Сайын Назарбекҧлы


Итбай.  Батыр,  сабаңа  түс...  Аңдаусыз  ауыздан  шыққан  сӛз  ғой...   Мамыртай



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата26.02.2017
өлшемі1,49 Mb.
#5000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Итбай.  Батыр,  сабаңа  түс...  Аңдаусыз  ауыздан  шыққан  сӛз 
ғой...
 
Мамыртай.  Құдалар,  сабыр...  Сабыр  етіңдер.  Ӛздеріңіз 
қақпайлап  апарып,  зорлап  айтқызған  бір  ауыз  сӛз  соңын 
қудаламалық. Еліміз бар, жұртымыз бар, біз де баламызды ат кӛтіне 
ӛңгерте  қоймаспыз.  Ал,  әзірге  сабыр  сақталық.  Бұл  ауыл  Сіздерге 
қыз бермейміз деп әзірге айтқан жоқ.
 
Кедей.
 
Солай  жӛнге  кӛшкен  дұрыс.  Әйтпесе,  ӛткен  жолы  мен 
келгенде
-
ақ  келісе  салатын  шаруа,  енді  жүргеніміз  мынау,  қайта
-
қайта сабылып... 
 
Мамыртай.
 
Кедей мырза! Сіз де байқап сӛйлеңіз. Бір рет жау 
қайтарған  ерлердің  қосын  бастап  едім,  жесір  айырып  едім  деп, 
қашаңғы сойылыңызды шошаңдатасыз, ӛзіңіздің еліңізге.
 
Сол кезде 
Сізге  жау  қайтарысқан  да,  жесір  айырысқан  да  осы  ауылдың 
жігіттері болатын.
 
Итбай.
 
Ай 
Кедей
-
ай! 
Байқасашы, 
бұлар 
Хиюаның 
барымташылары емес ӛзіңнің құдаларың емес пе?
 
Кедей. 
 
Есжан.  Сабыр,  сабыр  құдалар.  Қыз  сіздердікі  дедік  қой.  
Қыздың  үйде  анасы  отыр.  Бәйбішемен  ақылдасайық.  Кәзір  қонақ 
астарың дайындалып жатыр. Астан кейін жауабын аларсыңдар. 
 
Орындарынан тұрады. 
 
Шымылдық.
 
 
 
3-
кӛрініс. Есжан бай ҥйіндегі әңгіме.
  
 
 
Есжан  бай  үйі.  Мамыртай,  Есжан,  Сәнтӛре,  Қойлыбай 
ақылдасып отырады.
 
 
 
Есжан
. 
Бәйбіше!  Ауылға  құда  келіп  жатырғанда  қызыңа  ер 
балалармен асық ойнатып қойғаның не? Атасының алдынан жүгіріп 
ӛтті, жаңа. Баланың жүріс
-
тұрысына мән берер уақыт жетті ғой.
 
 
 
Үйге Дина кіріп, үлкендерге тізесін бүгіп сәлем етеді. Үйдегілер 
“бақытты  бол”,  “Тәңір  жарылғасын”  деп  баталарын  береді.  Дина 
енесінің қасына жайғасады.
 
 
 
Сәнтӛре.
 
Ұл  киімін  киіп  жүгіріп  жүрген  баланы  менің  келінім 
деп  ойлай  қояр  деймісің.  Балаға  ойнама  деп  қалай  айтарсың.  Ал 
құдаң неғып жүр екен?
 

 
12 
 
Есжан.
 
Итбай  бай  қолқа  салуға  енді  ӛзі  келіпті.  Биыл  Арқаны 
қыстамақ ойымыз бар, күзде Маңғыстау ойына құламаймыз дейді. 
 
 
Қойлыбай.
 
Биыл бізге де сол дұрыс болар еді.
 
Есжан.
 
Жоқ,  біз  Маңғыстауда  қыстаймыз.  Бала
-
шаға  туған 
жерге  жат  болып  кетеді.  Хиюамен  қырық  жыл  қырқысып  зорға 
бостып алған ата қонысты, бәлен жердің шӛбі жақсы екен деп, кімге 
қалдырмақсыңдар? 
 
Сәнтӛре.
 
Ал, сонымен...
 
Есжан.
 
Сонымен  олар  балалар  тойын  осы  жазда  ӛткізіп 
жіберелік деп салмақ салады. Қандай жауап қайтарамыз?
 
 
Сәнтӛре.
 
Не дейді? Әлі бала емес пе?
 
 
Есжан.
 
Бәйбіше!  Ӛзіңнің  он  бес  жасыңда  осы  үйдің  түндігін 
ашқаныңды ұмыттың ба? Бӛбек он алтыға толды ғой.
 
 
Сәнтӛре.
 
Жаста тұрған не бар. Біреу ерте жетіседі, біз жетісіп 
үлгерген  болармыз,  кезінде.  Кӛріп  жүрміз  ғой,  біреу  кеш  жетіседі. 
Біздің  бала  әлі  бой  жетіп  үлгерген  жоқ.  Енді  бір
-
екі  жылдай  күтсе 
денесі  пісіп,  санасы  жетісіп  деген  сияқты,  тұрмыс  құруға  дайын 
болар еді. Бұл ӛмірде піспей ұзатылған қыздың кӛрер қорлығындай 
азап бар деймісің! 
 
 
 
 
Тұншыға жыламсырайды. 
 
 
 
Дина.
 
Бӛпежанның,  шынында  да,  балалық  қылығы  әлі  тарай 
қойған жоқ. Екі жақтың да келіскен уақыты алдағы күз емес пе, сол 
күзді күткен дұрыс секілді.
 
 
Есжан.
 
Шырағым
-
ай, сен де қосылып кеттің бе, мына енеңе... 
Бірақ  ойламай  отырған  бір  нәрселерің  бар  ғой.  Ер  назарын  қалай 
қайтарарсың?  Ана келіп отырған екі кісінің арғы жағында бір рулы 
ел  жатыр,  салмақ  салып...  Олар  Арқаны  қыстап  қалса,  біз 
Маңғыстауға  кӛшсек  ел  арасы  бір  айлық  жолға  қашықтайды. 
Құдаларымыздың  жағдайын  ойласақ  келіскен  дұрыс  секілді. 
Бӛбекжанмен ақылдассақ па екен?
 
 
Сәнтӛре.
 
Не  деп  отырсың,  отағасы
-
ау!  Қарашы  ана  іргеден, 
асық  ойнап  жүр  емес  пе?  Баланың  жүрегін  жаралап,  әлгідей  сӛзді 
айтуға кімнің аузы барады?
 
 
Есжан
. 
Айтатын жеңгесі бар емес пе?
 
 
Дина.
 
Айтуын айтармыз
-
ау, бірақ ол кӛне қоймас. Ӛткенде бір 
әңгіменің  ретінде  тойды  бір  жылға  кідірте  тұрыңдар  деп  әкемнен 
сұраймын,  әкем  менің  сұрағымды  ешқашан  екі  етпейді  деп  сеніп 
отырған.
 
 
Есжан.
 
Алда,  айналайыным
-
ай,  балапаным
-
ай!  Бұл  ӛмірдің 
маған  бағынбайтынын  ол  білмейді  ғой,  әлі.  Мықты  әкем  бар  дейді 

 
13 
ғой. Ал әкесін тағдыр асықша үйіретінін қайдан білсін?..  Бәйбіше
-
ау, 
ақылыңды айтсаңшы, енді не істейміз? 
 
 
Қалтасынан орамал алып кӛзін сүртеді.
 
 
 
Сәнтӛре.
 
Сен  оларға  Бӛбекжанның  сӛзін  жеткіз,  бір  жылға 
мұрсат сұра.
 
 
Есжан

Апырым
-
ай,  қалай  сұраймын,  ыңғайсыз, тіпті орынсыз  
болатын  болды
-
ау.  Олар  тойды  жақындат  деп  бедел  салады,  мен 
болсам келісілген уақыттан да кейінге қалдырмақ боп шалқаямын? 
Олар бұны түсіне қоймас. 
 
 
Сәнтӛре

Түсіндір. Түсінеді.
 
Есжан.
 
Кедей  тентегін  тегін  ерітіп  келді  дейсің  бе,  Итбай?  Ӛз 
дегенін істеткісі келсе, соны қасынан қалдырмайтын әдеті, әуелден.
 
Сәнтӛре.
 
Бұлар  неге  асықты?  Біреу  баламызды  сыртынан 
ӛсектеп жүрген жоқ па екен, осы? 
 
