ақтарып,
салыстырып, алуан оқиғаларды ой безбенінен өткізген
соң ғана әңгімеге отырғанымыз жөн болар. Бүл бөлімнің
қиындығы да осында.
Тарихты
зерттеген
кейбір
ғалымдарымыз
көне
мұраның өзін қалауынша өрбітіп, бірін қолдан көтермелеп,
марапаттап, екіншісін көрнеу көзге тұқыртып келді. Тіпті
бірінен-бірі көшірген (плагиат) еңбектер де жауыннан
кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Өзі өмір сүрген
қоғамда ел-жұртқа залалын тигізген бәзбір қаныпезер
тү лғаларды,
әйтеуір,
қисынын
тауып,
халықтық
қаһарманға айналдыру кең етек алып барады. Мәселен,
Сібір хандығын құлатып, Батыс Сібірге дейінгі кеңістікті
қанға бөктірген Ермак пен оның қарақшылары неге бір
ғана халіықтың таным, түсінігімен бағаланып, құрмет
биігіне көтерілуі тиіс? Сол сияқты монғол жұртының
көңілін бағып, өткен күндердің обал-сауабын еске алмай,
қылышынан қан сорғалаған Шыңғыс ханды және сол
деңгейлес қанды тұлғаларды қалайша әспөттвп, шаң
жұқтырмай марапаттаймыз ? Сөз жоқ, олар белгілі
дәрежеде туған еліне, жеріне жақсылық әкелген шығар,
баз бірі сәулетті сарай соқтырып, кешендер мен мешіт
салдырып, өркениетке азды-көпті үлес қосқан болар.
Бірақ таразының екінші басында жатқан олардың
зұлымдық әрекеттерін қайда қоямыз? Оны немен
ақтаимыз? Демек, тарихты таразылау дегеніміз — бір
халықтың немесе сыңаржақ зерттеушінің жетегінде
кетіп
қалмай,
бөле-жармайтын
қалыстықты,
алып-
қоспайтын туралық пен азаматтық биіктікті иелену және
сол тұрғыдан баға беру деген сөз.
Бұдан тайсаң, барды баптаған, жоқты таптаған баба
тарихтың алдында бір, ал болашақтың алдында мың
мәрте күнәһар атанасың.
Айтматов.
Менің
ойым
да
осыған
саяды.
Байқаймын, екеуміз, негізінен, түркі халықтарының та-
рихынан сөз қозғайтын сияқтымыз. Оған нәсілі басқа,
тілі өзге, бірақ тілегі бір оқырмандарымыз тарыла
қоймас. Өйткені исі түркі халықтарының тарихы басқа
жұртқа қарағанда аз хатталды. Кейбірі шапқыншылық,
жаугершілік заманның салдарынан ат тұяғына тапталды.
Ал
бірен-саран
нүсқасы
шетел
мұрағаттарында,
мұражайларында сақталып қалды. Оның өзі — желісі
үзілмеген тарих емес. Сондықтан әр халықтың тілінде
жазылып, әр ғасырдың шеңберінде жарық көрген, бірақ
тұтас хронологиялық жүйесі сақталмаған қырғыз бен
қазақтың, қала берді өзге түркі халықтарының тарихын
бір ізге түсіріп, шолу жасап, оқырманға ұсынсақ, осы-
ның өзі елеулі еңбек болмақ. Осы ізгі ниеттің үстінде
отырған екеумізді өзге жұрт, қанаттас халықтардың зия-
лылары: "Е, көлеңкесі өздерінен аспапты ғой. Біздің та-
рихымызды ауызға алмай, жалаң түрікшілдік жолмен
кеткен екен", — дей қоймас.
Біздікі бөліну емес, қайта көз жазып қалған жоғы-
мызды түгендейік, шашылғанымызды жинайық деген
жәдігер көңіл, жақсы тілек.
“Эке баласы үшін қандай жауапты болса, әр халық өз
тарихының алдында сондай жауапты" — деген екен Әбу
Насыр әл-Фараби бабамыз.
