Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата22.02.2017
өлшемі2,05 Mb.
#4666
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Елдер  Л.,  Пол  Р.  The  Aspiring  Thinker’s  Guide  to  Critical  Thinking,  Foundation  for 
Critical Thinking, Dillon Beach, CA. 
2
 
Выготский Л. Психология в образовании. Педагогика Пресс, 2005. – 200 с. 
3
 
Халперн  Д.Ф.  Critical  Thinking  Across  the  Curriculum:  A  Brief  Edition  of  Thought  and 
Knowledge. Mahwah, NJ: Lawrence Erlbaum Associates, Inc., 1995. - 172 с. 
4
 
Темпл,  Ч.  Критическое  мышление  и  критическая  грамотность  //  Перемена.  -  2005.  -   
№ 2. - С. 15-20. 
5
 
Уолтер С., Стил Дж., Мередит К., Темпл Ч. Сыни ойлау негіздері: Әдістемелік құрал. 
- М., 1997. - С. 32-33. 
6
 
Загашев  И.О.,  Заир-Бек  С.И.  Критическое  мышление:  технология  развития.  -  СПб.: 
Альянс «Дельта», 2003. 
7
 
Муштавинская И.В. ТРКМ: научно – методическое осмысление // Методист. – 2002. - 
№2. 
8
 
Заир – Бек С.И., Муштавинская И.В. Развитие критического мышления на  уроках.  – 
М.: Просвещение, 2007. 
9
 
Риан А., Бордовская Н. Психология и педагогика. - С.Петербург, 2002. - 432 с.  
10
 
Клустер  Д.  What  is  critical  thinking?//  Critical  thinking  and  new  types  of  literacy.  -  М.: 
CGL, 2005. - С. 5-13. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматривается важность использования критического мышления в целях развития 
навыков говорения на занятиях английского языка. 
 
RESUME 
 
This  paper  considers  the  importance  of  using  critical  thinking  for  the  purposes  of  developing 
students’ speaking skills in the English classes. 
 

 
105 
ӘОЖ 378 14788 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.Е. Абдыхалыкова 
Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия 
ұлттық университеті,  
Ph.D докторы 
Университет 
студенттеріне 
академиялық 
қолдау көрсету 
кешенін 
ұйымдастырудың 
теориялық моделі 
 
Аннотация 
Қазақстан  ЖОО-ның  үш  сатылы  білім  беру 
бағдарламасына  көшу  жағдайында  бакалавриат 
студенттеріне  академиялық  қолдау  көрсетуді 
ұйымдастыру  қажет  етеді.  Себебі  мақсатты 
ұйымдастырылған  академиялық  қолдау  көрсету 
кредиттік 
оқыту 
технологиясында 
білім 
алушылардың  академиялық  кедергілерінің  алдын 
алу, 
жеке 
оқу 
траекториясын 
саналы 
қалыптастыруға,  субъектілік  позициясын  артуға 
әсер етеді. Осы орайда, мақалада ҚР жоғары білім 
беру  жүйесін  реформалау  мен  жетілдірудегі 
кездесетін 
мәселелерді 
шешу 
үшін 
озық 
мемлекеттердің, 
соның 
ішінде 
АҚШ 
университеттеріндегі  студенттің  жеке  тұлғаға 
бағытталған  оқыту  ортасын  қалыптастырудағы 
бірнеше 
ғасырлық 
тарихы 
бар 
озық 
тәжірибелерінен  зерделенген  кредиттік  оқыту 
технологиясы 
жағдайында 
студенттерге 
академиялық қолдау көрсетудің теориялық моделі 
ұсынылады.  Теориялық  модельде,  университет 
студенттеріне  академиялық  қолдау  көрсету 
бағытының  мақсаты  мен  мазмұны,  қағидалары, 
компонентері,  бағыттары  және  формалары  мен 
құралдары,  нәтижелері  сияқты  элементтері 
анықталған. 
Түйін  сөздер:  студенттерге  академиялық 
қолдау  көрсету,  академиялық  эдвайзер,  тьютор, 
ментор, бағыт-бағдар беруші курстар 
 
 
Кредиттік 
оқыту 
технологиясы 
білім 
алушылардан  жеке  оқу  траекториясын  жүзеге 
асыру,  оқуға  арналған  уақытты  рационалды 
пайдалану,  әртүрлі  бағыттағы  өздік  жұмыстарды 
орындау  үшін  жоғары  білім  беру  жүйесі  білім 
алушылардан 
белсенділік, 
бастамашылық, 
жауапкершілік,  дербестік  сияқты  жекетұлғалық 
қасиеттерін  көрінуін  талап  етеді.  Аталған 
міндеттер  мен  жүктемелер  әсіресе  студенттер 
үшін 
академиялық 
бағыттағы 
қиындықтар 
туындатады.  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 
Ұлттық 
университетінің 
студенттерімен 
жүргізілген 
сауалнама 
қорытындысының 
эмпирикалық  мәліметтерін  анализдеу,  сонымен 
қатар 
студенттер 
мен 
оқытушылармен 
жүргізілген  сұхбаттасуларға  сүйене  отырып, 
студенттердің  академиялық  мәселелерін  шартты 
түрде төртке бөлуге болады: 
 

 
106 
1)
 
университетке бейімделу  
2)
 
оқу үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру  
3)
 
студенттің өздік жұмысы  
4)
 
университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау 
Бұл мәселелер студенттің кәсіби дамуының негізі болатын жеке оқу траекториясын 
жоспарлау  мен  жүзеге  асырудағы  негізгі  кедергілер,  сондықтан  академиялық  қолдау 
көрсету  бағытының  мазмұны  мен  студенттің  әрекеттесуі  осы  мәселелерді  шешуге 
бағытталуы тиіс.  
Білім  алушыларға  академиялық  қолдау  көрсету  (Student  Academic  support) 
халықаралық  термин  ретінде,  университеттік  оқу  бағдарламасын  меңгеру  барысында 
студенттің  академиялық  үлгеріміне,  әлеуметтенуіне  институционалды  ұйымдасқан  түрде 
әсер  ету,  олардың  білімдегі  қажеттіліктері  мен  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  арнайы 
мамандар тарапынан кеңестер беру кешенін анықтайды [1, 46].  
АҚШ-тың  жоғары  білім  беру  жүйесіндегі,  оның  ішінде  студенттерге  академиялық 
қолдау  көрсетуді  ұйымдастыру  бағытына  (Student  Academic  support  )  теориялық, 
тәжірибелік  талдау  жүргізу,  олардың  жеке  бір  ұйымдасқан  студенттерге  қолдау  көрсету 
кешені  ретінде жұмыс атқаратынан аңғартады [2, 135]. Демек, отандық  ЖОО-дағы білім 
алушылардың  субъектік  позициясын  белсендіру,  жеке  дараландыру,  оқу-танымдық 
дағдыларын,  дербестігін,  студентке  өмір  бойы  білім  алу  дағдыларын  қалыптастыруды 
көздейтін  кредиттік оқыту технологиясында студенттерге академиялық қолдау көрсетуді 
кешенді  түрде  жүргізуіміз  қажет  етеді.  Білім  алушыларға  академиялық  қолдау  көрсету 
кешенін  ұйымдастыру  барысында  институттың  мақсаты  мен  міндеттері,  студенттердің 
академиялық, әлеуметтік қажеттіліктері, факультеттің мүмкіндіктері, оқу бағдарламалары 
мен  курстарының  күрделілігі,  университеттің  қаржылық  жағдайы,  құрылымы  сияқты 
маңызды мәселелерді ескерген жөн.  
Педагогикалық  ғылымда  соңғы  жылдары  В.Г.  Афанасьев  [3],  В.А.  Веников  [4],     
Б.А. Глинский [5] және т.б. ғалымдардың еңбектеріне негізделген моделдеу әдісі кеңінен 
қолданылады.  Моделдеу-зерттеу  объектісінің  мәнін  толық  айқындауға  мүмкіндік  береді. 
Ал  ғылымда  кең  тұрғыда  модель  сөзі  кейбір  шартты  жағдайларда  зерттеу  жұмысының 
түпнұсқасының  қасиеттерін  қайта  жасайтын  аналог,  түпнұсқаның  орнын  басушы 
(ақиқаттың үзіндісі) деген мағынаны білдіреді.  
Зерттеуіміздің  міндеттеріне  орай,  АҚШ–тың  жоғары  білім  беру  жүйесіндегі 
студенттерге 
академиялық 
қолдау 
көрсету 
тәжірибесінің 
озық 
бағыттарын, 
бағдарламаларын, қазақстандық кредиттік оқыту технологиясында студенттердің жеке оқу 
траекториясын  жүзеге  асыруға  ықпал  ету  мақсатымен  енгізілген  жаңа  педагогикалық, 
академиялық қызметтердің іс-әрекетін ескере отырып, кредиттік оқыту технологиясында 
университет  студенттеріне  академиялық  қолдау  көрсету  кешенін  ұйымдастырудың 
теориялық  моделін  ұсынамыз  (cурет  1).  Құрылымдық-теориялық  модель,  университет 
студенттеріне  академиялық  қолдау  көрсету  іс  -әрекетінің  мақсаты  мен  мазмұны, 
академиялық  қолдау  көрсету  қағидалары,  компонентері,  бағыттары,  субъектілердің 
әрекеттесу  формалары  мен  құралдары,  академиялық  қолдау  көрсетудің  нәтижесі  мен 
рефлексия элементтерінен тұрады. 
Ендігі  кезекте,  университет  студенттеріне  академиялық  қолдау  көрсету  кешенінің 
құрылымдық моделінде көрсетілген әрбір элементтерін жекелеп қарастырып, түсініктеме 
беруді қажет етеді. 
 
 
 
 
 
 

 
107 
Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық 
моделі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1 - Университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің теориялық моделі 
 
Академиялық қолдау көрсету құралдары: жеке-дара кездесулер,шағын топта кездесулер,  электрондық 
пошта, форум, телефон 
 
Академиялық қолдау 
көрсету 
компоненттері 
Студенттерге  академиялық  қолдау  көрсетудің  мақсаты:  кредиттік  оқыту  технологиясында 
білім  алушылардың  академиялық  кедергілерінің  алдын  алу,  жеке  оқу  траекториясын  саналы 
қалыптастыруға әсер ету жағымды әсер ету,   
Тьютор  
Ментор  
Бағыт-бағдар 
курстары 
Академиялық қолдау көрсету қағидалары: 
адамгершілік құндылықтардың басымдылығы, 
еріктілік, икемділік, бірлесіп жұмыс атқару 
(кооперация), жеке дараландыру, студенттің субъектік 
позициясын белсендіру, тең құқықтық..
 
Академиялық қолдау көрсету компоненттерінің 
бағыттары 
1.
 
студенттің университет қабырғасына бейімделуі
2.
 
студенттің оқу үдерісінде өзін - өзі ұйымдастыруы; 
3.
 
университеттің оқу үдерісіндегі студенттің өздік 
жұмысы; 
4.
 
 студенттің кәсіби таңдау жасауы; 
5.
 
студенттің оқу- танымдық дағдыларын дамыту. 
Академиялық  қолдау  көрсету  формалары:    академиялық  кеңес  беру,  модерация,  тренинг,  коучинг, 
практикалық сабақтар, дамытушы оқу пәндері 
 
Студент 
Білім алушының 
жеке оқу 
траекториясын 
саналы 
қалыптастыру, 
жүзеге асыру 
барысында 
кезіктіретін 
академиялық 
қиыншылықтарын 
шешу мақсатында 
академиялық қолдау 
көрсету 
мамандарымен 
бірлескен белсенді 
субъективтік 
позициясындағы іс- 
әрекеті.. 
 
Дамытушы 
академиялық
 
эдвайзер 
Академиялық қолдау көрсету компоненттерінің 
функциялары: cтуденттің кәсіби дамуына әсер ету; 
жобалау; басқару; рефлексия, білімін жетілдіру.. 
Академиялық қолдау көрсетудің нәтижелері: 
-
 
білім  алушылардың  іс-әрекетіндегі  субъектілік  қарым-қатынасы,  дербес  білім  алу,  жеке  оқу  траекториясы 
мен  кәсіби  өзін-өзі  анықтауында  белсенділік,  жауапкершілік,  бастамашылық  (инициатива)  сияқты 
қабілеттердің көрінуі; 
-
 
академиялық қиындықтарды шешу және жеке оқу траекториясын жобалау мен жүзеге асыруда жағымды оқу-
танымдық мотивациясының қалыптасуы; 
-
 
академиялық проблемаларды шешуді саналы түрде ұғынуы; 
-
 
оқу үлгерімінің артуы; 
-
 
меңгерілген тәжірибені дербес анализдеу және рефлексия жасауға үйренуі. 

 
108 
Студенттерге  академиялық  қолдау  көрсетудің  мақсаты:  кредиттік  оқыту 
технологиясында  білім  алушылардың  академиялық  кедергілерінің  алдын  алу,  жеке  оқу 
траекториясын саналы қалыптастыруға әсер ету. Осы орайда, академиялық қолдау көрсету 
субъектілерінің әрекеттесуінің басты мақсаты, студенттің дербес жеке оқу траекториясын 
құруда,  кәсіби  қалыптасуында  кездескен  қиындықтарды  студенттің  пайдасына  шешуге 
жағдай жасау. 
Ғылыми  әдебиеттерге  теориялық  анализ  жасаудың  негізінде,  сонымен  қатар 
студенттік  жас  кезеңінің  ерекшеліктерін  (ересектік  жасқа  өту,  дербестікке  қажеттілік, 
өзін-өзі  басқару,  өзін-өзі  жетілдіру,  осы  жас  кезеңіне  тән  мінез  бітістері  мақсаттылық, 
батылдық,  белсенділік,  оқу  іс-әрекетінің  көмегімен  өмірлік  мәселелерін  жетуге 
дайындығы,  әлеуметтік  тәжірибе  жинау)  ескере  отырып,  білім  алушылардың  жеке  оқу 
траекториясы мен білім алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайтын төмендегідей 
студентпен  академиялық  қолдау  көрсету  қызметкерлерінің  әрекеттесу  қағидаларын 
айқындадық: 
1)
 
Адамгершілік құндылықтарының басымдылығы қағидасы; 
2)
 
Еріктілік; 
3)
 
Субъектік ұстанымын белсендіру; 
4)
 
Теңқұқықтық қағидасы (субъект-субъектік қарым-қатынас);  
5)
 
Икемділік қағидасы
6)
 
Бірлесіп жұмыс атқару (кооперация) қағидасы
7)
 
Жеке даралану қағидасы
Әлемдік  озық  академиялық  қолдау  көрсету  бағдарламаларына  талдау  жасау 
барысында іріктеліп алынған академиялық эдвайзер, тьютор, ментор бағдарламалары мен 
бірінші  курс  студенттеріне  арналған  бағыт-бағдар  беруші  курстары,  университет 
студенттеріне  академиялық  қолдау  көрсету  кешенінің  құрылымдық  моделінің 
компоненттерін құрады.  
Дамытушы  академиялық  эдвайзер  (Develepmental  Academic  advising)  -  қолдау 
көрсетудің  негізгі  компоненті  ретінде,  білім  алушылардың  жеке  -  дара  сенімі  мен 
көзқарастарына  сыйластықпен  қарау  негізінде,  студенттің  қажеттілігі  мен  университет 
талабы  арасындағы  қарама  -  қайшылықтарды  екі  жақтың пайдасына  шешуге,  студенттің 
әлеуметтік, әлеуеттік, отбасылық, жас және жеке дара, ұлттық, гендерлік ерекшеліктеріне 
назар  аударуға,  студенттің  академиялық  мүмкіндіктерін  біртіндеп  айқындау  арқылы  , 
жеке  оқу  траекториясын  саналы  қалыптастыруға,  жүзеге  асыруға  университет 
ресурстарын  жүйелілікпен  пайдалануына,  кредиттік  оқыту  технологиясының  студентке 
қажетті  тұстарын,  басымдықтарын,  студенттің  кәсіби  маман  ретінде  қалыптасуына  әсер 
ететін күнделікті университетішілік іс-шараларды телефон, электронды пошта, жеке-дара 
кездесулер арқылы жеткізуге жауапты болады.  
Тьютор  қызметін,  оқытушылар,  немесе  ерікті  түрде  (волонтер)  оқу  үлгерімі 
бойынша жоғары көрсеткіштер көрсеткен жоғары курс студенттері, немесе магистратура, 
докторантура білім алушылары атқарады. Тьютор қызметі, пәндердің силлабусы негізінде, 
оқу  курсының  күрделі  тақырыптарын,  немесе  студенттің  өздік  жұмыстарын  жеке-дара, 
немесе  шағын  топта,  білім  алушылармен  бірлесіп  талдаудан,  пікірталас  жүргізуден 
тұрады.  Тьютор  бағдарламасының  мақсаты  -  белгілі  бір  пән  бойынша  студенттің  оқу 
тәжірибесін  арттыру,  академиялық  артта  қалушылықтың  алдын  алу  арқылы  студенттің 
жеке оқу траекториясының саналы жүзеге асыруына әсер ету.  
Ментор  қызметін,  кафедра  оқытушылары,  немесе  ерікті  түрде  (волонтер) 
университеттік  тәжірибесі  мол  жоғары  курс  студенттері,  немесе  магистратура, 
докторантура  білім  алушылары  атқара  алады.  Ментор  бағдарламасының  мақсаты  –  1,  2 
курс  студенттерін,  жоғары  білім  беру  жүйесіне  бейімделуіне  ықпал  ету;  студент- 
оқытушы  байланысын  жетілдіру;  бірінші  курс  немесе  ауысып  келген  студенттерді 
университеттің бір мүшесі  ретінде сезіндіру; оқу мотивациясын арттыру;  оқу мәселелері 

 
109 
бойынша  пайдалы  кеңестер  беру.  Менторлықты,  оқытушылар,  немесе  ерікті  түрде 
(волонтер)  оқу  үлгерімі  бойынша  жоғары  көрсеткіштер  көрсеткен  жоғары  курс 
студенттері, немесе магистратура, докторантура білім алушылары атқарады. 
Бірінші  курс  студенттеріне  арналған  бағыт-бағдар  курсының  мақсаты,  білім 
алушылардың  кәсіби  дамуы  мен  жеке  оқу  траекториясын  құруға  кедергі  келтіретін 
академиялық мәселелер мен кедергілердің алдын алу, университет ортасына бейімделуге 
әсер  ету;  студенттің  өзбетімен  білім  алуда  субъектік  позициясын  белсендіру.  Курстың 
соңында  студенттер,  университет  саясаты; студенттер ісімен айналысатын  университет 
қызметтері  мен  функциялары,  академиялық  қолдау  көрсету  қызметкерлері  эдвайзер, 
тьютор  т.б.  университеттің  оқыту  үдерісі;  ЖОО-да  өздік  жұмысты  ұйымдастырудың 
мақсаты,  міндеттері;  оқу-танымдық  дербес  іс-әрекетті  ұйымдастыруды  жоспарлау;  оқу- 
танымдық іс- әрекетті басқару және бағалау; ақыл–ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру; 
жеке оқу жоспарын саналы құру туралы түсініктер қалыптасуы қажет. Бағыт-бағдар беру 
курстарын, арнайы дайындықтан өткен академиялық эдвайзерлердің жүргізуі міндетті. 
Жоғарыда  айтылғандай,  жоғары  білім  беру  жүйесінің  үрдісін  талдау,  кредиттік 
оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері: 
білім  көлемін  біріздендіру,  оқытуды  барынша  дараландыру  үшін  білім  алушыларға 
жағдай туғызу, білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту 
және т.б. талаптары мен басымдықтарын, сонымен қатар, ақпараттық технологиялар даму 
жағдайында  студенттердің  талаптарын  ескере  отырып,  академиялық  қолдау  көрсету 
қызметінің  келесі  функцияларын  айқындадық:  cтуденттің  кәсіби  дамуына  әсер  ету; 
жобалау; басқару; рефлексия және өз білімін жетілдіру. 
Студенттің  кәсіби  дамуына  әсер  ету  функциясы  студенттің  жеке  оқу 
траекториясын  жобалауда  және  жүзеге  асыруда  болатын  кедергілер  мен  күрделі 
мәселелерді  шешу;  студенттің  дербестік,  жауапкершілік  пен  шығармашылық 
қасиеттерінің  көрінуіне  жағдай  жасау;  үздіксіз  өзбетімен  білім  алуға,  өзін-өзі  кәсіби 
дамытуға  ынталандыру;  оқыту  үрдісінде  студенттің  қажеттіліктері  мен  мүмкіндіктерін 
айқындау; студенттің субъектілік тәжірибесіне сүйену; оқыту үдерісінде қиындық немесе 
түсініксіздік танытатын жағдайларда көмек көрсету; шешімін табуға әсер етуден тұрады. 
Басқару функциясы университетішілік әріптестерімен, басқа да академиялық қолдау 
көрсету  компоненттерімен  (тьютор,  ментор),  оқытушы-профессор  құрамымен,  сонымен 
қатар  басқа  жоғары  оқу  орындары  мен  ұйымдармен,  кәсіби  мекемелермен  тығыз 
байланыста  болуды  қажет  етеді.  Себебі,  университеттің  студенттер  ісімен  айналысатын 
қызметтерінің  ынтымақтаста  бірлесіп  жұмыс  істеуінсіз,  студенттерге  толыққанды 
академиялық қолдау қызметімен қамтамасыз ету мүмкін емес.  
Білімін  жетілдіру  және  рефлексия  функциясына  өзіндік  іс-әрекетін  талдау, 
академиялық  қолдау  көрсету  компоненттерінің  (эдвайзер,  ментор,  тьютор)  кәсіби  іс-
әрекетінде  мақсатты  және  дербес  түрде  жаңа  кәсіби  білімдер  мен  дағдыларды  үйренуге, 
біліктілігін арттыруға дайындығы жатады.  
Академиялық  қолдау  көрсету  үдерісінің  формалары  мен  құралдары,  олардың 
компоненттері  мен  студенттің  әрекеттесу  мақсатымен,  сонымен  қатар  кеңес  беру 
мазмұнына сай іріктеліп, жүргізіледі.  
Студенттің  жас  кезеңінде  жоғары  білім  алу,  студенттің  қоғамдық  байланыс  пен 
міндеттерді  ескере  отырып,  өмірлік  мақсаттарды  жүзеге  асыру  құралы  болуымен 
ерекшеленеді. Соған байланысты, академиялық қолдау көрсету формаларына кеңес беру, 
модерация, трениг, коучинг, практикалық сабақтарды жатқыза аламыз. Әрине, әрбір әсер 
ету  формасы  академиялық  қолдау  көрсету  мамандары  мен  студенттің  әрекеттесуінің 
мақсаты мен мазмұнына сай таңдалады. 
Ұсынылып  отырған  әрбір  академиялық  қолдау  көрсету  формаларының 
басымдықтары  мен  шектеулері  бар.  Олардың  ұтымды  пайдалануы  проблемалық 
жағдайдың, білім алушыларға әсер ету ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі. Студент 

 
110 
пен  академиялық  қолдау  көрсету  компоненттерінің  әрекеттесуінде  әртүрлі  құралдарды 
қолдану,  академиялық  кеңес  беру  үдерісінің  мазмұнын  сипаттайды.  Технологиялық 
мәдениет
  дәуірі
нде  ақпараттық  коммуникация  құралдары  (интернет,  электронды  пошта, 
форум,  чат,  блок,  телефон,  факс  және  т.б.)  студент  пен  академиялық  қолдау  көрсету 
персоналдарымен  үнемі  байланыста  болуға  мүмкіндік  береді.  Дегенмен  ақпараттық 
коммуникативтік  технологиялар,  бетпе-бет  қарым-қатынас  жасауды  алмастыра  алмайды, 
біздің моделімізде қосымша байланыс жасау құралы ретінде қарастырылады.  
Академиялық қолдау көрсетудің нәтижесі, білім алушының жеке оқу траекториясын 
саналы  қалыптастыруда,  жүзеге  асыруда  кезіктіретін  академиялық  проблемаларын 
мақсатты орындауда біртіндеп шешімін тауып, келесі түрде беріледі: 
-  білім  алу  үрдісінде  субъектілік  қарым-қатынас,  дербес  білім  алу,  жеке  оқу 
траекториясы  мен  кәсіби  келешегінде  белсенділік,  жауапкершілік,  бастамашылық 
(инициатива) көрсетуі. 
-  академиялық  қиындықтарды  шешу  және  жеке  оқу  траекториясын  жобалау  мен 
жүзеге асыруда жағымды мотивацияның қалыптасуы
- академиялық мәселелерді шешуді саналы түрде ұғынуы; 
- оқу үлгерімінің артуы; 
- меңгерілген тәжірибені дербес анализдеу және рефлексия жасау алуы . 
Академиялық  қолдау  көрсету  нәтижелеріне  талдау  жүргізу  және  рефлексия  (кері 
байланыс)  орнату  академиялық  қолдау  көрсету  моделінің  негізгі  компоненті  болып 
табылып,  академиялық  қолдау  көрсету  үлгісін  тиімділеуге,  субъектілердің  өздерінің  іс-
әрекетін сырт көзбен бақылауға, кеңес берудің басымдықтары мен кемшіліктерін ескеру, 
студент  пен  эдвайзер  немесе  тьютордың  болашақтағы  біріккен  іс-әрекетіне  түзетулер 
енгізуге мүмкіндік береді.  
Қорыта айтқанда, кредиттік оқыту технологиясының талаптары, студенттен жоғары 
ұйымдасқан  деңгейде  дербестік,  өз  уақытын  ұйымдастыру,  дербес  білім  алу 
дағдыларының  қажеттілігіне  жоғары  сұраныс  туындатады.  Ол  үшін  студенттің  білім 
алудағы  субъектік  позициясын,  жеке  оқу  траекториясын  саналы  қалыптастыруға  әсер 
ететін  жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолдануымыз  қажет.  Бұл  жағдайда, 
ұсынылып отырған АҚШ-тың академиялық қолдау көрсету бағытындағы тәжірибелерінен 
зерделенген 
академиялық 
қолдау 
көрсетудің 
теориялық 
моделі, 
отандық 
университеттердің оқу-тәрбие үдерісін студентке бағытталған оқытуды қағидаларына сай 
ұйымдастыруда қолданыла алады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет