§13. Қазақстанның қалалары
Қазақстан Республикасы 14 облыс, 159 ау-
данға бөлінеді. Республикалық бағыныстағы
екі қала – Астана мен Алматы және ол екеуінен
басқа 84 үлкен қала бар. Біз төменде бірқатар
қалаларға тоқталып өтеміз.
алматы қаласы – республикалық мәрте-
бедегі қала. Қаланың 2,5 мың жылдық тари-
хы бар. Қаланы ежелден сақ, үйсін, дулат және
басқа тайпалар мекендеген. Археологиялық
қазба жұмысы кезінде «Алмату» деген қала аты
жазылған күміс ақшалар табылған.
1854 жылы қаланың ертедегі орнына Вер-
ный бекінісі салынды. 1921 жылы қаланың аты
Алматы болып өзгертілді. 1929 жылы Алматы
қаласы Қазақстанның астанасы болып жария-
ланды. 1997 жылы қазан айынан Қазақстанның
астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді.
Алматы қаласы бүгінде ғылым мен мәдениет,
білім, сондай-ақ аса маңызды өнеркәсіп пен
қаржы орталығы саналады.
Қаладағы Республика алаңы кешені, Пре-
зидент резиденциясы, Тәуелсіздік монументі,
Ұлттық кітапхана, М. Әуезов атындағы драма
Алматы қаласы
Абай атындағы Опера
және балет театры
45
театры, Орталық музей, Медеу спорт кешені,
«Қазақстан» қонақүйі, т.б. өзіндік ұлттық ма-
шықты бейнелейді. Қала қазір де күн санап өсіп,
көркейіп келеді.
Алматыда қазір түрлі өндіріс орындары жұ-
мыс істеп, өз тауарларын жақын және алыс ше-
телдерге шығаруда. Алматы ауыр машина жасау
зауыты, «Электроприбор», жеңіл өнеркәсіп орын-
дары жұмыс істейді.
Алматыда Қазақстандағы тұңғыш метро-
ның бірінші кезегі 2011 жылы пайдалануға
берілді.
Қарағанды – Орталық Қазақстанның ірі
өнеркәсіп орталығы, жер көлемі жағынан ең
үлкен қалалардың бірі. 1833 жылы бұл жерден
таскөмір табылып, кейінірек осы маңда қала
бой көтереді.
Қарағандыда – Орталық Қазақстанды
басқа облыс, елді мекендермен байланыстыра-
тын ірі көлік жолының торабы іске қосылды.
Осы жолдармен Қарағандының көмірі жан-
жаққа тасылады. Ал қалаға машина, ағаш
және халыққа қажетті азық-түлік, тауарлар
әкелінеді.
Қарағанды еліміздегі ірі мәдени және ғы-
лыми орталық. Қалада Қарағанды уни вер сите-
ті, политехникалық, медициналық, педагоги-
калық институттар бар. Драма театры, Өлкетану
музейі, кітапханалар, жобалау институттары
жұмыс істейді.
атырау – алғашында Каспий теңізінің
жағасына орналасқан балықшылар қонысы бо-
латын. Тұрғындары негізінен балық аулаумен
және мал шаруашылығымен айналысқан. 1640
жылы патша өкіметі ағайынды көпес Гурьевтер-
ге қала салуға рұқсат береді. 1662 жылы қала са-
лынып біткен соң, патша жарлығымен «Гурьев»
деп аталады. Ал тұрғылықты қазақтар қаланы
«Үйшік» деп атайды.
1992 жылы ақпан айынан Гурьев облысы
мен қаласы Атырау деп аталатын болды.
Қаланың маңызды өнеркәсіп саласы –
мұнай мен химия өндірісі. Мұнай Мақат, Дос-
сор, Құлсары, Теңіз, Мұнайлы және басқа кәсіп-
Солтүстік Қазақстан –
республиканың аса ірі
астықты
аудан дарының
бірі. Жер бедері жазық,
қысы суық, жазы қоңыр-
салқын, ыстық. Солтүстік
Қазақстан жері пайдалы
қазбаларға бай. Онда темір
кені, қоңыр көмір, боксит,
әртүрлі минералдық су
қоры бар. Негізінен астық
шаруашылығымен айна-
лысады. Егіс көлемінің
жартысынан астамы дән-
ді дақылдар, көбіне жаз-
дық бидай егіледі. Со-
нымен қатар тары, арпа,
сұлы, күздік қарабидай,
жүгері де өсіріледі. Етті-
сүтті мал шаруашылығы,
қой шаруашылығы да
дамыған.
46
шіліктерінде өндіріледі және Атырау мұнай өң-
деу зауытында өңделеді. Сонымен қатар қалада
мұнай айыру, полиэтилен, машина жасау, ме-
талл өңдеу, кеме жөндеу, балық құтылау, тамақ
және жеңіл өнеркәсіп салалары дамыған.
Атырау қаласында мұнай өнеркәсібін жоба-
лау институты, мұнай мен табиғи тұздар ғылы-
ми-зерттеу институты, Атырау университеті,
музыка және спорт мектептері, т.б. ғылым мен
білім ошақтары бар.
Облыстық драма театры, филармония,
мәдениет үйі, кітапханалар мен кинотеатрлар
халыққа қызмет етеді.
семей қаласының іргесі 1713 жылы қалан-
ған. Бұл қалада Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты
халқымыздың үш кемеңгері білім алған.
Абай өмір сүрген заманда Семейде мешіт,
медреселер, орыс мектебі, бірнеше шіркеу бол-
ған. Өлкені зерттейтін статистика комитеті және
кітапхана жұмыс істеген.
Семей қаласы сауда-саттық пен ауыл шаруа-
шылығында маңызды рөл атқарды. Бұл қала
да Ертіс өзенінің бойында жатқандықтан, кеме
қатынасы дамыған. Семей қаласы арқылы Сібір
мен Қытайға, Орта Азияға қатынас жасайтын
үлкен жол өткен.
Қазақстандағы 86 қала-
ның 19-ы – ірі қалалар. Ірі
қалалар қатарына Астана
мен Алматы, облыс ор
та-
лықтары мен Семей, Темір-
тау, Рудный және Екі бастұз
қалалары жатады.
Республикада 7512 ауыл
бар.
Қа зақ станда
ауыл-
дық жерлерді дамыту мақ-
сатында 2003–2005 жыл дар
«Ауыл жылы» деп аталды.
Алматыда метро іске
қосылды. Ұзындығы 8,56
шақырым болатын бірінші
кезегі Райымбек даң-
ғылынан Фурманов кө-
шесінің бойымен Абай даң-
ғылына дейін, әрі қарай
Гагарин көшесіне дейін бет
түзейді.
Атырау қаласындағы
Исатай-Махамбет
кешені
47
1883 жылы Семей қаласында ашылған
Өлкетану музейін құруға ұлы ақын Абай белсе-
не араласып, 60-тан аса бағалы заттар өткізген.
Қазір Семей қаласында Абай, Шәкәрім,
Мұхтар музейлері жұмыс істейді, олардың есі-
мімен аталатын көше, мәдени орындар бар,
ескерткіштері орнатылған.
Мұнда ет комбинаты, шұға комбинаты, аяқ
киім фабрикасы, цемент зауыты, тігін фабри-
касы, мақта иіретін, трикотаж және шұлық
фабрикалары жұмыс істейді.
Павлодар – Қазақстанның солтүстігіндегі
ірі қала. Бұл қала Ертіс өзенінің жағасына орна-
ласқан. Қаланың негізі 1720 жылы қаланған.
Алғашқы кезде мал шаруашылығы, егіншілік
және өнеркәсіп өнімдерін айырбас тайтын пункт
пен тұз сақтайтын орын болған. Сондықтан
қазақтар оны Тұзқала деп атаған. 1862 жылы
Ом быдан тұңғыш рет Ертіс бойымен кеме ке-
леді. Ертісте кеме қатынасының жандануына
байланысты өзенмен көп мөлшерде тұз, кейі-
нірек астық, май, жүн, тері жөнелтіліп отыр ған.
Бүгінде Павлодар – облыс орталығы, көрікті,
таза қалалардың бірі.
Қазақстанның қала ла-
рына сипаттама бер.
Өзің қандай қалада
(ауылда) тұрасың?
Тұратын жерің тура-
лы не білесің?
«Қала – мәдениет пен
ғылымның орталығы»
дегенді қалай түсінесің?
Қазақстанның ірі
қалаларына төмендегі
жоспар бойынша си-
паттама бер:
а) атауы және
әкімшілік мәртебесі;
ә) географиялық
жағдайы;
б) табиғат жағдайы;
в) қысқаша тарихы.
Павлодар қаласы
48
§14. і бөлім бойынша
қорытынды қайталау
мен білемін...
Тарих – түрлі халықтардың қалай өмір
сүргенін, қандай оқиғалар болғанын, адам-
дардың өмірі қалай және неліктен өзгеріске
түскендігін зерттейтін ғылым.
Біздің еліміздің тарихы «Қазақстан тари-
хы» деп аталады. Ол – дүниежүзілік тарихтың
бір бөлігі.
Өткен замандағы адамдардың өмірі мен
тұрмысы жайында олардан қалған тарихи де-
ректер, суреттер және жазулар арқылы білеміз.
Тарихи дерек дегеніміз – өткен өмір туралы
түрлі мәліметтер жиынтығы. Тарихтың сыры
мен құпиясын ашып көрсететін жазбалар жаз-
баша тарихи дерек деп аталады.
Археология – адамзаттың өткен тарихын
заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым.
Этнография – тайпалар мен халықтардың
шығу тегін, тұрмысын, кәсібін, салты мен әдет-
ғұрып ерекшеліктерін зерттейді.
Өлкетану – өлке, оның табиғаты, онда
тұратын халықтардың тарихы мен мәдениеті,
шаруашылығы туралы білім жиынтығы.
Тарихи уақыт өлшемі – тарихи оқиғалар-
дың датасын дұрыс анықтап, нақтылау үшін
қажет. Яғни, уақыт өлшемі адамзат бала
сы-
ның қандай кезеңдерде пайда болып, дамып,
тіршілік жасағанын білуге мүмкіндік береді.
Әлем халықтары Ай және Күн күнтізбесін,
Юлиан және Григориан
күнтізбелерін пайда-
ланады.
Дүние жүзінің көптеген елдері
жыл санауды
Христос туған жылдан бастайды. Мұсылман дар
жыл санаудың басы деп Мұхаммед пайғамбар-
дың Меккеден Мединеге қоныс аударған жылын
есептейді. Қазақ халқы жылды
мүшел бойын-
ша санаған. Бір мүшел он екі жылдан тұрады.
49
Карта – жер бетінің немесе оның жеке
бөліктерінің кішірейтілген көрінісі. Тұңғыш
карта Қытайда жасалған. Ежелгі Грекияда да
карта жасау ісі дамыған.
Қазақстан – әлемдегі 189 елдің ішінде жер
көлемі жағынан тоғызыншы орын алады.
Отан – әр адамның туып-өскен, туған-
туысқандарымен, жақын дарымен тұратын жері.
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
Қазақстан Республикасының жер бедері әр
алуан. Оның кең-байтақ аумағын биік таулар,
ойпатты жазықтар, шөл мен шөлейт жерлер,
өзен мен көлдер алып жатыр. Еліміздің жер
қойнауы пайдалы қазбаларға бай, өсімдіктер
мен жануарлар дүниесі мол.
Қазақстанда
16 миллионнан астам адам
тұ рады.
Қазақстан Республикасы 14 облысқа, 159
ау данға бөлінеді. Еліміздің бас қаласы – Аста-
на, республикалық мәртебедегі қала – Алматы,
және бұлардан басқа 84 қа ла бар.
«Қазақстан тарихы» пәні нені оқытып-үйретеді? Осы пәнді оқып-үйренудің
маңызы қандай?
Дерек дегеніміз не? Заттық тарихи деректерге не жатады? Жазбаша деректер-
ге не жатады?
Өздеріңді ежелгі адамдар қонысын ашқан археологпыз деп елестетіңдер.
Қоныстан қандай заттар табылуы мүмкін? Бұдан қандай қорытынды жасауға
болады?
Этнограф ғалымдар зерттеуді қалай жүргізеді?
Өлке дегеніміз не? Өз өлкең, оның адамдары, белгілі қайраткерлері туралы не
білесің? Өлкеңде тұратын халық
тардың салт-дәстүрлері туралы не айта
аласың?
Уақыт сызығы туралы айтып бер.
Қазақстан Республикасының картасынан мемлекетіміздің шекарасын, қандай
көрші елдермен шектесетінін көрсет.
Өзің тұратын қаладағы не ауылдағы жер, су, тау аттары, олардың шығу тари-
хы туралы әңгімеле.
Еліміздегі халықтардың бейбіт және татулықта өмір сүруіне күнделікті
өмірден мысал келтір.
Қазақстанның қазба байлықтары, жануарлары мен өсімдіктері туралы
әңгімеле.
«Қала – білім мен ғылым және мәдениет орталығы» тақыры бында белгілі бір
қала бойынша әңгіме құрастыр.
50
іі бөлім
тарихҚа саЯхат
§15. Қазақстан аумағын
мекендеген алғашқы адамдар
мен ежелгі тайпалар
1. тас дәуіріндегі Қазақстан. Құрметті ба-
лалар! Сендер 6-сыныпта «Ежелгі Қазақстан
тарихын» оқығанда адамзат тарихының даму-
ын бірнеше кезеңдерге бөліп, тас дәуірі, қола
дәуірі, темір дәуірін тереңірек оқисыңдар. Осы
дәуірлерге қысқаша тоқталайық.
Тас дәуірі (палеолит) – ең алғашқы адам-
дар тіршілік еткен дәуір. Тас дәуірі ғылым
тілінде палеолит деп аталады. Тас дәуірі шама-
мен б.з.б. 600–12 мыңжылдық арасын қамтиды.
Осы кезде алғашқы адамдар өмір сүріп, тіршілік
ету үшін тастан жасалған құралдарды пайда-
ланды. Бұлар – кесуге, қы руға қолайлы тес-
кіш, қол шапқы, қырғыш және ішінара ағаш
пен сүйектен жасалған еңбек құ
ралдары.
Ар
хеолог ғалымдар Қазақстанның бар
лық
өңірлерінен тас құралдарды тапты. Ал
ғашқы
адамдар табиғаттың дайын өнімдерін пайда-
ланды. Жеуге жарайтын жемістерді терді,
өсімдік тамырын қазды. Жабайы аңдарды ау-
лап, етімен қоректенді. Өзен-көлден балық ау-
лады. Қазақстанда Тас дәуірінің ескерткіштері
Қаратаудан, Батпақ қонысы, Бетпақдала, Шу
Балалар!
Ойланыңдаршы,
алғашқы адамдардың
өмірі неге ауыр еді?
Неліктен оларға
бірлесіп өмір сүру
қажет болды?
51
өзенінің оң жақ жағалауынан, Бұқтырма өзе-
нінің бойынан табылды.
Мыңдаған жылдар өткеннен кейін адам-
дар отты пайдалануды үйренді. Жабайы жа-
нуар
ларды қолға үйретіп, мал өсіре бастады.
Жер өңдеп, егіншілікпен айналысты. Адам
тәжірибе жинақтады. Еңбек құралдарын одан
әрі жетілдірді. Тас құралдардың орнына енді
мыс пен қоладан, кейінірек темірден жасалған
құралдарды пайдаланды.
2. Қазақстан аумағындағы алғашқы адам-
дар. Қазақстан жерінде алғашқы адамдар бұ-
дан 1 миллиондай жыл бұрын пайда болған.
Ал ғашқы адамдар тұрағы Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Арыстанды өзенінің жағалауынан
табылды. Алғашқы адамдар өмір сүрген тұрақ
Балқаш көлінің жағасынан да табылды. Ал-
ғашқы адамдардың өмірі өте ауыр еді, олар бір-
лесіп өмір сүрді. Аң аулады, жеміс жинады,
шөптің тамырын қазып жеді. Бір үңгірде тұ-
рып, бірге аулаған аңның етін бөліп жеді. Тап-
қандарын ортақ пайдаланды.
Бір үңгірде тұрған адамдар бір-бірін жақын,
туыс сезінді. Жас ұрпақ үлкендердің төңірегінде
топтасты. Осы бір баспанада тұрып, ұжымдаса
еңбек етіп, барлығын ортақ пайдаланған туыс тас
адамдар ұжымы ру деп аталды. Руды тәжірибелі
де беделді адам – рубасы басқарды.
Уақыт өте келе рудағы адамдардың саны кө-
бейді. Үш-төрт туыстас ру бірігіп ру бірлесті-
гін құрды. Бірнеше ру бірлестігінен тайпа құ-
рылды. Сонымен,
тайпа дегеніміз – туыс тас,
ын тымақтас бірнеше рулардың бірлестігі.
3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Қазақстан
же рінде
қола дәуірі б.з.б. 2-мыңжылдықтан –
б.з.б. 8-ғасырға дейін созылды. Қола дәуірінде
адамзат металды игерді. Осы дәуірде адам-
дар Қазақстанның барлық аудандарында қо-
ныстанды. Орталық Қазақстанды мекендеген
тайпалар қола дәуірінде (б.з.б. IX–VIII ғасырлар)
Беғазы-Дәндібай мәдениетін қа лыптастырды.
Тас құралды металдан жасалған құрал ығыс-
тырды. Адамдар екі металды – мыс пен қала-
Қазақстан аумағын
мекендеген
андроновтықтар
52
йыны қосып қорытып, қола алуды игерді. Қо-
ла мыстан әлдеқайда қатты әрі берік болды.
Қоладан еңбек құралдарын, қару-жарақ және
әшекей бұйымдарын жасады, балта мен сүңгі
дайындалды. Қола дәуірінде дәулетті, бай адам-
дар пайда болды. Қола дәуірінің адамдары мыс
балқыту, қыш ыдыстар, жер өңдейтін құралдар
жасау, мал шаруашылығымен, егін ші лікпен ай-
налысты.
Ғалымдардың анықтауынша, сонау қола дә-
уірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген андрон
тайпаларында еуропалық нәсілдің белгілері
бол ған. Осы тайпалар қазақ халқының қа лып-
тасуына өзіндік әсерін тигізген.
Осы кезде рулардың тайпаға, тайпалардың
одақтарға бірігуі басталды. Тайпаластар бейбіт
өмірде өз тіршілігімен айналысты. Соғыс болған
жағдайда туыстас рулар мен тайпалар бірлесіп
қорғанды. Бірнеше тайпа – тайпа одағына бірі-
гіп, алғашқы мемлекетін құрды.
Тайпа одағы – шыққан тегі, тілі ұқсас, мақ-
сат-мүдделері ортақ бірнеше тайпалардың бір-
лестігі. Тайпа одақтарында ортақ салт-дәстүр,
әдет-ғұрып, ортақ тіл қалыптасты.
4. ерте темір дәуіріндегі Қазақстан. Б.з.б.
VІІІ ғ. – б.з. V ғасырында Қазақстан жерінде
тұрған тай
палар темірден заттар жасады.
Олар қуатты тайпалық одақтарын құрды. Осы
кезеңде Қа зақстан жерін сақ тайпа одақтары
мекендеді. Темір өндірісі Орталық және Шығыс
Қазақстанда өркендеді. Тайпа адамдары темірді
қорытуды үйреніп, одан атқа ауыздық, ер-
тұрман, пышақ, ыдыс, бал та, үш қырлы жебе
ұшын, семсер, т.б. жасады. Тайпалар көшпелі
және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен
айналысты. Оңтүстік Қа зақстан жеріндегі тай-
палар егіншілікті игерді. Олар тары, арпа, бидай
еккен. Аңшылық және балық аулау кәсіптерімен
шұғылданды. Темір ұсталары темір құюмен,
зергерлікпен де айналысты. Тұрмыста қыштан
жасалған бұйымдар да пайдаланылды. Металл
өңдеумен бірге қолөнер, тас қашау, сүйек ою,
тері илеу, жіп иіру және тоқымашылықты да
меңгерді.
Қазақстандағы
алғашқы адамдар
тұрағы қай жерлерден
табылды?
Ру, тайпа деген не?
Оқулықтағы
суреттерге қарап,
тайпа адамдарының
немен айналысқанын,
қалай өмір сүргенін
суретте.
Тайпалар одағы
туралы әңгімеле.
53
§16. сақтар
1. сақ тайпалары. Қазақстан аумағын ерте
заманнан түркі халықтарының арғы аталары –
сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпалары ме-
кендеген.
Ежелгі грек тарихшысы Геродот сақтардың
өмірі мен тұрмыс-тіршілігі туралы қызықты
мағлұматтар қалдырған. Гректер сақтарды
скиф деп атаған. Сақтар Қазақстан жерін б.з.б.
1-мыңжыл дықта мекендеген.
Сақтар желдей жүйрік көшпелі халық
болған. Мал соңында көшіп-қонып жүретін
сақтар шапқыншылық кезінде найза, садақпен
қаруланып, қаһарлы жауынгерге айналып
шыға келеді. Сақтар бірнеше тайпалардан құ-
ралған: шошақ бөрік киген сақтарды – тигра-
хауд, теңіздің арғы жағындағы сақтар
ды –
парадарайа, қымыз (хаома) сусынын дайын-
дайтындарын – қымыз (хаома) дайындайтын-
дар (хаомаварг) деп атаған. Сақ тайпалары
төмендегі картада көрсетілгендей орналасқан.
Сақ мүсіні
54
Сақтар
2. сақтардың шаруашылығы (кәсібі). Сақ-
тардың қалай тіршілік еткенін көз алдымызға
елестету үшін б.з.б. VII–IV ғасырларға ойша
саяхат жасайық. Асқар биік мұз жамылған
Алтай, Тянь-Шань, Алатау, Тарбағатай тау-
лары, қарағай мен қайың өскен орман, мидай
жазық дала. Осы мәңгі мұз басқан таулардан
ағып шығатын Ертіс, Іле және басқа үлкенді-
кішілі өзендер. Жеміс ағаштары мәуелеп,
малы шалғынға жайылып жүр. Сырдария
мен Әмудария алқабында тары, арпа мен би-
дай егістері бітік шыққан. Сақтар бір жерден
екінші жерге көшіп бара жатыр. Еркектер ат
үстінде. Әйелдер, балалар мен қарттар төрт,
алты дөңгелекті арбаның үстіне орнатылған
киізбен жабылған күйме-үйде келеді. Олардың
көшетін көлігіне екі-үш жұп өгіз, кейде ат пен
түйе жегілген.
Міне, олар қоныстарына да келіп жетті.
Өзен-көлдің жағасына, екі таудың ортасына
орналасқан қоныстың шөбі шүйгін. Дереу киіз үй
де тігілді. Киіз үй – көшпелі өмірге бейімделген,
өте ыңғайлы, жинап-тігуі оңай баспана.
Шетінен ат құлағында ойнайтын шабан-
доз, мерген сақтар аң аулап жүр. Бозбала-
лар садақ
пен құс атып, әскери іске машық-
55
53-беттегі картаға
қарап, сақтардың қай
жерді мекендегенін
айтып бер.
Оқулықтағы сурет
бойынша сақтардың
сыртқы бейнесін
суретте.
«Сақтар өмірінің бір
күні» деген тақы рып та
ауызша әңгіме дайында.
Сақтардың тұрмыс-
тіршілігіне
сипаттама бер.
тануда. Әйелдер қазанға ет асып, ағаш
күбіде қымыз пісіп, жүн иіріп, киіз басып,
киім тігуде. Барлық сақтар шошақ төбелі
баскиім, шекпен, шалбар мен етік киген.
Сақ қолөнер шеберлері қо ладан қанжар, жебе
ұштары мен сүңгі, аттың ер-тұрманын, қа зан
мен құрбандық ыдыстарын, алтын-күмістен
әйелдерге арнап әшекейлер мен айна жасаған.
Сақ қоғамы таптық жағынан үш топқа
бөлінді: жауынгерлер, абыздар (дін адамдары),
малшылар мен егіншілер. Олар барлық мәселені
халық жиналысына салып шешті. Халық жи-
налы сында ақсақал дар шешім шыға ратын бол-
ған. Сақтар көр гені көп беделді ақсақалдары-
ның сөзін екі етпеген.
Тайпа көсемі өз тайпасының әскеріне
қолбасшылық етті. Сақтар әскери адамдардан
патша сайлап, оған сөзсіз бағынатын болған.
Садақты шебер ату патшаларға тән ерекше
қасиет саналған. Патша көктемгі жер жыр-
туда бірінші болып жерге түрен салды, жас
жауынгерлерді әскери іске баулыды.
Сақ қонысының шетінде обалар көзге түседі.
Орасан зор обаларда – көсемдер, орташаларын-
да – жауынгерлер, ал шағын обаларда қара па-
йым адамдар жерленген.
56
§17. тұмар патшайым
1. сақтардың көрші елдермен қарым-қа ты-
насы. Сақтармен қатар сол замандағы әйгілі
елдер – Ассирия, Мидия, Парсы елдері өмір
сүрді. Күшті әскер құрған Парсы патшасы
көрші жатқан көптеген мемлекеттерді тал қан-
дап бағындырады. Енді парсы патшасы
Кир
сақтарды да бағындыруды көздейді.
Б.з.б. 530 жылы Кир қалың әскерімен сақ
еліне жорыққа шығады. Бұл кезде сақтардың
массагет тайпасы Сырдария өзенінің маңын
қоныстанған еді. Тайпаны
Тұмар (грекше То-
мирис) есімді әйел патша басқарды. Ол жа
у-
гершілік кезінде күйеуінен айырылып, жесір
қалған. Тұмардың Спаргапис атты жалғыз ұлы
болды.
Кир алдымен Тұмарға елші жіберіп, өзіне
тұрмысқа шығуын сұрайды. Ол патшасына
үйленсем, қоластындағы сақтар
да маған сөзсіз бағынады деп
ойлаған еді. Оны бірден түсінген
Тұмар бұл тілегін қабылдамай-
ды. Ашуланған Кир патша
сақ елін талқандамақ болады.
Тұмар патшайым Сырдариядан
үш күндік жерге шегініп, пар-
сыларды кең далада шайқасуға
шақырады. Геродоттың «Та-
рих» атты еңбегінде массагет
тайпаларының осы соғыстағы
же ңісі туралы былай айтылады:
«Уәделі жерде шайқас баста лып,
Спаргапис парсыларды жеңіп
шығады. Жеңіс тойын ерте
той лап, түскен олжаға қуанып
жатқан кезде, Кирдің әскері оны
айламен қолға түсіреді. Спарга-
пис ханзада тұтқынға түскенін
ар санап, өзін-өзі өлтіреді.
Тұмар патшайым
57
Ертесіне ұлан-байтақ далада ұрыс басталып,
екі жақтың да күші сарқылған шақта, Тұмар
патшайым сақ қыздарынан жасақталған
әскерімен шайқасқа кіріседі. Кирдің әскері
ержүрек сақ қыздарымен соғысуды күтпеген
болатын. Сақтардың жеңіске деген сенімі ар-
тып, «жеңілуді білмейді» деген Кирдің әскерін
ойсырата жеңіп шығады».
Осылайша сақ жауынгерлері шапқыншы-
лардан елі мен жерін сақтап қалды. Тұмар
патшайымның есімі ерлігімен тарихта қалды.
Сақ жауынгерлері жауға қатал, досқа
адал болған. Олар атпен де, жаяу жүріп те
шайқасқан. Соғыс өнерінің тәсілдерін жетік
меңгерген. Садақ, айбалта және сүңгіні шебер
қолдана білген.
Сақтар ұрыс даласында ерекше батырлықпен
көзге түскен жауынгерлерді аса құрметтеп,
сый-сыяпат көрсеткен. Соғыс даласында ер-
лермен қатар сақ әйелдері де ерліктің ғажайып
үлгісін танытты.
2. Шырақтың ерлігі. Кирдің шапқыншы лық
жорықтарын I Дарий жалғастырады. Шамамен
б.з.б. 519–518 жылдары парсы патшасы I Дарий
қалың қолмен сақтарды жаулап алуға аттана-
ды. Алғашқы ұрыс сақтар үшін сәтсіз аяқталды.
I Дарий бастаған парсылар Сырдария дан өтіп,
сақтардың бір тобын қолбасшысымен бірге
тұтқынға түсіреді.
Осындай қиын жағдайда сақтардың қалған
әскері кең далаға қарай шегінуге мәжбүр бола-
ды. Осы сәтте сақ тайпасының
Шырақ есімді
жас жауынгері шапқыншылардан құтылудың
жолын ойлап табады.
Шырақ сақ көсеміне барып: «Мен парсы әске-
рін алдап, адастырып, қырғынға ұшыратамын.
Сол үшін менің қол-аяғымды байлап, әбден
сабап, қонысқа тастап кетіңдер», – дейді. Сақ
көсемі Шырақтың айтқанын орындайды. Сақ-
тардың соңынан қуып келе жатқан парсылар
қансырап жатқан Шырақты көреді. Оның қол-
аяғын босатады. Аузына су тамызады.
Сақ жауынгерлері
58
Шырақ өзін сақ көсемдері «сатқын санап,
осылай жазалағанын, жәбір көргендіктен олар-
дан кек алу үшін парсы әскеріне сақтарды қуып
жететін қысқа жолды көрсетемін» деп сендіреді.
Шырақ парсыларды бастап, ұзақ жүреді. Кең
даланың шеті көріне қоймайды. Парсылар су-
сыз шөл далада қырыла бастайды. Алданғанын
түсінген парсылар Шырақты жазалайды.
Шы рақ өз елін бас қыншылардан аман алып
қалғанын, өлсе де өз жерінде қала
тынын,
мақсатына жеткенін айтады. Оның Отанын
азат ету жолында өлімнен де қорық
пағаны
батырлықтың үлгісіне, аты аңызға айналады.
Парсылардың бұл жорығы сәтсіз аяқталады.
I Дарий әскерінің жартысы шөл далада қы-
рылып, қалған әскерімен еліне әрең жетеді.
Бұдан кейінгі А. Македонскийдің де сақ тайпа-
ларына жорығы сәтсіз аяқталады. Грек қол-
бас шысы Александр Македонский (қазақша –
Ескендір патша) Сырдария алқабына дейінгі жер-
лерді басып алса да, сақтарды жеңе алмайды.
Отанға деген
сүйіспеншілік
ұғымының
мағынасын түсіндір.
Тұмар патшайым
қандай ерлік
көрсетті?
Шырақтың ерлігін
қалай бағалайсың?
Сақ тайпалары
қандай халықтармен
қарым-қатынас
жаса ған?
I Дарий туралы бізге мынандай аңыз әңгіме жетті. I Дарий қалың әскер
жинап, Азия мен Еуропаны бағындыру үшін сақтарға қарсы жорық бастады.
Дарий патшаға сақтар елші арқылы құс, тышқан, бақа және жебе жібереді. Бұл
сыйлық нені білдіретінін шешу үшін парсылар жиналып, кеңес құрады. I Да-
рий сақтар қарсыласудан бас тартып, билікті маған бермек екен деп түсінеді.
Бірақ оның көріпкел ақылшысы Гобрий: «Егер сендер, парсылар, құстай аспанға
ұшып, тышқандай жерге кіріп немесе бақадай балшыққа батып кетпесеңдер,
онда мына жебе сендерді кері қайтармайды дегені», – деп шешімін табады.
Бірақ Дарий оны тыңдамай, сақтарға шабуылға аттанады. Ұрыс алаңында
екі жақ қарама-қарсы тұрғанда сақтардың арасынан бір қоян зымырап өтеді.
Қоянды көрген сақтар оны қуалап, айғай-шу, қарбалас басталады. I Дарий сақ
жауынгерлерінің айғай-шуына елеңдеп қалады. Сақтардың қоян қуып жүргенін
естіген ол жауынгерлеріне: «Бізден қорықпай, қоян қуалап кеткен бұл адамдар
шетінен батыр екен. Гобрийдің сыйлық туралы айтқан сөзінің дұрыс екенін енді
түсіндім. Біз енді аман-есен елге жетуімізді ойлауымыз керек!» – дейді. Сөйтіп,
I Дарий түн қараңғылығын пайдаланып, сақ жерінен тайып тұрған көрінеді.
|