Ж ер шарының түкпір-түкпіріне адамзат баласы Аф
рика құрлығынан тараған деген археолог ғалымдардың
қисыны шындыққа жанаса ма, жоқ па, — төреші болар
біз емес. Бірақ төрт миллиардтың үстіндегі халықты
тұтастырып тұрған жүздеген ұлт 'пен ұлыстың, алуан
нәсілдің о бастағы шығу тегі мен' өсіп-өркендеу, даму
сатылары болғанын білеміз. Осы ұзаққа созылған эво
люция кезеңін зерттеушілеріміз ерте дүние тарихы, орта
ғасырлар тарихы, кейінгі дәуір тарихы деп, басты-басты
үш бөлікке бөліп атайды. Осы үш кезеңнің қойнауында
адамзат баласының аса күрделі тарихы жатыр.
Бағзы дәуірде өмір сүрген бабаларымыз бен алемдік
табиғат арасындағы қарым-қатынастың өзі, қарап отыр-
саң, аса шиеленісті жағдайда әрі бір-біріне тәуелді түрде
дамығанына көз жеткіземіз. Құрлықтың денін су басып,
көп өңір тоң мен мүз құрсауында қалғанда, ақ, қара,
сары һәм қоңыр нәсілді пәнде баласы қай өлкеге қоныс
аударды, кім-кіммен ырыздығын бөлісті - көп жағдайда
жұмбақ. Өйткені адамзаттың жаралу тарихының өзі әлі
күнгө беймәлім. Десе де адамзат нәсілі ж ер шарындағы
экологиялық ахуал жақсарған кейіягі 10 - 12 мың жыл-
дықта ғана емін-еркін дами бастаған. Ғалымдарымыз
адамның алғашқы еңбек құралы не нәрсе екенін тап
басып білмесе де, жерге иіліп, алғашқы өсіргені — бидай
дәні екенін. дәлелдеп шықты.
_
Біздің жыл санауымызға дейінгі және одан кейінп ерте
дүние тарихьша көз жіберсек, барша халық өзінің ба-
лаңдық дәуірін бастан кешкен. Неміс пен ағылшын, испан
мен француз, жапон мен корей, фарсы мен араб, үндіс пен
қытай - қай-қайсысында да бейбіт қатар өмір сүру, таным
көкжиегін кеңейту, тайпалық бірліктен үлыстық одаққа
үмтылу талабы басым болды. Осы үлыст-ардың жуан орта-
сында Орта Азия топырағын мекендеген, тағдырдың ай-
дауымен тіпті Алтайдан сонау Румға, Ираннан Солтүстік
мұзды мұхитқа дейін жөңкіген сақ, ғұн тайпалары да тірлік
кешіп жатты. Бүл халықтардың қайсысы алдымен қала са-
лып, қорған соқты, қайсысы өнер-білімге ұмтылып, өріп
таныды, қайсысы ат жалын ерте тартып мініп, жаугер-
шілікке үмтылды, — тап басып айту қиын.
Мәселен,
қазіргі Қазақстан жеріндегі ең көне
қорымнан табылған қару-жарақты немесе өшекейлі зат-
ты, бұл біздің ерте дәуірде өткен бабаларымыздың көзі
еді деп, еншілей кетуге де үлкен ғылыми сауаттылық
қажет. Өйткені бүл алып өлкені б.з.д. VIII
III ғасырлар-
да жеті түрлі халық жайламады ма? Бұл тек біздің
білетін дерегіміз. Ал оның арғы жағында кднша үлт ошак,
құрып, от жақты, ұрпақ өргізді, - бізге беймәлім. Тіпті
ж оқ па? Немесе Римнің көне қорғанынан таоылған ду-
лыға кезінде ғұн жауынгерінің тері сіңген бас киім бо
лып жүрмесіне кім кепіл?
Демек, ерте дүние тарихын жасауда жер шарын ме-
кен еткен халықтардың әр қилы деңгейде өз қолтаңбасы
бар екені даусыз.
Шаханов.
Адамзат баласы жерден енді бауыр көтерген
алғашқы қауымдық құрылыста, бәлкім, біркелкі даму
сатысынан өткен шығар. Келе-келе тіршілік ауаны, тари
хи оқиғалар мен алуан түрлі жағдайлар бірін ілгері
оздырып, екіншісін кейінге қалдырып отырмады ма?
Мәселен, әлемдік өркениет алдындағы Африканың кейбір
тайпалары мен американдықтардың, жапондықтар мен
үндістердің қазіргі жер мен көктей айырмасын немен
түсіндіреміз? Бірінен екіншісін парасат, пайымы кем еді,
заман көшіне сол себепті ілесе алмады деп қиып айту
қиянат болар.
Америка
құрлығы
ашылғанға
дейін
ұлтгық
мәдениетін, еркіндігі мен салт-дәстүрін бұзбай сақтаған
үндістер
соңғы
үш
ғасыр
көлемінде
күшпеи
қоныстандырылған жерлерде ғана өмір сүру құқына ие
болып қалған ж оқ па?
Айтматов.
Мұның бәріне кінәлы - отаршылдық
психология еді. Әлемнің көптеген ғалымдары отарлық
жүйенің қамытынан босамаған Африка мен Азия
құрлықтары немесе Австралия байырғы тұрғындарының
ғасьфлар бойы экономикалық, саяси жөне мәдени
жақтан артта қалып қою себебін сол халықтардың
өздерінің тұрмыс жағдайынан, еңбекке бейімсіздігінен
туындап отыр деген жалған қағида ұстанып келді. Шын
мәнісінде ғой, оның ең басты себебі - сол елдерге
қатысты ғасырлар бойы жүргізіліп келе жатқан отарлық
саясат стратегиясы екенін мойындағылары жоқ. Осыдан
кәсіпшілдік
теориясы
өріс
алып,
кеселді
насихат
құралына
айналды.
Мұның
өзі
аеқына
келе,
дүниежүзілік небір жойқын соғыстардың шығуына
түрткі болды.
Даму сатысында отырған кейбір мемлекеттердің
қолайлы кезең, экономикалық ыңғайлы мүмкіндік туса,
аз жылда оза шабуы ғажап емес. Тіпті өзінің мәдениеті,
түрмысы жағынан Азия құрлығынан қозы қөш кейін
қалып қойған Еуропа елдері тек соңғы .төрт ғасырдың
көлемінде қарқынды өркендей баста/(ы емес пе? Немесе
кешегі өлемдік аренада салмағы жоқ Корея, Тайван, Син-
гапурдың қазірде дүниежүзілік ңаруықтың алдыңғы
шебіне шыққанын немен дөлелдейміз?
Шаханов.
Ойлау еркі мен орындау құзырының ара-
сындағы жік, бостандық пен бұйыру ортасындағы ал-
шақтық өлі күнге бітіспей келеді. Тән құлдығы жүрген
жерде жан азабы қатар өрбиді. Осы екеуі біріге келіп,
тұтастай ұлттың мөдениеті мен салт-санасы, дөстүріне,
жалпы парасат, пайымына, арғы-бергі тарихы мен этно-
фафиясына деген жан-жақты салқын көзқарасты туды-
рады. Өткен ғасырларда орыс дворяндары мен зиялыла-
рының ана тілінен безініп, оны кедей-кепшіктің қатынас
құралына дейін төмендетіп, өздері француз тіліне көшіп
кеткені нақты дәлел бола алады. Немесе, жоғарыда
айтқанымыздай, Көшім хандығын түп төркінімен жойған,
іргелі елді қанға бөктірген Ермак жорығын дәріптеп,
"Сібір халықтарын жарқын болашаққа бастаушылар" деп
келдік емес пе? Сол сияқты патшалы Ресей отаршыла-
рын да Орта Азияның мешеу жатқан халқын жабайы-
лықтан құтқарушы, мәдениетін өркендетуші қатарында
санап, дәріптегенімізді қай қисынға жатқызамыз.
‘ Жалпы, әлем тарихында тілдес, діндес, қарулас ха-
лықтардың өзге, өзі бұратана санаған халықтарға иық
көрсетуі — ежелден бері тамыр жайып келе жатқан
нәубет.
Нәсілшілдік теорияның ең ауыр қиянаты — тарих ал-
дындағы жалғандық еді. Бір елдің нарқын көтеріп,
даңқын әспеттеу үшін, кенже дамыған, яки рухани сы-
байлас емес екінші бір іргелі жұртты шетке қағу, оған
тарих
сахнасынан
орын
бермеу,
қолдан
түқырту
үстемдік қүрып келді. Мұндай империялық астамдықтың
күні біз үшін келмеске кетті десек те, қаншама
ұрпақтың санасын улап, рухани жағынан кемтар етті
десеңізші!
Айтматов.
Ал "Хан патшалығы тарихы. Батыс еңір
шежіресі" деген құнды еңбекте осы Орта Азияны жай-
лаған сақтарды өте батыр, жауынгер халық, қасына
қатал, досына адал деп суреттей келіп, "олар соғыста
өлтірген жауының бас сүйегіне ішімдік құйып ішеді, жон
терісінен шылбыр еседі" деген. (Әрине, өткен ғасырларда
мұндай қаныпезерлік әр халықтың өмір тарихында
болған, біз мұны мадақтаудан аулақпыз. Сондықтан ке-
шегі шындықты бүгін сол қалпында айтсақ, ешкім
кінөлай қоймас.) Сақ тайпаларының хандары қайтыс
болса, қарамағындағы жұрт тегістей аза тұтып, шашын
жұлып, бетін жыртып, қолын оқпен теседі екен. Ханды
қорғандарға
жерлеп,
жанына
ханымы
мен
қызметшілерін, аттары мен қару-жарақтарын, алтын,
күміс ыдысы мен тамағын , қоса көметін дәстүрді
тұтынған.
Шаханов.
Жаугершілік замандағы бір халықтың
екінші~халыққа жасаған қиянатына өкпе айтқаннан не
пайда? Бірақ өкініші өзегіңді өртеп, тыншу да бермейді.
Мәселен, қазақ ақынының:
Арабтар келгентен тек келмеді,
Бас болды ат артына бөктергені.
Сынтастың жазуларын қырып тастап,
Тарихқа қиянат қып өктемдеді...
Кешегі ойма жазу орынына
Жыландай иреңдеген әріп мінді,
-
деп жаэғанына зер салайықшы.
Айтматов.
Осы өлеңдегі ойма жазу дегенде қандай
мән жатыр? Ғұн жазуы бізге жетпей қалды. Қытай жаз-
баларында түркі тілдерінің сол ғұннан бастау алғаны
айтылады. Исі түркі халықтарының тотемі - бөрі. Бұрын
олардың туында көк бөрінің басы бейнеленгені сон-
дықтан. Аңызға сүйенсек, ғұн патшасы бөрінің нәсілі
екен. Елге жау тиіп - қанды қырғын басталғанда,
әміршінің барлық баласы қаза табады да, кенже ұлы тірі
қалады. Оның өзінде жау тайпаның сарбазы баланың екі
қол, екі аяғын шауып, содан кейін бейшараны батпаққа
лақтырып тастап кетеді. Кейіннен баланы қаншық
қасқыр тауып алып, асырап, өсіріп, екеуі некелі болып —
он ұл көрген дейді. Сол онның ең кішісінің аты Ашина
екен. Түркі қағандарының әулеті осы Ашинадан тарайды.
Қаншық қасқырдың өзге балалары: Қыпшақ, Қырғыз,
Татар т.б. деп аталған да, кейін олар түркі халықтарының
этнонимдеріне айналған.
"Тотеміміз - көк бөрі” дегеннен шығады, жас сәбиді
Достарыңызбен бөлісу: |