ТҮЙІН
Мақала XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың бірінші жартысындағы оқытуды
технологияландыру педагогиканың халықаралық үрдісі ретіндегі мәселелерді зерттеу негізін
қарастырады. Ғалымдардың ғылыми еңбектері анализі негізінде, педагог-практиктердің оқытуды
технологияландыру тәжірибесі мен теориясы шеңберінде, оқытуды технологияландыру үрдісінің
қазіргі заманғы мақсаты мен міндеті анықталады.
RESUME
The article deals with the research of questions of technologization of teaching as the international
tendency of pedagogy of the second half of the XX
th
– the beginning of the XXI
st
century. Based on the
analysis of scientific works of scientists, educators, practitioners in the field of theory and practice of
technologization of teaching there has been defined the mission, the goal, the objectives of
technologization of the learning process at the present stage.
138
Филология
139
УДК 81’23:81’25
С.Б. Загатова
Евразийский гуманитарный
институт, канд. филол. наук,
профессор
Французское
союзное наречие
aussi в следственном
значении
Аннотация
В статье рассматривается союзная функция
французского наречия aussi в следственном
значении.
Фундаментальные
исследования
французских
грамматистов
позволяют
рассматривать наречие aussi среди собственно
союзов. Употребление aussi способствует тесной
смысловой связи между компонентами в рамках
сложного
предложения
и
сверхфразового
единства.
Ключевые слова: следственное значение,
предложение, сверхфразовое единство, союзное
слово, логическая категория, причина, следствие,
Во французской грамматике aussi в
следственном значении (c’est pourquoi) относится
к числу наречий, употребление которых в
союзной функции не вызывает сомнения.
Большинство французских грамматистов
рассматривают aussi в следственном значении
среди
собственно
союзов,
выражающих
сочинительную связь (Л.Теньер, М.Гревис,
Ф.Брюно и др.), и не заостряют внимания на
«механизме»
следственных
отношений,
выражаемых aussi.
Ж.Галише указывает на логическую природу
aussi следственного, рассматривая его среди
«сильных» союзов. «Сильным» союз является, по
мнению Ж.Галише, в том случае «…lorsqu’elle est
indispensable pour préciser le rapport entre termes и
тогда « La conjonction forte introduit entre les deux
termes qu’elle unit des rapports logiques très variés»
[1, c.55].
Пожалуй, из всех французских грамматистов
необходимо отметить Ж. и Р.Лебидуа, которые
более критически подошли к вопросу об
отнесении aussi следственного к сочинительным
союзам (хотя эти же лингвисты, как и другие,
рассматривают aussi следственное в главе,
посвященной
сочинительным
союзам):
«Cependant à la différence des coordonnantes
proprement dites (et, ou, ni, mais) qui sont le plus
souvent de simples signes algébriques, aussi ne se
contente pas de coordonner: il met la proposition
qu’il introduit sous la dépendance de la proposition
précédente, à laquelle il s’unit par une relation
logique et sémantique très étroite. Cela est si vrai que
dans la plupart des cas, aussi entraine l’inversion du
sujet» [2, с.483].
140
Большинство лингвистов в основном определяют aussi следственное как
функциональный эквивалент сочинительного союза. С сочинительными союзами
объединяет его, во-первых, обязательность начальной позиции, во-вторых, отнесенность к
предложению в целом, а не к его отдельному члену. Например: Il pleut, aussi nous ne
sortirons pas.
Фиксированная (начальная) позиция союзного aussi при оформлении следственных
отношений объединяет его с сочинительными союзами. Союзное наречие aussi (как и все
сочинительные союзы) находится всегда перед вводимым предложением
(1) «Nous savons très bien que la plupart des nos clients disposent peu d’argent et que la
fréquence des suicides est inversement proportionnelle aux soldes crediteurs des comptes et en
banques. Aussi nous sommes – nous efforcés, sans jamais sacrifier le confort, de ramener les
prix du Thanatos au plus bas niveau possible» (Maurois).
(2) «Lorsqu’il avait donné des ordres à tout le monde, surveille la manoeuvre, il lui restait
une longue qu’il fallait remplir. Aussi le passager lui fournissait-il une distraction précieuse»
(Green).
В логике под следствием понимается то, «что логически с необходимостью вытекает
из чего-то другого, как из своего основания» [3, с.549], а «что-то другое» является
причиной, вызывающей следствие.
Категории причина и следствие находятся в диалектическом единстве: причина
является основанием для другого явления – следствия; следствие вытекает только из
причины.
В языке эти логические категории передаются через смысл предложений:
предложение, содержащее причину (основание) всегда будет предшествовать
предложению, содержащему следствие (результат) этой причины. Предложение, вводимое
союзным наречием aussi и содержащее в себе следствие, может помещаться вместе с
предложением, содержащим основание этого следственного предложения в одном целом:
(3) «Les ouvriers, beaucoup plus favorisés que nous, n’avaient pas à « representer », aussi
pouvaient-ils s’offrir du poulet tous les dimanches» (Beauvoir ).
(4) «Pour y briller, il jugeait qu’une femme devait avoir non seulement de la beauté, de
l’élegance, mais encore de la conversation, de la lecture, aussi se réjouit-il de mes premiers
succès de l’écolière» (Beauvoir ).
Но в большинстве случаев, предложение, заключающее следствие, употребляется
после точки. В таком употреблении aussi выходит за пределы предложения, оформляя
следственные отношения между самостоятельными предложениями сверхфразового
единства:
(5) «L’important était avant tout de ne pas aborder le roc en aveugle. Aussi nous
interdissait-on, sous peine des sanctions les plus graves, le survol des mers de nuages au -dessus
des zones montagneuses» (Saint- Exupéry).
(6) «La vie est un spectacle continu. Les mêmes «actualités» repassent les trente ans et l’on
s’en lasse. Aussi, l’un apres l’autre les spectateurs se levent-ils pour sortir» (Maurois ).
(7) «De l’enthousiasme naïf et révélateur avec lequel il parlait de l’art précolombien, de la
savane ou des Andes; de son goût, absurde et subit, pour tous les Sud-Americains de passage à
Paris, de son attitude, véritablement insensée pendant un récital de chants Clamencos au théâtre
des Champs-Elyséees, il n’était pas conscient. Aussi ne pouvait-il comprendre pourquoi Pauline
demerait sombre et poussait de profonds soupirs, durant les silencieux repas qu’il faisaient en
tête-à-tête» (Maurois).
Если воспользоваться семантической трактовкой aussi следственного, предлагаемого
Ш.Балли [4, с. 65-66] (aussi = à cause de ceIa; в нашем случае cela = содержанию
предшествующего предложения, выражающего причину), то aussi будет вмещать себя и в
предшествующей части. Следовательно, aussi как бы привносит смысл предшествующего
предложения в содержание предложения, которое оно вводит, тем самым, способствуя
141
тесной смысловой связи между компонентами (независимо от того, находятся ли они в
рамках сложного предложения или сверхфразового единства).
Таким образом, союзное aussi в следственном значении передает отношение
следствия по отношению к предыдущему предложению, заключающего в себе причину.
Кроме того, оно способствует тесной смысловой связи между компонентами в рамках
сложного целого и в рамках сверхфразового единства. Следует также заметить, что при
оформлении следственных отношений наблюдается более самостоятельное употребление
aussi без сочетания с собственно союзами.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1
Galichet M. Grammaire structurale du français moderne. - Paris, 1964.
2
Le Bidois G.et R. Syntaxe du français moderne. - Paris, 1969.
3
Кондаков И.И. Логический словарь. - М.: Наука, 1975.
4
Балли Ш. Общая лингвистика и вопросы французского языка. - М.: Изд-во
иностранной литературы, 1955.
ТҮЙІН
Мақалада анықтау мәнді жалғаулық үстеу қатысқан француз айтылымдарының
ерекшеліктері зерделенеді.
RESUME
The article contains researching the peculiarties of the French language expressions with
the conjunctional adverb aussi in the consequential meaning.
142
ӘОЖ 82.512
Ж.М. Қоңыратбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті,
филол. ғыл. канд., доцент
Б. Әбдуәлиұлы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті,
филол. ғыл. д-ры, профессор
М.Ж. Тусупбекова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті,
филол. ғыл. канд., доцент
Көше
атауларындағы
Астана қаласының
тарихы: бергені
мен берері*
Аннотация
Мақала
Астана
қаласының
көше
атауларының номинациялану, реноминациялану
тарихын зерттеуге арналған. Бұл ғылыми жұмыс
ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік гранты аясында
жүргізіліп жатқан ізденістер негізінде әзірленді.
Мақала Астана қаласының мемлекеттік мұрағат
материалдары бойынша дайындалды. Авторлар
көше атауларындағы Елорда тарихының бүгінге
дейін бергені мен алда беруі тиіс деген
мәселелерін қоғам, ғылыми орта назарына
ұсынады.
Түйін сөздер: ономастикалық кеңістік,
годонимия құбылысы, тілдік портрет, номинация,
тіл саясаты.
Белгілі бір мемлекет орталығының тілдік
портреті – онимдер жүйесі сол елдің тұтастай
мәдени-экономикалық, тарихи-саяси келбетінің
айнасы болып табылары сөзсіз. Жалқы есімдердің
барлық түрі дерлік (топонимдер, антропонимдер,
космонимдер,
зоонимдер,
годонимдер,
прагмонимдер және т.б.) кез келген ұлт тілінің
сөздік қорын толықтыруда аса маңызды орынға ие.
Олар белгілі бір ұлттың мәдени-тарихи және тілдік
коды ретінде қызмет атқара отырып, сана,
мәдениет және тіл мәселелерін кешенді зерттеп,
зерделеуге көмектеседі. Бұл тұрғыдан алғанда,
Астана қаласының ономастикалық кеңістігін
(годонимдер
жүйесін)
тарихи-хронологиялық
тұрғыдан қарастыру қазақ халқының тарихи және
мәдени-тұрмыстық өмірінің ашық ақпарын берері
анық. Себебі тілдің қоғам тарихынан, әлеумет
өмірінен тыс өмір сүрмейтіндігі белгілі. Бұл
жөнінде қазақ тіл білімінде ономастиканың
ғылыми негізін салған ғалым Т. Жанұзақов тарихи
ономастиканың халық тарихымен байланысына
қарай өзіндік ерекшеліктері болатындығын атап
өтеді. Ғалым атап көрсеткендей, «ономастика, ең
алдымен, тіл тарихына тән лингвистикалық
ғылым. Өйткені оның грамматикалық әрі
фонетикалық заңдылығы халық тіліне тән. Олар
халықтың бай тілінен жасалады. Сондықтан да
құрамында әр дәуірге тән сөздер кездеседі» [1, 9].
* Мақала «Разработка принципов научно обоснованной номинативной политики г. Астаны в контексте
формирования казахстанского ономастического пространства» атты ҚР БжҒМ-ның мемлекеттік гранты
аясында әзірленді.
143
Біз Астана қаласының ономастикалық кеңістігін, оның ішінде годонимдер жүйесін
тарихи-хронологиялық тұрғыдан зерттеуде оны шартты түрде үш кезеңге жіктеп
қарастырдық:
І кезең - 1862-1919 жылдар аралығы.
ІІ кезең - 1920-1991 жылдар аралығы.
ІІІ кезең - 1991-2015 жылдар аралығы.
Бұл жіктеліс халық өмірінің даму динамикасымен тікелей байланысты. Халықтың
өткені де, бүгіні де оның тілінде сайрап жатады. Бұл жайт, әсіресе, жалқы есімдер
табиғатына ерекше тән. Себебі тілдік қорда онимдер апеллятивтерге қарағанда тарихи
кезең туралы шынайы, нақты ақпараттарды мол бере алады.
Белгілі бір тіл өзінің өмір сүру барысында екі түрлі жолмен дамып, толығып, тіпті
байып отыратындығы белгілі. Бірі – ішкі мүмкіндіктің есебінен болса, екіншісі – сыртқы
күштердің әсерінен [2, 131]. Астана қаласының годонимдер жүйесінің тарихында бұл
аталған интралингвистикалық та, экстралингвистикалық та факторлардың ықпалы аса зор
болған. Аталған үш кезеңнің бастан кешірген оқиғаларына байланысты оның арасалмағы,
әрине, әр басқа.
І кезең Астана қаласының Ақмола (Акмолинск) болып тұрған уақытымен
байланысты. Астана қаласының тарихы 1830 жылдан, яғни Қараөткел алқабында Ақмола
бекінісінің салынуымен басталады. Алғашқы кезде Ақмола бекінісінің құрылысы өте
қарапайым болған. Тарихи деректер бойынша 1838 жылдары бекіністе он бес шақты ғана
отбасы тұрақты мекен етіп келген. Қазыналық бірнеше құрылыстан басқа 10 шақты ғана
тұрғын үй болған [3, 73]. Қала ономастикалық атаулары оның әлеуметтік өсуімен бірге
туындай бастайды. Ақмола бекінісі 1939-1840 жылдары салынса, оның жандануы 1850
жылдардан бастау алады. Алғашқы стратегиялық құрылыстар, көшелер салына бастады.
1862 жылдан бастап Ақмола қаласы Батыс Сібір мен Орта Азия арасындағы негізгі бекет-
қалаға айналады. «Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 жылы
қала мәртебесі берілді» [4, 487]. Ақмола қала мәртебесін алғаннан соң оның әл-ауқат
күйіне мән беріле бастаған. Оның үстіне 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уез
орталығына айналды. Орта Азия мен Сібір, Орал өңірлерін жалғастырып тұрған Ақмола
шаруашылық, сауда жағынан жедел дами бастады. Ақмола қаласының әлеуметтік
жағдайы нығайып, орыс, татар, қазақ халықтарының арасынан көпестер шыға бастады.
Қалада сауда орындары, медресе, шіркеулер, кітапханалар ашыла бастады. Қала
халқының демографиялық картасы да ұлғая бастады. 1897 жылғы бүкілресейлік халық
санағы бойынша Ақмола қаласындағы халықтың саны 9 мыңнан асса, «1914 жылы қала
тұрғындарының саны 15 мыңға жетті» [4, 487]. Бұның бәрі Ресей патшалығының тікелей
отарлау саясаты арқылы жүзеге асырылған еді. Елдегі бұл тарихи-идеологиялық жағдай
қазақ ономастикалық жүйесіне барынша әсер етті. Ұлттық ономастика жүйесі дәл осы
кезеңнен, яғни ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап бірқатар өзгерістерге ұшырағаны
тарихтан белгілі. 1873 жылы қалада 56 көше, 4 алаң, 169 орам (квартал) болған. Бұл
ономастикалық атаулардың дені орыс тілінде көрініс тапты. Мәселен, қаланың
годонимдер жүйесін алар болсақ, онда ұлттық бояу, халықтық таным мәселелері аса бой
көрсетпейді. Ақмола қаласы көшелерінің атаулары сол кездегі тарихи-мәдени, діни-
нанымдық жағдайларға орай аталды. Бұл туралы А.Ф. Дубицкий «Город на Ишиме» атты
еңбегінде былай деп жазады: «Дома строились деревянные, одноэтажные, иногда
двухэтажные, комбинированные... Названия улиц в какой-то степени отражали историю и
положение города: Торговая, Большая Базарная, Малая Базарная, Гостинодворская,
Караванная, Чернобродская, Акмолинская, Крепостная, Станичная, Церковная, Мечетная,
Степная, Постоятельская, Думская, Татарская, Тюремная и т.д.» [5, 44]. Жоғарыда
көрсетілген көше атаулары жергілікті жерде сауда-саттық, әкімшілік, діни жұмыстардың
жүргізіліп, елдімекенге кейбір ұлт өкілдерін миссионерлік мақсатта арнайы
144
жіберілгендігінен хабар береді. Ақмоланы өз иелігіне алуды көздеген Ресей отаршылары
қаланың ономастикалық, яғни тілдік-мәдени тағдырын үнемі қадағалап отырды. Елді
отарлау саясатының бір тетігі – оның тарихи-мәдени құндылықтарын жою екендігін
ұмытқан жоқ. Мұрағат құжаттарынан табылған Ақмола қалалық басқармасының 1914
жылдың 30 мамырындағы № 6 мәжілісінің мына бір хаттамасы соның айғағы. Тарихи
деректі ашық сөйлету мақсатында мәтінді толықтай бердік: «Акмолинская городская
управа, в составе присутствующих, обсуждала предложение г. Акмолинского губернатора
от 20 марта с.г. за № 270, из которого видно, что по постановлению городской думы,
состоявшемуся 19 февраля с.г., между прочим даны названия улицам – «Болотная»,
«Безымянная 1», «Безымянная 2» и «Безымянная 3», но Его Превосходительство
предлагает переименовать означенные улицы, так как присвоение таких названий
указывает лишь на неблагоустройство города, называть же при том улицы одинаковым
именем представляется не желательным... По выслушании означенного предложения,
городская управа, вполне соглашаясь с таковым, нашла возможным данные улицам
названия заменить следующими: Болотной – «Выездная», как ведущая к выезду из города,
вместо Безымянной 1 – «Короткая», Безымянной 2 – «Граничная» и Безымянную 3-ю
оставить с названием «Безымянная» [6, 106]. Жалқы есімдердің номинативтік сипатына
географиялық,
тарихи,
идеологиялық,
дүниетанымдық,
әлеуметтік,
мәдени
экстралингвистикалық факторлар әсер ететіні белгілі болса, Астана қаласының
ономастикалық кеңістігінің алғашқы кезеңінде саяси-идеологиялық фактор тікелей әсер
еткен деуге болады.
ІІ кезең 1920-1990 жылдар аралығын қамтиды, бұлай жіктеу Қазақстан тарихындағы
Кеңестік дәуірмен байланысты. Бұл кезеңдегі Астана қаласының ономастикалық
кеңістігін іштей екі кезеңге бөліп қарауға болады:
1) 1920-1960 жылдар, Ақмоладан Целиноградқа дейінгі аралық;
2) 1961-1990 жылдар, Целиноградтан Ақмолаға дейінгі аралық.
1917 жылы патшалық Ресей өкіметі құлағаннан кейін Ақмола қаласында басқа
аймақтардағыдай қалалық Совдеп құрылды. Елде большевиктер билігі орнай бастады. Бұл
тарихи оқиғалар қаланың ономастикалық кеңістігіне де бірден ықпал ете бастады.
Бұрынғы көше атаулары жаңаша айдар тақты. Ақмола (құжаттарда - Акмолинск) қалалық
уездік атқарушы комитетінің 1920 жылғы 16 қарашасындағы № 70 п.7 хаттамасының
шешімімен Қазан Төңкерісінің үш жылдығына орай қала годонимиясы едәуір
реноминацияланған. Мәселен, қала көшелерінің атауларын ауыстыру жайында мұрағат
құжаттарында мынадай дерек сақталған: «Батыстан шығыс бағытына қарай созылып
жатқан Степная көшесі – Урицская болып, Новая – Троцская болып, Церковная – Ленин
болып, Училищная – Коммунистическая болып, Малая Базарная – Пролетарская болып,
Большая Базарная – К. Маркс болып, Хлебниковская – Октябрская болып, Татарская –
Ужджус болып, Береговая – Интернациональная болып, Мечетная – Бахитов болып,
Акмолинская – Короткова болып, Южная – Кусков болып, Управская – 25 ноября болып
қайта аталады, ал оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан Мещанская – Гражданская
болып, Крепостная – Свобода болып, Думская – Коммунальная болып, Соборная –
Первомайская болып, Гостинодворская – Луначарская болып, Торговая – Бухарин болып,
Центральная – Республиканская болып, Старая – Народная болып, Больничная –
Красноармейская болып, Станичная – Коширин болып, Чернобродская – Зиновьев болып
ауыстырылады» [7, 236]. Бұл көріністен көрініп тұрғандай, көше атаулары Кеңес өкіметі
көсемдерінің аттарын ұлықтау мен коммунистік партияның саяси ұстанымдарын
насихаттауға қызмет еткен. Демонстративті годонимдер болсын, меморативті годонимдер
болсын, бір ғана мақсатқа «қызмет етуге» мәжбүр болды, сондықтан да қаланың тілдік
келбеті қызыл империяның негізгі саяси-идеологиялық «құндылықтарынан» ғана
хабардар етті.
145
Соғыс жылдарынан соң, 1954-1960 жылдары елде тың игеру науқаны басталды.
«1960 жылы 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. 1961
жылы 20 наурызда Ақмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілді» [4, 488]. Қала
атауының өзгеруі және тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты Ақмоланың саяси-
мәдени өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Қаладағы қазақтардың саны күрт 10-15 пайызға
дейін төмендеп кетті. Оның ономастикалық келбеті де адам танымастай өзгерді.
Годонимдер жүйесінде номинативтік мәні түсініксіз атаулар орын алды. Қала көшелері
Вагонная, Пивная, Совхозная, Северная, Южная, Заводская, Локомативная,
Первоцелинников, Кирпичная, Складская, Встреча, Ремонтная секілді атауларға толды.
Ал, қаланың басқы көшелеріне Пролетарная, Московская, Коммунистическая, 9 мая,
Советская секілді демонстративтер мен Ленин, Карл Маркс, т.с.с. меморативтер берілді.
Кеңестік дәуір жылдарында Астана қаласында қазақ топырағының этногенезіне
байланысты онимдер тіпті жоқтың қасы болды. Ал, шын мәнінде, «көше, алаңдар –
қоғамдық санада өзіндік орнын әлдеқашан тапқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени-
саяси құндылық. Көшесіне, алаңына қарап-ақ қаланың, елді мекеннің қай өңір екенін,
тұрғындары әлеуемттік жіктелудің қандай сатысына жататынын, сол көшенің, олардың
түнгі өмірінен не күтуге болатынын бағамдау қиын емес» [8, 317].
ІІІ кезеңнің қазақ ономастика ғылымы үшін берері көп. Тәуелсіздік алғаннан бастап
(1991 жылдан – бүгінге дейін) Астана қаласының ономастикалық кеңістігі бірте-бірте
ұлттық сипат ала бастады. 1991 жылы Целиноград қайта Ақмола атауын иемденді. 1997
жылы 10 шілдеде Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып
жарияланды. Ал 1998 жылы қала атауы Астана болып өзгертілді. Қала ономастикасын
ұлттық мазмұнға сай қалыптастыру 1997 жылдан басталғандығын көреміз. Статистикалық
мәліметтер бойынша, 1997 жылы 34 көшенің аты ауыстырылыпты. Мәселен, Студенттер
– Абылай хан, Революция – Сәкен Сейфуллин, Октябрь – Мұхтар Әуезов, Комсомол –
Желтоқсан, Делегат – Сарыарқа, Ленин – Абай, Авдеев – Шоқан Уәлиханов көшелері
болып ауысқан. 1997 жылдан 2005 жылға дейін 71 жаңа атау пайда болған. Елорда
көшелері атауларына ұлттық мазмұн беруде 2007 және 2009 жылдардың орны ерекше. Бұл
жылдары тиісінше 432 және 201 көше қайта аталған немесе жаңа атаулар берілген.
Осындай қарқынды үдерістің арқасында 1997 жылдан бүгінгі күнге дейін 817 көшеге жаңа
атаулар берілген. Оның ішінде ескі атаулардың ауыстырылғаны – 400, жаңа атау
иемденгені – 417. Осынша уақыт ішінде осындай қарқынды ономастикалық жұмыстар
еліміздің Астанадан басқа бірде-бір өңірінде болған емес.
Астана қаласы тарихының годонимдер жүйесін, оның номинациялану принциптерін
қарастыра келе түйеріміз, оның урбанонимдер қатарының ең ескі де тарихи бөлігі
екендігін аңдаймыз. Елорданың көше атаулары өз бойына тарихи-саяси шындықты
жинаған. Қала қала мәртебесін алған тарихтан бері Ақмола (Акмолинск) – Целиноград -
Ақмола - Астана сынды бірнеше номинациялану, реноминациялану процестерін басынан
кешірсе, көше атаулары да дәл осы жолдан жүріп өткен. Қала тарихын талдай, саралай
отырып, барлық кезеңде де көше атауларына атау беруде, қайта ат қоюда, негізінен,
семиотикалық (таңбалылық) принципті ұстанған деп түйеміз. Семиотикалық принциптің
демонстративті және меморативті түрлері әр кезең ономастикалық картасында әртүрлі
деңгейде. Таратып айтқанда, І кезеңнің (1862-1919) қала көшелерінің атауларынан
меморативті годонимдерді біз кездестірмедік. Бұл кезеңде қала көшелерін 100%
демонстративті годонимдер қамтыған. ІІ кезеңде (1920-1990) демонстративті және
меморативті годонимдердің қала көшелерінің бойынан өріс алуы бір шамалас
(демонстративті годонимдер – 52%, меморативті годонимдер – 48%). Меморативті
годонимдердің аталмыш кезеңде бірден қарқын алуы кеңестік биліктің саяси-
идеологиялық ұстанымдарымен байланысты деуге болады. Астана қаласының І және ІІ
тарихи кезеңдерінде көше атауларынан қазақ ұлттық дүниетанымына сай келетін, ұлттық
болмысты танытатын белгілер жоқтың қасы. Тек бірді-екілі меморативті годонимдердің
146
тізбесінен ғана қазақ ұлтының келбетін көрсететін онимдерді табуға болады ( Габдуллин
секілді, оның өзі орыс харпімен таңбаланған). Қаланың ІІІ кезеңінің (1991-2015)
ономастикалық картасы алдыңғы екі дәуір келбетіне қарағанда, әрине, мүлдем өзгеше. Бұл
кезеңде таза ұлттық сипат (қала көшелерінің 90-93%-ы) ала бастаған годонимдердің көп
бөлшегін меморативтер (55%-ын) құрайды, ал демонстративті түрі шамамен - 45%. Қала
годонимдер жүйесінің тілдік келбеті келесі кестеден анық сипатын табады.
1 Кесте Үш тарихи кезеңдегі Астана қаласы годонимдерінің номинациялану көрінісі
Кезеңдер
Годоним
түрлері
І КЕЗЕҢ
(1862-1919)
ІІ КЕЗЕҢ
(1920-1990)
ІІІ КЕЗЕҢ
(1991-2015)
Демонстративті годонимдер 100%
52%
55%
Меморативті годонимдер
0%
48%
45%
Барлығы:
100%
100%
100%
№ 1 Диаграмма Астана қаласының үш тарихи кезеңі годонимдерінің пайыздық
көрсеткіші:
Әрине, қазіргі Астана қаласы ономастикалық кеңістігіндегі тың серпіліс, оң өзгеріс,
жаңғырулар тәуелсіздікпен, ұлттық жаңарумен бірге келді. Жас мемлекет, жаңа астананың
бұл даму концепциясы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, өткеннің рухани бай
мұрасы мен заманауи жетістіктердің үздігін бойына сіңіру ұстанымымен өзектес жылжып
келеді. Бұл мәселе M. Азаруахудың «German reunification and the politics of street names:
The case of East Berlin» (1997) еңбегіндегі мына ойлармен де сабақтас: «Названия улиц
всегда должны напоминать о ключевых событиях, личностях истории страны и иметь
мощное символическое значение. Они представляют прошлое нации и напрямую
связываются с географической темой» [9, 481].
Сонымен, Астана қаласы көше атауларының номинациялану уәждері бүгінгі Қазақ
Мемлекетіне не беріп отыр және не беруі тиіс дегенде мынадай түйін жасауға болады:
1.
Қаланың ономастикалық картасы (көше атауларының номинациялануы) Астананы өзге
өңірлерден, біріншіден, ерекше таңбалап көрсетуге қызмет етсе, екіншіден, ел
орталығын қазақыландыруға, ұлттандыруға атсалысуға көмектесуде.
147
2.
Астана көшелерінің ат қою, қайта атау саясаты Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін
нығайту идеяларымен, ҚР-дың Тіл саясатымен, Қазақстанның мәдениеті мен
мемлекеттік тіліне деген құрметті күшейту көзқарастарымен сәйкес жүргізіліп келеді.
3.
Елдің мәдени-экономикалық даму жағдайында (қала көшелерінің абаттандырылуы,
құрылыс жұмыстарының қарқынды жүруі) келесі бір кезек күтіп тұрған мәселе – кейбір
ескілік атау қалдықтары мен аты жоқ көшелерге ат беру болып табылады.
4.
Кейбір көше атаулары қала тұрғындары мен қонақтары үшін түсінбестік туғызуы
мүмкін. Мәселен, бұрындары физикалық-жағрапиялық нысандардың орналасуына
байланысты көшелерге атау берілсе (орманды жерге Лесная көшесі деп, бұлағы бар
жерге Родниковая деп атау тағылса), ал қазіргі таңда бұл нысандар жойылып
кеткенімен, көше атаулары сол күйінде сақталған.
5.
Көше атауларын реноминациялау процесінде тұрғылықты халықтың көзқарастарын
біліп отыру аса маңызды деп ойлаймыз. Тұрғындар арасында осы мәселеге байланысты
сауалнама жүргізіп отыру годонимия жүйесін қайта қарауда өзінің оң нәтижесін берері
сөзсіз.
6.
Көше атауларын қайта атауда кейбір қайталаушылықтар орын алған. Бұл қала
тұрғындарына қиындық туғызуы әбден мүмкін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Жанұзақов Т. Қазақ тілі ономастикасының негізгі проблемалары. Филол.ғыл.док...дисс.
– Алматы, 1976. - 23 б.
2
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. -
Алматы: Санат, 1997. - 256 б.
3
Артықбаев Ж. Қараөткелді астана етуді алаш арыстары да армандады // Астана плюс
журналы. – Астана. – 2013. - № 2-3.
4
«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998, V Том. -
720 б.
5
Дубицкий А.Ф. Город на Ишиме. - Алма-Ата: Казахстан, 1986. - 152 с.
6
Касымбаев Ж., Агубаев Н. История Акмолы (ХІХ – начало ХХ века). – Алматы: Жеті
жарғы, 1998. – С. 176.
7
Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты. 250-Қор, 1-Тізімдеме, 3-Іс.
8
Әбжанов Х. Көшелер мен алаңдар //Астана. Құрастырған Ж. Жағыпарұлы. – Астана,
2013. - 316-321 бб.
9
Azaryahu M. German reunification and the politics of street names: The case of East Berlin.
Political Geography, 1997, 16(6), Р. 479-493.
РЕЗЮМЕ
Статья посвящена изучению истории систем номинаций, реноминаций годонимов города
Астаны. Настоящая работа подготовлена в рамках фундаментального исследования по гранту
Министерства образования и науки РК. В ней использованы данные из архивов города Астаны.
Авторы предлагают общественному вниманию наименования улиц, которые существуют в
настоящее время и которыми должны именоваться в перспективе, характеризующие историю и
культуру государства.
RESUME
The article is devoted to the study of the history of the system of nominations, renominations of
godonums of Astana-city. This research is carried out within the framework of the state grant of the
Ministry of Education and Science of RK. There were used the data of Astana-city archivies. The authors
draw the society’s attention to the present names which are to be named in the course of time and which
will illustrate the history and culture of the state.
148
ӘОЖ 821.512.122-3.09
Г.К. Сарсикеева
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті,
филол. ғыл. канд., доцент
М. Әбдіхамитұлы
Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті,
магистрант
М.Әуезовтің
«Абай жолы»
тетралогиясындағы
әйелдер бейнесі
Аннотация
Бұл мақалада "Абай жолы" тетралогия-
сындағы әйелдер бейнесінің әдеби-көркемдік
тәсілдері мен ұлттық ерекшеліктерінің сақталуы
және түпнұсқадан орыс, ағылшын тіліндегі
аудармалардағы ауытқушылықтар салғастыр-
малы
сараптау
негізінде
сипатталады.
Шығармадағы қазақ әйелдерінің мінез-құлқын
суреттеудегі
М.О.Әуезовтің
әдеби-тілдік
шеберлігі баяндалады. Қазақстан Республикасы-
ның гендерлік саясаты шеңберінде әйелдердің
әлеуметтік рөліне қысқаша мағлұмат беріледі.
Түйін сөздер: жанр, гендерлі теория,
динамика,
лингвистикалық
аударма
ерекшеліктері.
Қазақ көркем әдебиетінің шыңына айналған
әлемге әйгілі М.Әуезовтің "Абай жолы"
тетралогиясы әлі де болса сан түрлі ғылым
саласында зерттеуді қажет ететін дүние екені
мәлім. Қазіргі таңда бұл тетралогияның әлемдегі
140-қа жуық, оның ішінде, ағылшын, француз,
неміс және т.б. тілдерге аударылды. Тетралогия
ерекшеліктерінің бірі – ол философиялық -
эстетикалық тұрғыдан зерттеулердің әлі де
қажеттілігін және де шығарманың жер жарған
өзіне лайықты атағы қазіргі оқырманның
қызығушылығын арттыра түсуіне ықпал етуі.
Осы бір туындыдағы мәселелердің бірі – ол
әйелдер тағдыры, олардың ХІХ ғасырдың
ІІ жартысындағы көшпелі қоғамдағы әлеуметтік
рөлі, бала тәрбиесі, махаббат лирикасы және т.б.
Мақаланың басты мақсаты: жалпы гендер
теориясына сүйене отырып, ХІХ ғасырдың
ІІ жартысында болған әрқилы тарихи оқиғалар
негізінде М. Әуезовтің "Абай жолы" тетралогия-
сындағы әйелдер бейнелерін салыстырмалы
түрде суреттеу.
Қойылған мақсатты шешу барысында
келесі мәселелерге тоқталдық:
а) Қазақстан қоғамындағы әйелдер рөліне
байланысты көзқарастар және осы мәселеге
байланысты туындаған еңбектер;
б) М.Әуезовтің "Абай жолы" тетралогия-
сындағы әйелдер бейнесін салыстырмалы түрде
(қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) айқындау.
149
Гендерлік саясат – бұл жыныс белгілері бойынша дискриминацияны жою және тең
қоғамды қалыптастыру үшін жүзеге асырылатын саясат. Сондықтан гендерлік саясат ел
дамуының басты бағыттарының бірі және оның кешенді модернизациясы болып
табылады. Азаматтық қоғамның мемлекеттік құрылымдары мен ұйымдарының өзара
ықпал етуінің кешенді тетігін құру гендерлік саясаты әйелдердің құқықтарын қорғау және
халықаралық тәжірибемен алмасудың маңызды тұсы болып табылады. Ал гендерлік
теңдік дегеніміз - бұл жынысына тәуелсіз қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік,
қоғамдық және мәдени саласына қатысу үшін өз мүмкіндіктерін еркін пайдалануға
мүмкіндік тудыратын ерлер мен әйелдердің тең құқықтық мәртебесі мен құқықтарын
жүзеге асыруда теңдей мүмкіндіктер.
Қазақстан Республикасының гендерлік саясатының негізі болатын 1995 жылғы Ата
Заңда мемлекеттің басты қазынасы – адам деп көрсетіле отырып, әйел мен ердің тең
екендігі бекітілді.
Ата Заңның 14-бабында заң және сот алдында барлық азаматтардың тең
екендігі, соның ішінде жыныстық белгілері бойынша ешкімнің де дискриминацияға
тартылмайтындығы, ал 27-бапта аналық және әкелік тең деңгейде қорғалатындығы
айтылған.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ер мен әйелдің құқығы мен заңдық мүддесін
қорғау саласында елеулі жетістіктерге жетті. Отбасы, әйелдер мен балалардың
мәселелерін шешу үшін 1995 жылы Елбасы тарапынан ҚР Президентінің жанындағы
Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат бойынша кеңес құрылды. 1997 жылы 5
наурыздан бастап «Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайын жақсартудың
мемлекеттік саясат тұжырымдамасы» бекітілді. Осы уақыттан бастап гендерлік саясаттың
қазақстандық үлгісін қабылдау және жүзеге асыру басталды. 1998 жылы Қазақстан БҰҰ-
дың «Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық формаларын жою туралы»
Конвенцияға қосылды. Сондай-ақ, осы жылы Кеңес ҚР Президенті жанындағы Отбасы
және әйелдер ісі бойынша ұлттық комиссияға айналды [1, 12].
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «...шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман
әлемінде, әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты ерекше қадірлейтін халықтың бірі
де, бірегейі де - біздің қазақ...», - деп ерекше атап өтті [2, 26].
Көк Тәңірі, Жер-Су мен Ұмай ананы айтпағанның өзінде, түрік халықтарының арғы
Ата-тек туралы түсініктері тарихтың алыс қойнауларында қалыптаса бастаған.
Қазақтардың арғы бабаларының прологикалық санасындағы, мифологиялық және
алғыфилософиялық дүниетанымындағы «әйел бейнесі» ұғымының рәміздік мәнін Үркер,
Жетіқарақшы, Бикеш, Шолпан туралы космогониялық аңыздар, «Күн астындағы Күнікей
қыз», «Ай астындағы Айбарша», «Бақыт құсы», «Алтын балық», «Жеті өнерпаз» және т.б.
ертегілер, Аспан мен Жер, Тәңірі мен Ұмай діни-мифологиялық жұптары арқылы
ашылады.
Орхон жазуында да апа-қарындастары қалып қойып, оларға ажал қаупі төнгенде,
Күлтегіннің оларды жанқиярлықпен қорғап қалғаны зор шабытпен жырланады.
Түркілер әйел-ананы отбасының құты мен ырысы, ұйтқысы мен жылуы деп таныған.
Сондықтан да болар, түркі дүниесін терең зерттеген тарихшы-ғалым Лев Гумилев «Көне
түріктер» деген іргелі зерттеуінде «Түркілер әйелдерді сал-серілердей қатты құрметтейтін.
Баласы үйге кіргесін әуелі шешесіне иіліп, тәжім еткен, содан кейін барып әкесіне сәлем
берген. Түркілерде
анасының шыққан тегіне айрықша мән берген», - деп жазған [3, 18].
Қазақ әйелдері ұрпақ тәрбиесінен өзге қоғамның барлық істеріне қатысып, өздерінің
көзқарастарын білдірген. Хандар мен сұлтандардың, батырлар мен билердің ақылшы
кеңесшілері ретінде кең далаға танылған. Мұндай жайт өзге ұлт өкілдері зерттеушілерінің
назарында болған. Мысалы, зерттеуші ғалым А.К.Гейнс: «Киргизская женщина играет
большую роль не только как хозяйка семьи, но и как член общества. На сходках киргизов
женщины подают голос наравне с мужчинами, в особенности по вопросом, касающимся
150
общественных нужд. Иногда даже мнение женщин имеет некоторое преимушество над
мнением мужчины», - деп пайымдаған [4].
Ауызша тарих пен жазба деректер қазақ хандығында аналар мен қыздардың өзіндік
орны, атқарар рөлі болғандығына дәлел бола алады Әлемдегі кез келген халықтың өз
алдына ұлт болып ұйысуына, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-
аналардың сіңірген еңбегі зор. Тарихта есімдері алтын әріптермен өрнектелген Тұмар
ханым, Ұмай ана, Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, Айша бибі, Абақ ана,
Домалақ ана мен Қыз ене, Қасым ханның анасы Жаған бике, қолбасшы Бопай ханым,
Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжан, ел билеген Айғаным мен Ұлпан секілді
аналарымыз ұлт тәрбиелеп, халық қалыптастырып, мемлекетімізді баянды етуге мол үлес
қосты.
Қыздарын болашақ ана ретінде санаған халық «Ұл туса – ұрпағым өседі, қыз туса –
ұлтым өседі», - деп, қыз баланың дүниеге келуін ерекше қуанышпен күткен. «Қыз – аз
күнгі қонақ» деп тазаны кигізіп, дәмдіні жегізіп, төрінен орын берген.
Белгілі ғалым-этнограф Х.Арғынбаевтың (Қазақ отбасы - 1996) тұжырымдамасын
ескерсек «...киімнің асылын қыз бала киетін, алтын, күмістен жасалатын өте қымбат сәнді
әшекейлер де, өте әдемі және қымбат ер-тұрмандар мен жүрісі жайлы жорғалар, әдемі
сәйгүліктер, парлар жеккен пәуескелер бойжеткенге арналатын. Алысты жақын, жатты
жекжат етер, ел мен елді таныстырып, табыстырар дәнекер көріп құрметтеген де қазақтың
қыздары» деп топшылайды.
«Әйел теңдігі» мәселесінің
қарқынды даму жолы
әсіресе жиырмасыншы ғасырда
байқалады. Зар заман ақыны Шал ақынның шығармаларында қазақтың дәстүрлі
мәдениетіндегі әйел бейнесінің келеңсіз құбылыстарымен сипатталып жырланса, ал Ж.
Аймауытов, С. Көбеев, М. Дулатов және т.б. қазақ зиялыларының еңбектерінде әйел
тағдырына байланысты қиыншылықтары мен әлеуметтік мәселелері басты тақырыпқа
айналды. Негізінен, әйел қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде өмір сүріп, әрекет етуге,
табиғи жаратылысына тән ерекшеліктерді ескеріп, ортадағы өз орнын білуге тиіс екенін
сезіну, басқаларға түсіндіру, насихаттау қең көлем алды. 1905-1907 жж. бірінші орыс,
1917 ж. ақпан революцияларынан кейін, Алаш зиялылары ұлттың жанғыртылуымен бірге,
әйел теңдігі, әйелдің саясатқа араласуы, өз еркімен күйеуге шығуы және т.б. мәселерді
көтерді. Ахмет Байтұрсынұлы, Алихан Бөкейханов, Мыржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай,
Елдес Омаров, Халел Габбасов, Мұхамеджан Тынышпаев сынды қайраткерлермен қоса,
қазақ халқының мәдени-ағарту ісіне, әйел азаматшалар да белсене араласып, әсерін
тигізді.
М.Әуезовтің ХХ ғасырдағы шығармаларындағы негізгі тақырыптың бірі — әйел
теңдігі. Шығармаларында өмір шындығына берік табан тіреп отыратын жазушы сол
кезендегі қазақ әйелінің басындағы хал-ахуалды асырмай да жасырмай, қаз-қалпында
көрсетеді. Бірде жазушы ата-анасының еркімен күйеуге шығып, тағдырына мойынсынған
әйел тарихын («Сөніп жану») әңгімелесе, екінші шығармасында сүйгеніне қосыла алмай,
құсадан өлген Ғазиза («Кім кінәлі») жайын сөз етеді. Тағы бірде («Үйлену») әке әміріне
көнбей, көңіл сүйген жігітімен қашып кеткен қыз хикаясына тоқталады.
Қазақтың сөз өнеріндегі «Әуезов әйелдері» деп атауға болатын айырықша әсем әдеби
бейне галереясы ұлы тетралогияның жан тебірентер ғажайып жаңа кейіпкерлердің
бейнелерімен толықты. Төрт кітапта үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты жүзге тарта әйел
кейіпкерлері бар. Романның буларға арналған беттері оқырманның көзі мен көңілін қатар
жаулап, жан-жүрегін қоса баурайды. Бұлар жүрген жерлер кейде шетсіз-шексіз мұхит
бойын түгел жайлаған шарапатты жылы ағыс (Гольфстрим) секілді, кейде қиырсыз кең-
байтақ құрылықтың ойы-қырын тегіс сәулелендіре шүлен шұғыласына бөлег
ен күн нұры
тәрізді, кейде көк жиекті керіп әкеткен кербез теңіздің көз жеткісіз көк айдынына сән
берген аппақ ақ шағалалар сияқты...
151
«Абай жолы» тетралогиясын бейнелер жүйесіне қарай сұрыптап оқытуда М. Әуезов
бүкіл шығармадағы кейіпкерлерді топтарға бөліп жинақтап талдаудың үлгісін береді.
«Абай жолы» тетралогиясын зерттей қарастырғанымызда, 627 ірілі-ұсақты
кейіпкерлерге ұшырасамыз. Бітібаеваның сараптамасына сүйене отырып, шығармадағы
әйелдер бейнелерін бес топқа бөлдік:
1.
Аналар бейнесі: мысалы: «Қарашығым, қоңыр қозым, Абай жаным» -дейді Зере
әжесі;
2.
Абай ғашықтары: Әйгерім, Тоғжан – арналған өлең жолдары: «Көзімнің қарасы»;
3.
Күндестер: Күңке, Айғыз;
4.
«Ер мінезді еркелер» - Мәніке, Салтанат, Нұрғаным, Еркежандар;
5.
Aбайдың туыстары - Мәкен, Мағрипа деп әйелдер галереясын топтап ыңғайлы
етіп береді.
М. Әуезовтің суреттеу өнерінде әйел-ана ма, жар-жұбай ма, бұла-бойжеткен бе...
Әйтеуір қияпаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын, іс-әрекетін, сыр-сезімін, қимыл-
қылығын дәл, терең, нәзік суреттеуге келгенде, жазушы шеберлігінің алдына жан
салмайды. Сонда әр бейненің тастан қашалғандай бедер табатыны сондай, әрқайсысы - бір
адам ғана емес, бір топ адамның жиынтық бейнесі боп оқырманның көз алдында тұрып,
есінде қалады. Сонда әр кейіпкер – өз алдына бір тип, яғни әркімнің қашанғы таныс-
бейтанысы боп шығады. Сонда бар ожданы тап-таза иманнан құйылғандай мейірім-
шафхатқа толы Зере - әжелердің үлгісі; салқын қанды, сарабдан, сабырлы ақыл иесі
Ұлжан - аналардың үлгісі; «сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» бар
сыры мен назын Абайға ғана құпия баян ететін «ақ еті атқан таңдай аппақ» ару Тоғжан -
алыстан қарайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні
әніне астасқан асыл, аяулы Әйгерім - жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының үлгісі. Зере –
байсалды ақыл иесі, сабырлы ел анасы, ұрпағына мейірбан, Абайдың сүйікті әжесі. Ұлжан
– асқан сабыр иесі, ұстамды, Құнанбайдың адал ақылдас өмірсерігі, Абай даналығының
бастау бұлағы. Күңке – Құнанбайдың бөлек ауыл отырған бәйбішесі, мінезінің
шайпаулығынан жұртқа жұғымсыз жан. Айғыз – Құнанбайдың тоқалы, төркіні кедей
болғандықтан қазақ-ошақ маңында қалған. Нұрғаным – жасы Абайдан кіші Құнанбайдың
ерке тоқалы. Мінезі батыл, ірі істерді атқаратын жан. Өз теңіне қосылмаған Нұрғаным
тағдырға деген өшін, Құнанбайға деген қыжылын ешқашан жасырмай, әр ісіне батыл
қарсы шығып отырған. Осы бір себептен де Базаралымен жақын болған. Бақытын
таппаған қазақ қыздарының бірі, қалыңмал құрбаны. Қаражан – Тәңірбергеннің
бәйбішесі, Абайдың жеңгесі. Мінезі қытымыр, қатал, сараң, тек қара басын ойлайтын
Тәкежанның өзіне сай әйел. Мәніке – Ысқақтың әйелі. Ақылды, тәсілқой, айтқыш
болғанымен өрескел сезімсіздігі бар, күйеуіне айтқанын істететін, өз бағасын білетін, паң,
еркетотай әйел. Еркежан, Зейнеп, Торымбала – Оспанның әйелдері. Бәрі де – малға
сатылған,тағдырына еріксіз көнген, қазақтың ибалы да көнбіс мінез әйелдері. Сарыапаң –
Құнанбай маңайында Құнанбайдың абыройын сақтаған, Ұлжанның күтушісі, егде әйел.
Керімбала,Үмітей – бақыты үшін күресуге дайын, бірақ арманына жете алмай кеткен
қазақтың мұңлық қыздары. Салтанат – Абайды сүйген, сол үшін де ол қамалғанда
абақтыға жүз сом беріп құтқарып, азаматық, достық пейіл көрсеткен, Абай құрмет тұтқан
ер мінезді қыз. Мәкен – Абайдың апасы, досы Дәрменнің сүйген жары, Абайдың ара
түсуімен бақытын тапқан қыз.
Үлгілерді талдау барысында біз келесі өлшемдерді есепке алдық:
а) Мәнмәтінді (контекст) есепке алу (толық есепке алынғандығы немесе
алынбағандығы; мәнмәтінді оқу барысындағы ішкі сезімдер: эмоциялар және сезім
әрекеттері);
ә)
үзінділердің
лингвистикалық
ерекшеліктері:
фонетикалық,
лексика-
грамматикалық (екпін/ мажорлы не минорлы үндестілігі, мәтін ырғағы);
б) стилистикалық тәсілдер;
152
в) ұлттық компонент (реалиа - культурема) аудармалары.
М.Әуезовтің Абай жолы атты тетралогиясының түпнұскасынан орыс тіліне және
орыс тілінен ағылшын тіліне аударылған мәтіндерге жүгінсек, ақынның идеясы мен
сөздерінің мағыналарының біршама
ауытқушылық
тарына жол берілгеніне тап боламыз.
Осы мақаланың шеңберінде шығарманың әртүрлі тағдырлы кейіпкерлері: Кәмшат,
Тоғжан және Әйгерім бейнелеріне байланысты салғастыру тәсілі негізінде сараптама
жасадық. Кәмшат - екі шиеленіскен рулық қауымды елдестіру мақсатында құрбан болған
сәби қыз. Тоғжан - Абайдың орындалмай кеткен асыл арманы. Әйгерім - Абайдың сүйген
жары, өмірінде ерекше орын алған жұбайы.
Келесі мысалдарға назар аударсақ :
Және сонымен қатар жымия күлген ерні аппақ маржандай тістерін айқын
көрсеткендей болды. Үнсіз күлкімен езу тартып кеткен сияқты [4, 182].
Лицо ее распылось в улыбке, белые зубы блеснули, как жемчуг [5, 184].
Smile spreaded across her face, white teeth sparkled like pearls [6, 183].
Бұл үзіндіде Кәмшатты суреттеуде стилистикалық тәсілге сүйене отырып,
жазушының соматикалық фразеологизмге езу тартып жол бергенін байқаймыз. Бірақ,
орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларда
түпнұсқадағы " үнсіз күлкімен езу тартып
кеткен сияқты" сөйлемі келтірілмеген. Ал ағылшын тілінде аудармашы компрессиялық,
яғни сөйлемдерді қосып аудару тәсілін қолданған. Фонетикалық ерекшелігіне көңіл
аударсақ, екпіні жоғары, яғни сүйсіну сезімі, позитивті көңіл - күйде берілген.
Екі көзі сексеуілдің шоғындай жайнап тұр өзінің [4, 198].
Ее глаза сияют, как горящий уголь саксаула [5, 198].
Her eyes like burning embers [6, 199].
Жоғарыда атап өткеніміздей, екінші мысалда да автор соматикалық фразеологизмді
алға тартқан. Мт (түпнұсқа) - " екі көзі", Мо (орыс тілі) - " ее глаза", Ма (ағылшын тілі) -
" her eyes", көздерін сипаттауда екі тілдегі аудармада грамматикалық алмастыру тәсілін
пайдаланған немесе лексикалық тәсілде бұны "калька" деп те атайды. Стилистикалық
тұрғыда « көздері сексеуілдің шоғындай» деп метафоралық мәндегі теңеуді ұтымды
пайдаланған.
Алқызыл бетті, томпақ Кәмшат аурудан кейін секілді солып, бозарып кетті. Оның
қолдары мен аяқтары тым жіңішке болып кетті. Жүзі қайғы-мұңды бейнелеп
тұрғандай. Кірпіктері ұзарып, ауыр қайғыны басынан кешірген кәрідей беті қуарып,
әжім пайда болды [4, 213].
Румяная, полненькая Камшат теперь высохла и побледнела, как после тяжелой
болезни. Ее ручки и ножки стали невероятно тонкими. Личико выражало беспомощное
страдание. Ресницы точно удлинились, щеки ввалились и покрылись морщинами, как у
взрослого человека, перенесшего большое горе или сильный голод [5, 213].
The once rosy and chubby Kamshat was thin and pale as after a long illness, and her arms
and legs were incredibly thin. Her little face expressed helpless suffering, and her sunken cheeks
were wrinkled like a grown up's who had been starved or had gone through some terrible
experience [6, 214].
Кәмшаттың бұндай күйге тап болуына бірден-бір кінәлі кейіпкер - Құнанбай. Оның
өрімдей жастығына қарамастан Бөжейдің қолына зат секілді тапсыра салуы – Кәмшаттың
өліміне әкеліп соқты. Өйткені жаңа өсіп келе жатқан сәби қыз еш қараусыз қалды. Алайда,
Бөжей жаман адам емес еді, ол, керісінше, ақылды, парасатты, ашуын ақылға жеңдіре
алатын адал азамат. Бір қынжылатын нәрсе - олардың іштей тынып, сыртқа білінбейтін
және таусылмайтын шиеленістері еді. Ал енді бұл үзіндіде Кәмшаттың бейнесін -
тағдырдың тәлкегіне түскен кінәсіз құрбан деп танимыз.
Ақ қағаздай боз, жасқа толы көздерімен Әйгерім Абайды күтіп алып, аттан түсуге
көмектесіп, есік ашып, киіз үйге шығарып салды. Күндіз-түні жұбайынан жырақта ол
көз жасын төкті [4, 274].
153
Бледная, словно полотно, с глазами, полными слез, Айгерим встретила Абая,
помогла ему сойти с лошади, открыла дверь и проводила в юрту. И днем и ночью,
втихомолку от мужа, она проливала слезы [5, 274].
Pale like linen with eyes full of tears, Aigerim met Abai, helped him to come down from
horse, opened door and guided him to yurta. Days and nights she was crying without saying a
word to her husband [6, 275].
Кезекті үзіндіде
Әйгерімнің Абайға деген құрметі, сыйластығы, қазақ әйелдеріне тән
жұбайын күтіп алуы, жайғастыруы және көз жасын ешкімге көрсетпей тасада жасырынуы
бір сарынды ырғақпен бейнеленген. Осы бір әрекетінен-ақ Әйгерімнің, шын мәнінде
қандай екенін бірден аңғаруға болады. Екі тілдегі аудармада сөйлемнің әр мүшесі мен
мағынасы толық сақталған. Лексика-семантикалық жағынан "конкретизация" үлгісінде
аударылып, орыс-ағылшын тілдік оқырмандарға түсінікті суреттелген.
Ал енді сен менің атымды бұлбұл құстың дауысындай сыңғырлап сала бердің [4,
316].
А сейчас ты произнесла мое имя так, как будто запела какую - то нежную,
прекрасную песню! [5, 316].
Ал Әйгерімнің екінші сипаттамасында оның әншілігінің бір ұшқынын бейнелейтін
көрініске куә боламыз. Автор оның дауысын бұлбұл құсқа теңеп, эпитетті және салыстыру
тәсілін дәлме-дәл пайдаланған. Алайда, ағылшын тіліндегі аудармасы жоқ. Мт-дағы "
бұлбұл құстың дауысындай", Мо - " запела какую -то нежную " - деп, метафорикалық
мәндегі теңеумен аудармаған.
Тоғжан жайында тек позитивті теңеулер мен мінездемелерді аңғаруға болады.
Мысалы, төмендегідей:
Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған шам бар. Бұл үйге, әсіресе, өзгеше
көктем нұрын енгізген бір жан бар, бұл Тоғжан [4, 346].
Посередине юрты тускло мерцал светильник. Кроме Суюндика с женой и двух его
сыновей - Адильбека и Асылбека, здесь было еще одно существо, с появлением которого в
юрту, казалось, врывалась свежая прелесть весны. Это была дочь Суюндика – Тогжан
[5, 346].
A lamp glimmered feedly in the depths ot the yurta. Besides Syindik there was another
creature there - the loveliness of the spring itself [6, 347].
Ана тілімізден бөлек орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармалардың өзіндік
өзгешеліктері бар. Алайда, кейбір сөз орамдары мен сөз құрылымдарында
айырмашылықтар көрінеді. Атап айтсақ, Мт - " жан" сөзі Мо- " существо" немесе Ма-
"creature"- деген баламаны аңғару қиын емес. "Тоғжан" есімі Мт және Мо-да анық
айтылғанымен Ма -да мүлдем айтылмаған. Мт - " көктем нұры", Мо - " свежая прелесть
весны", Ма - " the loveliness of the spring", әр тілде өзіндік лексикалық, стилистикалық
ерекшеліктерімен аударылған.
Орташа үлкен қырлы мұрыны енді анық көрінді. Қырынан қарағанда біртүрлі
сүйкімді екен. Жұмсақ жұмыр иегінің астында жұқа ғана бір толқындай боп, нәзік
бұтағы білінеді. Жылтырап таралған шашы қап-қара қалың өріммен, ерекше аппақ, нәзік
мойнына қарай құлап түсіпті. Үлкен де, кіші де емес, әшекей сырғасы діріл қағып, дамыл
алмай сілкіне түсіп тұр [4, 386].
Ее движения были неторопливы, даже, пожалуй, медлительны. Казалось, что
каждый шаг ее звенит серебряными переливами дорогого украшения [5, 386].
She was carrying a silken cover, and moved unhurriedly, even slowly. Her every step made
sweet silvery music [6, 387].
Бұл үзіндіде Тоғжанның қимылы мен әшекейі айрықша екпінмен беріледі. Әрбір
сипаттауда нәзіктік, биязылық, қазақ қыздарының сұлулығына тән инабаттылық пен
ибалылық көркем суреттелген. Автордың ішкі жан тебірентерлік көтеріңкі деңгейдегі
«толқу» эмоциясын әр оқырман іштей сезінбей қоймайды.
154
Қарлығаш қанатының ұшындай үп үшкір болып самайға тартылған қас жүрекке
шабар жендеттің жебесіндей [4, 438].
Тонкие брови, острые и длинные, как крылья ласточки, разлетаются к вискам.[5,
438-ст]
Her eyebrows long and sharply defined like the wings as swallow [6, 439].
Айналып аққу құстай қондың көлге [4, 512].
Ты, словно лебедь, прилетел на озеро родное сел [5, 506].
You're like swan came flying, to the home lake landed [6, 508].
Жоғарыдағы мысалдарда Тоғжанның қимыл, іс-әрекеті және
"табиғи бейнесі"
ерекше тілдік қолданысқа ие. Теңеулер, эпитеттер, гипербола және басқа да
стилистикалық тәсілдерді М.О. Әуезов өз нақышында бере алғанымен орыс, ағылшын
аудармаларында дәл түпнұсқадағы үлгісіндей аударылмағандығы айқын.
Тоғжанды
бейнелеуде автор соматикалық фразеологизм, модульді лексика-семантикалық құрылым
және серпіні жоғары теңеулерді сәтті қолданған.
Мақаланың мазмұнын қорытындылай келе, Қазақстандағы гендерлік теорияның
дамуының нәтижесінде әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік рөлі көпқырлы және көпсалалы
мәнге ие екені айқындалды. Ежелгі дәуірден бастап бүгінге дейінгі әйелдің әр саладағы
белсенділігі ұлғайып келе жатқаны даусыз. Ғасыр өте жинақталған әйел бейнесіне
М.Әуезовтің «Абай жолы» тетралогиясы сара жол салып кетті.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: «Атамұра», 1999. – 43 б.
2
Гумилев Л. Көне түріктер. - Алматы, 1993. – 103 б.
3
Айтбайұлы Ө. Тіл мүддесі не ойлатпас саналыға! // Тіл майданы. - Алматы, 2000. –
238-244 б.
4
Әуезов М. Абай жолы. I-, II-т. — Алматы: Қазақ. мемл. көркем әдебиет баспасы, 1961.
- 3-132 б.
5
Ауезов М. Путь Абая. Роман-эпопея: В 2 т. - Алматы: Жазушы, 2007. - С. 184-506.
6
Auezov M. Abai. Progress Publishers. - Moscow, 1975. - С. 199-499.
РЕЗЮМЕ
В предлагаемой статье изучаются женские образы в эпоху Абая, а также своеобразие
национальных особенностей художественных переводов тетралогии «Путь Абая» с оригинала на
русский и английский языки как и переводческие отклонения на основе сопоставительного
анализа. Раскрывается художественное мастерство М.О.Ауэзова в изображении характера
казахской женщины и дается краткий обзор социальной роли женщин в рамках гендерной
политики Республики Казахстан.
RESUME
The image of women in the epoch of Abai, and accomplishing of national peculiarities of fiction
features in the translation of the tetralogy "Abai's way" from the original version into Russian and English
translation as well as deviations on the basis of comparative analysis are researched. The authors describe
the masterpiece skills of M.O. Auezov in characterising the Kazakh woman.
155
УДК 82-2 (574)
А.Т. Жаманкозова
Евразийский национальный
университет им. Л.Н. Гумилева,
канд. филол. наук, доцент
Современная
казахская
драматургия:
жанровая природа и
Достарыңызбен бөлісу: |