Есжан.  Неде  болса  бізге  ауыр  шаруа  болды.  Бұлар  сұрағын 
орындатпай  қоятын  емес.  Сұрақтары  да  орынды.  Ал  мен  соны 
түсіне  отырып  тойды  кейін  қалдыр  деп  қалай  сұраймын,  бетім 
шыдар емес.
 
Мамыртай.
 
Әсіресе  ана  Кедей  деген  есері,  батыр  атын 
жамылып қоқанлоққы жасап, “ардақтаған қызыңды ат кӛтіне ӛңгертіп 
алма” деп, салмақ салып кетті.
 
Сәнтӛре.
 
Не  дейді.  Құдайдан  ұялмай  ма?  Әлгі  сӛзден  кейін 
қайтіп құда болмақ?
 
 
 
Даладан ентігіп Бӛбек кіреді, қолында асықтары. Әңгіме тоқтап 
қалады.
 
 
 
Бӛбек.  Әке!  Ана  балалар  мені  мазақ  етті,  сені  енді  ұзатады 
дейді.  “Күзде  емес,  осы  жазда  ұзатады”  –
 
деп,  мәз  болады.  Енді 
олармен ойнамаймын да, оларға ерегескесін ұл киімін кимеймін де.
 
 
 
Қолындағы асықтарды лақтырып жібереді.
 
 
 
Дина.
  (
Қыздың  бетінен  сүйеді).
 
Ақылдым  менің!  Бұл  сӛзді 
періштең  аузыңа  салып  тұр  ғой  сенің...  Қыз  киімін  ки  деп  кӛндіре 
алмай  жүргенде,  міне  енді,  менің  ақылдым,  бар  істің  орайын  ӛзі 
келтірді. 
 
 
Сәнтӛре.  (қызын  құшақтап  маңдайынан  сүйеді).
 
Ақылыңнан 
айналайын!  Не  бар  сол  жаман  балалардың  қасында.  Бой  жеттің. 
Бой  жеткен  қыздың  ӛз  қызығы  ӛз  алдына.  Жасау  жасатамыз.  Киім 
тіктіреміз.
 

 
14 
 
Есжан.
 
Тентек балалар ғой олар. Аузына келгенін айта береді

Кәне, айтшы, қайсысы айтып жүрген.
 
 
Бӛбек.
 
Айтпаймын. Әйтпесе, сен о баланы әкесіне сабатасың. 
Бірақ,  Әке  менің  сенен  бір  сұрағым  бар.  Ана  балалар:  “Әкеңнің 
құдаларың келіпті, олар тойды осы жазда ӛткізейік деп әкеңді тӛбе 
басына алып шығып, қыстап жатыр” –
 
деп, мені мазақ етті. Солары 
рас  па?..  Егер  сол  сӛз  рас  болса  оларға  айтыңыз  –
 
той  жазда  да 
емес, күзде де емес, келесі жылы болады деңіз.
 
 
Сәнтӛре.
 
Алда  құлыншағым
-
ой!  Әкеңді  екі  оттың  ортасына 
түсіріп кетпесең етті...
 
Бӛбек.
 
Оты несі? Ол не қылған от

Есжан
. 
Келінжан, Бӛбекке құдалар сұрағын жеткізіп кӛрші.
 
 
Есжандар  шығып кетеді.
 
 
Бӛбек

Жеңеше, екі оттың ортасы несі? О не дегені?
 
Дина.
 
Кәзір Бӛпежан! Мені асықтырма, састырма. Рет
-
ретімен 
айтайын.  Құдалар  ауылы  биыл  Маңғыстауға  қайтпаймыз,  осы 
Арқада қаламыз дейді екен.
 
Бӛбек.
 
Қала берсін.
 
Дина.  Тойды  күзге  қалдырсақ,  ел  арасы  ұзап  кетеді,  тойды 
келісілген уақыт күзде емес, сәл ертерек, осы жазда ӛткізейік дейді 
екен.
 
Бӛбек.
 
Қыз  алатын  олар  сұрақ  сұрағанда,  қыз  беретіндер 
сұрақ сұрамай ма екен? Олай болса той біз сұрағандай күзде емес, 
солар  айтқандай  жазда  болсын.  Бірақ  менің  қалауымша  осы  жаз 
емес, келесі жазда болсын.
 
Дина.  Бӛбекжан!  Мен  де  айттым...  Тек  қана    атам  ыңғайсыз 
жағдайда қалып отыр.  Ер назарын қалай жығамын, ар жағында бір 
рулы ел тұр ғой деп налыйды..
 
Бӛбек.  Бұлар  неменеге  асығады?  Неменеге  жандары  шығып 
барады?
 
Дина.  Айттырулы  қалыңдығы  бар  елдің,  келініміз  “ақ  жүзді, 
абыройлы  кезінде  қашан  қолымызға  қонады”  деп,  асығатын 
қашаңғы әдеттері.
 
Бӛбек.
 
Мені біреуі қызым еді десе, біреуі болашақ келінім еді 
десе  мен  қалауымды  айттым.  Басқа  қосарым  жоқ.  Болашақ  күйеу 
балаларыңа  да  соны  жеткізіңдер,  менің  атымнан.  Ол  ӛзі  келіп 
жағдайды түсіндірмей ме екен бізге. Біздің ойымызда не бар екенін 
сұрамай ма? Ара түспей ме екен, қалыңдығына?
 
Дина.
 
Дұрыс,  жеткіземін.  Бірақ  күйеу  әзір  келе  алмайды  ғой. 
Оған ата
-
баба жолы ұлқсат етпейді ғой...
 
Бӛбек. Келмесе одан әрмен.
 

 
15 
Дина.
 
Олай деме.
 
Бӛбек.
 
Қандай  аңқау  болғанмын...  Егер  мен  күйеуге 
шықпаймын  десем,  әкем  мені  тыңдайды,  ешкімге  де  бермейді  деп 
ойлайтынмын. Кей
-
кейде күйеу дейтін пәлеге шықпай
-
ақ ӛмір сүруге 
болмай ма деп сұрағым да келіп кететін.
 
Дина.  Әкең  де,  басқалар  да  елдің  ыңғайында  жүреді  ғой.  Ел 
әдет
-
ғұрпын сақтаса ғана сыйлы кісі бола алады. Мына біздің адай 
деген  еліміздің  байы  да,  батыры  да  ел  еркінен  тыс  ештеңе  істей 
алмайды.  Ел  ӛз  дегенін  істетпей  қоймайды,  әдетінен шығармайды. 
Ата
-
баба жолы десе болды қандай қисық та түзеліп, қандай қыңыр 
да жӛнделіп жүре береді... 
 
Бӛбек.
 
Егер  менің  қалауым,  менің  сұрағым  оларға  бос  сӛз 
болса,  онда  қалағандарын  істей  берсін.  Бірақ,  менен  ешқайсысы: 
Әке  де,  Ата  да,  Күйеу  де,  қала  берді  айтып  отырған  адайың  да 
менен ыстық ықылас дәметпесін. Ал мен болсам, айтқаным айтқан, 
ӛз  қалағанымды  істеймін.  Ұзатылатын  қызының  бір  ауыз  тілегін 
орындамаған ел, ел бола ма?
.. 
Дина.
 
Түңілме, жаным!. Үйреніп кетесің ғой.
 
Бӛбек.
 
Үйренбеймін!..
 
Дина. Қамықпа, Бӛпежан! Кӛндігіп кетесің әлі
-
ақ.
 
Бӛбек.
 
Кӛндікпеймін!..
 
Дина.
 
Қыздардың бәрі де солай тулайтын.
 
Бӛбек.
 
Мен олардай емеспін...
 
Дина.
 
Тағдар ӛз талқысына салмасын, салса түзетпей қоймас.
 
Бӛбек. Мен талқыңа да халқыңа да кӛнбеймін...
 
 
Бӛбек ызаланып  шығып кетеді.
 
 
Дина.
 
Мына  Бӛпежанның  ойын  балаларының  бір  ауыз  сӛзіне 
бола бір күнде ержетіп қалғанын
-
ай. Бұл тірлік ес жиғызбай қоя ма? 
Жиғызады ғой есіңді.
 
 
Есжан, Сәнтӛре, Мамыртайлар кіреді.
 
 
Есжан.
 
Айттың ба? Бӛбек не деді? 
 
Дина.
 
Қыз алатын олар салмақ салғанда қыз беретін біздердің 
салмақ  салуға  қақысы  жоқ  па  екен?  Той  солар  сұрағандай  жазда 
болсын, бірақ бұ жазда емес, келесі жазда болсын деді, Бӛбек.
 
Есжан.  Солай  десе  солай  болсын.
 
Мен  Бӛбекжанды  жылата  
алмаймын.
 
Мамыртай.  Қиын  болды
-
ау.  Қиналдың
-
ау,  Есеке!  Таразының 
бір  басында  жаныңа  балаған  балаң,  екінші  басында  жолына 
жаныңды  берер  елің  мен  құдаң.  Қалай  болғанда  да  бір  шешімге 

 
16 
келу  керек  болар.  Оларды  әрлі
-
берлі  сабылтып  қойып,  қызықтап 
отыруға болмайды. 
 
Есжан.
   
Қызулана  сӛйлейді.  Не  дейсіңдер  маған?..  Менен  не 
керек  осыларға?..  Солар  әдейі  әңгімені  ушықтырғысы  келеді
-
ау 
деймін?..
 
Мамыртай.  Олардың  біздің  айтқанымызға  кӛнетін  реті  жоқ 
секілді ғой.
 
Есжан.
 
Олай  болса  мен
 
Бӛбегімнің  еркінен  тыс  ештеңе  істей 
алмаймын.  Нағыз  келіспесе  қалың  малыңды  қайтып  ал  дейміз 
дағы... Менде басқа амал қалмады... кінә ӛздерінен... Болмас жерге 
бопса салып... 
 
Сәнтӛре. Астафралла!..
 
Отағасы
-
ай,  қатты қиналыпсың ғой... 
Нағыз оттың ортасында жүр екенсің ғой... Мен түсінбеген екенмін... 
біз  баланың  ойынын  ойнап  жүр  екенбіз...  Бере  бер  келісіміңді, 
баламен  сӛйлеміз,  ұғындырамыз...  Ұлдың  киімін  кимеймін  деп  ӛзі 
бүгін жаңа мінез танытып жатыр... Құдай аузына салған болар...  Бір 
реті болар...
 
Есжан.
 
Апырым
-
ай,  ә...  Жарайды,  бәйбіше.  Баяғыдан  бері 
осылай дұрысына кӛшпейсіңдер ме, адам жанын сонша қинағанша. 
Онда  біз  қонақтарға  баралық.  (Есжан  кӛңілденіп  қалады).
 
Мәке, 
жауабымызды ӛзің айтып жеткізерсің.
 
 
Мамыртай мен Есжан шығып кетеді.
 
 
Сәнтӛре.
 
Ал  келінжан!  Ендігі  үміт  сенде.  Бӛпежаныңның  жел 
жағына шығып кетпей, жанын жаралап алмай, жайлап түсіндір. 
 
Дина.  Ол  түсінер  де,  кӛнер  де.  Тек  кӛгімізде  Шолпандай 
жарқырап  жүрген  баланы  жоғалтып  алатын  болармыз.  Білмейді 
екенбіз. Қайсар  екен ғой ӛзі.
 
Сәнтӛре.
 
Уақыт  емдейді  ғой.  Басылар.  Сабасына  түсер. 
Етегіне кішкентайлар жабысса бәрі де ұмыт болатын еді ғой...
 
Дина.
 
Я,  солайы  солай  ғой.  Кӛндігер.  Ене,  енді  бізге  қыз 
жасауын түгендеуге кірісу қажет болар.
 
Сәнтӛре.  Дұрыс,  дұрыс.  Қайып  деген  атақты  зергер,  етікші, 
шебер бар демейтін бе еді. Соны алдырталық.
 
Дина.
 
Жақсы,  оны мақтаулы шебер дейді ғой, жұрт.
 
Сәнтӛре.
 
Қанша  ерке  дегенмен  заты  қыз  емес  пе,  жасауы 
сәнді болса қызығар, содан ермек табар.
 
 
Дина.
 
Қайдам?..  Мен  Бӛбектің  бүгінгі  мінезіне  таңданып 
қалдым.  Істеген  ісі  де,  сӛйлеген  сӛзі  де  тым  салмақты,  ойын 
баласының сӛзі секілді емес... Бір күнде ержетіп қалыпты...
 
 
 
 
 
Шымылдық.
 

 
17 
 
 
 
 
 
 
 
4-
кӛрініс. Шебер ҥйінің сырты. Дина мен Бӛбек.
 
  
 
Дина  мен  Бӛбек  шеберге  тігілген  кішкене  қараша  үйге  келе 
жатады.  Іштен естіліп жатырған “Абыл” күйінің сазын тыңдап, үйге 
кірмей  кідіріп тұрады.
  
 
Дина.  Мына  күйдің  қандай  қасиеті бар  күй  еді.  Адамның тұла 
бойын ширықтырып алып бара жатыр ғой.
 
Бӛбек. 
 
Жеңеше бұл Абыл деген атамыздың күйі.
 
Дина.  Кім  шығарса  да 
 
адамды  бейжай  қалдырмайтын  күй 
екен.
 
Бӛбек. 
 
Мына  күйді  тартып  жатырған  кім  екен?  Абыл  күйін 
осылайша тарта алатын кісіде арман бар ма екен?..
 
Дина. Шебер жігіт күйші, әнші дейтін. Тартып жатқан да соның 
ӛзі болар.
 
Бӛбек. 
 
Жеңеше, онда кіріп тыңдалықшы.
 
Дина.
 
Кірелік.  Тыңдағың  келсе  тағы  бір  тартып  бер  деп 
сұралық.  Ол  кісіні  шақыртып,  ақысын  тӛлеп,  осы  жерге  сен  үшін 
алдыртып отырған жоқ па? Қолынан келгенінің бәрі біздікі.
 
Бӛбек.
 
Жеңеше, ұят емес пе? Жай кірелік те күй тыңдалық.
 
Дина. Жақсы, сенің айтқаның болсын. Кірелік те күй тыңдалық.
 
 
 
5-
кӛрініс. 
 
Шебер ҥйінің іші. 
 
Алғашқы кездесу. Алғашқы сезім.
 
  
Бұлар үйге кіріп жай ғана сәлемдеседі. Жігіт бұлардың кіргенін  
байқамай қалады. Күй де аяқталады.
 
 
Дина.  (ойнақы  әзілдеп)
 
Жас  жігіт!  Қолыңыз  шебер  болса  да, 
кӛкірегіңіз  күйге  толса  да  құлағыңызда  мүкіс  бар  ғой  деймін. 
Біздердің сәлемімізге жауап қатпадыңыз ғой. 
 
Қайып.
  
(Қайып бұларды енді байқап, орнынан ұшып тұрады). 
Есенсіздер  ме?  Кешіре  кӛріңдер.  Сәл  нәрсеге  жазықты  болып 
қалатын  бір  жаман  әдетім  бар!  Тӛрлетіңдер  деуге  тӛрдің  де  түрі 

 
18 
мынау.  Шашылып  жатырғаны.  Ал  басқасының  бәрі  дұрыс.  Қол  да 
дұрыс, құлақ та дұрыс. Жүрек те жақсы, тілек те жақсы.
 
Дина.
 
Бәрекелде,  жақсы  болғаның  бізге  де  жақсы.  Келген 
шаруамыз мына Бӛпежанға етік тіктіреміз бе деп келіп едік.
 
Қайып

Тағы  кешірім  сұрайтын  болдым
-
ау.  Келінсің  бе, 
жеңгесің  бе?..  Мен  әуелі  Есжан  байдың  ұзатылатын қызы  Бӛбектің 
етігін  тігуім  керек  еді.  Со  баланың  жасауын  дайындаймын.  Уақыт 
болып жатса сосын кӛрерміз.
 
Дина
. 
Мен сол кісінің келінімін. Біз сізге жеңге боламыз. Мына 
баланың  аты  басқаға  айтқызса  Сіз  айтқандай,  маған  айтқызса  –
 
Бӛпежан! Сені осы ауылға осы бала үшін алдыртқан.
 
Қайып.
 
А...,  а...  Солай  ма!..  Маған  не  болды?  Жоқ  жерден 
үшінші  рет  кешірім  сұрап.  Онда  мен  дайынмын.  Таң  атқалы  күтіп 
отыр едім.
 
Дина.
 
Әзірге кешірім сұрар жазығыңыз жоқ, бірақ сұрай беріңіз 
кешіріміңізді, ақыры бір жазықты болғанда пайдаңызға  асар.
 
Қайып
. 
Жарайды,  пайдаға  асса  асар,  аспаса  одан  да  жақсы, 
кӛрерміз. Ал онда “ұрыста тұрыс жоқ” деген. Кел қарындасым, мына 
орындыққа отыра ғой. 
 
 
Қайып  жиналмалы  тері  орындықты  жазып,  Бӛбекті  отыруға 
шақырады. 
 
 
Дина.
 
Бар. Отыра ғой, Бӛпежан.
 
 
Жеңгесінің  артына  тығылыңқырап,  олардың  сӛздеріне  кӛп 
құлақ  аспай,  кереге  басындағы  ілулі  тұрған  сәукеле,  етік,  жүзік 
үлгілеріне  қарап  қалған  Бӛбекті  Дина  итермелеп  Қайып  қасына 
жақындатады.
 
 
Қайып
. 
Отыра ғой, қалқам.
 
Дина
. 
Шебер  қайным,  атам  сізге  сәлем  айтып  жатыр. 
Бӛпежанның  жасауын  жақсылап  істесін,  еңбегіне  сұрағанын  алады 
деді. 
 
Қайып.
 
Алла  сәтін  салса  іс  қылып  шығарамыз  ғой.  Мен 
қарындасымның  аяғының  ӛлшемін  алайын,  Сіз  ана  етіктердің  қай 
үлгісін  қалайсыз,  таңдай  беріңіз.  Сәукеле  керек  пе,  алқа  мен  жүзік 
керек  пе?  Бірден  айтыңдар.  Той  осы  жазда  болатын  еді  деп 
асықтырып  жатыр.  Үлгермей  қапылып  қалмайық.  Ал  ақысы  туралы  
барлық  заттар  біткесін,  жұмсалған  мүліктерге,  асыл  заттарға 
байланысты әңгіме етеміз. 
 
 

 
19 
Қайып  қыз  аяғындағы  шоңқайма  етікті  шешеді.  Ұзын  іш  киім 
балағын  балтырына  дейін  кӛтеріп,  аппақ  балтырға  таң  қалғаны 
байқалады.  Екі  алақанына  салып  сәл  кӛтере  ұстаған  қолындағы 
балтырды    еркінен  тыс
 
сыйпалай,  шебер  жанары    бірте
-
бірте  қыз 
сирағын, одан әрі қыз денесін бойлай қуалап, бет ӛңіне түседі. Қыз 
сұлулығына  жас  жігіт  елтіп  кеткендей,  табына  қараған    күйінде 
мелшиіп,  үнсіз  қалады.  Қыз  Қайып  жүзіне  бір  қарайды  да,  оны 
байқамағандай, кӛзі кереге
 
басында болады.
 
 
Дина

Мына  дүниелердің  бәрі  керемет.  Қайсысын  таңдасақ 
екен?
 
Қайып

(Дина сӛзін естімей қалады). А, не дедіңіз?
 
 
Қайып  сасып  қалып,  қыз  аяғын  ыңғайсыздау  тастай  сала, 
қалыптарды ӛлшестіре бастайды.
 
 
Дина

Бӛпежаннан сұрап жатырмын. Қайсысы сәнді деп сұрап 
жатырмын.
 
Бӛбек.
 
Менің қай қалауымды істеп жатыр едіңдер. Маған бәрі 
бір.
 
Қайып

Бәрі  бір  деме,  қарындасым.  Әр  адамның  ӛз  қалауы 
болғаны  жақсы.  Қалаған  нәрсеңді  ұстап
-
тұтсаң  қуанышың  кӛбірек 
болады. Мысалы менің Керторы деген атым бар. Ол
 
жануарды мен 
жүз  атқа, тіпті  мың  атқа  да  ауыстырмас  едім.  Ол  менің  қуанышым. 
Сол секілді етігіңіз ӛзіңізге ұнамды болса, сырғаңыз сәнді болса әр 
киген  сайын  сізге  қуаныш  әкелетін  болады.  Иесіне  қуанышы  жоқ 
болса –
 
дүние, малдың кӛптігінен не пайда? 
 
Бӛбек
. 
Ағатай,  біз,  мағынасы  түсініксіз  бола  бастаған  мына 
ӛмір  дегеннің  қуанышы  болады  дегенге  сенуден  қалған  жанбыз. 
Енді  болашақ  қуаныштан  дәметпек  түгіл  күнделікті  тіршілікті 
қызықтаудан да қалып бара жатырмыз. 
 
Қайып.
 
Ойпырым
-
ай, 
қарындасым
-
ай! 
Сізді 
сонша
 
торықтырарлық не боп қалды екен? Әлде болашақ жарыңыз ...
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет