Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата23.02.2017
өлшемі6,79 Mb.
#4723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
§8. тарихи карта
1.  Карта  тарихы.  Тұңғыш карта Қытайда 
жасалған. Ежелгі Грекияда да карта жасау ісі 
дамыды. Бірақ ол кезде мемлекеттің жер көлемі 
мен аумағын дәл анықтайтын техникалық 
құралдар болмағандықтан, жер атауы мен 
пішінінде дәлсіздіктер кездеседі. Дегенмен бұл 
тұңғыш карталардың сол кезде маңызы зор 
болған.
XVI–XVII ғасырларда Италия, кейінірек Гол-
ландия сияқты елдерде карта жасау ісі дамыды.
2.  Картаның  маңызы.  Карта – жер бетінің  
немесе оның жекелеген бөліктерінің кішірей-
тілген көрінісі. Картадағы әрбір сызықша мен 
белгінің атқаратын өз қызметі бар. Картаны 
дұрыс пайдалану үшін оның шартты белгілерін 
білу керек.
Картада орманды, далалы, батпақты алқап, 
елді мекен, жол, өзен-көл, байланыс желілері, 
тіпті диірмен, жеке ағаштар да көрініс табады. 
Карта мазмұнында қосымша түсініктемелер, 
ормандағы ағаш түрлері, көпірдің ұзындығы 
мен ені, өзеннің ағыс бағыты, т.б. мәліметтер 
көрсетіледі.
Карта саяхатшылар мен теңізшілер, ұшқыш, 
геолог, агроном және басқа мамандық иелері 
үшін өте қажет.
География, тарих  пәндерін оқып-үйренгенде 
әр түрлі карталармен жұмыс істеуге тура ке-
леді. Карта осы пәндерді жақсы меңгеруге кө-
мектеседі.
Картада материктер мен үлкен аймақтар, 
мемлекеттер арнаулы деректер арқылы кіші-
рейтіліп түсіріледі.
3.  Картаны  оқу.  Картадағы барлық шарт-
ты белгілерді түсіну арқылы аймақтың та-
биғат жағдайын, халықтың қоныстануын, мем-
лекеттің орналасқан жерін көз алдымызға елес-
тете аламыз.
Картада әр мемлекеттің нақты шекарасы, 
мемлекеттер, олардың астаналары белгіленеді. 
Ертедегі қазақ жері, 
халықтың тұрмыс-
тіршілігі туралы 
мәліметтерді қайдан 
аламыз?
«Дүниетану» пәнінен 
алған біліміңді еске 
түсір:
 
План дегеніміз не? 
 
Карта туралы не 
білесің? 
 
Картада жер бедерін 
қалай белгілейді?
 
Масштаб деген не?

32
Қ
а
зақ
ст
ан
 к
ар
т
а
сы

33
Мемлекеттер әртүрлі түспен ерекшеленіп 
көрсетіледі. Әр мемлекеттің атауы жазылады. 
Егер мемлекет аумағы шағын болса, ол санмен 
беріледі де, мемлекеттің аты картаның жиек 
сызығының төменгі жағында көрсетіледі.
Географиялық және тарихи карталар  бо-
лады. Тарихи картадан белгілі бір дәуірдегі 
маңызды оқиға болған жерді, көтеріліс, шай-
қас орындарын, мәдени ескерткіштерді, ірі 
қа 
лаларды, өнеркәсіп аймақтарын біле ала-
мыз.
 Географиялық картада теңіз бен өзендер 
көгілдір түспен, жер бедері жасыл, сары, қоңыр 
түсті бояулармен көрсетіледі. Ал тарихи картада  
бұл түстер басқа мағынада пайдаланылады. 
Мәселен, «Түрік қағандығы» картасындағы 
жасыл түс ертедегі түрік тайпалары мекен-
деген аумақты белгілейді. Тарихи картада 
географиялық картада жоқ шартты белгілер 
кездеседі. Мысалы, үлкенді-кішілі бағдаршалар 
мен салт аттылар кескіндері шайқас болған 
жерді білдіреді.
4.   Картадағы Қазақ жері туралы мәлімет-
тер.  Еуропа мен Азия 
ны жалғастырған Ұлы 
Жібек жолымен тек тауарлар ғана тасылып 
қойған жоқ, халықтардың мәдени жетістіктері 
де таралды. Керуен жолы арқылы елімізге 
қытай, араб, парсы, рим көпестері мен саяхат-
шылары, ғалымдары келді. Олар өз еңбектерінде 
ұлан-байтақ қазақ жері, халықтың тұрмыс-
тіршілігі туралы мәліметтер қалдырды. Грек 
тарихшысы Геродот жасаған «Жер пішіні» кар-
тасында Қазақ жеріндегі Еділ, Жайық және 
Жем өзендері мен Каспий теңізінің бедері бей-
неленген. Птолемейдің «География»  еңбегінде 
де қазақ жері, Жайық және Сырдария өзендері 
тур 
алы деректер кездеседі. Ол Арал теңізін 
картаға түсірген.  
XVII ғасырдың аяғында орыс ғалымы С. Ре-
мезов тұңғыш рет қазақ жерін картаға түсірді.
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиха-
нов Оңтүстік Қазақстан өңірі мен Шығыс Түр-
кістанның картасын жасады.
Түркі ғұламалары әл-
Фа ра би,  Махмұд  Қаш қа-
ри мен Қадырғали Жа ла-
йыри  ең бектерін де  қа зақ 
же рінің 
геог ра фия лық 
жағ дайы  ту ралы  құн ды 
деректер  мо лынан  кез де-
седі. 
Әл-Идрисидің «Жер 
бе 
ті суреті» атты карта-
сы 1154 жылы салынған. 
Он 
да қазақ еліндегі қа-
лалар, қоныстар, мем-
лекеттер мен тайпалар, 
өзен-сулар жайлы бағалы 
мәліметтер келтірілген. 
Мұнда қимақтың 16 қа-
ласы аталады.
Қазақ жеріне саяхат 
жа саған 
италиялықтар 
Пла но Карпини мен Виль-
гельм Рубрук Каспий 
теңізі жайлы тың дерек-
тер бер ген. Олар сондай-ақ 
Ала көл,  Балқаш  көл дері, 
Іле Алатауы мен Тар 
ба-
ғатай таулары туралы 
тұңғыш мәліметтер кел-
тірген. 
 
Тарихи карта 
дегеніміз не?
 
Адамзатқа карта не 
үшін қажет болды?
 
Картаның шарт-
ты белгілері қалай 
оқылады?

34
§9. Қазақстан әлем картасында
1. 
Қазақстан жерінің аумағы. Егер 
дүниежүзілік картаға қарасаң, Қазақстан Еу-
разия деп аталатын материктің кіндігінде орна-
ласқанын, көлемі жағынан жер шарындағы ең 
ірі мемлекеттердің бірі екенін көресің. Әлемдегі 
189 елдің ішінде Қазақстан жер аумағы жағы-
нан 
тоғызыншы  орында тұр. Ол солтүстігінде 
Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде 
Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанмен, баты-
сында Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран 
мемлекеттерімен шектеседі. Республикамыз-
Материк  (континент) – 
мұхиттар 
мен және теңіз-
дермен қор 
шал 
ған ең ірі 
құрлық бөлігі. Қазіргі 
жер беті алты материк-
тен тұрады. Олар – Еура-
зия, Солтүстік Америка, 
Оңтүстік Америка, Афри-
ка, Австралия және Ан-
тарктида.  

35
Махмұд Қашқари жасаған 
дөңгелек карта
Еуразия  – жер шарын дағы ең үлкен құрлық. Еуразия екі дүние бөлігі нен – 
Еуропа мен Азиядан тұрады. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мың 
шақырым, батыстан шығысқа 16 мың шақырымға дейінгі ау мақта созылып жа-
тыр.
Еуразия – дүниежүзін 
дегі халық ең көп тұратын әрі тығыз қоныстанған 
құрлық. Онда 4 миллиардтан астам халық тұрады.
дың шекарасының ұзындығы 15 мың кило-
метр ден асады. Еліміздің бас қаласы – Астана 
Қазақстанның солтүстік өңірінде орналасқан. 
2.  Қазақстанның  топонимикасы.  «Топони-
мика» – грекшеден аударғанда «мекен» неме се 
«жер атауы» деген түсінік береді. Топоними - 
ка – жер-су аттарының шығуын, қазіргі жағ-
дайын, мағынасын зерттейді.
Махмұд Қашқари – 
«Диуани лұғат ат-түрк» 
(«Түрік тілдерінің жи-
нағы») атты еңбегінде 
түркі тілдес халықтардың 
тілі мен әдебиетін, тілдік 
ерекшеліктерін зерттеген, 
түркі рулары мен тай 
па-
ларының тарихын, тұр-
мысын, салт-дәстүрін зер-
делеген.
Махмұд Қашқари 
жасаған дөңгелек карта – 
әлем дегі ең ежелгі түркі 
кар 
тасы ретінде белгілі. 
Осы картада Қазақстан 
же  рінде 
болған 
ежелгі 
ша һарлар – Барсқан, Ба-
ла 
сағұн, Тараз, Екіоғыз, 
Қашқардан бастап, түр-
кі дүниесінің елді ме-
кендері, жер бедері түгел 
қағаз бетіне түскен. Түр-
кі дүниесі жөнінде ег-
жей-тегжейлі сипатта-
ма берілген осынау көне 
дә 
уірдегі түркі картасы 
 
ғалымның өлмес мұрасы 
саналады.

36
Қазақ халқы ежелден-ақ табиғатына лайық-
тап даладағы жер-су мен орман-тауларға ат қоя 
білген. Сарыарқа, Бетпақдала сияқты атау-
лар сол жердің кеңдігін, қасиетін аңғартады. 
Негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған қазақ 
малға тиімсіз жерге Ащыкөл, Жаманбұлақ, 
Атқырылған сияқты атаулар берген. Шөбі шүй-
гін, малға да, адамға да қолайлы жерлерге 
Мыңжылқы, Байқоныс, Кеңбұлақ деген атаулар 
беріліпті.
Халқымыздың салт-дәстүріне байланысты 
қойылған Бәйгеқұм, Биесойған, Қандыағаш, 
Кін діккескен сияқты атаулар да кездеседі.
Аңырақай, Қалмаққырылған, Ойрантөбе, 
Ордабасы, тағы басқа атаулар – еліміздің басы-
нан өткен тарихынан хабар беріп тұрады.
Мұнайшы, Теміртау, Жезқазған, Бүркітші, 
Доланалы атаулары сол өлкенің қазба бай-
лықтары, өсімдіктері мен жануарлар дүние сінің 
ерекшелігін көрсетіп тұр. 
Көкшетау, Ұлытау, Алатау, Қаратау, Ақтау 
тәрізді атаулар жер келбетінің ерекшелігін көзге 
тосып тұрады.  
 
Картадан Қазақстан 
Республикасының 
мемлекеттік шекара-
сын көрсет.
 
Қазақстан Республи-
касы қандай мемле-
кеттермен шектеседі? 
 
«Топонимика» сөзінің 
мағынасы нені білдіреді?
 
Өзің тұратын 
жердің атауы неден 
шыққанын сұрастыр.
 
Жер-су аттарын білу 
не үшін керек?
 
Неліктен Қазақстан 
Еуразия кіндігі деп 
аталады? Өз ойыңды 
нақты мысалдар 
арқылы дәлелде.
 
М. Қашқаридың 
дөңгелек картасын-
да біздің елімізге 
қатысты қандай 
мағлұматтар бар?
Бурабайдағы  
Оқжетпес тауы

37
§10. Қазақстан – менің отаным
1.  отан  деген  не?  Отан  –  әр адамның туып-
өскен жері, атамекені, ел-жұрты. Отан – кіндік 
қаның тамған жерің. Біздің Отанымыз – 
Қазақстан.
Адамның ата-бабасынан бері мекендеген 
аймағын, суын ішіп, өсіп-өніп, өмір сүріп келе 
жатқан жерін – Атамекен дейді. 
Отанды сүю – өз ата-анаңды, туысқандарың-
ды, достарыңды сүю мен сыйлаудан басталады. 
Отанға деген сүйіспеншілік – 
патриотизм деп 
аталады. Өз Отанын сүйетін адам 
патриот са-
налады. Ата-бабаларымыз – біз үшін Отаны-
на, туған еліне, халқына деген сүйіспеншілік 
пен адалдықтың үлгісі. Олар қазақ даласының 
еркіндігі мен елінің бостандығы үшін жан ая-
май күресіп, оны бізге аманатқа қалдырды. Бұл 
жерді өз ұрпағымызға табыстау – бізге міндет.  
Сен Абылай  хан есімін жақсы білесің. 
Абылай хан – қаһарман қолбасшы, ақыл-
ды да айлалы, көреген адам болған. Ол – Ота-
нын, елі мен жерін сүйген көрнекті мемле-
кет қайрат 
ке 
рі. Жоңғарлармен шайқаста ба-
тырлық көрсетіп, ерекше амал-
айласымен  көзге  түс ті.  Өне ге - 
лі  ақыл-кеңесінің,  ал ғыр лығы 
мен көрегендігінің арқа 
сында 
Абы лай кемеңгер деген атқа ие  
болды. 
Отаны үшін еңбек еткен, 
Отанының азаттығы жолында 
жанын да аямаған адамдар ха-
лық есінде жыр-дастан, күй, 
аңыз болып сақталады.
2. 
отан – бәрінен қымбат. 
Отан – қасиетті сөз. «Отан от ба-
сынан басталады», «Отан оттан 
ыстық»,  «Отансыз адам – орман-
сыз бұл бұл» деген қазақ мақал-
  
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу, – Отан дер ем.
...Оты сөнген жалғанда  жан барсың ба,
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.
М. Мақатаев 
Алматы қаласындағы 
Тәуелсіздік монументі

38
мәтелдерінің мәні зор. Отан жайында атақты  би-
шешендер, ойшыл-ғалымдар, ақын-жазушылар 
өсиет сөздер қалдырған.
Қаздауысты Қазыбек би:
«Алтын ұяң – Отан қым бат,
Құт-берекең – атаң қымбат» деген екен. Ал 
заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Алтын анам – 
Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер 
күшім жоқ» деп жазған. Біртуар дарынды ақын 
Мұқағали Мақатаев жырларының көбін туған 
елі, өскен жері, Отан тағдырына арнаған. 
Әрбір қазақстандық өз Отанын мақтан тұ-
туы тиіс. Бүгінде Қазақстан Респуб 
ликасы 
бар ша әлем таныған іргелі елге айналды. Біз-
дің мақсатымыз – Отанын сүйетін, Отанын 
мақтаныш ететін, Отанын қорғайтын, елжанды, 
жан-жақты білімді адам болып өсу. Әрбір адам 
өзінің еліне, Отанына, туған жеріне адал болуы 
керек. Қайда жүрсе де өз Отанын, жері мен суын 
шексіз сүйіп, барлық күш-жігерін Отан мүд-
десіне, оның көркейіп дамуына жұмсауы керек.
Әрбір Қазақстан азаматы осындай кең-
байтақ жердің лайықты мұрагері болуы тиіс. 
Қазақстанның болашағы жастарға, олардың бі-
лімділігі, тәрбиелілігі мен Отанға адалдығына 
байланысты. Олай болса, жақсы оқып, өнегелі, 
Отанымызға лайық болып өсейік!
Тапсырма. Кестедегі түсініктерге сәйкес анықтамаларды  
тауып, дәптеріңе жаз. 
Түсініктер
Анықтамалар
1. Отан
2. Туған өлке
3. Қоныс
4. Карта
а) өлке, өңір, аймақ, адамның туған жері, қаласы, ауылы, 
қонысы
ә) әр адамның туып-өскен жері, туыстарымен, жолдастары-
мен тұратын ел-жұрты
б) жер бетінің, аспанның немесе олардың жеке 
бөліктерінің кішірейтілген көрінісі
в) жергілікті халықтың ертеден мекен еткен жері
 
«Отан», «Туған өлке» 
деген сөздерді қалай 
түсінесің?
 
Отанға байланыс-
ты қандай мақал-
мәтелдер білесің? 
 
«Менің Қазақстаным» 
атты тақырыпта 
шығарма жазып кел.

39
§11. Қазақстанның табиғаты
1.  табиғат  жағдайлары.  Қазақстанның  жер 
көлемінің 10%-ын биік таулар алып жатыр. 
Онда ұшар басын мұздақ басқан Алатау, Алтай, 
Тянь-Шань сияқты биік таулар да орналасқан.  
Жазықтар мен үстірттер де,  аласа таулар мен 
қыраттар да бар.  Жеріміздің  төрттен бір бөлігі 
жазық дала болып келеді. Оның орталық бөлігін 
Сарыарқа, оңтүстігін Бетпақдала алып жатыр. 
Оңтүстік-батыста Маңғыстау түбегі, Каспий 
маңы ойпаты, оңтүстік-шығысында Жетісу 
өлкесі, шығысында Кенді Алтай, Тарбағатай 
жоталары орналасқан.
Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуы 
оның климаты мен табиғат жағдайларының 
да түрліше болуына ықпал етеді. Мысалы, 
Оңтүстік Қазақстанда күн ысып тұрғанда, сол-
түстік өңірінде салқын болуы мүмкін.
«Дүниетану» пәнінен 
алған біліміңді еске 
түсір:
 
Пайдалы қазбаларға 
не жатады?
 
«Отаным менің, 
байтақ өлкем» деген 
сөзді қалай түсінесің? 
Үстірт

40
2. Қазба байлықтары. Қа-
зақ стан 
Республикасының 
жер қойнауы пайдалы қаз-
ба 
ларға бай, минералдық 
ши кізат тың барлық түрі кез-
деседі. Пайдалы қазба 
лар-
дың алты мыңға жуық кен 
орындары ашылды. Қазақ-
станда уран, хромит пен фос-
фор, марганец, алтын сияқты 
бағалы металдар қоры мол. 
Түсті және қара металлургия 
өндірісі дамыған. Қараған-
ды мен Екібастұзда көмір 
(жоғарғы суретте), Кас 
пий 
маңы аймағында газ бен 
мұнайдың (төменгі суретте)
мол қоры бар.  
Еліміздің байлық көз-
дерінің бірі – айдын-шалқар 
көлдері мен сарқырап аққан 
өзендері. Қазақстан жерінде 
 
ұзындығы 1000 километр ден 
асатын ірі өзендер: Есіл, Ер тіс, 
Жайық, Іле, Сырдария, Шу 
және Каспий, Арал теңіздері 
мен Балқаш көлі бар. 
Каспий теңізі мен өзен-
көлдерде қандай байлық бо-
латынын есіңе түсір.
3.  Өсімдік  дүниесі  мен 
жануарлары.  Қазақ станның 
өсімдік дүниесі де алуан 
түрлі. Қалың шалғындар 
мен ну ормандар да бар.  Әсі-
ресе тау 
лы аймақтар өсім-
дікке бай. Тянь-Шань, Ал-
тай, Жоңғар Алатауының 
тау беткейлерінде шыр 
ша, 
май қарағай, 
балқарағай, 
са мыр сын ағаштары өседі. 

41
Тау алдындағы жа-
зықтарда итмұрын, 
долана, 
бө рі жидек 
бұ талары, 
қызғал-
дақ кең тара 
ған. 
Ала са  тау  бет кей-
лері  қа йың,  то был-
ғы, алма, өрік ағаш-
тарына  то лы.
Атырау, Мойын-
құм, Бетпақдала 
 
си яқ ты  шөлді  ай-
мақ тар да 
сексеуіл, 
жиде, жың 
ғыл то-
ғай лары  өседі.
Далалы жерлерді тышқан, алақоржын, 
қасқыр, түлкі, борсық, т.б. мекендейді. Дуа дақ, 
тырна, торғайдың бірнеше түрлері тараған.
Таулы жерлерде бұлғын, тиін, елік, таутеке, 
бұғы, ақ қоян сияқты жануарлар мен аққұтан, 
қызылқұтан, құр, тоқылдақ сияқты құстар жиі 
ұшырасады.
Орманды дала өңірін қоян, тышқан, 
қасқыр, түлкі, елік, құстардан құр, шіл, ителгі, 
тоқылдақ, қарға мекендейді.
Шөлді жерлерде тышқан, саршұнақ, кірпі, 
тасбақа, жылан, кесірт 
ке, ал құстардан дала 
бүркіті, сауысқан және т.б. кездеседі.
Қазақстанның сирек және құрып кетуге 
айналған өсімдіктері мен жануарлары, құстары 
«Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, 
ерекше қорғауға алынған. Біздің жерімізде ерте-
де құлан, ақбөкен, қарақұйрық сияқты жануар-
лар көп болған. Қазіргі таңда осы жануарларды 
көбейту, басқа жақтан әкелінген жануарларды 
жерсіндіру ісі жүргізілуде. Өзендер мен көлдерге 
балықтың жаңа түрі жіберіледі. 
Алтай тауының бөктерінде терісі бағалы 
қара күзен мен бұлғын, жанат, өзен жағасында 
ондатра өсіруге көңіл аударылып отыр.
 
Қазақстанның 
табиғат жағдайы ту-
ралы әңгімелеп бер.
 
Еліміз қандай қазба 
байлықтарға бай?
 
Өлкедегі өсімдіктер 
мен жануарлардың 
қандай түрін білесің?
 
«Қазақстанның 
табиғаты, өсімдіктер 
мен жануарлар 
дүниесі» туралы хабар-
лама дайында.
 
Өзің тұратын қалада, 
өңірде қандай таулар 
мен көлдер, өзендер 
бар?
 
«Қызыл кітап» 
дегеніміз не?
 
«Қазақстанның Қызыл 
кітабына» қандай 
аңдар, өсімдіктер мен 
жануарлар енгізілген?
 
Сирек және құрып ке-
туге жақын өсімдіктер 
мен жануарларды 
қорғаудың қандай 
жолдарын білесің? 
Сабақта және сабақтан 
тыс алған біліміңді 
пайдалан.

42
§12. Қазақстанның халқы
1. Біртұтас Қазақстан халқы. Қазақстанда 
тұратын адамдар еліміздің негізгі байлығы 
 
болып саналады. Қазақстан жерінде 2010 жыл-
дың 1 қаңтарындағы есеп бойынша 16 мил-
лионнан астам адам тұрады.
Қазақстанда неше түрлі ұлттар мен ұлыс 
өкілдері өмір сүреді. Олар: қазақ, орыс, украин, 
белорус, неміс, түрік, корей және т.б.  
Қазақстанда мемлекет құрушы негізгі ұлт – 
қазақ ұлты 
Қазақстан Республикасының Конституция-
сында Қазақстанда мекен ететін барлық ұлттар 
дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан тең 
екендігі айтылған.
Республикада тұратын әртүрлі ұлт өкіл-
деріне бір-бірінің және өздерінің тілін, тари-
хын меңгеруге, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін 
дамытуға мүмкіндік жасалған. Балалар қазақ, 
орыс және басқа тілдегі мектептерде оқиды. 
«Дүниетану» пәнінен 
алған біліміңді еске 
түсір:
 
Қазақстан  
Рес пуб ли касының 
байыр ғы   
тұрғыны кім?
 
Қазақ стан да   
қандай ұлт  
өкіл дері  тұрады?
Қазақстан 
халықтарының 
Ассамблеясы

43
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы 
1995 жы лы 1 наурызда Қазақстан Республикасы 
Президентінің Жарлығымен құрылды. 2009 жы-
лы Парламент мәжілісіне Ассамблеядан түрлі 
этностардың ішінен 9 депутат сайлауға құқық 
алды. ҚР Президенті Н. Назарбаев: «Ассамблея 
мүшелері бірлігі жарасқан Қазақстанның абы-
ройы мен беделінің, ғасырлар бойы қалыптас-
қан жарасымды салт-дәстүрінің жанды айғағы»  
деп бағалады. Қазақстан Республикасында тұ-
ратын ұлттар мен ұлыстар өлкемізде тыныш-
тықты нығайтуға белсене қатысады.
2. Қазақстан – ортақ отанымыз. Қазақ-
станда түрлі ұлт өкілдері өзара тату, достық 
қарым-қатынаста өмір сүріп жатыр. Халықтар 
арасындағы татулық пен достық қатынас 
республикамыздың өркендеуінің басты кепілі.
Балалар! Елімізде тыныштық, халықтар-
дың ауызбіршілігі мен жарасымды ынтымағын 
сақтау әрқайсымыздың жауапты міндетіміз. 
Қайда жүрсек те өзімізге ең қымбат нәрсе – Ота-
нымыздың бейбіт өмірі мен татулығын естен 
шығармауымыз керек.
Біздің Отанымызда бір ұлт өкілдерін 
кемсітуге немесе бір ұлтқа артықшылық жа-
сауға жол берілмейді. Саны аз ұлт өкілдеріне 
қолдау көрсетіліп, әдет-ғұрпы мен мәдениетіне 
құрметпен қарауға жағдай жасалған.  
Бүгінгі таңда елімізде 30-дай мәдени 
орта лықтар жұмыс істейді. Әр ұлт өкілдері 
өздерінің мәдени орталығында өз тілдерінде 
қарым-қатынас жасап, өз халқының дәстүрі мен 
мәдениетін дамытады. Мысалы, корейлердің 
ұлт 
тық-мәдени орталығында корей тілі үй-
ретіледі, корей тілінде кітаптар мен газеттер 
шы ғарады, корей халқының әндерін, билерін 
үйренуге болады. 
Қазақтар Ресей, Қытай, Моңғолия, Ауған-
стан, Түркия, Иран сияқты мемлекеттерде ежел-
ден тұрады. Қазақстан Республикасы тәуел-
сіздік алғаннан бері олар өздерінің тарихи Ота-
нына көшіп келуде.
 
Қазақстанның  
халқы туралы 
әңгімелеп бер.
 
Біздің республикада 
қандай ұлт өкілдері 
тұрады?
 
Ұлттық мәдени 
орталық туралы  
не білесің?
 
«Қазақстан – менің 
Отаным» дегенде 
ойыңа не түсті, көзіңе 
не елестеді?  
Әңгімелеп бер.
Ассамблея 16 сессия өт- 
кізіп, қоғам өміріндегі ма - 
ңыз ды  мәселелерді  та л  қы -
лады. Қазір елі мізде 800-
ден аса этномә 
дени бір 
-
лестіктер бар, оның ішін де 
28-і республикалық. 15 тіл-
де газет-журнал, 8 тіл-
де радиобағдарламалар, 
 
7 тілде телебағдарлама-
лар шығады. 108 мектеп-
те 22 эт ностың тілі жеке 
пән ретінде оқытылады. 
Қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, 
корей және неміс театрла-
ры жұмыс істейді.

44


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет